Ғылыми-техникалық революция және өндіргіш күштердің орналасуы

 Адамзат өркениетінің дамуына ілесетін ғылыми-техникалық прогрестен өзгеше ғылыми- техникалық революция дегеніміз – ғылым мен техниканың дамуында қоғамның өндіргіш күштерін түбірімен өзгертетін сапалық күрт ілгерілеу болатын уақыт кезеңі .

ҒТР басталуы шамамен ХХ ғасырдың орта тұсы . Оны сипаттайтын нышандар өте-мөте сан алуан және ҒТР- дің барлық құрамдастарына: ғылымға , техника мен технологияға , өндіріске , басқаруға қатысты .

ҒТР- дің ең басты әрі айқындаушы нышаны ғылымның ерекше қауырт дамуы, оның тікелей өндіргіш күшке айналуы болып табылады . Қазіргі заманғы ғылыми ашылыстар индустриясына , техниканы дамытудың қуатты көтермелеушісіне айналды .

Жапонияның ҒТР жетістіктен өнеркәсіпке енгізудегі жалпы әлем таныған табыстары білім беру жүйесінің тамаша ұйымдастырылуымен , бұл жүйеге көп қаржы жұмсалуымен тікелей байланысты .Бұл елде ірі-ірі ғылыми – зерттеу және тәжірбиелік- констукторлық талдамалар жүргізетін 450 университет бар .

ҒЗТКТ-ге жұмсалатын қаражат ҒТР дәуірінде өте маңызды экономикалық көрсеткішке айналып келеді . Мұндай қаражаттың 85 пайызы өнеркәсібі дамыған басты елдерге келеді : АҚШ , Жапония , ГФР , Франция және Ұлыбритания . Бұл орайда АҚШ-та ҒЗТКТ-ге жұмсалатын қаражат Батыс Еуропа елдері мен Жапонияның жұмсайтын қаражаттарының бәрін қосқандағы шамалас және Ресейдің мұнай қаражатынан бірнеше есе асып түседі . Өндірістің техникалық деңгейінің бірқатар көрсеткіштерінің Батыстың дамыған елдерінде анағұрлым жоғары болуының себебі осы .Қазақстан экономикасын ҒТР талаптарының деңгейіне көтеру үшін ғылым мен техниканың дамуын жеделдету тұрғысында шешуші шаралар қолдану қажет болатыны сондықтан .

Қазіргі ғылыми- техникалық революцияның аса маңызды екінші нышанына өндірістің техникалық базасындағы түбірлі өзгерістер болып табылады .Бұл орайда электронды- есептеу техникасы мен роботтардың кеңінен қолданылуы , мүлдем жаңа химиялық материалдардың шығуы , энергияның жаңа түрлері мен негіздерінің ашылып , пайдалануы туралы айтылып отыр .

Өткен ғасырдағы өнеркәсіптік революцияның бастама «буыны» бу машинасы болса , қазіргі ҒТР-дің бастама «буыны» ЭЕМ болып отыр .

«Микроэлектрондық революция» қазіргі заманғы дүниеде еңбек ең көп жұмсалатын әрі қауіпті өндірістерде пайданылатын роботтарды көптеп қолдануда айқын көрініп отыр .

Техниканың революциялық жаңаруымен қатарласа технология өзгеріп отыр . Қасиеттері күн ілгері белгілі заттар , химиялық синтездің энергиясы , аса жоғары температуралар мен жоғары қысымда жүзеге асатын процестер , лазерлік техника кеңінен пайдалануда .

ҒТР дәуірінде қазіргі заманға өндірісті басқару проблемасы ерекше маңызды болып отыр . Ол адам айтқысыз күрделіленіп , арнаулы даярлықты керек ететін болды . «Аполлон» бағдарламасын  жүзеге асыру кезінде үйлесімді ретпен жұмыс м істеуге тиіс болған 26000 әр түрлі фирма қатысты .

Белгілі бір елдегі ҒТР-дің жайы қандай екенін әдетте өнімді өнеркәсіптік өндіруде ғылым көп пайдаланылатын өнімнің үлесі қандай екеніне қарап ажыратады . Мұндай өнімдерді прибор жасау , электротехникалық машина жасау , авиағарыштық өнеркәсіп және т.б. салалар шығарады .

Ғылым көп пайдаланылған өнім дамыған елдердің сыртқы саудасында барған сайын үлкен роль атқарып  келеді . Бұл орайда осы өнім экспортының 90 пайызынан астамы АҚШ , Жапония ,ГФР , Франция , Италия , Ұлыбритания елдерінің үлесінде . Еліміздің алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі экспортымызда нақ осы ғылым көп пайдаланылатын өнімнің үлес салмағын арттыру .

ҒТР – дің ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымында елеулі өзгерістер болып жатыр . Әлемнің жетекші елдерінің ғасырлар бойғы күш-қуатының тірегі болып келген кейбір салалардың рольдері төмендеп барады , ал ғылым көп пайдаланылатын өнімдер шығаратын жоғары технологиялық енді бір салалар өрлей дамуда .