Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы

Кәсіпкерлік бұл табыс алуға бағытталған және тәуекемен байланысты шаруашылықтық қызмет. Кәсіпкерлік французша «делдал» дегенді білдіреді. Р.Кантильон кәсіпкер терминін арзанға сатып алып, қымбатқа сататын қабілеті бар адамдарды атауға бірінші рет қолданған. Р.кантильонның түсінігінде кәсіпкер алдағыны көре білетін ерекше қабілеті бар, тәуекелге баратын, қабылданған шешімге толық жауапкершілікті өзіне алатын ерекше субъект болды.

Адам Смит кәсіпкер ретінде, кәсіпорынның меншік иесін, кәсіпкерлік қызметтің мақсатын кәсіпкерлік табыс алу деп түсінді. Ж.Б.Сэйдің А. Смиттен айырмашылығы кәсіпкердің негізгі қызметін пайда түсіру емес, күнделікті шаруашылық қызметі аясында ұдайы өндірісті ұйымдастыру мен басқару деп түсіндірді.

Кәсіпкерліктің жаңартпашыл түсінігін Й. Шумпетер берді. Онымен жаңартпашылдық өндірісте пайдаланылатын, өндіріске енгізілетін жаңа технология мен жаңа шикізатты өнімдерді, жаңа көздер мен жеткізілім нысандарын, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудағы жаңа нысандарды игеру жаңа техникалық жаңалықтың ашылуы ретінде түсіндіріледі. Й.Шумпетер кәсіпкерлікті жаңартпалықпен теңестіреді. Кәсіпкердің меншік иесі болуы міндетті емес, мұндай санатта менеджерде жұмыс ісией алады.

А.Тюнен кәсіпкерді жоспарланбаған табыстан үмітті, ерекше қабілеттердің иесі деп сипаттайды.

Кәсіпкерліктің меншік иесінен ажырасуы акционерлік қоғамда анық көрініс алды. Акционерлік кооперативтік экономика жағдайында меншік заңды факт ретінде өзінің бөлу қызметінен айырылады. Өндірістегі өкімет меншіктен ұйымдастыруға ауысады, сөйтіп меншік пассивті рөл атқаратын болады. Дәстүрлі меншік түсінігімен қатынасты нақты физикалық заттар орнына, акционер қағаз бумасымен, меншіктің титулымен шектеледі. Акция иесі кәсіпорындарға шартты бақылау ғана жасай алады.

Кәсіпкерліктің өмір сүруі мен дамуының негізгі жағдайлары болып табылатындар:

  • өндіріс құралына және қызметтің соңғы өніміне меншік, сондай ақ экономикалық игіліктерге меншікті беру және алу құқығы;
  • келісімшартпен, бірігуімен, кәсіптік және тұтынушылық таңдаумен еркін шаруашылық қызметін жүргізуді болжамдайтын, шаруашылық субъектісінің жеке автономиясы;
  • айырбас нысанының дамуы, яғни, тауарлық ақшалай қатынастардың болуы, оның ішінде еңбекті еркін сатып алу және сатудың болуы.

Кәсіпкерліктің сипатты белгілері:

  1. Субъектіде шаруашылық қызметінің түрін таңдау, өндірістік бағдарламаны қалыптастыру, қаржыландыру көзін таңдау бойынша және ресурстарға қол жеткізу, өнімдерді өткізу, оларға баға қою, табысқа ие болу бойынша белгілі бір еркіндік пен құқықтың болуы.
  2. Кәсіпкерлік қабылданған шешімдерге, оның нәтижелеріне, оған байланысты тәуекелге жауаптылықты қарастырады.
  3. Табыс алу мен коммерциялық жетістіктерге жетуге бағдар.
  4. Меншіктің, яғни кәсіпкерлік меншіктің тұрпаттары, түрлері және нысандарының көптүрлілігі.

   Кәсіпкерлік қызметті бағыттары бойынша келесі түрлерге бөледі:

  • Өндірістік;
  • Коммерциялық;
  • Қаржылық;
  • Кеңестік.

