Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Оның алғашқы кезенің сонау арийлер мен турлар заманынан бастаған дұрыс сияқты, Себебі, тарих сабақтастығында байланысты тайпалардың пайда болып, оның біртіндеп дамуына , тайпалық одаққа, одан халыққа дейінгі дәрежеге жеткендігі белгілі. Дамуды жүйелей келе андрондық кезеңнен бастап сақ сармат дәуірі аралығын алған жағдайдың өзіңде бұл аралықта қыруар өзгерістердің болғаны байқалады. Тайпалардың орналасуы, олардың жайылымдық аймақ үшін соғыстары, олардың орнының ауысуына әкелді. Бірақ ол ауысу сол белгілі аймақта өтті.

Ежелгі қазақ даласындағы қоғамдық маңызы бар оқиғалар ол тайпаларды нәсілдік, әрі антропологиялық өзгеріске түсірді. Арийлер мен тур тайпаларынан, одан былай қалыптасқан сақ тайпалық одағынан кейбр зерттеуші ғалымдар нәсілі жағынан европоидтарға, ал тілін үнді ирандық топқа жатқызады.

Келесі кезенді ғұндардың қоныс аударып, әсіресе, халықтардың ұлы қоныс аудару кезенінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады.

Енді жерде тайпалар нәсілі жағынан моңғол тектес, тілдік құрамы түркі тілдеске көшті. Жаңа келген түркі тайпалары ертеректегі түркі дәуіріедегі өмір кешкен сақ сармат тайпаларын антропологиялық жағынан да өзгеріске ұшыратты. Ғұндардың келуімен күшейе түскен түркілену біртіндеп кең етек жаяды. Түркі, Батыс Түркі, Түркеш қағандықтар тұсындағы өмір сүрген тайпаларда бұл аймақта этникалық қауымдастықтың қалыптасуына зор үлес қосты.

Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттері құрылуына дейінгі аралықта қазақ даласында орын алған Батыс Түрік қағандығына дейінгі мемлекеттер түркіленуді бұрынғыданда күшейтті. Тек түркілену ғана емес, бұ кезеңде мұсылмандануда қабат жүрді. Ерте феодалдық ортағасырлық мемлекеттерде өмір кешкен тайпалар бұл процестің шапшаң жүруіне үлес қосты. Қазақ халқының қалыптасуына қомақты үлес қосқан қыпшақ кезеңі екендігін айтқан жөн. III  ғасырдан XIII  ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ даласында қазақ халқының қалыптасуының аяұталу кезеңіне дейінгі аралықты қамтыды. Қыпшақ халқының бір тұтас болып, кең аймақта қалыптасуында кедергі болған моңғол шапқыншылығы. Кейбір ғалымдар , тіпті, моңғол шапқыншылығы болмағанда, қазір біраз халықтар ортақ атаумен қыпшақ халқы болып аталар еді деген пікірлер айтады. Моңғол шапқыншылығы бұл түзіліске жол бермей, қыпшақ қоғамындағы этникалық қалыптасуды бөлшектеді. Бір қыпшақ этносынан бірнеше түркі тілдес халықтар тарады. Оның ішінде қазақ, башқұрт, татар, қырғыз т.б халықтар. Ал оның салдарын қарастыратын болсақ, түркі тілдес тайпалардың халық болып қалыптасуына сол ортада өмір сүрген кей тайпалардың негіз болғандығын көреміз. Осының арқасында  төмендегідей этникалық топтар пайда болды.

  1. Қыпшақ тобы башқұрт, қазақ, қарайым, қараөалпақ, қарашай, малқар, құмық, қырым татарлары.
  2. оғыз тобы әзірбайжан, балқан түріктері, гагауыздар, түркімендер.
  3. Қарлұқ тобы өзбек, ұйғырлар.
  4. Аралық бұтақ алтай, қырғыз, салар, тофы, тува, хакас,шор, шұлым.            

Қазіргі дерек бойынша әлемде отызға тарта түркі тектес халық 22 мемлеетте өмір сүреді. XIII ғасырдың басында қалыптасып үлгермеген қазақ халқының зор апатқа ұшыратқан моңғол шапқыншылығы болды. Шапқыншылық қазақ халқының халық болып қалыптасуын екі ғасырға тежеді. Отырықшылықтың жойылуы, қалалардың жермен жексен болуы, елді мекендердегі тайпалар мен руларды да қырғынға ұшыратты.

