Балқаш көлінің экологиялық жағдайы

Жопары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Балқаш көлінің экологиялық жағдайы

2.Балқаш өңірінің сипаттамасы

  1. Балқаш көлінің ерекшелігі
  2. Қауіп төндірген Балқаш

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

1.1. Балқаш өңірінің сипаттамасы

Балқаш өңірі – әрі жылы, әрі күн сәулесі күн  түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуан дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.

ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақұйрық, түлкі мен борсық мекендейді.
Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.

Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары торањѓы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жүке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өң өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.

Балқаш өңірі – әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін

Балқаш өңірі – әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып аң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.

ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейдікелетін қу.
Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.

Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.

Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ені – 3,5-нан 44 шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Айдын көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы – 413300 шақырым.

1.2. Балқаш көлінің ерекшелігі

Оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі.

Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да өте көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.

Іле – Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да маңызды су қоймаларының бірі болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай арасында, өзен жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар мекендейді. Солардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған жиырмадан астам құс түрі бар. Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп саналады.
Көлдің солтүстік жағалауында отандық өндірістің алыбы, әлемдік кәсіпорынның алдыңғыларының бірі – “Балқашмыс” АҚ орын тепкен. Көлдің оңтүстік жағалауын құнарлы жайлымдар мен егістік алқаптар алып жатыр.

Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады.

Бектауата тау массиві

Қызғылт гранитті құздары, саялы көктерек тоғайлары, шалғындық шөптері мол Солтүстік Балқаш өңірінің оазисі – Бектауата туристерді қызықтырады, еліктіреді. Мың метрден астам биіктікке бой созып жатқан Бектауата шыңын ашық күндері жүздеген шақырымнан көруге болады, сондықтанда оның Балқаш өңірінің маягы деп аталуы да тегін емес.

Бектауата тауы көлемі жағынан онша үлкен емес (4000 га) алайда оның қойнауын шатқалды келеді, мұнда әр алуан құбылыстағы шыңдар мен жартастар көп орналасқан. Бұл таудың атына байланысты Әулие Атабек туралы аңыз бар.

Бектауата тау сілемінде үңірлердің пайда болуы табиғи құбылыс, өйткені желдің, жамбырдың әсерінен тау жыныстары әр түрлі өзгерістерге ұшырап отырады.

Бұл үңгірлерге күн сәулесі терең бойлап түседі, сондықтанда мамандар бұл таудағы үңгірлерді “қоладан жасалған” немесе “хрустальды погреб” деп атайды. Әсемдігі жағынан сирек кездесетін осы көріністер және үңгірге кіретін жол тіктеме жартасты, гранитті құздардың арасында.
Бектауата жерінің қуаңдығына қарамастан әр түрлі өсімдіктерге бай. Оқымысты-ботаниктер 500 га жерде 300 түрлі шабындық және далалық өсімдіктердің өсетінін анықтаған және оның ішінде 50 түрлісі дәрілік өсімдіктер: шимұрын, тобылғы, долана, ырғай, қарақат т.б. Бұл жерде сирек кездесетін Кесслер таспашөбі сақталған, “Бектауата тиіні” деп аталатын өсімдік Қызыл кітапқа енгізілген. Табиғаттың құбылысына таң қалатын тағы бір жағдай мұнда жалаң таста арша өседі. Бұл ағаштың ерекшелігі сонда – ол айлап жаңбырсыз күндер болсада тас қуысынан ылғалды бойына тартады.
Бұл жерде сирек кездесетін тырбиған көртышқан кездеседі, арқар бар. Кең даланың көгалды жерлері көптеген құстарға бай: кептер, алабұлбұл, сарғалдақ, сандуғаш, шақшақай, сарыторғай. Әрине осы табиғи байлықтарды қорғау керек, сақтау керек.

Бектауата тау қойнауында көгілдір тау хрустальдары (су тас) және сирек кездесетін минерал-кварцтық түрлері кездеседі. Табиғат құбылысынан өзгеріске ұшыраған тау жыныстары ғажайып формаларға айналып, қазір әр түрлі атауларға ие болған: “Саңырауқұлақ”, “Сандық”, “Тасбақа”, “Үш тіс” және “Сарықұлжа”.