Өндірістік кәсіпкерлік бұл кәсіпкер тікелей  жағдайда өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпараттарды өндіруді жүзеге асыратын қызмет түрі. Мұндай жағдайда өндірістің қызметтері кәсіпкер үшін негізгі болып табылады. Өндірістік кәсіпкерлікті жүзеге асыру мен мазмұнының жалпы бейнесі келесі жағдайда кқрінеді. Кәсіпкер әуелі өндіріс қызметінің түрін таңдайды, басқаша айтқанда, қандай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді шығаратынын белгілейді. Одан кейін ол тауарды әлеуетті сатып алушымен, тұтынушымен қатынас жасайды. Былайша айтқанда, кәсіпкерлік сонымен бірге маркетингтік қызметті қоса атқарады. Бұл мәміленің бірінші кезеңі кәсіпкер мен келешектегі тауар сатып алушы арасындағы шарт түрінде заңды рәсімдеме алуы мүмкін. Кәсіпкер өндірісті жүргізу үшін өндіріс факторын: жұмыс күшін, өндірістік қорларды, материалдарды, ақпараттарды пайдаланады. Өндірістің жекелеген факторы кәсіпкерге жатады, ал жетпейтінін ол кәсіпкер қызметін жүргізу үдерісінің кезінде немесе басында сатып алуға мәжбүр.

Өндірістік кәсіпкерлік акциясының нәтижесі, өндірілген тауарлардың белгілі бір көлемін сатып алушыға өткізу және ол үшін ақшалай түсім алу болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерлікте тауарлық ақшалық, сауда айырбас операциялары анықтаушы рөл атқарады. Бұл сатып алу сату бойынша мәмілелер. Коммерциялық мәміледе рынок талдауы болуы қажет, нәтижесінде сатып алу көлемі, тауар сату, сатып алу бағасы және тауарды өткізу бағасы болжамданады.

Коммерциялық бағдарламаның мәмілесі өзіне мыналарды қосады:

  • транспортпен жеткізу, сатып алу, тауар сату, жарнама жұмыстарын жүргізу және т.б. операциялары үшін жұмысшыларды жалдау;
  • келесі жағдайда сату үшін тауарларды сатып алу;
  • тауарларды өткізу және сақтау үшін сауда нүктелерін, қоймаларды, ғимараттарды жалға алу;
  • мәмілеге тікелей қатыспайтын, бірақ, ақылы қызмет ұсынатын адамның немесе бейтарап ұйымның қызметіне төлем және оны алу;
  • мәмілені қаржыландыру үшін кредитке ақша қорын тарту және келесіде кредитті пайызымен қайтару;
  • тауарды сатып алушыға өткізу және түсімді алу;
  • мәмілені тіркеу, салықтарды төлеу.

Қаржылық кәсіпкерліктегі сатып алу және сату объектісі арнаулы тауарлар ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Коммерциялық қызметтің басқа түрлері тәрізді қаржылы кредиттік мәміледе іздеумен, анықтаумен және әлеуетті сатып алушыларды тартумен байланысты бағалы қағаздар мен маркетингтік қызметтің талдауы алдын ала болуы қажет.

Капитал айналымының көлемі және іске қосылған қызметкерлердің саны бойынша ірі және шағын бизнес деп бөлінеді.

Ірі кәсіпкерліктің басымдылығы:

  • ғылыми техникалық үдерісті тездетеді;
  • жаппай стандартты өнімдерді ірі көлемде өндіру арқасында шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді;
  • мамандандыру мүмкіндігін көбейтеді;
  • қуатты құрал жабдықты пайдалану тиімділігін арттырады;
  • шаруашылық тәуекелін азайтады.

Бірақ, кәсіпорынды ірілендіру белгілі бір шекке дейін ғана тиімді болады, кейде өндіріс шектен тыс ұлкен, ыңғайсыз, қиын басқарылатын және экономикалық оңтайлы болмайды, өйткені фирманың орташа  шығындары көбейе бастайды.

