Сабақ өтудің тиімділігін асыруда сайыс сабақ тәсілін қолдану әдісі.

Халыққа білім берудің басты жұмыстарының бірі, оқу тәрбие жұмыстарының негізгі түрі сабақ –формалары мен оның құрамдарын жетілдіру. Оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін іздестіру. Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруда,ұйымшылдыққа тәрбиелеуде төмендегі сабақ түрлері –сайыс,жарыс сабағы ,концерт,панорамалық және интегративтік сабақтар өткізу үлкен нәтиже беріп жүр.

Мектеп оқушыларына арналған сайыс сабақты ұйымдастырудың бір түрін төменде сипаттаймын. Сайыс сабақ 1-2 апта бұрын хабарланып, ережелерімен таныстырылып , алдын-ала дайындықтан өтеді. Сайыс сабақтың бір түріне арналған жоспар төмендегіше болуы мүмкін.

  • Тақырыбы: “ Абай дана -Абай дара қазақта” .
  • Мақсаты: Абайдың өлеңдері ,қара сөздері, шығармалары жөнінде оқушылардың қалай меңгергенін байқау.Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып ,оқушылардың білімін дамыту. Оқушылардың бойында терең білім қалыптастыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
  • Көрнекілігі : Абайдың плакатын, альбомын шығару, эмблема, канверт, буклет т.б қолдану.
  • Сабақ әдістері: Баяндау, сұрақ-жауап, ойын әдісі т.б.
  • Сабақтың түрі: Сайыс сабақ .
  • Сабақ барысы:
  1. Сәлемдесу
  2. Өздерін және эмблемаларын таныстыру.
  3. Абайдың өмірінен баяндама оқу.
  4. Абай Құнанбаевтің тақпақтарын жатқа айту.
  5. Ән.
  6. Сұрақ-жауап.
  7. Көрініс.
  8. Абай Құнанбаевтің қара сөздерін жалғастыру.
  9. Бағалау.
  10. Қоштасу.
  11. Сәлемесу.

І-топ.”Аққу топбасшысы ”

Армысыздар мұғалімдер әз жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан

Өмір деген үлкен жолда талмаңдар.

ІІ-топ.”Қарлығаш топбасшысы”

Армысыздар,әділ қазы алқалар

Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.

Иіліп сәлем беріп тұр міне .

Жауқазындай құлпырған мына балалар.

І-топ.”Аққу топбасшысы”

Құрметті ата-аналар ,ұстаздар! Сіздер бүгінгі “Абай дана-Абай дара қазақта” атты ашық тәрбие сағатына қатысып отырсыздар.

ІІ-топ. “Қарлығаш топбасшысы”

Қазақтың ұлы кемеңгер ақыны жазушысы Абай Құнанбаев жөнінде, қанша айтсақ та көп етпес.Абайдың жеті қырлы бір сырлы екенін дәріптей келе бүгінгі ашық сабағымызды ашық деп жариялауыңызды сұраймын.

І-топ.”Аққу топбасшысы”

“Аққу камандасынан, қарлығаш камандасына жалынды сәлем”

ІІ-топ.”Қарлығаш топбасшысы”

“Қарлығаш камандасынан, аққу камандасына жалынды сәлем”

І-топ.”Аққу топбасшысы”

Біздің ұран “Біз талапты жас ұлан ,үлгі аламыз жақсыдан”.

ІІ-топ.”Қарлығаш топбасшысы”

Біздің ұран “Ғылым таппай мақтанба,орын таппай баптанба”.

  1. Өздерін және эмблемаларын таныстыру.

І-топ.”Аққу топбасшысы”

Үлгі:

1-оқушы. Жүзінде күлкі үйірген.

Көңілі оның мейірден.

Таныстырып өтейін,

Сол қызбенен

Ауел қызы Шолпанменен.

2-оқушы.Бастық болуға құмартып жүр

Ол қыз бізге жақын тұр .

Таныстырып өтейін сол қызбенен

Байтелейва Гулшатпенен.

3-оқушы.Бұралып тұла бойы

Тал шыбықтай иілген.

Таныстырып өтейін

Артықова Бағжанменен.

4-оқушы.Бетінде нұрлы ажар

Көңілінен бұлақ тамар.

Таныстырып өтейін сол қызбенен.

Шекербекова Балнұр болар.

5-оқушы.Әлиядай босын деп

Батыр, намыс,қажыр –қайрат қонсын деп.

Қойыпты ізгі ниетпен

Қожахметова Әлия деп.

6-оқушы. Тұрыпты міне балаша

Күлкісі қандай тамаша

Мұғалім сабақ сұраса,

Қалады таң,тамаша.

Таныстырып өтейін

Түлкібаева Бибайша.

ІІ-топ.”Қарлығаш топбасшысы”

1-оқушы. Жауқазындай құлпырған

Көзінен ғажап нұр тамған.

Таныстырып өтейін

Мұратова Алмагулмен.

