Кемірушілердің таралу аймағы

Жұмбақ  дүниені  танып – білуіміздің  табиғи  көздерінің  бірі – хайуанаттар әлемі. Жалпы  табиғатта  2 миллионға  жуық түрлері бар – микроскоп  арқылы ғана көрінетін  организмдерден бастап  алып  Піл, дене тұрқы  30  метрлік Кит сияқты хайуанаттар  кездеседі. Ендеше  сол хайуанаттар  ішіндегі «Кемірушілерге» тоқталсақ.                   Кемірушілер (Rodentia) – сүт қоректілердің бір отряды. Бұған жер жүзіндегі сүт қоректілердің  төрттен үш бөлігі, ал СССР-дегі сүт қоректілердің  жартысы дерлік жатады. Кемірушілердің  қазба қалдықтары- полеоцен дәуірінен  белгілі. Кемірушілер Бор дәуірінде, сірә, насеком қоректілер мен бір ата-тектен дамыған болса керек. Кемірушілерге  осы кезде туыстығы жағынан жақын  топ қоянтәрізділер отряды жатады. Кемірушілердің ең ұсақ түрінің тұрқы 5 см, су шошқасы 1,25 м. Кемірушілердің тісі қатты қорек жеуге бейімделген. Күрек тістері (әр жақ сүйегінде бір жұп) күшті дамыған, доға тәрізді  имек келген және үнемі өседі, әр тістерінің эмалы мен  дентиннің  қаттылығы әр түрлі болғандықтан, тісі өзінен-өзі қайралып, өмір бойы мұқалмайды. Кейбір кемірушілердің азу тістері де үнемі өседі. Ит тістері болмайды, күрек тістері мен азу тістері арасында тіссіз бос жер – диастема болады. Азу тістерінің беті бұдырлы, қырлы не қатпарлы. Бұл тістері де тіс эмалының қалыңдығы әр түрлі болғандықтан өзінен-өзі қайралады.

