Қазақ хандығының құрылуы

Ғалымдар әзірге қазақ хандығы 15-ғасырдың 60-жылдары құрылды деп есептейді.Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек пен Керей болды.15 ғасырда қазақ тайпалары мен рулары Өзбек хандығының

құрамында болатын. Бұл хандық Әбілхайыр тұсында күшейді. Жәнібек пен Керей Әбілхайыр ханға бағынғысы келмей ,Шу өзенінің бойына көшіп кетті. Өзбекхандығынан зорлық ‑ зомбылық көрген тайпалар

 мен рулар да біртіндеп олардың қарамағына көшіп жатты.Қазақ хандығы халқының саны едәуір көбейіп, жері де ұлғая түсті.

Бір күні Жәнібек хан өзінің ересек ұлдарын және Керейдің баласы Бұрындықты шақырады.Қазақтың сол кездегі жырауларын да алдырды, сөйтіп олармен әңгіме – дүкен құрды.

‑ Ел болам деген жұртқа,‑деді ол,‑ең ыңғайлы кез келді.Осы кезді пайдалана алмай қалсақ, тағы да көпке дейін басымыз бірікпеуі мүмкін.Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр.Олардың қолына түсіп,талан –тараж болып кетуміз де мүмкін.

Ақырында,жиналғандар биыл күздің басында бүкіл қазақ руарының игі жақсыларын Нұраның Қаратұз деген жеріне жимақ болды.Болашақ хан кеңесінде басты үш мәселені қарауға келісті.Бірінші қазақ рулары бұдан былай бір ханға бағынада.Екінші, әр рудың жайлаған жеріне,рулық байланыстарына, шаруашылығына,қарай үшке бөлну сөз болмақ.

Хан кеңесі.Жәнібек хан осы хан кеңесі болатынжерге арнап керуен жүргізді.Жаз болмай ақ басына елу үй тіктіріп,құмнан құдық қаздырып, көнекпен су тартқызды. Сай бойына желі керіп, бие байлатты.

Бұл уақыт қазақ үшін ауыр кезең еді.Өзара қырқысып, сыртқы жауды кейде жеңіп, кейде жеңіліп жүрген қазақ рулары ел болып бастарын қосу үшін күресуге бел буды.Бірақ шексіз далада ру‑ру болып көшіп жүргендердің басын біріктіру оңай болмады.Бұл жеңіс үлкен шайқастар арқылы келді.Осы жеңіске жетуде Жәнібек пен Керейдің орны ерекше бөлек.

Қазақ хандығы.  XVI-XVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып , оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып , неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі- Жәнібек ханның ұлы Қасым. Туған  жылы 1445 ж. Қасым ханның тұсында 1551-1523 жж. Билік құрған қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түсті.Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік құрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен тұрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік- шығыста оған Жетісудың көп бөлігі Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия , Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс  жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты.Қазақ хандығымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі- ұлы князь Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді.Осы тұста қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Еуропаға мәлім болды.

Қасым хан алғашқы қазақ заңы «Қасқа жолды» жарыққа шығарады. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалады. Заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше , көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Соның үшін ол Қасым ханның атымен байланыстырылып « Қасым ханның Қасқа жолы» деп аталады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының  дәрежесі ұлғайғанына қарамастан, ол бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалады, сұлтандар мен басқа да феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты. Қазақ билеушілеріне қарсы моғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.

Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы әрі мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Тахир (1523-1532 жж.) хан болды. Бірақ оның айырықша елшілік және әскери қаблеті жоқ еді. Тахирдың тұсында өзбектермен арадағы соғыс жалғастырылды, Маңғыт және Моғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болған жоқ.Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. Тахир ханның інісі Бұйдашаның (1533-1534 жж.) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.

XVI ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы феодалдық топтардың күресін өз мүддесіне пайдаланған ол ноғай мырзаларының көбін өз жағына тартып, Жайық өзенінің сол жағасындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Монғол ханы Абд-ар-Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Өзара тартыстың бәсеңдеуі, ішкі саяси өмірдің нығаюы, мал және егін шаруашылығының, сауда қатынастарының дамуына көмектесті. Ресеймен саяси және экономикалық байланыстар барған сайын ұлғайды. XVI ғасырдың 60-70 жылдарында қазақтардың Орта Азия халықтарымен бейбіт сауда, экономикалық байланысы жанданды.Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сырдария бойындағы бірсыпыра қалаларды өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтіреді.

