Байқоңыр космодромының биосфераға әсері қандай?

Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын- соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран- тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми- зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару- жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми- техникалық орталық болып есептеледі.

Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран- тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар.

Космодром 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 6 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшуру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырдандары осы Байқоңыр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын медициналық орталық, 1- классқа жататын 2 аэродром, сұйық оттек, сұйық озот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы электр станциясы, 470 шақырым темір жол, 1280 шақырым автокөлік жүретін магистраль, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде тым құпия болған. Салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын түрде жүргізілген. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын.

Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жазы ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердің систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда- эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, жер-көкті жасыл түске бөліп, қызыл-жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді де, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта көп. Шөбі шүйгін, жұғымды келеді. Малдар тез арада қоңданып кетеді. Ол жайылымдар космодром салуына байланысты түгелімен жойылып кеткен. Малға азық болатын шөптердің барлығы қурап, уланып біткен.

Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шарлы шақырым. Ол солтүстікке қарай 75 шақырым , ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланысты  20000 гектар жер шаруашылық айналымынан шығып қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамайды. Мұнда бұрынғы кезде малдар қысы жазы өз аяғымен жайылып жата бретін еді. Зымырандардың қатты дыбысы малдардың адамдардың зәресін алады. Сондықтан да малдар бұл жақта қайдан өссін. Шу- экологиялық факторлрдың ішіндегі ең бастысы. Адам ағзасына, малдарға айрықша әсер етеді.

Бұл аймақта ерсілі-қарсылы соққан жел көп болады. Кейбір күндері, күшті дауыл тұрып, жердің үстіңгі қабатындағы топырақтарды ұшырып әкетіп, қара боран туғызады. Осындай қара боранды түндер бір жылдың ішінде 20-25 күн болады. Ал космодром орнағаннан кейін бұл аймақтың ауа райы мүлдем бұзылып кетті. Ауа райының мөлшерден тыс өзгеруін кейбіреулер Арал теңізінің тартылуынан деп есептейді. Өйткені , космодром Арал теңізіне жақын жерге орналасқан. Қашықтығы 70 шақырымдай жер.

Байқоңыр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала бастады. Соңғы кезде космодром орналасқан жердің ауа райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалады. Ол туралы қолымызда бірнеше ғылыми деректер бар. Мысалы , Қарағанды облысының экологиясын зерттейтін ғалым экологтардың жүргізген жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос коребльдері, космос зымырандары космос кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді ауданының жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болды. Бұл аймақта жылына 40-50  күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай құбылыстар космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар оастап отыр.

Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде айқындала түсті. Ол өзгерістерді арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер төмендегідей

  1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режимін төтенше түрде бұзып жіберетін белгілі болады.
  2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын отындары улы қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады.
  3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне, жануарлар дүниесіне айрықша әсер ететінін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми- зерттеу жұмыстары толығымен дәлелдеді. Биосферадағы тірі ағзалардың тіршілік ететін табиғи ортасы кенет бұзылып, өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті мутациялық өзгеріс туатыны байқалады.
  4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп, оны ластайды,. Ол жер не егін егуге, не мал жаюға жарамай қалады.

Байқоңыр космодромынан ұшырылған космос корабльдерінің қалдықтарының жерге түсетін аймақтары алдын ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау аудандары территорияларының 10 пайызын қамтиды. өйткені зымырандар осы көрсетілген аудандардың территорияларының үстін басып ұшады.

Зымырандарға жағылатын отын улы және усыз қосылыстардан тұрады.

А)  Усыз отынның негізгі компоненті – сұйық күйіндегі оттек пен Т-1 маркалы кәресін, сонымен бірге сұйық оттек және сұйық күйіндегі сутек болады.

Б)  Өте улы зымыран отынның құрамында-улы тотықтандырғыш типіне жататын «самин» және «меланж» болады. Сонымен қатар, симметриялы емес радиоактивті- диметил гидразин бар. Осы аталған компоненттер 1-кластағы өте улы қосылыстардың қатарына жатады. Бұл улы заттар адамзат баласының тіршілігін, өсімдік әлемін, жануарлар дүниесін айрықша уландырады. Олар биосферадағы барлық тіршілік иелерін жойып жіберуі де мүмкін.

