Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы

Жоспар.

 Кіріспе

1.1 Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы.

1.2. Қазақстан өнеркәсіп кешені, оны реформалау.

1.3. Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары.

1.4. Аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейту.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

Азық-түлік проблемасы адамзат тарихында әлімсақтан келе жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы өмір сүре отырып, азық-түлік молшылығын жасау жолдарын нәтижелі шешуді армандап келеді.

Ғылым мен техника дамуымен таң қаларлық әр түрлі жобалар пайда бола бастады. Олардың көбісі бір жаңалықпен немесе өнер тапқыштықпен бүкіл адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды. Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығын, сонымен қоса олардың жетекші салаларын, агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы жалпы ғылыми техникалық өркениетті дамыту әлі ұзақ жылдарға, жүз жылдықтарға жалғаса береді. Адамзаттың азық-түлік проблемасын табысты шешу тек осы жолмен ғана айқындалмақ.

Дүние жүзінің жетекші елдері ауыл шаруашылығы көлемінің 55 проценттен астамын, оның ішінде АҚШ 20,5 процентін, Еуропа экономикалық қауымдастығы елдері 18,5 процентке жуығын және Жапония 4 процетке жуығын өндіреді.

Осы елдерде үкіметтік және үкіметаралық деңгейде бағаны ауыздықтау және агробизнесті дамыту мақсатында азық-түлік тауарларын өндіруді шектеу және оларды квоталау жөнінде заң актілері мен келісімдер қабылданды. Айта кететін тағы бір жайт, дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдерде ауыл шаруашылығы өндірісінің бір қызметкеріне 16 есеге жуық аз өнім өндіріледі.

Бұған қоса, жетекші капиталистік елдерде, ең алдымен АҚШ-та экспорттық астық қорынан бірте-бірте көз сүзу алаңдатады. Мұның өзі қызықты монографиясында венгр экономисі Пал Шаркань атап өткендей, азық-түліктің ядролық бомба мен зымыраннан да қорқынышты қаруға айналатындығына жол ашатындай.

Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10,5 миллиардқа жуық гектарды құрайды. Өз кезінде К. А. Тимирязев айтып кеткендей, егер планета бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның барлық адамдарын қоректендіруге қауқары жетеді.

Бұл үшін тиісті әлеуметтік-эканомикалық және саяси жағдай керек. Жаппай қарулануды тоқтату, көптеген елдердің экономикалық және техникалық артта қалуын жою, аграрлық экономиканы реформалау және басқа жаңғыруларды жүргізу мәселені шешуде ерекше рөл атқарады.

Азық-түлік жағдайын түпкілікті жақсартпай, нарықтық тегерішті игеру жөніндегі жұмыстарды бір арнаға түсіру тіпті мүмкін емес. Егер өмір барған сайын қиындай берсе, ал халық қарны тойып тамақ ішпей, қайыршылығын қоймаса, ең тартымды және көңілге қуаныш ұялатады деген бағдарламаның өзі қолдау таппай құрдымға кетеді.

1.1 Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту әлеуметтік абыржуды тоқтатуға немесе барынша байыпты арнаға түсіруге мүмкіндік беріп, этностық проблемаларды шешуде толқуларды басып, мұнай, газ және басқа орны толмас табиғи ресурстарды сыртқа шығаруды қысқартып, инфляцияны ауыздықтап, қаржылық және ақша жүйелерін сауықтырады.

Агроөнеркәсіптік өндірісі дамыған елдердегі эволюция меншікке құқық пен жерді шаруашылық жүргізу құқығын бір-бірінен бөліп тастау болмайтын іс екенін дәлелдеп берді. Міне, дәл осындай себептен аграрлық өндірістің кеңшар-ұжымшар моделі көпшіліктен қолдау таппай, бұрынғы Кеңес Одағының елдерінде дами алмады. Өткен жылдар ішінде біздер соншалықты ұмтылған қоғамдастырудың деңгейін арттыру жұмысшының меншіктен аластатылу масштабын одан сайын арттыра түсті. Өндірістің көлемін қалай дегенде де көбейтуге тырысушылық аграрлық өндірістің ішкі табиғатына қарама-қарсы қайшылықта болатынын кеш ұқтық.

Бір қарағанда қарапайым көрінетін ауыл шаруашылығы өндірісі- өте нәзік, жеңіл үзілетін және көп аялауды қажет ететін жүйе, ол қатаң қалыпқа салғанды көтермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісі басшылықтың білікті болғанына, жұмысшылардың белсенді күш-жігеріне қарамастан көптеген факторлардың әсерінен азапқа түскен адамдай ауыр халды басынан кешіреді. Мысалы, әзірге адамның бақылауына аз көрінетін табиғи фактор, оның ішінде ауа райының жағдайын алайық. Қуаңшылық, бұршақ жауу және басқа қолайсыз құбылыстар жұмысшылардың барлық ұмтылысына айтарлықтай зиян әкеледі немесе тіпті жоққа шығарып тынады.

Аграрлық өндірістің тағы бір ерекшелігі дұрыс пайдаланған жағдайда тозбайтын, қайта керісінше құнарлана түсетін, өндірістің айырбастауға келмейтін ең басты мәңгілік қоры—жердің алабөтен орны болып табылады. Жердің құнарлығындағы айырмашылық еңбек пен капиталды бірдей жұмсағанның өзінде де өндіріс пен табыстың көлеміндегі айырмашылықты туғызады. Осыдан барып жер рентасы және табысты реттеу, сондай-ақ жақсы ауыл шаруашылық жерлерінің шектелу проблемалары туады.

Табиғи биологиялық фактор өндірістің тиімділігін анықтауда, технологияны таңдауда ең басты факторы болып саналады. Мал мен өсімдіктер дамуының табиғи заңдылықтарын сақтамау басқа өндірістік экономикалық ресурстардың тиімділігінің төменділігіне әкеліп соқтыратын болғандықтан техника, еңбек ұйымдастыру жүйесі аталмыш факторға қарай ыңғайланады. Осы жерден келіп, әміршіл-әкімшіл экономика кезеңінде өсімі төмен мал өсіру мен нашар жем-шөп базасы жағдайында ірі мал шаруашылығы кешендеріне, қарапайым агротехникалық талаптарды сақтамаған жағдайда жерді мелиорациялауға жұмсалған орасан шығын ауыл шаруашылығының өнімдері мен шикіізатын жоғалтуға алып келді.

