Атмосфераның ластану және қоршаған ортаға әсері

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Атмосфераның ластану және қоршаған ортаға әсерін бағалау
  1. Атмосфераның ластаушы көздері
  2. Ауа ортасындағы Шекті Мөлшерлі Концентрациясы (ПДК)

 Қолданылған әдебиеттер

  1. Атмосфераның ластануы және қоршаған ортаға әсерін бағалау

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік ортасы Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтардың ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан – тропосфера (10-12км), озон қабаты стратосфера (40-50км), мезосфера (70км), термосфера (80км) және экзосферадан (800-1600км) тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.

Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары Атмофера – бұкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмір қышқыл газы, аргон т.б) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының кызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.

Бірақ, адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көршеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың  шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.

Ластағыш заттардың негізгі көздері – өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді.

Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды.

Оның өндіруші көзі – жасыл өсімдіктер әлемінде жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе  адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе -* теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып келеді.

Біздің республикамызда атмосфера ауасына шығарылатын зинды заттар мен газдар, т.б. бөгде химиялық қосылыстар Казгидромет ғылыми-зерттеу институтының  үнемі бақылауында болып отырады. Ол көршеткіштер әр жылғажәне тоқсанға жіктеліп « Ақпараттық экологиялық бюллетень» журналы арқылы көпшілікті хабардар етеді.

Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға Ленингор, Зырян, Алматы, қалалары кіреді. Әрине бұл үнемі өзгеріп отырады.

Өйткені аталған қалалардағы өнеркәсіптің т.б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мысалы, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2001 жылдарыЛенингор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде қара металлургияның ластағыштары және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қалдықтар көп. Алматы мен Зырян қалаларының зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы қолайсыз.

Республика жағдайында атмофераның ластануына өнеркәсіптің техникалық жағынан жабдықталуынан нашар болуы әсер етеді. Яғни, ескерген технологиялық процестернәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді, әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті, улы келеді. Оларт негізінен күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот оксиді, күкіртті сутек, аммиак және әртүрлі қатты және сұйық заттар.

Атмосфера тұрақты көздерден шығатылатын зиянды заттардың мөлшері (АЭБ-келтірілген деректер) қалалар бойынша : Павлодар (763,0 мың т.), Қарағанда (601,6 мың т.), Жезқазған (487,0 мың т.), Шығыс Қазақстан қаларында (170,0 мың т.), Қостанай (170,0 мың т.), Ақмола (120,0 мың т.), Атырау (90,0 мың т.) облыстары болды. Бұл аймақтарда жылу энергетикасы,

металлургия, мұнай-газ кәсіпорындары шоғырланған.

Сондықтан, атмосфераға көтерілген қоқыстар мен газдардың көпшілігі осы облыстар мен қалалардың аумағына түсіп, өсімдіктерді, суды, жер ресурстарын, ғимараттарды жалпы қоршаған ортаны ластап жатыр. Қазгидромет мәліметі бойынша республиканың әрбір шаршы километріне жылына орта есеппен 1,13 тонна зиянды заттар келетіні байқалған.

Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ау бассейні автокөліктерден шығарылатын зиянды заттармен ластанып отыр.

Соңғы 2001 жылдың мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт диоксиді және фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты денгейден 1-4 ШМК-ға артып отыр. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент, Тараз қалаларында өсе түсуде. Әсіресе, улы формальдегид (3 есе көбейгені )- Шымкент, Тараз және Петропавл қалаларында байқалып отыр. Ауадағы аммиак пен фенолдын мөлшері Теміртауда (2,3 ШМК), Петропавлда (3 ШМК)жетсе, ал Астанада фторлы сутегі 4 ШМК мөлшеріне жеткен.

  Қ азақстан жағдайында ауа бассейнінің ластануы көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Мысалы, Алматы, Шымкент, Ленинагор, Зырян, Глубокое қалаларында ауа бассейіндерінде табиғи ауа ағыстары балмайды, соның себебінен қалалар үнемі қалын зиянды улы тұманмен оранып жатады.

Ауа бассейінің құрамында ауыр металлдардың болуы да өте қауіпті.

