Жалпы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына сипаттама

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының көп түрлі ұйымдастырылған формалары кездеседі. Осыған байланысты олардың жіктемесі туындайды.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының келесідей типтерін бөледі: ресторан, бар, кафе, жеңіл асхана, асхана.

Кәсіпорындардың әртүрлі типтерінің арасындағы негізгі айырмашылықты қарастырайық.

Ресторан – фирмалық және заказ, сусын, арақ-шарап, темекі және кондитерлік өнімдерді қосқанда, дайындалуы күрделі тағамдардың кең ассортименттерінен тұратын, қызмет көрсетудің ең жоғарғы деңгейі бар қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын айтады.

Бар – кондитерлік және нан өнімдерімен, сатып алу тауарымен, десерт, жеңіл тамақ, аралас, күшті, әлсіз алкогольды, алкогольсыз сусындарды таратумен айналысатын, бар үлдірігі (стойка) бар кәсіпорын.

Кафе – тұтынушыларға ресторан өнімдерінің ассортиментімен салыстырғанда шектелген тамақтандырумен демалуды ұйымдастырады. Ол фирмалың және заказ тағамдарды, өнім және сусын таратумен ерекшеленеді.

Асхана — әртүрлі күнделікті дайындайтын және тарататын, белгіленген тұтынушылар контингентіне қызмет ететін кәсіпорын.

Жеңіл асхана – тұтынушыларға тез қызмет көрсетуге бағытталған, тез белгілі шикізат түрлерінен дайындалатын, шектелген тағам түрлерімен ерекшеленеді.

Кәсіпорын типтерін анықтауда келесі факторлар қарастырылады: өнімдер ассортименті, оның әртүрлігімен дайындау күрделілігі, техникамен жабдықталғандығы, қызмет көрсету сапасы, тұтынушыларға ұсынылған қызмет номенклатурасы.

Сонымен, ресторан және барлар қызмет көрсету деңгейімен ұсынылған қызмет номенклатурасы бойынша үш классқа бөлінеді: люкс, жоғарғы және бірінші кластар және олар келесідей талаптарға сәйкес келуі керек.

  • «Люкс» — интерьер сыпайылығы, жабдықталғандықтың ең жоғағы деңгейі, қызмет көрсетудің кең таңдауы, оригинальды, фирмалық және заказ тағамдарының ассортименті, ресторандар үшін өнімдер, сусындардың кең таңдауы, бар үшін-коктейль.
  • «Жоғарғы класс» — интерьер тартымдылығы, қызмет таңдау жабдықталғандығы әртүрлі оригиналды, таңдаулы фирмалық және заказ сусындарының кең таңдауы және барлар үшін-коктейль.
  • «Бірінші класс» — үйлесімділік, ыңғайлылық және қызмет таңдау, әртүрлі фирмалық тағамдар ассортименті, ресторандар үшін күрделі дайындаудан өтетін сусындар.

Жалпыға бірдей қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары белгіленген контингентке байланыссыз, қала халқына қызмет көрсету үшін бағытталған. Олар әртүрлі тағамдардың ассортименті бойынша маманданған, тек тамақ қабылдау үшін ғана емес, сонымен бірге демалуға бағытталған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары. Жалпыға бірдей қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары тұрғылықты жерге байланысты орналасып, қонақ үйлер ішінде, қоғамдық – сауда орталығында, автожолдарда, жеке орналасқан демалу зоналарында, қоғамдық мекемелерде орналасқан. Сонымен бірге, нақты контигент жұмысшылар, студентер.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын басқару процесі.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын басқару процесін олардың алдына қойылған мақсаттарына жетуге бағытталған шаралар мен іс-әрекеттердің өзара қактынастар жиынтығы деп көрсетуге болады. Осы мақсатқа жету тек жоғары сападағы өнімдер өндірісімен қамтамасыз етумен және жоғары деңгейдегі қызмет ету тиімді ресурстар пайдаланумен байланысты емес, ол басқаратын адамның іскерлігіне де байланысты.