Бақарудағы педагогикалық менеджмент жай-күйі

Жоспары

  1. Менеджмент туралы түсінік және оның мазмұны.
  2. Менеджмент проблемалары және оларды шешу жолдары.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мектеп директорларының орынбасарлары»- Республикалық әдістемелік журнал.
  2. «Тәрбие құралы» – Республикалық ғылыми педагогикалық журнал.
  3. «Этнопедагогика» – Республикалық әдістемелік журнал.

«Менеджмент»-ағылшын сөзі.Баскару деген мағынаны білдіреді.Ол ағылшыннын «манус»,яғни «қол,күші»деген сөзінен шығып ,алғашында мал бағу саласында,дәлірек айтсақ,ат тізгінін ұстау,меңгеру шеберлігін білдірген.Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып,адамдардың белгілі бір ұжымын,тобын басқа рудың,ұйымдастырудың ғылыми,практикалық мәнін білдіретін болған.

Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорт сөдігінде былай берілген:

1.Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі;

2.Билік және басқару мәдениеті;

3.Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

4.Басқару орган,әкімшілік бірлік.

Менеджмент ұғымы басқару саласы бойынша түрлі мағынаны білдіреді.Менеджмент-басқару сөзінің аналогы болғанымен,оның өзіндік ерекшеліктері бар.Басқару сөзінің аяссы кең,ал менеджмент белгілі бір басқару түрін,яғни акционерлік компанияның немесе кәсіпкерлік корпарациялардың жұмысын әлеуметтік,экономикалық процесс негізінде басқару.

Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф.Тейлордың менеджмент-іргелі дәл ғылымға,ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе,Дракердің түсіндіруінше жоғарыдағы аталған элементтері бола тұра,менеджмент ғылымнан немесе кәсіптен гөрі,практикаға жуықтау делінген.Менеджмент туралы неміс мамандары Вернер Зигерт пен Лючия Ланг,өзін-өзі басқару,өзін-өзі іштей реттеу,нәтижеге жетудің ізгіленген,пайдалы,тиімді амал десе,орыс оқымыстысы А.В.Попов жұмысты бағдарлау,мақсатқа жетудің тиімділігі дейді.Менеджмент-өндірісті басқару мен өнімнің артуы н іске асырудағы стратегияның тиімділігі,өзін-өзі ақтауы,пәлсапасы, принципі,әдіс тәсілдері.Ал коммерциялық емес қызмет саласындағы менеджмент туралы американдық менеджмент теоретигі П.Друкер былай дейді.Бұл адамдардың айналасындағы басқарудың арнайы түрі,яғни адамдарды өз ісіне икемдеуге және бірге істейтін істе,тиімді нәтижеге жету үшін күш салуға,осал жақтарын жеңуге бағытталады.П.Друкер менеджменттің мақсатын былай көрсетеді:

1.Адамдарды бір мақсатқа жұмылдыру.Онсыз көпшілікті бір ұжым жасай алмайсын.

2.Әрбір қызметкердің қажетін білу,мүмкіндігінше оны қанағаттандыру.

3.Адамдардың өзін-өзі дамытуын естен шығармау.

4.Жұмыс істейтін адамдардың кәсіби шеберлігі мен дағдысы,білімі әр түрлі және олардың атқаратын қызметі мен функциясы да әр түрлі болғандықтан олардың өзара қарым-қатынасы өзара түсінушілікке,жеке басының жауапкершілігіне құрылуы керек.

5.Өндірісті шығарған өніміне қарап бағалауға болмайды.Оның қызметіне дұрыс баға бере білу керек.Оның да адам сияқты толыққанды болуын қадағалау қажет.П.Друкер менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге талпынбайды.Оны іскерлік кәсіпшілікке,былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік береді.Бұлар Батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру»атты кітаппен белгілі.Олар былай деп жазады:    «Кең мағынада,әлеуметтік тұрғыда қарағанда,менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда  топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немес тәсіл.Қандай ұжым болмасын оның өзінің жеке менеджменті болуы керек.Осы тұрғыдан алғанда менеджмент ұғымын тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға,әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді,айқындалады». Менеджмент ұғымы туралы классиктердің тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді.Гальвецияның пікірінше,басқару процесі- өнер.Оның басты мәні басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін нақты жағдайға қарап қолдану.Американ экономисі В.В.Леонтьев анықтамасы бойынша: «Менеджмент бұл-өнім,технология,өндірісті ұйымдастыру,басқару еңбегі,әлеуметтік қатынас саласында жаңарту,инновациялау,жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің,тәсілдерінің, формаларының жиынтығы».

Батыс елдерінде менеджмент бизнесті,корпарацияны, фирмаларды басқару ғана емес,бір мекемедегі адамдардың әр түрлі көзқарастарын, танымын,қызметін,біліктілігін біріктіріп бір мақсатқа жетуге ұйымдастыратын әрекет деп түсіну қажет. Менеджмент-нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.

Менеджмент-нақты мақсатты жүзеге асыру үшін ұйымды басқару мен ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Менеджмент-бизнесте жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау,мақсат-мұратын қою,атқарылатын істің уақытын,орындаушысы,жұмыс барысын қалай өтетінін,барлық денгейдегі басқару мен ұйымдастыруды бақылау.Менеджмент-адамдардың қызметін ұйымдастыру және басқару.

