Қазақстанда ұлттық интелекцияның қалыптасу тарихы

Қазақ даласы ресейге қосылуы мен қоғамдық жағдай ХІХ ғасырдың орта негізінде аяқталды. Осыдан басты, Қазақстан әкімшілік басқару жағынан юолсын саяси – шаруашылық жағынан болсын Ресейге тәуелді күн кешті. Ресейдің тұрмысында болған экономикалық өзгерістер, саяси оқиғалар мәдени дамулар азды – көпті ертелі кешті Қазақстанда да болып, қазақ халқы өмірінің әр саласына әсерін тигізіп отырды. ХІХ ғасыр ішінде Россияда капитализм өсіп өркендеп жанданды.

Капитализм ішкі Ресейдің өзінде терең болып тамырлап өсумен қатар шет жағалай өтпелерге бұрын артта қалған жер жүзілік базарлардан аулақ жатқан жерлерге де таралды өркен жанып өркендеді. Кавказ Орта Азияға Сібірге Қазақ даласына жанылды. Солардың шаруашылық саяси мәдени өміріне әсер етті. Сонымен ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанда да капитализм дәурен сүрді. Өлкеде сауда саттық ұсақ қол өнеркәсіп, отаршылдық егін салу көбейді. Таукен өндіріс орындары, темір жолдар салынуы. Өндіріс күші дамып шаруашылықтың өкілі артты. Елде былай болды дейді: — «Өлкеде капитализм дәурен сүруіне байланысты ХІХ ғасырдың ақырынан әсіресе ХХ ғасырдың басынан қазақ арасында оқу ағарту жұмысы күшейді. Қазақ тілінде кітаптар, газеттер шықты. Қазақ халқының сана сезімі ояна бастады. 1904 жылы орыс жапон соғысы, ресейдегі 1905 – 1907 жылдардағы буржуазиялық демократиялық төңкеріс 1914 – 1918 жылдардағы бірінші империалистік соғыс қазақ халқының 1916 жылы ұлт – азаттық көтерілісі 1917 жылы ақпандағы буржуазиялық демократиялық төңкеріс сол жылғы қазан төңкерісі осының бәрі Ресейде имперализмнің өркендеуі еді»1. Сөз жоқ бұл экономикалық зор өзгерістер саяси күрес көтерілістер сұрапыл соғыстар төңкерістер өз кезеңдерінде қазақ арасындағы оқу ағарту жұмыстарына қазақ тілінде шыққан кітап жалпы мазмұны ақын жазушылардың көзқарастарына қазақ әдебиетінің бағытына үрлеп әсер етті.

ХХ ғасырға келіп қазақ арасындағы оқу – ағарту жұмысы екі түрлі болды. Оның бірі мұсылманша оқу, екінші орысша оқу еді.

Қазақ даласында діни мұсылманша оқу Қазақстан Ресейге қосылмай тұрып та бар еді. әр жерде жеке ауыл болып бірігіп, ортадан молда ұстайтын еді, балаларды соған беріп оқытатын еді. Қазақстан ресейге қосылғаннан кейін де көпке дейін осылай болды.

ХІХ ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың басынан бастап жаңа төте оқу – ұсны жәдиет оқуы шығуына байланысты қазақ арасындағы мұсылманша оқу Бұқара қазан жағындағы мұсылманша оқудың үлгісі ретінде мектеп (бастауыш оқу) медресе (орта дәрежелі оқу) болып аталад. Олар 1917 жылы қазан төңкерісіне дейін өмір сүріп келді.

Бірақ қазақ арасындағы мектептердің оты борда заты жоқ еді. Олар мейлі үш шаруашылық тұрмысы жағынан болсын, бәрі төмен дәрежеде нашар халде болар еді. Мақыш Қастаев осы кездегі мектеп медреселеріндегі жағдайды ешбір тәртіп білім жоқ деп сабақтың он сағаты шулау, 10 сағаты оның ұйқымен жазда көшіп бәрі кетіп қалады дейді.

