Атмосфера, Биосфера, Гидросфера және Литосфера туралы реферат

ЖОСПАР
Кiрiспе
Атмосфера қабаты
Биосфера қабаты
Гидросфера қабаты
Литосфера қабаты
Пайдаланған әдебиеттер
Кiрiспе

Адамзат қоғамы табиғаттың бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста болған күнде ғана тіршілік ете алады. Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бірі — ауа. Өйткені барлық тірі организмдер атмосфералық ауамен тыныс алады. Адам тамақсыз бес жетіге, сусыз бес күнге, ал ауасыз бес минутқа ғана шыдай алады екен. Егер адам тәулігіне 4—5 литрдей су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23—24 л ауа жұтады.

Дем алатын оттегінің қалай пайда болғаны туралы толық ғылыми деректер шамалы. Дегенмен оттегі бөлетін жасыл өсімдіктер жер бетінде бұдан 550—570 миллион жыл бұрын пайда болған. Бұл өсімдіктер құрлыққа тез тарап, фотосинтез процесі арқылы оттегі бөліп шығарады. Жалпы хайуанаттар тыныс алғанда оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл газын бөледі. Бір заттың маңызын жете көрсету үшін халық “Ауадай өте қажет” дейді. Ендеше тірі организмдердің тіршілігі ауасыз мүмкін емес.

Атмосфера қабаты

Жерді айнала қоршап тұрған газды қабат — атмосфера  деп аталды. Ол гректің “atmos” ауа және “sphaira” — шар деген сөзінен шыққан.

Атмосферара адам, жануарлар және өсімдіктер дем алатын ауа ғана емес, сонымен бірге оған жер шарын қоршаған газды қабаты да жатады. Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді. Ауа – әр түрлі газдардың қоспасы. Оның құрамы, негізінен, азот пен оттегінен тұрады. Бұл газдар су мен жер қыртысында да бар.

Жердің бетінен алыстаған сайын тропосфера қабатына температурасы әр шақырымда 6°С-ға төмендеп отырады. Одан әрі 18—20 километрлік биіктікте температуаның төмендеуі тоқтап—60—70°С көлемінде болып тұрады. Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза деп атайды. Келесі стратосфера қабаты жердің бетінен 20—50 км биіктікте. Ауаның қалған бөлігі осы қабатта. Мұнда жердің бетінен әр километрге биіктеген сайын температура 1-2°С-ға жоғарылайды; 50—55 км биіктіктегі стратопаузада температура 0°С-ра жетеді. Одан әрі мезасфера қабаты 55-80 км биiктiкте  орналасқан. Бұл қабатта да жерден әр километрге алыстаған сайын температура 2-30С ге гөмендейді. Ал 80 километр биіктік мезопаузада температура —75—90°С жетедһ Қазіргі деректерге қараганда, атмосфера жер бетінен 1500—2000 км биіктікке дейін жайылған, әйтсе де жер серіктерінің және ракеталардың көмегімен жүргізілген бақылауларра карағанда, атмосфеғаның кейбір белгі-лері жерден 10-20 мың км биіктікке дейін болатындыры анықталып отыр.

Ең негізгі маңызды қорғаныш қабаты — озон. Ол атмосфераның жоғарғы кабатында (20—50 км) күн радиациясы әсерінен түзілетін бір түрі. Озон жерден 25 километр қашықтықта ең көп мөлшерде пайда болады. Ол атмосфераны тек 2-4 миллиметр қалыңдықпен қоршайды. Осы аз мөлшердегі қабық жер бетіндегі барлық тіршілікті космостық сәулелердің зиянды әсерлерінен толық сактап отырады, ол ультракүлгін сәулелерді өзіне сіңіріп калып, жер бетіне тек шамалы мөлшерін ғана жібереді. Сондықтан оның жануарлар мен адамдарға пайдасы өте зор.

Атмосфера жердегі ауа райын белгілі бір калыпта реттеп отырады. Атмосфера болмаса, тәулік ішінде жер бетінің температурасы шамамен 200 градусқа құбылып турған болар еді (күндіз 100° шамасында ыстық болса, түнде —100 градусқа дейін суықтық болар еді).

