Иегова куәгерлері

Бүгінде дін сөзінің  көптеген реңкі қалыптасқан. Миллиондаған адамдар өздерін белгілі бір дінге жатқызады немесе соның бөлшегі санайды. Діни ой-шабыт пен сезім тұтастай мемлекетке немесе жекелеген адамдарға күшті ықпал етуге қабілетті.

Адамдар көптеген себептер бойынша дінге қатысты болып келеді. Адам әрқашан:”біз қалай пайда болдық?”, “біз бұл өмірге неүшін келдік?” және “біз қайда барамыз?” деген сұрақтарға жауап ізумен келеді. Ғылым бұл сұрақтарға бүгінде зерттеу және ғылыми тұжырымдау жолымен жауап беруге ұмтылады. Адамды ең алдымен өзінің кім екені қызықтырып ойландырады. Ғалымдар мен философтар әртүрлі және қарама-қайшы версияларды ұсынады. Алайда адамдардың көпшілігі жауапты діннен іздейді.Ал дін адамдардың кім екені және қайда баратынын түсіндіріп береді. Ол әрі адамзаттың қалай пайда болғанын түсіндіреді. Әлемде жүздеген діндер мен конфессиялар өмір сүреді және олардың наным-сенімі бір-біріне  қарсы келгенімен барлығы да адамға өз түсінігін береді. Білуге деген ынта мен рухани тапшылық бізді жануарлардан ерекшелеп тұрады. Демек адамда физиологиялық мұқтаждықтан басқа рухани танымға деген талап-тілек те бар деген сөз. Ол мұқтаждықты бүгінде дін қанағаттандырады немесе толықтырады деп айтуға болады. Бұны дінге деген сұраныстан көруге болады. Дін адам болмысының бөлшегі болған және бола да бермек. Ол өз тарихында дамиды, қайта құрылады, өзгереді, бағыттарға бөлінеді, бірігеді сондай-ақ адамзаттың дамуында үлкен роль ойнайды. Көптеген діндер әртүрлі соғыстардың себептері де болған. Бірақ ол сондай қанды қақтығыстарды да тоқтата алған. Дін біртұтас мемлекеттерді бөліп, әртүрлі жаңа мемлекеттер қалыптастырып отырған. Діннің мұндай көрінбейтін ықпалы адамдар іс-әрекетіне түрткі болды. Діннен үлкен күшті байқаған бұрынғы өткен патшалар мен қазіргі президенттер оны өз саяси және экономикалық мақсаттарына жетуге пайдаланған. Ұйымдастырушылық қабылеті бар және шешендік өнерге ие адамдар миллиондаған жандардың діни сезімін пайдаланып өз артынан ерте алған. Дін экономика мен саясаттан бұрын, алғашқы адам Адамның Құдаймен қатынасы басталған кезде пайда болады. Бұл ұйғарым Құдайдың барына сенетін адам үшін рас болып табылады. Ал сенбейтін адамдар экономика алғашқы маймыл тек талау мен тонауға ғана емес, және заттық айырбас жасауға болатынын түсінгенде деп ұйғаруы мүмкін. Қалай болғанда да көпшілігі адам қандай да бір анағұрлым күшті және интеллектуалды күштің әсерінен пайда болған деген пікірді ұстанады.

Бұл жұмыс “Иегова куәгерлері” деп аталатын діни конфессияны зерттеу еңбегіне қосылады. Жұмыста ақиқат фактор мен пісіп-жетілмеген көзқарастарды көрсетуге деген ынта басым. Бұл діни фанатизм мен ұлтшылдықтан азат көзқарастар мен ойлар. Еңбек қазіргі кезде Қазақстан азаматтарында  “Иегова куәгерлеріне қатысты туындап отырған сұрақтарға жауап беруге тырысады. Олар төмендегідей:

“Иегова куәгерлері” – олар қайда пайда болған?

“Иегова куәгерлерінің” философиясы және олар неге сенеді?

“Иегова куәгерлері” және қан құю.

