Біз жануарлардың мінез-құлқы туралы не білеміз

Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым – этология деп аталады.

(грек – ethos – әдет, мінез) деген мағананы береді. Этология ғылымы 20 ғасырда пайда бола бастады.

Бұл жаңалықты Нобелъ сыйлығының иегері академик И.П.Павлов ашқан. Ол жануарлардың мінез – құлқын жана-жақтылы зерттеді. Қазыргі уақытта этология ғылымымен биология факулътетіндегі Сарбонде, Аксфорде, Англия, Голландия мемлекеттері қатты көңіл бөліп оқытады. Павлов жануарлардың мінез-құлқына генетикалық талдау жүргізген және оның талдау жүргізген бірден-бір жаңалығы осыдан 70 жыл бұрын бүкіл әлемде жануарлардың мінез-құлқы үйретімді, жуас, тыңдағыш болған екен.

“Жануарлар адам секілді бәлкім рахаттылық, қуаныш-қайғы, күйзелу, бақыттылық және бақытсыздықты сезінуге қабілетті” деп Чарлиз Дарвинның еңбектерінде жазылған.

Ағылшын биологі Д. Гексил адам тәрізді маймылдар денемен, сезім ағзаларымен ған қамтамасыз етілген, яғни, адамдарға ұқсас, сонымен қатар қызығушылықтың, ашудың, қауыпсіздіктің, жақындылық, ауырсыну, рахаттылықтың көрсеткіштері бар. Бұл құбылысты кез-келген адам зоопаркте көруі мүмкін, бұл басқада сұтқоректілерге қатысы бар екенін қортындылайды.

Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметті зерттеуде жануарлардың мінез-құлқын бақылау әдісі кең қолданылады.

Этология – жануарлардың мінез-құлқының биологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. “Этология” деген атау грек тілінен алынған мінез-қылық деген мағнаны береді. (адамға байланысты мінез-құлық деп аталынып кеткен). Ал мінез-қылық деп жануарлардың тіршілік ортасы мен қарым – қатынасын қамтамасыз ету үшін атқаратын қыймыл-әрекеттердің жинтығын айтады. Этология зоология мен эволюциялық ілім негізінде пайда болып, физиология, экология, генетика, және мінез-қылық генетикасымен тығыз байланыс түзген. Этология негізінен табиғи туа біткен мінез-қылықтар мен инстинктерді, олардың дамуын зерттейді. Этология мінез-қылықтың туа біткен құрамаларын зерттейді, организмнің түрлі реакцияларының сыртқы көрнісін анықтайды. Ал физиология жануарлардың мінез-қылығын қамтамасыз ететін ми қызметінің жүйкелік механизмін зерттейді. Осымен байланысты бұл екі пән бірін-бірі толықтырып, мінез-қылықтың туа біткен және жүре пайда болған түрлерінің нақты жүйкелік механизмін ашады.

Мінез-қылық түрлері. Мінез-қылыққа және дарақ көрсетілетін кез-келген белсенділік жатады. Мінез-қылықты сипаттау мақсатында Л. В. Крушинский (1960) “Унитарлық реакция және мінез-қылықтың биологиялық түрлері” атты екі түсінікті үсынды.

Унитарлық ( тұтас) реакция шартты және шартсыз рефлекстердің бірігуі негізінде қалыптасатын мінез-қылықтың біртұтас актсы. Бұл акт жеке бейімделу әрекетін қамтамасыз етуге бағытталады. Және мінез-қылықтың қарыпайым бөлшегі болып табылады. Ол белгілі бір үлгімен орындалады. Унитарлық реакция үш компоненттен тұрады:       1.инстинкт немесе әр түрлі күрделілікті шартсыз рефлекстер жиынтығыы  2. үйрену  3. пайымдалу әрекеті.Әрекетті атқару кезінде аталған компоненттердің үлестік ара-қатынастары әр түрлі болып келуі мүмкін. Олардың ішінде шартсыз рефлекстер ұрпақтар жинақтаған тәжрибені пайдалануды, ал үйрену ( шартты рефлекс) және пайымдау әрекеті организмнің нақты жағдайдағы ең тиімді реакциясын қамтамасыз етеді, икемділіктің негізі болып табылады. Жануарлардың мінез-құлқы туа біткен және жүре пайда болған болып екі топқа бөлінеді.