Кемірушілер жер жүзіне түгел таралған. Осы кезде тіршілік ететін 30 тұқымдасқа, 400-ден астам туысқа бөлінетін 2000-дай түрі бар. СССР-де 11 тұқымдасқа, 50 туысқа жататын 130-дан астам түрі белгілі. Бұдан басқа антропоген дәуірінен 70 түрі, оның ішінде 15-ке жуық өліп біткен туысы табылды.                                                    Кемірушілердің қазір тіршілік ететін  түрлері әдетте үш отряд тармағына бөлінеді. Бұлардан тиін тәрізділердің(Sciuromorpha) осы кезде тіршілік ететін 5 тұқымдасы (құндыз,америка тау құндызы, тиін, қапшықты егеуқұйрық, гетеромитдер) және өліп біткен 5 тұқымдасы бар. Жайра тәрізділер отряд тармағына(Hystrcomorpha) осы кезде кездесетін 12 тұқымдас (кәдімгі жайра,ағаш жайрасы,теңіз ақ тышқаны,су шошқасы,агути,саз құндызы,шиншилла т.б.) және өліп біткен үш тұқымдас жатады. Тышқан тәрізділер (Myomorpha) он тұқымдасқа (қарақас тышқан,жалманқұлақ тышқан,қосаяқ,соқыр тышқан,аламан т.б.) және 3 қазба тұқымдасқа бөлінеді. Қазақстанда кемірушілердің 9 тұқымдасқа, (ақтиін,ұшар,жалманқұлақ,жай-ра,қарақас тышқан,қосаяқ,соқыр тышқан,аламан және тышқан) 36 туысқа бөлінетін 70 түрі бар. Бұның 4 түрі тек біздің республикада ғана кездеседі. Олар: жалманқұлақ (selevinia  betpakdalensis), жуан құйрық қосаяқ (pygerethmus  platynrus), Житков қосаяғы (p.Zhitkovi) және Виноградов қосаяғы (p.Vinogradovi). Бұнымен қатар Қаз. ССР ҒА-ның зоология институтының ғылыми қызметкерлері 1970 жылы Сарыарқадағы Бектау ата маңынан  республикада бұрын белгісіз болған бес саусақты ергежейлі қосаяқты (Cardiocranius paradoxus) тапты. Бұл осы қосаяқтың СССР-де екінші жерден табылуы. Алғаш Тува АССР-нен белгілі еді. СССР-де кездесетін кемірушілерден сары алақоржын (Lagurus luteus) және жуан құйрық ергежейлі қосаяқ (Salpingatus cuassicauda) тек Қазақстанның көптеген жерінен, әсіресе Шалқар теңіз соры (орта олигоцин),Арал теңізі маңынан (төменгі миоцен) табылған. Кемірушілер Арктика тундрасынан бастап тау басындағы қар жиегіне дейінгі барлық табиғи аймақтарда кездеседі.СССР-де тундра аймағына тиін, шұбар тышқан,орман сұр тышқаны мен тышқан; шөлді жерге қосаяқ, құм тышқан; далаға суыр, саршұнақ, сұр тышқан және алақоржын тән. Дала мен орманды далада кемірішілердің түрі көбірек болады. Кемірушілердің көпшілігі ін қазады, өне бойы топырақ арасында (брау бас тышқан, соқыр тышқан), суда (құндыз,андатр), ағаш басында (тиін,қарақас тышқан) тіршілік ететіндері бар. Кемірушілердің аяқтары қазуға, жүзуге,екі артқы аяғы мен жүруге (қосаяқ), өрмелеуге, тіпті қалқып ұшуға (ұшар) бейімделген. Кемірушілер ін қазатындықтан, қысқы ұйқыға жататындықтан басқа сүт қоректілерге қарағанда тіршілік ортасының қолайсыз жағдайына төзімдірек келеді және тез көбейеді. Кемірушілердің көптеген түрі ауыл  шаруашылығының (әсіресе астықтың), сондай-ақ орман шаруашылығының зиянкестері, олар қоймадағы тағамды т.б. заттарды зақымдайды. Біраз түрі адам мен жануарларға гельминттерді таратады, жұқпалы аурулар қоздырғышын жұқтырады мысалы: шуманы егеуқұйрық, суыр, саршұнақ, құмтышқан; энцефалитті шұбар тышқан, орман сұр тышқаны; құтыру ауруын егеуқұйрық таратады. СССР-де кемірушілердің зиянды  түрлерінің санын тежеу, құрту шаралары тиімді жүгізілуде. Кемірушілердің арасында терісі бағалылары да бар. Мысалы: тиін, суыр, саршұнақ, андатр, саз құндызы. Кемірушілердің көптеген түрі – терісі бағалы жыртқыш аңдардың жемі. СССР-дің Европалық бөлігінде. Кавказдың , Қазақстанның  далаларында  кіші саршұнақ (Cit.Pygmaeus) деген түрі  таралған.  СССР-дің  Европалық  бөлігінен  шығыста – Еділ  өзеніне  дейін  шұбар  саршұнақ  (C.Suslica) кездеседі.                                                                                                                    Орта Азияның  құмды шөлінде  тарақ құйрық  саршұнақ  (Spermophilopsis  Leptodactylus)  тіршілік  етеді.  Олар  қысқы  ұйқыға  жатпыйтын, бұталарға  тез  өрмелеп шығатын  және  шөбі  сирек  құмды  жерлерді  мекендейтін  оргагизм.  Індерінен   ұзақ  жерлерге  өрістеп  жайылып  кетеді ,  өте  жүйрік болады.Оңтүстік – Шығыс  Европаның ,  Қазақстанның , Батыс  Сібірдің  далаларында   және  Орта  Азияның  тауларында   суырлар  тіршілік  етеді. Суырлар  систематикалық  және  биологиялық  белгілері  бойынша  саршұнақтарға  жақын  организмдер , бірақ  олардан  анағұрлым  ірі болады. Олардың  нағыз  өкілі – дала суыры (Marmota  bobas) болып есептеледі. Қанатты  тышқан (Ptermyidae) тұқымдасы  негізінен  тропиктік  зоналарға  тараған. Бізде  ұшатын тиін (Ptermys Volns) деген  бір ғана  түрі  Европамен  Сібірдің  ормандарын  мекендейді. Күндіз  ағаш  қуыстарына  жасырынып , түнге  қарай  шығатын  түн  жануары. Алдыңғы  және  артқы  аяқтарының  арасында  болатын  тері  жарғағының  көмегімен  ұшатын  тиіндер  ағаштан – ағашқа  секіріп, қалықтай  «ұшып», 10 м дей жерге барып  түседі. Бұлар  сирек кездесетін , кәсіптік маңызы  жоқ  жануарлар.        Қосаяқтар – шөл  хайуанаты.