Әсіресе, кадмий, қорғасын, мырыш, сынап, мөлшері үнемі бақылауға алынады. Ауыр металлдармен ауаның ластану республика бойынша жоғары болмағанмен жекелеген қалалар бойынша жағдай жақсы емес. Мысалы, қорғасын көрсеткіші Ленингорде – 17 ШМК, Балхашта – 8, Шымкентте – 6 есе болып отыр. Бұл көрсеткіштер кейбір жылдар 17-81 ШМК- ға жеткен.

Қазақстан ауа бассейінің ластануы көршілес мемлекетердің ауаға шығарлатын зиянды заттардың есебінен де көбейе түседі.

Өйткені, ауа бассейінің бәрімізге ортақ екені айқын.

Төмендегі мәлімет осыны дәлелдейді. Мысалы, Қазақстанның өз ластану көздерінен түскен және шекаралас ауа арқылы өткен заттардың үлесі төмендегідей болған:

 ЛастағыштарҚазақстан ластағышКөршілес елдердің

көздерінен түскен көздерінен түскен үлес

  1. Күкірт46%54%
  2. Азот 19%81%

(тотыққан)

  1. Азот

(тотықсызданған)  51%  49%

  1. Күкірт (сутек) 68%  32%
  2. Көмірсутектер 61% 39%

Әрине, өз кезегі кезегінде Қазақстанның ауа бассейінің де Ресей,Қырғыз, Өзбек республикаларына да күкірт пен азот қосылыстары өтеп отырады.

Атмосфера ауасын ластайтын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200 млн тоннаға жетіп отыр. Ал, оның құрамы 20-дан астам химиялық элементтен тұрады. Соның ішінде қорғасын, кадмий мен мырыштыңауада таралуы және онымен адамдардың улануы жиі байқалуда. 2Олардың мөлшері ауада 0,0003 мг/м3 аспауы керек.Оның негізгі көзі – автокөліктер, қорғасын аккумуляторы, қару-жарақ технологиясы. Осы заттармен адамдардың улануы жиі болғандықтан, қазір көптеген елдерде балық аулауда, аккумулятор және қорғасын өнеркәсібінде жалпы қорғасынды пайдалануды шектеп отыр.

Сондықтан, ауаға зиянды заттардың шығарлыуын реттеу,технологияныжетілдіру, өндіріске қалдықсыз және ағызылымды заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру бүгінгі күнің қатаң талабы болмақ.

  1. Атмосфераны ластаушы көздер

Атмосфера ауасының шекарасы болмайтындықтан ло бүкіл жер шары халықтары мен онда тіршілік ететін жануарлар, құстар және тірі организмдер мен өсімдіктер дүниесі үшін ортақ байлық болғындықтан, оны ластамау, сапасын тіршілікке зиян келтірмейтін ббиосфераның құрамдас бөлігі болып табылады.

Адам іс-әрекетінің  нәтижесінде ондағы түрлі газдар және басқа қалдықтар бөлніп шығарлуда. Ол ластағыш заттар атмосфера ауасының газалық сапасын төмендетуде. Атмосфера адам үшін атқаратын қызметі орасан зор, Атмосфер бүкіл әлемді таза ауа мен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газдармен, басқа химиялық элементтермен (О2, N2, СО2 және т.б.) байытады. Жер планетасын күн мен ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден, метеориттерден қорғайды, климатты, ауа райын, зат алмасу, энергия алмасу және т.б. іс-әрекеттерді, жалпы жер шарындағы тұрақтұлықты жоғары дәрежеде үйлестіріп отырады.

Адам кез келген қызметі жердің жалпы ресурсына әсер етеді.

Бұл қызметтердің нәтижесінде жер ресурстары аяқталуы керек сияқты.

Бірақ, жердің үнемі күн сәулесінен жаңа энергия алынатынын естен шығармау керек.

Адамзатқа орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себебі ауаның ластануы болып отыр. Атмосфера ауасының сапалық көрсеткіштері оның ластану дәрежесімен анықталады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың ШМК-сы қалыпты құрамынан өсіп кете сай келмесе, онда ондай ауаны ластанған ауа деп санайды.

Ластағыш заттардың негізгі көздері- өнеркәсіп, автокөліктер, жылу энергетикасы, мұнай, газ, көмір өндіру, өндеу орындары, космос және т.б. өндіріс салалары. Бұл аталған обьектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттердің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, қоршаған ортаны ластауды физикалық (шу, тербеліс, әр түрлі сәуле шығарулар) және химиялық (әр түрлі заттар: ауада-улы газдар және булар, суда және топрықта ауыр металлдардың иондары) деген екі түрін қарастырайық.

