ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ

Батыс-Сібір ойпатының оңтүстік бөлігін алып жатқан алаптың басты бедері, табиғатының дені, және тиісінше оның шаруашылық жайы мен мәдениетінің басты сипаттарын белгілейтін тау мен ойпаңы емес, орман-тоғай, өзен-көлі емес — сахарасы.

Сахара белдері Каспий жазығының солтүстігі мен Алтайдың етегі аралығындағы 2200 км жерді алып жатыр. Бірде тозаңды, қуаң, бірде қар мен мұз құрсанған, бірде хош иісі аңқып, мың сан шөбі жайқалған, өмір жырына бөленген сахара… Бір қараған көзге тұлдыр болып көрінетін сахара, шындығында өсімдік, жануар және адам тіршілігінің қайталанбас симбиозы болып табылады! Сахара жүрекпен шомған адамға өзінің бар сырын ашады, рух силайды, жіпсіз байлайды. Сахараның бернесі, символы — жусанның кермек иісі. Қазакдың арғы атасы болып саналатын көне қыпшактардың аңызында Сыршан хан өзінің інісі Атрақты туған сахараға қайтып кел деп шақырғанда осы жусанның иісін есіне салады…

Сахараның ең жақсы кезі — көктем. Көлеміне көз жетпес ұлы дала өзінің көгімен көз қарықтырады. Ауада сарайыңды ашар жұпар бар. Бозторғайдың неше атасы, бірі сонау зеңгір көкте, бірі найза бойы ұшып, бірі жер буырлап -ертеден кешке дейін сахараны әнге бөлейді. Ауаны айқұш-ұйқыш тілгілеп қарлығаш пен күшіген ұшады, жерде жорға құс жүгіреді, балпаңдай басып дуадақ жүреді. Суда таз үйрек шолпылдата шомылады, аспанда айнала өзіне жем іздеп лашынның кенжесі ұшады. Жерде құжынаған қоңыз, шегіртке мен кесіртке. Жабайы жуаның сабағында бір аяғын алға созып дәуіт отыр. Қазақтың ескі нанымы бойынша жолдан адасқан адам осы дәуітті тауып алуы керек. Оның алға созылған аяғы тура жолды көрсетеді — мыс. Алаңқайда маңғаз тауық ойнайды, даланың өзендері мен көлдерінде манар менен табан балық, алабұға, шортан, жайын, қаяз, көксерке, қарабалық, су тасбақасы мен шаян өнеді.