Қосаяқтардың  дене  пішіні  тышқанға , құлағы  қоянның  құлағына , аяғы  кенгуру  аяқтарына , ал құйрығы  арыстанның   құйрығына  ұқсайды. Басқа  аңдар  төрт  аяғымен  жүгірсе ,  бұлар  екі  артқы  аяғымен  секіреді. Құйрықтары  тұрқына  қарағанда  2 – 3 есе ұзын  келеді.   Қосаяқтарға   ұзын  құйрық  неге  керек?  Оның  мәні  бар  екен.  Міне ,  қосаяқ  артқы  аяқтарын  тіреп  отыр. Алдыңғы  аяқтарымен  жемін  ұстап  жейді. Бұл  кезде  ол  кенгуру  сияқты  құйрығын  жерге  тіреп  қояды.  Артқы  аяғымен  секіргенде  алдыңғы  аяғын  кеудесіне  қысып  алады. Секіру  үшін  құйрығымен   жерді  итеріп  қалады. Оның   құйрығы  итергіш  қызметін  атқарады. Екі  аяқпен  секірген  кезде  қосаяқ  құйрығы  тепе – теңдікті  сақтау  ролін  атқарады. Бұл  аталғандармен  оның  қызметі бітпейді. Қосаяқтар – түн  хайуанаты. Бұлардың  ұзын  құйрығының  ұшында  ақ  шашағының  болуы да  тегін емес. Қараңғыда  ол  көрсеткіш  ролін  атқарады.  Міне, осы  арқылы  олар  бір – бірінен  қалмайды. Немесе  олардың  соңына  жаулары  түссе , құйрығындағы «ақ жалауын» сол  бұрып, өзі  оңға  қарай  кетіп , жоқ  болады. Солар  арқылы  жауларын  оңай  алдап, құтылып  кетеді.   Шөл  даламызда  қосаяқтың  15-тей  түрі  тіршілік  етеді. Сусыз  шөлді далада  жеке – жеке  ін  қазып  алып , сонда  тұрақты  мекендейді. Негізінен  өсімдік  тұқымдарымен  қоректеніп,  шабындыққа  аздап  зиянын тигізеді. Екінші  жағынан,  қосаяқтар жазық  даламызды  кезіп жүретін  кәсіптік  маңызы  бар  түлкі, қарсақ, күзен  сияқты  аңдарға  азық  болады.  Қосаяқтар  азығын  іздеуге   түнде шығады. Бұл  кезде  олар  көбіне  жол  бойында  айналып, «ойнайды». Оның  түнгі  қызметіне  қарап,  кейде  ауыл  тұрғындары  ауа – райының   қалай  болатындығын  жорамалдайды. Кейде  жол  бойында  қосаяқтар  топырақты  әр  жерге   үйіп  қояды. Мұны  байқаған  ауыл  адамдары  биыл  жауын – шашын  мол  болып , егін  бітік  болады  екен  дейді. Ал,  кейде  қосаяқтар  құмды жолда  білезік  сияқты  үйінділер  жасайды. Бұл  жағдайды  көрген  қариялар  қыс  қатты , суық  болады  екен, малға  жылы  қораңды  қамда  дейді.