Таза ауа компоненттерімен атмосфераның негізгі ластағыштарын салыстыру үшін төмендегі кестелерге көіңл аударайық.

Таза ауа компоненттері

 

 

Компоненттер

 

Көлем бойынша,%

1

2

3

4

5

6

 

 

 

Азот (N2)

Оттек (O2)

Аргон (Ar)

Көмір диоксиді (CO2)

Озон (O3)

Гелий, метан, криптон және

суттектің

аздаған мөлшері

 

78,08

20,94

0,93

0,03

0,00005

 

0,002-ден аз неон

 

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы бағдарламасының ЮНЕП деректері негізгі ластағыштар жылына 25 млрд т болса. Оларға:

 

 

Компоненттер

 

Көлемі бойынша млн.т/ж

1

 

2

3

4

  Көмір диоксиді мен шаң-тозаң

Бөлшектер

Азот оксидтері (NxOy)

Күкірт диоксиді

Көмірсуттектер (C8Hy)

 

8000

 

60

200

80

 

 

  1. Ауа отасындағы Шекті Мөлшерлік Концентрациясы (ПДК)
  2. ШМКж.з – жұмысшы зонадағы ауаның құрамындағы ластаушы заттардың ШМК, (мг/м3) (ПДКр.з – рабочей зоны). Бұл концентрация апатының 8 сағаттық жұмыс күнінде (жексенбіден басқа күндерде), немесе аптасына жалпы 41 сағаттан аспайтын жұмыс істеген кезде жұмыс жасының соңына дейін (25-30 жыл) ауырмаған, немесе қазіргі зерттеу әдістері оның ешқандай ауруын тіркемеген  немесе денсаулығында ешқандай ауытқулар болмаған шаманы білдіреді. Жұмысшы зона деп , еденнен немесе жұмысшы тұрақты тұратын жерден 2 м биіктіктегі кеңестікті айтады.
  3. ШМКм.б – тұрғын үйлер орналасқан ауадан ауасындағы максимальді бірреттік шектік концентрациясы, мг/м3 (ПДКм.р – максимально разовая). Бұл концентрация сол ауа мен 20 минут тыныс алынған жағдайда, адам организімінде рефлекторлық (субсенсорлық) реакция бериеуі керек.
  4. ШМКо.т – тұрғын үйлер орналасқан аудандағы ауа құрамындағы үлы заттардың орташа тәуліктік шекті мөлшерлік концентрациясы, (мг/л) (ПДКс.с – среднесуточная). Бұл концентрация адам ол ауамен қанша уақыт тыныс алса да тікелей немесе жанама ешқандай әсер етпеуі керек.

Біз тыныс алатын ауада, көптеген зиянды заттар бар. Олар қатты бөлшектер, мысалы күл бөлшектері, асбест, көмірсутектердің суда еріген ұсақ тамшылары және әр түрлі газдар. Бұл ластағыштардың барлығы адам организміне биологиялық әсер етіп, тыныс алуын қиындатады, жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын тежеп ауруға шалдыұтырады. Ауадағы күкірт диоксиді мен көміртек (2) және (4) оксидтерін қарастырып көрейік.

  Күкірт (4) оксиді SO2 суда еруі нәтижесінде қышқыл жаңбырлар түзіледі H2O+SO2=H2SO3. Бұл газ негізінен жылу электр станциясы отындары (мазут, қоңыр көмір, күкіртті мұңай өнімдері) жанғанда бөлінеді.

Көмір немесе мұнайды жаққанда олардың құрамындағы күкірт тотығы екі қосылыс, күкірттің диоксидін және триоксидін түзеді. Отынның алғашқы жануы кезінде күкірттің триоксидіне бар болғаны 3%тотығады. Қышқыл жаңбырлар өсімдіктер дүниесін бүлдіреді, топырақ пен өзендердің қышқылдығын арттырады. Мысалы Норвегияда 1980 жылдары қышқыл жаңбырлардан көптеген балықтар қырылып қалған, бұның себебінің көбі Ресейдің “Северо-никель” комбинатының кінәсінен болған.

