ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ-ҚАЙТА ҚҰРУ ЖЫЛДАРЫНДА

КСРО – ның экономикалық жағдайының күрделене түсуі Қазақстан оның құрамды бөлігі болғандықтын азды-көпті қиындықтарға душар болды: халық шаруашылығын салалары тұйыққа тірелді: қоғамдық өндірістің тиімсіздігі жалғаса берді. Инвнстициялық сала ке… күйінде қалды: халық шаруашылығынын басқарудың экономикалық және құқықытық тәсілдері жөнді меңгерілмеді: жоспар өндіріс және еңбек тәртібі ащылыққа ұшырады.

Осындай тұйыққа тірелген соң экономиканы сауықтыру қажеттігі туды. Экономиканы басқаруды түбінен қайта құру деп аталып кеткен сол сәт сол кезде өктемдігі жүріп тұрған КСРО-да барлық республикаларда да бірдей жүргізілді.

Қайта жүргізудің негізгі мәні барлық буындарда да экономикалық басқарудың әкімшілік әдісі емес, экономиканы басқаруды демократияландыру, адам болмысын белсендіру деп табылды.

Сайып келгенде, 80-ші жылдардағы қайта құру дегеніміз 1965 ж, қайта құрудың жалғасы болып шықты, тек бұл қайта құру тереңдей түсті. 80-ші жылдардағы қайта мынадай механизмдерді кеңінен қолдануды көздеді:

  1. Өндірістік бастапқы буынының тиімді жұмыс істеуіне ерік беру үшін оның дербес мекемелік шекарасын кеңейте түсу. Осыған байланысты оған дербестік, өзін-өзі басқару, өзін-өзі өтеу және өзін-өзі қаржыландыру енгізілді.

Бүтіндей алғанда экономикалық дербестіктің шекарасы үш жағдаймен белгіленеді: өндірісті қоғамдастыру дәрежесі және шаруашылықтар арасындағы өзара байланыстың дамуы; өндіріс құралдарын меншіктеудің межесі; кадрлар даярлаудың сапасы; шаруашылыққа иелік жасаудың әдістері мен амалдары.

2.Кәсіпорындарды дербес басқару еркіндікті, ынталықты және жауапкершілікке берік бөлуды талап етеді. Кәсіпорынның жауапкершілігі дегеніміз олардың бір-біріне тәуелділігі, қоғамдық еңбек бөлісінде алған орны түрлі жағдайларға байланысты: шаруашылық есеп, әкімшілік, құқықтық және адалдық сипаттар. Мемелекетпен, еңбек ұйымдарымен және жеке қызметкерлермен экономикалық, саяси және құқықтық қатынастардың нақтылы түрлері анықтылмаған болатын.

Қайта құрудың маңызы механизмі шаруашылық есеп болып табылады. Қайта құру жылдарында шаруашылық есептің екі түрі ұсынылады.

Біріншісі – пайданы нормалап бөлу. Пайданы бөлу механизмінің бірінші түрі – өнімді өткізгенне алынған табыстан, ең алдымен өндіріске жұмсаған қаражат қалпына келтіріледі және еңбекақы қорына төлем төленеді. Еңбекақы қоры таза өнім нормативінен түзеледі, ал кен қазба саласында нақтылы алынған өніс бірілігінен түзеледі.

Пайданың қалған бөлігі баланссалық табыс болып саналады да, одан берілетіндер: қорға төлем, еңбек ресурстары, мемлекеттік және жергілікті бюджетке бересілер, министрліктің қорына төлем, банктен алған несие проценті де осыдан төленеді.

Екіншісі – шаруашылық есеп кірісінің, гормативпен тартылуы былайша жүргізіледі: Біріншіден, өнімнен түскен табыстан материалдық шығыдар қалпына келтірледі.

Енді шаруашылық есептің кірісі қалады, одан мынадай қорлар құрылады: өндірісті, ғылымды, техниканы дамыту, әлеуметтік даму, валюталық бересілер, еңбек төлемінің бірыңғай қоры, қаржы қоры жасалады.

Шаруашылық есепті қайта құруда мынадай жаңалықтар енгізілмек болды:

  • өзін-өзі өтеуден өзін-өзі қаржыландыруға көшу, яғни қарапайымнан кеңейтілген өндіріске көшу;
  • түпкілікті нәтижені көздеу, оның экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіші шаруашылық есептің кірісі болмақ;
  • шаруашылық есептің екі түрінде нормативті негізін нығайту; өндірілгеньөнім бірлігінің белгілі сапасына жұмсалатынорташа шығынның салмағы, яғни кәсіпорынның өндірісчтік жұмысы өлшемдерінің нормалары, кірістерді бөлу нормативтері, шаруашылық есеп кірістері, яғни бөлістікқатынастарды теңестіретін нормалар.