Моңғолдардың жаулауы бағыныштылыққа түскен тайпалардың тек саяси экономикасына ғана емес, оның антропологиялық, демек физиологиялық жағына да өзгеріс енгізеді. Кейбір қалалардың талқандалуы, дамуын тоқтатуы, жергілікті тайпалардың мәдениетіне нұқсан келтірді, отырықшылықты жойды.

Ең бастысы белгілі аймақтың ортақтастығы тайпалар шаруашылығының, әдет ғұрып , салт санасының біртіндеп бір диалектіде сөйлесуі де, жалпы алғанда бір бірімен қай жағынан болса да жақындаса түсуі жүріп жатты.

Қазақ даласында пайда болған Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарында ақ сүйектер билігі орнағанымен олар біртіндеп түркіленді, тіпті жергілікті халықтың тілін қабылдады. Бір аймаұта өмір кешкен тайпалар мен рулардың шаруашылығының үш түрі негізінде ортақ экономикасы , тілі , мәдениеті қалыптасты. Қажеттіліктен туындаған бұл алғы шарттар аймағы жағынан ортақтас болған тайпалармен рулардың бірігуін тездетті.

Ұлыстардың орнында XIII-XV ғасырлардағы пайда болған Алтын Орда, оның әлсіреу нәтижесінде белгілі болған. Ақ Ордадағы,Моғолстан,Ноғай Ордасының қалыптасуы да тайпалардың этникалық топтасуына ықпал етті. Оның ішінде, әсіресе Ақ Ордадағы топтасу жылдам жүрді. Оған негіз болған Ақ Орданың қыпшақтардың жерінде құрылуы. Түбінде бұл аймақтың қазіргі Қазақстан аймағы екендігін ескерсек, Ақ Орданың басқа иеліктерге қарағанда қосқан үлесінің зор екендігін айтуға болады. Ал, моғолстанның жерін алсақ,ол қазіргі Жетісуға сай келеді, сондықтан да біз моғолстанның да тарихтағы орнын атауымыз керек. Белгілі аймақтарда өмір сүрген тайпалар өздерінің тұрақтылығына байланысты айқындалады. Оған біз жетісу аймағындағы үйсіндер мен қаңлыларды мысалғы алсақ жеткілікті. Себебі, аталған тайпалар бұл аймақта сан ғасырлар бойы өмір сүріп келеді,олардың автохотондылығы айқын, қазірдің өзінде Жетісу жеріндегі белгілі руларға жатады. Дешті Қыпшақ жерінде біртіндеп қалыптасқан үш әулеттің екеуінің Жошы және Шайбанның басты аймағы қазақ даласында өмір сүріп, билік үшін өзара шайқасты.Шыңғыс ұрпағы жергілікті тайпаларға араласып кетті.

Қазақ халқының құрылуына моңғол шапқыншылығынан кейін қайта өрлей бастаған дәстүрлі шаруашылық, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының, отырықшы егіншіліктің үйлесуі ықпал етті.

Қазақ даласында ертеден өмір сүріп келе жатқан және түрлі саяси жағдайларға байланысты көшіп қону процесінің күшеюі нәтижесінде қоныс тепкен тайпалар болып топтастырды, кейін келешекте «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды.

«Қазақ» этнонимі, қазақ жүздері.

«Қазақ» этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы ғылыми тартысқа түсіп келе жатыр. Дегенменде, айта кететін жағдай, ең алғаш рет «қазақ» термині 1245жылы Мамлюктік Египет елінде қыпшақтар мекендеген жерде араб-қыпшақ сөздігінде кездеседі. Бұл сөздік «қазақ» терминінің жазбаша дерекке түскеннің дәлелі. «Қазақ» термині «еркін,кезбе» деген мағынада аударылған. Бұл аударма терминнің әлеуметтік мәнін көрсетеді.Демек, XIV-XV ғасырларға дейін қазақ даласында орын тепкен мемлекеттердің де «қазақ» халқының қалыптасуына қоқан үлесі мол. Қазақ халқының толық қалыптасып аяқталуы XIV-ғасырдың екінші жартысы XV-ғасырдың бірінші жартысы.

