Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі мен оған қарсы күрес

Өтпелі экономика маргиналды жұмыссыздық жарылысын бастан кешті. . Елімізде жұмыссыздықты ресми түрде мойындағаннан кейін оған кеңінен көңіл бөліне бастады. Мыңдаған бомждар мен қоғамның «диа» бөлігінің өкілдерінің бар екендігі көпшілікке мәлім болды Жұмыссыздарды тіркеу оларға легализациялануға мүмкіндік беріп, алғашқы рет қоғамдық статусқа ие болып, заңға сәйкес еңбек етуіне құқық алды. Бірақ ең бастысы, олар пособиелармен әлеуметтік көмек алуына жол ашылды.

Еңбек фондының төрт бағытта қарастыруымызға болады:

  1. Жұмыссыздарға берілетін пособиелерге жұмсалатын қаражаттар немесе пассивті саясат.
  2. Қоғамдық жұмыстарға және қайтадайындауға кететін қаражаттар. Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі үшін міндетті болып табылады.
  3. Қаржылық көмек көрсетуге, бағалы қағаздар сатып алуға және басқа да шығындарға жұмсалатын қаражаттар.
  4. Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметін дамыту үшін жұмсалатын қаражаттар. Жұмыссыздықтың салдарын аз болса да жұмсартуға көмектеседі.

Еңбек күшін босатуға көмектесетін факторлар:

  • өндірістің құлдырауы, негізінен шаруашылық байланыстардың үзілуінен пайда болған;
  • мекеменің жасанды төлеуқабылетсіздігі;
  • мемлекеттік қаржыландырудың күрт қысқыруы, , заңды және жеке тұлғалардың инвестицияға арналған қаражаттарының жоқ болуы;
  • Қорғаныс күштері қатарының қысқаруы;
  • меншік формаларының өзгеруі;
  • миграциялық үрдістердің күшеюі және т.б.

Эксперттердің айтуы бойынша, жұмысын жоғалтқандардың бір бөлігі зейнетке шықса, екіншілері, қызмет көрсету сферасына, ал үлкен бөлігі экономиканың көлеңкелі жағына барып құйылуы мүмкін. Білікті мамандар шет елдерге кетсе, ал тағы біреулері ауыл шаруашылығымен айналысады.

Егер де мемлекет жұмысшыларға қажетті жағдайлар жасаса (негізінен кәсіпкерлік шаруашылықпен айналысуға пайызсыз кредит және басқа да жеңілдіктер) жұмыссыздардың үлкен бөлігі индивидуалды еңбек қызметімен айналысатын еді, басқаша айтқанда, өздерін жұмыспен қамтамассыз ете алатын еді.

Еңбек нарығына қысым көрсететін тағы бір фактор- күрт күшейген халық миграциясы. Соның әсерінен ТМД-ның көптеген елдерінде, сонымен қатар, Қазақстанда саяси тұрақсыздық орнап келе жатыр.

Болып жатқан үрдістерді қосу үшін не істеу керек?

Біріншіден, эконмиканы структуралы қайта құрудың адресті программаларын құру қажет;

Екіншіден, мемлекеттік жұмыспен қамтудың программаларын дереу әзірлеп, қабылдау керек. Мұнда үш бағытқа көңіл аударған жөн болар еді:

  • қоғамдық инфрақұрылымды тікелей инвестициялау;
  • жұмыспен қамтуда тікелей және жанама шаралар(кадрларды дайындау және қайта дайындау);
  • кіші бизнезтің пайда болуына және жеке инвестициялардың пайда болуына жағдай жасау.

Үшіншіден, ортақ экономикалық кеңістіктің құлауына жол бермеу.

Бұл басымдылықтардың көпшілігі қазіргі өмірде де орын алды. Олар адамдарға мамандық таңдауына көмектеседі. Еңбек нарығы мемлекеттік секторда жұмыспен қамтылу мен өндірістің экономизациялануын қамтамассыз етеді.

Ал еңбек нарығының басты кемшілігі- Қазақстан нарықтық экономикаға өткеннен кейін барлық кәсіпорындар жекешеленіп кетті. Осыған байланысты жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге жағдайы келмегендіктен, жұмыс күшін қысқарту жүзеге асады,  ал ол өндірістің қысқаруына әкеләп соқтырады.

Мәліметтер

Қазақстан Республикасы бойынша 1995жыл қаңтар-мамыр .

 

Облыстар

 

 

Жұмыспен қамту жайлы өтініш білдірген

 

 

Жұмыспен қамтылды

 

Жұмыссыз ьолып есептелді

Жұмыспен қамту орталықтарына жұмысшыларға сұраныс, (есепті кезеңнің соңы)
Ақмола713520962967711
Ақтөбе5306163530881209
Алматы441812492861936
Атырау42413852932367
Шығыс Қазақстан5835156235771524
Жамбыл549512233007898
Жезқазған40537621417893
Батыс Қазақстан486511393576185
Қарағанды10905677810818579
Қызылорда101525196412125
Көкшетау294299021321020
Қостанай7810243335581250
Манғыстау24057116711276
Павлодар7697214541573122
Солтүстік Қазақстан723211826537494
Семей865615143760721
Талдықорған658423623763346
Торғай24866541941587
Оңтүстік Қазақстан1903140019559705
Алматы қаласы380320215741506
Ленинск қаласы6408914934
ҚАЗАҚСТАН131765354507971926488

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына сәйкес жұмыспен қамту қызметі органдарына кадрларды дайындауға және қайта дайындауға, жұмысшылардың кәсіби деңгейін жоғарылату үшін, еңбек нарығындағы үрдістерді реттеу үшін салықтық, ақша-кредиттік және басқа да әдістерді қолдануға құқық берілген.

Мысалы, қолайсыз болып есептелетін аумақтарда (Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Арал маңындағы өңірлерде) қаржы салымдарын дифферинциалданған тәртіппен қолдайтын, басымдылықпен дамып келе жатқан аумақтар көрініп келеді. Субсидиялар қаржыландырудың көлеміне байланысты орналасады. Қолайсыз болып табылатын өңірлерде олар жалпы қаржыландырудың 50*/* құрай алады.

Аумақтық жұмыстылық саясатының құралы ретінде ауылшаруашылығы, туристік-қонақүйлік бизнестерін  қолдау программалары кең пайдаланылады.

1997 жылғы Өскемен қаласындағы жұмыссыздық жағдайы:

 Еңбек нарығының фиксацияланған бөлігін құрайтын халықтың тобы.1.01.97 ж.

 

1.02.97 ж.31.01.97 ж.
1Жұмыспен қамту жайлы

өтініш білдірген

1094115273742
2Оның ішінде әйелдер756510252439
3Жастар 20-ға дейін53248142
4Жұмыспен қамтылды1328164374
5Жұмыссыз болып есептелетін55896082024
6Жәрдем ақы алады251427623191

Бұл мәліметтерден қаланың экономикалық жағдайының жылдан-жылға жақсармай, керісінше нашарлап келе жатқандығын көре аламыз. Қала кәсіпорындары өздерінің жұмысшыларын қысқарту әрекеттерін жалғастырып келе, жұмысшылар санын минимумға дейін әкелді.

Жұмысшылары босатылған кәсіпорындардың ішінде ең алғашқы орындарда келесілер: УМЗ, ВКМЗ, сусындар бірлестігі, жиһаз комбинаты, «Мако»АҚ.

1995-1997 жылдарға арналған программа макроэкономикалық тұрақтандыруды жүзеге асырып, халықтың жұмыспен қамтылуында үлкен рөл атқарады деп сенеміз.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!