1957 жылғы 1 қазан айынан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129 зымыран 1115 басқадай космос кеңістігін зерттейтін аппараттар ұшырылған. Осы көрсетілгендердің бәрі Қазақстан Республикасының экономикасына айрықша үлес қосады деп кейбір орыс зерттеушілері даурығады. Мұның бәрі, шын мәнісінде, бос сөз екенін өмірдің өзі көрсетіп келеді.

Ұлы конструктор С. П. Королевтің басшылығымен алғаш рет космос кеңістігіне ұшып шыққан ұшқыш-космонавт Ю. А. Гагарин 1961 жылы

«Восток» атты космос кораблімен жер шарын 87 минут ішінде айналып шықты. Оның биіктікке көтерілген мөлшері 270 шақырым еді. Бұл геостарционалдық орбита болатын. Планетааралық зымырандарды ұшыру тек қана Байқоңыр космодромында сынақтан өткізіледі. Оның алдында 1957 жылы космос кеңістігіне алғаш рет жер серігі ұшырылған болатын. Ол ұзақ уақыт геостанционарлық орбитада ұшып жүрді де, кейіннен ұшу үрдісін тоқтатқан соң, әуеде жанып кетті.

 Космос корабльдерінің, зымырандардың ұшу бағыты күні бүгінге дейін өзгертілген жоқ. Тек қана Байқоңыр космодромы қазақ жерінде болғандықтан Қазақстан Республикасына бағынатын болғаны рас. Ал шын мәнісінде, Ресей Федерациясы өздерінің білгенін істейді. Бізден сұрамайды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Байқоңыр космодромын пайдалануға байланысты және Ресей Федерациясына оны жалға беру үшін үкіметаралық шарт жасалынып, оған үкімет басшылары қол қойған. Жал мерзімі 20 жыл деп белгіленген. Ресей және Байқоңыр космодромының және сол аймаққа жақын жерлердің экологиясына зиянды әрекет етпейміз деп міндет алған. Ол міндет іс жүзінде орындалып жатыр ма, жоқ болмаса орындалмай жатыр ма, о жағы бізге беймәлім. Зымырандардың отындарының қалдықтары түскен жер арнаулы тәсілдерімен тазартылу керек деген келісім шартта баптар бар. Тазарту жұмыстары белгілі дәрежеде жүргізілген емес. Зымырандардан түскен қалдықтардың бәрі тірі ағзаларға өте зиянды. өйткені олар радиоактивті заттардан тұрады. Қазақстан жағы шамасы келгенінше, экологияны бұзбайтын тәсілдерді Ресей жағынын пайдалануын қадағалап отырады. Зымыран ұшатынынан 5 күн бұрын Ресей Қазақстан басшыларына алдын ала хабарлар отырады. Дауды дер кезінде шешіп отыратын тұрақты комиссия бар. Ол комиссия «Байқоңыр» деп аталады.

Қандай да болмасын, ұшырылған зымыран апатқа ұшырауы табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника ғой, ешкім де апат болмайды деп кепілділік бере  алмайды. Зымырандар жер бетінен 40-50 шақырым биіктікке көтерілгенде, бірнеше себептерге байланысты кенеттен апатқа ұшырап отыратын жайттар болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде, улы отындардың жарым-жартысы әуеде жанып кетеді де, ал қалған аз мөлшері жерге түседі. Олар табиғи ортаға зиян келтіреді.

Сынақтан өткізілген зымырандардың бәрі әуедегі озон қабатын бұзып жібереді. Өйткені отынның қалдықтары озон қабатына айрықша әсер ететіні кейінгі кезде байқала бастады. Зымырандар пайдаланған отындарының өте улы қосылыс-көміртектің радиоактивті элементтердің қос тотығы көп мөлшерде бөлініп шығады. Ол биосферада тіршілік ететін барлық тірі ағзаларға улы әсер етеді. Ауадағы және жердің үстіңгі бетіндегі радиациялық тепе-теңдікті бұзады. Егер ауада көміртектің қос тотығы молаятын болса, онда күн сәулесі жерге түспей, мәңгілік қараңғылық басады.

Сондай-ақ өнеркәсіп орындары отқа таскөмір жағатыны белгілі, одан  да айтарлықтай мөлшерде көміртек тотығы бөлініп шығып, ол атмосфералық ауаға қосылып жатады. Сөйтіп, ауа режиміне айтарлықтай өзгерістер еңгізеді.

