Әлеуметтік саясат іскерлік менеджменттің құралы ретінде

Қоғамның дамудың бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі  көбінесе теңсіздік пен әділетсіздікке негізделетіні белгілі. Осы күні қалыптасқып отырған нарықтық қатынастар  да әлеуметтікті қамтамасыз ете бермейді.

18-19 ғасырларда өндіріс революциясы нарықтық қатынастарды өте күшті дамытты. Нарықтық қатынастардың дамуы бас бостандығы мен еркіндікке ,әлеуметтік әділеттіке жол ашып берді.Осының барлығы индустриалды елдерле әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын қалыптастырды.Жалпы алғанда,нарықтық экономиканың осы күнгі моделі біршама әлеуметтік теңестіруді көздейді деп айтуға болады.

Біріншіден, қоғамдық сананың нарық деген оған  қатысушылардың өзара келісімге келуі екенін ұғыну деңгейіне жеткенін көрсетеді.

Екіншіден , нарықтық әбден толған және бәсекелестіктің қатты дамыған жағдайда тауар мен қызмет өндірушілер тұтынушылардың табысы жоғары болуына мүдделі.

Сонымен ,осы күнгі дамыған нарық қатынастарды салыстырмалы түрдегі әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді.Бірақ оларды іске асыру белгілі бір принциптер тұтастығына негізделген  мақсаттық шараларды қажет етеді.Осы шаралар әлеуметтік саясат,немесе мемлекет саясатының әлеуметтік аспектісі болып табылады.Әртүрлі қоғамдық топтар мүдделері арақатынасын анықтауына байланысты.Экономикалық саясаттың,оның ішінде әлеуметтік саясаттың алдында қоғамдағы әртүрлі мүдделер арасындағы ең оңтайлы үйлесілімділікті табу мүмкіндік тұрады.Мемлекеттік биліктің институционалдық құрылымы барлық тұрғындардың ықылас  мүдделерін ескеруі қажет.Бірақ, әрбір жеке тұрғынды есепке алу мүмкін емес,сондықтан оларды әлеуметтік топ деңгейіне дейін жеткізіп жинақтайды.

Әлеуметтік бағдарламаларды жасағанда және оларды іске асыру кезінде тұрақты қоғамдық бақылау ,институционалдық күштердің тепе  теңдігі, қоғамда демократиялық мәдениеттің жоғары деңгейі қажет болады.

Дамыған елдердің әлеуметтік  саясат жүргізу тәжірибиесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан әлеуметтік сақтандыру, жұмыскерлерді әлеуметтікқоғау,еңбекақы саясаты,еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар,тұрғын үй саясаты.

Еңбек қатынастарын таза нарық принциптері негізінде анықтау дұрыс емес.Еңбек қатынастары  еңбекті сату  сатып алумен шектелмейді.Еңбек қатынастары    ең алдымен ,әлеуметтік қатынастар.Ал әлеуметтік қатынастарды реттеу    мемлекеттің негізгі  міндеті.Еңбек қатынастарын реттеу    сатушы мен сатып алушымен арасында қалыптасқан жеке нарық қатынасын ретеу ғана емес,ол, ең алдымен,екі әлеуметтік топ өкілдерінің арасындағы  қатынастарды реттеу болып табылады.Еңбекті сатып алушы ,яғни жұмыскерді жалдап алушы  кәсіпкер, ал жалданушы ,өз  еңбегін сатушы  жұмыскер олардың әрқайсысын  қоғамның  тең құқықты тұлғасы таныған дұрыс.Екіншіден ,кәсіпкер және жұмыскер қоғам мен нарықтық экономикада өзіне сәйкес орынды , басқаша айтқанда ,статусыты иемденеді.Еңбекті қорғау дегеніміз-  сонымен жұмыскердің өндірістегі орны мен жағдайын анықтап, соңы заң жүзінде қадағалап , іске асыру болады.Бұл үшін мемлекет тарапына еңбек туралы Заң жүйесі жасалып қабылданады. Ал бір нақты жағдайда кәсіпорын әкімшілігі мен жұмысшылар ұжымы арасында жыл сайын еңбек қатынастарын Жан – жақты анықтап , реттейтін екі жақты келісім шарт жасалып қабылданады.

 Әлеуметтік саясаттың келесі бір формасы   мемлекет тарпынан еңбекақыны реттеу. Еңбек тарифі дегеніміз – ол еңбек уақытының құны. Еңбектің  құны ең қарапайым еңбектің  бағасымен өлшенеді.Экономикасы дамыған елдерде қарапайым еңбектің бағасы ,яғни мамандығы жоқ жұмыс күшінің бір сағаттық еңбегіне төленетін тариф заң жүзінде анықталып ,бекітіледі.

Ерекше жағдайда,мысалы инфляцияны тежеу мақсатында,еңбекақының өсу деңгейі де реттеледі.Халықты жұмыспен қамту   жалпы экономикалық проблема және кез-келген мемлекеттің негізгі мақсаты болады.Экономикасын тұрақты дамытқысы келетін ел алдында екі негізгі мақсат қояды тәуелсіздігін сақтау және халықтың тұрмысын жақсарту.Мысалы, 20 ғасырдың соңғы онжылдықтарында әлемнің барлық дамыған елдерінде  халықты жұмыспен қамту проблемасы ұсақ кәсіпкерлікті Жан жақты қолдау және дамыту есебінен тұрақты түрде шешіліп келеді.

