Қазақстандағы 1930-жылдардағы демографиялқ апат

Қазақ  ұлтының  тарихында  1930- жылдары  ең  қасіретті  жылдар  болып  саналады.  Қазақстанның  демографиялық  жағдайына  репрессиялар,  ашаршылық,  эпидемиялар  қатты  әсер  етті.  Аталған  жылдарда  халық  санақтары  өтті.(1937 мен 1939 жылдары).  1937  жылғы  халық  санағының  мәліметтері  жарамсыз  болып  табылды.  Алынған  мәліметтер  нақты  емес  қайшы  болып  табылады.

1931-1932 жылдары  мемлекетте  ашаршылық  басталды.  М.К.Қозыбаев   Н.Е.  Бекмаханова  ғалымдардың  пікірі  бойынша  эпидемия,  ашаршылықтан  адам  шығындары  1 млн  300 мың  адамды  құрады, басқа  мәліметтер  бойынша  1 млн 750 мың  қазақтар  қырылды.  М.Б. Тәтімов – демографтың  есебі  бойынша  – 2 млн 300 мың  адам  немесе  51-52%  РСФСР  құрамындағы  бұрынғы  автономиялық  республика  тұрғындары  осы  жылдардағы   эпидемиялардың  нәтижесінде  250 мың  адам  славян  халықтарының  өкілдері  көз  жұмды,  бұл  тұрғындардың  -8-9%  құрады.

Жаппай  репрессиялар  мен  ашаршылық  тұрғындардың   жылжуына  себеп  болды.  Демограф – М.Б. Тәтімовтің  есебі  бойынша  жер  аударған  қазақтардың  саны  900  мың  адамды  (18%)  құрады .

Қазақтар  Ресей,   Орта  Азия,    Қытай,  Монғолия,  Ауғанстан,  Иран  мемлекеттеріне  кетті.

А.В.  Михайлов  өз  мақаласында  Голощекиннің  « Кіші  Қазан »  төңкерісіндегі  келесі  мәліметтерді  келтіреді.  1930 ж- 121,2 мың  адам,  1937 ж -1млн 74 мың  адам келген  қазақ  ұлтының  үштен  бір  бөлігі  жер  аударды.  Б. Туленбаев  және  В. Осиповтың  ойлары  бойынша  шет  елдерге  көшкендердің  саны  400-500 мың  адам  болады.

1926  жылғы  санақ  бойынша  Қазақстан  тұрғындары  6 млн 62 мың 910  адам,олардың  ішінде  3млн  496 мың  361  (немесе 57,6%)  қазақтар  1939 ж.  халық  санағы  бойынща  республикада  6 млн  93 мың  507 адам  тіркелді,  олардың  ішінде  2 млн 315 мың 532 (немесе 38%)  қазақ  ұлты.  Бұл  жерде:

1850-1860ж.ж.-0,9%

1860-1870ж.ж.-4,7%

1870-1897-ж.ж.-1%

1897-1917ж.ж.-0,9%  құрды.

Қазақ  ұлтының  табиғи  өсу  санына  сапалық  баға  беру  әр  түрлі  ғалымдардың  ой  тұжырымдары.  Н.Е.  Бекмаханова  және  Н.В. Алексенко  орта жылдық   табиғи  өсімі – 0,4 – 1%  төмен  деп  санайды.

Феодалдық  Патриархалдық  құлдырау  кезінде,  таптық  күресті  нығайту  кезінде  табиғи  өсімнің  қарқындылығын  биік  деңгейде  күту  қиын,  сонымен  қатар   қазақтардың   үштен  екі  бөлігі көшпелі   өміо  сүрді.  Қазақ  ұлтының  орта  жылдық  өсу  коэффициентінің  төмендігі  осыған  дәлел.        « Ұлы  ашаршылықтың » соңғы  жылын  1932  немесе  1933 жылдары деп  әдебиеттерде  белгіленеді.

Бірақ,  М.Х.  Ақылбеков  және  А.Б. Ғалидың  ойларынша  бұл – 1934.

Олардың  есебі  бойынша, 1933-1934  жылдарда  қазақ  ұлтының  кемуі –         1 млн  610 мың  адамды  құрады.  Бұл  сан  келесі  есеппен  алынды.  1926 ж.  Халық  санағы  бойынша   қазақтардың  саны  3 млн  968 мың  адам  болса,  КСРО  бойынша  3 млн  627 мың  адамы  қазақ  автономиялық  республикасында  тіркелді.  1933 жылы КСРО  мемлекетінде  4млн  510  мың  қазақ  тұру  қажет  еді.  Бірақ,  М.Б. Тәтімовтың  есебі  бойынша  мемлекетте -2 млн 900 мың  қазақ  өмір  сүрді.  Екі  санның айырымы – 1 млн 610 мың адамды  құрды.