Жайра

Қазақстанда  сирек  кездесетін  және  жойылып  бара  жатқан  аң  есебінде  Қазақ  СССР-дің  қызыл  кітабына   жазылған кеміргіш  бұл – Жайра. Арқасында  ұзындығы 3 см  ден  30 см  ге   дейін  жететін  ине  тікенектері  бар. Түсі  шұбар, әрбір  ине  тікенегі  нүктелі – сызық  түрінде  кезектескен  қара  және  ақ  жолақтан  тұрады. Осындай  ине – тікенек  жайрада  30 мыңдай, бірақ  бұл инелер  жеп – жеңіл, тіпті  бәрінің  жиынтық  салмағы  100 ақ  гр  жуық. Жайра  әжептеуір   ірі, аң  тұрқы  80 см. ге,  салмағы  13 кг. ға жетеді. Бір  қызығы  жайра  түлегенде  ине  тікендерін  бірден  түгел  ауыстырмай, біртіндеп  ауыстырады. Алдымен  бірнеше  ине  тікені  түседі де оның  орнына  жаңа  ине  тікендері  шыққанша, басқа  ине  тікендері  сол қалпында  тұрады. Жайра  таулардың  төменгі  белдеуіндегі  шатқалдарды  мекендейді, кейде  өзендердің  алқаптары  мен   жазықтарға  да  шығады. Бірақ  іні  терең  сай  жыраларда   болады. Жайраның  барлық  тірлігі  түнде  өтеді, сондықтан  адам  оны  өте  сирек  көреді. Мейілінше  сақ  аң, терең  және тарам – тарам боп  тармақталған  індерде  тұрады. Жайраның  тішілік  ететін  жерін  оның  түсіп  қалған  ине  тікенегінен  және  басқан  іздерінен  анықтауға  болады. 3 – 5 ке  дейін  күшік  табады. 10 -15 жыл тіршілік  етеді. Өсімдік  тамырларымен,  алма, итмұрын, долана  жемістерімен  қоректенеді, кейде  шалғында  жайылады. Қарбыз – қауын, жүгері, картопты да  сүйсініп жейді. Қыста ағаш  қабығымен де  қоректенеді. Жылғалар мен  бұлақтарға  жақын  мекендейді, өйткені  су  ішіп, сусынын  қандыруды  жақсы  көреді, әрі  әп – әдемі  жүзеде  біледі. Қуғынға  ұшырағанда  қорғануға да  шебер: қашып  келе жатқанда  кенет жұлқына  кейін  шегініп,  қалт  тұра  қалады да ине  тікенектерін  қуғыншыға  тоса  қояды, бар  пәрменімен  қатты  жүгіріп  келе жатқан  қуғыншы  екпінімен  тосқауыл  ине  тікенекке  еріксіз  тіреліп, арандап  қалады. Жайраны  қуған  ит  немесе  қасқыр  аузын  ашып  жүгіріп  келе  жатса,  ине  тікенек  оның аузына  немесе  өңешіне  қадалып, қуғыншының  тірі  қалуы  да екі талай. Қомағай хайуанат

Қарақас – ит тұмсығы өтпейтін қурай мен бұталардың арасында тіршілік ететін аң.Ол Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік – шығысындағы  жеміс – жидекті ормандарда кең тараған.Әсіресе оның қоры Іле және Күнгей Алатаулары етегіндегі бақтарда мол.Бұл жерлерде ол  жабайы алма,өрік,үйеңкі,мойын және долана сияқты ағаштардың арасын  мекендеп, сол  жерлерде ұя салады.Жұмсақ,сұрғылттау дақ араласқан жүні,ұзын шашақты  болып  келген  құйрығы  тиінді  еріксіз  еске  түсіреді.Қарақастың  белгісі: оның  көзінің  үстінде  құлақтан  бастап  тұмсығына  дейін  созылған  жалпақ  қара  жолақтары  бар.Аңның  аты  да  осыған  байланысты  қойылған  болуы  керек.Бұл  хайуанат  жемін  түнде  аулауға  шығады.

Қарақас – бауға  едәуір  зиянын  тигізетін  кеміршек.Алма  піскен  кезде  оның  түсімін  9-12  процентке  дейін  төмендететіндігі  анықталады.               Қарақастың  зияны  мұнымен  ғана  шектелмейді. Ол  құстардың  ұяларына  кіріп, жұмыртқаларын, балапандарын, тіпті  реті  келсе, өздерін  де  жеп  қояды. Мәселен, 1961  жылы  Алматы  төңірегінде  орман  зиянкестері – насекомдармен  қоректенетін  сары  шымшықты  жерсіндірген  болатын. Осы  құстарға  арнап  жасалған  ұялардың  84 – 96  процентіне  қарқастар  қоныстанып  алған. Сөйтіп, олар  пайдалы  құс – сары  шымшықтардың  жерсінуіне  кедергі  келтірген.