Ең жетілдірілген техника, озық технология және өндірісті білікті ұйымдастырудың өзі де өнім өндіруді белгілі бір «биіктіктен» асыруға мүмкіндік бермейтін мал мен өсімдіктің табиғи-генетикалық потенциялы сияқты ауыл шаруашылығының осындай биологиялық факторын жеңе алмайды.

Ауыл шаруашылығының маусымдық қасиеті оның табиғи ерекшеліктері болып табылады. Мұның өзі өндіріс кезеңі мен жұмыс кезеңінің тура келмеуін тудырып, жыл бойы жұмысшы күші мен материалдық-техникалық ресурстардың тепе-тең пайдалануына қолбайлау жасап, табыстың түсуін де ала-құла қылады. Салыстырмалы түрде аз ғана уақыт жұмыс істейтін техниканы пайдаланудың қажеттілігі, сондай-ақ өндірістің қуат көздерін көп керек ететіндігі тұрақты капиталдың жоғары үлесін қажет етеді. Өндіріс жалға алған жерде жүргізілетін жағдайда тұрақты шығынның деңгейі сонымен бірге жалға төленетін ақы есебінен де өсіп отырады.

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады. Агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді.

Агробизнес кешені

1сфера. Ресурстар

техника, жем, тұқым,

тыңайтқыш, улы химикаттар,

несиелік ресурстар

4 сфера. Агросервис:
мемлекеттік,
кооперативтік,
жеке

Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйытқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Сфералардың үшінші тобы егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік сфераны құрайды.

Төртінші сфера агробизнесті толықтай және оның жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады.

Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрамымен өте ұқсас және ол үш сфераның басын құрайды.

Агроөнеркәсіптік кешен

    1                                2                         3

 

Дайындау,

сақтау, өңдеу,

сату

Қор шығаратын салалар

Ауыл шауашылығы өндірісі
Материалдық қызметтер

 

Бірінші сфераға трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық құралдары, сондай-ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді. Екінші сфераға таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары-егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық мал азығын өндіру жатады.

Үшінші сфера әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық-түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ, шамадан тыс орталықтандыру мен әміршіл-әкімшіл экономика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болайтын өзіндік ерекшеліктер бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішіде Қазақстанға да теңдей қатысты.

Нарықтық экономикаға барар жолдағы Қазақстан республикасы агроөнеркәсіп кешені дамуының жай-күйі, негізгі проблемалар мен бағыттарын қарастырайық.

1.2 Қазақстан- 16,5 миллион адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орын алады. Көмір қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потенциалы да бар. Ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222,3 миллион гектар, оның ішінде егістік жер 36 миллион гектар, жайылымдық жер 182 миллионнан астам гектар және шабындық жер 5 миллионға жуық гектар құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2,2 гектар жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан дамыған көптеген елдердегіден әлдеқайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 миллион тоннаға жуық астық, 1,5 миллион тоннаға жететін ет, 3,5 миллион тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өндірілді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы және қаракөл қойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы машина жасау, микробиологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады.

Агроөнеркәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік

бірлестігі және «Манкетживмаш», «Актюбсельмаш» пен Мамлют

машина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшін машина

жасаумен айналысады. Бұдан басқа, бөтен саладағы, оның ішінде

қорғаныс зауыттарында да ауыл шаруашылық машиналарының

кейбір түрлері және қосымша бөлшектер шығарылады.

Химиялық өнеркәсіп саласында Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы кәсіпорындар минералдық тыңайтқыштар шығарады. Мұндай өнімдерді жолай өнім ретінде Қарағанды металлургия және Өскемен титан-магний комбинаттары да шығарады. Шымкенттегі »Фосфор» өндірістік бірлестігі өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын шығаруды жүзеге асырады. Микробиологиялық өнеркәсіптің басын Шымкент гидролиз, Түркістан жемдік дәрілер және Степногорск «Өркениет» сияқты үш зауыт біріктіріп тұр.

Республика агроөнеркәсіп кешенінің екінші сферасында экономикалық реформалардың басында 2200 кеңшар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 406 ұжымшар жұмыс істеді.

Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің үшінші сферасында тамақ,

ет-сүт және ұнжарма өнеркәсібі кәсіпорындарынан, дайындау,

сақтау,сондай-ақ ауылшаруышылығын өндірістік-техникалық,

транспорттық, агрохимиялық, мал дәрігерлік-санитарлық және

суландыру жөнінен қызмет ететін кәсіпорындар мен ұжымшардың

жүйесінен және агроөнеркәсіп кешенінің басқа да салаларынан

тұрады.

Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісі дамуының маңызды

ерекшелігі алабөтен- топырақтық-климаттық жағдайы мен өсімдік

өсіретін топырақ бетінің әр түрлілігі, олардың көлденеңнен және

тігінен аймақтануын анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып

жатқандығы болып табылады. Температураның (100оС) тиімді

жиынтығы солтүстіктегі 25000-нан оңтүстік және оңтүстік-

шығыста 45000-ға дейін аралықта құбылып отырады. Мұның өзі

суптропикалық және тропикалық дақылдардан басқа, ауыл

шаруашылығының барлық дақылдарын, дәнді дақылдардан бастап

жүзім мен мақта өсіруге дейін мүмкіндік береді.

Қазақстан жер аумағының көп бөлігі егіншілікпен айналысуға

болатындай аймақта орналасқан. Республиканың солтүстігі мен

орталығында жауын-шашын 140-350 мм-ден оңтүстіктің, оңтүстік-

шығыстың және шығыстың таулы және биік таулы аймақтарында

450-900 мм-ге дейін жетеді.

