БАЙҚОҢЫР ТУРАЛЫ РЕФЕРАТ

Бұдан  40  жыл  бұрын  қазақтың  Бақыты  болған Байқоңыр,  қазір – Соры.  Бұдан  5  жыл бұрын  Байқоңыр  Ресейге  99  жылға  берілетін  бопты  деген  сыбыс  шығысымен  Байқоңырдың  Қазақстан  үшін  қаншалықты    қауіпті   екенін   жақсы   білетін.

Бүкіл  үндеуді  жазып  отырған  Байқоңыр  аймағында  тұратын,   Байқоңырдың  қасіретінен  көз  ашпай   келе  жатқан,  соры  бес  елі,  бақытсыз  қазақтар.   Біз  Байқоңырдан   бір  емес,   екі  бірдей   қасірет  шегіп  келеміз.  Бірі  – жан  қасіреті,   бірі – тән  қасіреті.  Жан  қасіреті  сол –   ата-бабаларымыз  қасық  қанды  да,  шыбын  жанын  да   аямай   қорғап,  бізге  мұра  етіп  қалдырған  жерімізге  қазір  кім  ие?   Орыстар  ие.  О  жер   қазір  қазақтың  жері  емес,   орыстың  жері.  О  жерге  бірде  бір  қазақ  аттап  кіре  алмайды.   О  жерде   Қазақтсанның   бір де  бір  заңы,   тіпті  Ата  заңы  да  жүрмейді.  Ал енді, айналайын  ағайындар-оу,   өз  жеріңе   өзің  ие   болмаудан  асқан   не  қасірет  бар?  Біздің  қазір  шегіп  отырған  жан  қасіретіміз –  міне,  осы.   Ал,  тән  қасіретіне  келер  болсақ,  біздің  қазір  суымыз да  у,   тамағымыз да у,   ауамыз да у.  Бүкіл  аймақта  дені  сау  адам  жоқ.  Бәрі  ауру,  бәрі  мүгедек.   Еңкейген   шалдан,   еңбектеген  балаға  дейін  ауру.    Тіпті  құрсақтағы   баланың  өзі   туғанда  ауру  боп  туады.   Ал  жеріміз  ше?   Жеріміздің  халі  бұдан  да жаман.  Жеріміз  күннен   күнге  қу  медиен   далаға,  Сахараға  айналып  барады. Бұ  қалпымен    бүгінгі  Байқоңырдың айналасы   қу  медиен    далаға  айналса,   ертең   Қазақстанның   бүкіл  оңтүстігі қу медиен  далаға  айналатын  болады.   Одан  бүкіл   Қазақстан  қу  медиен    далаға  айналатын   болады.  Содан  не  істеуіміз  керек?   Байқоңырды   жабуымыз  керек.  Бұған Президентіміз  келісе  ме?  Келіседі.   Келісетіні,    оның  ойы  да  біздің   ойымыз  сияқты.  «Байқоңыр  Ресейге   берілетін  болыпты»  деген  қауесет  тарасымен,  Президенттің   бұған  не  дегенін    бүкіл  қазақ  біледі.  «Жоқ,  Байқоңырды  Ресейге бермейміз!»  дегенді      Президент   нық  айтқан.   Және  бір  айтпай,   бірнеше  рет  айтқан.   «Олай  болса,   Президент  Байқоңырды Ресейге  неге  беріп қойды?»  деген  сұрақ   туады.   Беріп  қойғаны  оны  со  кезде   ешкім  қолданған  жоқ.  Президент: «Жоқ, Байқоңырды  Ресейге бермейміз!»  дегенде,  «Иә,  Байқоңырды  Ресейге  бермейміз!» деген  бір  қазақ  болды  ма?  Болған  жоқ.   Бізді  қойшы,  біз  малдың  ізіне  қараған  қазақпыз.   Ал,  астанадағы  халықтың   қамын  ойлайтын,  көзі  ашық,   көкірегі  ояу   қазақтар  қайда  қарады?  Олар  да  жұмған  ауыздарын  ашқан  жоқ.   Ал  енді   халқы қолдамаған   Президент  не   істесін?    Ешнәрсе  істей  алмайды.   Ал  осындай,  іштен тынып,  көніп  жүрген   кезінде   бүкіл  халық  болып: «Байқоңырды    өзімізге  қаратып алайық!» десек  ше?  Ол  бұған  қуана-қуана  келіседі.   Келісетіні,   оның  күні-түні  ойлайтыны – халықтың  қамы.  Бізге  не  керек?   Не  қымбат?   Ғарышты  зерттеу  қымбат  па?  Жоқ,  қазақтың  жері  қымбат  па?  Жалпы,  біз не  үшін  өмір  сүреміз?    Ғарышты  зерттеу  жолында,   ғаыршты  игеру  жолында құрбан   болу  үшін    өмір  сүреміз бе?   Әлемде  ғарышты  зерттемей-ақ,  ғарышты игермей-ақ  тап-тамаша  өмір   сүріп  жатқан  қанша   мемлекет  бар  десеңізші?!  Ал  енді  солар сияқты,  бізде  ғарышты  зерттемей-ақ,  ғарышты  игермей-ақ   неге  тап-тамаша  өмір  сүрмейміз?  Бұл  біздің   ғана  ойымыз  емес,  бұл  Президенттің  де  ойы.    Ал  енді  ойы,   арманы бізбен   бір  Президент     біздің  «Байқоңырды  жабайық!»  деген    талабымызбен    неге  қуана-қуана  келіспейді? Келіседі.    Байқоңырды  өзімізге   қайтарып  алған  соң,  оны   40-50 жылға  жабамыз.  40-50 жылдың  ішінде  Байқоңыр  өзінің   баяғы  қалпына  келмесе  де,   бүгінгідей  беті  ары  қарамай,  бері   қарайтын  болады. Оның  ішінде  40-50   жылдың   ішінде   ғарыш  техникасын  игеретін   өз  мамандарымыз  болады,   ғарыш  техникасын жасап  шығаратын   өз  өндірісіміз  болады. Міне,  ғарышты     игергіміз  келсе,   содан  соң  барып   игеретін  боламыз.   Ал  дәл  қазір   Байқоңырды  өзімізге   қайтарып  алып,    табан  астынан  жабуымыз  керек.   Өйтпесек,  ертең,  Байқоңырды  жалға  берген  мезгіл   біткен  кезде  Байқоңырға   ие  болатын   қазақ  қазақ  даласында  табылмай  қалатын     болады.    Сондықтан  қырылып,    құрып  кетпейік  десек,  Байқоңырды  өзімізге   қайтарып  алалық.   Бұл  талапты  бүкіл  халық  қолдаса,  Президент те   қолдайтын  болады.   Қайталап   айтамыз:   Бұл  талапты  бүкіл  халық болып  қолдайық!  Қазақ   жерін   қу  медиен   Сахараға   айналдырып  алмайық!