“Иегова куәгерлерінің” іс-әрекеті және олардың методы.

Білім беру бағдарламасы.

Олар қандай қаржы көздері арқылы өмір сүреді?

Қоғам мен мемлекетке ықпалы қандай?

Мемлекетке қарсы іс-әрекетпен айналыса ма?

“Иегова куәгерлерінің” Қазақстанда таралуы.

Қорытынды.

  1. “Иегова куәгерлері” және олар қайда пайда болды?

Пайда болу тарихы мынадай. 1870-жылдың басында Аллегейни қаласында (АҚШ, Пенсильвания штаты, Питсбург қаласының бөлігі) шағын адамдар тобы Библияны оқып зерттеуді бастайды. Бұның бастамашысы білімді және ауқатты  Чарльз Теиз Рассель болатын. Оның ұйғарымына сәйкес ол ең алдымен Құдай және Исус Христос туралы ақиқатты іздейді, сондай-ақ оны исус Христостың екінші қайта оралуы өте қатты қызықтырады. Рассел библияны зерттеуге шындар кіріседі және соның нәтижесінде “Исследование Писаний” деген еңбегі дүниеге келеді. 1879 жылы шілдеде “Сионская Сторожевая Башня и вестник присутствия Христа” журналының бірінші номері жарық көреді. 1880 жылы рассел ілімін ұстанушылар саны он жиынға дейін жетті (жиын деп кейін Иегова куәгерлері бір территорияда ілімін ұстанушыларды айтты). 1881 жылы Сиондық Күзет Мұнарасы  Қоғамы және трактаты құрылады. 1884 жылы ол ресми түрде тіркеледі. Өздерін “Библия зерттеушілері” деп атай бастаған кезде олардың арасында үй үйді аралап әдебиеттерді тарату жұмысымен белсенді айналысқан 50-дей адамдар болды. Оларды 1931 “Иегова куәгерлері” жылдан бастап   “Иегова куәгерлері” деп атай бастады. Еврейлік және грек тіліндегі жазбаларды зерттеген олар Құдайдың жеке аты бар, ол ат Иегова екенін анықтады. “Құдай”,   “Жаратушы”,  “Патша” және “Жоғарғы” – бұлар тек президент, монарх немесе патша сияқты титулдар ғана. Иегова – бұл аттың орыс тілінде айтылуы ғана. Ол түпнұсқа еврей текстерінде “ИГВГ” әріптерімен білінеді (ерте еврей тілінде дауысты дыбыстың жоқ екендігі белгілі). Бұл ат Библияда 7000-нан аса жерде кездеседі, алайда аудармашылар бұл атты жойып, “Господь” есімімен ауыстырған, ал Иегова куәгерлері бұл атты Исустың сөзіне сілтеме жасай отырып қалпына келтіреді: Исус өз шәкірттеріне Құдайға жалбарынуды үйреткенде:”Сенің атың жарқырайды (да светится имя Твое)” деген.(Матфей 6:9). Сөйтіп олар осы аттың киелілігіне негіздеп “Иегова куәгерлері” деген ат алады. 2002 жылы әлемдегі Иегова куәгерлерінің саны 6 304 645 адамға жеткен.

  1. Иегова куәгерлерінің философиясы және

олар не нәрсеге сенеді?

Иегова куәгерлерінің  дәстүрлі діннен ерекшеленетін өз діни ілімі бар. Өз дәйектемелерін олар Библия негізінде түзеді.