Ақназардың мұрагері- Жәндіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайып қалған Шығай (1580-1582 жж.)болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 жылдары хан  болған.)бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде, Бұқар ханы Абдоллаға келіп, онымен күш біріктірмекші болды. Абдолла Шығайға Ходжент қаласын сыйға тартып, онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді.

Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін белсене күресті. 1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сырдария бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Аксу, Самарканд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқар қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып, қайтыс болды. Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628 жж.) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойындағы қалалар мен Ташкентті қазақ хандығына бекітіп берді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар және Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді.

Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, дүре соғу, көп әйел алу, қалың мал төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдық ескі салтқа арқа тіреу және т.б уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол»- деп атады.

XVI ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.

Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының ала-құла жиынтығынан тұратын еді. Хандықтың негізгі халқы Батыс Сібірдің орманды далалық бөлігінде, салалармен қоса Есіл, Тобыл және Тура өзендерінің орта ағысын, сондай-ақ , Ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі .

Сібір хандығы Орта Азия, Қазақстанмен саяси және сауда байланыстарын жасап отырды. Сауда ерте заманнан бері қалыптасқан керуен жолдары арқылы жүреді. Орта Азиядан қазақ даласы арқылы жібек, мата және жүн мата , елтірі, кептірілген жемістер тиелген керуендер бағалы аң терісіне, «жұмсақ дүниеге» және тағы басқа заттарға айырбастау үшін ағылып келіп жатты. Көшім хан билік жүргізген кезде өзінің қарамағындағы өлкеге ислам дінін таратуға үлес қосты.

1552 жылы Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен тікелей көрші болып шықты. 1581 жылы Ермактың Сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңіліске ұшырағанымен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 жылы тамызда қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді.Сөйтіп, 1598 жылы Ресей мемлекетінің құрамына енді. Орта ғасырлық Қазақстан аймағында қазақ мемлекеттігінің өмірге келіп,дамуы қазақ Этносының өркен жоюындағы ұзақ жолында оның бірегейқұралып қалыптасуы мен

бірігіп нығаюы түтастығын сақтап қалуы үшінаса зор маңызы болды.Жазба материалдарда ксйінгі ортағасырлық ірімсмлскет — Орталық Азия аймағында, евразия халықтары мемлекетеріжүйесінде елеулі рөл атқарған Қазақ хандығы туралы сенімді деректер аз

емес.XV ғғ. ортасынан бастап XVII ғғ. дейін Казақ хандығыбірдс берік,бірде босаң тұақтылық дәрежесімен ерекшеленетін шын мәніндсгібірыңғай саяси жуйе тұрғысында тіршілік стті. Ол өмірге өркендеужәнс құлдырау кезеңдерін басынан өткерді, ал жеке-жеке

хандықтарға (жүздердің жайлаған жерлері шегінде) ыдырады. Бұл хандықтардың жерлері негізінен алғанда сыртқы саясй оқиғалардың ықпалымсн өзінің нобайын талай рет өзгертті. Бірақ мұндай өзгерістер әрдайым‑ дерлік қазақ этносы жайлаған жерлерде Ертіс пен Қараталдан Сырдария мсн Жайыққа, Алттай мсн Тянь-Шаньнан Каспий мен Аралғадсйінгі аралықта орын алып отырды.Дегенмен, орта ғасырларда

қазақтардың этникалық және мемлскеттік тсрритория‑лары, әдетте осыаймақтағы басқа халықтардікі тәрізді өзара дәл келс бермегсндігі сөзсіз. Сол дәуір жазба материалдарының мағлұматтарына қарағандаКазақ хандығының жайлаған жсрлері ор кезеңдс-ақ отырықшылықты аудандардағы сияқты Ұлы, Орта,Кіші жүздсрдің нсгізгі жайылымдары мен көшіп-қону жолдарының шскаралары аралығында да қазақ‑ тардың этникалық аймағынан кем болған.Жоғарыда айтылғандай Зайн ад-Дин (XVI ғ ғ.) Бадам әл-вакан

дегсн шығармасында Қазақстан тсрминімен Жетісудің Оңтүстік-Батысындагы. Шу мен Таластағы жерлерді, яғни Жәнібек пен Керей хандардың қол астында болған қазақтар қоныстанған аудандарды атайды. Мінс бұл қазақ хандығытұңғыш рет өз туын тіккен еді. Заин ад-Дин Васифиден гөріМихман-наме-и й Бухара авторы қазақтардың коныстарын әлдс қайда батысқа таман орналастырады. Ол қазақтар (Мұрындық псн Касымхандардың тұсында) Итильден (Еділдсн)