Мектеп үлкен – үлкен ауыл қыстақтарда болған. Бірақ өзіне арнаулы үй болмаған. Балалар кез – келген үйді оқып жүре берген. Молда жергілікті болса өз үйінде оқытпады дейді. Мысалы мектепте «иман шарт оқытса ол Араб тілінде оқытылды»2.

Тек ХІХ ғасырдың ақыры ХХ ғасырдың басынан бастап өлкенің шаруашылығы капиталистік бағытқа ұласып ілгері дамуына 1905 жылы буржуазиялық демократиялық төңкеріс ықпалымен осылардың нәтижесіне халықтың сана сезімі өсті. Содан қазақ арасындағы мектеп медреселердің көпшілігі жаңа, төте оқуұсулы нәдит тәртібіне көшті. Яғни мектеп медреселердің көпшілігі жаңа төте оқумен ана тілі оқытылды. Және де солай мен мектептерде География есеп есеп тарих оқытылады. Кейбір медреселерде орыс тілі де оқытылады. Балалар аз уақыт ішінде хат танып шығатын болды. Патшалық Ресей осылармен орысша оқыту мен Патша үкіметі 1789 жылы Омбы қаласында «Азия мектебі» деген мектеп ашылды. Келіп қазақ феодалдары Омбының Кадет корпусында (1817ж), Омбының училишесіне 1857 жылы алып оқытты. Бәрімізге белгілі Шоқан Уәлиханов алғашқы түлек ретінде бітіріп шыққаны белгілі.

Осы сияқты Орынбор қаласындағы Неплюев мектебіне (1825ж) орынбордың кадет корпусына (1844ж) қаласында арнаулы 7 – ті жылдық мектеп ашылып оның ішінде атақты ағартушы ғалым ақын жазушы Ыбырай Алтынсарин болды. Патша үкіметі ХХ ғасырдың аяғында Қазақстанда көптеген түпкірлерде жүйелі оқу түрлерін орындап орыс қазақ мектептерін (школдарын) ашьы. Ол жерлер Торғайда, Қостанайда, Оралда, Қызылордада, Ақмолада, Семейде, Алматыда (Верный), Түркістанда, Ақмешітте, Қазалы да тағы басқа жерлерде ашылды. Ол мектептерден босқа болыстық ауылдық мектептерде болды.

ХІХ ғасырда сөйтіп балаларды мектепте оқыту үшін мұғалімдер тапшылығы байқалып оған былай айтады – «Орыс қазақ мектептері көбейгелі сонша оларға арнаулы оқу орын мұғалімдер дамылдау үшін 1883 жылы. Омскіде қазақтың учительдік мектебі ашылса кейінен Ақмола, Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында да ашылу жалғасты».

1902 жылы Семейде алғаш ашылды. Патша үкіметі отарлау саясатына бұл істерді жүргізген болатын, ол солайша елде онан күтілген жәй пәтерде басқа көтерілістер көрінді.

Қазақтар осылайша ұлттық интелегенция жолына жол ашты. Сол кезде ағартушы тнтелегент демократтар шықты. Мысалы, Шоқан, Ыбырай, Абайлар шықты. Бұлар екі түрлі үлгі көрді, екі түрлі мәдениеттен нәр алып, рухани азық алды.