Жер аумағының топырақ беті де қатты ерекшеленеді-

республиканың солтүстігінде кәдімгі, қою қоңыр топырақ, қоңыр

топырақ және ашық қоңыр топырақ және таулы сілтілі қара

топырақты болып келеді. Қара топырақты жер көлемі бар-жоғы 15

миллион гектарға жуық жерді құрайды. Бұдан басқа, Қазақстанда

77 миллионға жуық гектар топырақтың эрозияға ұшырауына бейім

жер, 50 миллион гектарға жуық эрозияға қауіпті жер, оның ішінде

17,7 миллион гектарға жуығы егістік жер, 74 миллион гектардан

астам сортаң және кейбір топырақты жер, оның 8 миллионға

жуығы өңделген жер бар.

Республика агроөнеркәсіп кешенінің тағы бір ерекшелігі-

өндірістің мамандандырылуы мен шоғырландырылуының жоғары

деңгейде болуы. Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары

егістік жер көлемі жағынан кеңестік кезеңінде ТМД елдері

бойынша орташа есеппен алғанда 6 есеге жуық артық болды.

Жалпы өнім өндіру көлемі бойынша 2-3, одан да көп есе болды.

Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері-

мұнда жақын шетелдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі

салалық сәйкессіздіктер көзге бірден түседі, ауыл шаруашылығы

өнімдері мен шикізатын өңдеумен, оларды сақтау және

тасымалдаумен айналысатын қор шығарған сфералар мен салалар ,

сондай-ақ жалпы агроөнеркәсіп инфроқұрылымы нашар дамыған.

90-жылдардың басында агроөнеркәсіп кешені құрылымында ауыл

шаруашылығының үлес салмағы 64%-ке жуық, 1-сферада 8%-ке

жуық және 3-сферада 28%-тен астамырақ болды. Республикада

автомашина және комбайн жасау өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда

бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді, ал ет комбинаттары етті

өңдеуді толық қамтамасыз ете алмайды. Осының салдарынан

өндіріс өнімі көлемінің 30%-і ысырапқа ұшырайды. Бұрынғы КСРО

кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс

жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін.

Республикадан тыс жерге екі жақты тасымалдауға кететін

шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып

табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде қалып қоятын.

Сондай-ақ Қазақстан еңбеккерлері өндірген үстеме өнімнің бір

бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа

шығарылып тұратын.

Материалдық өндіріс сфераларының шамадан тыс шашыраңқы орналасуы жағдайында транспорттың жетіспеушілігі мен жол жүйелерінің нашар дамуы Республиканың агроөнеркәсіп өндірісінің дамуын қиындата түсетін ерекшеліктердің қатарын толтыра түседі. Мысалы, Қазақстанда бір погон километр автожол жүйесіне бар-жоғы 38 метр асфальтталынған жол келеді. Ал, бұл көрсеткіш Өзбекстанда — 129 метр, Украинада — 324 метр, Эстонияда 600 метрге жуық. Халықтың аз орналасуы да Республика агроөнеркәсіптік өндірісін орналастыру мен дамытуға кәдімгідей әсер етеді.

Міне, осындай қиыншылықтарға қарамастан, егістік жерлердің орасан көп болуы, топырақтық-климаттық аймақтың көптүрлілігі мен олардың биоклиматтық потенциялының мол болуы, ауыл шаруашылық өсімдіктерді жергілікті сорттарының және мал тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерінің болуы, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойғы дәстүрі қалыптасқан Қазақстан халқының еңбекқорлығы шаруашылықты дұрыс жүргізген жағдайда жақын болашақта агроөгнеркәсіп кешенінің барлық салаларын табыспен дамытуға, жалпы алғанда Республика тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуге және Қазақстанның тіпті әлемдік аренада ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналуына мүмкіндік берді.

1.3 Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндіріс құлдырау тоқтатылып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.

Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «… барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау керек…» . «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналды.

Мемлекет басшысының идеяларын, қабылдаған заңдар мен Республика үкіметінің қабылдаған қаулыларын іс жүзіне асыра отырып, Қазақ Ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2004 жылғы тұжырымдық бағдарламасын» жасады. Оны жасау барысында мынадай көптеген объективтік факторлар еске алынды:

— егемен мемлекетті өркенду;

— материалдықөндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары;

— аграрлық ғылым мен техника жетістіктері;

— ауыл шаруашылық өнім өндірісінің тиімділігі.

Егіншілік салаларын дамыту.

Республикадағы егіншіліктің негізгі саласы астық өндіру болып табылады. Тың және тыңайған жерлерді игеру Қазақстанды астықты ірі өндірушілердің қатарына қосты. Қазақстан жан басына астық өндіру жөнінен де дүние жүзінде күні кешеге дейін Канададан кейінгі екінші орынды иеленіп келеді. 

Қазақстандағы егіс көлемінің, астық өнімділігі мен жалпы түсімнің өсу қозғалысы

Жылдары Егіс

алқабы

млн. га

Топы-

рақты өңдеу

млн. га

Өнімділік

ц/ га

 

Өнімділік

өсуі ц/га

Жалпы өнім

млн. т

Жалпы өнімнің өсуі

млн. т

1946-1955

1956-1965

1966-1975

1976-1985

1986-1990

1991-2005

7,0

24,6

23,8

25,3

24,1

28,2

6,9

15,3

22,0

22,0

23,5

5,6

7,0

8,9

9,6

10,0

11,6

1,4

1,9

0,7

0,6

0,4

3,9

17,2

21,2

24,3

24,1

25,0

13,3

4,0

3,1

0,2

0,9

 

Қазақстанның солтүстік облыстарындағы көптеген аудандардың топырақтық-климаттық жағдайы тұрақты астық өндіруді қамтамасыз етеді. 60-жылдардың ортасында топырақтың эрозияға ұшырауы егіншілік топырақ қорғаудың ғылыми негізделген жүйесін қолдану арқылы тоқтатылды. Алайда, Республиканың кейбір облыстарында дәнді дақылдар ішінара ашық қоңыр және сұр құба топырақты шөл далалық аймақта орналастырылған. Бұл жерлерде өнімділік гектарына 5-6 центнерден аспайды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар және басқа кейбір облыстарда жеңіл механикалық құрылымдағы топырақты жерлерді жырту да басы артық дүние болып шықты. Сондықтан да тұжырымдық бағдарламада құнарсыз жерлердегі дәнді дақылдар егістігі көлемін бірте-бірте қысқартып, гектарына 8 центнерден өнім беретін жерлердің өзін-өзі ақтауы мен шығынын жабу мақсатында астық өндірісі экономикасының қазіргі заманғы жай- күйіне жақындастырылу қарастырылған.