 Күкірт диоксидінің 1м3 орташа мөлшері 100 мкг болғанда, ал біздің көптеген қалаларымыздың ауадағы SOмөлшері кейде бұдан әлдеқайда жоғары екенін тәжірибелер нәтижесі көрсетіп отыр, сондықтан бұл ауа әсерінен өсімдіктер сарғыш тартып, тыныс алу органдары ауруларының көбейгені байқалған.

  Азот оксидтері(NxOy) көбінесе ормандар өртенгенде,ЖЭС (ТЭС) және автокөліктерден, азот қышқылы өндірісі мен қопарғыш заттар өндірісі де бұлалардың бөліну көзі болуы мүмкін.

   Бұлардың ішінде NO – азот оксиді 2 адамның нерв жүйесіне әсер етеді, әрі қандағы гемоглабинді азайтып, оттектің жетіспеуіне себеб болады.

NO2, N2O4 – оксидтері су мен әрекеттесіп азот қышқылын түзеді.

4NO2+2H2O+O2=4HNO3 . Бұлар тыныс жолдарын қабындырып, өкпенің қанауына жол ашады.

Азот оксидтері фотохимиялық түтінді тұман түзілуінде, ал ол  пероксиацетилнитраттар түзіп , оның 0,1-0,5 мг/м3 мөлшері көзді тітіркендіріп, өсімдіктердің қурап кетуіне жол ашады.

Ауаның фотохимиялық ластану дәрежесі әсіресе, автокөліктердің жиі қозғалыстары уақытында, таңертен мен кешкі сағаттарда қаладағы ауаға көмірсутектер мен азот оксидттері көп мөлшерде бөлінеді.

 Көмірсутек (2) оксиді (СО)-қала ауасында басқа ластағыштардың барлығынан концентрациясы жоғары. Бірақ, бұл газдың иісі, түсі, дәмі болмағандықтан біздің сезу органдарымыз оны байқай алмайды.

 Оның қаладағы ең үлкен көзі-автокөліктер. Оның 90%мотор отынының толық жанбауы нәтижесінде түзіледі. 2С+О2=2СО, толық жанғанда С+О2=СО2.

  АҚШ-та 1960 жылдарда автокөлік әрбір 1,5 км  73г көміртек оксидің бөлген, ал 1981 жылы автокөліктер СО бөлуі 15 км, 3,4г-ға дейін азайған. Автокөліктерден СО бөлінуін белгілі стандарттарға дейін жеткізу үшін көлік түтінін мотордан шыққан жерде Рt және Pd катализаторлары арқылы өткізу тәжірибесі жиі қолданылады.

  Көміртек (4) оксиді СО2 инфрақызл сәулелерді сіңіруі (700-1400 нм толқын ұзындығындағы), сөйтіп парниктік азауы болуымен залал келтіреді. Өйткені, жер беті барлық энергиясынан спектрдің көрінетін бөлігінің (400-700нм ) сәулелерін сіңіріп, ал ИҚ сәулелерді ұзын толқындар түрінде шағылдырады.

 1850 жылы адамзаттың техногндік әрекеттерінің нәтижесінде СО2-нің атмосферадағы мөлшері 0,027-ден 0,033 %-ке дейін өскен. Сөйтіп адамзаттың 20 ғасырда табиғи отындарды жағу мөлшері оның 20 ғасырға дейінгі бүкіл жаққан отын шамасына тенеседі екен.

Шаң тозан атмосфераға бөлінген топырақтың эрозиясынан, вулкандардан, шанды борандардан түзіліп, 20%-тей шамада адамның әрекеті нәтижесінде, тау-кен өндірісі шаңдары, цемент және басқа құрылыс материлдарды өндірісінде түзіледі. Мысалы Францияда өндірілетін цементтің 3%-ті шаң түрінде атмосфераға жылда 100 тонна тасталады екен. Индустрияның қалалардағы қонған шаң құрамында 20%темір оксиді(Fe2O3), 15% кремний оксиді (SiO2) және 5% күл (С), сонымен бірге көптеген ауыр металдардың оксидтері мен улы қосылыстары (марганец оксиді, қорғасын, молибден,ваннадий, сурьма, теллур оксидттері) түрінде осылардың өндіріс орыдарынан бөлінетінің ескеру керек.