Иегова куәгерлерінің діни іліміІнжілдік негіздеме
Библия-Слово Бога и истина.2Тимофею 3:16,17.2Петра 1:20,21. Иоанна 17:17
Библия заслуживает большего доверия, чем традиции.Матфея 15:3. Коллосянам 2:8.
Имя Бога – Иегова.Псалом 82:19. исход 6:3.15:3.
Христос-Сын Бога, подчинен Отцу.Матфея 3:17. Иоанна 8:42, 14:28, 1Коринфянам 11:3,15:28.
Христос отдал свою жизнь для искупления послушных людей.Матфея 20:28. 1Петра 2:24. 1Тимофею 2:5,6.
Мы живем «последние дни».Матфея 24:3,14. 2Тимофею 3:1-5. Луки 17:26-30.
Царство во главе с Христом будет правит землей, утверздая праведность и мир.Исаия 9:6,7.,11:1-5. Даниил 7:13,14.
К жизни ведет только один путь (т.е. одна религия).Матфея 7:13.14. Ефесянам 4:4,5.
Люди умирают из-за греха Адама.Римлянам 5:12., 6:23.
В поклонении Богу нельзя использовать предметы  (иконы и т.п.)Исход 20:4,5. Левит 26:1. 1Коринфянам 10:14.
Необходима остерегаться спиритизма (гадание, магии, волшебства, гороскопов и т.п.)Второзаконие 18:10-12. Галатам 5:19-21. Левит 19:31.
Нельзя принимать кровь (будь то преливание или в пищу).Бытие 9:3,4. Левит 17:14. Деяния 15:28,29.

Олардың ілімдеріне сәйкес олар өздерін Құдай өз мақсаты үшін қолданылатын христиан діні деп атайды. Олар жердегі халықтарда бір ғана құдай бар деп санайды. Олардың философиясы Інжіл доктринасының негізінде түзіледі. Олар басқа адамдарды бұл ілімнің ақиқат, сонымен ғана жүруге болатынына сендіру үшін жақсы дайындалған және шешендік өнерді үйреніп жүр. Олар үштікке емес, Құдай – Иеговаға сенеді, яғни Құдай әке Құдай Баладан жоғары, ал Киелі Рух – бұл Құдайдың күші, соның арқасында Ол бүкіл әлемді жаратқан және сол арқылы әрекет етеді. Иегова куәгерлері өз бойларында Киелі Рух бар тек соның көмегімен олар інжіл және Інжілдік тәрбиелерді тарату және оқыту бойынша өз ағарту жұмыстарын орындайтын жағдайда болады. Олар бір сенімде және әлемнің әр түкпірінде тұратын мүлдем бөлек мәдениет пен тәрбиедегі Иегова куәгерлерінің пікірімен сәйкес келеді.

  1. Иегова куәгерлері және қан құю.

Олардың қан құюға қатынастары өте қызық . Иегова куәгерлері қанды қанды да өмір сияқты Құдай алдында бағалы санайды. Иегова куәгерлерінің ешқайсысы және ешқашан мейлі ол адам қаны немесе жануар қаны болсын, оны құйып немесе ішіп көрген емес. Олар тіпті тамаққа қанды шұжық қолданудан да бас тартады. Егер кімде-кім ерікті түрде қан құюға келіссе онда бұл адасушылық немесе кісі өлтіру сияқты Құдай заңын бұзу ретінде бағаланады. Інжілде “қан” сөзі 400-ден аса жерде кездеседі. Мысалға Болмыс кітабының 9-бөлімінің 3-6 тармағында мынандай сөздер бар: “все движущиеся, что живет, будет вам в пищу…Только плоти с душею ее, с кровию ее, не ешьте…”. Иегова куәгерлері қанды тек биологиялық сұйықтық деп қана емес, оны өмір ретінде санайды. Өздерінің қан құюдан бас тарту позициясы үшін  Иегова куәгерлері дәрігерлер мен баспасөз саласынан жиі шабуылға  ұшырап отырады. Иегова куәгерлері егер олардың бір мүшесі қан құюды қолданса Құдай заңын бұзады деп санайды. Олар тіпті ұйымдарында ауруханамен байланыс үшін арнайы бөлім құрған. Егер өз қауымдарынан біреу ауруханаға түсетін болса және қан құюды өткір қажет етсе, онда қауым басшысы (старейшина) ауру оның келісімінсіз қан құймауы үшін бар күшін салады  және сондай-ақ дәрігерге декстран, Рингер қоспасы, гидроксиэтилькрахмал сияқты қан алмастыратын заттарды жеткізу жолымен көмектеседі.

