БАНК ІСІНДЕГІ БӘСЕКЕ

Әдетте   бәсеке  деп  белгілі  бір  нарықтағы  заңды  тұлғалар  арасындағы  қарсылықтықты  айтады.  Теориға  сәйкес  ол – қарсыластың  сол  нарықтағы  сатып  алушылар   мен  сатушлардың  санына,  сондай – ақ  олардың  операцияларының  ауқымына  байланысты  анықталады.  Егер  де  біз  банктік  бәсеке  туралы  айтсақ,  онда  оның  еркін  нарықтағы   бірқатар  белгілерін   қарастыруға  болады.

Бірінші  белгісі – капиталдар  нарығында  қаржылай  қызмет  көрсететін   көптеген  қаржылық  институттардың   болуы.

Екіші  белгісі – әрбір  нарыққа  қатысушыларда  толық  ақпарыттар   көлемінің  болуы.  Онсыз  ол  әрекетін  дұрыс  таңдай  алмайды.

Үшінші  белгісі – барлық  қатысушылардың  нарыққа  шығарылатын  қаржылық  өнімдерінің (депозиттер, несиелер және  басқа  да  қызметтер)  бырыңғайлығы.

Төртінші  белгісі – ешбір  қатысушы  басқа  қатысушылардың  қабылдаған  шешімдеріне  ықпал  ете  алмайды.  Бәсекелестік  кез  келген   істе  керек  және   ол  еркін  нарықта  тиімді.  Бәсекелестік  бар  жерде  кез  келген   қызмет  тиімді  болады,  өнімге  немесе  қызметке  деген   баға  төмен  және  тұтынушыларға   тиімді. Осыған  байланысты  банктік  капиталы  неғұрлым  мол  шоғырланған   ақша  нарығындағы  қарыздар   бойынша  пайыздар,  аз  шоғырланған  нарыққа  қарағанда   жоғары  болуы  тиіс,  сөйтіп  тиісінше  банктің  табысы  да  соғұрлым  жоғары  болады  деген  қорытынды  туады.  Әйтсе  де,  банк  ісіндегі  бәсекелестікті  зерттеу  нәтижесі  мұндай  болжамдардың  болу  мүмкіндігін  сөзсіз  құптамайды.

Зерттеулердің  біреуі  банктердің  көп   болған  сайын  пайыз  деңнейі  соған  сәйкес  төмендейтінін  көрсетсе,  басқалары – керісінше,  яғни  банктердің   шоғырлануымен  несие  үшін  пайыздық   мөлшерлеме  деңгейі  арасындағы  байланыс  әлсіз  екенін  көрсетеді.

Тәжірибеде  ірі  банктер  майдаларға  қарағанда  жинақ   салымдары  бойынша   жоғарырақ   пайыз  төлейді,  қарыз  бойынша  төменірек  пайыз  алады.

Ірі  банктердің  ірі  клиенттерге   қарыз  беруі  кішігірім   банктердің  ұсақ – түйек  қарыз  берулеріне  қарағанда  азырақ  тәуекелге  барып,  әрі  елеусіз  шығындар   жұмсауымен  байланысты  болады.  Сонымен  қатар,  ірі  банктерде  мерзімді  салымдардың  салмақты  бөлігі  ірі   депозиттік  сертификат  нысанында   болып  табылады,  олар  бойынша  басқарушылық  шығындар  көлемі  шамалы  және  салыстырмалы  түрде  жоғары  пайыздар  төлейді.  Ірі  банктер  ынталылырақ  болады  және  олар  банк  қызметінің  жаңа  салаларында  жаңашылдар   болып  шығады  өз  активтерінің  көп  бөлігін  несиелік  операцияларға   бағаттайды.

Әлемдік   банктік  индустрия  60 – жылдаржың  соңынан  бастап  біршама  өзгерістерді  басынан  өткізді.  70 – 80  жылдары  белсенділік  көрсеткен  бәсекелестік  бірқатар  фактоарлармен  шарттастырылады.

Біріншіден,  банктік  индустрия  интернационалдану   тенденциясына   ие  болды.  Бұл  шетелдік  бәсесекелестік  нарықтарға  өзара  енуіне  әкелді,  нәтижесінде  жалпы  нарықта   ерекше  көрінген   ақшалай  банктермен  болады.  Осында  пайда  болған   шетелдік  банктер  жаңа  банктік  қызметтер,  жаңа  мәдениет т.б. тәрізді  клиенттердің  сұраныстардың  қанағаттандыруға  қатысы  қызметтердің   түрлерін  өздерімен  бірге  ала   келді.

