Интернетте ақпаратты тасымалдау және іздеу технологиясы

Интернеттің қалай орналасқанын ұғыну үшін ақпараттың желі арқылы қандай тәсілмен берілетіні туралы қысқаша түсінік алу керек. Компьютерлік желінің мақсаты А компьютерінен В компьютеріне берілетін ақпараттардың биттерін тасымалдау. Тасымалдау барысында биттердің жоғалып кетпеуін қадағалау қажет. Ақпаратты екі түрлі тәсілмен беруге болады: желінің көмегін қолданып коммуникация пакеттерімен немесе коммуникация каналдарымен.

Желінің коммуникация пакеттері — бұл кәдімгі пайдаланылып жүрген пошта. Мұнда хатты жазып оны конвертіне салып, оның сыртына хат алушының адресі көрсетіледі. Ол поштада түрлі бағытта сортталады және оны түрлі вокзалдарға немесе аэропорттарга жөнелтеді. Жолда түрлі қиындықтармен әйтеуір жетеді, бірақ сорттауға және т.б. жұмыстарына қосымша уақыт пен күш жұмсалады. Web-серверлерде орналасқан Web-құжатты іздеу және онымен қатынасу арнайы URL (Uniform Resource Locator) көрсеткіші арқылы орындалады. Стандарты URL ақпаратты беру протоколын анықтайтын үш бөліктен тұрады: ақпарат орналасқан компьютердің аты, жолы, яғни протокол/компьютер аты/бума аты/файл аты.

Web-құжаттарды қарап шығу үшін арнайы броузер-программа қажет екені белгілі. Internet Explorer мен Netscape Navigator программалары қазіргі кездегі кең таралған броузерлер қатарына жатады. Броузерлер WWW-тен басқа Интернеттің Usenet, FTP ресурстарымен де байланыса алады.

Ақпарттары түйін сөздер арқылы индекстеліп сұрыпталған деректер қорын басқаратын іздеу жүйелері Интернеттен қажетті мәліметтер aлy мүмкіндігін береді. Пайдаланушы бұл жүйелермен байланыс орнатқаннан кейін түйін сөздерден тұратын сұраныс жасап, өзіне қажетті мәліметтерді ала алады. Іздеу жүйелерінің екі түрі болады: рссурстардың тақырыптық каталогы және іздеу машиналары.

Ресурстар каталогы бұрынырақ пайда болды. Бұл каталогтарда ақпараттар бірнеше категорияларга бөлінген. Іздеу кезінде пайдаланушы бір категорияны таңдап алады да, оның бөлімдерін қарап шығады. Өзіне  қажетті бөлімді тапқаннан кейін пайдаланушы қажетті мәліметтерден тұратын URL-файлдардың тізімін алады.

Тақырыптық каталогтардың кемшілігі қолмен жасалатын жұмыстардың көптігі болып табылады. Ал іздеу машиналарында барлық іздеу жұмыстары пайдаланушының қатысуынсыз автоматты түрде орындалады. Жұмыс аумағы — Internet Explorer терезесінің негізгі бөлігі. Онда Web-құжаттары бейнеленеді.

Интернетті қолдану технологиясы

Интернетті пайдаланушының тікелей және кері міндеттері бар. Пайдаланушының тікелей міндеті — аппараттық немесе программалық әдістердің бірін таңдау. Әлемдік компыотерлік желілерге сақталатын деректер біздің ақпарат болып табылады. Пайдаланушының кері міндеті -бұл тұтынушыға өзінің ақпаратын айналдыруга бағытталган әдістерді таңдау.

Жалғану — бұл аппараттық-программалық-ақпараттық комплекс. Оны Интернетке қосылумен шатастыруға болмайды.

Интернетпен жалғану үшін мына нэрселер қажет:

  • Жабдықтар мен байланыс сымдары (аппараттық бөлік);
  • Осы сымдарда деректердің алмасуын қамтамасыз ететін программалар (программалық бөлік);
  • Бүкіләлемдік желіге косу үшін мекемелермен келісімшартқа отыру. Ол үшін қажетті адрес пен парольді ұсыну керек (ақпарттық бөлік).

Жалғану бөлінген немесе қашықтықтан болуы мүмкін. Бөлінген жалғану үшін бөлек байланыс сымы қажет. Егер бөлінген жалғану болса, онда өзіңіз сервис-провайдері болуыңызға, яғни келісімшарт негізінде желіге қосылуды бастауға болады. Басқа жағдайларда, қашықтықтан жалғану арқылы қосылады. Байланыс сымы ретінде кәдімгі телефондық сым қолданылады.

Сервис-провайдер (Интернет қызметін қоюшы) — бұл бүкіләлемдік компьютерлік желіге тұрақты турде жалғануды қамтамасыз ететін және келісімшарт бойынша клиенттерді косуды жүзеге асыратын мекеме. Сервис-провайдердің қызмет саласы телефондық компаниялардың қызмет салаларына ұқсас. Бірақ ерекшелік бар. Егер қоюшыға телефондық байланыстың қызмет салаларын таңдамасақ онда қоюшыға Интернеттің қызмет салаларын еркін пайдалануды таңдағаны жөн. Сервис-профайдердің қызмет саласынан отказ беріп, кез келген уақытта басқа мекемеге қосылуға болады.

Сервис-провайдердің төмендегідей қызмет ету салалары бар:

— Желіге ақысыз қосылу;

— Уақытша Желіге қосылу;

— Желіге шектеусіз косылу;                                                             :

 — Интернет-карта бойынша косылу.

Таңдауды қалай жүргіздік, солай мынадай ақпараттарды алуға болады:

  • Жалғауды орындауды іске асыратын телефон нөмірін таңдау. Ол процесті орындайтын программаны баптау кажет;

«Тіркеу аты (login). Сервис-провайдерге хабарлама үшін қолданушының аты енгізіледі;

  • Пароль (password). Ол хабарламаны растау үшін қажет және оны қолданушы өзі үшін береді;
  • DNS негізгі сервердің атауы;
  • DNS косымша сервердің атауы;
  • Сервис-провайдердің Web-адресі.

DNS негізгі және қосымша серверлердің атауы жалғау қасиеттерін баптау жағдайында қажет етіледі. Web-адресті сервис-провайдер өз атын ешқашан да пайдаланбауы мүмкін, бірақ ол қосымша ақпарат қажет болған жағдайда қолданылады. Мысалы, осы адрес бойынша Сіз өзіңіздің есебіңізді бақылай аласыз және сіздің есебіңізден басқа адамдардың жұмыс жасағандығын, не жасамағандығын анықтай аласыз.