Мектептегі музыканы оқытуды ұйымдастыру формалары

Мектептегі оқытуды ұйымдастыру формалары педагогика тарихында ең пікір таласты проблема болып келеді. С. И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «форма — белгілі бір мазмұнымен шарттасатын түр, ұйымдастыру, құру, тип, құрылым, түзіліс» деп пайымдалса, философиялық энциклопедияда бұл термин «мазмұнның іштей ұйымдастырылуы» — деп айтылған. Осыдан кейін оқытуға келсек, форма — ол оқыту процесінің арнайы түзілімі. Бұл түзілім оқу процесінің мазмұнына, әдістеріне, тәсілдері мен құралдарына, оқушылардың іс-әрекет етуіне байланысты сипат алады. Яки оқытудың осындай түзілімі оқу материалын меңгеру барысындағы мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінде көрінеді. Олай болса, оқыту формасы деп — белгілі бір оқу материалын және іс-әрекет ету амалдарын меңгеруде мұғалім мен оқушының өзара әрекет етуінде жүзеге асырылатын оқыту процесі бөліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз

Оқытуды ұйымдастыру формалары дидактика саласында түрлі өлшемдерге байланысты былайша жүйеге келтірілген:

  1. Оқушылардың саны;
  2. Оқу орны;
  3. Оқыту дәрістерінің ұзақтығы.

Оқушылардың санына байланысты көпшілік, ұжымдық, топтық, микротоптық, жеке оқыту формалары; оқыту орны бойынша мектептегі (сабақта, шеберханада, тәжірибелік учаскеде, лабораторияларда және т.б.), мектептен тыс (экскурсиялар, мекемелердегі сабақтар, үйдегі өздік жұмыстар және т.б.); ұзақтығына байланысты классикалық сабақ (45 минут), қосарлы сабақ (90 минут); қысқартылған қосарлы сабақ (70 минут) және бастауыш сыныптарда қолданылатын «қоңыраусыз» еркін созылатын сабақтар болып бөлінеді [1, 56 –б.].

Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сәйкессабақтыөткізудің түрліжолдарықарастырылып,оны жетілдіруде көптеген ізденістер жүзеге асырылды. Сабақты ұйымдастыруда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу және т.б. проблемалар бойынша ғылыми ізденістер жүргізіліп жатыр екен.

Әрбір тарихи кезеңде қоғам дамуының ерекшеліктері оқытуды ұйымдастыру ісінде өз таңбасын қалдырып отырады екен. Сол сияқты музыка сабақтарында белгілі бір оқу міндеттерін шешуге байланысты әр қилы ұсыныстар мен тәжірибелер қолданысқа енгізіліп отырады. Мәселен, Д. Б. Кабалевскийдің бағдарламасы пайда болғанға дейін музыка сабағы иегізгі үш бөліктен: ән салу, музыка тыңдау, музыка сауатынан құрастырылатын.

Музыкасабақтарыныңқұрылымынжасауғаүлкенүлес қосқандардың бірі — Б. Л. Яворский. Олізденіс барысында бір-бірінен ажырамас бірлікте және толықтырып отыратын музыкалық іс-әрекеттердің: музыка тыңдау, хормен ән салу, музыка ырғағымен қозғалу сияқты үш түрінқарастырды. Б. Яворскийдің эксперименттіжұмысыныңтиімділігісонда,ол балалардың шығармашылықбастауларының көзін ашу, шығармашыл іс-әрекеттердіңжаңатүрінтуындатуғабағытталғанмузыканы қабылдаудыбелсендірудіңсантүрліформаларыніздестірді. Б.Яворский бала психикасындағы табиғаттан берілген көружәнесенсо-моторлықтүйсікерекшеліктерін жан-жақты ескеруді ұсынды. Сөйтіп, музыка сабағыныңқұрылымына музыкалық сауат бөлімін енгізеді.

Музыка сабағының құрылымын жетілдіруге Н.Я. Брюсова жәнеВ.Н. Шацкая өз үлестерін қосты. Олар хормен ән салу, музыка тындау, музыкалык сауат ашу сияқты музыкалық іс-әрекеттердің сабақ мазмұнында сақталуын қарастырды.