Ал стратосфера қабатына өзгеріс жасайтын тек қана космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар. Олар стратосферадағы су молекулаларына әсер етеді. Сондықтан да озон қабаты тез бұзылып, жер бетіндегі тіршіліктің жойылуына себепші болады.

Радиоактивті азот тотығы да озон қабатын бұзушы фактордың бірі болып табылады. Ол өте үлкен қысыммен жоғары температураның әсерінен үнемі стратосферада пайда болып отырады. Зымырандарды ұшыруға гептил отынын пайдаланғанда,озон қабаты адам айтқысыз бұзылатынын арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықталады.

           Озон қабатын тез арада бұзып жіберетін улы қосылыстардың бірі- хлор. Оның бір молекуласы, озонның жүз мың молекуласын жойып жібереді. Олар атмосферада неше түрлі реакцияға түсіп, аса қауіпті қосылыс- метаболиттер түзеді. Бұл метаболиттер стратосфераға айрықша әсер етеді де, тропосфераға онша зиянды әрекет жасамайды.

Радиоактивті гептил- суда ерімейтін қосылыс. Ол жер бетіне көп жиналып, улылығын жоғалтпай ұзақ уақыт сақтай алатын ғажап қосылыс. Тез арада тотығып кетеді де, кез келген денелермен реакцияға түседі және неше түрлі өнімдер түзеді. Олардың ішінде концерогенді түрде әсер ететін заттар болады. Олар адам ағзасына қауіпті ісіктер туғызып, рак дертін дамытады.

Байқоңыр космодромындағы әскери бөлімшелер зымырандарды ұшырған кезде халықаралық келісім шарттардың түгелдей болмаса да, көпшілік талаптарын сақтауға тырысады. Қазақ жеріне, жердегі тіршілік ететін өсімдік әлемі мен жануар дүниесіне зиянды әсер еткізбеудің тәсілдерін жетілдіреді. әсіресе адамдардың денсаулығына зиян келтірмейтің жолдарын іздестіреді. Байқоңырда тұратын халықтың денсаулығына қатер төндірмейді. Сол себептен космодром орналасқан аймақтарға улы қосылыстарды түгелдей жойып жіберетін шаралар қолданылады. Гептил төгілген немесе шашыраған жерлер мұқият түрде залалсыздандырылады.

Зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектерінің аспаннан жерге құлап түсетін жерлерінде адамдар тұратыны белгілі. Оларды басқа жаққа көшіріп ікету мемлекетке оңайлыққа соқпайды. Тек зымырандардың қалдықтары құлап түскеннен кейін олардың улы қалдықтары орасан көп аймақтарға тарайтынын арнаулы зерттеулер анықтап отыр. Осы қайғылы оқиғаны болдырмау үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арнаулы экологиялық мониторинг жүйесін пайдаланады.

Зымырандарды ұшыру әсерінен Қызылорда облысының жерлерінде Арал теңізінің тартылуымен байланыстырудың қажеті аз.

Арал теңізінің бұрынғы түбінде қалың қабат-қабат болып жатқан тұздар су тартылғаннан кейін күн көзінің жылуымен құрғап, желмен бірге аспанға көтеріліп, Арал теңізініі жақын жеріне орналасқан Байқоңыр космодромына әсері. Теңіз түбіндегі тұздар аспанға көтеріліп, желмен бірге және алыс аймақтарға таралып жатқанын ғалымдар жақсы біледі. Осының салдарынан Қызылорда облысыны ңауа райы және климаты үлкен өзгеріске ұшырап отырғаны жасырын жағдай емес. Бұл үрдіске қарсы тұратын құдіретті күш жоқ. Адамзат баласының қолынан келмей отыр.

Зымырандарды жасаған кезде, оларға экологиялық мінездеме беріледі. Ол зымырандарды ұшырған кезде айналаны қоршаған ортаға өте көп зиян келтірмейтіні ғылыми басшылыққа алынады. Ал зымырандар экологияны бұзатын болса, онда қауіпті зымырандар ұшырылмайды. Осы жоғарыда айтылған мәселелерді қорыта келе, Байқоңыр космодромы қазақ жеріне орасан зор бақытсыздық әкеліп отырғаны сөзсіз. Соңғы кезде ауа райы өзгеріп кеткенін айтпай кетуге болмайды.