Еңбек нарығын реттеу, ең алдымен, еңбек күшіне сұранымның қалыптасуына ықпал жасау арқылы іске асады.Қазақстан жағдайында шетелдік фирмалармен бірлесіп жұмыс істейтін кәсіпорындарға жергілікті ұлт өкілдерін тарту өте маңызды .Бірлескен кәсіпорындарда шетелдңк жұмыскерлерді пайдалану тәртібі мемлекет тарапынан нақты анықталуы  дұрыс.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің тереңдеуіне байланысты мемлекет жұмыскерлерді қайта оқыту,олардың білімдері мен мамандықтарын жетілдіру жүйесін  ұйымдастыруды және қаржыландыруды өз міндетіне алады.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету осы күндері әлеуметтәк саясаттың құралы ретінде қаралады.Қазақстан парламенттінде  1998  жылы «Тұрғын үй қатынастарын  туралы » Заң қабылданды.Дәстүлі түрде әлеуметтік саясатың бұл бағыты тұрғын үй жалдайтындарға бюджеттен қаражат бөліп беру түрінде жүргізіледі. Біраұ бұның балама үлгісі де бар:мемлекет өз еркінмен үй салушыларды ынталандырады.Ол үшін әртүлі мүмкіншіліктер қолданылады.Мысалы,мемлекеттің жергілікті басқару мекемелері арзан тұрғын үйлер салып, оларды табысы шектеулі және төмен отбасыларына тапсырады.Бұл саладағы әлеуметтік қолдаудың тағы бір жолы –жеке меншік кооперативтердің салған үйлерін пайдалану.Бұл жағдайда мемлекет құрылыс ұйымдарына жерді тегін бөліп береді, оларға аз процентпен несие бөледі және олардан алынатын салық мөлшерін азайтады. Бұл нұсқа шеңберінде мемлекет тұрғын үй төлемін реттеп, оның оның жоғарғы деңгейін белгілейді. Ерекше жағдайларда мемлекет қатал әкімшілік шараларға да барады :жеке менщітегі жерді мемлекет иелігіне алып,оны мемлекеттік тұрғын үй құрылысына пайдаланады.

Мемлекеттің әлеуметік саясаты –қоғамның әлеуметтік –экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі  жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты  және екі жақты қызмет атқарады.Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелеі және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық  іс-әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық  өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму  халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса , онда еңбек өнімділігі төмендеп , жұмыс күшінің сапасы кемиді;қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама –қайшылық артады.Әлеуметтік саясат әр елдерде әр түрлі әдіспен қалыптасады.Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып  бекітілген тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс көлемін алу туралы кепілдік береді.Бұл жерде әлеуметік әділеттілік принципі жүзеге асады.

Мемлекеттік реттеу –басқарудың әлеуметтік-экономикалық әдістеріне жатады.Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың алғашқы кезеңдерінде  мемлекет ол процесске әсер етуі тиісті.Оны ол өз қолындағы басқару тұтқалардың пайдалануымен іске асырады.Жалпы алғанда қандай ел болсада оның әлеуметтік – экономикалық  дамуы ,нарықтық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік реттеусіз болмайды.

Қазақстан Республикасының нарық қатынастарына өтудегі нақты мүмкіндіктері ,еліміздің ілеуметтік экономикалық дамуын реттеудегі кездесетін сұрақтарға көп көңіл бөлуге мәжбүр етуде .Мемлекеттік реттеу сұрақтарына басқару жүйесінің негізгі қызметі ретінде атақты батыс экономисті Д:Кейнс еңбектерңнен бастап әр түрлі экономист –ғалымдардың бірқатар теориялық зерттеулері жатады.Әлеуметтік –экономикалық дамуды реттеу дүние жүзінің дамыған елдерінің барлығында да қолданылады деп айтуымызға болады.

Реттеу-бұл экономиканың өсуіне жағдай жасауға бағытталған экономикалық ,ұйымдастырушылық және әлеуметтік шаралар жүйесі.

Экономикаға мемлекттің араласуы басқару кадрларының құрылуына ,мәліметтер технологиясының дамуына ,экономикалық ғылымдардың  қолданбалы сипаттама негізінде пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бұл жағдай ,Д.Кейнстің көрсетуі  бойынша капитализмнің қарама-қайшылықтарын шиеленістіре түсті.

Нарық экономикасы дамыған алдынғы қатарлы дүние жүзі елдердің тәжірибиелерін зерттей келе ,әлеуметтік- экономикалық  дамуды мемлекет тарапынан реттеуде пайда болатынына көз жеткізуге болады.Мұндай реттеу-мемлекеттік кәсіпкерлік ғылыми жұмыстар мен тәжірибиелік  конструкторлық  зерттеулерді өткізу ,инфроқұрылымды және халық шаруашылығына қажетті  қатынастарды құруға байланысты қызметтің негігі түрлеріне ие болады.

