Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары

Конституцияның 12-ші бабына бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Респулика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекеті мойындайтын әрі кепілдік беретін өз азаматтарының белгілі мінез-құлқының заңдық мүмкіндіктерін білдіреді. Осының нәтижесінде өркениетті мемлекеттердегі адам мен азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясынында бекітілген. Конституция бойынша оларды жеке, саяси, экономикалық және әлуметтік топтарға бөлуге болады.

Жеке құқықтар мен бостандықтар.

Өмір сүру құқығы. Өмір сүру құқығы – ол ешкімнің қандай жағдайда болсын айыруына болмайтын адамның басқа барлық құқығының ең негізгісі. 1948 жылғы «Адам мен азамат құқығының жалпыға бірдей Декларациясында жеке адамның адами құндылығын мен әр адамның өмір сүру құқығы жарияланған.

Өмір сүру құқығы тек Конституциямен ғана емес, сондай-ақ салалық заңдармен қорғалады. Мысалы: Өмір сүру құқығы адам қайтыс болғанға дейін өз мәнін сақтайды. «Қазақстан Респуликасында халықтың денсаулығын сақтау туралы» Заңның 52 бабы өмірді қолдаушы аппаратура тек өлім расталған жағдайда ғана қызметін тоқтатуға мүмкін екендігі айтылған.

Ешкімнің өз бетінше, адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін, ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі.

Әркімнің өзінің жеке басының құқығы бар және адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның жеке басының бостандығы – өзінің болмасынан туындайтын оның бөлінбейтін және абсолютті құқығы. Мысалы, заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады.

Осылармен қатар ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегімен пайдалануға құқылы.

Адамның қадір-қасиеті мемлекетпен қорғалатын құндылықтарды құрайды, өйткені ол өзін және өзінің жеке тұлғалық жағдайын нақ құқықтық мемлекеттегідей сезінетін кез-келген жеке адамға тән. Қадір-қасиет – саналы түрде сезінген, айналып келгенде, оның жеке ішкі және сыртқы қасиеттеріне айналған «қанына сіңген» жеке тұлға ретінде сипаттайтын, адамның дамушы ізгі мінез-әрекеттерінің сырттай бейнеленген көрінісі ретінде түсініледі. Адамның қадір-қасиеті оның қоғамдағы орнына, атағына, тұрмыс қалпына, кәсіпқойлығына және басқа жағдайларға байланысты.

Әрбір адам сый-құрметпен мойындауға және дербес ой мен әрекет құқығына лайық. Заң әрекеттерін қолдану кезінде (мысалы: куәләндыру, сұрыптау, тінту, сұраққа жауап алу, беттестіру, корреспенденция алу, ұстау, тұтқындау секілді басқа түрлі тергеу жұмыстарын жүргізу барысында) адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмауы жөніндегі міндет Конституциясында қатаң көрсетілген.

Қинауға, күш қолдануға, басқа да қатал не адамның қадір-қасиетін қорлайтын қатынас пен жазаға тиым салынады. Заң адамның қадір-қасиетін, ар-ожданын қорғау мүмкіндіктерін белгілейді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 347-1 бабына сәйкес тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның мәліметтер алу немесе мойындату, не оны жасаған немесе жасады деп күдік келтірілген іс-әрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемістеуге негізделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейі тән немесе психикалық зардап шектіруіне жол берілмейді. Егер сол әрекет мәжбіленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірсе немесе абайсызда адам өліміне апарып соқса, онда оны үш жылға дейінге мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, бес жылдан онжылға мерзімге бас бостандығынан айыру жазаланады.

Ұлттық және діни салалардағы құқықтар мен бостандықтар және олардың кепілдіктері: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деген конституциялық тұжырыммен айшықталған – көп ұлтты, саяси алуан пікірлі және көп конфессияланған қазақстандық қоғамдағы адам жағдайын бейнелейді. Ұлттық, партиялық немесе діни болмысты анықтау – ол адамның өзін-өзіне іштей ұқсастыруының нәтижесі. Мысалы, төлқұжат жеке басты куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын басты құжат болып табылады. Төлқұжатта азаматтың ұлты оның иемінің еркі бойынша көрсетіледі. Әркім өзінің қай ұлтқа, қайц партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

Дегенмен, ұлттық белгіні жеке адамның заңи мәртебесінен алу ұлтаралаық қатынас сияқты аса маңызды саладағы оның рөлін төмендету емес. Тіл мен діннің қызмет етуі, өз мәдениетін толыққанды пайдалану, ұлттық және рулық болмысындағы белгілері бойынша кемсітушілікпен күрес мәселелері мемлекетте қолданылатын заңдармен егжей-тегжейлі реттелген, ұлттық-мәдени орталықтары және Республика Президенті жанындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясы, сонда-ақ әртүрлі қоғамдық берілістерді қоса алғанда мемлекеттік органдардың тұрақты назарында.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілі. Онымен қоса мемлекеттік ұйымдарда жергілікті басқару орындарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Тілдердің өмір сүруінің құқықтық негіздері, олардың зерделеу мен дамыту, мемлекеттің өз ауқымында қолданылатын тілдердің бәріне бірдей құрмет сезімін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау міндеттері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданған Заңмен белгіленген және ынталандырады.