Көпке дейін адамдар ауаның салмағы барын білмей келді. Тек XVI ғасырда ғана оның салмағы барлығы дәлелденді. Егерде бір текшеметр құрғақ ауаны теңіз деңгейіне сәйкес, 0° температурада өлшейтін болсақ, оның салмағы 1293 грамға тең болар еді. Сонда жер бетінің әрбір шаршы сантиметріне ауа шамамен 1 кг күшпен әсер етеді (дәлірек айтқанда 1033 г.) Осы айтылған әсердің мөшерін түсіну үшін мынадай бір құбылысты еске түсірсек жеткілікті, адамның алақанына ауа шамамен І50 кг күшпен әсер етеді, ал адамның барлық денесіне әсері 15 тоннадан асады екен. Ауада болып жатқан түрлі құбылыстар жердің күннен алған сәуле энергиясының әсерінен жүріп жатады. Күн сәулесінің әсерінен ең алдымен жердің беті және мұхиттар жылынады, соның нәтижесінде ауаның төменгі қабаты жылиды да жоғарылаған сайын оның температурасы төмендей береді (орта есеппен әрбір 100 метрге 0,6 градус төмендейді).

Күн сәулесі қуатының әсерінен мүхит пен теңіздерден, өзен мен көлдерден тағы басқа су қоймаларынан су буға айналып отырады. Міне, осы ылғалдылықты жер шарына таратуда атмосфералық ауаның атқаратын ролі зор. Күн сәулесі қуатының арқасында бу күйінде ауара көтерілген суды атмосфера жер шарының белгілі бір аудандарына жеткізіп, жаңбыр немесе қар күйінде жерге түсуін қамтамасыз ететін транспорт қызметін атқарады.

Биосфера

Биосфераның  негізгі биологиялық қасиеттерінің бірі – кеңістік тұрғысынан біркелкі болмауы. Биосфераның кеңістік бойынша жетілуі өте ұзақ және күрделі биогеохимиялық үрдістердің нәтижесі. Биосферадағы неше түрлі жіктелудің көрінісі – экожүйелер, биогеценоздар және жасанды, табиғи ланшафтар.

Экожүйе система ішіндегі түрлердің көп түрлілігі мен зат айналымын түзейтін энергия ағымы мен қамтамасыз ететін берілген учаскідегі барлық организмдерді бірлестікті белгілеу үшін пайданылады. Бұл терминді ғылымға А.Тэнсли енгізген еді.

Экожүйелердің негізгі биологиялық қасиеттерінің бірі – олардың әр түрлі деңгейде болуы. Ең жоғарғы ұйымдасқан деңгейі – биосфера мен ноосфера, қарапайым экожүйелер биосфераның ғылыми тұрғысынан біркелкі болып келеді. Әсіресе, ондағы өсімдік бірлестіктері жануарлар бірлестіктері физикалық, химиялық және биологиялық жағдайлары, сонымен бірге тұрақты энергия ағымы мен зат алмасулары бір тұтас жүйе ішінде әрекет етеді.

Экожүйенің құрамына тірі организмдердің үлкен тобы кіреді. Олар экологиялық, бірлестіктер құрайды. Өмір сүретін ортаның құрамы біргей, бірыңғай бөлігі – экотоп(эkos – грекше үй, топос –жер бөлім, орын) енеді.

ГИДРОСФЕРА

Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы

Гидросфера және оныңңүрамдас бөліктері. Гидросфера — Жер шарының су кабығы, ол ғаламшардағы химияның косылыска түспеген табиғи судың барлығьн (сүйык, қатты жөне бу түрівдегі) қамтиды. Гидросфераны жөне оның қүрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымды гидрология деп атайды. Гидрология зерттеу объектісіне қарай екі салаға: Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктерін зерттейтін мухиттану мен құрлыстағы суларды зерттейтін құрлық гидрологиясына жіктеледі.

Гидросфераның жалпы көлемі, шамамен, 1,4 млрд км3. Бұл орасан мол су массасынын тек 2,5%-ы гана түщы су, калған 97,5%-ын Дүниежүзілік мұхит пен құрлыктағы ащы сулар құрайды. Түщы сулардың басым бөлігі мұздықтарда шоғырланған. Гидросфераның күрамдас бөліктері мен олардағы су келемі 1-кестеде көрсетілген.

Гидросфераның құрамдас бөліктері жөне олардағы су көлемі

Гидросфераның құрамдас бөліктеріСу көлемі, км3
Дүниежүзілік мұхит1 370 000 000
Жер асты сулары60 000 000
Топырак ылғалы82 000
Мұздыктар24 000 000
Көлдер230 000
Өзендер1 200
Атмосферадагы су14 000
Барлығы1 454 327 200

Гидросферадагы судың жалпы салмаіы 1,5х1018 т, бұл Жер шары салмаіынын 1/4180 бөлігі болып табылады. Жер шары Күн жүйесіндегі ең «сулы» ғаламшар болып табылады, оның бетінің 71%-ын Дүниежүзілік мұхит алып жатыр. Ғаламшардың өрбір түрғынына шақканда 250 млн т судан келеді.