Астық қажеттілігінің балансы мен егістік көлемінің, өнімділіктің және жалпы түсімнің есебі Республика астық өндірісінің мүмкін нұсқаларын көрсетеді. Күш-жігер мен қаржылық-материалдық көздері барынша қолайлы аудандарда астық өндіруге шоғырландыру арқылы дәнді дақылдар егістігінің көлемін қысқарту ішкі қажеттіктерді толық қамтамасыз етуге,

Нұсқалар Дәнді дақыл алқабы

мың га

Өнім

ділік

ц/га

Жалпы

өнім

млн. т

   Шығындар, млн. т

 

тұ

қым

 

азық

түлік

 

нақ

ты

ақы

жем

сақ

қо-

ры

экс-

порт

 

Бастапқы

нұсқа

Алқап өнімділігі:

1. 5 ц/га кем

2. 6 ц/га кем

3. 7 ц/га кем

Облыстар

бойынша

Алқап өнім-

ділігі 6және

7 ц/га-дан

төмен болғанда

 

22,7

 

18,3

16,3

13,1

 

 

 

 

 

17,0

 

9,2

 

14,2

14,9

16,2

 

 

 

 

 

14,4

 

20,9

 

26,0

24,2

21,2

 

 

 

 

 

24,5

 

3,0

 

2,8

2,4

2,0

 

 

 

 

 

2,6

 

3,0

 

3,4

3,4

3,4

 

 

 

 

 

3,4

 

1,0

 

1,1

1,2

1,3

 

 

 

 

 

1,3

 

6,0 2,0

 

7,5 2,1

7,5 2,0

7,5 2,1

 

 

 

 

 

7,5 2,1

 

5,9

 

9,1

7,7

4,9

 

 

 

 

 

7,6

нарықтық экономика жағдайында анықтаушы күш болып табылатын саланың өзін-өзі жалпы ақтауы арқылы астықты шетелге шығаруға да мүмкіндік береді. Кестеде талдау көрсетіліп тұрғандай, ең алдымен гектарына 5 центнер, одан кейін гектарына тиісінше 6 және 7 центнерден өнім беретін егістік алқаптарын бірте-бірте өндірісін үдету есебінен дәнді дақылдар егістігінің басқа бөліктерінде жалпы өнімді көбейтуге мүмкіндік береді. Мұның өзі де кезегінде өнімділікті арттыру және тұқымға кететін шығынды азайту есебінен азық-түлікке, жем-шөпке, қамсыздандыру қорына және өнімді шетелге шығаруға кететін қаржыны көбейтуге жағдай жасайды. Бірақ, басты жетістік ретінде осы саланың бәсекелестік қабілетін әлдеқайда арттыра түсуге септігін тигізетін астық өндірісінің тиімділігін арттыру мен оның рентабельдігі 34-52% -ға өсуін айту керек. Дәнді дақылдар алқабын теңдестірілген қысқартудың тиімділігі мұнымен шектелмейді. Біріншіден, өнімді аз беретін 6,5 миллион гектар жерді 7-8 жыл ішінде бірте-бірте қысқарту жердің желдік эрозияға ұшырамауына мүмкіндік беріп, топырақтың құнарлығын қалпына келтіреді. Екіншіден, жайылымдар мен шабындықтарда мал азығын көбірек өндіруге мүмкіндік береді. Үшіншіден, құрамында 14-18% және одан да көп белок бар, жай астыққа қарағанда бағасы 30-50% қымбат жоғары түрдегі бидайдың бағалы сорттарын кепілдікпен өсіруге объективті жағдайлар пайда болады. Жаңғыру егіншіліктің басқа салаларында да қарастырылған. Халықтың жан басына шаққанда 10,2 килограм орнына бар-жоғы 3 килограмм өсімдік майын өндіретін Қазақстанда бұл өнімнің тапшылығы май дақылдары тұқымы өндірісінің арттырылу қажеттілігін тудырып отыр. Тұрғындардың қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін май дақылдарының жалпы түсімін 792 мың тоннаға жеткізіп және 170 мың тоннадан астам май шығару керек болды Бұл үшін 2000 жылғы 606 мың гектар май дақылдары егістігін 2005 жылы 702 мың гектарқа дейін кеңейтті.

 Мақта шаруашылығында өзіндік қиын жағдай қалыптасты. Мақта алқабын негізсіз көбейту бұл аймақтағы экологиялық жағдайдың біраз бұзылуына әкеліп соқты. Осы жағдайды және сондай-ақ көрші елдердің әлдеқайда сапалы мақта өндіріп, әлемдік рынокке шығаруға мүмкіндіктері бар екенін ескере отырып, бұл дақылды екі кезеңде- алдымен 73,1 мың гектарға, одан соң 52,1 мың гектарға қысқарту тиімді.

Күріш алқабын Қызылорда облысында 82,0 мың гектардан 70,8 мың гектарға, Оңтүстік Қазақстан облысында 19,9 мың гектардан 12,8 мың гектарға, Талдықорған облысында 4,2 мың гектардан 3,3 мың гектарға дейін қысқарту көзделуде. Тек Алматы облысындағы 12 мың гектар күріш алқабы қысқартылмайды. Қазіргі жағдайда 520-600 мың тонна өңделмеген күріш дәнінің жалпы түсімінен 260-300 мың тонна жарма шығады. Ал, біздің қажеттілігіміздің- 120мың тонна. Сондықтан да күріш алқабын қысқарту бізге әлдеқайда тиімді. Өйткені, күріш сапасының соншалықты жақсы болмауы бұл өнімді дүниежүзілік рынокке шығаруға мүмкіндік бермейді, ал бұл дақылдың егістік көлемін азайту Республиканың күріш өсірумен айналысатын аудандарындағы экологиялық жағдайдың жақсаруына түрткі болады.