  1. Орыс интелегенттерінің қазақ интелегнттеріне

тигізген әсері

ХІХ ғасырда қазақстан ағартушыдар мектебі интелект өкілдерінің алғашқы буын өкілдеріне үлкен жүк тиген жоқ орыстар шыығысты зерттеу ұлы ойшыл географ поляк ғалымдары елге зерттуді экспедициялар ұйымдастырып отырды. Тарихшылары Қазақстаннның материалдық мәдениеті жөнінде жұмыс істеді. Жаратылыстанушылар қазақ жерін зерттеуге орасан зор үлес қосты. Олардан П.П.Семенов – Тянь – Шаньский, Н.Северцов, И.В.Мушкетов, В.В.Родлов және тағы басқа Ресей инетелгенцияларының озық өкілдері Қазақстанға орасан үлкензерттеулер жүргізді. Білім берудің және мәдениеттің дамуына орыс интегенциясы зор үлес қосты. Қазақстан орыс интелегнциясының географиялық қоғамының бөлімшелерінің зерттеу объектісіне айналды. Мұнда мәдени ағартушылық мекемелері мен стат комитеттер жұмыс істеді. Өлкетану мұражайлары жұмыс істеді, ежелгі ескерткіштер халық ауыз әдебиеті зерттеді. Орыс қазақ мектептері ашылды. Қазақ тарихында интелегнттермен бірге орыс жазба әдебиетінің орны ерекше болды. Горький, пушкин, Крылов тағы басқа орыс ақын жазушылар еңбектерінің қазақ тіліне аударып халыққа жеткізуі, олардың дегенмен игілікпен ізеттілікті, адамгершіліктері турасы бірлікпен көпке жететінін аударып отырды. Олардың да қазақтардың білім ізденуіне, қараңғылықтан шығуға шам шырақ болуға тырысып бақты. Қазақстанда кітаптар шығарыла бастағанын Ресейге қосылғаннан кейін жиі байқалып жүрді. ХІХ ғасырда дейді: А.С.Пушкиннің «капитан қызы Крыловтың мысалдарын халыққа жақыннан таныстырды, олар дегенің соларды ғана емес ғылыми кітаптарды бастырып шығарды».5Кітап басылулар ХХ ғасырдың 70 – 80 жылдар бойы 70 кітап басылса ХХ ғасырдың басында 1900 – 1917 жылдар арасында қазақ тілінде 200 кітап басылып шықты деп жазды. Кітап тілі түсініксіз болды деп қоғамдық пікірлер де жазылды.: «Осы күні қазақ тілінде шығып жүрген қазақққа да түсініксіз» деп «Дана уалаятының газетіне»6 жазды. Ол туралы Сұлтан Махмұт Торайғыров та сынады.

  1. Қазақ ұлттық инелегенттерінің атқарған

қызметтері

Ұлттық инттелегенттеріміздің атқарған қызметі ұлан ғайыр қызметке толы. Ол тарихымыздың алтын қазанасы. Әрбір атқарған істері талай тарих беттерінен жай алған әрбіреуіне жеке анықтама беріп өтсең артық емес деуге болады. Оларды айта кетсек Шоқан Уәлиханов (1835 – 1865 жж) Ибраһим (Ыбырай) Алтынсарин (1841 – 1889жж), Абай Құнанбаев (1845 – 1904жж) ХХ ғасырдағы ағартушы демократ ақын жазушылардан оларды айта кетсек олар кітап шығарып, газет журналдарға өлең, жыр, әңгіме, мақала жазып көбірек көрінген, жалпы алғанда ағартушы демократ бағытта ақын жазушылар Мұхамеджан Серашин (1872 – 1920жж), Әріп Тәңірбергенов (1856 – 1924жж), спандияр Көбеев (1878 – 1956жж), Сәбит Дөнентаев (1894 – 1933жж), бернияз Күлсев (1899 – 1923жж) міне осы ағартушы демократжазушылар. Өз еңбектерінің көшілігін халыққа арнап халық мүддесін қорғап жазған болатын. Дегенімен бұларға біршама қызметтері атқарған істері жөнінде айта кетсем былайша болар еді. Оларды алғашқыдай айтып келіп енді жаңа ХХ ғасырдың нағыз майталман интелгенция өкілдерінің қалыптасып біту қазан революциясынан кейін айқын байқалды. Ә.Бөкейханов өз заманында Санкт – Петербург императорлық орман институтын 1894 жылы үздік бітіргендерден болса, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев, С.Лапин, М.Шоқаевтар Санкт – Петербург университетінде заң факультетін бітірді. Қазан, Томск, Мәскеу университеттерін заңгер мамандығымен бітіріп жоғары білім алды. Тағы басқа аталмаған зиялы қоғам мүшелері жоғарғы оқу орындарын бітіргесін елдеріне қайтып өз ағартушылы рухын жерлестеріне беріп отырды. Өз халқының мүдделерін қорғауға түсті. Олар рухани құлдыққа қарсы шықты.

