Гипотрофиясы бар балалардың тамақтануын,емін бақылау және күтімін ұйымдастыру

Баланың антропометриялық көрсеткіштерін қалпына келтіру,асқынуларын болдырмау.

Медбикенің іс-әрекет жоспары Түсініктеме

 

1.Ауру жөнінде туыстарына хабарлау. – туыстары ол туралы білуге құқылы.
2.Баланың тамақ рационындағы ақуыз,май,көмірсуды реттеу-ді ұйымдастыру. – Гипотрофияның себебі- дұрыс тамақтанбау- балада ақуыз,май,көмірсу жетіспеу-шілігі дамиды.
3.Баланы қосымша сұйықтық енгізумен қамтамасыз ету. – Эксикоз дамуының алдын алады.
4.Гипотрофияның дәрежесіне байланысты та-мақ көлемін бірте-бірте көбейту. -Тағамды қорыту қиындайды.
5.Баланың күн тәртібін ұйымдастыру және қадағалау -Күн тәртібі уақытымен тағам қабылдауына көмектеседі,нәтижесінде тағам жақсы сіңеді.

-уақтылы ұйқыны қалыптастырады,ол организмнің қорғаныс факторын жоғарылатады.

6. Балаға белсенді қозғалыс режимін ұйымдастыру. -Өкпеде іркіліс көріністері дамымайды.
7.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алуға байланысты шаралар жүргізу. – гипотрофия екіншілік иммунодефициттің дамуына байланысты қолайлы жағдай болып есептелінбейді
8.Туыстарын баланың жасына байланысты массаж,гимнастика жүргі-

зуге үйрету.

-Бұлшық ет гипотониясының дамуының алдын алады.

-Массаж,гимнастика организмді нығайтады,иммунитеттің жоғарылауына көмектеседі.

 

Рахит кезінде балаларды бақылау және күту.

Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. Түсініктеме.
1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. -Туыстары мәлімет алуға құқылы

-Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді.

2.Баланы толыққанды тамақтандыру,олардың құрамында міндетті түрде витаминге (әсіресе Д),кальцийге бай тағамдардың болуын қадағалау. -Рахит-бұл көп мөлшерде Д витамині жетіспейтін полигиповитаминоз. Бала организмінде кальцийдің төмендеуі байқалады.
3. баланың таза ауада ағаш көлеңкесінде ұзақ уақыт болуын қадағалау. -УКС әсерінен бала терісінде Д витаминінің түзілуі жүреді.

-Ағаш көлеңкесі инфрақызыл сәулені ұстап қалады және баланы қызып кетуден сақтайды.

4. балаға күнделікті массаж бен гимнастиканың өткізілуін ұйымдастыру. -Рахит кезінде бұлшық ет гипотониясы байқалады.
5.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алу. -Рахит қолайсыз преморбидті жағдай.

 

Спазмофилия кезінде балаларды бақылау және күту.

Мақсаты:Баладағы тырысудың дамуын болдырмау.

Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. Түсініктеме.
1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. -Туыстары мәлімет алуға құқылы

-Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді.

2. құрамында кальций жоғары тағамдармен қамтамасыз ету. -Спазмофилияның даму негізінде кальций жетіспеушілік жатыр.
3. Тағам рационынан сиыр сүтін алып тастау. -Сиыр сүтін қабылдағанда кальцийдің ішекке сіңірілуі бұзылады.
4. Ерекше режим жасау керек. -Кез келген тітіркендіргіш фактор тырысуға әкелуі мүмкін.
5.Рахитпен күрес жүргізу керек. -Спазмофилия – рахиттік тетания,яғни рахит болмаса спазмофилия да болмайды.

 

Спазмофилиямен ауыратын науқастарға ларингоспазм және тырысу кезінде жедел көмек көрсету. 

Ларингоспазм кезіндегі жедел көмек.

   Этап

 түсініктеме Дозалары
1.Жазық,қатты жерге баланы жатқызу. – жүрек соғысы тоқтауы мүмкін,ол реанимациялық шараларды қажет етеді.  
2. қысатын киімдерін шешу. – өкпе экскурсиясын жеңілдету үшін.  
3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. – оттегі жетіспеушілігі дамиды.  
4. Тыныштық жағдайды қалыптастыру. – Кез келген тітіркендіргіш тырысудың қайталануына әкелуі мүмкін.  
5.Баланың бетіне,денесіне суық су шашу немесе мұрынның шырышты қабатын тітіркендіру.(мақта шиыршығымен қытықтау,нашатыр спиртін иіскету немесе шпателмен тілдің түбірін басу.) – Спазмды рефлекторлы жою.  
6.Тамыр ішіне кальций глюконатын енгізу. – Спазмофилияның себебі – гипокальциемия. 1,0 мл/жыл
7.Егер ешқандай әсер болмаса интубация н/е трахеотомия жасау. – Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету.  
8.Жүрек тоқтаса – жүрекке тікелей емес массаж жасау. – Реанимациялық шара.  
9.Тынысы қалыптасқан соң оттегі терапиясын жүргізу. – Ларингоспазм нәтижесінде гипоксия дамиды.  

 

Тырысу кезіндегі жедел көмек.

   Этап

 түсініктеме Дозалары
1.Жазық,жұмсақ жерге баланы жатқызып,айналасындағы зақымдайтын заттарды алып тастау. – Жарақаттың алдын алу.  
2. қысатын киімдерін шешу. – өкпе экскурсиясын жеңілдету үшін.  
3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету. – Тырысу кезінде оттегіге қажеттілік жоғарылайды.  
4. Азу тістерінің арасына мақтаменн/е дәкемен оралған шпатель қоямыз. – Тілін тістеп алмауы үшін.  
5.Бұлшық етке н/етамыр ішіне реланниум(седуксен),н/е дроперидол немесе 25% күкірт қышқылды магнезия ерітіндісін н/еГАМҚ енгізу керек. –     ОЖЖ қозғыштығын тежейді.

–    ГАМҚгипоксияға мидың төзімділігін жоғарылатады.

0,1 мл/жыл

 

0,1-0,2мл/жыл

0,1-0,2 мл/жыл

50-100 мл/кг(1мл=200 мг.)

6.Оттегі терапиясын жүргізу. – Гипоксия нәтижесінде тырысу дамиды. 1,0 мл/жыл
7.Тырысудың себебін анықтап,оны жою. – Тырысу – симптом.оны шақыратын себебі болса,ол қайталана береді