Ерекше қиын жағдай халықты қантпен қамтамасыз етуде қалыптасып отыр. Егер тамақтану нормасы бойынша 544 мың тонна қант керек болса, біздің Республикамызда бар-жоғы 10 мың тонна қызылша өндіріледі, 210 мың қызылша өсірумен айналысатын негізгі аймақтарда топырақты сауықтыру қажеттілігі бұл дақыл егістік көлемін қысқартуды талап етеді. Жалпы бұл жұмыс 1986 жылдан қолға алынды Егістік көлемі 60 мың гектарға дейін жеткізіліп, гектарына 300-350 центнер өнім алу 180-210 мың тонна қант шығаруға болатын 1,8-2,1 миллион тонна тәтті түбір жинауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның топырақты-климаттық жағдайы халықтың картоп өнімдеріне деген қажеттілігін жергілікті өндіру есебінен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жылына бір адамға 90 килограмм норма десек, тұқым қорын есепке алғанда, картоп өндіру 2005 жылы 2597,8 мың тоннаға жетті. Бір адамға жылына 110 килограмм көкөніс қажет болса, бұл көрсеткіш Қазақстан бойынша 1,80-1,95 миллион құрайды.

Тұжырымдық бағдарламада 2000 жылғы 83,3 мың гектар көкөніс алқабын өнімділік өсуін тиісінше гектарына 114 центнерінен 375 центнерге жеткізу арқылы 60,6 мың гектарға қысқартып,жалпы түсімді 2272,8 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Бір адамға норма бойынша 20-25 килограмм бақша дақылдарының өнімін өндіру керек болса, 2005 жылы шамамен алғанда 389 мың тонна бақша өнімдері өндірілді Көкеністің қажетті мөлшерін өндіру негізінен ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұсыныстарымен негізделген өнімділікті арттыру және аймақтық технологияны енгізу есебінен жүзеге асырылмақ.

Қазіргі жағдайда жеміс-жидек өнімдерінің жылдық өндірісі қажетті 1,4 миллион тонна орнына 400 мың тоннадан аспайды. Бұл- қажеттілікті тек 30% қана қамтамасыз ету деген сөз. Республикадағы бақ көлемі де мардымсыз- бар-жоғы 83,2 мың гектар. Жүзім алқабы- 21,9, жидек алқабы- 8,3 мың гектар. Соңғы 15 жылдың ішінде бақ 12 мың гектарға, жүзімдіктер 5 мың гектарға азайып, тек жидек алқабы аз ғана өсті. Бұл дақылдардың өнімділігі де өте төмен: жеміс- гектарына 40 центнер, жүзім- 62-67 және жидек 30 центнерге жуық өнім береді.

Тұжырымдық бағдарламада Алматы және Жамбыл облыстарына қарағанда өте қолайлы жағдайы бар Оңтүстік Қазақстан облысында негізінен мақта егістігін қысқарту есебінен жеміс-жидек дақылдары мен жүзім алқаптарын күрт көбейту қарастырылған. Мұнда өнімділік аталмыш екі облысқа қарағанда 1,5-2 есе жоғары. 2007 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысында 9,9 мың гектар бақ, 5,8 мың гектар жүзімдік отырғызылмақшы, сондай-ақ тиісінше бұрынғы 5,4 және 2,0 мың гектар жаңғыртылмақшы. Толық жеміс беретін шағына жеткенде бұл бақтан қосымша 100-130 мың тонна өнім және жүзімдіктен 30-100 тонна өнім алуға болады.

Жалпы Республика бойынша 2007 жылға дейін 39 мың гектар жаңа көпжылдық көшеттер отырғызылып және қолда бар 35 мың гектар алқап жаңғыртылады.

Жем-шөп өндіру

Республиканың жем-шөп базасын дамыту жайылымдылық шаруашылықтың, шабындық жерлердің, екпе жем дайындаудың, сондай-ақ астық алқаптарынан шығарылған жерлердің жем өндіруге тартылуының жай-күйімен байланысты. Мал азығының шағырсыз барлық түрлерін өндіруді 2007 жылы 43,3 миллион тонна азық бірлігіне жеткізу көзделіп отыр. Бұл- 1991 жылға қарағанда 12%-ға артық. Бұдан басқа жыл сайын мал азығы үшін 7,5 миллион тоннаға жуық астық бөлінеді. Жем-шөптің жартысынан көбін 182 миллион гектардан астам жайылымдық жерлер береді. Олардың123,1 миллион гектары суландырылған. Суландырылған жайылымдықтардың мал азықтық қоры шамамен алғанда 17,9 миллион тонна азық бірлігін құрайды. Алайда, жайылымдықтардың жай-күйі дабыл қағарлықтай жағдайда тұр.

Тұжырымдық бағдарламада оларды жақсарту жолымен жайылымдықтың азықтық сыйымдылығын арттыру қарастырылған. 2007 жылға дейін 2150 мың гектар алқапқа екпелі шөп өсіріліп, 834,9 мың тонна азық бірлігі қосымша енгізілмекші.

Бұған қосымша 8 жыл бойы жайылымдықтардың жылдық тыныстауы ұйымдастырылмақшы. Бұл олардың өнімділігін 20%-ға арттырып, 2005 жылы қосымша 3,5 миллион тонна азық бірлігін алуға мүмкіндік береді. Басты резерв жайылымдылықтың 58,9 миллион гектар жер аумағы қосымша суладыру болып табылады. Бұл жағдайда 2007 жылы тағы да 7,4 миллион тонна азық бірлігін алуға болады. Экологиялық қызметтер олардың пайдалану мүмкіндіктерін бекіткен жағдайда жабық сынақ алаңдарынан босаған жерлер де қосымша резерв болатыны сөзсіз.

5 миллион гектардан астам табиғи шабындықтар Республикада дайындалатын шөптің бар-жоғы 30%-ға жуығын береді, ал қалғандарын егістік азық дайындау және жайылымдықтарды шабу арқылы жасалынады. Сондықтан да астық дақылдары егістігін қысқарту есебінен екпелі шабындықтарды кеңейту қажеттілігі туып отыр. 2007 жылға дейін тағы да 4,3 миллионгектар екпелі шабындық жасалады. Сондықтан да астық дақылдары егістігін қысқартуесебінен екпелі шабындықтарды кеңейту қажеттілігі туып отыр. 2007 жылға дейін тағы да 4,3 миллион гектар екпелі шабындық жасалады. Тұтастай алғанда шабындықжерлердің барлық түрінен шөп дайындау 4,8 миллион тонна азық бірлігіне жеткізіледі. Шөптің өнімділігі мен сапасын арттырудың қосымша резерві минералдық тыңайтқыштарды пайдалану, көлтабандап суару жүйесін салу, шөп шабу, престеу, белсенді желдету технологияларын жетілдіру болып табылады.