Туа біткен мінез-қылық құрамалары тұқым қуалайды, олар ешбір жаттығусыз, үйретусіз ақ атқарылады. Демек, туа біткен мінез-қылық белгілі бір жағдайда атқарылатын күрделі іс-әрекеттің жинтығы- инстинкт болып табылады. Туа біткен бейімделу әрекетін таксис, рефлекс және инстинкт сяқты реакциялар құрайды. Жүре қалыптасқан әрекеттерге үйрену мен ойлау жатады.

Таксис – төменгі сатыдағы жануарларға тән организм мен сыртқы орта қатынасын қамтамасыз ететін әрекеттің қарапайым түрі.

Рефлекс– бейімделу әрекетінің бір түрі. Бұл жерде шартсыз рефлекстік реакция жануарлар дүниесіндегі бейімделудегідей негізгі құралы ретінде қаралады.

Инстинкт туа біткен мінез-қылықтың жоғарғы күрделі түрі. Ол организмнің ішкі жән сыртқы тітіркендіргіштер өзгерістеріне жауап ретінде тарйхи даму барысында пайда болған мінез-қылықтың әрекеті, түрдің нақты тіршілік жағдайларына бейімделу формасы.

Үйрену– жеке дарақтарда өткен тәжрибені еске түсіре отырып жаңа реакцияларын қалыптастыруға, тиімсіз реакцияларды жоюға  бағытталған  процесс. И.П.Павлов зерттеулерінде сәйкес үйренудің негізінде  шартты  рефлекстердің  қалыптасу механизмі жатады.

Жүре  пайда болған мінез-қылықтың  әрекетінің ең жақсы зерттелген түрі шартты рефлекцтер. Үйрену нәтіижесінде классикалық шартты рефлекс және оперативтік шартты рефлекс қалыптасады. Үйрену нәтіижесінің алғашқы түрінде шартты сигналға жануар шартсыз рефлекстермен, ал екінші түрінде қыймыл-әрекетпен жауап береді. Үйренудің аталған екі түрі де ассоциациялық үйрену(жинақталған тәжірибе) болып табылады, себебі олар мида уақытша байланыстың пайда болыуының нәтіижесінде атқарылады.

Жүре пайда болған мінез-қылық әрекетінің ең күрделі түрі инсаит (зеректік) түсінуге негізделген ақылды әрекеттердің нышаны. Инсаит көбіне жоғары сатыда дамыған приматтарда байқалады. Мысал ретінде, жануарлардың қарапайым құралды пайдалануы, қара құстың тасбақаның қабығын биіктен тастап жаруы т.б келтіруге болады. Үй жануарларында мінез-қылық әрекетінің бірнеше түрі байқалады. Олар метоболистік, конфорттық, қорғаныстық, үйірлік, жыныстық, ұрпақ қорғау зерттеу әрекеттері болып жетіледі.

Қоректік мінез-қылық деп жануарлардың азық іздеп, қабылдап, организмдегі метобалистік гомоестазды  сақтауға бағытталған белсенділігін айтады.

Конфорттық мінез-қылық деп жануарлардың өзіне тиімді тіршілік жағдайын туғыза бағытталған реакциялармен сипатталады. Көбінесе ол дене жылуын реттеу әрекеттерімен (оқшаулану, қолайлы жер іздеу, жылыу түзуді және жылыу бөліуді күшейту не әлсірету) байланысты.

Сақтық мінез-қылық деп енжар (пассивті) және белсенді (активті) болып бөлінеді. Енжар жануарлардың әрекетінсіз, қыймыл-қозғалыс-  тұрып қалыуымен сипатталады.

Бір түлік өкілдерінің үйірдегі (табындағы, отардағы) өзара қатынасын тобырлық мінез-қылық анықтайды. Жануарлардың өзара шайқасуынан кейін топ бастаушылар анықталады. Әлсіз, жасқаншақ, қорқақтар топтан шеттеледі, топта деңгейлік (иерархиялық) үстемдік қалыптасады. Осыған байланысты жәйіліп жүргенде немесе тыныстаған кезде немесе жеке дарақтар арасында белгілі бір алшақтық сақталады, үйір тәртіп пен реттілік сақтап  қозғалады.

Мінез-қлылықтың қалыптасуында бағдарлау реакциялары да маңызды рөл атқарады. Жануарлар белгісіз, бұрын таныс емес беймәлім жағдайға кездескенде жан-жағына қарап, өздерін қоршаған заттарды искелеп, дыбыстарды тыңдап, бағдарлау нәтижесінде белгілі әрекет атқарады.