Сыр мен Есіл, Ертіс пен Тобыл, Жайык, пен Жетісу өзендері бойындағы, Арал алабындағы (Қазақстанда бірнеше мың көл бар, оның көбі — 1 шаршы километр көлеміндегі көлдер) жайылма мен қарасулардың маңайында қисапсыз тіршілік түрлері бар. Тау бөктерлеріне қарай бұлбұл ұялайды, бүркіт мекендейді, түлкі мен қасқыр үйрек-қаз, қоян аулайды, аңшылар киік пен құлан аулайды. Құм шағылды қыста да к,ар баспайды, есесіне жаздың аптабында құмды қазған адам су табады… Түнде жер тұсауы шешіліп, сахара жазыла түседі, алқаракөк аспанға бадырайған алтын жүлдыз шашылып шығады. Тынық ауада жылқының кісінегені, түйенің бык, еткені алыстан естіледі. Жаздың ми қайнатқан аптабы мен қыстың сүйектен өтетін ызғарының ығында өскен қазақ (мысалы, Қазақстанның солтүстік-шығысындағы жаз бен қыс температу-раларының айырмасы 41 ° С жетеді) ыстык, пен суыкқа бірдей шыдамды. Көшпелінің осындай төзімді болуы шарт. Қар алғаш ери бастағанда — ақ қазақтар бүкіл малымен жайылым қуалап көше бастайды. Мұндай маусымдык, көші-қон 50-100 шақырым аумағында жүріп отырады, алайда кейбір рулардың жылдық көш аясы 2000 шақырымға дейін барғаны белгілі. Әрбір ру жылдан жылға ауытқымай тек бір жолмен ғана жүреді, осыдан жүз мың жыл бүрын өмір сүрген аталарының токдаған бүлақтары мен құдыкдарына тоқтайды, солар қыстаған жерді қыстайды. Қазақстан жерінің 95% жылдың жауыншашын көлемі 400 миллиметрден аспайтын қуаң дала, Моңғолия мен Араб сахарасы сияқты отырықшылыққа қолайсыз жер. Қазақстан жерінің жартысын дерлік жылдық жауын-шашын көлемі 80-180 миллиметрден аспайтын шөл алаң алып жатыр. Қуаңшылықсыз мерзім мұнда жоқ десе де болады. Бұл түсінікті де, себебі Қазақстан мұхиттардан алыс, Еуразия құрлығының орта тұсын, 40-55 гр. солтүстік ендіктері мен 46-87 гр. шығыс үзақтылықтарының аралыкдарын алып жатыр. Жерінің 40% артык, — шөлейт, 20% артык, — жартылай шөл, 20% — далалық аймакдар, ал 7% ғана — орманды дала алып жатыр. Қазақстанның недәуір жерін үстірттер (мысалы, Маңғыстау, Торғай, Орал жем үстірттері) және тақырлар (мысалы, Бетпақ дала), сондай-ақ Алтай, Тарбағатай, Жоңғар мен Іле Алатауы және Тянь-Шанның басқа да батыс сілемдері сияқты қарлы шың, сарқыраған өзен мен тұнған көлді тау жүйелері құрайды. Қазақстанда жазық жер көп болғанымен біркелкі бедер, бірқалыпты ландшафт аз кездеседі. Сахарада көз тоқтайтын белгі, адыр мен төбе, тау көп кездеседі. Жол бойындағы бұндай адастырмас белгілерді қазақтар қасиетті санайды. Бұрабай көлінің ортасынан өсіп шыққандай болып көрінетін Оқжетпестің асқақ сұлулығын, аспандағы бұлтпен жанасқан, шыңдарындағы аппақ қар еріп етекке зәмзәм суы болып жететін Тянь-Шаньдағы Хан-Тәңірі тауын халық жырға, әнге қосқан (биіктігі 6995 м болатын Хан Тәңірі 8848 м болатын Эвересттен сәл ғана еңкіш). Қазақстанның оңтүстігіндегі Қазығұрт жайлы аңызда топан суы қаптаған кезде Нұх пайғамбардың кемесі осы таудың шыңына ілініп қалыпты да, тұрағына айналыпты деп айтылады. Осылайша Енжіл аңызы «жер кіндігі — Әлемдік тау» дегенді уағыздайтын мифпен, осы мифтен туындаған, тауды киелі санап оған табыну дәстүрімен астасқан.

Қазақтың негізгі қөшіқон аймағы — Тұран және Каспий ойпаты, Балқаш жазығы, Орталық Қазақстандағы адырлы дала және соның аумағындағы үстірттер.

Көне замандардан бері қазіргі Қазақстан жерін көшпелі малшы тайпалар жайлаған. Көшпелі мал шаруашылығы (негізінен жылқы, түйе және қой сияқты тебін мал) өзен-көлдері аз, жауын-шашыны жетімсіз континенталдық қуаң ықылымға лайық жалғыз ғана шаруашылық түрі еді. (Арал теңізі мен Балқаш көлі — республикадағы ең үлкен екі табиғи су қоймасы, оның үстіне Арал теңізі бүгінде экологиялык, апатты бастан кешіріп отыр).

Құрамына қазақ сахарасы кіретін Еуразиядағы көшпелілік — көне феномен. Оны б.д. дейінгі ІІ-І-ші мыңжылдық шегінде пайда болды деп жорамалдайды. Ол негізінен табиғат және ықылым шарттарынан — яғни жайылым мен судың жетімсіздігінен туындаған. Бүгін де Қазақстан жер қазынасының 190 млн. гектардайын (85,5%) жайылым мен шабындық құрайды. Бір саулықтың бір жылда жейтін жері далалык, жерде 5-7 гектар болса, шөлейт және шөл аймақтарда 12-24 гектар болатын болған. Даланың аша тұяқ қоңыр аңдарының (киік, қарақұйрық, құлан, тарпаң, қаптағай) жайылу-көшу реті негізінен көшпелілердің көшіқон ретімен қосанжарлас келетіні байқалған. Шамасы аңшылықпен күн көрген малшы халықтар о баста жабайы аңдардың соңынан еріп отырған, аңшылықтың арқасында жабайы аңдар азайып, үй хайуанының өрісі кеңейген.

