Ирак бюджет жүйесі және оның даму болашағы

Ирак бюджет жүйесінде мемлекеттің артта қалу ерекшеліктері байқалады. Себебі, ол әлі толық қалыптаспаған. Мемлекеттік бюд-жеттің қызмет етуін қадағалау және оны құру әдістері нашар жетілдірілген. Бюджет классификациясының тұрақтылығы жоқ.

Ирак мемлекетінің бюджет механизмі екі негізгі топтан тұрады: ординарлы бюджет және капиталсалымының бюджеті.

Ирак бюджет жүйесінің құрылымы көптеген шиеленістермен және бүркемеленген мақалалармен сипатталады. Мемлекет қаржы-лық операциялараның экомикалық мазмұнының кейбір өзгерістері-не байланысты, жартылай колониальды әкімшілігінің метрополия-лық бюджетінің үлгісі бойынша жасалған Ирак бюджетімен салыс-тырғанда, қазіргі Ирак бюджетінің формасы шамалы өзгерістерге ұшыраған.

Қазіргі уақытта мемлекет бюджетінің екі бөлігін ординарлы бюджет және капиталсалымы бюджетін көрсету жеткілікті. Бұл бөліну ағылшынның белгілі тәжірибесімен, яғни ағымдағы шығын-дар мен түсімдердің және капитал шығындары мен түсімдерінің айырмашылығын көрсетумен байланысты.

Бюджеттің екі бөлікке бөлінуі оның экономикалық мазмұнын анық көрсетпейді, оның шын жағдайын бұрмалайды.

Ординарлы бюджеттің, экономикалық даму бюджетінің, әлеуметтік – мәдени ұйымдар сметаларының және мнемлекеттік сауда, транспорттық, өндірістік және басқа да кәсіпорындардың кірістері мен шығыстарын формальды қосу жлымен бюджет схемасын құруды жеңілдету шаралары 1987 жылы қазынашылық-пен қабылданған, бірақ бұл шара ешқандай нәтиже алып келген жоқ. Бұл шарада мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары ұғымы жалпы мемлекеттің кірістері мен шығыстары ұғымымен байланысты. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының жалпы санының қосесептілігі байқалады. Бюджет-тің екіге бөлінуі нақты сақталған.

Ирактың бюджет жүйесі ағымдағы ғасырдың 20-шы жылдары құрылып және одан бері өзгерген жоқ.

Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджеттің 20 % жуық шығындары-ның орны мемлекеттік кірістердің есебінен толықтырылады. Мем-лекеттік бюджет кірістерінің қайнар көзі Үкімет дотациялары болып табылады. Қаржылық тәуекелдің өсуі, мемлекет органдары-ның орталық өкіметке саяси тәуекелділігін білдіреді.

Мемлекеттік бюджеттің меншігідегі кіріс базаларын нығайту мемлекет органдарына ирак провинцияларының шаруашылығын дамытуға белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, олардың бюджет кірісінің жобаларының орындалуына және оның ресурстарының шығыстарына бақылауын күшейтер еді.

Ирак мемлекеттік қаржысы мен экономикалық дамуы, қаржы-лық қызметтің бұрынғы колониальды формасының орнына жаңа-дан ұлттық экономиканы құру тапсырмаларын енгізуді қажет етеді.

Ирак бюджет жүйесін жүзеге асыруда Ресей бюджет жүйесінің және бюджет процесінің тәжірибесін қолданады. Ресей бюджет жүйесінің негізгі принципі орталық демократия және бюджет жүйесі құрылымының бірлігі болып табылыды.

Ирак бюджет жүйесінде бұл принциптер оның бюджет жүйесі-нің дамуында, мемлекеттік бюджеттің аккумуляциялық құрамын толық және дұрыс қамтамасыз етуінде және Ирак халқының мүдде-сі үшін ақша қаражаттарын дұрыс қолдануында және реттеуінде маңызды роль атқарады.

Ирак бюджет жүйесінң бірлігі мен толықтығына қол жеткізу үшін біркелкі классификациялық схема бойынша ординарлы бюд-жетінің, экономикалық даму бюджетінің, мемлекет органдарының, әлеуметтік-экономикалық және т.б. ұйымдардың кірістері мен шы-ғыстарын біркелкі мемлекеттік бюджет құрамын енгізу қажет.

Мұндай бюджет жүйесі мемлекет шығындары мен кірістерін толық есептеуге, мемлекеттік бюджет шегінде мемлекет секторла-рының қызметтерін бақылауға және мемлекеттік жобаларды жасау-ды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

ІІ. Ирак мемлекеттік бюджетінің шығындары

Ирак мемлекеттік бюджетінің шығыны әлеуметтік экономика-лық және оның ресурстарының шығындары бойынша қарастыры-лады. Бюджеттік шығындар ординарлы бюджеттік шығындарынан және экономикалық даму бюджетінің шығындарынан тұрады. Ирак бюджетіінің 28,8% әскери шығындар, ал 12%мемлекет аппаратын қамтамасыз ету шығындары құрайды.

Қазірігі уақытта халықтың 70% жуығы сауатсыз. Оның 40% жас балалар болып отыр. Мемлекетте білімді мамандар жетіспейді.

Денсаулық сақтауды жетілдіруді қаржыландыру қазіргі уақыт-қа дейін бюджет шығынының ең соңғы орнында тұр. Ол мемлекет-тік бюджет шығындарының 3,1-ден 4% құрайды.

Медециналық көзқарас бойынша, мұндай артта қалған мемле-кеттің мемлекеттік бюджет ресурстарын медециналық қызметке қарағанда  әскери қызметке көп жұмсалады. Егер, орташа есеппен 1000 адамға 1 дәрігер қажет болса, қазіргі уақытта 10000 адамға 1,9 дәрігкр қызмет көрсетеді. Өте ауыр жіне кең тараған аурулар түрін емдеу жолдары әлі де шешілген жоқ.

Мемлекеттің әлеуметтік – мәдени дамуға қаржы бөлуі тікелей экономикалық дамуымен байланысты. Экономикалық , өсу өз кезе-гінде, денсаулық сақтауға, халықтың мәдениетінің және біліктілігі-нің дәрежесіне тәуелді.

Бюджеттің 26,4% транспорттық , қатынас және тұрғын – үй құрылыс шығындары құрайды. 6,7% ауыл шаруашылығын дамыту шығындары құрайды.

Ирак мемлекетінің басты мақсаты экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу. Бұл мақсатқа жетудің бір ғана жолы бар, ол әлуметтік-экономикалық реформаны жүзеге асыру, яғни капитал жинағының және өндірістік дамудың қарқынын өсіру және тұрақтандыру.

Бюджет ресурстарын тиімді және рационалды қолдану пробле-малары оның халық шаруашылығы салаларына қайта бөлумен бай-ланысты.

ІІІ. Ирак мемлекеттік бюджетінің кірістері

Ирак бюджеті негізінен мұнай арқылы қаржыландырылып отырады. Мұнайдан түсетін табыс бюджеттің 52,4% құрайды.

Ирак мемлекеттік бюджеті кірісінің маңызды 2-ші бөлігін са-лықтар мен алымдар құрайды. Ирак салық жүйесінің негізгі сипат-тамасы сыртқы саудаға тәуелділігі болып табылады. Ол белгілі бір мөлшерде кеден баж салығына және алымдарына сүйенеді. Кеден

Баж салығы толығымен импоттық баж салықтарынан тұрады.

Сонымен қатар, Ирак бюджетінің кірісін құруға мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардан түсетін табыстар көбінесе ағымдағы шығындар-дың орнын жабуға жұмсалады.