1939  халық  санағы  бойынша  республика  тұрғындарының   жалпы  саны  6 млн 94 мың  адамды  құрады. Республиканың ең  ірі  этностары  болып  қазақтар  -2 млн 314 мың ,  орыстар- 2 млн  449 мың,  украйндар – 657 мың , немістер – 93 мың,  татарлар – 107 мың, өзбектер – 103 мың,  белорустар -31 мың ,  ұйғырлар – 35 мың,   кәрістер – 96 мың,  әзірбайжандар –12 мың,  басқа  ұлтар – 197 мың  адам.

1926  жылғы  мәліметтер  бойынша  тұрғындардың  жалпы  саны 1939 жылы – 105 мың  (1,7%)  адамға  кеміді.  Ұлттық  үлес  салмақ  келесі  түрде  санақ  арасындағы  тұрғындардың  санының  тұрақтылығы  және  қазақ  ұлтының  екі  санақ  арасында  бірдестен  кеміп  кетуі (1 млн 180 мың 829 адамға)  байқалады.  Тұрғындардың   сандық  тұрақтылығы   республиканың  индустриализациялымен  түсіндіріледі,  ұйымдастыру  іс-шаралары  нәтижесінде  басқа  аймақтардан  жұмысшылар  отбасылармен  келді.  Ал  қазақтардың  күрт  кемуі – 1930 жылдардағы  апаттың  салдарынан  болды (ашаршылық  пен  жер  аудару  нәтижесінде)  көшпелі  қазақ  халқы  көп  азап  шекті.  Қазақтармен  қатар өзге  ұлттар  да  ашаршылыққа  ұшырады.

Б.Түленбаев  және  В. Осипованың  пікірлерінше  Қазақстанда  ұйғырлардың  саны  екі  есеге, дұнғандар – 25% , өзбектер – 20,5%,  ал  украиндар – 3,4%-ға  азайды .

1939 жылы  халық  санағы  бойынша  көрші  республикаларда  410 мың  қазақтар  өмір  сүрді .  Бұған  деректің  дәлелі  болып – 1926 жылғы  халық  санағының  мәліметі  бойынша  көршілес  республикаларда  341 мың  қазақтар  тіркелді,  ал  1939 жылғы    халық  санағы  бойынша – 794 мыңға  көтерілді.  Шекаралас  республикада  қазақтардың  саны  миграция  есебінен  өсті.  Ресей  Федерациясында  қазақтардың  саны  2,3  есеге,  Өзбекстанда – 1,7  есеге,  Қарақалпақстанда – 2,5  есеге,  Түркіменстанда – 6 есеге,  Тәжікстанда – 7 есеге, Қырғызстанда – 10 есеге  көбейді.   Көршілес  Республикаларда  қазақтардың  пайыздық  саны   8 – 6%  өсті.  Жер аудару  нәтижесінде  шет  елдердегі  қазақтардың  саны  екі  есеге  көбейді.

1930  жылдары    қазан  төңкерісіне  дейінгі  авторлардың  пікірінше  – бұл  кезең  қазақтардың  жойылу кезеңі  ретінде танылды , бұл ойды    шетел  зерттеушілері  дамытты.  Бірақ,  кеңес  үкіметінің  тарихшылары  бұл  тұжырымды  жоққа  шығарды.  Қазақ  ұлтының  табиғи  өсу  қарқыны  төмен  болғанмен  жойылған  жоқ.  Статистикалық  мәліметтер  бойынша,  қазақ  тұрғындарының  отаршылдық  өсімі – 1830-1850ж.ж. -0,8 %  бейнеленді:

қазақтар – 55,7%  төмендеді.

Сонымен  қатар  бірнеше  этностардың  көшіп  келуіне  байланысты,  олардың  республикада  жалпы  саны  келесі  пайыздарға  көтерілді: орыстар – 92%,  татарлар – 34 % , белорустар – 22% ,т.б.

1937  жылы  Қазақстанға  Қиыр  Шығыстан  Орта  Азияға  кәрістер  көшіріліп  келді ,  олардың  жалпы  саны  180  мың  адамды  құрады,  олардың  ішінде  95  мың  903  адамы  Қазақстанда  қоныстанды.  Республикада  57  колхоздар  құрылды.  Қызылорда,  Алматы  облыстарында  кәрістер  қоныстанды.

1928-1939 жылдары  Қазақстан  қаларларының   тұрғындары  механикалық  өсу  бойынша  1,8  млн  адамнан  астам  болды,  мигранттардың  57,6%  (немесе  150 мың  адамды)  қалаларда  тұрақталды.  Осыған  байланысты  қала  тұрғындары  арасында  орыстардың  үлес  салмағы  1939 жылы – 57,7%  өсті,  1926  жылы – 57,7%  болған  қазақтардың  үлес  салмағы – 21,9%  құрады.  Қазақстандағы  келімсектердің  үлкен  ағымы  және  1931-1933  жылдардағы  Голощекиндік  геноциді  нәтижелерінде  республикада  тұрғындарының  арасындағы  үлес  салмағы  күрт  төмендеп  кетті  57,6%  (1926 жыл)  – 38,0%  (1939 жыл)  дейін.  1926 – 1939  жылдар  аралығында  қазақтардың  саны  1 млн  806 мың  адамға  азайды  немесе  33,8%  болды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!