Мал азығы дақылдарының жалпы көлемі 2007 жылға дейін сол 11,3 миллион гектар деңгейінде өзгеріссіз қалады. Оның 7,1 миллион гектары бір жылғы және көп жылғы шөп, 2,0 миллион гектары шырынды мал азығы. Өнімділікті арттыру есебінен егістік жерлерден мал азығы. Өнімділікті арттыру есебінен егістік жерлерден мал азығын дайындаудың жалпы көлемі 2007 жылы 13,7 миллион тонна азық бірлігін құрайды. Бұл 1986-1990 жылдар аралығындағы орташа деңгейден 10% артық.

Мал шаруашылығын дамыту.

Қазақстан- мал шаруашылығы дәстүрлі дамыған ел. Жергілікті халықтың әдет-ғұрпы мен ғасырлар бойғы тәжірибесі, жайылымдық және шабындық жерлердің кең байтақ көлемі, қар аз жауатын қысы және ұзақ уақыт аязсыз кезеңімен ерекшеленетін қолайлы климаттық жағдайы мал шаруашылығының барлық салаларын табыспен дамытуға мүмкіндік береді.

Республикада 2003 жылдың басында 9,5 миллионнан астам мүйізді ірі қара, оныңішінде 3,5 миллионға жуық сиыр, 36 миллонға жуық қой мен ешкі, 3 миллионға жуық шошқа, 1,6 миллион жылқы, 146 мық түйе және 60 миллионға жуық құс болды.

Осы факторларды есепке ала отырып, 2007 жылы сүт беретін ірі қара санын 5,719 мың басқа дейін, оның ішінде сиырды 2,309 мың басқа дейін азайту көзделіп отыр. Бұл жағдайда жем-шөппен қамтамасыз етілу қазіргі 66% орнына 100% құрайтын болады. Басқаша айтқанда, бұл құрылымдық басқа берілетін азық 2005 жылғы 22,1 центнер орнына 37,5 центнер азық бірлігін құрады. Мұндай азықтандырылу жағдайында әр сиырдан жылдық орташа есеппен 3818 килограмм сүт сауылып, сүт өндіру 8815 мың тоннаға жетіп, әр жан басына шаққанда 474 килограммнан келеді. Ал 2005 жылы 5.555,1 мың тонна сүт өндіріліп, нормадағы 369 килогрмм орнына әр жан басына шаққанда 326 килогрммнан айналған еді.

Есептеулер көрсетіп отырғанындай, сүт өнімдері өндірісін арттырудың қосымша резерві қымыз, шұбат дайындау және қой мен ешкі сүтін, яғни қосымша 184 мың тонна сүт және сүт өнімдерін өндіру көзделген. Сүт өнімдерінің бір бөлігін шетелге шығарудың мүмкіндігі пайда болады.

Жүн және тері шикізатын өндіруге ерекше назар аударылады. Республика есепке сәйкес 2007 жылға шамамен алғанда 30 мың тонна жүн, сондай-ақ 165 тонна ешкі түбітін шетелге шығара алады. 2007 жылы 1 миллион 760 мың дана қаракөл елтірісін өндіру жыл сайын шетелдерге 460 мың жоғары сапалы тері өткізуге мүмкіндік береді. Мұның өзі қомақты валюта түсірудің көзі болмақ.

Тұжырымдық бағдарламада сондай-ақ орман және балық шаруашылығы, бал және дәрілік шикізаттар шығару, өнімдерді мал дәрігерлік жағынан қамтамасыз ету, сақтау және өңдеу, техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, агроөнеркәсіп кешені дамуын ғылыми қамтамасыз ету, кадрларды дайындау және қайта дайындау жәнінде нақты шаралар қарастырылған.

Қазақстан агроөнеркәсіп кешені дамуының басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-

құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту және нарықтық қатынастарды толық игеру үшін экономикалық реформаларды тереңдету және кеіейту қажеттілігі туып отыр.

1.4 Жоғарыда айтылған Қазақстан агроөнеркәсіп кешені дамуының басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту және нарықтық қатынастарды толық игеру үшін экономикалық реформаларды тереңдету және кеңейту қажеттілігі туып отыр.

Әрине, нарықтық экономика заңмен тыйым салынбайтын қызметтің кез келген түрімен айналысатын іскерлердің бостандықтағы қарым-қатынастарына негізделеді. Дей тұрғанмен, агроөнеркәсіптік кешен үшін мемлекеттік реттеу жағдайында ғана шешілетін проблемалар ерекше белгі болып табылады. Олардың қатарында шаруашылық жүргізу нәтижелерінің адам бақылауына көнбейтін табиғи және әсіресе ауа райы жағдайларына тәуелді болуы мен өндіріс қоры мен қызметкөрсетудің бағалық конъюктурасымен анықталатын ауыл шаруашылдық өндірісінің төмен рентабельдігін,ірі, бірақ өзін-өзі баяу ақтайтын күрделі қаржыны игеру қажеттілігін және басқа факторларды айтуға болады.

