ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТРАНЗИТТІК ДӘЛІЗ РЕТІНДЕ

Казақстан Республикасы транзиттік дөліздер қабысуы жағынан мөртебелі еуразиялық материктің аймағында орналасқан.Қазақстан Азиялық-Тынық мүхит өңірін Еуропамен, сонымен қатар Ресейді басқа ТМД, Таяу Шығыс, Персия шығанағы/Индия мұхиты елдерімен байланыстырады, Еуразиялық материк орталығында терең ішкі континенталда орналасқандықтан,Қазақстан теңіз жолдарынан ең алыс елдерінің бірі болып табылады, бүл транзиттік мүмкіндіктер жағынан жағымсыз жағдай. Қазақстанның сыртқы саясатын қүруда экономикалық және географиялық факторлар жетекші роль атқарады. Географиялық ерекшеліктері мен инфрақүрлымы жағынан Қазақстанның сыртқы саясатын жетекші мәні бар көлік кешені қүрайды. Сыртқы сауданың өсуі республиканың Дүниежүзілік сауда үйымына кіруі орташа мерзімдік кезенде көлік қүралының үлесін сапалы түрде қайта қарауды қажет етеді. Дүниежүзілік экономиканың дамуын болжау сарптама бағалары бойынша негізгі жүк ағындары АҚШ-Еуропа-Оңтүстік-Шығыс Азия жөне Қытай үшбүрышында бағыталады екен. Осыған орай аймақтағы елдер, олардың серіктестері мен транс үлттық корпорациялар Қазақстанның көлік жүйесінің дамуына аса көңіл аударып отыр. Дамыған елдер Батыс Еуропа мен АҚШ нарықтарының толық қамтылғандығынан, тауар өндірушілердің назары төменірек дамыған, бірақ жоғары потенциалға ие ТМД, Оңтүстік-Батыс Азия жөне Қытай елдерінің нарықтарына ауады, ал бүл Қазақстан мен барлық Орталық Азия аймақтарының транзиттік мүмкіндіктерін дамыту жөне пайдалану бағдарламаларын жасау қажеттіктерін күшейтеді.

Қазақстан Республикасының өлемдік кеңістікте интеграция процесіне қатысуы, қарқынды дамып келе жатқан халықаралық тауар алмасу, ТМД елдерінде еркін сауда аймағын үйымдастыру, көлік-экономикалық бірлестікті дамытудың тарихи, үйымдық-экономикалық, техника-технологиялық жағдайларын жасау жолдарын максимадды толық және тиімді пайдалану қажеттігін алдын-ала анықтайтын ортақ көлік кеңістігін қүрусыз мүмкін емес.

Шын мөнісінде де, Қазақстан саяси да, экономикалық жағынан да түрақты,ашық,нарық қатынастарын қүруда жетік, әрі посткеңестік кеңістікте «еуразиялық* саясатты орнымен жүргізетін мемлекет болып отыр Бүл әрине, оның басқа көрші мемлекеттерге қарағанда артықшылығы болып табылады.

Интеграциялау қажеттігі бүгінгі күні бір ғана ел болып шеше алмайтын көптеген өзекті экономикалық мәселелерден туындайды. Өндірісті

жаһандаңдыру мен интернацияландырудың өсуі,халықаралық еңбек бөлінісінің терең дамуы жеке бір елдің отандық еркін бәсекесін қорғайтын дәстүрлі саясатын тиімсіз етеді. Әлемдік нарықта қатал бэсекеге ешбір ел жалғыз дара қарсы тұра алмайды. Бүл әлемдік экономика жүйесінде жеке елдердің дамуын қамтамасыз ететін, халықаралық өзара өрекет етудің жаңа формаларын іздеуге үмтылдырады. Елдер интеграциясы, түрлі мемлектаралық одақтар, оның ішінде ірі ауқымды аймақтық экономикалық кешендер осындай формалардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар аймақтық экономикалық интеграция- бүл тек қана өлемдік нарық бәсекесінен қорғану тәсілі болып қана қоймай, жахандану қолдайтын экономикалық экспансиядан қорғану болып табылады. Бүл әрбір елдің дамуының беріктігі мен еркіндігін қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Қазақстанның Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттері сияқты жаңа жағдайларда өз болашағын қүруда келесідей бағыттарды үстанғаны дүрыс деп есептеймін :