Судың ңасиеттері. Су — Жер шарындағы ең көп таралған айрыкша зат, химиялык қүрамы жөнінен сутек оксиді (Н2О) болып табылады. Оның өзіне төн касиеттері бар, бұл касиеттерінің географияльщ кабықта жүретін процестер үшін маңызы зор.

Біріншіден, су калыпты жағдайдьщ өзінде үш бірдей күйде бола алады. Судың бір күйден екінші күйге ауысуы үшін белгілі бір мөлшерде жылу жүмсалады (булану, қар мен мүздың еруі) немесе бөлінш шығады (конденсаңия, судың қатуы).Мысалы, 1 г суды буландыру үшін жүмсалатын жылу 1 г мүзды ерітуге кажет жылудан 7 еседей артык болады.

Екіншіден, басқа заттармен салыстырғанда су каткан кезде көлемін ұлғайтады. Таза су қалыпты қысым жағдайында +100°С-та кайнап, О°С-та қататынын білесіядер. Су +4°С шамасывда ең жоғары тығыздықка ие болады; бұдан төмен температурада, керісінше тығыздығы біртіндеп кеміп, көлемі ұлғая бастайды. Қатқан мезетте судың көлемі күрт артып, бастапқы сұйык күйіндегі көлемінен 10%-ға жуык ұлғаяды. Табиғатта судың мұндай өзгерістерге түсуінің өзіндік маңызы бар. Су айдындарының бетін жапкан мұз судың төменгі қабаттарының одан өрі салқындауына жол бермейді. Өйткені су катқан сайын тығыз бола берсе, су айдындары түбінен бастап катар еді. Мұндай орасан мол мұз жаз кезінде еріп үлгермес еді, мүның өзі коршаған ортаға, судағы тіршілікке кері әсерін тигізген болар еді.

Үшіншіден, су еріткіш болғандықтан табиғатта таза күйінде болмайды, яғни оның күрамьшда еріген күйде азды-көпті бөгде заттар кездеседі. Суда тұздардың шоғырлану мөлшері, яғни тұздылыгы өркелкі болады. Судың тұздылығын бір литрдегі грамм есебімен (г/л), пайыз (%) және промилле (%о) есебімен өлшейді. Тұздылығы өр түрлі сулардың қату жөне ең жоғары тығыздык, байқалатын температуралары да айырмашылық жасайды (2-кестені караңдар).

2-кесте

Су тұздылығының оныц басқа қасиеттеріне өсері

 (Н.П.Неклюкова бойынша)

Тұздылык, °/оо0510152024,7303540
Қату темпе

ратурасы,°С

0-0,3-0,5-0,8-1,1-1,33-1,6-1,9-2,2
Ең жогары тьныздык байкалатын температура, °С42,91,90,80,3-1,33-2,5-3,5-4,5

Өздерің кестеден көріл отырғандай, судың тұздылығы артқан сайын, кату температурасы төмендей береді. Сол себепті тұздылығы жоғары болатын терең көлдердің небір қатты аяздарда да қата қоюы қиын. Ал мұхит жағдайында беткі тұзды су қату барысында біртіндеп тығыздығы артып, төменге батады. Осының нәтижесінде мұхиттың неғүрлым төмен қабаттарына оттек жеткізіліп, ондағы тіршілікті камтамасыз етеді.

Төртіншіден, су баяу жылынып, баяу суынады. Бұл судың жылу сыйым-дылыгының өте жоғары болуымен түсіндіріледі. Судың жылу сыйымдылығы күмға карағанда 5 есе, темірмен салыстырғанда 10 есе жоғары. Ал судың ауамен салыстырғандағы жылу сыйымдылығы 3 мың есе жоғары. Яғни 1 см3 суды 1°-қа салқындату барысында 3 000 см3 ауаны 1°-ка жылытуға жетерлік жылу белінеді. Дүниежүзілік мұхиттың ғаламшарымыздағы алып жылу жинақтағыш ретіндегі рөлі судың осы маңызды қасиетімен түсіндіріледі. Тіпті кішігірім су айдынының маңында айрықша жүмсак климаттың орнайтындығы да осыған байланысты.