Сырдарияға дейін көшіп-қонып,қыстаута соның өн бойына орнаіасады деп жазады. Сырдария мснАралдың солтүстігіндсгі ксң жазық далалық жерлсрді мекендеу санатында ол, сондай-ақ маңғыттар (ноғайлар) мсн

шайбани-өзбектерді атайды. Орыс жазба материалы Үлкен Сызық кітабы (XVII г.) бойынша «Казақ Орласының» қоныстары Сырдарияның орта ағысы бойымсн жәнс оның 600‑шақырымдай солтүстігіне таман, яғни Сарысуда. Ұлытау,Сарыарқа аудандарында орналасқан.

Қазақ хандығының жері жөніндсгі жазба матсриал лар мағлұматтарындағы мұндай қарама-қайшылықтар бұл мемлексттің әр тұстағы даму кезеңіндс оның басқарушыларынын өз биліктсрін нығайту жолындағы куресіндегі жетіетіктері мсн сәтсіздіктерін бейнелейді.

Хандықтардың басқарушылары оз бетіншс дсрбес сыртқы саясаттарын жүргізді, ал олардын қол астында ғылар көрші халықтарменмен.Орта жоне Орталық  Азиямен Ресей мсмлекстімсн бейбіт қарым-қатынастар,

шаруашылық және мәдснй байланыстар жасап отырды. Бұл қарым-қатынас көбінесс шағын шапқыншылықтар мсн созалыңқы соғыстар салдарынан курт үзіліп қалатын. Ал мұндай соғыстардың шекаралық жерлер үшін дау‑жанжалдардың барысында таійпалар мсн рулардын орын ауысуы жиі етек алып, қортындысында сол халықтарының мемлекеттік және этникалық территориялары қалыптасатын. Қазақ хандарының басқасын айтпағанда, ұзақ мерзімді этно-саяси жәнс

шаруашылық-мәдени дамудан өту арқылы жалпы мемлекеттілікке және бірігуге атап маңызды, XIV-XVғғ.жергілікті халықтың мемлекеттілігін

дамыту Қазақстанның оңтүстігінде шаруашылықты, қалаларды және Егіншілікті бірте-біртс қалпына келтіру нсгізінде, жергілікті этникалық құрылымда феодалдық  қатынастарды белгілі бір дәрежеде өркендету

жағдайында жүзеге асып отырды. Әйтсе де мұндай өрбу  Қазақстанның көлемді аймағында бес ғасырдан астам уақыт бойы өкімет билігін ұстап тұрған Шыңғыс хан әулетінің қолы астында-ақ қанат жайған еді. Бірақ

Көптеген тәр тектілігі этно-саяси топтарды, тайпалар  мсн халықтарды күштеп біріктірген моңгол ұлыстары‑нан бір айырмашылыгы енді неғұрлым айқын этника‑ лық топқа негізделген, бірегей болып қалылтасқан халықтар құрамындағы мсмлекеттілік өмірге келді. Ақ

Орда (Көк Орда)мемлекеттерінің, Әбілқайыр хандыгы, Моғолстан, Ноғай Ордасының құрылуы ең алдымен жсргілікті халықтыи, ең ақырында қазақ халқының және сонымен қатар осы мсмлскеттердің жсрлерінде бірен-саран қалыптасқан басқа халықтардың мемлекеттілігін дамытудағы елеулі ксзең болған еді.Мұның өзі осы аймақта шаруашылықтың недәуір дамуына, көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруаш ‑ ылығымен және отырықшылықгн егіншілікпен

айналысатын халықтардың арасындагы шаруашыдық  байланыстарыныд нығаюына мүмкіндік жақын  этникатық топтардың бір-оірімен тыгыз қатынас орнатуларына жәрдемдесті.

Аталмыш мемлекетгерде олардың тіршілік әрекет  терін қамтамасыз ету мәселесінде көшпелі халықты  ұйымдастырудың ұлыстық жүйесінде басқарушы хандық өкіметтің құрылысында, қарулы күштерді іріктеп жиыстыруда, салық жуйесінде жалпы ортақ  нәрсслер көп болды. Бұл тәртіп псн жүйелер негізінен моңғолдар билігі дәуірінен алынған олар солан кейінгі  уақытгары Қазақ хандығында да сақталып қалды. Жоғарыда аталган мемлскеттердің саяси өрісте біршама  тұрақты өмір сүруі жекелген этникалық топтардың аман  қалып, өркен жаюына кепілдік туғызды, олардың,  мәселсн сыртқы агрессияга – Темір өмірінің басшылық  саясатына, қалмақ тайпаларына, өз жсрлсріне көз