Әрине ән-күй сабақтарын ұйымдастыру жөніндегі теориялық көзқарастардың мәні зор болды. Осы көзқарастар музыка пәнінің жаңа бағдарламасында қарастырылған ән-күй пәнінің тұтастығы мен оның үш басты іс-әрекеттерге (музыка тыңдау, хормен ән салу, музыкалықсауаташу)бөлініпұйымдастырылуыapaсындағы қарама-қайшылықтарды жеңуге жол сілтеді.

Сонымен, музыка сабақтары мектептегі өзге пәндермен ортақ
белгілерін сақтай отырып, өзіндік ерекшеліктерін сақтауы тиіс болды.
Осындай ерекшелік, біріншіден, оқу материалы; екіншіден,
оқушының танымдық, сондай-ақ жалпы және арнайы қабілеттерінің
дамуы; үшіншіден, оқыту әдістері; төртіншіден, қолданылатын
техникалық құралдар; бесіншіден, музыка пәні мұғалімінің
тұлғалық, кәсіптік мүмкіндіктері арқылы көрініс табады.

«Педагогикалық режиссура» — аяқталған дидактикалық циклдық иемесе қолданылатын форманың көлемінде белгілі бір педагогикалық процестің көркемдік бірлігін танытатын үйлесімді тұтастықты жасау өнері ретінде түсіндіріледі (Н. А. Батышев) [2, 189-б ].

Музыка сабағы — музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы болды. Оның мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа да оқу пәндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-педагогикалық даярлығын,оқушылардыңпедагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа үлгілерін іздестіруді, сөйтіп музыка сабақтарын оқыту тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.

Музыка пәні мұғалімінің сабақтарды өткізуге даярлығы басты екі кезеңнен, яки оқу пәнін жүргізудегі жалпы және әрбір жеке сабақты өткізуге даярлығынан болады.

Жалпы даярлық кезінде мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, қарым-қатынасын, бейімділіктерін және музыкалық даму деңгейлерін зерттейді. Келесі ретте музыка пәнінің оқу бағдарламасының, оқу материалының мазмұнын, пәннің білімділік, тәлім-тәрбиелік маңызын анықтайды. Соның негізінде бағдарламадағы оқу материалдарымен жұмыстарды жарты жылдықтарға топтастырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрады.Ондай жоспардықұруда міндетті түрде оқу процесін ұйымдастыру формалары (экскурсия, семинарлар, практикалық сабақтар және т.б.) және білім, іскерлік, дағды қалыптастыру немесе бақылау, түзету жалпылау сиякты сабақ түрлері алдын ала ескеріледі. Сондай-ақ оқу-техникалық базасының (оқу кабинеті, кернекіліктер, көру-есту құралдары, музыкалық аспаптар және т.б.) жағдайы да есепке алынады.

Музыка пәні мұғалімінің әрбір жеке сабаққа даярлығы да едәуір ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл жұмыстың алғашқы кезеңінде оқу материалының мазмұны ойластырылады. Әрине, мұғалім тек бағдарламада қарастырылған оқу материалымен шектелмей, оқулықтарда, көмекші құралдарда берілген дидактикалық материалдарды мейлінше терең меңгеруі тиіс және оқушылардың музыкалық тәлім-тәрбиесін жетілдірудің тиімді жолдарын таба білуі керек.

Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда бірізділікпен жоспарланған тақырыптардың білімділік, тәрбиелік мақсаттары, кысқаша мазмұны, сабақтың түрі, әдістері, қолданылатын көрнекіліктері, оқушылардын өз бетімен орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау және тексеру формасы, әр тақырыптың өтілетін мерзімі болып табылады.

Музыка пәні мұғалімі сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен оқушылар белгілі бір тақырыпты зерттеу барысында, яки есте сақтау, білу (ережелер, уақиғалар, музыкалық материалдың мазмұны және т.б.), оқу дағдылары (музыкалық шығармаларды орындау, тыңдау, музыка сауаты және т.б.) және алған білімдерін түрлі ситуацияларда қолдану сияқты нәтижелерге қол жеткізуі керектігін нақтылап белгілеп алғаны жөн.

Жеке сабақтарды ұйымдастыру күнтізбелік-тақырыптық жоспардың негізінде жүзеге асырылады. Тақырыпқа байланысты сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары анықталады, сабақтың типі және құрылымы ойластырылады.