Қазақстан Республикасы аумағындағы заңдытүрде тұратын әрбір адамның, заңда арнайы көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұғылықты елді мекенді өз қалауы бойынша таңдап алуға, республикадан тыс жерлерге кетуіне, республика азаматтарының кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.

Шетел азаматары және азамттығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты, республика аумағында еркін жүріп-тұруға және өздеріне тұрғылықты мекенді қалауына таңдауға құқылы. Алайда, оларға белгілі бір тиісті шектеулер нормативтік кесімдермен белгіленген.

Қазақстанда тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдау еркіндігін шектеудің ұзақ жылдар бойғы бір нысаны – тіркеу институты болып келді, яғни қайсы бір аумақты тұру үшін арнайы рұқсат алу қажеттігі.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі қаулысымен бекітілген төлқұжат жүйесі жөніндегі ереже жаңа институтты – азаматтарды тіркеу институтын енгізді. Азаматтар тұрғылықты тұратын жеріне уақытша келген жеріне міндетті түрде тіркелуі тиіс. Тіркеуді ішкі істер органдары жүргізеді.

Біздің елдің азаматтарының келіп мекендеген және тұрғылықты жерін тіркеу, олардың тұрғын үйді немесе бөліміне иелену меншігін растайтын не тұрғын бөлмені пайдалануға, оның ішінде жалдану және жалгерлік шарт бойынша пайдалануға алғандығын куәландырылатын, көзделген өзге де негіздербойынша тұрғын бөлмеге кіру құқығын растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Саяси бостандықтар мен құқықтар.

Мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі. Конституцияның 33-бабы мұндай қатысудың төмендегідей түрлерін белгілейді: «Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей жүгіну, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдарын сайлау және оларға сайлану; референдумға қатысу; мемлекеттік қызметке кіру».

Мемлекеттік қызметке кіру – бұл орайда республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады, ал мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.

Жиналыстарға, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, митингілерге, демонстрацияларға, шерулерге қатысуға және тосқауылдарға тұру құқығы – азаматтардың, талаптараын, мүдделерін, тілектерін білдіру түрі. Азаматтар Конституцияға сәйкес, бейбіт әрі қарусыз жоғарыда аталған тәсілдердің кез келгені бойынша бұқаралық жария шаралар өткізуге құқылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.

Бірлесу бостандығы құқығы – азаматтардың өздерінің мүдделеріне сәйкес ортақ мақсатқа жету үшін ерікті көңіл білдірудің негізінде ерікті құрама құру мүмкіндігі. Бұл құқық жаңа бірлестік құру, сол сияқты тең құқықтық, өзін-өзі басқару және заңдылық принциптерімен қызмет етіп жатқан бірлестіктер құрамына кіру жолдарымен жүзеге асырылуы мүмкін. Мақсаты мен қызмет саласына қарай азаматтар бірлестігі сан алуан болып келеді. Бірлестіктердің негізгі түрлеріне саяси партиялар, бұқаралық қозғалыстар, кәсіптік одақтар, балалар, жастар, әйелдер, ардагерлер ұйымдары, ғылыми, техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, өзге ерікті қоғамдар, шығармашылық одақтар, ұлттық мәдени орталықтар және т.б. жатады.

Экономикалық құқықтар мен бостандықтар – адамға өз мүмкіндігін материалдық өндіріс саласында жүзеге асыру үшін қажет екендігін айта кету керек. Мысалы, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әр шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынада.

Қазақстанда жеке меншік заңмен қорғалады. Қазақстан Респубиликасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігіне ұстай алады. Соттың шешімінсіз ешкімде де өз мүлкінен айыруға болмайды.

Әлеуметтік құқықтар мен бостандықтарға: денсаулық сақтау, білім алу, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек ету бостандығы және т.б. жатады.

Еңбек ету бостандығын – әркімнің өз қабілетіне қарай еңбек таңдау мүмкіндігі. Әрбір адамның қызмет пен кәсіп еркін таңдауға құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Әкімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар және т.б.

Қазақстанда азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақатуға, жасына келген, науқастанған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төмен жалақы және зейнетақының мөлшерінде, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі.    