Жылқы — қазақ көшпелі тұрмысының символы болып табылады. Жылқы эпоста, ертегілерде жырланған. Қанатты тұлпар Батыс жұртының қаһарман жырларында айтылатын Пегас сияқты ақын шабытына нәр беретін көшпелілер әдебиетінің сүйікті кейіпкері, Қазақстанда ұланғайыр даланы кезіп жүрген жабайы жылқы — құландар әлі де бар. Сұрыптау барысында жүріске төзімді жылқы тұқымдары өсірілді. Өзінің шыдамдылығы мен беріктігі, үйірсектігі және тебіндей алатын қабілетіне орай жылқы көшпелі тұрмыстың тірегіне айналды. Сондай-ақ жылқы жем мен суға кірпияз, жайылым аумағы үлкен, 5-6 жаста кемелденеді. Сол себепті профессор Нұрболат Масановтың пікірінше «жылқының Қазақстан бойынша табындағы салмақ үлесі 13% сәл ғана асатын болған». Көшпелі шаруашылықтың табан тірер тиянағы жайылым талғамайтын, қоренде мал-қой, еді. Қойдың мал басындағы үлесі 60% болатын. Көшпелілер өздеріне керекті ет, сүт және киім мен киізге қажетті жүнді осы қойдан алған.

Қуаң даланың орны бөлек ерекше малы — дала кемесі атанған түйе. Түйе алып күш иесі, 10 күнге дейін от оттамай, су ішпей жүре алады. Ол да сүт пен ет, түбіт жүн береді. Түйенің мал басындағы үлесі шамамен 4% болады, ал Қазақстанның кейбір батыс аймақтарында оның үлесі үш еседей көп. Ешкі малының үлесі — 10%, ірі қараның үлесі — 12% болған. Солтүстік пен таулы аймақтарда қазақтар қодас өсірген. Бұлар биік таулы аймақтың ауа райына әбден төселген хайуан.

Жер құнары аздау болғандықтан көшпелілер малымен бір жерге көп тұрақтамаған. Кері жағдайда жер тамыры қырқылып ұзақ уақытқа шаруашылык, айналымынан шығып қалар еді. Малды жайылымға қай күні алып келіп, жерге дамыл беріп қай күні қай бағытта аттанып кету керек – осының барлығын көшпелі малшы жақсы білу керек болған. Мал сүмесін көздеген көші қон — күнкөрістің ғана қамы еді. Табиғат шарттарына орай Қазақстанда екі түрлі көштің жөні болған. Бірі -ендей көшу (оңтүстік-солтүстік). Екіншісі — өрлей көшу. Бұл таулы аймақтарда, таудың етегінен шыңға қарай көшу жөні. Шөлді аймақтарда көштің үшінші түрі — құдықты, суатты айнала көшу жөні болған. Көштің жөні егжей-тегжейлі тиянақталатын болған. Әдетте құдық пен суат бір рудыкі болып, белгілі бір тәртіппен кезектесе пайдаланылар еді.

Жайылым да осылай жыл маусымдарына орай жайланатын болған. Қыс қыстауға оңтүстікке қарай көшетін болған. Ықтасын жерлерде тұрақты жұрт болған, аз-маз пішен сақталған. Малдың көптігі мен жайылымның тарлығынан шаруашылықтар бір-бірінен алшақ орналасатын болған.

Қыс — көшпелі үшін тынымсыз күреске толы жылдың ең ауыр мезгілі. Ерте көктемде — ақ сахара жұрты малын айдап көктемеге шығатын болған. Мал осы жерде төлдеп, көктемгі қырқын осы жерде аяқталған. Дүние бір айналып тағы да жаңа тіршілік табалдырығына -Наурызға келді. Сахара елі бұдан кейін көп бөгелмей, малын айдап жайлауға аттанатын болған.

Жайлау — көшпелі үшін ең бақытты кез. Мал семіріп, ақ көбейген, ішіп-жем молайған кез. Қиыр қонып, шет жайлап кеткен ағайын-туғанмен қауышар, риясыз ойын ойнайтын, тойын тойлайтын шақ. Сондай-ақ бұл келер қысқа дайындық кезең. Жайлауда киім тігіліп, киіз басылады, кілем тоқылады. Қырк,үйектің алғашқы суығы шалынғанда ел күзеуге аттанған. Бұл жерде қой мен түйенің күзем жүні қырқылады, қысқа деп май шайк,алып, құрт қайнатылады. Қысқы қыстауға да осы жерден аттанатын болған. Көші-қонның осындай реті жыл сайын өзгермей қайталанып отырғанымен маусымдардың айна-қатесіз қайталанбайтыны сияқты бір көш екінші көшке ұқсамаған. Бұл жерде қозғалыстың ырғағы және әлеуметтік ұжымдасу сипаты ғана мәңгі.