Үндеудің   жазылған    уақытынан    қарап  кейбіреудің:  «Оу,  ұйқысынан  шошып  оянғандай,  мынаның  мынаусы  қалай?»  деп  менің   баяғыда   жазылған  Үндеуді   баспаға   енді  ғана  ұсынып   отырғаныма   таң  қалуы  мүмкін.  Мұның  екі-үш  себебі  бар.  Бір себебі –  Ана  тілімізді  тірілту қандай  ескірмейтін  әңгіме  болса,   Жерімізді  де  тірілту  сондай  ескірмейтін   әңгіме.  Байқоңыр  туралы  мен  «Байқоңырды  Ресейге   беретін  болыппыз»  деп  әңгіме   қалай  шықты,  содан  бері   жазып  келем.  Алғаш «Президентіміздің:  «Жоқ,  Байқоңырды  Ресейге   бермейміз!»  дегенін  бүкіл   халық  болып  қолдайық!»  деп  осы  Алматыда    қазақ  тілінде  қанша  газет  бар,  солардың  бәріне  хат  жаздым.   Бүгінде  Байқоңыр   туралы  «құритын  болдық,  өйтетін  болдық,  бүйтетін  болдық» деп  тынбай  мақала   жазатын  олардың   бір де  біреуі  менің  хатыма  «ләм»   деген  жоқ. Жалғыз  «Ана тілі»  ғана  екі   мақаламды  басты.  Бірақ  «жаяудың   шаңы  шықпас,  жалғыздың  үні  шықпас»  дегендей,    жалғыз   «Ана  тілің»  үнін  кім  ести  қойсын?  Ал,  енді   елі  қолдамаған   Президентіміз   не  істесін?  «Бермеймін»  деген  Байқоңырды,  амал  жоқ,   беруге  мәжбүр  болды.  Бірақ,   әлі де  кеш  емес.  Байқоңырды  әлі  де  болса  өзімізге    қайтарып  алатын  болсақ,  сөйтіп 40-50  жылға    жапсақ,  халқымызды да,  жерімізді  де  қайта   тірілтіп  алуымызға   болады.   Міне,   баяғыда   жазылған  Үндеуді  кеш те болса,   баспаға  ұсынуымның тағы бір  себебі  осы. Келесі  себебі, мен  бұл  Үндеуді  о  кезде   Байқоңырдың   айналасында  тұратын   бір-екі қазақтың   аузынан  жан  шошытатын   не  бір  әңгімелерді   естіп  барып  жазған  ем.   Сөйтіп,   оларға:   «мына  Үндеуді   сонда  тұратын   елдің  бәріне қол  қойдырып,  маған    жіберіңдер,  одан  арғы    шаруаны  мен өз  мойныма  алайын»  дегем.   Олар  қуана-қуана  «жарайды»  деп  кеткен.  Бірақ,   о  шіркіндер  со  кеткеннен  мол  кетті.  Бүгінге  дейін   олардан    не  хат  жоқ,   не  хабар  жоқ.  Ал  енді,  одан  бері  қанша  бала   мүгедек  болып  туып,   қанша   бала  тумай  жатып  өлді  десеңізші?!  Қанша  жер  күйіп, өртеніп,    шөбі  күлге,  топырағы  тасқа  айналды  десеңізші?!  Қанша мал   қырылып  қалды  десеңізші?!  Қанша  адам   қазірдің    өзінде  өлім    аузында   жатыр  десеңізші?!   Біз  – қазақ   жаратылғаннан   осындай  халықпыз.   Өлім  аузында  тұрып,  сол  өлімнен   құтылайық  демейміз.  «Құдай  салды, біз  көндік»  деп,  аяғын  буған  қой  құсап,   тырп  етпей  жата  береміз.  Кейбір   ағайындар  бізді  «баран»  дейтіні  де,  олар  «баран»  дегенде   біздің   үндемей   қалатынымыз да  осы  «барандығымыздан»  болар,  сірә.  Ан,  енді   осы  «барандығымыздан»  арылмасақ,  жеріміздің  бәрі  «Байқоңырға»  аналып  кетуі  мүмкін.  Ал  ондай  қауіп   бар  ма?   Бар.  Қазақ  радиосының   жақында   бір айтуына   қарағанда,   Құдай берсе  салған  Парламентіміз  қазір   Қазақстанның   тағы  біраз  жерін  Ресейге  «Байқоңыр»  ғып  беру   жөнінде  келісімді   қараған    көрінеді.   Ал  енді   осының  бәрін  естіп,  көріп-біле  отырып,  қалай  ғана  шыдарсың?!  Міне,  бұл – менің  «түсімнен  шошып  оянуымның  тағы  бір  себебі.

Қазақ  біреуден  күдер  үзсе:  «Әп, бәрекелді!  Жарайсың!»  дейді.  Мен де  сол  қазағым  құсап,  Құдай  бере  салған   Парламентімізге:  «Әп  бәркелді!  Жарайсың! Осы  бетіңмен  тарта  бер.   Құдай  осы   бетіңнен  жарылқасын!»  демекпін.

Бұрынғы  мақтаныш

Ғарышты  қарышты игеру  кезеңі  болған  соң 40  жылдың   ішінде   Байқоңырдан   бәкенелеу  «Востоктан»  бастап,  буырқанған  «Боранға»   дейінгі  мыңдаған  зымырандар  ұшырылды.  Кез келген  ғарыш   көлігін    орбитаға  шығаруға  ең  кемі   екі  двигатель  пайдаланылады.   Космостық   техника   тілінде  оларды  мәре  двигатель  пайдаланылады.  Ғарыштық   техника  тілінде  оларды  мәре  двигателі   (стартовый  двигатель),  жөңку  двигателі (маршевый  двигатель) немесе  1-саты,   2-саты деп   атайды.   Жердің  тарту  күшін  жеңіп  беретін   осы бірінші   сатының   қуаты   ядролық   жарылыстан   кем  түспейді,   пайдаланатын  отынның  құрамы  да  күрделі. Өз  міндетін  атқарғаннан  кейін  мәре   двигательдерді  ғарыш  кемесінен   бөліп,  жерге  құлайды.  Жер  болғанда  кәдімгі  Қарағанды  облысының   Ұлытау  ауданындағы     малшы  ағайындардың    жайлауына  жығылады.  Бірлі-жарым  ауытқып  кеткендері  анда-санда   Торғай топырағының    да  апан-топанын  шығарып  тастайды.  Масалы,  1996 жылдың  мамыр  айының  14-де «Комета»  атты  серігін орбитаға  шығаруға   тиіс  болған  «Союз»   зымыран   тасығышының  апатқа   ұшырап,   Арқалықтан   120  шақырым  жерге   құлағаны  баршаға  белгілі.