 Бұл орайда американдық эколог О. Бартон атмосфераның шаңмен ластануын былай деген : екінін бірі не адамзат атмосфераға тасталатын шаң мөлшерін азайтуы қажет, немесе шаң-тозаң жер бетіндегі адам саны азайтады.

Шаң –тозан тек денсаулыққа тыныс алуды қиындатып қана қоймай, климатына өзгеруіне де үлкен ықпал етеді, өйткені ол күн сәулесін шағылыстырып жерден жылыудын кетуін қиындатады.

Сонымен, адам әрекеті нәтижесінде климат өзгереді, атмосфераның химиялық құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістердің атмосфераға онша қатысы болмағаны мен, ортаның биотикалық бөлімі оның құрам бөлігі болған адамға әсер етуші негізгі фактор болып саналады.

 Атмосфера (ауа ортасы) 2 аспектіде бағаланады:

  1. Климат және оның табиғи әсерлердің нәтижесінде өзгеруімен антропогенді әсерлердің (макро климат) натижесіндегі өзгерісі және ұсынылып отырған жобаның нәтижесіндегі өзгеруі (микро климат). Бұл бағалар іске асырылайын деп отырған жобаның антропогендік қызметіне климаттын ықтимал әсерін болжауды да көздейді.
  2. Атмосфераның ластануы алдымен оның ықтимал ластануы кешенді көрсеткіштердің біреуінің көмегімен бағаланады: атмосфераның ластану потенциалы (АЛП), атмосфераның сейілту (шашыратқыш) қабілеті (АШҚ) және басқа..

 Содан соң, сол аудағы атмосфераның ластану деңгейін бағалау жүргізіледі. Климаттық-метеорологиялық еркшкліктермен атмосфераның өзгерістері туралы мәліметтерді сол ауданның гидромет қызмет і орталығынан алады. Нақты түрде алынған ластағыш көздерімен бағалар негізінде жобаланып отырған обьектінің атмосфераны ықтимал ластағыш бағалары арнайы компьютерлік бағдарламаларда (Эколог, Гарнт, және басқа)

Есептеліп, ол тек атмосфераның ластануын ғана есептеп қоймай, сонымен бірге ластағыш концентрацияның карта сызба-нұсқаларымен сол алаңға түсе алатын ластағыш заттар туралы деректерді де береді.

  Атмосфераның ластануының басты белгісі – ластағыш заттардың (ШМК) (ПДК) болып табылады. Ауадағы ластағыш заттардың өлшенген немесе есептелінген концентрациясы ШМК (ПДК)- мен салыстырлады, сөйтіп атмосфераның ластануы ШМК шамасымен өлшенеді. Атмосфералық ауаның санитарлық сапасын анықтау үшін, ондағы ластағыш заттардың мөлшерін көлемі 1 м3ауадағы мг- мен алынған салмағымен бағалайды.

 Концентрацияны бұл жолмен анықтауды ластағыш заттың кез-келген агрегаттық күйін анықтауға қолдануға болады. Шет елдерде, мысалы АҚШ-та, басқа концентрация қолданылады:

Млн4=лаcтану көлемі / ластанған ауаның 106 көлемі =10-4%

(көлемдік)

Мг/м3 = млн-1 М / 22,4

Мұнда: М- ластағыштың малекулалық массасы:

22,4-1 моль газдың 25оС және 760 мм сн. Бағ. қысымдағы литрмен алынған көлемі.

Қоршаған ортаға өндіріс орындарының әсерін бағалау негізгі болып, атмосфераға қоспалар тарағанан кейінгі іс жүзінде концентрацияның шекті мөлшерлі концентрациясымен ШМК салыстырғанда шамасы болып табылады. Атмосфералық ауада ШМК –ның сәйкес мәндері белгіленген.

Өндіріс ғимараттардың ауасындағы зиянды заттардың концентрациясын ШМКж.з мөлшерлі ауаландырылты цехтардың ауасындағы шамасы 0,3 ШМКж.з, елді мекендер атмосфера ауасында ШМКм.б, демалыс және курортты жерлерде -0,8 ШМКм.б болуы қажет.