-қол жеткен тәуелсіздігі мен тек өз күшіне, әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін өз бетімен шеше алатын мүмкіндіктеріне сүйене отырып кез келген уақытта күштірек көршілес мемлекеттердің билігінде қалу қаупінен арылу;

—өзінің үлттық экономикасын   нығайта отырып, көрші мемлекеттермен

өзара тиімді интеграциялық байланыстарды дамыту.

Қазақстан үшін үлттық көлік-коммуникация кешенін дамыту саласында маңызды міндеттемелердің бірі оның әлемдік нарықта қызмет көрсету түрлерінің бэсекеге қабілетін қамтамасыз етіп, республика ауқымы арқылы сауда легінің өсуін ынталандыру немесе көлік-транзитін дамыту болып табылады. Осыған байланысты Еуропа мен Азияны қосатын көлік-транзит дәліздеріне баға беру, тікелей Қазақстан Республикасы аумағынан өтетін бағыттар мен балама бағыттардың экономикалық тиімділік параметрлерін салыстыра отырып таддау жасау, бүгінгі күні ерекше өзекті мөселе болып отыр.

Қазақстан үшін транзиттік потенциялдың маңызды мәні бар, ол екі бағытты қүрайды:аймақтық және трансконтиненталдық. Бүл тасымаддау бағыттары сыртқы және ішкі нарықтарды қамтиды.

Аймақтық транзит заңдылықтары экономикалық жүйелердің өзара тығыз байланысын, ТМД-еддерінің нарықтарының өзара тэуелділіктерін, толық орныққан көлік-коммуникацияларының  инфрақүрлымын(өндірістік

инфрақүрлым) сипаттайды.Аймақтық транзит бағыттары:Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік.

Транзиттің трансконтиненталды бағыттары деп елдің аумағын көлденеңінен және меридианды бағыттарда кесіп өтетін, Қазақстанды Оңтүстік-Шығыс Азиямен Қытай арқылы,Орта Шығысты Өззбекстан мен Түрменстан арқылы, Еуропамен Ресей арқылы байланыстарын жеткізу жолдарын айтады.

Қазақстан Республикасы БҮҮ мүшесі ретінде оның аймақтық комиссияларымен- ЕЭК және АТМЭӘК(Азия мен Тынық мүхитқа арналған экономикалық жэне элеуметтік комиссия) интеграция-көлік мэселелері жөніңде жемісті ынтымақтасуда. Қазақстан ТМД-ға,Экономикалық ынтымақтастық үйымына(ЭЫҮ) кіреді.Ол сонымен қатар Орталық Азиялық ынтымақтастық(ОАЫ), Шанхай ынтымақтастық үйымы(ШЫҮ), Еуразиялық экономикалық қоғамдастық(ЕурАзЭҚ),ТРАСЕКА, Еуропа-Кавказ-Азия дэлізін дамыту жөнінде халықаралық көлік туралы Негізгі көпжақты келісім(НКК),

Аймақтық интеграция үйымы(АИҮ), тағы басқа сияқты аймақтық қүрылымдардың құру бастаушысы және қатысушысы болып табылады.

Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың басты мақсаттарының бірі көліктің әрекет етуші инфрақүрлымын тиімді пайдалануға, транзиттік әлеуетті әрі қарай дамытуға және тауарлармен алмасу көлемін өсіруге бағытталған.

Тиімді және сенімді қызмет ететін еуразиялық трансконтиненталдық байланыстарды қалыптастыру мәселелері қазіргі жахандану шарттарында ерекше өзектілік алуда. Сондықтан халықаралық көлік бағдарларының бөсекеге қабілетін арттыруда көлік дәліздерінің күрделі аймақтарында көлік-логистикалық орталықтарын қүру транзит дамуында ерекше роль атқарады. Көлік логистикалық орталықтары инфрақүрлымының техникалық деңгейін қамтамасыз етуге, түтынушыларға қызмет көрсету мен көлік кешенінің қызмет ету деңгейлеріне қол жеткізуге эсер етеді және Қазақстанның транзиттік потенциалының нығаюына, жүк тасымалдау көлемінің өсуіне, мультимодальды көлік логистикалық орталықтарын аймақтық және аймақаралық көлік-логистикалық жүйелер үйымдарының қүрылуына ықпал етеді. Бүл үйымдар әлемдік еддер арасында көлік көпірі болып табылады.