алартушы басқа да дөмелілерге ұзақ әрі табанды  қарсылық көрсетулеріне мүмкіндік берді.   Ақ Орда (Көк Орда), Әібілқайыр хандығы,  Моғолстан және Ноғай Ордасы осы аймақтағы этникалық біртекті феодалдық мемлекеттердің кезекті  даму процесі үшін, этникалық орталықтың — қазақ, ноғаій, қырғыз, ішінара өзбек, ұйғыр  халықтарының неғұрлым тығыз бірігіп нығаюы үшін жағдайлар  әзірледі.

Алайда, қалыптасып қалған қазақ халқының  жекелеген бөліктерінің бірнеше саяси бірлестіктерге  мсмлекеттсрге енуі, сондай‑ақ өндіргіш күштрдің  әлсіреп,мұның ішінде адам санасының кемуіне,

экономиканың құлдырауына,туыстас этиникалық  топтардың бытырап кетуіне шаруаіпылық байланыстар‑  ының үзілуіне әкеліп соқтырған үздіксіз соғыстар мен  Жошы әулеті арасындағы, рулар мен тайпалардың феодал басшылары арасындағы өзара алауызды талас-

тартыстар мүндағы халықтардъщ бірігіп нығаюы процесін тежеп отырды. Соңдықтан этникалық өзара жақын топтардың саяси бытыраңқылығын жеңіп шығу, іс жүзінде бір текті халыққа айналып болған қазақтар тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті

бар қажеттілігімен алға тартылды. Ол міндеттің  шешілуіне қазақ хаңдығын құру нақты мүмкіндік бар.  Казақ хандығының шығуы Шығыс Дешті Қыпшақтың,  Жетісудың және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең  байтақ жерінде етек алган элеуметтік-экономикалық және этно-саяси процестердің занды қортындысы болды. Әр текті экономикасы, кошпелі мал шаруашылыгы мен  отырықшылықты егіншілікті, сау-да-қолөнер кэсібі багытындагы қала шаруашылыгы бар облыстар-дың  табиғи интеграциясы негізінде XIV—XV гг. бірыңғай

эконо-микалық аймақтың қүрылуы сол аймақтың барлық  жерін саяси қүрылымга біріктіруге жағдай эзірледі. Көшпелі және оты-рықшылықты аймақтың экономикалық,  мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарын нығайту қазақ  рулары мен тайпаларының этникалықбірігуіне, халықтың

қосылуының үзақ мерзімді процесінің іс жүзінде  аяқталуына мүмкіндік туғызды. Бүл жағдайлар өзіндік  қазақ мемлекеттігін қүрудың объективті себептері мен  алғы шарттары болды. Қалыптасқан ірі этно-әлеуметтік

мүдде ор-тақтығынан өз дара мемлекеттігіне және  өздерінің әлеуметтік-теориялық мемлекеттік ұйым күруға талпынуы тек кейінгі уақытқа — ұлттарды қалыптастыру  уақытына ғана емес, сонымен бірге Орта-лық Азия  аймағында негізінен алғанда осы заманғы халықтардың

қосылуы аяқталып біткен орта ғасырға да тәи еді.  Қазақ халықының бір бөлігінің әр түрлі мемлекеттік  бірлестіктерге бытырап кетушілігін, саяси жағынан  бастарының бірікпеушілігін жеңу Жәнібек және Керей есімдерімен байланыс-ты. Олардың әулеттік мүддслері,  сайын далада билік жүргізу үшін Шыңгысханның өзге эулеттерімен күресі ру ақсүйектерімсн бірге қатардагы малшы еңбеккерлерден және егінші-диқандардан шыққан халықтың әртүрлі элеуметтік таптарының мүдделерімен доп келді. Мүның өзі бірігіп ныгайган халықтың дербес өз

мемлекстін қүруға дсген талпынысын бейнслейді. Бірқатар түпкі матсриалдардагы (мысалы, «Таварих-и  гузида-ий нусрат-наме») шежірелер бойынша Жәнібек  пен Керей жақын туыс адамдар болған. XV ғ. 50-70 жылдарында елді бірлесіп басқарган бүл алгашқы қазақ хандары жайында баяндайтын жазба материал-дарда бүлардың қайсысы бірінші басшы болғаны жөнінде дол түсініктеме жоқ, олардың есімдері ешбір рсті сақталмай қатар жазыла берген. Бірі Барақ ханның тікелей ұрпғы Жәнібск) ретінде, де, бірі — жасы жағынан үлкен ретіндс (Керей) бұлардың екеуінің де елге билік жүргізуге қүқы болды. Бірақ ортагасырдагы Қазақстан мемлекеттерінде бірте-бірте орныққан хан билігіне тікелей мүрагерлік