Шағын бизнестің басымдылығы:

  • өндірістің жоғары деңгейде мамандануы және фирма арасында тиімді кооперациялану;
  • икемділігі үлкен және рыноктағы өзгерістерге тез ыңғайлануы;
  • өнімдердің әртүрлілігінің көптігі және жеке тапсырыс бойынша жұмыстардың мүмкіндігі;
  • жаңа ғылыми техникалық идеяларға үлкен алғырлығы;
  • алдын ала ұйымдастырудың болмауы, жұмыстың шектен тыс реттелуі;
  • жеке ұсыныстың іске асуына үлкен мүмкіндіктер мен саналы тәуекелдер;
  • қолайлы психологиялық климат және еңбек ұжымындағы үлкен демократия.

Фирма бизнес қызметтің негізгі қызмет бірлігі болып табылады. Фирма дайындау арқылы өз мүддесін жүзеге асыратын шаруашылық тізбегін көрсетеді. Барлық фирмаларды екі негізгі критерий бойынша жіктеуге ьолады: капиталға меншік нысаны бойынша және капиталды шоғырландыру дәрежесі бойынша. Капитал меншігінің нысаны бойынша мемлекеттік және жеке фирмаларды бөліп алады. Соңғысы өз кезегінде тек жеке тұлғалық фирмаларға серіктестік және АҚ болып бөлінеді.Өндірісті шоғырландыру дәрежесі бойынша ұсақ, орта және ірі фирмалар деп бөледі.

Өмір сүре алуы үшін фирма сату көлемін көбейтіп, өсуі қажет. Ол үшін оған өндірістік қуатын көбейтіп, инвестицияны жүзеге асыруы керек. Фирманың өсуінің екі жолын бөліп көрсетеді. Өсудің бірінші жолына фирманың ішкі өсуін, капитал мен өндірісін шоғырландыруды сипаттауға болады. Фирманың ішкі өсуіне қызмет ететіндер:

  • фирманың өз ресурстары, бірінші кезекте табыстың бөлінбеген бөлшегі және кейбір жағдайда өтелетін қор;
  • банктерден және басқа да кредиттік қаржылық институттардан алынған қарыздық қаржы;
  • бағалы қағаздарды қосымша көптеп шығарудан алынған қаржы.

Фирманың өсуінің екінші тәсілі өндіріс пен капиталдың қосылуы мен жұтылуының нәтижесінде орталықтандырылуына байланысты. Екі компанияның бірігуі туралы басшылықтың екі жақты келісімшарты қосылғанын білдіреді. Қосылудың әдеттегі тетіктері біріккен корпорациялардың акцияларын жаңа акциялардың бір үлгісіне айырбастау болып табылады. Ал, жұтып қою бір фирма екіншісінен сатып алғанда болады.

Қосылудың, яғни жұтылудың бірнеше түрлері болады:

  • жиектік бірігу бір текті өнімдер шығаратын және кейбір технологиялық үдерістің біртекті сатысын жүзеге асыратын, фирмалардың қосылуы кезінде байқалады;
  • тік бірігу кейбір технологиялық үдерістерді бір кезеңде жүзеге асыратын фирмалардың қосылуы кезінде өтеді;
  • фирмалардың бірігуі нәтижесінде конгломерат пайда болады.

ҚР заңдарымен реттелетін кәсіпкерлікті дамытпай Қазақстанның экономикасын реформалау мүмкін емес. Өтпелі кезеңде ҚР Президентінің «Шаруашылық қызметінің еркіндігімен кәсіпкерлікті дамытудың еркіндігі туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шаруашылық серіктестері туралы» және т.б. жарлығы және ел басшылығымен бірнеше заңдар қабылданған еді. Бұл заңдар азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлікті жүзеге асырудағы кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай мен кепілдікті анықтайды.