Сұтқоректілердің нерв системасының, әсіресе миының құрылысы күрделі болады. Мидың дамуына байланысты әр-түрлі жануарлардың да мінез-құлқтарында өзгеше мінез-қылықтар пайда болған. Қоянның мінез-қылығын ит немесе мысықтардың мінез-қылығымен салстырғанда, соңғылардың мінез-қылығының өте күрделі екенін байқауға болады. Салыстырып отырған жануарлардың табиғаттағы тіршілік әрекеті де түрліше. Олардың миының құрлысында да айырмашылықтар бар. Сыртқы жағынан қоянның миы тегіс, ал иттікі қатпарлы болып келеді екен. Жануарлардың “ақылдылығы” осы ми қабатындағы қатпарлардың санына байлансты болатын көрінеді.

Сұтқоректілердің өмірінде олардың тіршілік ететін ортасына сай қалыптасқан қылық-әрекеттерінің негізінде жаңадан қалыптасқан мінез-қылықтарының маңызы зор. Жыртқыштар да өзінің жемін аулайтын белгілі бір жағдайға байланысты қылық-әрекеттерді қалыптастрады. Олар адамды көрсе болғаны бұрыс мінез байқатады. Өзіне әр уақыт жемін беріп, бағып-күтіп жүрген адамға жыртқыштарда үйренеді. Сөйтіп олардың тіршілік-әрекетін өзгерткенде бұрынғы тұрпайылық, жабайылық мінез-қылықтарының кейбіреулері жойылады да, басқа мінез-қылықтары қалыптаса бастайды. Осы кезде көптеген жабайы жануарлар қолға үйретіліп, түрлі жыртқыш аңдар (аю, қабылан, жолбарыс, т.с ) зоопарк, цирк төрінен орын алып жүр.

Ертедегі тәжік ғалымы, философ әрі дәрігер Абу Алъ ибн Сина жануарлардың мінез-қылығының өзгеруінің денсаулығына әсерін көрсету үшін, ол ішінде байлап қойған қасқыр бар бөлмеге дені сау қозыны кіргізіп қойған , әлгі қозы байқұс күннен-күнге аза бастайд, ең соңында ауырып өліп тынады. Бұдан ғалым қатты қорқудың не уайымдаудың әсерінен денсаулықтың бұзылатынын байқаған және дәлелдеген.

Хайуанаттар арасында бір-біріне қайырымдылық, достық қасиеті болады. Жауынан қорғанар қысылтаяң кезде олр бір-біріне қарамайды, тағдырлас достарына сенеді, бір-біріне хабаршы болады. Арқар көбінесе суыр інінің жанында демалғанды ұнатады, ал шақшақай суырдың ескі ініне жұмыртқалайды. Шақшақай да арқар мен суырға үйреніп алған. Егер олардан басқа тірі жан көрінсе болды, ол “шыр” етіп аспанға көтеріліп “сақ болыңдар” дегендей белгі береді. Осы кезде суыр ініне кіріп кетеді, оны сезген арқар да өз жөніне тартып отырады. Ғалым Шушкин хайуанаттар өмірінен көптеген мәлметтер жинақтаған адам. Ол өзінің бір саяхатында солтүстік мұзды мұхит ақ аюы мен тюленнің бір-біріне қайырымдылығын өз көзімен көрген.

Аумағы үйдей тастың үстінде жүрген екі тюленъ көрінеді. Адамдар жақындағанда әлгі екі тюленъ қашып кетеді. Қараса жаңағы тастың асты терең қуыс екен, оған бір ақ аю түсіп кетіпті. Тюленъдер не істер екен деп адамдар тас үстіне ұзын арқанды байлап тастап кетеді. Көп ұзамай олар (тюленъдер) қайтадан келіп арқанды көреді де, оның бос ұшын аюға тастап оны сол қустан шығарып алады.

Құмырсқаның арифметиканы меңгеруі.