Сексенінші  жылдардың   ортасына  дейін  әлемде  баянды   бейбітшілік   орнату  үшін   жасалынып  жатыр»  деген   кеңес    үкіметінің   кесірлі   саясатының,   жалаң  патриотизмнің,   жалған  намыстың,  жел  сөздің   жетегінде   жүрдік.  Қайран   идеологияның   қуаты-ай,  ғарышқа  зымыран  ұшқан  сайын   біз де   бөркімізді   аспанға  атып,  алақанымызды  ауырғанша  соққылап,  «астам державалық»  саясаттың айқайшы  тобырына қалай  айналып  кеткенімізді де  сезбей  қалыппыз.   Төңірекке  төпей  төгілген   «темір  жаңбыр»  елді   есеңгіретіп,   жерді  жүдетіп, кеңістікті   қаңыратып,   ананы  аңыратып,  орны  толмас   опаттың  құрсауында   қалғанда  ғана   есімізді  жинаған  болып  жатырмыз.

Аспаннан   жауған металдың  астында  жатқан  ел кеңес  үкіметі   өз  азаматтарының    денсаулығына  тікелей   залал  келтіретін  жұмыс   жұргізіп  жатыр  деп   ешқашанда   ойлаған  емес.  Ойламақ  түгіл,  Мәскеуге,  «ұлы  халыққа»  деген  сенімнің  күші   сезікке  жол   бермеді.  Ауылдағы   аңқау   ағайындар   жалтыраған  жеңіл   металдан  жасалған  зымыран   қаңқаларын    үйлерінің   маңына  сүйретіп  әкеліп,   малқора   ретінде  пайдаланды,  асхана  қылды,  көздің  жауын  алатын   қаңылтырларынан   шатырлар  жасап,  оның   ішінде   дүркіретіп  тойлар  да  өткізді.

Енді  осы   зымыранды  «жаңбыры»  астында қалған  аймақтарға  қатысты  мына  деректерге  назар  аударайық:

Ресми  құжаттарда  тіркелген  бір-біріне  ұқсас  осындай  үрейлі  деректерді  үйір-үйірмен  келтіре  беруге  болады.  Баспасөз  бетінде  құлаған  зымырандарға   байланысты   «радиациялы»,  «қауіпті»,  «зиянды»,  «улы»  деген  сияқты   жалпылама   «айыптаулар»  аз  айтылып,  аз  жазылып  жүрген  жоқ.  Кеңес  үкіметі  ғарыш  техникасына  қатысты  барлық   мәліметтерді   құпиялық  құрсауына   қамап  ұстады.  Ол  үкімет енді  жоқ,   сондықтан  құпияны  неге  аштың  деп  ешкім   айыптай   қоймас,  өзімізге  әбден  белгілі  ғарыш  кемелерінің  негізгі отыны  болып  табылатын   гептил (химиялық атауы – нитрозодиметиламин)  жайлы  ғарыш    әскерлеріне  арналған инструкциядан алынған мына сипаттама (характеристика)  көптеген  жайлардың  бетін-ашып  береді:

«Неитрозодиметиламин  (гептил) – айрықша  сасық  иісті  түссіз  сұйық.  Ол  ауадағы  оттегімен  жылдам   реакцияға   түседі  де,  суда  шексіз  еритін  тотықтардың  түр-түрі  пайда  болады.  Айналаға  тез  тарайды,  жер  бетінде де,  топыраққа  сіңгенде де  өз қасиеттерін  жоймай  ұзақ   сақталады.  Тірі организмдерге,  өсімдіктерге  жедел  сіңіп   кететін   болғандықтан,  қоршаған ортаға  аса  зиянды.  Қауіптілігі  жағынан  бірінші  дәрежелі  улы  заттардың  қатарына   жатады.   Адам  ағзасына  ас жолы,  тыныс мүшелері  арқылы жылдам   тарайды,  денеге  тиіп кетсе, тері  арқылы  да тез   сіңеді.  Сондықтан  адамға  қатері  орасан.  Ойламаған  жерден   есіріп   кету,   тыныс  тарылу,  бұлшық  еттердің   тартылуы,  орталық  жүйке   жүйесіндегі    және  қан  қысымындағы  ауытқулар,  бауыр мен  бүйректің   бұзылуы  сияқты  аурулар  гептилмен   уланудың   клиникалық  белгілері  болып  табылады.  Сол  сияқты   нитрозодиметиламин   ұрықты  жатырда    жатқанда-ақ  ауруға   шалдықтырады,  адамдардың  ұрпақ   әкелу   қабілетін    төмендетеді,  қатерлі  ісіктердің  пайда  болуына  және  жедел  өсуіне  әсерін  тигізеді».

Байқоңыр  ғарыш  айлағынан  ұшырылған мыңдаған  зымырандардың  алғашқы  сатыларының  барлығына  жуығы  осы аймаққа   түсетіндігін   және  олардың    әрқайсысында   жанып  үлгермеген 1  тоннадан  3 тоннаға  дейін  гептил  болатындығын  ескерсек.  Ұлытау  жерінің   қаншалықты   уланғандығын  шамалауға   болады.  Бұрынғы   шүйгін  шабындықтар,  жазира  жайлаулар  қу  тақырға    айналып,   өсімдіктердің  көптеген түрлері   мүлдем  жойылды.  1979  және  1990  жылдары   табиғатты  белгісіз  тажалдан  ақбөкендер  жаппай  қырылып,  өлке  өлімтікке   бөгіп  жатты.  Зерттеп-зерделеген   адамға  бұл  өңірдегі   қасқырлардың  өзі  бір деңенің    шалығына   ұшырағандай  күдік  тудырады.  1993  жылы  Кумола өзенінің  бойында   қой   қоздатып  отырған  Сарбаев  Жұмабайдың    әкесі  Сейтен  ақсақалды    талтүсте  үйінің  іргесінде  қасқыр  талап, қан-жоса  қылып  кетті.  Бұл  жалғыз    оқиға  емес,  осы   аймақта   қасқырлардың   ауылға  кіріп,   адамға шабуы,  бала-шағаны   жеп  кетуі  аз  кездеспейді.  Зымыран  сатылары    үзбей  жауатын  аумақтың  қасқырлары   да  биологиялық  ауытқуға  бой  алдырған  сияқты.

