Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері.

Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жүйке және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы, әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жок, дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудін, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) кимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашкы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.

Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетінін жинақталуы-нан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.

Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі кажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамнын көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі кол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады.

  1. 2. Мидың ана құрсағында дамуы.

 Сезім міүшелерінің даму ерекшеліктері. Мүшелерді жаттықтырудың маңызы. Бала, көпшілік хайуанаттардың төліне қарағанда, әлдеқайда әлжуаз болып туа-ды. Жаңа туған нәресте сыртқы – әсердің көпшілігіне аяқтары мен қолдарын жөн – жосықсыз қимылдатып, қозғалтумен жауап береді. Алайда туа біткен мінез-құлық  формаларының көптеген түрлерінің жоқтығы баланың әлсіздгі емес, керісінше күштілігі болып табылады.

Нәрестенің негізгі ерекшелігі —- жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән мінез-құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексізді. Егер органикалық қажеттілік дәрежеде қанағаттандырылса, онда олар кешікпей өздерінің жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие жағдайында жаңа қажеттіліктер (әсер алу, қимыл, үлкендермен қарым-қатынас қажеттіліктері) қалыптасады: солардың негізінде психикалық даму жүзеге асырылады.

Әсерленуге ұмтылу өзінің негізінде бағдарлау рефлексімен байланысты және баланың сезім мүшелерінің  әсерленуге әзірлігіне қарай дамиды. Жаңа туған баланың көру аппараты мен есту аппараты өмірінің бірінші күнінен бастап қызмет еткенмен, олардың жұмысы әлі де жетілмеген. Көру реакциясы жақын маңдағы жарықты ғана, есту реакциясы тек анық дыбысты ғана сезеді. Өмірінің алғашқы апталары мен айларында көру мен есту тез жетіледі. Бала заттардың қозғалысын көзімен бақылап, одан соң тұрған нәрсеге көз тоқтатып қарайды. Ол жай дыбысқа, атап айтқанда үлкендердің даусына елеңдей бастайды. Көру және есту тітіркендіргіштерге жауап ретінде бала әзірге сәл уқытқа ғана аяқ-қолының, басының қимылын тоқтатады, жылауын қояды, көру және есту шоғырландыруы туады.

Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынады: оның көруі мен естуі дене қозғалысынан жылдамырақ дамиды. Баланы алдымен қозғалысы жетілетін хайуанаттар тәнінен осы ерекшеліктері ажыратады.

Көру және есту аппараттары жұмысының дамуы, сыртқы тітіркендіргіш-терге реакцияны жетілдіру баланың нерв жүйесінің, ең алдымен оның миының пісіп жетілуі нәтижесінде жүзеге асады. Жаңа туған нәресте миының салмағы үлкен кісі миының 1/4-дей болады. Баладары нерв клеткаларының саны үлкендермен бірдей болғанымен, сәбиде ол клеткалар жеткіліксіз дамыған.. Осыған қарамастан туған бойда-ақ (тіпті шала балада да) шартты рефлекстердің пайда болуына толық мүмкіндік бар. Мұның өзі баланың сыртқы дүниемен байланыс орнатуына мидың жоғары бөлігі үлкен ми сыңарларының қыртысы, қатысатынын дәлелдейді. Бала өмірге келген алғашқы күннен бастап мидың салмағы тез артып, нерв талшықтары өседі және миелиндік қорғаныш қабыққа оранады. Мұның өзінде әсіресе сыртқы әсерге байланысты учаскелер тез қалыптасады. Үлкен ми сыңарлары қыртысының көру аясының көлемі екі апта ішінде бір жарым есе өседі.