Құмырсқаның арифметиканы меңгеріп, есеп шығыра алады дегеніне кім сене алады? Дегенмен құмырсқаның ондай өнері бар көрінеді. Оны ғалымдар тәжірибе арқылы анықтаған. Қажет етсек ол тәжірибені өзіміз – ақ жасай аламыз. Ол үшін біз құмырсқаның илеуін тауып аламыз. Қолыңда қағаздан жасалған үш қорапшаң болсын, оның екеуі кіші, қалған біреуі үлкен болсын. Өзің бақылап түру үшін қағаз қораптың беті ашық болғаны дұрыс. Екі кішкене қорапшаны үлкен қорапшаның екі жағынан жалғастырамыз. Құмырсқа илеуін аздап қопарамыз, одан құмырсқа жұмыртқасын табу қыйын емес. Сол жұмыртқаның 11 талын санап ал да, оның 8 талын бір қорапқа, қалған үш талын бір қорапқа бөліп ажыратыңдар

Бұдан кейін әлгі құмырсқа илеуінен екі құмырсқа ұстап алып, екі қорапқа жібер. Құмырсқалар арылы-берлі жүреді де, бір-бірден жұмыртқаларды тістеп илеуіне тасыйды. Сен бақылаудан жалықпа, аздан соң әлгі барлаушылар кейін қайтады. Бірақ олар өздері ған емес, қастарында ертіп алған нөкерлері бар. Барлығының саны қорапшада қалған жұмыртқаның санымен бірдей болып шығады.

Сонда олар қорапшадағы қалған жұмыртқаның 9 тал екенін қайдан біледі?! Олар жұмыртқа санын біліп қана қойған жоқ, қалған жұмыртқаларды айтып, жеткілікті мөлшерде нөкер әкелугеде илеулерінде іздеп тапты ғой!

Бір қызығы құмырсқалар қайтадын нөкерлерімен оралғанда, қағаз қораптағы жұмыртқа санына қарай тұп-тура қорапшалаға таралады. Санай алмаса мұны құмырсқа қалай біледі?!

Құмырсқаның арифметиканы меңгеруі әліге дейін құпия!

Бақаның қулығы

Бақалардың да үлкені болады екен. Дүние жүзіндегі ең үлкен алып бақа бірінші рет 1906 жылдары Батыс Африка жерінде табылған. Оның ұзындығы 30,3cm ге дейін жетеді. Ал құстармен қоректенетін бақа туралы естімеген боларсыз? Табиғатта ондай жауыз бақалар да бар. Ол Қытайдың оңтүстігінде тіршілік етеді. Бұлар көлбақалар. Құспен қоректенетін көлбақалар тым “ айлакер ” болады. Олар құстарды ауларда ашық жерге шығып алып, шалқасынан түсіп, қозғалмай жатады. Жыртқыш құстар оны өлген екен деп, оңай алданып қалыды. Құстар үстіне қона бергенде “өлексе” оларды бас салады. Бақалар қолына түскен құстарды оңайлақша босата салады екен деме.

Көлбақа жемтікті ала сала суға қарай домалйды. Суға алып түскен жемтігін көлбақа оп-оңан жей береді. Көріп отырғанымыздай бұл бақалардың мінез-қылығы тым жоғары дамыған, тіпті адамдардың ойлау қаблетімен де салыструға болмайды. Тіпті бұл мақұлықтардың мұндай айла жасайтынын ешкім де ойламаған шығар.

Қайта оралған аю

Жануарлардың миының құрылысын тексерген танымал ғалым Б.М.Цветухин аюдың миының құрылысын маймылдың миының құрылысынан кейінгі орынға қойыпты. А.П.Дуров та аюды “ақылды” жануарлар қатарына жатқызған.

Суыққа төзімді полярлық ақ аюлар мықты екен. Олар 80суыққа шыдай алады.

Бір жылы ақ аюлар полиярлық станциялар мен поселкаларға жиы келіп тұратын болған. Өте сақ аңдардың кенеттен адамға деген мұндай құмарлығына полияршылар мынандай себеп айтады.

Ашыққан аюлар ас үйлердің маңына тойыну үшін келеді және де біздің елімзде ақ аюларды атуға тыйым салынғандықтан олар адамнан қорықпайды.

Ақ аюдың бір жанұясы – “Челюски мүйісі” обоерваториясына келеді. Бұл кездесу былай болды. “Кают” компаниясында кино көрсетіп жатқан кезде кенеттен:

  • Терезенің алдында ақ аю жүр,- деген айқай шығады. Шынында

10-15 метр жерде үлкен сарғыш түсті бір аң жүр екен. Ол тіпті адамдарды елең қылмастан-ақ, метал бөлшектерді ойыншықтай домалатып жүр.