Көлік — логистикалық орталықтарын, терминалдық орталықтарын үйымдастыру іскер немесе коммерциялық белсенділікті артыратын, қосымша жүк ағындарын, инфрақүрлымды дамытуға қажетті инвестицияларды тарту, қосымша еңбек ресурстарының келуін қамтамасыз етуге ықпал ететін экономикалық өсудің қажетті нүктесі болып табылады.

Нәтижесінде: Қазақстан көлік кешені әлемдіік көлік жүйесімен толығымен интеграцияланады және ,көлік инфрақүрлымы, нормативтік база, экология саласындағы бақылау жүйесі халықаралық стандартқа жақындайды, қоршаған ортаға көліктің жағымсыз әсерін азайту жөніңде шаралар қолданылады. Жағымды инвестициялық климат қүру есебінен көлік кешенінің барлық үзақ мерзімді активтері жаңарып, еңбекті жөне өндіріс процесін үйымдастырудың прогрессивті технологиялары енгізіліп, профильді отандық өндірістер қүрылады Үлттық көлік жүйесінің бэсекеге қабілетінің жоғарылауы, көрші мемлекеттер жағынан сыртқы экономикалық сауда қызығушылықтарын арттырады.

Халықаралық ынтамақтастықты кеңейту және тереңцетудің қазіргі жағдайларында көлік инфрақүрлымының техникалық параметрлерін сәйкестендіру мүмкіндіктерін жөне көлік үдерісін үйымдастырудың стандартталған технологияларын қолдануды қамтамасыз ететін континенталдық транзиттік көлік дөліздерін қалыптастыру үлттық көлік жүйелерін өлемдік көлік жүйесіне кірігу үдерістерін белсенділігін арттырудың базалық негізі болып табылады.

Қазіргі танда “Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Біртүтас көлік кеңістігін(БКК) қалыптастыру концепциясы” әзірленуде, ол туралы 2005 жылдың 15 желтоқсанынан №540 шешімді ЕурАзЭҚ интеграциялық комитеті қабылдаған. БКК дегеніміз- көлік үрдістерінің техникалық және технологиялық тіркесушілігін, үйлесімді зандар, көлік қүралдарының, жолаушылардың, багаждың және жүктердің кедергісіз жылжуын қамтамасыз ететін қатысушы мемлекеттердің көлік жүйелерінің жиынтығы.

БКК көлемі 20,8 млн. шаршы км және халқы 208 млн. адам аумақта қалыптасады.Статистикалық мәліметтерді зерттеу нәтижелерінен белгілі болғандай ЕурАзЭҚ қатысушы елдерінің өзара сыртқы сауда алмасуы 2001-2005 жылдары 2,5 есеге жуық    арта отырып, шамамен 30,0 млрд.АҚШ долларын

қүраған еді. асты. Барлық көлік түрлерімен (газ қүбырынан басқа) 2005 жылы 235млн.тонна тасымалданған.

Срапшылар бағалауы бойынша, 2015 жылға дейін өзара жүк тасымалдау көлемі, 2005 жылмен салыстырғанда 2,1есе, жолаушылар тасымалдау көлемі-1,9 есе, транзиттік жүктер тасымалдау көлемі 4 есе көбейеді(Еуропа-Азия бағыты) деген болжамдар жасалуда.

Көлік түрлері бойынша транзиттік тасымалдар жағдайын қарастырар болсақ: темір жол транзиті, автомобиль транзиті, су көлігінің транзиті,қүбыр көлігінің транзиттерін көрсетуге болады.

2005 жылы темір жол транзитінің көлемі 8,89 млн. тонна қүрап, әрі қарай көбеюде.