 ШМК нормалар және құрал жабдықтар, машиналар, жаңа технологиялық және өндірістік механизімдер жобалау, оларды сараптау үшін, сонымен бірге ауа тазаландырғыштар, газ, шаң-тозаң ұстағыштармен ылғалдандырғыштар, суытқыш жүйелері, есептеуші-бақылаушы аспаптар және хабарландырғыш жүйелер жасауда бастама негізі болып саналады.

  Өндіріс орындары мен фабрикалардың және басқа да объектілердің атмосфера ауасына ластағыш заттарды шығарып тастауын санитарлыұ-эпедемиялық станциялар, қоршаған ортаны қорғау комитеттері мен олардың жергілікті жерлердегі қалалық, аудандық бөлімшелері бақылау жасайды.

 Атмосфера ауасын  ластаудың алдын алу үшін ластағыштырдың барлық көзі тізімге алынып, қатаң қадағалау үшін олардың әрқайсысына (шата, мұржа, автокөлік және т.б.) нормалар бекітілген. Әрбір өндіріс орны мен жеклеген объектілер үшін әрбір аудан, әрбір шаршы метірге дейін ШМК-ның ғылыми-ехникалық нормативті әрбір конкретті ластағыш түріне, белгілі уақыт аралығында сол аудандағы барлық ластағыштардың мөлшерінің суммасы адам денсаулығына әсер етпейтін шамдан (ШМК) аспауы қатаң түрде қадағалап отыруы тиіс.

Ластағыштардың атмосфераға нормативті шығарлу мөлшері ластағыштың әрбір көзі үшін белгіленеді және бүкіл өндіріс орнына жалпы мөлшер болып бекітіледі. ШМК белгіленгенде,ластағыштардың фондық концентрацияларын ескеру шарт.й

  ШМК есептеу әдісі ластағыштың жекелеген қасиеттері ескеретін модельді қолдануға негізделген (ШМКм.б): фондық концентрациясы Сф; ластағыш көзінің геометриялық өлшемдері (һ-биіктігі, м; Д- аузының диаметірі, м) көзден шығатын газ ағынынң шарттары (Т- қоршаған ауа температурасы мен шығарлатын қоспа температуралар айырмасы, V – қоспаның шығатын бөлімдегі орташа жылдамдығы, м/с);

 W,f -атмосферадағы ластағыштың тіке және көлбей таралу шарттары;

 Ai – салыстырмалы агрессивтілік көрсеткіші;

  F  – ауада шөгіп қалу жылдамдығын ескеретін коэффицент;

  n -жердің рельефін ескеретін коэффициент.

  Атмосфера ластану дәрежесі қауіпсіздік класын ескере отырып ШМК-мен салыстырғанда қандай жиілікте қайталанатын мен еселігі және ластағыш заттардың  биологиялық суммалық әсері арқылы анықталады.

Ауаның әр түрлі класс ластағыштармен ластану дәрежесін кейде оларды концентрацияларын  ШМК-ға келтіріп есептелінген мөлшері 3-класс қауіпсіздігіне сәйкестіндіріп анықтауда қолданады.

Ауадағы ластағыштардың адам денсаулығына ықтимал кері әсерін бағалауды 4-класқа бөледі:

1-ші класс – төтенше қауіпті;

2-ші класс –  өте (жоғары) қауіпті;

3-ші класс –  орта қауіпті;

4-ші класс –  бәсең қауіпті.

 Ауаны ластағыштың жалпы және ақпаратты көрсеткіші ретінде – АЛОКИ – атмосфераның ластауының орташа жылдық кешенді индексі (КИЗА- комплексный индекс среднегодового загрязнения атмосферы) қолданылады. Олар атмосфераның күйіне байланысты ластану дәрежесіне қарай төмендегідей кластарға жектеледі:

  1. Норма класы – ҚР қалаларының ауасының орташа ластығы дәрежесінен төменге сәйкес деңгей.
  2. Қауіп клас – орта дәрежедегі деңгей шамасында.
  3. Кризис класы – орташа шамадан жоғары деңгей.
  4. Апат класы – орта деңгейде әлдеқайда жоғары.

 АЛОКИ – көбінесе қала немесе өнеркәсіп территориясының жекелеген аумағындағы атмосфераның ластану дәрежелерін салыстыру үшін немесе атмосфераның ластану тенденциясындағы уақытша өзгеріске ұшырауын бақылау үшін қолданылады.