Биоресурстар  және  экология  министрлігінің  есебі  бойынша   Байқоңыр  ғарыш  кешенінің    ықпалына  ұрынған  аумақтың  жалпы  көлемі 330,4 мың  шаршы  шақырым  екен.  Оның  70  проценті   Қарағанды   облысының  үлесіне  тиеді.  Облыста  кеңес  дәуірінде  картаға  түспеген,  шартты  түрде  «Ташкент-4»  деп  аталған,  қоршаған  ортаға   әсері  жөнінен    Байқоңырдан бірде  кем  түспейтін  тағы  бір  полигон  бар.  Ол –  Балқаш    жағасындағы  Приозерск  зымыран  сынау  айлағы.  Бұл  кешеннің    жұмысы  жайлы  шындық  экологиялық   құжаттарда да  баспасөз   бетінде  де  толық айтылмағандықтан   әңгімені   әріден   бастауға   тура келеді.

Бүгінгі  қасірет

Ұлытау  аймағының  оңтүстік-батыс  бөлігінде  зымыран   сынықтары   шашылмай  жатқан  жер  жоқ  деуге  болады. Тек  бұрынғы  Қарсақпай   кеңшарының    аумағында  ондаған  жерге  жиналған   (жиналмағаны  қаншама!)  зымыран  техникасының жалпы  салмағы –   20-30 мың  тоннадай  (1995 жылғы  есеп  бойынша).  Тіршілік пен  тілшілік   қарекетімен  өзіміз  әр  жылдары   жүріп  өткен    жерлерде   зымыран   сынықтарын  және  құлаған  тұтас   зымыранды   Жайрем  кентінің   оңтүстігіндегі  Кенжебай-Самай  жайылымынан  бастап,   облыстың  батысындағы   Бозшакөл  өңірінен  одан да  әрі  жатқан  Қостанай  облысындағы   Ақкөл  атырабынан.  Ақтөбе  облысының  Балта   шабындығының   төңірегінен  кездестірдік.

Ленинград   политехникалық  институтында  оқыған  кезде  зымыран    қарулары   бойынша   әскери  мамандық  алып,  әуе  шабуылына  қарсы  қимыл   жасайтын  бөлімшелерде  тиісті  деңгейде  тәжірибе   де  жинақтағандықтан,  байтақ  далада  шашылып  жатқан  техниканың   бәрі  бірдей   Байқоңырдан   ұшырылған   ғарыш   кемелерінің   құлаған сатылары  еместігін   бірден  байқағанбыз.   1931-1932 жылдары  Қарақұм  көтерілісін  қарумен  басудан  кейін  ешқандай  соғыс  қимылдары  жүріп  көрмеген  алқапта  осыншама  мол   мөлшерде   ұзақ  қашықтықтарға   ұшатын  бүгінгі   дәуірдің   атом   оқтұмсықты  жойқын  қарулардың   қалдықтары   шашылып  жатқандығының    құпия  сырына   жете  алмай,   әр  түрлі   болжамдар  мен  жорамалдар   жетегінде   жүрдік.  Бұрынғы   Жезқазған   облысының   әуе  кеңістігі  арқылы  5-6  зымыран   жолдары  өтетіндігі    жайлы  айтылып  та,   жазылып  та  жүр.  Әрине,  бұл  трассалардың   зымыран  сынау  полигондарын  бір-бірімен   қосатын   траектория   екендігі    белгілі.  Ептеп  ауытқуларды  есептемегенде,  жоғарыда әңгімелеген  зымыран   қаңқаларының  барлығы   дерлік  бұрынғы   одақтағы  екі  қуатты  полигон – Астрахан  облысындағы  Капустин  Яр  мен  өзіміздегі  Приозерскіні   қосатын   оқтай  түзу  сызықтың  бойында  жатыр…

Шындықтың  шымылдығы  ойламаған  жерден  ашыла  кетті.  1994 жылы  тамыз  айында   республикалық   баспасөз  өкілі  ретінде   облыс  әкімімен  бірге   Приозерск   қаласында  болдық.  А.Тарасов  ұшыру  алаңына  апарып,  әскери  зымырандармен  таныстырды.  Қалың  әскерилердің  ортасында  өткен  осы  кездесу  үстінде  оның:  «сұрақтарыңыз  болса,  қоя  беріңіздер» –  деген  ақжарқын  емеурінінің  жетегінде  кеткен    жалғыз   мен  болдым.  Обалына  не керек,  тілшіден  тосын  сауалдар  күтпесе  де,  генерал  зымырандарды  басқару,  ұшу  барысында  бағыттау  және  қажетті   нүктеде  жою төңірегінде   қойған  барлық  сұрақтарыма   жауап  берді  де,  сәл  ойланып:  «Мұның  бәрін  қайдан  білесіз,  өзіңіз  де  ракетчик  емессіз бе?»  – деп  жымия  күлді.  Шынымды  айттым.  Тіпті 1975 жылы солтүстік  шекарадағы  құпия  қалада  (Оленогорск-5)  қапталдас   жатқан   зымырандық  бөлімдерде   онымен  қатар   қызмет  те  етіппіз.

Генералдың   жауаптары  жорамалымды  шындыққа  айналдырды.  Приозерск  полигоны  Капустин  Ярдан  ұшырылған,  керісінше  Капустин  Яр  Приозерскіден  көтерілген  зымырандарды  жоспарланған   нүктелерде   жойып   отырған.   Зымыран  қайта  қонатын  ұшақ  емес,  ол  міндетті  түрде   ауада  жойылады. АҚШ-пен  текетірес кезінде  КСРО-ның  қатерлі  қарулардың  орасан  зор  қоймасына   айналып  кеткендігін  бәріміз  білеміз.  Оларды  шектеу,  артығын  жою  жөнінде  мемлекетаралық  талай-талай келісімдер  жасалынды.  Кеңес   үкіметі  құлардың  сәл  алдында  ғана  басқа  жер  жетпегендей  оларды   құртудың  басқа  әдістері  жоқтай,  оқтұмсықтарына  атом   зарядтары   толтырылған  ракеталардың    үлкен  бөлігінің  Жетісу   өңіріндегі   Сарыөзек  аймағына   арнайы   әкелініп,  жойылғандығынан  ешкім   ұмыта    қоймаған  шығар.   Осындай  үкімет  бодан   елдің   «бос  жатқан  даласын» аясын ба,  талай  жаппай  қырып-жоятын  стратегиялық   тегеурінді   қаруларын    қасиетті  Ұлытау  жерінде  жойғандығының  басты  дөлелі –  жоғарыда  айтылған.  Капустин  Яр –  Приозерск   түзу  сызығының   бойында   жатқан  сұсты  сигаралардың  қаптаған   қаңқалары.  Ондай  жұмыстардың   болғандығын  атақты  полигонның  айбынды  әрі  аңғал  қолбасшысы   генерал  Тарасов   та  көпшілік  алдында  жоққа   шығара  алмай  қалды…