Судың касиеттері кысым мен температураға байланысты күшті өзгереді. Егер қысымы 1 атм. таза су 0° шамасында катса, 600 атм. жағдайында -5°С температурада катады. Бұл заңдылык негізінде тығыздығы 20 670 атм.-ға жеткен су +76°С температурада қатуы тиіс. Сонымен, біз елестете алмайтын күйдегі мұз, яғни ыстық мұз жоғарыда аталған қысым байкалатын Жер қойнауында кездесуі мүмкін. Температура өте төмен (-170°С), ал кысым аз болған жағдайда өте тығыз мүз калыптасады, оның тығыздығы 2,32 г/см2-ге жетуі мүмкін (бұл тығыздықты басқа қатты заттардың тығыздығымен салыстырып көріңдер). Кристалдык құрылымы жоқ мұндай мұздар Күн жүйесіндегі суық ғаламшарда кездеседі.

Судың аталған ғажайып қасиеттері Жер шарында тіршіліктщ пайда болып? Дамуына және сақталауына  жағдай жасалы. Касиеттеріне байланысты: географиялық кабықта жүріп жаткан процестердің барлығына бірдей қатысып, маңызды рөл атқарады.

Табиғаттағы су айналымы, оның маңызы. Судың Күн энергиясы мен ауырлык күіпі әсерінен гидросфера, атмосфера, литосфера жөне тіршілік д үниесін камтитьш үздіксізайналымьш Дуниежузілік ылгал айналымы. немесе су айналымы деп атайды.

Күн жылуы өсерінен теңіздер мен мұхиттардың, күрлыктың бетінен (өзен-көлдермен қатар, топырак пен өсімдіктер де буландырады) буланған су атмосфераға белініп шығады. Су айналымында ауа ағындарының маңызы зор, өйткені ауа массалары мұхит үстінен буланған ылғалды шалғай жатқан күрлыққа әкеліп жеткізеді. Жаңбыр күйінде жер бетіне кайта түскен судың басым бөлігі су айдындарын толықтырып, біразы топыракка сіңеді. Топырақ ылғалын сіндрген өсімдіктер оның артықбөлігін қайтадан бу күйінде атмосфераға бөліп шығарады. Қүрлық өзендері өз суын теңіздер мен мұхиттарға жеткізіп, буланған судың орнын толтыруға өз үлесін қосады. Ал теңіздер мен мұхиттардан кайта буланған су атмосферага түсіп, айналым түйықталады.

Дегенмен соңғы жылдардағы зерттеулер су айналымының түйык емес екендігін дөлелдеп отыр. Өйткені атмосфераның жоғары кабатына көтерілген су буы Күн сөулесінің өсерінен оттек пен сутек иондарына ыдырап, ғарыш кеңістігіне өтіп кетеді. Ал жаңартау атқылаулары барысында жердің ішкі койнауынан келетін су (шамамен, жылына 130 млн т) гидросфераны толықтырып отырады. Тіпті осы сулар есебінен гидросфераның көлемі үлғайып келеді деген де болжам бар, өйткені мантиядағы су мөлшері 20 млрд км3 (гидросфера көлемінен 15 есе артык) деп шамалануда.

Судың барлық табиғат құрамбөліктерін (компонент) қамтитын айналымы көптеген миллион жылдар бойы тоқтаусыз жүруде. Жыл ішінде гидросфера-ның мардымсыз бөлігі ғана айналымға түседі. Су айналымының нөтижесінде мүздык сулары толығымен «жаңаруы» үшін 8 мың жыл, мұхит суына 3 мыңдай жыл кажет болса, ағынсыз көлдер үшін, шамамен, бұл процеске 300 жылдай ғана уақыт керек. Өзен сулары, шамамен, өрбір 12 күн, ал атмосферадағы су өрбір 9 күн сайын алмасып түрады. 

Литосфера

Жердің ішкі құрылысы. Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады. Өйткені зерттеу барысында жер қыртысының бар болғаны 15 км-ге дейінгі тереңдікте ғана бұрғыланып (Қола түбегіндегі ұңғыма), оны құрайтын жыныстардың нақты үлгілері алынған. Жердің бұдан тереңде жатқан бөліктері, оны құрайтын жыныстардың құрамы мен қасиеттері жайлы түсінік, негізінен, жер сілкіну кезінде пайда болатын толқындардың қозғалу жылдамдығын, арнайы геофизикалық және сейсмикалық барлау нәтижелерін саралау мен талдау негізінде қалыптасады.