Полияршылар вездеходқа отырып, аңға жақындағанда ғана ол қаша жүнеледі. Мұз үстінде екі аяғымен қатар итеніп, конъкий сияқты сырғанайды. Жағалаудан 5 километр жердегі биік мұз шоқының қасына жақындағанда аю тұра қалып адамдарға қарайды. “біраз ойнадық, қой, жетер енді” дегендей.

Қызыл-жасыл нур шашып тұрған мұзды ақырын айналып өткенде, адамдар тағы екі аюды көреді. Біреуі күншуаққа жылынып жатыр екен, ал біреуі жоғары өрлеп барады. Кенет кліт тұра қалып жан-жағына бағдарлап қарады да, асыр салып ойнаған баладай, екі аяғын жазып жіберіп төмен қарай сырғанап түседі.

Бұдан бірнеше жыл бұрын полияршылар тундрадан аюдың баласын тауып алып, полиярға әкелген болатын. Күтіп, бағып, қолдан тамақтандырады, аю өсіп, әлденіп алады. Ол жеті ай бойы адамдардың арасынад тұрады кейін Челюски мүйісіне бір аю келіп оны өзімен бірге ілестіріп солтүстікке алып кетеді. Кешікпей ол екі баласын ертіп қайтадан келеді, бәлкім, адамдарға өзінің жанұясын көрсеткісі келген шығар. Тату-тәтті жанұяның шырқын бұзбас үшін полияршылар ақ алыптармен көршілік ғұрпын сақтап станцияға қайтып келеді.

Жоғары сатыда дамыған сұтқоректі жануарлардың ішінде маймылдардың организмінің құрылысы, мінез-қылықтары күрделі. Олардың үлкендерінің адамға ұқсастығы бар: бетінде түкті жүні жоқ, құлағы, саусағы адамдкімен ұқсас; тұрып жүре алады, қанының топтары да адамға ұқсас болып келеді. Ми қыртысындағы қатпарлар да жақсы дамыған.

Тәжірибелерде иттн маймыл ақылды болып шығыпты. Төрт есігі бар бөлмеге итті қамап тастайды да бір бөлменің есігін ғана ашық қалдырып, қалған үш бөлменің есігін жауып тастайды. Сыртқа исі аңқыған тамақты әкеліп қойылады. Сонда ит төрт есіктің кез-келгеніне жүгіріп, аяғымен, тұмсығымен итеріп қыңсылайды. Ақырнда ашық есікті табады. Келесі жолы ашық есікті жауып тастап, бұрынғы жабық тұрған үш есіктің біреуін ашық қалдырады. Ит алғашқы ашық болған есікке қайтадан жүгіріп барып, қалған есікке баруды ойламайды.

Маймылдарға дәл осындай тәжірибе жасағанда олар алғашында қайсы есіктің ашық екенін біліу үшін төрт есікті кезек-кезек итеріп көреді. Сөйтіп маймылдардың білгіштігі иттерден асып түскен.         Маймылдарды қолға үйретуге жақсы болатын көрінеді.

Рио-де-Жанейронның рестронына келушілерді жақсы киіндірлген күтуші маймылдар қарсы алады. Столға отырған адам жейтін тағамның атын жазып қойса болғаны, оны әлгі маймылдардың біреуі келіп алып кетеді де, тез арада стол үстіне тағамдарды жеткізеді. Қонағымен қоштасарда ол басын иіп, жылы шырай білдіріп қоштасады.

Ал мал бағуды үйренген маймыл жайлы естігендеріңіз барма?

Алла дейтін бір шимпанзе бір отар ешкіні бағады екен. Қожасының айтуына қарағанда Алла екі бақташының жұмысын атқара алатын көрінеді. Ол баққан отардағы ешкілердің бірде-біреуі жоғалмаған .

Бір күні калиниград көшесінің бойымен бір маймыл келе жатады да, аялдамаға тоқтаған трамваиды көріп, оның ішіне кіріп кетеді. Келесі екінші аялдамаға келгенде ол ақырын жайлап түсіп, паркке қарай беттейді.