  1. Иегова куәгерлерінің іс-әрекеті және олардың методы.

Бұл діни топтың негізгі іс-әрекеті өз ілімдерін інжіл әдебиеттерін басып шығару жолымен тарату және оның ары қарай пайдалану мен құрылған құрылымды қолдау болып табылады.  Иегова куәгерлерінің Інжілді оқу үшін әдебиеттерді құрау, басып шығару, аудару және жеткізу бойынша үлкен желісі бар. Мысалға  32 беттік “Сторожевая Башня” журналы әлемнің 80-нен аса елінде айына екі рет, 50-ден аса елінде айына бір рет басылып шығады. Әрбір журналдың мазмұнының алдында әрқашан басылымның мақсатын оқуға болады: «”Сиорожевая Башняның” мақсаты Иегова Құдайды Әлемнің билеушісі ретінде мадақтаудан тұрады. Ол әлемдегі оқиғалар мен інжіл пайғамбарлығы қалай орындалып жатқанын бақылайды. Ол барлық адамдарды ұзамай Құдай патшалығының өз жақындарын қыспаққа алғандарды жойып, жерді жұмаққа айналдыратыны туралы ізгі хабармен жұбатады. 1879 жылдан бері үздіксіз шығып келе жатқан  саяси күреске қатыспайды. Ол Інжілді өзінің беделі ретінде ұстанады».  Иегова куәгерлері өзінің  белсенді іс-әрекеттерімен бүкіл әлемге – 234 елге  тарап отыр. Әрбір елде филиалдары мен ұйымдары бар. Бұл филиалдарда журнал, брошюра, трактаттарды жергілікті тілге аудару жүзеге асырылады. Сондай-ақ олардың үйлестіру шаралары да жүргізіледі. Әр елдегі халық санына байланысты бұл филиалдарда арнаулы бөлімдер бар. Олар:

  1. Адамдарға хабар жеткізу бөлімі.
  2. Кездесу залдарын салатын құрылыс бөлімі.
  3. Заң бөлімі.
  4. Аударма бөлімі.
  5. Ауруханалармен байланыс бөлімі.

Сондай-ақ өз діндерін бүкіл әлемге тарату бойынша басқа да бөлімдер бар. Бұл бөлімдердегі жұмыс істейтіндердің барлығы шоқынған. Олар ерікті түрде жұмыс істейді, яғни олар жалақы алмайды. Оларға тұрмыстық қызмет ұйым есебінен көрсетіледі. Әрқайсысы ай сайын жеке бас гигиенасы тауарын сатып, қоғамдық көліктерде жүріп-тұру және т.б. қажеттілік үшін азғана ақша алады. Мысалға Латвияда берілетін ақшаға киноға екі билет, 20 литр бензин және азғана ұсақ-түйек алуға ғана жетеді. Бас бюроны 12  тәжірибелі адамнан тұратын үлкендер кеңесі басқарады. Бұл кеңес ” Иегова куәгерлерінің басқарушы бюросы” деп аталады. Оларға басқа бөлімдерді басқаратын үлкендер көмектеседі. Олар да басқа Иегова куәгерлері сияқты қарапайым өмір сүреді. Мысалға бір Фин бөліміндегі ас үйдегі кезекшілікте бір бөлім жетекшісінің басқа жүкшілер мен типографтарға жұмыс істеуі болып тұрады. Бұндай құбылысты Иегова куәгерлерінің әрбір филиалынан көруге болады. Бұл түсіндірілмейді. Алайда қандай да бір мүлікті ұрлау немесе жымқыру сияқты ниеттегі адам болса, онда ол бірден филиалдан шығарылады және барлық қызметінен айырылып оның ары қарайғы Иегова куәгерлері қатарында болуы туралы мәселе қойылады. Егер заң бұзушы өз ісіне өкініп, илікпесе ол қацымнан алыстатылады, яғни байкот жағдайына түседі (бұл шешімді жергілікті үлкендер кеңесі шығарады). Ол адаммен ешкім амандаспайды және сөйлеспейді де. Егер оның жанұясында  Иегова куәгерлеріне жататын адам болса онда ол адам өз туысымен (яғни заң бұзған адаммен) бірге тұра береді (Иегова куәгерлері кез-келген жағдайда жанұясны сақтауға тырысады), бірақ оған заң бұзған адаммен діни және рухани тақырыпта сөйлеспеу тапсырылады. Бір сөзбен айтқанда арақатынас тек әлеуметтік деңгейде ғана болады. Егер заң бұзушы айырылған құқығын қайта қалпына келтіріп, Иегова куәгері атанғысы келсе онда ол өзін шеттеткен үлкендер кеңесіне айтуы керек.