Бұл  аймақтағы  радиациялық   ахуалдың  күрделеніп  кетуінің  басты  себебі  де  осында  жатыр.  1922  жылы   Қазақ  Мемлекеттік  Ұлттық  Университетінің  ғалымдары   Ұлытау  өңіріне  экологиялық  зерттеу  жүргізу  барысында  осы  аймақтың   топырағының   айналаға  радиация   сәулесін  шашатын  ауыр металдармен, тіпті,  кейбір  мекендердің   цезий – 137  радиозотопымен  уланғандығын  анықтап берді.  Бұндай   зиянды   компоненттердің   ядролық  жарылыстардан  қалатын  «Із»  екендігі   орта  мектептің  оқулықтарынан-ақ  белгілі. Жойылған  зымырандардың  қаңқалары  шашылып  жатқан   өңірдегі   қуатты  зарядтардың  жарылысынан   тараған   радиация  сәулесінің    зардабын  ғасырлар  бойы  тартатын  кіріптар  жағдайдамыз.

Осының  бәріне  Арал  атырабынан   көтерілген  тұздың   әсері  қосылып, топырағы  мен өсімдіктер  әлемі  әбден  тозған  бұл  аймақтың  әр жерде  ойдым-ойдым  сақталған  мал  азығын  дайындауға  жарамды  шабындықтарының  өзіне  жергілікті  шаруашылықтардың   шалғы  салуы  қиямет-қайым   жұмысқа   айналды.  Қырық  жыл  бойы    толассыз  жауған   космос   қоқыстары  қайшыға  кептеліп,  бүгінгідей  қосалқы  бөлшек  пен  жанар-жағар  майға  ел  онсыз  да  жарымай   отырған  тұста,    ауылшаруашылық   техникаларын  ретсіз  апатқа  ұшыратудан  көз  аштырмайды.  Бұл  – мал  өсіріп,  соның  өнімімен  күн  көріп  отырған  осынау  аймақтағы  қалың  қазақтың  ата  кәсіппен  айналысуы  мүмкіндігі  шектеулі,   болашағы  бұлыңғыр  деген  сөз.

Адам  өмірі  апат құрсауында  қалып тұрғандықтан,  біз,  бұл жерде  «бастан  құлақ садаға»,  дегендей;  табиғатқа  оның  өсімдіктер мен  жануарлар  дүниесіне келіп  жатқан  зардапты,  оған  қатысты  ұзақ жылдар бойғы  журналистік  зерттеу  барысында  жинақталған  қолда  бар нақты  деректерді  сөз  қылып  отырғанымыз  жоқ.

Сарыарқаның  сауыр   жонының  бел  ортасындағы  Ұлытау  өңірін  әрбір қазақ  қойнауына  қазыла  көміліп,  майсасына  мал  мамырлаған  ежелгі құтты  қонысымыз деп  біледі.   Еңку-еңку  күндерде  ұлтымыздың  ұясына  айналған  елдік  пен   ерліктің  тұрағы,  тектіліктің  тұғыры  болған  осынау  өлкенің  бүгінгі  қасіретті жағдайы  ешкімді де  бей-жай  қалдырмауға  тиіс.   Жарты  ғасырға  жуық  уақыт   бойы  кеңес  үкіметінің  ерекше  құпияландырған  әрекеттерінің  зардабын  жою  аса  күрделі  мәселе  екендігі  де  сөзсіз.   Алайда,   «Құдайдың  салғаны  осы» деп,  қол қусырып  отыра  беруге  болмайтындығы  да  ақиқат.   «Ауруын жасырған  өледі»  дейді  халқымыз.  Өңшең  экономикамызды да қалыптастыра,  өркендете  алмайтындығын  ел  тұтқасын ұстап отырғандар  бір мезетке  де естерінен  шығармай  кезек  күттірмес  бұл  проблемамен  жиелі  түрде  айналысуға  тиіс.   Ұлтымыздың  ұясы –  Ұлытау   өңірі  халқының  тілегі  де,   талабы да  осы.

Екінің  бірі:  не  Байқоңыр,  не  қазақ  халқы!

Қарқалы  апатын  ойлаған сайын,  ойыма  қазақтың  бір мақалы  қайта-қайта түсе  берді.  Апат кезіндегі   у-шуға  қарап:  «Әй, не  ғыпты, Байқоңырды  басар, осы  жолы  өзімізге  қайтарып  алармыз» деп қатты  үміттенген  ем,  болмады,  үмітім  ақталмады. «Ары  кездім,  бері  кездім,  қайтып келіп  Айтпайдың  құртын  ездім» деп  бір  апамыз  айтқандай  ары  шулап, бері  шулап,  ақыры  бізде Айтпайдың  қолына   қайта  барып,  Айтпайдың  қолына  қараған  апамыз құсап, Ресейдің  қолына  қайта  қарадық.