1.3. Қауіп төндірген Балқаш

Қоршаған ортаның жанашырлары “Балқаш көлі Арал тағдырының кебін киюі мүмкін” деп дабыл қағып отыр. Балқаш өңірі аясының кеңдігі мен онда халықтың тығыз қоныстануы аталған проблеманы одан бетер ушықтырып отыр. Ғалымдардың пікірінше, Балқаш аймағының проблемасы ең алдымен, Қытай Халық республикасының Іле өзенінен суды мол ала бастауына байланысты туындап отыр.

Қоршаған ортаның жанашырлары “Балқаш көлі Арал тағдырының кебін киюі мүмкін” деп дабыл қағып отыр. Балқаш өңірі аясының кеңдігі мен онда халықтың тығыз қоныстануы аталған проблеманы одан бетер ушықтырып отыр. Ғалымдардың пікірінше, Балқаш аймағының проблемасы ең алдымен, Қытай Халық республикасының Іле өзенінен суды мол ала бастауына байланысты туындап отыр.Балқаш көлі Арал тағдырының кебін киюі мүмкін. Қоршаған ортаның жанашырлары осылай дабыл қағып отыр. Балқаш өңірі аясының кеңдігі мен онда халықтың тығыз қоныстануы аталған проблеманы одан бетер ушықтырып отыр. Бұл аймақта 3 миллионға жуық қазақстандық тұрады. Сондықтан бұл шаруа жедел түрде шешімін табуды қажет етеді. Бұл жөнінде бейсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова және “Табиғат” экологиялық қорының жетекшісі Мэлс Елеусізов құлағдар етті. Осы ретте қыркүйектің аяғында Балқаш өңірінің экологиялық мәселелеріне арналған екінші халықаралық форум өтпек. Айта кету керек, бірінші форум осыдан бес жыл бұрын өткен болатын. Айткүл Самақованың айтуынша, алдағы форумда талқыланатын маңызды мәселенің бірі-Қытай жағы тарапынан аймақтағы тұрақты даму бағдарламасына қатысты шешім қабылдау болмақ.

24:06 Қытай жағы бүгінде қаншама өндіріс өндіріп жатыр. Суды өздеріне алып, қалдықтарын жіберіп, сол суды ластап жатқанннан біз бекеротырмай қарап жатырмыз.

Балқаш көлі- ұзындығы 700 шақырымға жуық қайталанбас табиғи су қоймасы. Балқаш суының 80 пайызын Іле өзенінен алады екен.Ғалымдардың пікірінше, Балқаш аймағының проблемасы ең алдымен, Қытай Халық республикасының Іле өзенінен суды мол ала бастауына байланысты туындап отыр. Бұл өз кезегінде орташа тереңдігі 6-ақ метр Балқаш көлінің тартылып, түбіндегі тұздың ауаға ұшуына, сөйтіп жақында орналасқан тау мұздықтарының еруіне және көлдің айналасында мекендейтін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін болады, дейді “Табиғат” экологиялық қорының жетекшісі Мэлс Елеусізов 28:00 жалғыз олардан емес, біз жақтан да көп мәселелер туып жатыр. Орман, су, балық, ауылшаруашылық қалдық су қалдығы соның бәрі бар. Соның бәрін дұрыс шешу керек. Екіншіден дүние жүзінің халықтарын көтеріп Қытайға қысым жасамаса болмайды.Балқаш көлі кезінде сазан балығымен аты шыққан болатын.Одан жылына 11-12 тонна балық ауланатын. қазір бұл жүйе түбегейлі өзгерді. Көл суының тартыла бастауы, су тұздылығының артуы, жем қорының азаюы сияқты тікелей және жанама факторлар Балқаш -Іле алқабындағы балық қорының дағдарысқа ұшырауына теріс әсерін тигізбей қоймайды. Басқосуда қоршаған ортаны қорғау министрі жуырда өтетін Балқаш форумында осы көлге қатсты мемлекеттік бағдарлама қабылданатынын да жеткізді.Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаншалықты қаражат керек екенін де жасырмады. Іле-Балқаш өңірі мен Балқаш көліндегі экологиялық мәселелерге қоғам назарын аударту және көлдің экожүйесін сақтап қалу дәл бүгінгі таңда елімізге қажетті-ақ.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. google.kz
  2. baribar.kz
  3. География оқулығы 9-сынып.
«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!