Қазақ зиялылары былайша ұлттық рухта қызмет атқарды деуге болатындай сөз алуға болады: «Қазақ зиялыларының басты сіңірген зиялы өкілдерінің еңбектері олар Ресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын

Қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестіремн айналысып, бұл үшін бірінші орыс реыолюциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланды. Халықты патриоттық – рулық мешеуліктен арылтуға патшалық езгіден азат етуге, оған білімме прогрестің мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес екенін, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болғаны күмәнсіз.

Сондықтан бұл жолда жетістіктермен қатар әрине қателіктер де, жаңсақтықтарда болып отырды.

Алайда Сталиндік идеологияның түсіндіруімен, оларды өз халқына деген қаскүнемдік көзқарас емес қайта өз халқының өмірін жеңілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтарын туғызды. Қазақ зиялыларының ең ізгі мақсаты – Халқына қызмет ету мақсатын «Алаш» жетекшілерінің бәрі Міржақып Дулатов Бутырск түрмесінен жазған хатында айқын баяндаған ол өзінің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бишара халқымның осы құлдық жағдайдан көмектесуді өз боршым деп санадым дегенінен қандай қиып қызметтер атқарғанын көруге түсінуге болады.

ХХ ғ. Қазақ зиялыларының қызметінде проблемалары елеулі орын алды: Өйткені қолджаныстағы патша заңдары көшпелі халықтың құқығына нұхсан келтірді, мұның наразылық туғызғаны табиғи нәрсе. Өз халқының ежелгі өз жеріндегі қасіретті жағдайы туралы хабардар болған олар патша үкіметіне қазақ халқының мүдделерін қорғауға тырысты.16

ХХ ғасырда Патша шенеуніктері қазақ халқы зиялыларының дүние жүзілік өркениет пен мәдениет жетістіктерін игеруіне мүдделі болмады. Бірақ, халықтың ғылыммен мәдениетке тартылуына кедергі жолауға бағытталған шаралар күткендей нәтиже бермегені хақ. Қазақ халқының білім алуға деген өскелең қажеттері патша үкісеітн Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде Верныйда және басқа қалаларда бірқатар оқу орындарын ашуға мәжбүр етті. Олар да қазақтар оқып бастауыш және орта мектеп көлемінде білім алды. Патша үкіметі «Баратаналарды» Орта және жоғары оқу орындары Қазан, Томск, Мәскеу тағы басқа университеттерінде Техникалық және медициналық жоғарғы оқу орындарының тамаша шоқ жұлдызы ХХ ғ басына қаарй нақ сол бұрыннан қалыптасты. Олар өз халқын отаршылдық бұғауынан азат өркениетті дербес және Тәуелсіз жағдайда көруді армандары. Қазақ интеллегенция өкілдерінің спатша үкіметін дала өңірінде білім беру ісін неғұрлым жедел жүргізгісі келмегендігі үшін сынады,ал өздері отандық ғылымды қалыптастырудың алғышарттарын жасауға ұмтылды.

Қазақ зиялылары ғылыми мақала сөйлеген сөздері арқылы өркениетті елдердегі жетістіктерді насихаттауға оның қажеттігін, қоғамды түбірінен өзгерте алатын құдыретті күшін дәлелдеуге ұмтылды. Олардың күш-жігері із түссіз қалмағанын атап өткен жоқ. ХХ ғ – басында Қазақ зиялылары дәрігерлер, саясатшылар болатын. Бұл кезең қазақтың жан-жақты білімді азаматтары Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов М.Дулатов және басқаларының қосып тасуымен ерекшеленді.