Тұтастай алғанда көшпелінің өмір салтын ештеңеге ұқсамайтын бірегей құбылыс деуге болады. Бұл уақыт пен кеңістікті өзінше түйсініп, өзінше ұйымдастыратын ерекше өркениет. Көшпелілер жыл маусымдарын өте нәзік түйсінеді, бір әнде айтылғандай, олар үнемі мәңгі көктемге ілесу үстінде жүреді. Көшпелі өзінің дүниетанымында, қозғалысты тіршіліктің басты сипаты деп таниды. Тірінің бәрі — күн де, ай да, құс пенен хайуан да қозғалыс үстінде. Өмір мәні — қозғалыста. Көшпелі тіршілігінің нәтижесі, атадан балаға көшкен мол тәжірибе мен танымға, білімге тікелей тәуелді. Көнеден мирас болып келе жатқан бұл мұраның негізін ізгілік салттар мен еңбек дағдылары құрайды. Көшпелі жұртта түр-түсі мен мінез-құлық сипатына, шаруашылықтағы ыңғайына, мініс қасиеттеріне орай жіктелетін үш жүз жылқының тұқымы бар. Бұл ежелден келе жатқан дәстүрлі білімнің шетсіз-шексіз екенін көрсететін бір ғана мысал. Қазақ өзінің жадында мыңдаған түрлі дыбыс, рең, иістерді сақтай алады. Ошақтағы оттан шыкдан түтін иісі, майға қуырылған шелпектің, киіз бен иленген терінің иісі, көктемдегі шөптің жұпары, күзгі ащы нілдің, жаңа жауған қардың хош иісі -бұл түрлі түйсік симфониясы шарықтай келе «Отан» деген киелі ұғымды тудырады. Іле Алатауының бауырында апорт алма өседі. Кішігірім қауындай болып келетін алманың бұл тұқымы балдай тәтті дәмімен ерекше хош иісімен дараланады. Қара күзде жиналған, шырыны шертіп тұрған алма қыстың аяғына дейін сақталып жұпар шашып тұрады.

Қазақстанның бұрынғы астанасы, маңайын қаптаған алма бақтарына бола Алматы атанған. Осы өңірде туып-өскен адам үшін алманың иісі — Отанның белгісіндей саналар еді. Әр өңірдің өзіндік ерекше белгілері, асыл дәмі болады. Оңтүстік өңір үшін бұндай белгінің үлкені — қырық түрлі тұқым болып келетін бал татыған қауын. Соның бірі қабығы ақ жолақ болып торланған, күлгін жасыл түсті, балдай қызғылт шіре болып келетін торлама. Киізге ораулы қауын ұзақ сақталады, бал иісі адамның терең түйсіктерін оятып, есіне естияр тіршіліктің алғашқы дәрістерін алған мекенін түсіреді.

Сахараның аса күрделі экологиялық тепе-теңдігінің жайы аңшылық аңызда көрініс тапқан. Бір тайпада, бүкіл ағайын-туғанды аңның етімен асыраған мерген аңшы болыпты. Тумалары макдаған сайын аңшы етті көп әкеледі екен. Ақырында қолпаш естімесе тұра алмайтын, мадақ пен мақтауға жерік адам болып шығады. Бірде құланның үйіріне жолыққан аңшы қанға құмартып, көзіне ілінгенін бие демей, құлын демей қыра бастапты. Оның атысын қойғыза алмаған достары шошып, қашып кетіпті, ал аңшы қырған үстіне қыра беріпті. Кенет оның алдынан бір аяғын ақсай басып сүттей аппақ тау ешкісі шыға келеді. Аңшы оңай олжа көрсе керек, ешкінің соңынан қуа жөнеледі. Алайда ешкі садақтың оғын бойына дарытпай шыңнан шыңға секіріп жоғары өрлей береді. Сәлден соң ешкі көзден ғайып болады, аңшы өзінің биік мұзарт басында тұрғанын аңдайды. Осы жерде ол құса мен аштықтан өліпті. Ағайындары тарыдай шашылып, тоз-тоз болыпты, ал атал-мыш жерді тіпті аңдарға дейін айналып өтеді екен. Содан соң барлық аңдардың анасы жайлы, мадакдың алдындағы адамдық әлсіздік, және ерте ме, кеш пе низамды бұзғанның өзіне ғана емес, рулы еліне де зауал келетіндігі жайлы аңыз қалыпты.