Х – о – ш. Сонда  бізді  алда  не күтіп  тұр?  Қарқалы  апатынан  асып  түспесе  кем  түспейтін  апаттар  күтіп  тұр.  «Өй,  сен  не  дейсің?!»  деп  өре  тірегелмеңіз.  Мұны  айтып  отырған  мен  емес,  мұны айтып отырған  «пропанды»  өз  қолдарымен  жасаған  мамандар.   «Бүгін  болған  бұл апат бұрында  болған,   болашақта да  бола  береді»  дейді  олар шімірікпестен  («Новое  поколение»  газетінің  16  шілдедегі  «Ракетный  удар»  деген  мақаласын  қараңыз).  Мұны  аз десеңіз,  «протонның»  құлауына  байланысты  Ресе   й  вице-премьері  Илья  Клебанов  журналистерге:  «Ракеты,  конечно,  будут  падать  и в будущем»  деді  («Деловая  Неделя»  газетінің 10  қырқүйектегі санын  қараңыз).   Ал  енді  осыдан кейін:  «Апырмай,  бұл шулағанымыз  шулаған ба,  ертең  бүкіл  халық боп  күңіренбесек  сол-ақ»  деп  қалай  шошымайсың?   Тіпті ол  кезде  күңіренетін  қазақ  қазақ  даладсында қалама  десеңізші?!   Тіпті  қалған  күннің  өзінде,  ол бейбақ  күңірене ме,  жоқ,  сиыр  құсап  мөңірей ме,  әлде   қой  құсап  маңырай ма?  Менің  мұңыма  кейбіреу:  «Оу,  сен  не айтып кеттің?»  деуі  мүмкін.  Мұны  айтып отырған тағы  мен емес. Білетін адамдар.  Білетін адамдардың  айтуына  қарағанда  («Караван»  газетінің 28 шілдедегі  санында басылған  «…Армагеддон»  деген мақаланы  қараңыз),  Қазақстан   қазір  тұс-тұсынан   қаптаған  тажалдың ортасында  қалыпты.   Батыс  мен  шығысындағы  тажал   өз  полтигондары.  Терістігі  мен  түстігіндегі  тажал  Ресей мен  Қытайдың  полигондары.  Төрт жақтағы  бұл  төрт  тажалға  ортадағы   екі  тажалды  қосыңыз.   Оның  біреуі    Арал,  біреуі  Байқоңыр.  Бұл  алты  тажалды  аз  десеңіз,  жетінші  тажал   тағы  бар.  Оның  Нұрсұлтан  өзінің докторлық     диссертациясында  айтады.   Ол – Қазақстандағы   кен  орынды.  Әрине,  «кен   орындағы  қалай  тажал  болады?»  деген  сұрақ туады.    Олардың  тажал  болатыны  кенді  біз жер  астынан  жөндеп  қазып  ала  алмаймыз.  Шашып-төгіп,  ит-рәсуәсін  шығарып  қазып  аламыз. Бұл  жөнінде  Нұрсұлтан   өзінің  диссертациясында: «в  Казахстане,  где  добывается   ежегодно  свыше  1,5 млрд.тонн  твердых полезных ископаемых, в конечную продукцию  превращается  примерно  4-8 процентов  добываемого  сырья»  дейді.   Ал  сонда  қазып  алынған  кеніміздің  қалған  92-96  бөлігі  қайда  кетеді?     Аршынды  бос  тастармен  бірге  үйіндеуге  кетеді.  Бұл жөнінде де  Нұрсұлтан  диссертациясында: «Это  продалжает  не только  острое  социально-экономические,  но  и   экологические  проблемы…  Образует  гигантские  отвалы  пустых  порот    золы  и  шлаков,   вредные  выбросы  в  реки,   море  и атмосферы.  В  растет  число  промышленных  центров,  объявляемых  зонами  экологического  бедствия»  дейді.   Бірақ  Нұрсұлтан  өзінің  бұл  еңбегінде  жетінші тажалдың бірақ жағын  ғана  көрсеткен.    Ал  оның  бір  емес, бірнеше  жағы бар. Қазіргі  кен  қазуда  (бізде ғана емес,  бүкіл  әлемде)  қолданылып  жүрген  шөміштердің   саяудай- саяудай  тістері  бола тұра,  қатты  кенге  сол  саяудай  тістері  өтпейді.  Сондықтан  қатты кенді  оларға   «шайнап» береді.  Кенді  бұрғылап,  одан  оны  дәрімен  қопарады.  Міне,  жетінші  тажалдың  екінші жағы – осы  қопару  кезінде    ауаға  не  тарамайды  дейміз,  не  бір  улы  заттар, не  бір  улы   газдар  тарайды.   Олар  ауаны  улап  қана қоймайды,  суды да  улайды,  топырақты да  улайды,  егінді де  улайды,  адамды да   улайды,  ұшқан құсты  да,  жүгірген  аңды да   улайды.  Жетінші тажалдың  бұл  екінші   жағы  көмірден  басқа  кенді  қазғанда  кездеседі.  Ал  көмірді  қазғанда  жетінші  тажалдың  бұл екі  сойқанына  тағы  да  екі  сойқан  кеп  қосылады. Көмірден  басқа   кенді  қазғанда  үйіндіден  аспаға    тек  улы   шаң мен   тозаң  ғана  көтерілсе,   көмірді  қазған  кезде   үйіндіден  бұларға  қоса,  улы  көк  түтін көтеріледі.  Ол  түтін   қайдан  пайда болды  дейсіз  ғой.  Оған да   қатты кенге   тісі  өтпейтін  шөміштер  кінәлі.  Олардың   қатты кенді  «шайнай»  алмауы  былай   тұрсын,  «шайнап»  берген  кенді көсіп  алып  көлікке  тиеу  кезінде,    олар  нені   көсіп алып    жатқанын  көрмейді.  Оларда  тіс    қана  емес,  «көз»  де  жоқ.  «Көз»  жоқ  болған  соң  қайтсін,  үйіндіге   жіберілетін   бос  тастарды  көлікке  тиерде   көсіп  алып   жатып,   олармен  қоса   көмірді  де  көсіп  алады.   Сөйтіп,   үйіндіге   аршынды  бос   тастармен  бірге  көмір  де   кетеді.  Көмір   үйіндіге   барған  соң,   аршынды   тастардың   астында    қалып,   қысылып,  қатты  қысымның  әсерінен   бірте-бірте   тұтанып,  жанады.  Міне,  үйіндідегі   көк   түтіннің   қайдан   пайда  болатыны.  «Соқыр»   шөміштер  көлікке  көмірді  де   өстіп  тиейді.   Электр    стансияларына   жағуға    жіберілетін    көмірді  көсіп  алып  жатып,   олар  көмірмен   бірге  аршынды   бос  тастарды   да  көсіп  алады.   Сөйтіп  көмір   бос тастармен  «былғанады».  Мысалы,   Екібастұз көмірінің  таза  күйінде   30-32  бөлігі   ғана  күл.  Ал  жаңағыдай  бос  тастармен    «былғанудан»  кейін  оның  70  бөлігі   күл  болады.   Ал  енді  осындай   көмірді  көмір  дейге  бола  ма?  Әрине,  болмайды.   Бұл  көмір  емес,   жә»,  көмірдің  күлін  бетіне  сеуіп  қойған  қып-қызыл  қызыл  тас.  Міне,  елдің  бәрінің «Екібастұз  көмірі  десе:  «Ойбай,   о  пәлеңді  ары  тарт» леп  ат-тондарын  ала  қашатыны  осыдан.    Мұндай  көмір  жанбайды,  ал  жанған  күнде    одан келетін   зиянға шашын  жетпейді.  Біреуін-ақ  айтайын.   Құрамының  55  бөлігі  күл  көмірді  жаққан  кезде  аспанға  әр  сағат  сайын  300 тонна  күкірт   қышқылын   түзейтін  200  тонна  күкіртті  у  көтеріледі  екен.  Ал  Екібастұз    көмірінің  болса,   55  бөлігі  емес,  70  бөлігі  күл.   Міне,  осыдан-ақ  Екібастұз    көмірінің  қандай    тажал  екенін    көруге  болады.   Және  бұл   тажал  жалғыз    Екібастұздың  өзінен  ғана  шықпайды, Қазақстанда   Екібастұз  көмірін  жағатын   қанша  электр  стансасы  бар,  солардың    бәрінен  шығады.   Яғни,    Екібастұз  көмірін  дәл     қазіргідей  өзі  «соқыр»,   өзі  тіссіз   шөміштермен  қазып  ала  беретін  болсақ,  болашақта  аспаннан  басымызға жаңбыр  емес,   күкірт қышқылы  жауатын  болады.    Жетінші   тажалға  егіндікке   себетін  тыңайтқышты  да,   мақтаға  себетін  дефолиантты  да  қосуға  болады.  Бұл екеуі  де  у.  Әсіресе,   дефолиант –  сойқан  у.   Қазір  Қазақстанның      оңтүстігінде мақта егетін аймақтағы   қазақтардың  еңбектеген  баласы  түгіл,  іштегі  баласынан   бастап  бәрінің    түгел  ауру  болатыны  осы  удың    зардабы.    Жетінші  тажал   қанша  тажал  болса,  алдыңғы   алты  тажалмен    құйрық  тістессе  тістесер,  бірақ    үзеңгі қағыса  алмайды.   Өйткені,    жетінші тажалдың  зардабы   емдеуге  көнетін   зардап,   ал  алдыңғы    алты  тажалдың  зардабы  емдеуге  көнбейді.    Алатаудың  бесеуі   өлім  сәулесін  шығарса,    алтыншысы (Аралдың   тажалы)  өлім  сәулесінен   де  қауіпті  бактерия  шығарады.    Бактерия  шығартын бұл  тажалдың 200  килограмдық  бір  бомбасының  өзі  жарты  миллион  адамды  қырып  салатын  көрінеді.   Ал  ондай  бомбының  өзі   Арал  теңізінің  ортасындағы    Возрождение  полигонында   қаншасын  жардық  екен  десеңші.  Оны  ешкім   білмейді.  Білсе  де  айтпайды.