Мемлекеттік реттеу негізінен екі әдіспен жүзеге асады. Оның біріншісі-тура жолмен, яғни әкімшілдік -әміршілдік,ал екіншісі-жанама жолмен ( салықтар, несиелер, проценттік төлемдер, жеңілдіктер,субсидиялар және т.б.)

Бұрынғы одақ республикаларының   өткен жылдардағы тәжірибелердің зерттеулердің негізінде әкімшілдік- әміршілдік әдіспен мемлекетті реттеу қажетті нәтижеге жету үшін тиімсіз көрсетті, яғни тура әсер етудің жанама әсер ету шаралармен үйлесімділігінің қажет екенің айқындайды. Тура және жанама шараларды мемлекет тарапынан реттеп отыру АҚШ , Жапония және басқа дамыған елдердің экономикасын  мемлекеттік реттеу мәселелерін тереңірек зерттегенде көруге болады.Қазіргі жағдайда капиталистік мемелекет амортизациялық есептен шығару мерзімін белгілейді, капиталдың шығарылуы көлемін анықтайды,тауар әкелуге сандық шектеулер мен кедендік салық енгізеді,жұмыс күнінің ұзақтығын шектейді,мемлекеттік стандарты белгілейді және т.б. Бұл шараларда мемлекет экономикаға тек -қана әкімшілік әдіспен ықпал етеді ,ол-өзінің жеке капиталын қоспайды және қазынадан қаражат алмайды.Экономиканы жақсарту үшін тек қана әкімшілік шаралардың болуы жеткіліксіз. Экономиканың өсу жағдайын жасау үшін ғылыми зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға ,инфроқұрылым құруға,әлеуметтік орта саласына қажет құрылыммен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай көп қаражат керек.Бұл мақсаттарға қажет қаражаттарды мемлекеттің ұлттық  табысты қайта бөлу арқылы қатысуы-реттеудің барлық жүйелерінің негізі болып табылады.Меелекет қысым жасап табыстың біршама бөлігін салық салу арқылы алады.Мұндай елеулі қаражаттардың мемлекет бюджетіне бөлінуіне ұлғаймалы өндіріс прцесіне ықпал етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдайда әлеуметтік қарама –қайшылықты жою үшін мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынастарға араласуға мәжбүр болып отыр.Мемлеект еңбек пен капитал арасындағы қатынастарды жалақыны реттеу жлымен ,жұмыссыздыққа байланысты зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз етілулермен ,аурулармен өндірістік жарақаттарды ескеру арқылы  реттеп отырады. Елдің заңды мекемелерінің күшін ескере отырып ,жұмысшы мен капиталистың арасындғы қарым –қатынас үлкен дәрежедегі мемлекеттік реттеу объектісі  негізінде қарастырылып отыр.Реттеудің жанама әдістері қатарына мемлекеттің несие саясатына араласуы ,экономикалық жағдайына амортизациялық норманны өзгерту арқылы әсер етуі ,ұсыныс пен сұраныс қатынасының ықпалн ескере отырып тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы мен өндірістің дамуын жатқызуға болады.

Мемлекет ұлғаймалы өндіріс поцесі мен экономикалық қатынастардың барлық жақтарына -өнеркәсіптер мен ішкі сауда министірлігі,қаржы ,еңбек министірліктері,экономикадлық жоспарлауды басқару,қоршаған ортаны қорғау қызметтерін басқару мекемелері арқылы әсер етеді.Сонымен қатар ол экономикалық өрлеуге, оның құрылымы мен өсу деңгейіне ,ірі және кіші меншіктердің ара қатынасына ,бәсекеге ,өнеркәсіп өндірісінің құрылымына,капитал мен еңбектің өзара қатынасы еңбекпен қамтылуына ,несие-  ақша айналымына,баға белгілеу мен сыртқы экономикалық    байланыстарына да ықпалын тигізеді.

Әлеуметтік –экономикалық жағдайды талдау өндіріс мүмкіндіктерінің ,экономиканың сыртқы және ішкі даму тенденцияларының мемлекетік реттеу жүйесінің нәтижелілігі мен әрекеттілігінің өндіргіш күштердің салалық даму мен қозғалысының деңгейін бейнелейді.

Әдеуметтік экономикалық дамудың тұжырымдамасында мемлекеттік реттеудің тікелей және қосалқы құралдары арқылы экономикалық саясаттың мақсаттары мен басылымдықтары ,оған жетудің әдістері мен жлдары қарастырылады.

Бастапқы микроэкономикалық көрсеткіштер экономиканың даму қарқынының божамын,қоғамдық өндірістің құрылымы,мемлекеттің,кәсіпорындардың құрылымын,мемлекеттің ,халықтың қаржы қорларын анықтайды.

Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік–экономикалық стртегиялармен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруда ұлттық мақсаттар мен басымдылықтарды тиімді орындауға бастапқы құрал болып табылады.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі ,қауыпсіздігі және әл ауқатының артуы »атты Қазақстан халқына Жолдауында айқын көрсетілген.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!