Сонымен бірге мемлекеттік ұйымдардың агробизнеске шамадан тыс араласуы жағымсыз жағдайларға алып келуі мүмкін. Сондықтан да мемлекеттік реттеу ең қажетті шаралармен шектелуі тиіс. Олардың қатарына мыналар жатады:

¾ нарықтық қатынастарды дамытуға ынталандыратын заң және нормативтік актілер жасау және қабылдау жолымен құқықтық базаны қалыптастыру және олардың жүзеге асырылуы мен орындалуына бақылау жасау;

¾ баға белгілеу, салық салу, қаржылық-несиелік қарым-қатынас, қамсыздандыру және басқа мәселелерді дұрыс шешуді қарастыратын аграрлық саясатты жасау және жүзеге асыру;

¾ агроөнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру, тауар өндірушілердің табысын қолдау және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалану есебінен өндірістің сапалық қайта құрылуын жеделдету үшін жекелеген салалар мен аймақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік өқрылымдылық саясатты жүзеге асыру;

¾ халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы қызметті үйлестіру;

¾ ауыл шаруашылық және жер ресурстарын бөлу, жер реформасын жүзеге асыру, жер кадастрын енгізу;

¾ шаруалардың әлеуметтік қорғалу жүйесін құру жолымен агроөнеркәсіп кешеніндегі әлеуметтік саясатты реттеу;

¾ ғылыми зерттеу, селекциялық және асылдандыру ісін қаржыландыру және ұйымдастыру, ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу;

¾ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу жөніндегі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;

¾ азық-түлік пен ауыл шаруашылығы шикізатының мемлекеттік ресурсын қалыптастыру;

¾ табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаның жай-күйі мен қауіпсіздік техникасын сақтауға, азық түлік сапасына бақылау жасау, санитарлық бақылау, жерге орналастыруға, өсімдіктерді қорғауға және ветеринарлық жағдайға бақылауды жүзеге асыру;

¾жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік ауылшаруашылығы кәсіпорындарын басқару;

¾ агробизнеске заңдық қызмет көрсету және оларды құқықтық тұрғыдан қорғау.

Нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда Республика агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттен алу және жекешелендіру, ондағы меншікті тікелей тауар өндірушілерге, яғни шаруаларға беру проблемасы ерекше маңызды болып табылады.

«Меншік» категориясы — қоғамдық ғылымдағы ең күрделілердің бірі. Экономистер мен заңгерлер, философтар мен социологтар оның мазмұнын анықтауда үнемі пікірталас жүргізіп келеді. Бұл жөнінде де тұтас ілім мен жүйелер қалыптасты. Бірақ, барлық уақытта да және әр түрлі елдерде де меншікті ғылыми түсінуден басқа оны жай қарапайым тұрмыстық көзқараста қабылдау да қалыптасқан. Бұл проблема төңірегіндегі негізгі тұжырымдарға шолу жасау ғылыми ойды дамыту жай түсініктен бастап ең күрделі философиялық-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық көзқарас пен ілімге дейін барғанын дәлелдейді.

Нан өнімдері, ет, сүт, тамақ, жеміс-көкөніс қалбырлау өнеркәсібі жүйесіндегі және материалдық-техникалық жабдықтау, жөндеу, машина жасау, агросервистік қызмет көрсету, транспорт және ауыл шарушылық өнімдерін тарату саласындағы кәсіпорындарды жеке құрылыс пен су шаруашылығы кешендерін мемлекеттен алу және жекешелендіру көпшілік жағдайда акционерлендіру жолымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тауар өндірушілердің мүдделері барынша толығырақ қорғалады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтаумен тікелей байланысты салаларды, сондай-ақ қызмет көрсететін сфераларда акциялардың ең кем дегенде жартысы олардың қызметін пайдаланатын және өңдеуге өндірістік өнімдерін әкелетін кәсіпорындарға, шаруашылықтарға және шаруа қожалықтарына өткізілуі тиіс.

Баға саясатының негізгі бағыты еркін тағайындауға көшу болып табылады. Рыноктің қалыптасуы барлық тауар өндірушілердің меншік және шаруашылық жүргізу әдістеріне қарамастан баға белгілеу мен өнімді өткізу арналарын таңдауда толық түрде өз бетінше шешім қабылдауын қарастырады. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген белгілі бір мемлекеттік қажеттілікті өтеу үшін мемлекет өндірушілермен ерікті және өзара тиімді контрактіге отырады. Онда келісімді бағадан басқа салықтық, несиелік жеңілдіктер мен материалдық техникалық ресурстарды қамтамасыз ету, өндірістік және өндірістік емес объектілерді қаржыландыру жөнінде әр түрлі ынталандыру шаралары қарастырылуы мүмкін. Алайда, еркін баға өнеркәсіп кешенінің 1 жіне 3 сфераларындағы кәсіпорындарды демонополизациялаған жағдайда ғана тиімділік беруі мүмкін, ал басқаша жағдайда өндірістің құлдырауы мен бағаның өсуінін қашып құтылу мүмкін емес.

Қаржылық саясаты селода көпукладты экономиканы құрудың бастапқы кезеңінде бәсекелестікті тудыруға және дамытуға жағдай жасауы керек. Сондықтан да қаржылық көмек ең алдымен тауар өндірушілерді қолдау үшін мемлекеттік бағаны қамтамасыз етуге, аграрлық сфераны жеңілдікпен қаржыландыруға көмектесетін коммерциялық банкілердің шығындарын жабуға, сондай-ақ жекеленген селолық аудандар, экологиялық аймақтар жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға, шаруашылық айналымнан шығып қалған ауыл шаруашылығы жерлерін қайта қалпына келтіруге бағышталуы тиіс.

Тауар өндірушілерді бюджет есебінен кең көлемде қаржыландыру нарықтық экономика толық орнатылғанда ғана мүмкін болады. Мұндай жағдайда мемлекеттік қаржылық қолдау шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, табиғат апаттарының шығындарын өтеуге, су шаруашылығы және топырақты суландыру жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығындағы жаңа немесе ерекше қиын өндірістерді ұйымдастыруға бағытталады.

Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттің салық саясаты өзінің фискальдық мәнін жоюы керек. Салықтың түрлері мен мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық салу жолымен жеңілдетілген салық салу есебінен жүзеге асырылатын олардың ынталандырушы функцияларына ерекше назар аударылу қажет.

Жерге біртұтас салық енгізілгеннен кейін, жер негізгі өндіріс құралы болып табылатындықтан, ауыл шаруашылық кәсіпорындары табысқа салық төлеуден босатылды. Бұл аграрлық өндірістің нәтиже беретін көрсеткіштеріне тіпті салық салудан босатылуға алып келді. Нәтижесінде салық көмегімен бағаны, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудың көлемін, жеке тұтынуға және қорлануға бағытталатын пайданы мемлекеттік реттеу мүмкін болмай қалды. Осыған байланысты салық салудың негізгі объектісі ретінде мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар үшін- пайда, ал ұжымшарлар үшін жалпы табыс белгіленді.