Бірінші- төтенше шаралар бағдарламасы. Мұнда кәсіпорындардың бір-бірінен алмасып отыруын орнықтыру жолымен халық шаруашылығын тұрақтандыру, меншікті мемлекет меншігінен босату және приватизациялау, шетелдермен экономикалық байланыстар орнықтыру, халықтың қаражат жинағын қорғау көзделген.

Екіншісі – өнімге баға қоюды қаржымен қатаң шектеп, құбылытпалы жүйе орнату.

Үшіншісі – меншікті мемлекет иелігінен босатып приватизациялаудың ауқымын кеңейте жүргізудің негізінде рынокты қалыптастыру кезеңі, нарық тауарларын дамыту, кәсіпкерлік пен конкуренцияны дамыту, т.т. Төртінші – тұрақтандыру кезеңін аяқтау. Мұнда экономика, қаржы, тұтыну нарқын жақсарту, экономикагы монополиядан арылту көзделеді.

«Негізгі бағдарламаға» сүйене отырып, республикалар экономиканы тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасын жасай бастады. Алайда одақтың басқару органдарының тікелей бағыныштылығында мыналар қалып қойды:

-конверсияға жатпайтын отан қорғау зауыттары, ядролық технологияны қолданатын кәсіпорындар;

– алыспен байланысты тасымал мен жолдар;

– даңғылды темір жолдар мен Отан қорғау минисирлігінің жайлары.

Республикалардың өз жерлерінде өздерінде бар барлық ұлттық байлықтарды игеру, пайдалануға заңды түрде иелік жасауға құқық берілді.

Республика экономикасында 1990 ж. аяғында нарықтық қатынастарға көше бастауы келесі жылы нарыққа көше бағдарламасын қайта қарауды талап етті, өйткені 1991 ж тамызда КСРО тарап кетті.

Сөйтіп Қазақстан экономикасының нарыққа көшуді экономикалық және әлеуметтік салалардағы тығырақ жағдайында болды.

 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ

 Нарықтық экономика ұтымды жұмыс істейді, егер де мына жағдайлар айқын болжалып және анықталса;

  1. Товарды қанша көлемде өндіру керек, қандай қызмет атқару керек. Қолда баодың қаншасын немесе қандай бөлігін жұмсау керек немесе өндірібарысында пайдалану керек.
  2. Не өндіру керек. Яғни қоғамның матералдық тұтынымын толығырақ қамтамасыз ететін тауарлар мен атқаратын қызметті анықтау.
  3. Қоғамға қажет тауарлар қалай өндіріліп, қандай қызмет арқарылуы керек, яғни өндірістің тиімді түрлерін және өндірісті ұйымдастыруда қандай технологияны қолдануды анықтау.
  4. Өндірілген өнім кімге арналған, оны кім алу керек, яғни өндірілген өнім нақты тұтынушылар арасында қалайша бөлінбек.
  5. Өзгерістер бола қалса қатысушылардың соған бейімделе білуіне қол жеткізу, яғни тұтынушылар тарапынан сұраным өзгере қалса экономика тез соған бейімделіп, қолдағы алым-берім мен өндіріс технологясы жасалуы керек.

Нарықтық қатынас дегеніміз – аталған бес шарттың міндеттерін шешкен күнде нақты тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарым-қатынас сатушы мен алушы арасындағы бітістік болып табылады.

Нарықытық экономикада өнімнің де, қызметтің де бағасы бар. Егер тұтынушыға әлде бір өнім көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда табу үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға белгілі бір дәрежеде шектеле түседі. Нарық өндірістің жалпы әлеуметтік –экономикалық тиімділігіне де әсерін тигізеді. Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми-техникалық прогресс пен озат тәжірибеге сүйене отырып, оын көптеп шығаруға тырысады.

Нарық дегеніміз шаруашылық байланыстардың белгіл көрініс болғандықтантан бөліс, сұраным мен тұтынушы әрекеттерін жарасымды келістіріп отырады.

Нәтижесінде нарыққа қатысушылардың бәрінен де сіңірген еңбегі қоғамға қажет, ал өндірген өнімдері қоғамға пайдалы болып шығады

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!