Конституция жеке адам, қоғам және мемлекет үшін өмірлік маңызды және ең жоғарғы әлеуметтік мәні бар құқықтар мен бостандықтарды баянды етеді.

Олар әр еркін жеке тұоғаның ар намысын қамтамасызы етудің алғышарты болады. Олар азаматқа, қоғам мүшесі ретінде сол қоғамды басқаруға, жаңғыртуға қатысу үшін қажет. Олар адамның материалдық және рухани қажеттігін қанағаттандыру үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар туғызады.

Мемлекет, қоғам үшін Конституцияда бекітілген құқықтардың маңызы сонда, олар мемлекеттің демократиялық, құқықтық мәнін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың өздеріне тән құқықтық қасиеттері бар.

  1. Констициялық құқықтар мен бостандықтар жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін, жағдайының ұйытқысы болып саналады және де құқық салаларында баянды етілген құқықтардың негізін құрайды. Мысалы, отбасы құқығындағы көрсетілген құқықтар конституциядағы отбасына арналған құқытардан келіп шығады, т.с.с.
  2. Конституциялық құқытар мен бостандықтар әрбір жеке адамға және азаматқа беріледі. Ал басқа, негізгі емес құқытар мен бостандықтар адамның өміріндегі түрлі жағдайына мәртебесіне байланысты – жұмысшы, қызметші, мүлік иесі, сатушы, сатып алушы, талапкер, жауапкер, т.с.с.
  3. Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттерге тән қасиет –олардың жалпылығы. Олар барлық адамдарға, азаматтарға, түгеліне беріледі.
  4. Қазақстан Республикасы азамттарының негізгі құқытары мен бостандықтары басқа құқықтар және міндеттерден өзінің шығу негізімен айрықшаланады. Оның бірден-бір негізі – Қазақстан Республикасының азаматтығына жату. Демек, негізгі құқықтар мен міндеттер тұлға мен мемлекеттің саяси және құқықтық байланыстарын, оның азаматтық мәртебесін білдіреді.
  5. Қазақстан Республикасының азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары олардың еркімен қабылданбайды және жоғалмайды. Олар оған азаматтығына байланысты тән, сондықтан азаматтықтан шыққанда ғана сонымен бірге жойылады.

Адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары және міндеттері бірнеше топқа бөлінеді:

а) өзіндік құқықтар. Бұл әр адамға туғаннан бастап тән, одан ешкім айыра алмайтын, табиғи құқытар. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар, бұл адамның табиғи құқығы, оны қамтамасыз ету үшін сан алуан әрекеттер жасауға міндетті. Адамның қадір қасиетіне қол сұғуға болмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге немесе жазалауға тыйым салынады. Егер азамат куәгер болса заң бойынша ол тергеу (алдын ала анықтама алу), сот процесінде куәлік беруден бас тарта алады. Егер адам жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің заңды мүддесіне нұқсан келтірілген мән-жайға куәгерлік күйде болса, онда шындықты ашу үшін тергеу және сот органдарына көмектесу оның адами және азаматтық міндеті. Мемелекет органдары, лауазым иелері өздеріне өтініш айтқан адамдарға құрметпен қарап, заңға сәйкес көмектесулері керек. Өзіндік құқтарға тұрғын үйге қол сұғылмаушылық та жатады. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Азаматтардың өзіндік құқықтарына басқа да жеке басының иелігіне құқықтар жатады;

ә) саяси құқықтар – тек ғана Қазақстан азаматтығы бар адамдарға беріледі. Оларға жататындар: тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, өтініштер жолдауға құқылы; жоғары және жергілікті мемлекет органдарын сайлауға және оларға сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқылы; мемлекеттік қызметке кіруге құқылы; бейбіт әрі қарусыз жиналыстар өткізуге құқылы, т.с.с;

б) әлеуметтік-экономикалық құқықтар: еңбек бостандығына құқық, ереуіл жасау құқығы; тынығу құқығы; кісіпкерлік еркіндігі; отбасын құру құқығы; әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы; денсаулықты сақтау құқығы; білім алу құқығы, т.с.с.

в) азаматтардың негізгі міндеттері: Әр адамның басқа адамдардың алдында, қоғамның алдында, мемлекеттің алдында белгілі бір міндеттері бар. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтау; басқа адамдардың құқықтарын; бостандықтарын; абыройы мен ар-намысын құрметтеу; Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, заңда белгіленген салықтарды, адамдарды, өзге де міндетті төлемдерді төлеу; Қазақстан Республикасын қорғау, әскери қызмет атқару, табиғат байлықтарына ұқыпты қарау, т.с.с.

г) отбасы құқығы – Ол қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім кімнің болсын сырттан заңсыз араласуын қорғайды. Әрине, некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттеме қабылдайды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!