Осы саланың зерттеп жүріп ғалымдар сонау орта ғасырлық кезенде жазылған болжамдарды негізге алады.Оның ішінде,әсіресе,Византия императоры Константин Богрянародныйдың «мемлекетті билеу»атты еңбегінде(X ғасырдың орта шені) Кавказдың солтүстік батысында жатқан «Қазахия елі»туралы айтқан мәліметтер. Бұл жөнінде ғалым Минорский «Казахияның» «Касахия» деп түсіну қажеттігін айтқан. Ғалымдар «Касахия» ұғымының «қазақ» емес «косок» тайпасы туралы, ал олар Кавказдағы автохтонды тайпа дейді. Демек, қазаққа қатысы жоқ екендігін дәлелдейді. «Қазақ» термині туралы ғылыми пікірлердің мұсылмандық қоғамда да орын алғандығы туралы және оларды жинақтап,Қазақстан тарихын II томына түсірген ғалым Б.Е.Көмеков. Ғалым «Китап ат-танбих ва – ль-ишраф» , «Худуд әл алам», «Китаб әл футух», «Қасиетті жылнаманың», «Қазақ» деген терминге қатысты жерлеріне талдау жасайды.

«Қазақ» термині қыпшақтар қоғамында қалыптасты деп айтылған ой әбден дұрыс, себебі кең қазақ өлкесі сол қыпшақтар мекенінде орналасқан. Сонымен қазақ ұғымының пайда болуы қыпшақ кезеңімен тікелей байланысты. Бұл орайда «қазақ» терминінің алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылуы оның әлеуметтің мағынасына сәйкес екендігін көрсетеді. IX-X ғасырларда әр түрлі аймақтарда «қазақ» деген атау кездесіп отырған, бұл еркін өмір сүргендерді жалпы осылай аталғандығын көрсетеді.

Қазақ халқының жүзге бөлінуі ғалымдардың алдындағы тұрған әлдеде шешімін таппаған мәселе. Жүзге бөлінудің аймақтық негізінде жүргені белгілі. Бұның төңірегіндегі басты мәселе, оның уақытын анықтау. «Жүз» термині туралы да ойлар көп. Осы кезге дейінгі «жүз», «жақ» деген ұғымды беріп келсе, К.А. Пищулинаның зерттеулеріне сүйене отырып, «тармақ» деген сөзбен түсіндіріледі. Егерде қазақ халқының үш жүзге бөлінуін басшылыққа ала отырып, жалпы ертеректе өмір сүрген тайпалардың, халықтардың бөлінудің үйсіндерден басталғаның көруге болады. Ежелгі үйсін мемлекеті үшке; шығыс, батыс, орталық болып бөлінген, батыс түрік қағандығы он қанат және сол қанат болып екіге бөлінеді. Жалпы ежелгі, ертеректегі кезеңдегі осылайша саяси жағынан маңызы бар бөліну процесі үйсіндердің үшке, ал қалған тайпалар мен халықтардың моңғол шапқыншылығына дейінгі аралықта екіге бөлінгендігіне көз жеткізу қиын емес. Ал, Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, оның ішінде қазақ даласын үш баласына беруіне байланысты , үш ұлыс пайда болды. Әрине, бұл тұста «жүз» деген ұғым орын алған жоқ. «Жүз» ұғымының кең етек алуының Тәуке ханның билер институтының негізін қалауы мен байланыстырған жөн секілді. Бұл XVII ғасырдың II-жартысынан басталады. Оның үстіне XVII ғасырдың ғасырдың II жартысы XVIII ғасырдың бірінші ширегі Рамоновтар әулиетінің ең беделді I Петрдің заманы.

Ресейді көркейтуді- шет аймақтар байлығын игеру арқылы жүзеге асыруды көздеген ол, қазақ даласын зерттеу мақсатында экспедицияларды бірінен соң бірін аттандырады. Жүздердің орналасуы, оның құрамындағы тайпалар туралы, тіпті, ру шаңырақтарының нақты саны генерал-губернаторларға жинақталып тапсырылып отырды. Осындай мәліметтерді басшылыққа ала отырып, XVIII ғасырдағы үш жүз қазағының жалпы саны  2 млн адамға жеткендігін байқауға болады.