Жердін ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5 — 10 км, материктерде 35 — 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.

Кейбір ғылыми болжамдар бойынша, материктердегі жер қыртысының болғандығы 250 км-ге дейін жетуі мүмкін. Жердің келесі қабаты—мантия (грекше тапtіоп — жамылғы) 2900 км-ге дейінгі тереңдікте орналасқан. Ол жер қыртысынан жұқа Мохоровичич қабаты арқылы бөлініп жатыр, оны 1909 жылы Югославиялық сейсмолог А.Мохоровичич анықтаған. Бұл қабатта тығыздық 2,9-дан 3,5 т/м3-ге дейін жоғарылап, ал сейсмикалық толқындардың өту жылдамдығы 6,7-ден 8,2 км/с-қа дейін күрт артады. Мантия Жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының 67%-ын кұрайды.

Мантия тығыздығы — 4,5 т/м3, температурасы 220°С болатын жогарғы манпшяга және тығыздығы — 5,7 т/м3, температурасы 3600°С-қа жететін төменгі мантияға жіктеледі. 900 км-ге дейін созылып жатқан жоғарғы мантияның 250—300 км терендігінде қаттылығы мен беріктігі төмендеу, тұтқыр қабат орналасқан, оны астеносфера деп атайды. Астеносфераны құрайтын жыныстар онша тығыз емес, тұтқыр әрі майысқақ болып келеді сол себепті жер қыртысында болатын қозғалыстарды және магматизм мен метаморфизм құбылыстарын күшейтеді. Астеносферадан жоғары орналасқан жоғарғы мантия мен жер қыртысы литосфераны құрайды. Литосфера қабығы жекелеген литосфералық тақталар жиынтығынан құралатыны сендерге мәлім. Олар неміс геофизигі А.Вегенердің литосфералық тақталар теориясына сәйкес, үнемі қозғалыста болады; бұл қозғалыс астеносфераның тұтқыр бетіңде сырғу нәтижесінде жүзеге асады. Мантияның 900-ден 2900 км-ге дейінгі аралығын төменгі мантия алып жатыр. Температураның өте жоғары болғанына қарамастан, жоғары қысымның әсерінен мантия заттары (магма) иленген тұтқыр күйде болады.

Мантиядан төмендегі, 2900-ден 6370 км аралығында орналасқан Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Құрылымы жағынан ядро бірін-бірі көмкере орналасқан екі бөліктен тұрады. Сұйық металдардың (темір, никель және т.б.) қоспасынан тұратын, 2900-ден 5000 км-ге дейінгі аралықты алып жатқан сыртқы ядро бір-шама қозғалмалы болып келеді. Оның тығыздығы орташа есеппен 10 — 15 т/м3, температурасы 4000°С шамасында болады. Ал ішкі ядрода температура күрт жоғарылап, 6000°С-ка жетеді, тығыздығы 15 — 20 т/м3-ге артады. Күшті жер сілкінулер нәтижесінде Жердің ішкі өзегі арқылы өтетін сейсмикалық толқындардың таралу сипатын зерттеген америкалық геофизиктер Р.Кохе мен Л.Штихруде ішкі ядроның біртұтас қатты темір шар екендігі туралы болжам жасады. Электрөткізгіштігі жоғары болатын темір, температураның күрт айырмашылығы әсерінен сыртқы ядроны да жылдам айналымға түсіреді. Соның нәтижесінде құйынды магнит өрісі пайда болады. Бұл магниттік өріс Жер шары шеңберінен шығып, ғарыш кеңістігіне де таралады, тіпті Күннен келетін зарядталған бөлшектерді кері тебеді.

Құрамы мең қасиеттері түрліше болатын Жер қабаттарының жіктелуі — бастапқы «салқын» заттың ұзақ геологиялық уақыт аралығында біртіндеп күшті қызуы мен балқуы нәтижесінде жүрді. Яғни неғұрлым ауыр элементтер (темір, никель және т.б.) төмен шөгіп, ядроны құрады, ал салыстырмалы түрде жеңіл элементтер (кремний, алюминий) қалқып шығып, жер қыртысын түзді. Балқу нәтижесінде бөлініп шыққан газдар мен су булары атмосфера мен гидросфераның негізін құрады.