Дегенмен,кейінгі кезде Байқоңыр космодромының пайдасыз жағын жан-жақты зерттеу-келешек жас ғалымдардың міндеті деп есептейміз.

1999 жыл аптқа ұшыраған зымыран-тасығыш РН «Протон»-ның қазақ еліне әкелген зиянына тоқталайық. Зымыран апатқа ұшырап, бұрынғы Торғай облысы Амангелді ауданына қарайтын Сары-Торғай жылқы заводының территориясына құлап түскен болатын. Арнаулы түрде жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, жердің, судың, ауаның агрессивті улы қосылыстарымен ластанғаны анықталды. Зымыранның апатынан 810 шаршы шақырым жер зақымданған. Бұл апаттан келген зиянды ақшаға шаққанда 1395,6 мың теңгеге жеткен.

Зымыранның улы жанармайларының айналаны қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына келтіретінзиян байқалмады деген қорытындыны арнаулы түрде тағайындалған комиссия жасады. Бұл шешім жергілікті тұрғындардың қозған жүйке жүйелерін басуғамүмкіншілік туғызды. Мезгіл-мезгіл бойы, яғни 3,6,12 айлар арасында, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданның жергңлікті тұрғындары арнаулы бақылаудан  өткізіліп отырады.

РН «Протон» зымыран-тасушының зымыран апаты неден болғаны анықталды. Апаттың себебі зымыранның 3-ш бөлігінде отын жанбай қалған. Шығынды Ресей Федерациясы төлейміз деп уәде берді.

Зымыран тасымалдаушы РН «Протон» апатқа ұшырыған аймақтар ерекше есепке алынып, үнемі экологиялық мониторинг жүргізіліп отыратын болды. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының тұрғындары 6 ай сайын жыл бойы арнайлы түрде құрылған медициналық бақылаудан өткізіліп отырадв. Қазақ жеріне келтірілген зиянның бәрін Ресей төлейді деген ойлар бар. Бірақ әлі бір тиын ақша төлеген жоқ.

Байқоңыр космодромының болашағы жөнінде бір-екі ауыз сөз.

Байқоныр космодромы айналаны қоршаған ортаға зиян келтіреумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.

Байқоныр космодромын Ресейге жалға бергенде, олар Қазақстан Республикасына жылына 115 миллион АҚШ долларын береді.Космодромды жөндеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей жылына 25-40 миллион АҚШ долларын жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 миллион доллар кіріс кіреді.Бұл кіріс қазақелінің әр түрлі мұқтажына жұмсалатыны сөзсіз. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтамасыз етілген. Белгіленген мерзімде жалақыларын ай сайын алып отырады.

Ал егер Байқоңыр космодромына жауып тастаған күнде Қазақстан Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтыны сөзсіз. Біріншіден, жергілікті халық жұмыссыз қалады. Екіншіден, Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғаудан айырылып қалады. Қазақстан Республикасы көптеген мүмкіншіліктерден айырылып қалатыны байқалып отыр. Экономикалық және әлеуметтік даму болмауы да мүмкін. Байқоңыр космодромы жер жүзіне белгілі болғандықтан көптеген көмектер әр түрлі мемлекеттерден келіп тұрады. Космодромда экологиялық өзгерістердің болмауын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және табиғатты қорғау министрлігі бақылау жасап отырады.

Байқоңыр космодромы болуына байланысты Қазақстан Республикасының беделі күннен күнге арта түсуде. Байқоңыр космодромында келешек ұшқыш-космонавтар іріктеліп алынады. Оның ішінде көптеген қазақ елінің жастары бар.

Байқоңыр космодромы келесі мыіжылдықта ең басты космостық аппараттар мен космос корабльдерін космосқа ұшырау және космос кеңістігін зерттеуде айрақша рөл атқаратыны сөзсіз. Ол космосты зерттейтін ғылыми-техникалық орталығы болып қала беретіні айдан анық, оның келешегі зор, берері мол. Оған бірді берсең онды, онды берсең жүзді, жүзді берсеі мыңды, миллионды аласың. Дегенмен, батыстағы Байқоңыр космодромы қазақ еліне не әкеледі деген сауалға жауап табу саласында жұмыс істеудеміз.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!