Ал  өлім   сәулесін  шығаратын  атом  бомбасына  келсек,   оны  Семей  полигоны   жабылғанға  дейін,  Қазақстанның  барлық    полигондарында  503  рет    жарыппыз,   оның  118-ің  ауада,   ашық   аспанның   астында   жарыппыз.  Сонда   олардың    сойқан   күші  қандай  болады  екен  дейсіз ғой.  1945  жылы   Хиросимада жарылған  алғашқы  бомбасының   Хиросиманы  тас-талқан  етіп   қиратқанын бәріміз  білеміз.  Ал  Қазақстанда   содан  бері    Хиросимада   жарылған    бомбыдай  45  мың  бомбы  жарылыаты.    Қазір   Семей  полигонында  атом  бомбасы  да,  су   тегі    бомбосы  да   жарылмайды.  Бірақ  біз  қазір  онда    бұл  екі  бомбыдан  да   қауіпті  химиялық  бомбы  жара   бастаппыз.   («Комсомольская  правда»  гезетінің  21  шілдедегі   санын  қараңыз).  Яғни,    Семей  полигонымыз  енді  Возрождение   полигонына    айнала  бастаған…  бес  тажалдың  біреуі  Ресейдікі,   біреуі  Қытайдікі  екені  жоғарыда  айтылды.   Мені  шошытқан  оларда  қанша  бомбының  жарылғаны,  қуаты   қандай  болғаны  емес,  басқа  болды.  Мейлі  ресейде  болсын,  мейлі  Қытайда  болсын,  бомбы  жарылса  болғаны   Құдайдың  құдірері  ме, жоқ,   адамның құдіреті ме,   кім  білсен,   жел  басқа   жаққа  қарай  емес,  тек   Қазақстанға   қарай  тұрады  екен.  Сөйтіп,  олардан  шығатын өлім  сәулесі,   біреуі  де  шашау  шықпай,   түгелімен   Қазақстанның  үстіне  көп  құлайды  екен.   Бұған  өзіміздегі  үш  тажалдың   шығатын  өлім  сәулесі  кеп  қосылады.   Ол  айналасы   (Ресейдің  меншігі  өтіп  кеткен)  6117  шаршы шақырым  жерді алып  жатыр.  Онда  Ресейдің  9  атқылау  алаңы  бар. Ол 9  алаңда  зымыран  тасығыштарды  ғарышқа  алып  шығатын  15  қондырғы  орнатылған.  Қарқаралы  қазақтарын   шулатқан  орта  есеппен 25-30  рет  ұшып  шығыпты.   Ал  сонда   солардың  қаншасы   жерге  құлайды  екен  десеңізші?  100-ден  8-і  құлайды  екен.   Яғни,  бұл  жыл  сайын   «Пртон»  қазақ  жеріне  екіден-үштен  құлап  тұрады  деген  сөз.   Тіпті бір   де біреуі   құламаған  күннің   өзінде  «Протонның»  зардабы  құлаған  кездегісінен  артық  болмаса,  кем  емес  көрінеді.   «Протонды»   белгілі биікке  алып  шығып,   өзі  түсіп  қалатын  бірінші  сатысында   жанып  үлгермеген  5  тонна  гептил  болады  екен.  Оның   шашылғаны   шашылып  жерге  1  метр тереңдікке  дейін  сіңіп,  100  жылға  дейін  «сүр»  боп  сақталады  екен.  Бұл  «Протонның»  жердег   сойқаны,  ал   аспандағы   сойқаны   бұдан   асып  түсетін  көрінеді.  Ғарышқа   әр  ұшқан   сайын  ол  озон  қабатының    тас-талқанын   шығарады  екен.  Ал  озон  қабатының   жердегі    тіршілік  үшін   қандай   пайдасы бар  екені белгілі.   Оның  пайдасы,  Күннен  шығатын   зиянды  сәулелерді   жерге  жібермей ұстап  қалады, Міне,   бізді  Күннің  зиянды  сәулесінен  қорғайтын  осы  озон   қабатын «Протон»,   әр  ұшқан  сайын   күл-талқанын   шығарып,       тесіп  өтеді  екен.   Сонда   тас-талқаны   шыққан  ол  «тесіктің»  үлкендігі   қандай   дейсіз  ғой.   Бір  шеті мен  бір  шеінің  арасы 2  шақырымға  дейін  болатын  көрінеді.  Және  ол   «тесік» табан  астында   қайта  жабылып  қоймай,  22 сағат  бойы ашық  тұрады  екен.   Яғни,  бұл  өзінің  өлім  сәулесін  күн  22  сағат  бойы  біздің  үстімізден  төгіп   тұрады  деген  сөз.    Осы  арада. «Соңғы  келісім бойынша  Ресей  «Протонды»  Байқоңырдан  бұдан  былай   ұшырмайтын  болды  емес  пе?»  деген  сұрақ   туады.  Иә,   ресми   хабарға   қарағанды  Ресей   ондай   келісімге  келген.  Бірақ Ресей  өзінің    осы  келісімін   орындар  ма екен?    Мысалға,   Байқоңырдың    майын  алалық.  Ресей  кезінде   Байқоңырды   пайдаланатын  үшін  әр  жыл  сайын  115  млн.  Доллардан  төлеп  тұруға  уәде   берді.  Ал  сол   уәдесін   орындады  ма?  Орындаған  жоқ.  Олай  болса,  оның:   «Бұдан  былай  «Протонды» Байқоңырдан  ұшырмаймын»  деген  уәдесі  де жәй,  бос  сөз  болуы  мүмкін  бе?  Әбден  мүмкін.  (Айтқанымдай-ақ,   Ресейдің   бұл  уәдесі  де  бос  сөз  боп  шықты.  Қыркүйектің    6-сынан  бастап  ол «Протонын»  Байқоңырдан  қайтадан     тағы  ұшыра  бастады. – 18.09.199ж.). Тіпті  Ресей  уәдесінде  тұрып,  «Протонды»  ұшырмаған күннің  өзінде  тажал    Байқоңыр  біз  үшін  тажал    боп  қала   береді.  Бір-ақ   дәлел  келтірейін.  Мейлі   гептилмен  ұшатын  «Протон»  болсын,   мейлі  гептилсіз  жермаймен  ұшатын  «Прогресс»   болсын,  зымырантасығыштар  ғарышқа  ұшқан  сайын  дүниенің   суын   сорып  ұшады. Ал  ол суды  шөл  даладағы Байқоңыр  қайдан  алады?  Жердің  астынан   алады.  Ал ол суды сорып  алатын  құбырдың  арнаны   қандай  екені  белесіз  бе?   Ол  құбырдың   ішіне  түйелі  адам  кіріп кетеді.   Ал  енді   осындай    құбырмен  жер   астынан  су  тартқанда   жер астында  су  қала   ма?  Қалмайды. 10 миллондай   халқы  бар.   Мәскеу   қаласы 5  минут  ішінде   қаншы  су  ішсе,   Байқоңыр   да  әр  зымыран  ұшқан  сайын  сонша су  ішеді.   Ал бұл  дегенің  шалқар  көл.    Бір  кезде   көктем  сайын     гүл  жайнайтың  Қызылқұм  қазір   сұп-сұр  Сахараға  айналады.  Сахараға  айналғаны,   астында  бір  тамшы  су  жоқ.   Байқоңыр   атты   тажал  бәрін    сорып  алды.   Бір  кезде  Қызылқұмдағы   әр  малшының  ауылында   суы меймілдеген   бір-бір  құдық  болатын.   Қазір  олардың    біреуі  де  жоқ.   Бәрі  қурап  кеуіп  қалған.   Бір  кезде   қысы-жазы  мыңғырған мал  жататын.    Қызылқұмда қазір  мал  да  жоқ,    малшы  да  жоқ.  Қаңыраған  қу  дала.  Байқоңыр  жердің астындағы  суы ғана  емес,    жердің үстіндегі     суды  да  бір  тамшысын   қалдырмай  сорып  алады.   Оны  Аралдан   көруге  болады.   Аралдың   суы қайда   кеткені    жөнінде   мың  түрлі  болжам   айтамыз.   Оның  бәрі  бо  сөз.   Аралдың  суы  ғарышта.   Оны о  жаққа Байқоңыр   сорып  әкетті.  Міне,  Байқоңырдан  біздің көріп  отырған  «пайдамыз».  Ал  енді   осы  қалпымызбен   кете  беретін  болсақ,  Қызылқұм  ғана  емес,  Аралдың   айналасы   ғана  емес,  бүкіл  Қазақстан  қураған  су далаға   айналатын  болады.  А  қазақтың өзі  ше?   Мен  жоғарыда  сиыр  құсап  мөңірейтін,   болмаса  қой  құсап  маңырайтын  қазақ туралы   бекер  айтқам  жоқ.  Гептил  адамды  улап  өлтіріп  қана   қоймайды  екен,   адамның  тегін   де  өзгертеді  екен.   Ал  адамның   тегі  өзгеруі  дегеніміз  не?  Ол адамның адамдық  қасиеттен   айырылып,   малға  айналуы.    Ал  малға  айналған   қазақ  өзінің    сиыры    құсап  неге  айналған,   өзінің  қойы  құсап  неге   маңырасын?   Міне,  біздің  болашағымыз.