Үш жүздің орналасуына жекежеке тоқтаған, Орынбор генерал губернаторы Г.Волоконский XVIII ғасырда барша қазақстан территориясы Жетісу, Орталық Қазақстан және Батыс Қазақстан болып, 3 түрлі шаруашылық аймаққа бөлінгендігін жазып қалдырған. Олардың әр қайсысының өз жайылымдары мен қыстаулары болған. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық ортақтастығы негізінде топтасқан, өз шекарасының өзге жерлерге көшіп қонбаулары мен дараланған. Әрбір жүз өзінің малын белгілі бір аймақта жайған. Осымен қатар олар өздерінің саяси экономикалық, әлеуметтік мәселелерін жеке шешіп отырған. Жүздердің тілі, әдет ғұрпы, шаруашылығы жағынан бір бірінен ешбір айырмашылығы болған емес. Жетісу көшпенділері Шу, Талас, Сарысу, Сырдария, Іле өзендерінің бойында, Алатау жайылымдарында көшіп жүрді. Бұл аймақ Ұлы жүз жері деп аталды. Ұлы жүзге: үйсіндер, қаңлылар, дулат,албан,суан, жалайырлар және т.б. жатады.

Орта жүз қазақтары Сырдария,Қаратау баурайында тұрды. Тобыл,Есіл,Нұра,Аякөз,Ертіс өзендерінің бойында отырықшылдық пен айналысты. Олар Орталық Қазақстанның далалық аймағын көші қонға тиімді пайдаланды. Оларға қыпшақтар,арғын,найман,керей, қоңырат, уақтар т.б. кіреді.

 Қазақ хандығының құрылу алғы шарттары

Қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керейдің дербес хандық құру туралы ойларының жылдар бойы қалыптасқандығын дәлелдейтін нақты жағдайлар бар. «Көшпелі өзбек» ханы Әбілқайырдың жаулау әрекеттері қазақтарды тығыз қоныстанған Сыр бойынан ығыстыра бастады. Бұл әрекеттер, әсіресе, 1446 жылдан басталды. Осы жылы Әбілқайыр хан Түркістан аймағын иеленіп,сондағы Сығанақ қаласын астана етеді. Сөйтіп, мемлекеттің саяси орталығы Керей мен Жәнібек сұлтандар ұлысы жеріне ауысады. Әбілқайыр хан Сырдың орта ағысы бойын иелену арқылы Дешті Қыпшақтың Орта Азиямен сауда қатнастарына өз бақылауларын орнатады. Сол сияқты Сыр бойындағы қысқы жайылымдар шайбанилық сұлтандар иелігіне көшті. Саяси әрі экономикалық аймақтан айырылу қазақ сұлтандарына үлкен соққы болып тиді. Әбілқайыр ханның мұнадай іс-әрекеті осы аймақты иеленіп келе жатқан Орыс хан ұрпақтарының мүшелеріне қайшылық келтірді. Көшудің бастамасы осы жағдайлар болса,ары қарай оның өрши түсуіне әкелген 1457жылғы оқиға болды. «Көшпелі өзбек» хандығының, оның билеушісі Әбілқайыр хан 1457 жылы  өз астанас Сығанақ түбінде ойраттардан ойсырай жеңілді. Сол жылы Әбілқайырдың ішкі саясатына наразылық білдірген Керей мен Жәнібек сұльандар 200 мың қазақпен Моғолстанға қоныс аударды. Моғолстан ханы Есен Бұқаның оларды құшақ жая қарсы алудың екі себебі бар. Біріншіден, Есен Бұқа мен Керей өте жақын туыс. Есен Бұқа Керейдің қарындасына үйленген. Екіншіден, Есен Бұқа Керей мен Жәнібектің күшін пайдаланып,ойраттар мен Көшпелі өзбек хандығынан қорғану үшін шекараны нығайтуды көздеді. Қазақ хандығы Жетісудың батыс бөліғінде Шу мен Талас өзендерінің аралығында Қозыбас деген жерде негізін қалады. Осы тұста Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға қоныс аударуының мәніне себептеріне мән беретін болсақ,ағайынды екі қазақ сұлтандарының көшпелі өзбек ханы Әбілқайыр ханның жүргізген ішкі-сыртқы саясатына, әсіресе, салықты көбейткен экономикалық қысымына қарсы наразылықтары деп білсек,екіншіден Жошы әулетінен шыққан Керей мен Жәнібектің алдына қойған ең басты мақсаты – жаңа қалыптасып біткен қазақ халқының мемлекетін дербес түрде құру болды.