Қарақас – қомағай  зиянкес  кеміргіш  болғандықтан, оны  химиялық  әдіспен  жою  шаралары  қолданылуда. Оларды  уландыратын  жем  дайындауға  нан, шекілдеуіктің  дәні  және  сұлы  пайдаланылады. Осы  әдіс  бойынша  Ақсай, Бутаковка, Каменка  аңғарларында  және  «Горный  гигант»  совхозында  қарақастың  95  проценті  құртылған. Міне, бұл  шара  жеміс-жидек  түсімен  арттыруға  жасалған  қамқорлықтың   бірі  болып  саналады.

Су тышқаны

Дене тұрқы 22 см ден аспайды қара қоңыр түсті, құйрығы ұзыншалау кеміргіш Қазақстанда  Қызылорда, Шымкент және Жамбыл  обылыстарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Әсіресе Қостанай, Солтүстік Қазақстанда Көкшетау және Целиноград обылыстарының көлдірінде, Торғай, Есіл сияқты өзендерің бойында өте – өте көп болады.

Су тышқаны ағысы балу өзенің жағаларынан, көлдерден қалқыма аралардың жағаларынан,  арық және бұлақтар бойынан, қамыс арасынан ін қазып немесе тайарларға ұя салып мекендейді. Түнгі мезгілде тіршілік ететін аң. Ол судың жағасында өсетін әр түрлі өсімдіктерді, әсіресе, құрақ – қамыс тамырларын қорек етеді. Ұсақ балықтарды, әр түрлі құрттарды  да  жейді. Ол қыс бойы ұйықтамай тіршілік етеді.

Су тышқаны жылына бірнеше рет шоғылысады жағаласу мерзімі жазғытұрым басталып, Күзге дейін жалғасады. Осы мерзім ішінде ол бірнеше рет балалап, әр балалағанда 3 – 14 күшік табады. Сөйтіп, бұл кеміргіш өсімтал келеді.

Су тышқаны ауыл шаруашылығында зиян келтіреді. Әсіресе көк өніс пен жеміске, әсемдік үшін өсірілетін ағаштарға залалын тигізеді. Сонымен қатар бұл аң бөгеттерді бұзып, су тоқтату шараларына да кесел келтіреді. Ол адамдардың  арасында жұқпалы ауру – туляремияны таратушылардың бірі болып саналады. Су тышқандарының терісі бағалы Алматының хайуанаттар паркінде кеміргіштер атрядына жататын осы үш түрі – кәдімгі Ақ тиін, Үнді жайрасы және Су тышқаны бар.

Шиншилла

Кемірушілер атрядтарының бір туысы. Бір – біріне ұқсас 2 түрі бар. Қысқа құйрықты немесе үлкен. Шиншилланың дене тұрқы  35 – 40 см. Қатты ұзын қылшықты құйрығының ұзындығы тұрқының  1/3 бөлігіндей, салмағы 700гр ұзын құйрықты немесе кіші Шиншилланың тұрқы 24 – 30см, құйрығы тұрқының ½ бөлігіндей, салмағы 500гр. Шиншилланың түгі  қалың, жұмсақ, арқасы, бүйірі көгілдір сұр, бауыры мен аяқтары ақ. Алдынға аяқтары 5, артқы аяқтары 4 саусақты және артқы аяқтары алдыңғысынан қарағанда ұзындау, ірілеу. Шиншилла Перу, Чили, Аргентинада, Англияда туады. 2 – 4 мың м биіктікке дейін тас арасында, тастақты беткейлерінде ін қазып, калония құрып тіршілік етеді. Күндіз ұйықтайды, ымыртта, түнде, кейде тақ сәріде қоректенеді. Өсімдік қоректі жыныстық жағынан 6 – 7 айда жетіледі, жылына әр дайым  1 – 5 тен 2 – 3 рет ұрпақ береді. Буаздық мерзімі 125 күн 10 – 12 жыл көбейе алады. Шиншилла терісі бағалы кәсіптік аң  1923 жылдан АҚШ, Канадада, кейін Европанің барлық елдерінде дерлік,  сондай ақ Оңт. Америкада, Африка мен Австралияда қолда өсірілді. СССРге 1960 жылы АҚШтан әкелініп Киров обылысындаға  бүкіл дақтық аңшылық және аң өсіру ғылыми – зертханаларға, Институттың тәжрибелік  лабараторияларда Шиншиллалық биологиясы, экологиясы  зерттелуде. СССР ден Оңт. тауына жерсіндірілу мүмкінділігі анықталуда.