Ресей мен басқа да бұрынғы социалистік елдерде Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметі сол елдердің дәстүрлі рыноктық экономикасы тәрізді эволюциялық жолмен емес, орталықтық жоспарлау жүйесін қирату арқылы экономикалық революция нәтижесінде жүзеге асады. Сондықтан ҚР дағы кәсіпкерлік қызмет, әсіресе, алғашқы он жылдықтағы әміршіл экономикалық жүйенің нарықтыққа қарай өзгеріске ұшырауы көптеген қиындықтар мен қарама қайшылықтарға байланысты болады:

  • кәсіпкерліктің заңдық базасы тым баяу және көбінесе жүйесіз қалыптасты;
  • жеке автономияның қағидасы елеулі шектелді, өйткені шаруашылық қызметтеріне, келісімшарттарға және бірлестіктерге бұрынғы КСРО республикаларының экономикалық құрылымы ондаған жылдар бойы монополия ретінде құрылғандықтан, тек еркін шешіммен тоқтатып тастауға болмайтын, шаруашылық ұйымдастырудың дәстүрлі әміршіл экономикалық монополиясы қарсы тұрды;
  • тауарлық ақшалай айырбас қаржылық кредиттік қатынастарының жетілмеуінен қатты қиындатылды, сондай ақ, инфляцияның жоғары қарқыны.

Меншікті мемлекет тарапынан шығаруға және жекешелендіру елде кәсіпкерліктің әртүрлері мен нысандарының пайда болуына ықпал етті. ҚР ның Азаматтық кодексінде толық серіктестік нысанындағы шаруашылық серіктестігі, командиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив тәрізді кәсіпкерлік нысандары айқындалған. Республикада ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында негізгі салынған жеке кәсіпкерліктің дамуы кең тараған. Шағын бизнесті дамытуға ерекше қолдау көрсетілуде.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Осы тұжырымдар Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы Жолдауында да өзінің ары қарай дамытылуымен сипатталады. Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.

Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып табылады.

Франчайзинг — ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды: біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге — табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы, үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады.

Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен пре-ференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы.

Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚПІ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдегі көшбасшысы — Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.

Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.

Франчайзингтің шетелдік және отандык ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды экономикалық мәні, ерекшелік белгілері бойынша келесі түрде болуге болады:

— бизнесті жүргізудің ерекше әдісі;

ірі және шағын кәсіпорындардың интеграциясы;

— кәсіпорынның дәстүрлі емес қаржыландыру көзі;

— жеңілдікті кәсіпкерлік.

Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен тауар өндірушілерді ішкі және халықаралык нарықта жылжытуға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: “Франчайзинг -келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны”.

Бизнестің франчайзингтік үлгілерін жүйелеу мен жіктеу коғамдық тамақтандыру саласында франчайзинг тұжырымдамаларының таралу келешегі үшін қажетті шарт болып табылады.

Зерттей келе, франчайзинг механизмі дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындармен аз уақыт аралығында жылдам дамуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс дами келе ғаламдық деңгейде, бір жағынан, франчайзидің рөлі мен мәртебесін жоғарылатса, екінші жағынан жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Қазақстандағы франчайзингтік кәсіпорындардың қызметіне маркетингтік талдау барысында олардың іс әрекетіне кедергі болатын факторлар анықталып, оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі айқындалды. Бұл шаралар франчайзингтің Қазақстандағы қалыптасуы мен даму-ының келешегін белгілеуге мүмкіндік береді. Франчайзинг жүйесіне қатысты мемлекеттің саясатын ұйымдастырудың маңызды бағыттары ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:

Қажетті нормативтік-құқықтық базаны құру. Елімізде франчайзингтік бизнесті жүргізуді реттеуші бірқатар заңнамалық актілерге қоса, нарық субъектілерінің іс-әрекетін қорғайтын халықаралық деңгейдегі санаткерлік меншікке, кәсіпкерлікке қатысты бірқатар заңнамалық құжаттарды атап өтуімізге болады, олар: Қазақстан Республикасы мен Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы, ҚР “Инновациялық қызмет туралы заңы”, “ҚР патент туралы заңы”, “ҚР Инвестиция туралы заңы”, “ҚР Лицензиялау туралы заңы”.

Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу үрдісін талдау барысында автор оның дамуының негізгі үш кезеңін бөліп көрсетіп, оларды еліміздегі франчайзингтің нормативтік-құқықтық базасы, бәсекелестігі және оның іс-әркеті аумағының кеңеюімен, франчайзингтің жаңа түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Осының негізінде қызмет көрсету саласында саяси өзгерістердің тізбектілігі, экономикалық айырбас үрдістерінің дамуы, мәдениеттердің өзара ықпалдасуы және тұтынудың біртұтас мәдениетін қалыптастыру, шағын кәсіпорындардың инновациялық қызметін дамыту сияқты бұл саланың франчайзинг негізінде қарқынды дамуының алғы шарттары белгіненді.

Қазақстандағы франчайзингтің қазіргі даму жағдайы, отандық франчайзингтік кәсіпорындардың экономика салаларындағы үлес салмағы анықталды. Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік жүйелердің пайыздық үлесі 2007 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 6,8 есе, ал 2004 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсіп, еліміздегі франчайзингтік бизнестің қалыптасуы мен өсіңкі дамуын айқындады. Осы мәліметтерге сәйкес франчайзингтік бизнестің Қазақстандағы қарқынды даму салалары, сублицензиялық сипаты, шетелдік франчайзерлер санының басым болуы сияқты негізгі ерекшеліктері айқындалып, оларды тиімді пайдалану арқылы кәсіпкерліктің осы нысанының кластерлік бағдарлама тұрғысынан келешектегі даму бағыттары дамытылды.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің франчайзинг механизмін қолдануды ынталандыру мақсатында отандық франчайзерлерді корпоративтік табыс салығынан, ал франчайзилерді жер және мүлік салығынан босату қажеттілігі туындап отыр. Сонымен бірге франчайзингтік қатынастарды реттеу мақсатында «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңның атауын «Франчайзинг туралы» деп ауыстыру және мазмұнын қайта қарау ұсынылды. Франчайзингтік қатынастарды жан жақты зерттеу барысында кәсіпкерліктің бұл түрі еліміздің экономикалық жағдайының өсуіне, кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының қалыптасу мен дамуына жағымды ықпал етуі мен жоғары тиімділігі дәйектелінді.  

Өндірістік кәсіпкерлік бұл кәсіпкер тікелей жағдайда өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпараттарды өндіруді жүзеге асыратын қызмет түрі. Мұндай жағдайда өндірістің қызметтері кәсіпкер үшін негізгі болып табылады. Өндірістік кәсіпкерлікті жүзеге асыру мен мазмұнының жалпы бейнесі келесі жағдайда кқрінеді. Кәсіпкер әуелі өндіріс қызметінің түрін таңдайды, басқаша айтқанда, қандай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді шығаратынын белгілейді. Одан кейін ол тауарды әлеуетті сатып алушымен, тұтынушымен қатынас жасайды. Былайша айтқанда, кәсіпкерлік сонымен бірге маркетингтік қызметті қоса атқарады. Бұл мәміленің бірінші кезеңі кәсіпкер мен келешектегі тауар сатып алушы арасындағы шарт түрінде заңды рәсімдеме алуы мүмкін. Кәсіпкер өндірісті жүргізу үшін өндіріс факторын: жұмыс күшін, өндірістік қорларды, материалдарды, ақпараттарды пайдаланады. Өндірістің жекелеген факторы кәсіпкерге жатады, ал жетпейтінін ол кәсіпкер қызметін жүргізу үдерісінің кезінде немесе басында сатып алуға мәжбүр.

Өндірістік кәсіпкерлік акциясының нәтижесі, өндірілген тауарлардың белгілі бір көлемін сатып алушыға өткізу және ол үшін ақшалай түсім алу болып табылады.

Отандық кәсіпкерлік субъектілерінің франчайзингтік жүйені қолдану арқылы өз қызметтерін жандандыру мен нарықта дамуын сипаттайтын нақты іс-әрекеттер түбегейлі зерттелді. Нәтижесінде Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік компаниялар іс-әрекетінің табыстылығын айқындау үшін баға берілді. Қазақстан нарығындағы франшизалардың көпшілігінің құны 5000 АҚШ долларынан басталып, 500000 доллар шамасы аралығын қамтитыны белгілі болы.