  1. Білім беру бағдарламасы.

Иегова куәгерлерінде өте қанық білім беру бағдарламасы жұмыс істейді. Әрбір аптада 3 кездесу өтіп тұрады. Олар төмендегідей:

-Әр жексенбіде ауызша тыңдау сабақтары өтіп тұрады. Ол 45 минутқа созылады. Баяндамашы оны жалпы жоспар бойынша құрайды. Бірақ жеткізу методы еркін. Бұл біріншіден жаңа келушілер үшін қарастырылған. Бұдан соң “Сторожевая Башня” журналынан мақала оқылады. Талқылау сұрақ-жауап түрінде болады. Басында жетекші текст бөлімін оқиды, сосын сұрақ қойылып оған барлық қатысушы өз түсініктемелерін береді. Бұдан кейін әрбір жексенбіде 2 сағат сайын  Иегова куәгерлері «Патшалық залында» (жиылып құлшылық қылатын зал) болады. Ондай жиынға саны 100-150 адам қатысады.

-Апта ортасында тағы бір біріккен 2 кездесу болады. Олар “Школа теократического служения” және “Служебная встреча”. Әрқайсысы 45 минуттан. Алғашқысында мүшелерді қызмет істеу үшін шешендік дайындықтан өткізуге арналған. Бұл мектепте статусы бой        ынша старейшинаға келетін жетекші болады. Сонымен қатар апта ортасында “кітап оқу жиыны” өтеді. Сабақтардың барлығын ер адамдар жүргізеді.

Иегова куәгерлеріне кіретін адамдвардың көбісі орта тапқа жататындар. Олардың арасында жұмысшылар, үй шаруас ындағы адамдар, сондай-ақ жоғары білімді  және кәсіпкер адамдар да бар.   Иегова куәгерлерінің көбі әйел адамдар. Пайыздық қатынастары – 65-70% әйел, қалғаны ер адамдар. Оларда тек  Иегова куәгерлеріне ғана үйлену туралы сенім бар. Ол сенім Інжілге негізделген. Иегова куәгерлері арасында үйлену тойы онда ұйымның барлық мүшелері үшін қуаныш болып табылады.

  1. Олар қандай қаражат арқылы өмір сүреді?

Бұл  Иегова куәгерлеріне қатысты ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі. Жоғарыда олардың жұмыстары  дүние жүзі бойынша жүретіні айтылды. Мұндай құрылымды жұмыстарды жүргізу үшін үлкен көлемде қаржы керек. Енді осыған тоқтала кетсек.

Иегова куәгерлерінің әлеуметтік құрамы әртүрлі. Біреулері жалақы алады, біреулері зейнетақы немесе жәрдемақы алса, келесілері бизнеспен айналысады. Кейбіреулері жоғары білімді маман және үлкен көлемде айлық алады. Бұлардың бәрі өз қаражатынан ерікті түрде садақа бараді. Кімнің қанша бергенін ешкім білмейді және қарамайды. Бұл түсіндірілмейді. Олар бұл туралы Исаның сөзіне сілтеме жасайды: «Сенің қайырымдылығың құпия болу үшін жақсылық жасаған кезде оң қолың жасаған нәрсені сол қолың білмесін» (Матфей 6:3,4.). Тіпті ең жақын достардың арасында да бұл сұрақ талқыланбайды. Шамасы бай адам көптеу, кедей адам аздау беретін болса керек. Алайда,  Иегова куәгерлерінің айтуынша Құдай үшін заттың мөлшері емес, жүректің жағдайы маңызды. Түскен садақа жиналып жергілікті филиалға жіберіледі, онда қаражат ортақ балансқа түседі. Бұдан ары қаражат филиалдардан орталық бюроға кетеді. Онда қандай елге қанша қаражат бөлінуі керектігі шешіледі. Мысалға байырақ елдердегі қаржы кедей елдерге жаңа кездесу залын салу, кітап басып тарату деген сияқты жұмыстарға жіберіледі. Сондай-ақ банктен ортақ ашық есеп шот ашылған. Оған кез-келген адам кез-келген сомада борлмасын ақша сала алады.