Жалпы алғанда, салықтар мен аударулар кәсіпорынның жалпы табысының 20-25%-інен аспауы керек. Өйткені, жалпы табыстың 25%-інен 50%-іне салыққа алынуы текқана өндірісті қалыпта ұстауды қамтамасыз етсе, ал 50%-тен астам салық салу өндірістің шығынға батып, жабылуына алып келеді. Жеке меншікке негізделген жеке немесе отбасылық еңбек (шаруа қожалықтары, кооперативтер және т.б.) сияқты шаруашылық жүргізудің өркениетті тәсілдеріне болашақта салықтың тек қана бір түрі¾ жалпы табысқа салық салу қолданылуы керек. Одан әрі ауыл шаруашылығындағы дағдарыстан өту мен аграрлық рыногті қалыптастырудың шама-шарқына қарай салық жүйесі күрделене түсті. Оның негізгі элементтері мыналар болады: пайдаға (таза табыс) салық, капиталдың өсуіне салық, қозғалмайтын мүлікке салық, жалданбалы жұмыс күшін әлеуметтік сақтандыру, акциздер.

Инвестициялық саясат агроөнеркәсіп кешеніндегі көпукладты экономиканың қалыптасу кезеңінде көптеген өзгерістерге ұшырайды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кең көлеміндегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, әлеуметтік сферадағы объектілер құрылысын салу, сондай-ақ селолық тауар өндірушілерді қаржылық жағынан қолдау үшін мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру сақталады. Агроөнекәсіп кешенін дамытудың басқа барлық шараларына инвестиция бөлу қайтарылу негізінде жүргізілуі тиіс.

Агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасында инвестициялық саясаттың басым бағыттары мыналар болып табылады:

-конверсия нәтижесінде босатп қалған бұрыңғы кәсіпорындарды қайта бағдарлау мен жаңа құрылыстар салу есебінен өзін экономикалық жағынан ақтайтын ауыл шаруашылық және азық-түлік машиналарын жасайтын өзіндік база жасау;

-түпкілікті техникалық қайта жарақтану және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жабдықтау;

-алдыңғы қатарлы технологияға және өндіріс құралдары рыногіндегі коньнктураның өзгерістеріне тез бейімделетін аз сериялы өндіріспен айналысатын орташа және ұсақ кәсіпорындарды дамыту.

Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға паритетінің сақталмауы жағдайында мемлекеттік қолдау көрсету жолымен меншіктің барлық тәсіліндегі ауыл шаруашылық- кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының сапалық жаңғыруын, негізгі қордың шапшаң қалпына келтірілуін және жаңартылуын, өндірістік инфрақұрылымның дамытылуын көздейді.

Қорытынды.

Агроөнеркәсіп кешенінің өңдеу сферасында мемлекеттің қатысуымен тікелей селолық елді мекендерде өңдеу (кіші және орта қуаттылықтағы) жөніндегі кәсіпорындар салынатын болады.

Тұжырымдық бағдарламада сондай-ақ әлеуметтік даму және Республика агроөнеркәсіп кешенін мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі нақты шаралар қарастырылған.

Жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе, Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дағдарыстан шығу және нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде дамытудың негізгі бағыттары бойынша қосымша мынаны атап өтуге болады: Батыстың көмегіне сүйену керек әрі ондай көмекті кері қайтаруға болмайды. Бірақ, бұл гуманитарлық көмек немесе мейірімділік актісі ретінде қолданбауы керек. Өйткені, мұндай мүсіркеушілік- біз үшін басы артық дүние. Жаңа технологиялар, тұтыну тауарларын алу үшін несиелер, капиталды сырттан әкелу және бәсекелестіктің басқа тәсілдерінің қажеттілігі пісіп жетілгендігін мойындауымыз керек.

Ашық экономика, шетелдік капиталдың, жаңа тауарлар мен жаңа жұмыс орындарының келуі әрқашан да зиян, бірақ біздің экономиканың, оның ішінде агроөнеркәсіп өндірісінің қазіргі жағдайындағы жай-күйі үшін кейбір қазіргі радикалдардың асыра сілтеушілігі сияқты тіптен қауіпті. Қазіргі тынымсыз және қиын уақытта тек салмақты экономикалық шешім мен ұзақ мерзімді саяси тұғырнама ғана табысқа жеткізеді. Біз бұл жерде экономиканың аграрлық секторында, ең алдымен тікелей ауыл шаруашылығы өндірісінде шаруашылық жүргізудің әр түрлі тәсілдерін бағалау және таңдау жолдарын іздестіруге тұспа-тұс келеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының және дамуының стратегиясы». Алматы: «Дәуір» баспасы, 1992.
  2. Радугин Н. «Селолық өмір» 28 тамыз 1992 жыл.
  3. Қалиев Ғ. А. , Сатыбалдин А. А. «Ауылшарушылығының дамуы» «Егемен Қазақстан» 1999, №8 8-16
  1. Сүндетов Ж. К. «Аграрлық қайта құрулардың қиындықтары. Ауыл шаруашылық экономика» 1992, №3 12-17 беттер
  2. Калашников А. В. Особенности перехода к рыночным отношениям при организации материально-технического снабжения АПК. Техника в сельском хозяйстве, 1990, №4, с. 6-7
  3. М.Т. Оспанов, Р.Р. Аутов, Х. Ергазин «Агробизнес. Теориясы мен тәжірибесі». Алматы, 1997. «Білім». 55-65 беттер
  4. Проблемы повышения эффективности агропромышленного производства Казахстана в условиях перехода к рынку (Сборник научных трудов). Под редакцией Балапанова Ж.Б. Алматы, 1992, с.93
  5. Тұрсынов С. Т. «Қазақстан: аграрлық рынокта» «Қайнар» редакциясы, 1994 жыл
  6. Балабанов И. Т.»Шаруа қожалықтары. Қалыптасуы, қаржыландыру» Алматы «Қазақстан» 1996жыл
  7. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Ә.Н.-тың қатысуымен өткен тікелей эфир. Бірлік бар жерде, тірлік бар. Астана -2005 «Елорда» 24 тамыз. 9бет