Н.Тынышбаев,Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов және Алаш азаматтары ғылыми зерттеулермен айналысатын Қазақстан ғылымының Қаулап дамуының қаулап дамуының кеңес үкіметі тұсыгда болғанын теріске шығаруға болмайды.

Бірақ оның ірге тасын нақ ХХ ғ –ң басында қазақ интелегенттері талантты жас өкілдері қалаған болатын. Сонымен ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғ басындағы қазақ халқының қоғамдық санасы, тарихтың жол айрығына душар етті. Қоғамның өзі сиықты күрделі құбылысы. Б. з қарастырып отырған кезеңде шовинстік отыршылдық идеология мен бостандық, тәуелсіздік иедеологиясы арасыгда ымырасыз күрес жүріп жатты. Қазақ даласына қалыптасып келе жатқан. Жас қазақ зиялылары белсене тартқан саяси идеялар қазақ қоғамынан оның оянуына жәрдемдесіп бұл халықтың құқықтық, эстетикалық санасының оянуына жәрдемдесіп бұл халықтың құқықтық эстетикалық санасы мен өнегелі ой өрісіне зор ықпал жасады.

  1. Қазақ интелегенциясның қатал тағдары.

Ел зиялы қауымы өз үндеулерімен алдын Патша үкіметіне ұнамай кетсе енді Кеңестік кезеңдеде өз жалғасы жалғаса берді. Қазақ зиялылары, , қазақ партия және совет қайраткерлері ұстанған бағыттың жергілікті шындыққа негізделуі мүмкін екендігі сондықтан да олар айтқан пікірден тек топтық шектілікті ғана көрмей күрделі өмір қайшылықтары да іздеу тәжірибелі революционер Ярославски сияқты партия басшыларында да жетіспей жатты.Сол кезде С.Садуақасовтың көзқарастары Партия деңгейінде сынға алынып жүрді. Езілген халықты оның өмірлік құқығын асыру үшін жетілдірілген пікірлері оны Партия ісіне иландырып беріп отырғандары да болды. Олар өз кезегінде кеңес үкіметі дезинфекциялық камера деген үрейлі термині ұйымға жақпай кедергі келтірушілерді осы камераға салатын. Ол нағыз түрменің азапты жері болатын.

Қазақ зиалы «интеллегенция» өкілдері өз кезегінде Елдің қамы үшін жүгірді. Алшақ жатқан ауылдарды өздеріне демеуші іздеді. Халық оянса екен деген ойлары Халықтың нашар бар жағынан аш халықты барымен тойдыратын ал білім деп түсінді. Сол үшін де көп қазақ зиялылары абақтыға жабылып халық жауы деумен қаналып кетіп отырды.

Халықтың Ашаршылыққа ұшырауы ол Халықты бір туралатып кеткені рас. Ол үшін күресіп баққан. Қазақ ұлттық зиялылары асқан қатал тағдыр слқпағына түскен барлығы үшін жан кешкендігі есімізде осылайша есімізде қалды.

Қазақстандағы 32-ші жылғы қайғылы қасірет өзінің ауқымы жағынан жергілікті халық тарихындағы қаралы кезең XVIII ғасырдағы ақтабан-шұбырынды, алқакөл-сұлама заманымен салыстырылып жүр. Мәселенің деңгейін түсіну үшін солай еткен де жөн шығар. Бірақ, бұл салыстырудың өзі де шартты, шынтуайтқа келгенде халықтың соңғы кезеңде жолғалтқаны алдыңғысынан сан жағынан да, сапа жағынан да анағұрлым артып түседі. Көп жағдайда өзіміз айтып, түрлі еңбектерде келтіріп жүрген айғақтар, яғни халық санының екі есеге жуық кеміп кетуі, дәстүрлі шаруашылық түрлерінің ауыр дағдарысқа ұшырауы мәселенің көзге көрінер бергі беті де, ал жаңа ғана саяси; еркіндікке қадам жасап, мемлекеттік егемендіктен үміттеніп, еңсесін көтере бастаған халықтың, қайтадан рухани тоқырауға ұрынуы, ұрпақаралық рухани сабақтастықтардың үзілyi зерттеушілердің назарынан тыс қалып қойған мәселе еді.