Атмосфераның ластану дәрежесін кешенді индекс (АЛОКИ) критерийлері бойынша бағалау

Атмосфера

күйінің

көрсеткіші

 

Атмосфера экологиялық күйінің класы

 

 

Норма (н)Қауіп (Қ)Кризис (К)Апат (А)
 

Ауаның

ластану

деңгейі

 

 

 

5-тен төмен

 

 

 

 

5-8

 

 

 

 

8-15

 

 

 

 

15-тен

жоғары

 

 

 Территория атмосферасының ресурстық потенциалы (РП)  деп ауаның іс жүзінде ластануын ШМК шамасына дейін қоспаларды сейілту арқылы өздігінен тазалау мүмкіндігін айтады. Атмосфераның сейілткіш қабілеті, кешенді климаттық және лабараториялық көршеткіштерден атмосфераның ластану мөлшері АЛП және ауа пайдалану параметірі  АПП  негізінде бағаланады. Бұл сипаттамалар ластану деңгейлерінің жасалу ерекшеліктерін, метеожағдайларға байланысты, қоспалардың атмосферада жинақталып содан соң шығарлуын анықтайды.

 АЛП әр түрлі жағдайдағы әр түрлі деңгейдегі ластану мүмкінділігі сипаттайды, ал кейбір авторлар мұны қоспаларды ауа бассейінде таратуға қолайсыз жағдайлардың метеорологиялық қайталанғыштығының кешенді сипаттамасы деп қарастырады. Мысалы, шет елдердің кейбірінде АЛП – ның қала жағдайлары үшін жер бетіне жақын қабатты инверсия және тұрып қалу қайталанғыштығына әлсіз желдер мен ұзақ уақытта тұмандану сипатына қарай 5 класқа бөледі.

 Ауа пайдалану параметірі (АПП)- ауадағы ластағыш заттардың шамасын, таза ауа мен сұйтылып араластыру нәтижесінде, орташа молшерлі концентрацияға дейін қажетті таза ауа көлемін сипттайды. Бұл параметр қоршаған ортаны ауа тазалығына жауапкершілік ұжымдық түрде іске асырылатын жағдайға қажет. Бұл негізде бір тұтас территорияда орналасқан өндіріс орындары ортақтасып, әрбіреуіне ластағыштар мөлшерін нормалауға, сөйтіп жалпы ластағыш көлемі аз болатын болса, басқа өндіріс, өнеркәсіп және басқа объектілерге атмосфераға ластағыш шығару  құқығын сатуға да өз араларында келсім жасай алады.

Атмосфераның  ресурстық потенциалы (АРП) бағалау, территория климатының жағымдылық негізінде, ол территорияны рекреациялық және селетебті мақсатта қолдану мүмкіндігі ескерліп жүргізіледі.

Мұндай бағалау жүргізудің негізгі құрам бөлігі – жылдың суық және жылы кезеңіндей ауа райының (яғни ауа ылғалдылығы, күн радиациясы, температура және т.б. метеофакторлардың) физиологиялық-гигиеналық жіктелу болып табылады.

Атмосфералық ауаны кейбір зерттеушілер қоршаған ортаны ластаушылар тізбегінде  бастапқысы деп қарастырады. Топырақ пен жер беті сулары кей кезде атмосфера ауасының қайта ластану көзі болуы немесе, керсінше оның ластануының жанама көрсеткіші болуы мүмкін. Бұл жай, атмосфераның тікелей ластануын қарастырған кезде, атмосферамен бір тұтас жанасушы орталар әсерлерін ескере отырып, атмосфера күйін интегралды бағалаудың анықтаушы негізі болады.

 Атмосфераның ластануының жанама  көрсеткіші ретінде  атмосферадағы қоспаның топырақ бетіне және су айдынына түсуі, сонымен қатар  атмосфералық жауынмен олардың жуылуы қабылданған. Бұл бағалаудың белгісі белгілі уақыт аралығындағы ауалардың қоспалардың түсу мөлшерінің уақыттық интервалы болып табылады.

Бірқатар Европалық мемлекеттерден сараптамашылар торы тарапынан қышқыл орман топырақтары және жер беті, жер асты сулары үшін төмендегі сынақ жүктемесі (бұл орталардағы химиялық өзгерістер мен биологиялық эффекттердің бірлескен өзгерістерін  ескеріп) ұсынылған.