Менеджмент ғылым ретінде бұдан 100 жылдай бұрын пайда  болды .Ф.Тейлор басқару принциптері туралы ой-пікірлерді жинақтап,жариялаған еді.Менеджмент мектептері:1.Ғылыми басқару мектептері (тиімділік мектебі-радионалистическая школа) 1885-1920)Тейлор,Гилберт,Гант.Негізгі принципі,басты идеясы-өндірістегі еңбектің      тиімділігі және еңбеккерлердің материялдық қызығушылығының еңбек өнімін арттыруға жетелеуі; 2.Әкімшілік мектебі 1920-1950ж. А.Файоль,Урвик. Негізгі идеясы-басқару принципіндегі жан-жақтылық болуы,мекемедегі табысқа кепіл бола алады; 3.Адамилық мектебі (1930-1950ж) Мэйо, Фоллетт, Маслоу-мақсатқа жетудің тиімді жолы адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың міндеттілігі; 4. тәртіптілік мектебі (1950 жылдардан бүгінгі кезеңге дейін) Арджирис,Лайкерт,Мак-Грегор, Блейк «мақсатқа жетудің тиімді тәсілі кәсіпорында әлеуметтік психологиялық негізде адамдар потенциялын максимумдық түрде пайдалану»; 5.Сандық мектебі (1950 жылдан осы кезеңге дейін) математикалық модельдеу негізін пайдалана отырып,компьютердің көмегімен басқарудың тиімді жолдарын іздестіру.

Менеджмент:

1.Басқарудың жүйелілігі;

2.Ұйымдастыру мәдениеті;

3.Басқару процесінің автоматтандырылуы мен ақпараттылығы;

4.Басқарудың демократияландырылуы;

Менеджментте басқарудың негізгі 3 деңгейі бар: жоғарғы басқару деңгейі.                  Бұлар-президент, президенттің орынбасары басқарушылар

 (директор,директордың орынбасары); 2) орта басқару деңгейі (бөлім басқарушылар ); 3)төменгі басқару деңгейі (звеноларды).Менеджменттің әр түрі бар:тауар таратумен айналысатын маркетингтік менеджмент ,финанстық менеджмент,өндірістік менеджмент,көліктік менеджмент,ішкі байланыстарды реттейтін және іс жүргізуді реттейтін әкімшілік менеджмент,т.б. «Менеджмент- бұл жұмыс істеп тұрған коммерциялық кәсіпорындарының арнайы органы».

   Педогогикалық  менеджментті игеру,іс жүзінде пайдалану бүгінгі күн талабы.Еліміздің болашағы сөз жоқ оқу-білімге байланысты. Тек білімді ұрпақ қанақоғамға қозғаушы күш болары сөзсіз.Менеджменттің түп-тамыры әркімді өз орнына қойып,барлығын бір мақсатқа жұмылдыруда жатыр.Менеджмент идеяларын мектептану мәселелеріне көшіру жағы мектепішілік басқаруды байыта,жаңарта түсуде.Мұндағы басқару мәдениеті тұлғалық-шығармашылық  компонентсіз,жүйесіз болмауы керек. Мектептегі басты тұлға қашанда-мұғалім.Сауатты басшысыз,өз кәсібіне құзырлы мұғалімдерсіз мектепті басқарудың дұрыс құрылымын,оны ұйымдастырудың оңтайлы жолын табу мүмкін емес.

Басшы кадрлар біліктілігін үздіксіз арттырудың кезеңдері:

1.Педагогикалық  диагностика негізінде әлеуметтік тапсырыс пен кәсіби сұранысты реттеу.                                                                                                                        2.Бірінші кезең негізінде оқытудың мазмұны,формасы мен әдістерін анықтау.                3.Білімді қабылдау,меңгеру,түсінуді ұйымдастыру.

Басқару принциптері

  1. Демократияландыру. Бұл принцип орталықсыздандыру,яғни,басқару үрдісінің барлық мүшелеріне құқықтық.,өкілеттік және жауапкершілікті бөліп беру деген сөз.

2. Гуманизациялау-ізгілендіру.Әрбір тұлғаға бірдей қолайлы білімнің дәрежесін,сапасын,бағытын,тәсілдерін және формасын таңдау,құндылықтарына сай мәдени білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.                                                                                                           3. Гуманитаризациялау.Білім беру бағдарламаларының ізгілігі, яғни,білім берудің жалпы азаматтық құндылықтарға,біртұтастық,бірізділік,сабақтастық,және озық сипаттама бола отырып,оқу пәндері мен ақпараттық,дидактикалық әдіс тәсілдер,технологиялардың сондай үйлесімді ара-қатынаста болуы.

4. Дифференциялау(саралау),ұтқырлық және даму.Бұл принцип көп түрлі білім мекемелеріндегі білім бағдарламаларының көп сатылығы,көп салалығы дегенді білдіреді.

5. Білім берудің жариялылығы,яғни,әр түрлі формада үздіксіз білім алуға,сондай-ақ,кез-келген деңгейде,сатыда жалпы білім алуға мүмкіндік беру.                                                                                                                                                  6. Білім беру жүйесінің көпғұрыптығы (многоукладность) яғни мемлекеттік мектептердің сапалық өсуі, сонымен қатар жаңа типті элитарлық мектептердің ашылуы.

7. Стандарттау. Білім беру сапасының дербес стандарттарын сақтау және ұлттық т.б. ерекшеліктерін ескерілген аймақтық стандарттар енгізу.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!