  1. Қоғам мен мемлекетке ықпалы.

Иегова куәгерлерінің қоғам мен мемлекетке ықпалы айтарлықтай. Олар өз белсенділіктерімен біреулерге сұрақ туғызуы, біреулерге ұнамауы, біреулерде таңдану, ал ал басқаларында тіпті ашу туғызуы мүмкін. Алайда олардың қоғамға әлеуметтік ықпалын қарастырып көрейік.

Иегова куәгерлерінде берік жанұя бар. Әрбір жанұяда Иегова куәгерлерінің ролі нақты айқындалып шектелген. Жанұя басшысы әкесі немесе күйеуі болып табылады, оған әйел немесе анасы бағынады. Сондай-ақ балалары да ата-аналарына бағынады. Бірақ Иегова куәгерлері отбасында да жанұялық мәселелер кездесіп отырады. Алайда бұл  Иегова куәгерлерінің сөзі бойынша жанұя мүшелерінің біреуінің дұрыс емес мінез-құлқынан туындайды. Егер әйелі күйеуіне бағынудан бас тартса, ал балалары ата-анасын тыңдаудан қалса, онда жанұяда проблема туындайды. Дегенмен  Иегова куәгерлерінің жанұясында басқа жанұялармен салыстырғанда ажырасу мейлінше аз болады. Олардың ілімдерінде жанұя мен дұрыс тәрбиенің маңыздылығына мән берілген.

Иегова куәгерлері – пацифист. Олар кез-келген соғыс, әскери қимыл атаулыға қарсы шығады. Иегова куәгерлері әскер қатары мен қару қолдануды талар ететін жерлерде жұмыс істемейді. Көптеген елдерде олар өз құқықтарын қорғап алған, сондықтан оларды әскер қатарына шақырмайды. Олар өлтіру билігі тек Иегова Құдайға ғана тиісті екеніне сенеді. Егер соғыс басталатындай жағдай болса олар ешкімді өлтірмейді және қолдарына қару ұстамайды. Сол себепті фашистік Германия кезінде Гитлер бірінші кезекте еврейлерді, сосын  Иегова куәгерлерін өлтіруге бұйрық берген. Гитлер сияқты Сталин де олардың сағын чындыруға немесе жоюға тырысқан, алайда қазыр олардың саны Сібір мен Украинада айтарлықтай өсіп отыр (Украинада олардың саны 125 000 адамды құрайды). Қазыргі күнде бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінде 300000 нан аса  Иегова куәгерлері өмір сүреді және олардың саны тұрақты өсіп отырады. Егер олардың іс-әрекетінің барлық сәтін есептейтін болсақ, онда олардың мемлекет пен қоғамға айтарлықтай ықпалы бао деп есептеуге болады.

  1. Мемлекетке қарсы іс-әрекетпен айналыса ма?

Бұны анықтау үшін мемлекеттің мүддесі мен  Иегова куәгерлерінің іс-әрекетін қарастыру керек. КСРО кезінде Қазақстанда да діннің барлық түріне қарсы идеология өмір сүрді. Сондықтан  Иегова куәгерлерінің іс-әрекетіне де тыйым салынды. Мемлекет  бұл топты «азаматтардың ой-санасына ықпал ететін топ» ретінде қарады.