  1. Күкірт қоспалары үшін 0,2-0,4 г*м2*жыл
  2. Азот қосылыстары үшін 1-2г*м2*жыл.

Атмосфералық ауаның сапасының ластануына кешенді бағалау, техногенді процестердің динамикасының талдануы және оларды кері әсерлерінің қысқа мерзімі аралығында немесе ұзақ жылдардан кейін шағын алқаптағы немесе үлкен бір аймақтағы бағалау болып табылады.

Кеңістіктік ерекшеліктерді талдау кезінде және атмосфераның уақытша ластану динамикасының адам денсаулығы мен экожүйеге әсерінің салдарын анықтау үшін картографиялық әдісі (соңғы кездерде-ГИС-салу ) түрлі картографиялық материалдар, соның ішінде аймақтын табиғи ерекшеліктерін ескеретін сипаттаманы (қорықтар және басқа да қорғалатын алқаптар) қолданып жүргізіледі.

Атмосфераның күйін бағалаудың оптималды компоненттерінің интегралды кешенді жүйесі төмендегілерді қамтуы қажет:

  1. Санитарлық-гигениалық тұрғыдан (ШМК) ластану деңгейінің бағалануы .
  2. Атмосфераның ресурстық потенциалының бағалануы (АРП) және АПП).
  3. Белгілі басқа орталарға әсері дәрежесінің бағалануы (топырақ және өсімдіктер, қар, сулар).
  4. Антропогендік әсерлердің табиғи-техникалық жүйеге әсерін интинсивтілігі негізінде ол әсерлердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамы.
  5. Антропогендік әсердің кеңестік және уақыттық ықтимал кері әсердің көлемін анықтау.

 Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, атмосфераға әсерді негізден бағалау үшін мемлекеттік экологиялық сараптау жүргізу үшін мыналарды қарастыруды ұсынады.

  1. Атмосфералық ауадағы зиянды заттардың таралуын анықтайтын әдістердің сипаттамасы мен коэффициенттері.
  2. Ластағыш заттардың парметірлері, қондырғылар толық істеп тұрған кездегі ластағыш заттардың сапалық және мөлшерлік көрсеткіштері.
  3. Ластағыштар мөлшерінің азайтылуы туралы істелетін жұмыстардың негіздемелері (технологиялық процесті жетілдіру, газ сорғыш, сіңіргіштердің сапасын жақсарту және т.б.)
  4. Бір кезектегі үлкен мөлшердегі шығарылу сипаты.
  5. Жиынтық (суммалық) зиянды әсер етеін заттар және заттар тобының тізімі.
  6. Шекті мөлшердегі шығарылу нормативін енгізу туралы ұсыныс.
  7. Озық ғылыми-техникалық дәрежедегі технологияларды қолдану арқылы атмосфераға шығарлатын ластағыштар мөлшерін азайтудың қосымша жолдарын іздестіру.
  8. Атмосфералық ауаны ластағыштар мен жобаланып отырған объектінің ықтимал ластағыштарына сипаттама (тиісті есептеулері мен болжауларына талдау жасау).
  9. Қабылданған санитарлық нормалардың негіздемелері.
  10. Технологиялық режимді сақтамаудың немесе табиғи апаттар нәтижесіндегі ықтимал қауіптің нәтижелерін болжау тізімі.
  11. Болуы мүмкін апаттардың көлемі және оның салдарын жоюдың шаралары.
  12. Аномальды ыңғайсыз метеорологиялық жағдайлардағы атмосфераға шығарлатын ластағыштардың мөлшерінің шектеп тыс тарамауын реттейтін, қадағалайтын істер.
  13. Атмосфералық ауаның ластанбауын қадағалау жұмыстары.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Бродский А.К. жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы: Ғлым, 1998.
  2. Жумадалиева С., Баешов А., ЖарменовА. Қоршаған орта химиясы. Алматы,1998.
  3. Баимбетов Н.С. Правовые основы экологической экспертизы в РК. Алматы: Қазақ университеті, 2001.
  4. Сағынбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1995.
  5. Руководства по оценке воздействия промышленности на окружающую среду и природаохранные критерии при размещении предприятий:Программа ООН по окружающей среде. Новосибирск:ГПГБ СО АН СССР, 1989.
«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!