Бірақ, мидың өсіп-жетілуі жаңа туған сәбидің сезім мүшелерінің дамуын өз-өзінен қамтамасыз етуі мүмкін деп ойлау дұрыс болмас еді. Бұл даму баланың сырттан алатын әсерінің ықпалымен өтеді. Оның үстіне мұндай әсерсіз жетілуінің өзі мүмкін емес. Жаңа туған кезеңдегі мидың дұрыс жетілуіне қажетті жағдай-сезім мүшелерін (анализаторларды) жаттықтыру, соның көмегімен сыртқы әлемнен алынатын әр түрлі сигналдардың миға өтуі. Егер бала сезіммен байланысты (сенсорлық) оқшаулау жағдайына тап болса (сыртқы әсердің жеткілікті мөлшерде болмауы), оның дамуы шұғыл тежеледі. Керісінше, егер сәби жеткілікті дәрежеде әсерленсе, онда бағдарлау рефлекстерінің тез дамуы (көру және естуге көңіл тоқтатудың пайда болуынан көрінеді) пайда болады, кенінгі қнмылдарды! меңгеруге және психикалық процестер мен сапалардың қалыптасуына негіз қаланады. Баланың нерв жүйесі мен сезім мүшелерінің дұрыс: дамуына қажетті көру және есту әсерінің түп негізі және бұл өте таңызды, осындай    ықпалды  ұйымдсатыушы болуы тиіс.  Үлкендер бір нәрсені баланың бетіне тақап, өзінің бетін төмен иіп, онымен сөйлеседі, сөйтіп сәбидің бағдарлау реакциясын белсенді ете түседі.

Эмоциялық өрісті дамыту. Жандану комплексі. Жаңа туған нәресте өмірге алғашқы қадамын шыңғырып жылаудан бастайды, бұл ілкіде шартсыз рефлекторлы сипатта болады. Алғашқы айқай-дауыс саңылауының тарылуының нәтижесі. Тарылу алғашқы тыныс рефлекстерін шығарады. Кейбір ғалымдар бірінші айқайды ұнамсыз сезімнің (эмоция) алғашқы көрінісі деп есептейді: тарылу тыныстың қысылуын туғызады. Осы жағдайда, шынында да бұлшық ет реакциясы мен эмоциялық көзқарасты ажырату ммаңызды емес, өйткені жаңа туған нәрестенің өмірлік тәжірибесі әлі жоқ. Алайда сәби жылу, ұйқы, тамақтану қажеттілігіне байланысты ұнамсыз түйсіктерге алғашқы күннен бастап-ақ шыңғырып жылаумен жауап береді деп сендіруге әбден болады. Баланың жылауы оның қарны ашуымен, жаялығының сулануымен т. б. негізделеді. Дұрыс тәрбие жағдайында нәрестенің құлақ тұндырарлық «іңгәсі» қарсылық сезімін күштірек білдіретін жылауға ауысады. Жылау әр түрлі қиналудың, дененің ауруы ма немесе жан қайғысы ма (әрине кейінірек) табиғи белгісіне айналады.

Ұнамды көңіл күйді білдіретін жымиып күлу жылаудан кейін пайда болады. Жағымды сезімнің алғашқы белгілері жымиып күлу сәби дүниеге келгеннен кейінгі бірінші айдың соңы мен екінші айдың басында, оның өзінде ол бала-ның көзі бір нәрсеге түскенде, немесе үлкендердің жылы сөз айтып, еркелете шақырғанына жауап ретінде байқалады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: жағымды сезімнің пайда болуы үшін тек органикалық қажеттіліктің ғана қанағаттандырылуы жеткіліксіз. Ол жағымсыз сезімді ғана жойып, бала қуанышты әсерге бөленетіндей жағдай жасайды. Бірақ мұндай қуаныш әлдебір әсер алудан, әсіресе үлкендерге байланысты әсерленуден шығады.

Бірте-бірте  балада үлкендерге бағытталған жандану комплексі деп аталатын ерекше әсерленгіш қозғаушы реакция пайда болады. Жандану комплексі дегеніміз баланың өзіне қарап еңкейген адамға, көз тоқтатуы, оған жымиып күлімсіреуі қолдары мен аяқтарын қозғап, жай дыбыстар шығаруы. Үлкендермен қарым-қатынас жасау кезінде туған бұл көріністер — баланың алғашқы әлеуметтік қажеттілігі. Жандану комплексінің пайда болуы жаңа туған кезең мен нәрестелік кезең арасындағы  шекара болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Алдамұратов Ә.Қызықты психология. А, «Қазақ университеті», 1992 ж
  2. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
  3. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
    сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
  4. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
  5. Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
  6. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
  7. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
  8. Люблинская «Детская психология» М. 1996г.
  9. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
  10. Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.
«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!