Үндістанның бенгарулу қаласының тұрғындары күнде тәңертең бір ғажайып көрністің куәсі болады. Қалаға кіре берістегі жолдың жиегіндегі бір ағаштың түбінде күн сайын бір маймыл тұратын көрінеді. Көп ұзамай оның қасына жергілікті жердің бір иті келіп,ол маймылды арқасына мінгізіп алып сағат бойы серуендетеді екен.

Құрылысшы насекомдар – термиттер

Құмырсқаның илеуі, араның үясы құрылыс жағынан қарапайым болғанымен осы құбылыстың өзі ақ кейбір адамдарды – насекомдар ақыл-ой жұмсап еңбек етпей ме екен – деген пікірге оралтады. Ал табиғатта олардан күрделі, сәнді құрылыс жасайтын насекомдар қаншама?! әсіресе, Американың Амазонка өзені жағалауында тіршілік ететін құмдауыт термиттердің салған құрылыстары адамды еріксіз таң қалдырады.

Термиттерді кейде ақ құмырсқалар деп түсінетіндер бар. Бұл қате ұғым, шынында термиттердің ең жақын туысы – тарақандар.

Ірі құрылысты насекомдар – термиттер салады. Қатар-қатар соғылған соқпа там секілді термит ұяларының ені де, биіктігі де, екі метрге дейін жетеді. Ұяның сырты сылақ жүргізілген тәрізді сыртынан бір қабат қалың балшықпен қапталады. Ұяның мықтылығы сондай, тіпті үстіне адам шықсада көтере алады. Термиттер ұясының іші тым күрделі, оны жарып көрсетілген ұяның схемасынан анық көруге болады.

Термиттердің оюшы деп аталатын ерекше түрлері болады. Олар өз ұяларын ағаш діңіне жасайды. Ол үшін термиттер ағаш діңін кеміріп, өздеріне жол салып алады да, діңнің ішіне қажетті бөлмелер әзірлейді. Сондықтан сыртынан қарағанда ағаш болганымен, ішіне келсек ол ағаштың діңінен жасалған қуыс термиттердің ұясы болған.

Термиттердің қай түрі болмасын адамдарды мазалайды, зяанын тигізеді. Әсіресе оюшы термиттерден адам көп зян шегеді. Олар топтанып келіп, жайбарақат отырған елді мекендерге шабуыл жасап, жаулап алатын шақтары да жоқ емес. Ондай жағдай туа қалса, үй жиһаздары, кітаптар, киім-кешектер, ағаш үйлер әп-сәтте көз алдыңнан жоғала береді. Қара термиттердің көздері жақсы көреді. Алайда олар жарықтан қорқады. Олар ұяларынан ымырт түсе ған шығып, түнімен жолында кездескен заттардың бәрін бүлдіреді.

Чертожші қоңыз

Қайыңдар да болатын үлкендігі 4mm ғана қоңыз – ғажап сызушы. Осы ұзын тұмсық “сабаз” қайыңдардың жапрағында жүгіріп жүріп, оны ортасынан бастап екі жақ шетіне дейін шайнап шығады. Сонда ол еш қателеспей геометриялық фигура сызады. Қоңыз фигураны жасап шығуға не бәрі жарты – ақ сағат уақыт жұмсайды. Ал адам осындай фигураны алғаш жасағанда бірнеше сағат уақыт жібереді. Осының соңында қиылған жапрақтың бөліктерін бір-біріне орап жабыстрады да, кішкентай түтік жасап алады. Бірақ қоңыздың шапшаңдығы түтік жасауда баяулайды. Түтік ішіне ұрғашы қоңыз өзінің 3 – 4 тал жұмыртқасын салып қояды.

Хайуанаттар жанар таудың атқылайтынын да жақсы біледі.   1966 жылы Ташкентте болған алғашқы жер сілкінер кездің алдында бүкіл қала иттері азан – қазан үре бастаған. Бір адамның мысығы түн ішінде кішкентай балаларын үй иесінің қасына тысып, оны мазалап оятқан. Қаланың қатты апатқа ұшыраған жерінде тұратын Олег деген кісі Ташкент тұрғынының бір топ көгершіні, ал кейбір үйдің бір топ тотылары жер сілкінер алдындағы түнде бірі де қалмай ұясынан ұшып шығып, үй шатырына барып қонғанын және ол әрекеттерін әрбір жер сілкінер алдында жаңылмай қайталап жүргенін айтады. Мұндай адамды таң қалдыратын жәйттерге дүнйенің барлық жерінде куа бола аласыз.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!