Шұбар тышқан борша тышқан (Eutamifs sibiriaus) тиін  тұқымдасына  жататын  сүт  қоректі. Дене тұрқы 17 см. ге құйрығы 12 см. ге дейін. Бауыры ақ  немесе  ақшыл, ұрт қалтасы  бар. Европаның  Солтүстік  Шығысында, Азияда орманды  жерлерде таралған. СССР-ң  Европа  бөлігінің   Солтүстік  шығысында, Сібірде, Қиыр  шығыста, Қазақстанда, Оңтүстік  Алтайдың  тау  аймақтарында  таралған. Ағашқа  жақсы  өрмелейді. Жемі – қылқан  жапырақты, жалпақ  жапырақты,  ағаштардың  тұқымы, бүрі,  саңырауқұлақ, астық  тұқымдас  өсімдіктер  дәні т.б. Қысқа  қорек  қорын  жинайды. Сібірде кәсіптік  маңызы  бар,  терісі  пайдалы. Кейде  астық  егістігіне, келтіреді.                                                                                                                    Жалман , қалқан  құлақ (Selevinia betpakdalaensis)  кемірушілер  отрядына  жататын  кішкене  тышқан. Тұрқы  75 – 95 мм, құлақ  қалқаны  үлкен, дөңгелектеу. Түгі  қою,  жібектей  жұмсақ,  ақшыл  сұр, бауыры  ақ  сұрғылт, кейде  сарғылт. Жалман  тек  Бетпақдалада, Балқаш  маңының Солтүстігінде, тастақ  топырақты, боялып, сораң  өскен  сортаң  жерлерде, теріскек  қараған,  сексеуіл   арасында  кездеседі. Көбіне  насекоммен (әсіресе  шегіртке), аздап  өсімдікпен  қоректенеді.  Ін  қазбайды, басқа  кемірушілердің  тастап  кеткен  інін, не  өсімдік  түбін  мекендейді. Секіріп  жүреді, өсімдікке  жақсы  өрмелейді. Жалман  сирек  кездесетін  тышқан, шаруашылық  маңызы, биологиясы  толық  зерттелмеген.

Зорман  балпақ  сартышқан  (Cicellus  fulrus) – саршұнақ  туысының  бір  түрі. Зорман  саршұнағының  ең  ірісі, түсі  қоңырлау  арқа  жолы  қара  қылшықты, бауыры  сарғылт. Зорман  Иран, Ауғаныстанда  таралған  ссс-де  төменгі  Заволжье, Орта  Азия, Қазақстанда ( көбіне  шөлді  және  шөлейт  аймақтарда  әсіресе  Ақтөбе, Торғай, Қарағанды, Алматы  облыстарында ) бар. Ол  топырағы  берік  жусанды  дөңестерді  өзен – көл  маңындағы  сай – салаларды  мекендейді. Зорман  құнарлы  мал  азықтық  шөптерді, изен, жусан, алабота  және  баданалы  өсімдіктерді  жейді.Жылдың  8 – 9 айын  ұйқыда  өткізеді, жылына  1 рет  балалайды. Зорманның  терісі  бағалы. Қазақстанда  жылына  550 – 600  мың  зорман  терісі  дайындалады. Терісінен  бас  киім, сырт  киім  жасалады. Ауыл  шаруашылығына  тигізетін  зияны  онша  емес.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!