2-оқушы. Әншілікке қызығып жүр

Ол қыз бізге жақын тұр.

Таныстырып өтейін

Сұлтан қызы Мөлдір.

3-оқушы. Ақылы оның тым асқан.

Көз майын сонда тауысқан

Таныстырып өтейін,

Сергебай қызы Айгүлмен.

4-оқушы.Феруз деген есімі

Келеді Нахай қызы

Таныстырғым келеді

Иіліп сәлем берген,

Инабатты осы қызды.

5-оқушы.Өзі, жуас момын .

Айтады сөздің соңын

Таныстырып өтейін

Налтай қызы Нурасиламен.

6-оқушы.Дадаева Наргиза

Сәлем беріп тұр мұнда.

Көп ізденіп талпынып,

Жүреді үнемі ойда.

І-топ.”Аққу топбасшысы”

1-оқушы. Біз эмблемамызды жер пішіндес дөңгелек бейнеледік.Шеңбер ішіндегі сары түс күн сәулесінің жарқын шұғыласы.Күн сәулесі жер бетіндегі тіршіліктің жаршысы.Қызыл түсті шеңбер ,біздің бойымыздағы ата бабамыздың қызыл түсті қаны.Ал ортасына аққу бейнелеуіміздің себебі аққу киелі кұс.Ол сұлулықтың сиволы спеттес.Сол үшін де халқымыз ежелден аққуды махаббаттың қос сыңары, айрылмас шынары деп “Аққуды атуға болмайды”деп қастерлеген.

Сол үшін біз тобымызды аққу тобы деп атадық.

ІІ-топ.”Қарлығаш топбасшысы”

2-оқушы. Біз эмблемамызды жер, күн, пішендес бейнелей келе ,шет жағына көк түсті шеңбермен бейнеледік.Көк түс пәктік,ашықтық, тыныштық, бейбітшілік ұғымдарымен ұштасып жатады. Шеңбердің ішіне қарлығаш бейнесін салуымыздың себебі ,қарлығаш киелі құс.Ол адамның досы.Сондықтанда адамдар оны қадірлеп, оған үнемі көмек беруге дайын тұрады.

Қарлығаш көктемнің жаршысы.Сондыңтан біз тобымызға қарлығаш тобы деп атау бердік.

  1. Абайдың өмірінен баяндама оқу.

І-топ.”Аққу топбасшысы”

Асыл сөзді іздесең

Абайды оқы ерінбе

Адамдықты көздесең.

Жаттап оқы көңілге.

Дей отырып келесі кезекті Абай өмірінен қысқаша баяндамаға берсек.

ІІ-топ. ”Қарлығаш топбасшысы”

Абай 1845 жылы жылан жылында туып,1904 жылы ұлу жылында 59 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан.Негізгі хатқа түскен аты Ибрахим(Аврамм) болса да,әжесі Зеренің еркелетіп қойған нәзік үнді Абай деген есімімен атап кеткендіктен,бізде солай айтып жүрміз.

Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.Оған басқа рудың адамдары жүгініп ,дауын шешкізген.

І-топ. ”Аққу топбасшысы”

Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болып сайланған.Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып ,хат таныған .Ал 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі.Медреседе жүргенде 14 жасында үш ай орыстың приходская школында орыша сабақ оқиды.15 жасында ел билеу ісіне кіріседі.

  • жасында Абай от тілді шешен ,халық өмірі мен әдетін ,билік туралы көп білген көсем болған.Абай 30 жасында атағы шыққан білікті адам болды.

1904 жылы мамырда Абайдың сүйікті ұлы Мағауия қайтыс болды.Бұл қаза Абайды қатты қайғыртады.Ақын ешкіммен сөйлеспей ,көптен өзін алыс ұстайды.40 күннен соң өзі де дүние салады.

  1. Абай Құнанбаевтің тақпақтарын жатқа айту.

ІІ-топ.”Қарлығаш топбасшысы”

Өлең-сөздің патшасы ,сөз-сарасы,

Қиыннан қиыстрар ер данансы.

Тілге жеңіл ,жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол-ақынның білімсіз бейшарасы.

І-топ.”Аққу топбасшысы”

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең,

Өмірдегі қызығы бәрі өлеңмен

Ойлансаңшы,бос қақпай елең-селең.

Келесі кезекті Абай атамыздың өлеңдеріне берсек.

(Абайдың өлеңдері жатқа айтылады.)

  1. Ән.

ІІ-топ.”Қарлығаш топбасшысы”

Әуенімен мың түрлі

Әсем бақта нұр тыңды.

Әсер алып адамдар,

Әнге салды, жыр қылды.

І-топ.”Аққу топбасшысы”

Құлақтан кіріп бойды алар.

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең менше сүй!

Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әсем әнге берсек.

(Абай атамыздың аққу тобы “Желсіз түнде жарық ай”,қарлығаш тобы”Аттым сәлем,қалам қас” атты өлеңдерін орындайды. )

  1. Сұрақ-жауап.