принципімен қатар (окесінен баласына) хан билігін алуга балалардың үлксні басым қүқықпен пайдаланатын кнне түрік-монгол принципі де сақталып қалгандықтан Жәнібск сияқты Керейдің де хан атагын иеленуге талаптануына болар еді. Қазақ хандығының қүрылуына

сол кездегі Қазақстан ‘жеріндегі екі мемлекеттің — Әбілхайыр хандыгы (көшпелі өзбек мемлекеті) мен Моголстанның ішкі саяси ахуалы нақты жол ашты. Өйткені XV ғ. екінші жартысында бүл мемлекеттердің тарихи тағдыры елдігінен айрылып күйреумен аяқталған- ды. Екі мемлекетте де көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуаты күшейе түсті, оның сыртқа тепкіш талпынысы артты. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудың рулары мен тайпаларының неғүрлым ықпалды көсемдері саяси тэуелсіздікке үмтылды немесе гасырдың орта шенінде Әоілхайыр (көшпелі өзбектер мемлекеті) мен Есснбүға (Моғолстан) хандар-дың билігіне таласуларын

жалғастырып жатқан Шыңғысхан эулеттерінің әйтеуір біреуінен қоргаушы іздестірді.

Қазақ қоғамы билеуші топтарының мүдделерін  бейнелегендіктен алғашқы қазақ хандарының бірыңғай мемлекет қүрып, нығайтуға багытталған әрекеттері қазақ рулары мен тайпаларының іқсүйектері тарапынан қолдау тауып отырды. Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы — Қаратау қойнауларындағы, Сырдария сағаларындағы, Түркістанның солтүстік белігіңдегі олардың едәуір белігі 40—50 жылдардың өзінде-ақ Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасты. Әбілқайыр хан даладағы өз билігін нығайту жолындағь күреспен айналысып жүргенде Ақ Орда хандарының мүрагердері Қазақстанның оңтүстігінде өздерінің күшті билігін қамтамасыз ете алды. Рулар мен тайпалардың Әбілхайырға наразы көптеген көсемдері өздерінің қол астындағылармен бірге бүларға ағылып келіп жатты.

Қаратау қойнаулары мен Сырдариядағы Созақ, Сығанақ, Сау-ран, сияқты қалалар мен басқа да кішігірім бекіністер Жәнібек пен Керей қолында болды. Жәнібек пен Керейді қолдаушы көшпелі рулар мен тайпалар Әбілқайырдың қол астындағы көшпелілер иелен-ген Қазақстанның далалық аудандарына дэстүрлі маусымдық кешіп-қонуларын жүзеге асыруға мумкіндіктері болмауына байланысты недэуір қиыншылықтарды бастан кешіріп отырды. Бүлардың соңғылары өз кезегінде Сырдарияның төменгі жэне ортаңғы сағаларындагы мал қыстайтын үйреншікті орындарына көшіп-қону, сауда-саттық айырбас жасау мүмкіндігінен айрылды.

Әбілқайыр 1446 ж. Созақты, Сығанақты, Аркөкті, Үзгенді, Аққорғанды басып алганнан кейін Шайбани ұлысы мен Ақ Орда үлысы тайпаларының арасындағы жауластық бұрынғыдан да терендей түсті. Жәнібек пен Керейдің қол астындағылар Сырдарияның төменгі сағасына, Қаратау қойнауларының шығыс бөлігіне шоғырланды. Дәстурлі экономикалық жәнс мәдени байланыстар этно-саяси бытыраңқылықтан бүлініп, осы саяси алшақтықтан Шайбаниліктердің дс, қазақ әкімдерінің де қол астындағылар азап шекті. Ал 50-жылдардың аяққы шенінде Әбілхайыр қалмақтардан (ойраттардан) жеңіліске ұшырағаннан кейін Керей мен Жәнібекке бағынган қазақ рулары мен тайпаларының жағдайы бұрынғыдан да қысылшандыққа ұшырады.XV ғ. 20-жылдары-ақ ойраттар жайылымдар іздестіріп, олжа табуга қүнығып, сауда орталықтарына шығуды көздеп, Жетісуға шапқыншылық жасай бастады.