Осы тектес, шексіз дүниедегі көшпелінің тіршілігі жайлы, дүниенің заңын ұғынып, Табиғат Анамен жарасым тауып тұру керектігі жайлы аңызертегілер көптеп саналады. Қазақтар тіршілікке тиянақ болған қара жерді құрметтеп Жер-Ана деп атайды. Көшпеліні қоршаған ортада жаттық дұшпандык, жоқ. Ол кеңістікпен күреспейді, ол онымен астасып өмір сүреді. Кеңістіктің барлық белгісі тірі, әрбір таудың өз аңызы бар. Әр құдық, қазған адамдардың есімін еске түсіреді, әр соқпақтың сыртынан одан көшіп өткен, басып өткен сансыз ұрпақтың келбеті көрінеді.

Қазақтар тарихты биік тұтады. Әсіресе идеология мен субъективтік ниеттен ада, шежіре күйінде келетін ауызекі тауарихқа үлкен құрметпен қарайды. Шежірені өзінің жеті атасын білу, арасы жеті атаға толмайтын адамдардың некелесуіне тыйым салу — бұл экзогамияның белгісі ғана емес, сондай-ак, ұлаңғайыр жерді мекендеген халықты әлеуметтік тұрғыдан ұйымдастыратын қапысыз құрал. ХІХ-шы ғасырдың аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басындағы сахара халқының тығыздығы бір шаршы километрге 0,5-2 адам еді. Осындай сиректіктің салдарынан Евразия далалықтары елсіз болып көрінер ёді, ал шындығында бұл территория көшпелілер тарапынан жете игерілген, өмір сүруіне қажетті кеңістік болатын. Шежіре бойынша сахараның барлық жұрты бір-бірімен ағайындық немесе құдалық жөнімен туыс. Қазақтың туыстыққа байланысты терминологиясы — әлемдегі ең тиянақты терминология. Түрлі рулардың адамдары арасындағы қатынас олардың әулеттік, туыстық жөнімен анықталады. Тіпті олардың дастархан басындағы отырар орны мен сөз ұстау реті рулық жөнмен белгіленер еді. Шежіре, жүздеген есімдерден, әртүрлі кезеңдік белгілерден, географиялық атаулардан ғана емес, сондай-ақ түрлі тарихи оқиғалардан, адамдык, мінездемелерден де тұрады. Шежіре жеңісті де, жеңілісті де шыншыл баяндайды, адамдардың кісілік озык, сипаттарын, пенделік қалпын бүкпесіз суреттейді, осылайша ықылымға кеткен заманды қолмен ұстап көретіндей затты етіп көрсетеді. Өткен мен қазіргіні, және болашақты салғастырудағы мақсат — адамзат арасында туған адамға оның үзілмес жадтың, озған ұрпақтан бізге жеткен сананың жалғастырушысы екенін, және өзінің де шексіз ұрпақтың бастауы, атасы екенін ұғындыру. Демек бүгінгі күні өмір сүріп отырған замандас, өткен мен болашақты қолында қатар ұстап отырғандай.

Ауызекі тарих, аңыздар мен эпос өткенді ғана сипаттамайды, сондай-ақ адам санасын бақиға, мәңгіге теліп, алға жетелейді.

Табиғатқа деген жақындық, оған деген тәуелдік қазақ мінезін ұстамды, сабырлы етті. Тарихтың ұлы аласапыраны мен ойраны, дүниенің өтпелілігі қазакдың «Батыр-бір оқтық, бай — бір жұттық» деген бірақ ауыз сөзінде толайымен таңбаланған. Малы үнемі тебінде жүретін көшпелі үшін жұт — ең ауыр нәубет. Қысқа ғана жылымықтан кейін аяқ астынан аяз қатайып жер бетін қойдың аша тұяғы түгілі жылқының болат тұяғы ала алмайтын мұз құрсау қаптағанда, баппен ғана отырған мал бірақ аптада қырылып қалуы мүмкін. Бұндайды талай рет бастан өткерген қазақ артына «Дүние деген — қолдың кірі шайылады да кетеді» деген сөз қалдырған. Сондай-ақ «Адам дүниеге жалаңаш келіп, жалаңаш кетеді» деген сөз де қазақтан қалған.