Инвестиция және оның функционалдық белгілері, инвестиция мөлшеріне әсерететін факторлар

Инвестиция – бұл табыс алу мақсатында елждің ішіндегі жеке салаларға және шетке ұзақ мерзімге мемлекетттік және капитал салымдарын айтады.

Инвестиция бағыттары:

  • жаңа өндіріс ғимараттары құрылысын салуға;
  • жаңа техника және технология, жаңа жабдықтар сатыпалуға;
  • шикізат пен материалдарды коса алуға;
  • әлеуметтік нысаны және пәтер құрылысына.

 Бұдан басқа жалпы және таза инвестициялар болып бөлінеді.

Жалпы инвестициялар – ескі жабдық орын басуға кеткен шығындар (амортизация) + өндірісті ұлғайтуға кеткен инвестиция өсуі.

Таза инвестиция – негізгі капиталмен амортизация қосындысын шегергендегі есептелген жалпы инвестиция. Егер таза инвестиция мөлшері тұрақты болса, экономика өседі, дамиды. Егер таза инвестиция нолдік мөлшерді құрасаонда іскерлік белсенділіктің төмендеуін көрсетеді

Инвестиция

Инвестицияға сұраныс қисығына басқада ықпал етеді.

а) инвестицияның табыс күтімін өсіруге әкелетін фактор қисықты оңға ауытқытады ( инвестицияға сұраныс өседі)

б) инвестициялық табыс күтімін төмендетуге әкелетін фактор, ол қисықты солға ауытқытады (инвестицияға сұраныс төмендейді). Бұл факторларға жататындар: жабдықты пайдалануға кеткен шығын, кәсіпкерлерге салық, инфляция және т.б. инвестициямен салыстырғанда “нақты инвестициялар” пайдаланады.

Өндірістік басқа (тәуледі), автономды (тәуелсіз) инвестиция болып бөлінеді. Табыс пен инвестицияның тәуелділігі мультипликаторда көрінеді.

Мультипликатор (латынның “көбейтемін”) – бұл инвестиция мен табыс мөлшері

аралығында өзгерісті көрсететін коэффицент. Инвестиция өскенде, ЖҰӨ-де мөлшерге өседі. Бұл өсудің көбейткіш әсерлі мөлшері – мультипликаторлық әсер деп аталады.

Инвестициялардың жіктелуі

Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:

  • инвестициялардың түрлері;
  • ақша құралдарын салу;
  • инвестицияландыруға қатысу сипаты;
  • инвестицияландыру кезеңі;
  • меншік түрлері ;
  • инвестордың қатысу түрлері;
  • тәуекел дәрежесі;
  • ұдайы өндіріс түрлері;
  1. Инвестицияның түрлерін былай топтайды:
    • ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және т.б. құнды қағаздар;
    • жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
    • авторлық құқықпен, тәжірбиемен және т.б. да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліетік құқықтар;
    • жерді, су, үйді пайдалану құқықтар және т.б. құқықтарды пайдалану;
    • қандайда бір өдірісті ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірбие ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауыттылық;
  2. Құралдарының салыну объектілері бойынша, инвестициялар бойынша бөлінеді:
    • нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, нақты инвестициялар. Материалды активтер – ғимараттарға, станоктарға дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
    • материалды емеси активтер – лицензиялардың, патенттерінің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
    • қаржылық инвестициялар немес түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктық салымдар.
  3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициалар келесі түрлерге бөлінеді:
    • тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі.

  Сонымен қатар инвестор инвестициялық цикілдердің барлық кезіңіне    таратылады, оның ішінде алдында жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын  өнім өндірісіне;

  • жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы жүзеге асады. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салымдарға портфельдік деп атймыз.
  1. Инвестицияландырудың кезеңі бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөлеміз:
    • қысқа мерзімді – ұзақтығы бір жылдан аспайда;
    • ұзақ мерзімді – ұзақтығы бір жылдан көп;
  2. меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
    • азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысандағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жекеақша құралдары;
    • мемлекеттік, ол түрлі денгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырады;
  3. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
    • қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
    • инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
    • жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, аблигациялар арқылы немесе басқада құнды қағаздар түрінде алу;
    • табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығын концессия алу;
  4. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
    • тәуекелсіз инвестициялар;
    • тәуекелді инвестициялар;
    • барлық пайда соммасын жоғалту мүмкіндігі;
    • жоба іскеасқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі;
    • барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвесторлың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел;
  5. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асыруы мүмкін:
    • жаңа алаңдарда және бастапқада бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрлыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
    • шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпоындардың кеңеюі;
    • шарауашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру:
    • техникалық қайта қамтамасыздандыру;

Инвестицияның ұсынылған жүктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалу концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты

бағалау үшін қажет.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – бұл кәсіпорынның шаруашылық қызыметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтар мен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процес, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процес кәсіпорының инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны талдау төмендегілерге байланысты:

  • кәсіпорынның өмір сүру цикілінің сатылары;
  • жалпы даму стратегиясы;
  • инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
  • құралдардың салу объектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы;

Сонымен егер бастапқы инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы боып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп  ұзақ мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсіндіріледі.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы қажет және инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шаруашылық прцесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сигменттер арлығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі. 1-кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы келтірілген.

Кәсіпорынның әр түрлі кезеңждердегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары  ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру. Өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, т.б.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелікортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл бәсекелік орта бір немесе басқада салаларға тиісті әр түрлі экономикалық, құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.                                             

                                                   Сатылары
СтратегиясыПайда

болуы

­­­­­­

Өсуі

ЖетілуіЕскеруі /Пайда болуы
ЖалпыНарыққа еніп, бекітілу

процесін-

де өмір сүру

Нарық сегментінің кеңеюі,іс-әрекет диверсификациясы мен пайданың жоғарғы қарқынмен өсуін қамтамасыз етуІс-әрекеттің салалық диверсификациясы пайданың қол жеткен нормасына қолдау жасауПайда норма-сын сақтау және іс-әрекет-тің бағытымен нысандарының бір уақыттық жаңалануынның қаржылық тұрақтылығы, дәстүрлі іскерліктің масштабын сақтау
Инвестиция-лықБастапқы нақты инвести-цияның жеткілікті көлемін қамтама-сыз етуӨндірістің және нақты қаржылық инвестициясы масштабтары-ның кобеюіӨндірістің техникалық қайта қамтамасыздандырылуы және кеңмасштабты қаржылық инвестициялан-дыруЖаңа құрылыс пен өндірістің қайта құрылуына нақтылы масштабты инвестициялан-дыру

Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік аппараттардың моральдық және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың төмендегі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы қалыптастыру кәсіпорындардың да, потенциялды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерін қиылысуы кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді. Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі серіктестіктердің түсінушілігімен ортақ мүдделерінесепке алуға және инвестициялық объектіні стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуы мен оның инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!