  1. “Иегова куәгерлерінің” Қазақстанда таралуы.

“Иегова куәгерлері” ілімінің Қазақстанда мен Ресейде таралуы әдетте ХІХ ғасырдың соңына сәйкес келеді және бұны діни семинария түлегі Семион Козинцкий есімімен байланыстырады. Ол кездегі патшалық сясаты бөтен ойлаумен, бөтен сеніммен ымырасыз күресте болды. Ч.Т.Рассельдің өзінің Еуропаға және қазыргі Ресейдің оңтүстік-батысында болған кезінде «Біз Ресейден ақиқатты қабылдауға деген ашықтық немесе дайындықты көрмедік» деуі де тегін емес. Сол уақытарда “Сторожевая башня” журналының 1891 жыдғы қыркүйектегі санында Ресейде Рассельдің тұрғындар арасына библиялық ақиқатты таратушы ретіндегі ретіндегі миссионер-сенушілермен маңызды кездесу болғаны жайлы хабар шыққан. Сол уақыттар шамасында кейбір Ресейліктер Солтүстік Америкалық штаттарда болып Күзет Мұнарасы қоғамымен танысқаны туралы да мәлімет бар. Олардың бірі Семион Козинцкий болды. Ресейге келген соң ол Иегова куәгерлері идеяларын уағыздай бастайды. Онысы үшін сотталып, 1892жылы сол кездегі Семей облысы, Өскемен уезінің Бұқтырма селосына өмірлік каторгаға айдалады. 1935ж. өмірінің соңына дейін Семион айналасына шәкірттерін жинап жаңа ілімді белсенді уағыздайды. Олардың көпшілігі қазыр Шығыс Қазақстан облысының әртүрлі аудандарында тұрады.

1956жылы Сібірге, Қиыр Шығысқа, Қазақстанға жер аударылған оларға жұмысқа тұруға, шаруашылық жүргізуге ыңғайлы болды. Климаттың жайлылығы мен бірге маңызы зор фактор – қоныс аударушылар жергілікті жерде өз сеніміндегілерден көмек-қолдау тауып отырды. Олар елдің орталық және оңтүстік-шығыс аудандарында пайда болған (Рудник, Сәтпаев, Қарағанды, Балқаш) алғашқы топ болып саналады. 1963жылы Қостанайда 50дей Иегова куәгері болды. Ал 1964жылы Петропавл қаласында Иегова куәгерлері үйді-үйге уағыз жүргізді. Алайда жергілікті партия ұйымдары мен құқық қорғау органдарының бақылауында болған олар кездесуоерін тыныш өткізе алмады. 1964жылы Таразда Иегова куәгерлері қоғамы құрылды. 1968 жылдан бастап Иегова куәгерлері Қостанай, Целиноград, Рудный, Ақтөбе, Павлодар, Ақсу, Шымкент және басқа да қалаларда уағыз жүргізе бастайды. 1990ж. Дейін Иегова куәгерлері қауымы заңсыз және жартылай заңды негізде жұмыс істейді. Тек 90жылдары олардың іс-әрекетін шектеу жойылады және олар ресми тіркеуден өтеді. 1992 жылы бірінші қауымы, ал 1997 жылы қаңтарда ҚР әділет министрлігінде Иегова куәгерлерінің Діни орталығы тіркеледі. Ол орталық Қазақстанда ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстандағы қауымдарды да бапсқарады. Бұл орталықтың мәліметі бойынша, қазыр Қазақстанда 120дан аса қауым мен топ жұмыс жасайды. Бірақ олардың көбі тіркеуден өтпеген. Сондықтан Иегова куәгерлері Діни орталығының мәліметтері ҚР үкіметі жанындағы діни ұйымдармен байланыс жөніндегі Кеңес Хатшылығымен сәйкес келмейді. “Ежегодник Свидетель Иеговы” мәліметтері бойынша 2001жылы Қазжақстанда 117 қауым саны – 117, уағыз жүргізушілер  – 13280 адам, шоқынған адам саны 1206, пионер 1696 адам болған.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!