Ал, адамзат қоғамының табиғи болмысы сондай, іез-келген халықтың өзін-өзі тануы, әрбір тарихи кезеңдерде алда тұрған кезекті міндеттерін анықтауы алдымен интеллигенция қызметі арқылы жүретіндігі мәлім. XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі оқиғалардың куәсі бол­тан қазақ интеллигенциясы өз халқының басынан өтіп катқан түбегейлі өзгерістерді жан-жақты талдап түсінуге, түсініп ол өзгерістерге өз мімкіншілігінше ықпал етуге тырысты. 20-шы жылдары Қазақстанның саяси өмірінде белсенді роль атқарған С. Сәдуақасов өз компоненттеріне жауап беріп: «Қырғыз (қазақ-М. Қ.) халқының тағдыры үшін тарих алдында ең алдымен қырғыз коммунистері жауап береді»,— десе, саяси күрестегі оның серіктерінің бірі Ж. Мыңбаев: «…Біз қырғыз елі алдында, тарих алдында әшкере болғымыз келмёйді. Біздің мақсатымыз түрлі декреттер мен нұсқауларға қол қоюшылар ғана болу емес, іс бітіріп, болашақ ұрпақ «иә, олар шынымен де тырысып еді дейтіндей дәрежеге жету»,— деген еді.

Өздеріне мұндай жауапкершілік артқан буын кімдер еді? Олардың мемлекеттік және қоғамдық қызметі қандай бағытта жүрді, қандай нәтижемен аяқталды, өз уақытында таңылған «ұлтшылдық» таңбасы олардың ұстанған бағытына қаншалықты сай келетін еді? Міне, осы сияқты жеңіл-желпі емес, аса мақызды сауалдарға жауап іздеп көрелік.

Өмірдегі барлық күбылыстардай саясаттың да өз түп төркіні, сабақтастық байланысы бар. Қазақ Өлкелік Комитетін 1925—1933 жылдары басқарған, іс жүзінде осы мезгілде Қазақстанның жеке дара әміршісіне  айналған Ф, И. Голощекиннің ұстанған саяси бағытын  тура түсіну үшін оған тарихи тұрғыдан қарау орынды болар еді. Түптеп келгенде, мәселе Қазақстандағы социалистік құрылыстың өзіндік жолдары мен әдістеріне келіп тірелетіндіктен, Голощекиннің бұл тұрғыдан, белгілі дәрежеде, өзінен бұрын басталған саяси бағыттың жалғастырушысы болғанын есепке ала отырып, оған дейін-ақ жаңа қоғамды құрудың әдістері арнайы және принципті сөз болған облыстық III партия конференциясына тоқталу қажет.

1923 жылдың 17-22 наурыз аралығында Орынборда өткен Қазақ партия уйымы III конференциясында  РКП (б) Орталық комитетінің өкілі Е. М. Ярославский, РКП (б) Қазақ Бюросының мүшесі А. И. Вайнштейн өздерінің баяндамаларында және сейлеген сөздерінде сол уақытқа дейін Қазақстандағы партиялық және мемлекеттік жұмыста негізінен ұлттық факторларға көңіл бөлініп, ал тапаралық қатынастардың назардан тыс қалып қойғандығын баса көрсетті. Мәселен, Е. М. Ярославский Қазақстандағы «ұлтшылдықтың» шығу кездеріне тоқталып: «Ұлттық еркіндік үшін күрес аса үлкен роль атқарған Қырғыз республикасында туып өскен, жұмыс істеп, күрес  жүргізген жолдастар таптық күреске тым аз мән беріп, ұлттық мәселелерге өте үлкен көңіл аударатындығын айтып, соның нәтижесінде Қырғызстанда көптеген шараларды жүзеге асыру кешеуілдеп отыр»,— деді  (Бұрынғы Алматы саясаттану және басқару институтының партия архиві, 139-қ., І-т., 541-іс,\ 23, 8-п:).