Тау жыныстары және минералдар. Жер қыртысын кұрайтын әр түрлі агрегаттың күндегі минералдар жиынтығының тұрақты құрамын тау жыныстары деп атайды. Табиғатта минералдардың 3000-нан астам түрі белгілі. Әсіресе кең тарағандары — силикаттар, тотықтар мен сулы тотықтар, сульфидтер, фосфаттар және карбонаттар (олардың қалай түзілетінін химия пәні бойынша естеріңе түсіріңдер). Шығу тегі мен қалыптасу жағдайларына байланысты магмалық, шөгінді және метаморфтық тау жыныстарына ажыратылады. Магмалық тау жыныстары магманың мантиядан жарықтар арқылы жоғары көтеріліп, қатуынан пайда болады. Оның жер қыртысының белгілі бір тереңдігінде қалың қойған бөлігі интрузивтік жыныстарды, ал лава түрінде жер бетіне шыққан, құрамындағы бу мен газдан ажыраған бөлігі эффузивті жыныстарды түзеді.

Интрузивті жыныстарға гранит, габбро жатады. Жер қыртысындағы жарықтар бойымен қатқан интрузивті жыныстар түзілу ерекшелшне байланысты түрліше пішінге ие болады. Пішіні күмбез тәрізді болып келетін интрузивті жыныстардың ауданы 200 км2-ден асатын ірі түзінділерін батолиттер, ал неғұрлым шағындарын лакколиттер деп атайды. Беткі жыныстардың біртіңдеп үгілуі мен шайылуы нәтижесіяде жаланаштанған интрузивті түзінділер таңға-жайып мүсіндерге айналады. Осындай айрықша табиғат ескерткішінің бірі — Қырым түбегіндегі Аю-Даг батолиті.

Эффузивті жыныстарды кейде жанартаулық жыныстар деп те атайды. Олардың қатарына: базальт, жанартаулық туфтар мен шынылар, пемза жатады. Магмалық тау жыныстары жер қыртысының 60%-ға жуығын құрайды. Металл кен орындарының көпшілігі магмалық жыныстармен байланысты қалыптасқан. Ресей жеріндегі темірдің аса ірі кен орны—Курск Магнит Аномалиясы магмалық жолмен пайда болған. Сол сиякты, алтын мен алмас желілері де магмалық жыныстардың өнуімен байланысты таралады.

Тау жыныстарының екінші бір үлкен тобын шөгінді жыныстар құрайды. Олар жер қыртысы массасының 10%-ға жуығын құрап, жер бетінің 75%-ын жауып жатыр. Қалыптасқан орнына қарай оларды: континенттік және теңіздік деп беледі. Шөгінді жыныстар физикалық (механикалык), химиялық және биологиялық үгілу нәтижесінде пайда болады. Шөгінді жыныстардың ең көп таралғандары — сазды (50%), құмды және карбонатты жыныстар (45%). Жер шарындағы пайдалы қазбалардың 3/4 бөлігінің қалыптасуы шөгінді жыныстармен байланысты. Мұнай, табиғи газ, минералды тұздардың кен орындары шөгінді жыныстар таралған аудандарға ғана тән. Сол сияқты, темір, марганец, алюминий кендері, шашыранды күйіндегі алтын, платина және алмаста үгілу нәтижесінде шөгінді жыныстар арасында жинақталады.

Жоғары температуралар мен қысым әсерінен магмалық және шегінді жыныстардың минералдық құрамы мен құрылымы елеулі өзгеріске түсіп, олардан метаморфтық жыныстар қалыптасады. Метаморфизм деп аталатьш бұл процесс нәтижесінде минералдардың кристалдық торы түгелдей қайта құрылады: гранит қайта кристалданып—гнейске, құмтас — кварцитке, әктас немесе доломит — мәрмәрға айналады. Сондай-ақ өздеріңе таныс тас көмір де ағаш сүрегінің метаморфтық процесс нәтижесінде өзгеруінен пайда болады. Бұл тау жыныстарының түзілуі көптеген бағалы және сирек кездесетін металл кеңдерінің, алтын, уран, графиттің, құрылыс материалдарының, әсіресе асыл тастардың кен орындарының пайда болуына негіз болады. Ресей жеріндегі Орал тауында метаморфтық жыныстармен байланысты түзілген минералдар кеңінен таралған.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. С.Қаженбаев, С.Махмутов “Табиғат қорғау”. Алматы, “Ана тiлi” 1992, 141-б.
  2. Қазақ энциклопедиясы. Том I.
  3. А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы “Ғылым”, 1998 ж.
  4. Б.Шайкенов Табиғат – ел байлығы. “Қайнар” баспасы. Алматы, 1979. 204 б.
«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!