Қазақстанның трансконтиненталдық тасымалдар үшін бәсекелік күрестегі басты айырмашылығы -қашықтықты және тиісінше жеткізу мерзімдерін қысқарту мүмкіндігі. Транссібір магистралімен салыстырғанда, қазақстандық бағдардың үзындығы 2-3 мың километрге қысқа. Қытай-Еуропа бағдары бойынша республика аумағымен өтетін жүктер трнанзиті, теңіздік тасымалдармен салыстарғанда, жолды екі есе қысқартады. Жүктерді Ляньюньган порты (ҚХР) қатынасында, Роттердам арқылы Берлинге дейін, теңізбен тасымалдау 20-30 тэулік алады, ал темір жолмен Үрімші-Сидин стансасы(Берлин) қатынасында, Дружба- Алашаңқай арқылы- 11 күнге жуық алады.

Алты халықаралық транзиттік автокөлік дәліздерінің жалпы үзыңдығы 8258 км. қүрайды. Барлық автокөлік дәліздер жалпы жүк ағындары көлемінде транзиттік жүк ағындарына орта есеппен 25% келеді. Қазіргі кездегі жүк ағындарына жасаған талдау нәтижесі көрсеткендей, қазақстандық дәліздер бойынша транзитпен көбінесе Орталық Азия мен Ресей елдері арасында тасымалдар жасалады екен (Орталық Азия мемлекеттерінен ауыл шаруашылығы жүктері, Ресейден халық түтынатын тауарлар, жабдықтар т.б. келеді).

Су көлігінің экспорттық-импорттық транзиттік тасымалдар дамуының болашағы көбінесе Ақтау теңіз сауда портымен байланысты. Ақтау порты ТРАСЕКА және Солтустік-Оңтүстік көлік дэліздері қүрамындағы мультимодальды көлік торабы ретінде қарастыралады. Жүктердің негізгі номенклатурасы: мүнай және мүнай өнімдері, контейнерлердалық түтынатын тауарлар, габаритті емес жүктер, оның ішінде жабдықтар, ауыл шаруашылығы өнімдері, т.б.

Қүбыр желісі бойынша халыаралық газ транзитінің көлемі соңғы жылдары өсуге бағыт алып түр, тек қана 2002 жылы “Газпром” ААҚ газ шығаруды төмендетуіне байланысты “Оренбург-Новопсков” газ қүбыры транзитінің қысқартылуы орын алған болатын. Мәселен,егер 2001 жылы газ транзиті 103,9 млн. тонна, 2002 жылы- 83,9 млн. тонна қүраса, 2006 жылға қарай бүл көрсеткіш 114,2 млн тоннаға дейін көбейді.

Қазқстанның мүнай қүбыры дөліздері:

– батыстағы Өзен-Атырау-Самара; Кеңқияқ-Атырау;

 Кеңқияқ-Орск мүнай қүбырлары;

– шығыстағы Қүмкөл- Қарақойын мүнай қүбыры қабысқан Омбы-Павлодар-Шымкент-Чарджоу мүнай қүбыры;

бірінші кезектегі есеп айыратын қуаты жылына 28 млн.тонна Каспи қүбыр желісі консорциумы қүбыры(КҚК Теңіз-Новороссийск). Бүл қүбырдың бірінші кезегі пайдалануға берілуімен Қазақстанның

мүнайды магистральды мұнай қүбырлары арқылы алыс шет елдеріне қарай тасымалдаудың экспорттық мүмкіңціктері жылына 43 млн. тонна шамасында болмақ.

Аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың басты мақсаттарының бірі көліктің жетілген инфрақүрлымын тиімді пайдалануға, транзиттік әлеуетті әрі қарай дамытуға жөне тауарлармен алмасу көлемдерін өсіруге бағытталған.

Халықаралық  ыынтымақтастықты  кеңейту  және  тереңцетуді  қамтамасыз ететін континентаддық транзиттік көлік дэліздерін қалыптастыру үлттық көлік жүйелерін элемдік көлік жүйесіне кірудің базалық негізі болып табылады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!