Екіншіден,  салымдардың  салықтық  жүйесін  өзгертетін  дәстүрлі  капиталдардың  жаңа   нарықтары  ашылды. Бануктердің  пассивтерінің   үлкен   бөлігі  дамып  келе  жатқан  банкаралық  нарық,  бағалы  қағаздардың    әр  түрлерін   шығару  мен  сатудың   және  сол  сияқтылардың  арқасында   басқа  банктердің  қаражаттары  есебіне   құрыла  бастады.

Үшішіден,  банктік  индустрия  оны  банктік  заңылықтар  тарапынан  тежеуге   қарамастан   көптеген  елдерде  диверсификациялана  бастады.  Банктер – банкткік  емес  операциялар  сферасына  еніп,  маңызы  боынша  әмбебап   несиелік  мекемелер  болды.  Банктедің  бөлек  типтері  арасындағы  шекараның  қойылуы – банктер  арасында  ақпал  ету  сферасы  үшін  бәсекелестікті  нығайтты.

Төртіншіден,  өткір  бәсекелестіктің  көрінісінің  бірі  болып   ақша  нарығына  жұмыс  істеп  қаржылық   мекелердің   акцияларын   құру,  не  сатып  алу   жолымен  өзіне  жаңа  несиелік  және  есеп  айырушылық,  инвестициялық,  т.б.  операцияларды  игерген  банктік  емес  қаржылық – несиелік  мекемелер  мен  ірі  қаржылық  корплрацяладың   басып  кіруін  атауға  болады.

Бесіншіден,  бәсекелестік  банктік  қызметтегі  жеке  тұлғаларға  қызмет  көрсету  бойынша  да  өсе  түсті.  Жинақ  және  қарыдық   банктердің   ынтасы  бойынша  жүргізілетін  салымшылардың  қаражаттарын  тиімді  тарту  олардың  коммерцичлық  банктермен  бәсекелетігін   шиеленітіре  түсті.  Олар   салымшылардан  жауап   алу  ушін  халық   қолма – қол  бөшекті  қаржылық  қызметтері  әлде  қайда  кеңейтті,  олардың  сапасын  жоғардатты – бүл  дегеніміз  тұлғалық  займдар,  несиелік  қаржыландру,  сақтандыру  алғашқы  және  қайталанбалы  кепілге  салулармен  операциялар,  т.б.  Көптеген  банктердің   депозиттік  қоймасының  негізін,  олар  үшін  басқа  қаржылық  институттармен  қатал  күрес  жүріп  жатқан  клиенттердің  аз  табысты   контингенті  құрайды.

Сонымен,  қазіргі  кезде  банктік  индустрия  көбірек  бәсекелестік  қабілетті  болды.

Әр  түрлі  қаржылық  институттар  арасындағы  болған   дәстүрлі  ерекшеліктер  тез  өшірілуде.  Бәсекелестерді  көбі  өз  қызметін   ұлттық  шекара  шеңберінен   тыс  жерлерге   таратып  глобальді  көлімде  қызмет  ете  алды.  Бұдан  басқа  заң  жағынан   қойылатын   шектеулермен  ұсталынбайтын  көптеген  нарық  субьектілері  пайда  болды,  бұл  бұларға  бәсекелестік   күресте  сөзсіз  артықшылық   берді.

Бізді  елде  банктік   жүйедегі  өткір  бәсекелестік  туралы  айтуәлі  ерте.   Бізде  банктер  саны   көп,   бірақ  олар  әлі  де  бәсекелестікке   қабілетсіз.

ТҮЙІН

  1. Коммерциялық   банктердің   керемет  мүмкіндігімен   оларды   басқа  қаржылық  институттардан  ерекшелейтін  сипаттама – ақшаларды  құру  мен  жою  болп  табылады.  Ақшаны  құру  несиелік  жүйенің  икемделігімен   іске  асады.  Өзінің  дипозиттік  және  несиелік  операцияларымен   бос  уақытша  бос  ақша  қаражаттарын   шоғыландырып,  оларды  несие  түрінде,  сонымен,  олар  халық   шаруашылығын  ақшаға  деген  қажеттілігін  қанағаттандырады,  яғни  жаңа  жолмен  қаражаттарын  құрайды. Сонымен  қатар,  банктер   өз  қызметі  үрдісіне  ақшалардың  бір  бөлігін  жояды.  Бұл  клиентті  банктегі  өз  шотынан  қолма – қол  түрде  ақша  алғанда  және  несиені  өз  шотынан  ақшаны  аудару  арқылы  өтелген   кезде  болады.
  2. Банктік   орындайтын   операцияларының   экономикалық  мазмұны   мен  көлемі – банкті   ұйымдастырушық  жағын  құрудың  негізгі  критерийі   болып  табылады.
  3. Банктің   негізгі  қызметтері:  уақытша  бос  ақша  қаражаттарын   шоғырландыру,   экокомикамен   тұрғындарды  несиелендіру,  қолма – қолсыз   есеп  айырысуды   ұйымдастыру  мен  жүргізу,  инвестицялық  қызмет  пен  басқада  қаржылық  қызметтер.
  4. Банктердің  ақша  қаражаттарын   оларды   табысты   орналасыру   мақсатында  салымдарға   тарту  жұмыстары  депозиттік  (пассивтік)  операциялар   деп   аталады.
  5. Экономика   мен    тұрғындарды   несиелендіру – банктік  қызметтің  ерекше  облысына  және   банктердің   активтік   операцияларына   жатады.  Осыған   байланысты  банктер   несиелік  институттарға   жатады.