Олардың бұл саясатын халық қолдады, сонымен қатар жаңа қоңыс тепкен аймақтардағы тайпалар да қостап,мемлекет бірлестігінің орталығына айналды.Білікті ақсүйек ұрпақтары Керей мен Жәнібек бабалар дәстүрімен біріңғай мемлекет болуға әзір тұрған, ұзаққа созылған этносаяси және мәдени шаруашылық дамуы барысында тұтасып кеткен жерлерді қоластына біріктірді,оның үстіне бұл аймақ шаруашылықтың,сауданың,феодалдық қатынастарының дамуына қолайлы, Ұлы Жібек жолының кешеніне айналды. Болашақта қазақ хандығы дәрежесінің өсуіне Моғолстаннан басқа Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы да маңызды әсер етті. Бұл мемлекеттерде өмір сүрген тайпалар, оның үстіне қалыптасуын аяқтап, өзін Моғолстан жерінде шерулік танытқан қазақ халқы шаруашылықтың үш түрін: көшпелі,жартылай көшпелі, отырықшылықты дамыта отырып, материалдық және рухани мәдениеттің ең негізгі тетігі – тілдің толық орнығуын күшейте түсті.

Басқа мемлекеттердегідей қазақ хандығының өзіндік құрылымдық жүйесі қалыптасты. Саяси құрылымы хандық билікке әкелді,әлеуметтік қүрылымы жағынан ақ сүйек пен қара сүйектен тұрды,әсіресе, саяси күш жасақтары,салық жүйесі қалыптасты.Қазақ хандығының қалыптасу процессі 10жылдан астам уақытты алды.

Қазақ хандығының бастапқы өріс тепкен жері – Батыс Жетісу – Шу және Талас аңғарлары болса,біртіндеп Шығыс Дешті-Қыпшақ, Түркістан жазираларында да қанат жайды. Бұл әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің нәтижесі болып табылады. Мырза Хайдар Дулати өзінің «Тарихи Рашиди» еңбегінде қазақ хандығының түзілуінің аяқталуы 1465-1466 жылдар деп көрсетеді. Қазақ хандығының қалыптасу аймағы туралы Заинаддин Васифи (XVI) «Бадап әл-уәкой» шығармасында сөз қозғайды. «Михман наме-ий Бұхар» еңбегінің авторы да қазақ хандығы аймағының біртіндеп ұлғайғандығын айтады. Сонымен қазақтың алғашқы хандары болып Керей мен Жәнібек саналады. Орыс ханның ұрпақтары Жошы әулетінен тарағандар. Тарихта көбіне Жәнібекті айтады. Керей жас шамасы жағынан Жәнібектен үлкен. Оның себебі Жәнібек халық арасында жас мемлекеттің қуатын нығайтуда көбірек көзге түсті. Жан-жақтан, оның ішінде Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан көшіп келген қазақ тайпалары жергілікті жердегі қазақтамен бірігіп кетті. Ойраттардың шабылуына өз күшімен соққы бере алмаған Есен Бұқа қазақтармен тығыз қарым-қатынаста болуды көздейді. Мырза Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінде қазақ хандығының құрылуын 1465-1466 жылы Моғолстан ханы Есен Бұқаның 1462 жылы дүние салуын Керей мен Жәнібек ұтымды пайдаланып,билеушісіз қалған елді берік орнығу мүмкіндігін көздеді. Ал, 1468 жылы көшпелі өзбек ханы Әбілхайыр ханның Моғолстанға жорыққа аттану үстінде қаза табуы жас қазақ хандығының оқшаулануына жол ашты. Біртіндеп қазақ хандығы күшейе бастады. Керей 1478 ж.дейін хандық құрды. Жошы әулетімен Шайбан әулетінің саяси бәсекелестігі тоқтамады. Әсіресе, Сырдария бойындағы Түркістан аймағындағы қалалар мен жайылымдық жерлер үшін соғыс қақтығыстары жиі өтіп отырды. Себебі қазақ хандығы үшін Түркістан аймағының айрықша маңызына қазақ халқының отырықшы егіншілік  өңірлер мен сауда байланыстарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылуы жатты. Әсіресе, аймақтағы ірі сауда орталықтарына бақылау орнату,егіншілік аудандардың салық жинаудан түсетін пайда Қазақ хандығы үшін аймақтың экономикалық маңызын өсіре түседі.