ІІ-топ.”Қарлығаш топбасшысы”

Дүниеде өзі , мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Білгендердің сөзіне

Махаббатпен ерсеңіз.

І-топ.”Аққу топбасшысы”

Білімді аз –білімсіздер қаптаған.

Ақылсыз көп ақылдыны таптаған.

Білімсіздер білімдіге жау болып.

Надандардың аңсағаны дау болып

Келесі кезекті ақыл ойды шыңдау үшін сұрақ-жауаптарға берсек.

(Оқушылар канверттен, төменгі үлгідегі сұрақтарға, топ болып жауап береді.)

Сұрақтар үлгісі:

  1. “Әм жалықтым ,әм қамықтым” өлеңін кімнен аударған.

Жаубы: “Әм жалықтым ,әм қамықтым” өлеңін Лермонтовтан

аударған.

  1. Абай Құнанбаев “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңін қай жылы жазды.

Жаубы: Абай Құнанбаев “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңін 1885 жылы жазды.

  1. Абайдың неше қара сөзі бар.

Жаубы: Абайдың 46 қара сөзі бар.

  1. Абай Құнанбаев қай жылдары,қай жерде өмір сүрген.

Жаубы: Абай 1845 жылы туып, 1904 жылдар аралығынды Семей уезінің Шыңғыс тауында өмір сүрген.

  1. Абай Құнанбаевтің қара сөздерін жалғастыру.

ІІ-топ.”Қарлығаш топбасшысы”

Уа халайық халайық.

Бәріне жар салайық.

Бүгігі кеш төрінде

Келді міне аңдасып.

І-топ.”Аққу топбасшысы”

Шабыт тасып , шалқысып

Көңілді кеш жасайық

Ақыл ойды шыңдайтын

Жалғастыр ойынын бастайық.

демекші келесі кезекті Абай Құнанбаевтің қара сөздерін жалғастыр ойынына берсек.

Үлгі:

  • Адам өмірін үш кезеңге бөлді.
    1. Жастық шақ.
    2. Орта кезең.
    3. Кәрілік шақ.
      • Алтау ала болса ,ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

  • Жас бала анадан екі түрлі міезбен туатынын айтады.

Біріншісі ішшем,жесем-ұйықтасам.

Екіншісі,көрсем ,білсем дейді.

(Абайдың кез келген 46 қара сөзін осы үлгіде бір біріне қоя отырып ,жалғасын тап ойынын ойналады).

  1. Көрініс.

ІІ-топ.”Қарлығаш топбасшысы”

Бойларында от бар екен байқадым.

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашан да осы шаттық өмірде.

Жалындатып,шарықтаңдар әрдайым.

дей келе келесі кезекті көрініске берсек.

Көрініс:

І-топ. “Қисық ағыш”.

ІІ-топ. “Абайдың даналығы”.

  1. Қорытынды бағалау.

І-топ.”Аққу топбасшысы”

Апайлар орнықтырар әділдікті.

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тақырыптың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Келесі кезекті жоғарыдағы номерлерді бағалау үшін әділ қазылар алқасына берсек.

  1. Қоштасу.

ІІ-топ.”Қарлығаш топбасшысы”

Жүргенде жанның артында ізі қалар,

Етікші өлсе,балға менен бізі қалар.

Бір бай өлсе,төрт түлік малы қалар,

Шешен өлсе,артында сөзі қалар.

І-топ.”Аққу топбасшысы”

Өлді деуге бола ма ,айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған.

Демекші ұлы аталарымыздың бізге қалдырған аманаты осы сөздері.Біз бұл өлеңдерді,қара сөздерді мәнгі есте сақтаймыз,ой түйеміз, өмірде керегімізге жаратамыз.

Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар.

Осы жоғарыдағы қолданылған сайыс тәсілі нәтижесі есебіндегі жетістіктерді атап өтейік:

— әрбір оқушы да мәнерлеп оқу,көпшілік алдында өзін ұстау мәдениеті өсті.

— оқушылардың өлең жолдарын топтау нәтижесінде есте сақтау мүмкіншіліктері кеңіді.

— өз қоғамы үшін жауапкершілік және жанкүйерлік қасеттерін және ұйымшылдық қабілеті дамыды.

-өз бетінше іздену қабілеті дамыды.

-өз пікірін қосу қасеттері дамыды.

Осы айтылғандар сайыс сабақ әдісінің тиімді екенін көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. ”Бастауыш мектеп”, №10, 2006, 34-37 бет.

№3, 2007, 35-36 бет.

№1, 2007, 42-41 бет.

  1. ”Бастауыш сыныпта оқыту”

№1, 2007, 19-20 бет.

№2, 2007, 30-31 бет.

№3 , 2007, 29-31 бет.

  1. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық жинағы, 2 т,-Алматы,1977.-171 бет.
  2. Әуезов М. Абайтану дәрістері.-Алматы:Рауан,1994.
  3. Дербисалин Ә.Әдебиет туралы толғаныстар.-Алматы,1990.