Сабақ жоспары мұғалімінің сабақты ұйымдастыруына, жүргізуіне көмектеседі. Әсіресе, қызметін жаңа бастаған оқытушылар сабақтың мазмұны, оқыту әдіс-тәсілдері нақтылы белгіленген конспекті дайындағаны дұрыс. Ал бірінші тәжірибе жннақталғаннан кейін сабақ жоспарын өте-мөте мәнді қағидалар ғана көрсетілген қысқаша ғана тезис түрінде дайындауға болады. Қандай сабақ жоспары болмасын, оларда сабақтың өтілуі мерзімі, міндеттері, қолданылытын қосымша жабдықтар көрсетіледі. Бұдан әрі сабақтың барысында оның кезеңдері, оқушының оқу мотивтері, әдіс-тәсілдері, мазмұны мен формалары, туындайтын сұрақтар мен жауаптар, тапсырмалар, тексеру мен тузетулер, үй тапсырмаларының мазмұны, оған берілетін нұсқаулар қарастырылады.

Оқытудың нәтижелерін бақылау мен тексеру оқыту процесінің міндетті компоненттерінің бірінен саналады. Оның мәні пән бойынша оқушылардың меңгерген білім деңгейлерінің білім стандартына сәйкес құрылған бағдарламалық талаптарға сай болуын анықтау болып табылады. Дидактика саласында оқу жетістіктерін бақылау, баға берудің дәстүрлі түрлері: алдын ала бақылау; ағымдағы бақылау; қорытынды бақылау. Кейінгі кезде оқыту процесінде осы жүмысты тиімділікпен жүзеге асыруда «педагогикалық диагностика» термині жиі қолданылып жүр.

  1. Алдын ала тексеріс (бағалау): мұғалімнің сабақты өткізуге дайындалған жоспары, материалдары қаралады және түсіндірудің, бекітудің, оқушылардың өздік жұмыстарының тәсілдері, әдісі, формалары жөнінде әңгімелесу жүргізіледі.
  2. Ағымдағы тексеріс: сабақтардың жүргізілу барысы тікелей бақыланады, оқушылардың білімі, дағдыларының денгейі, оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау сапасы тексеріледі. Бұндай тексерудің барысында окушылардың ұжымдық, топпен бірге және жеке орындайтын музыкалық іс-әрекеттері есепке алынады.
  3. Қорытынды тексеріс: жарты жылдықта немесе оқу жылының
    аяғында оқушыларға білім мен тәрбие беру жұмыстарының нәтижелері сарапталады. Оларды сабақ-концерт түрінде өткізуге болады. Себебі музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттер негізінен ұжымдық түрде жүзеге асырылағындықтан, тексеруді де ұжымдық формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар [3, 111 — б].

Бұдан басқа тексерудің жеке немесе фронтальды сұрақ-жауап түріндегі формасы пайдаланылады. Сонымен қатар музыкалық іс-әрекеттердің өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың білімін музыкалық шығарма орындау процесіне бақылау жүргізу арқылы қорытындылауға болады. Сондай-ақ, өнер пәні ретінде музыка сабағының ең маңызды қызметі оқушылардың белсенділігін қолдау, ынталандыру екендігін есте ұстаған жөн. Осыған орай баға берудекөңілқалдырарлықтымқаталескертулержасамай, керісінше, олардың музыка өнеріне деген жағымды, эмоционалдық қарым-қатынасын қалыптастыруға бағыттай білу керек.

Резюме

Организовать преподавания музыки в школе является основной формой организации учебного процесса музыки. Его цель, обязательство,содержания и методы помогают определить тип и структуру урока музыки, формы организовать преподавание музыки в школе является особая структура учебного процесса.

Summary

The organize of music`s teaching at school is the main form of organize teaching process of music. Its aim, obligation, con tents and methods help to define the types and structure of music lesson. The forms of organization of music teaching at school is the special structure of teaching process.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әденбаев С. Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы: Дарын, 2000 ж.
  2. Ахметова А.Қ. Мектептегі музыка сабағын оқыту принцптері. Алматы: “Полиграфия-сервис и К”. 2002 ж.
  3. Дүйсембінова Р.Қ. “Музыкалық білім беру педагогикасы” – Талдықорған: 2001 ж.