Шығыс Дешті қыпшақтағы Шайбанилер әулеті өз билігін қайта орнату үшін Әбілхайырдың ұрпағы Мұхаммед Шайбан көп күрес жүргізді. Сонымен қатар қазақ хандығымен сұрапыл соғыс жүргізген Жүніс ханмен оның баласы Сұлтан Махмұд тыным бермеді. Бұл күрес 30 жылға созылды. Қазақ хандығы көршілес жатқан елдерді сыбайлас етіп алды. Оның ішінде Ноғай Ордасының әмірі Мұса мырзамен одақтастығын атап өтуге болады.

Әсіресе,соғыстар Сауран,Созақ, Сығанақ қалаларын үшін көп болды.Қала тарихын зерттеуші ғалымдар ортағасырлық әр қаланың ерекшелігінің болғанын көрсетеді.Соның ішінде мықты бекіністік қасиетімен көзге түскен Сауран қаласы болған. Сауран қаласы XV-ғасырдың 70-ші жылдары мен XVI ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы Қазақ хандығы мен Мәуереннахр арасында болған күрестерде екі жаққа алма- кезек өтіп отырды.XVғасырдың 80-ші жылдары қала мен оның төңірегіндегі Жәнібек ханның үлкен ұлы Иренші сұлтан билік жүргізді.Сауран қаласы Сығанақ, Созақ секілді Түркістан аймағының солтүстік- батыс бөлігінде, яғни Дешті Қыпшаққа таяу орналасқандықтан,онда қазақ хандығының ықпалы күшті болды.XVғасыр соңында болған ұрыстарда қала тұрғындары өз еріктерімен Қазақ хандығы жағына өтуі осының айғағы. Қалалар Шайбандықтар мен Жошылықтарға кезек- кезек өтіп отырды. Ғасырдың аяғына қарай қазақ хандығының иелігі үлкейді. Бастапқы алып жатқан жері- Батыс Жетісудың Сыр бойындағы кейбір қалалары болса,ендігі жерде сыр бойы қалаларының басым көпшілігі, Түркістан аймағы Оңтүстік және Орталық Қазақстан жері қосылды.

XV ғасырдың орта шенінде қазіргі Қазақстанның оңтүстік- шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы XV-XVII ғасырда Қазақстан мен Орта Азияның және оған іргелес елдердің тарихында үлкен маңызға ие болды. Құрылғаннан кейін арада жарты ғасыр өтпей жатып, Қазақ хандығы Еуразияның шығыс бөлігінде күшті мемлекеттердің біріне айналды.

Қазақ хандығының құрылуына Еуразияның шығыс және орта бөлігінде XIV-XVғасырларда болған саяси дамудың,сондай-ақ Дешті Қыпшақ пен Мәуреннахр, Моғолстанда болған этникалық процестердің заңды қорытындылары себеп болды.

XIII .ғасыр басында монғол жаугершілігіне байланысты жоғарыда аталған аймақтарда саяси құрылымдар өзгеріп,этникалық процестердің дамуы тежелсе,XIVғасырдан бастап монғолдар құрған саяси құрылымдар сипаты жағынан жергілікті халықтар мен ру-тайпалардың талабына бейімделе түсті. Жаулап алушылар жергілікті халықтар арасына сіңісіп,бұрыңғы тежелген этникалық процесс жаңа қарқында, жаңа сапада дами бастады.XIVғасырда пайда болған Ақ орда,Ноғай ордасы, Сібір хандығы, Моғолстан секілді мемлекеттер монғол жаулап алушыларының толық түркіленуі арқасында түркі халықтарының құрған мемлекеті болып табылады.

Ал XV ғасырдың бірінші жартысындағы Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр хандығы, Жетісу мен Шығыс Түркістандағы Моғолстан мемлекеті және Мәуреннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекеті,сондай-ақ Оңтүстік Сібірдегі қалмақ тайпалары арасындағы шиеленіскен күрделі саяси оқиғалар мен олардың даму барысы XVғасырдың орта шенінде Қазақ хандығын дүниеге әкелді.

Қазақ хандығы аймағының ұлғайысы XVIғасырдың басында қатты байқалды. Жайылымдық жерлер үшін соғыстар,әсіресе, Бұрындық ханның тұсында күшейді.Бұрындықтың билік құрған жылдары 1480-1511ж.ж.