РКП(б) Қазақ бюросының мүшесі А. И. Вайнштейн «Қазақстандағы партия және Совет жұмысына әлеуметтік база құрудың әдістері» атты баяндамасында: «Біз осы уақытқа дейін белсенді жүргізген жұмысымызда, әсіресе қазақ тұрғындарының арасында, негізінен ұлттық мәселелерді көздедік. Бүл кезең аяқталғандықтан, енді оны (ұлттық  мәселелерді — М. Қ.) екінші кезекке ығыстырып (әрине біз ұлттық саладағы бірде бір жұмыстан бас тартпай, қатар жүргіземіз), салмақты жұмысымыздың әлеуметтік базасы жағына аударуымыз керек» деп, ондағы негізгі мақсат «кедейдің әлі оянбаған таптың инстинктін шайқау, көтеру», тіптен «…ең дұрысы кедейді байларға тік қарсы қою, сол арқылы кедейлерге кіріптарлықтан құтылу дегеніміз осы екендігін сездіру» деп баса көрсетті (Сонда, 194196-п.).

Баяндамашы бұл істі жүргізуде ұлтшыл интеллигенция «ұлттық бірлікті уағыздап, қоғамдық өмір құбылыстарын түсіндіруде бірінші кезекке ұлтшылдық тұжырымдарды қойып, сол арқылы кедейлердің таптық санасы-

ныд өсуіне және әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуіне кедергі жасап отыр» деп мәлімдеді.

Бұл іс жүзінде мүлдем жаңа кезең, яғни байлар меншігіне «қызылгвардиялық шабуылға» өту еді. Қоғамды социалистік негізде қайта қүрудың алғы шарттарының бірі есебінде қойылған бүл күрделі жәие ауыр шараны іске асыру үшін қазақ қоғамы әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани кемелдік тұрғысынан даяр ма еді? Жоқ, даяр емес болатын. Экономикалық мешеулік, таптық жіктелудің, еңбекші бұқараның өзінің таптық мүддесін түйсініп, ол үшін күресуге даярлығының төменгі дәрежеде болуы бұл мәселепі шешуде » көлденең тұрған негізгі кедергілер еді. Орта Азия мен Қазақстандағы мұндай ерекшеліктерге тоқтала келіп  В. И. Ленин партияның VIII сьезінде сөйлеген сөзінде былай деген еді: «Біз осы халықтарға барып: «Біз сіздердің қанаушыларыңызды лақтырып тастаймыз»,— деп айта аламыз ба? Біз мұны істей алмаймыз, өйткені олар бүтіндей өз молдаларына бағынышты. Бұл арада сол халықтың дамып жетілуін күту керек, пролетариаттың буржуазиялық элементтерден жіктелуін күту керек, ол болмай қалмайды» (В. И: Ленин. Ш. т. ж., \38-т., 175—176-66.).

1921 жылы өткен партияның X съезінде экономикалық және әлеуметтік дамуда артта қалған аймақтарда «Орталық Советтік Россияның үлгілеріне беталды еліктеуден», «жергілікті халықтың таптық жіктелу саясатымен сөз жүзінде емес, іс жүзінде» есептесіп, «шаруашылық дамудың неғұрлым жоғарырақ сатысы үшін ғана жарамды орталық Россияның экономикалық шараларын шығыс шеткері аймақтарға беталды көшіре» салудан аса қатты сақтандырған болатын (КПСС съездерінің, конференцияларының шешімдері. 2-т., 19171924 Алматы. 1972. 265-6.).

20-шы жылдардың басында Қазақстанда экономикалық жағдай тым ауыр болатын. Бұл арада үлкен адам шығыны мен арты ашаршылыққа ұласқан 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісті, қазақ қоғамын адам және мал шығынына ұшыратқан Азамат соғысын айтпай өту мүмкін емес. Осы азапты оқиғалардың артын ала келген 1921—1922 жылдардағы ашаршылық қоғамды біржола тұралатып кеткен еді.