Жаңа   келісім  бойынша   Ресей  бізге  Байқоңырдың    майын  түгел   төлеп  тұратын  бопты.   Тіпті  алғашқы  майдың  50 миллион    долларын   осы   тамыздан  бастап   төлейміз  депті.   Ал  қалған  65  миллион  долларына    оны-мұны   кәкір-шүкір   беретін  бопты. 50 миллион  доллар  дегеніміз  «жаңа орыстардың»  қалтасында   жүретін,   олардың   бір  күнде  жұмсайтын  тиыны.   Ал  65  миллионның  Ресейдің  өзінде  өтпей қалған кәкір-шүкір.  Сода  мұның  аты  не?   Мұның  аты –  қорлау.  Ата-бабаларымыз   мұндайда:  «Оу,   бұл сенің  қай қорлауың?!»  деген.  Ал  біз  ше?  «Оу,  аға,  бұл  Сіздің  қай  қорлауыңыз?»  дедік пе?  Дегеніміз  жоқ.   Демек  тұрмақ, мұның   қорлау  екенін   сезгеміз  жоқ. Сонда  бұл  не?  Тегіміздің  өзгере   бастағаны  емес  пе?

Әрине,  Байқоңырдың   майына  115 млн.  доллар емес,   одан  100  есе,  1000  есе  көп  доллар  талап етуге   болады.  Бірақ  ол   доллармен  ауру  жерді,  ауру  елді  емдеп,   қайта   қалпына   келтіруге  болар  ма  екен?   Болмайды.  Ауру   жерді,  ауру  елді   емдеп  жазатын  бір  күш  бар.  Ол – табиғаттың   күші.   Бірақ   табиғаттан   да  қазір   күш  кетіп  қалды.  Енді,   жеті  тажал  жан-жағынан  жетпіс  жыл  бойы жабылса,   табиғатта  не   жан   қалсын?   Ал  енді   осыны  сезіп отырған  біреуіміз  бар ма?  Тағы   да  жоқ.   Осы  арада  ойға:»  Апырмай,  тегіміз  өзгере  бастаған   жоқ па екен?»  деген  жоғарыдағы  қорқыныш  тағы  да  келеді.  Ал  енді  осыдан  кейін:   «Бұл  боздаған  бозздаған ба,   таңға  жақын   түйенің  бәрі  боздайд»  дейміз  бе,  демейміз  бе?

Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Егемен Қазақстан 2001ж. Ақпан.
  2. Егемен Қазақстан  2001ж.  Қараша.
«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!