Несилік  операциялар – бұл   несие  беруші   мен   несие  алушының   арасында   біріншінің   екіншіге   ақша   қаражаттарын   төлемділік,   мерзімділік   және   қайтарылымдылық    шартымен   беруі   бойынша  қарым – қатынасы.

  1. Несиенің  екі  нысаны:  ақшалай   және   тайаурлық,   тиеісінше,  несиелендірідің – тікелей  және   жанама  коммерциялық   екі  түрі  бар.
  2. Несиенің  негізгі  принціптері:  мерзімділік,  төлемділік   және   қамтамасыз  ету   болып   табылады.  Несиені   қамьамасыз   етудің  басты   түрлеріне:  кепіл  болу,  кепілдеме,  бағалы  қағаздар,  тауар   және   басқадай  мүліктердің  кепілі  және   қозғалмайтын   мүлік  құжаттары  жатады.
  3. Қарыздар   мерзімі   бойынша:  қысқа,  орта  және  ұзақ   мерзімді   болады;  төтенше  жағдайларға  қжет – перманетті,  құрылыстық,  тұтынушылық   несие  және   кепілхат  бексеьді   кепілге   салу,   лизинг   арқылы   берілетін   қарыздар  бар.
  4. Қарызды  беру   қарыз  алушының  есеп   айырысу  шотында  қаражат  болмаған   жағдайда  қарыздың   мақсаттық   бағытына   сәйкес  ашылатын   жекелеген   шоттар   арқылы   тауарлыматериялдық   құндылықтар  (ТМҚ)  және   көрсетілген  қызметтер,   келісім   шартта   белгіленген   қарыздардың   пайдаланылмаған   қалдықтарының   сомасы   шегінде   акредетивтер  мен   чектік  кітапшалар   ашу  үшін   жүзеге  асырылады.
  5. Қарызды  пайдаланғандығы  үшін  төленетін   төлем  көлемі   (пайыз)  оны  пайдалану   мерзіміне,   қарыз   алушының   төлем   қабілетсіздігі   тәуелділігіне,   несиелік   ресурстар  үшін   төлеміне  абьектінің  сипатына,  банктердің   мөлшерлемелеріне,  т.б.   факторларға   тәуекелі  белгіленеді.
  6. Қолма – қолсыз  есеп  айырыласу – бұл  банктік  айналым  ақшаларының   қозғалысының,  яғни   шаруашылық   органдарының  шоттары  бойынша  оларға  төлемдер   бойынша  міндеттемелерінің  орындалу  тәртібі   жөніндегі   ақшалай  сомалардың   жазбалар  түрінде   аударылуын  сипаттайды.  Қолма – қолсыз  есеп  айырысудың  кең  етек  алуы  қолма – қол  ақша  қозғалысы  ауқымын  шектеумен  айналыс  шығындарын  азайтуға,  шаруашылық   мәмілелерді  аяқтауға  мүмкіндік  береді.
  7. Есеп  айырысу  кезінде  келесідей  төлем   құралдар  қолданылады:  төлем  тапсырма,  чектер,  вексельдер,  аккредитивтер,  пластикалық  карточкалар,  жирочектер  (тапсырмалр).
  8. Есеп  айырысу  операцияларының   арасында   негізгі  үш  тобын   бөліп  көрсетуге  болады.  Чектер  мен  вексельдің  көмегімен   жүгізілетін   инкассалық  операциялар,  аккредитивтер   көмегімен  жүргізілетін  есеп  айырысу,  аударым  операциялары.
  9. Инвистиция  түсінігінде  халық   шаруашылығына  оны  кеңейту  мен  қайта  құру,  сондай – ақ  табыс  табу  мақсатында  ұзақ  мерзімге  қаражаттарды  салуды  тусіну  керек.
  10. Бағалы  қағаздар   сол  не  басқа  қаржылық  мәмілесін   жасау  жәйлі  қозғалысы  бағалы  қағаздар  нарығын  құрайды.
«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!