Демограф Т. Тәтімовтың есебі бойынша 1916—1921 жылдар аралығында аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал ата-мекенінен біржола көшіп кеткендердің саны 200 мыңға жеткен «Ислам шапағаты» газеті, 1991, 24 мамыр, 12-6.). Бұл сол тұстағы қазақ елінің шамамен бестен бірі еді.

Конференцияда жасаған баяндамасында партияның Қазобкомының хатшысы — Корестелев «1921 және 1922 жылдың алғашқы жартысында облыстық комитет ауыр ашаршылық» жағдайында жұмыс істеді деп мәлімдеді.

Ауыр шаруашылық дағдарысына ұшырап отырған қазақ шаруасына жедел жәрдем беруге жаңа биліктін де мүмкіншілігі жоғары еместін. Өз кезегінде бұл жағдай. кедейлердің Совет өкіметіне деген сеніміне селкеу түсірді. Осыған байланысты конференцияда Асылбеков Семей, губерниялық партия комитетінің атынан сөйлеген Рубинштейннің тезистерінде қазақтардың арасындағы жұмыс туралы бірауыз сөз айтылмағандығына наразылық білдіріп, «жергілікті жағдаймен есептесу керек еді, өйткені біз Германияда емес Қазақстанда өмір сүріп отырмыз ғой»,— деп көрсетті (сонда, 37-п.).

Конференцияда сөз алған жұмысшы табы өкілдері Жәнібеков, Төлегенов, Жанғалиевтар қазақ жұмысшыларының ауыр тұрмыс жағдайын, олардың да арасында 1921 —1922 жылдары ашаршылықтың кең орын алғандығын, оның үлкен адам шығынына да соқтырғандығын, ал жаңа биліктің оларға көмек көрсетуде дәрменсіздік танытып отырғандығын нақты фактілермен айтып берді. Ал, семейлік жұмысшы Қалаубаев Семей губерниялық  партия конференциясында қазақ жұмысшылары арасындағы жұмысқа жете назар аудармаған жергілікті басшылықты сынға алғаны үшін Асылбековтың негізсіз ұлтшыл аталғандығын айтты.

Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдақ үлес салмағын көбейтіп жібергендігі мәлім. Осыған байланысты Вайнштейн өз баяндамасында мынадай сандық мәліметтер келтірді: «Қазақ қоғамындағы кедей қожалықтар үлесі 72 процент, орта шаруашылықтар—18 процент» (сонда, 113-п.). Конференцияда сөйлеген шешендердің  арасында бұл цифрларм.ен келіспеушілер де болды». Мәселен, республиканың Азық-түлік халкомы Саматов негізінен мал өсірумен айналысатын аудандарда І-ден 5 басқа дейін малы барлар—17, 5-тен 10-ға дейігілері—21, 10-нан 20-ға дейінгілері—13, ал малы 40-тан жоғары саналатындар —0,5 процент деген дәлелдер келтіріп, жалпы қазақ шаруашылығында 1—2 ден 5-ке дейін малы бар шаруашылықтар үстемдік алып отыр деп тұжырымдады (сонда, 172173-пп.). Біздің пікірімізше, шындыққа Саматов берген мәлімет жақын. Өйткені 19-28 жылы малы конфискеге жатқан ірі қазақ байларының ұзын саны 700-ге де жетпеген-ді.

Демек, басым көпшілігі кедей және орта шаруалардан тұрған қазақ ауылында, сонда-ақ саяси билік солардың мүддесін қорғайтын советтердің қолында тұрғанда байлармен күресті революциялық төтенше шаралар арқылы емес, экономикалық және саяси әдістер арқылы жүргізуге толық жағдай бар еді. Басқаша айтқанда, сол тарихи кезеңдегі Қазақстан жағдайында байлар мен буржуазиялық элементтерге қарсы күресте революциялық зорлықты жалғыз күрес құралы деп тану жергілікті  жағдайда терең түсінбеуден туған ірі саяси қателік болатын.