Ас қорыту мүшесі туралы реферат

Ас қорту мүшелеріне түскен тағам физиологиялық және химиялық өндеуден өтіп нәрсе заттар ана ғұрлым қарапайым заттарға қортылады, қанға сіңеді.

  Ақуыз қуысы. Ас қорыту жолынан басталатын мүше. Ауыз қуысында тағамның сапасы анықталып, біршама химиялық, механикалық өңдеуден өтеді. Ауыз қуысы ауыз кіре берісінен және меншікті ауыз қуысынан тұрады.

  Сілекей бездері Өзектері ауыз қуысынан ашылатын көптеген бездер ішіндегі ең ірісі – құлақ, маңы төменгі жақ асты және тіл астылары. Олардың сөлін сілекей сөлі деп атайды. Сілекей бездерінің сөлінің құрамы әлсіз. Сілтілі сұйықтық. Оның құрамында амилазалық, лальтаза ферменттері, бейорганикалық тұздар. Ақуыз және муцин болады. Тәулігіне 1,5 л сілекей бөлінеді.

  Жұтқыншақ ауыз қуысы мен өңешті жалғайтын түтікше, ас қорыту жолыныңбір бөлігі. Оның ұзындығы 12-15 см. Жұтқыншақ жоғарыда бас сүйегінің негізіне бекіген. Төменгі ҮІ-ҮІІІ мойын омыртқаларының аралығында орналасқан.

Жұтқыншақтың атқаратын қызметі:

  1. Ауаны мұрын қуысынан көмекейге өткізеді.
  2. Жұтыну уақытында тағамды ауыз қуысынан өңешке өткізеді.

Өңеш — ұзындығы 25-30 см алдынан артына қарай бағытталып қасынған бұлшық етті түтік. Ол мойын аймағынан басталып, кеуде қуысына өтеді. Одан көкет арқылы іш қуысына өтеді.Х-ХІ кеуде омыртқаларының тұсында асқазанмен жалғасады. Орналасуына қарай өңеш үш бөліктен тұрады.

  1. Мойын бөлігі. 2. Кеуде бөлігі. 3. Іш бөлігі.

Асқазан ас қорыту жолының кеңейген бөлігі, асты сақтайды, қорытады, және асты қорыту үшін сөлін бөліп шығарады. Асқазан іш қуысының жоғарысында көкет пен бауырдың астында орналасқан.

Асқазан бездерінің үш түрі бар.

  1. Кордиал. 2. Меншікті кардиал. 3. Тилорик бездер.

Асқазан сөлінің құрамында фермент липаза, пепсин бар. Ересек адамдар тәулігіне 2,0 -2,5 –е дейін асқазан сөлі бөлінеді. Асқазан сөлі түссіз, тұнық, қышқылды сұйықтық. Асқазан сөлінің 99,4 % су, оның қатты бөлігі органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады.

Бауыр денедегі ең үлкен без. Салмағы 1,5 – 2,0 кг бауыр іш қуысының жоғарысында, үлкен бөлігі оң жақта, кіші бөлігі сол жақта, көкеттің астында орналасқан.

Өт қуығы Бауырдың төменгі бетінде, оң жақтан ұзын сойда орналасқан. Өттің түсі сары алтын түстес, сілті реакциялы. Оның құрамында өт қышқылдары, өт пигменттері холестерін және басқа заттар бар. Тәулігіне 500 — 1200 мл өт бөлінеді.

Ұйқы безі аралас қызмет атқаратын без. Оның экзакриндік қызметі тәулігіне 12 елі ішек 2 литрдей сөл бөледі. Сөлінің құрамында ақуызды көмір суды, майды қорытатын ферменттер болады. Ұйқы безі ішкі қуысының артқы жағында, асқазанның артында І-ІІ бел омыртқаларының тұсында орналасқан. Бездің ұзындығы 12-15 см салмағы 70-80 г. Ұйқы безінің сөлі түссіз, тұнық, сілті реакциялы сұйықтық, құрамында ақуызды, майды, көмір суды қорытатын ферменттер бар. Ұйқы безі сөлінің бөлінуі жүйке жүйесі және гуморалдық жолмен реттеледі.

Жіңішке ішек.

Асқазанның пиоерекбөлімінен басталады. Олқызметті жағынан ас қоырту жүйесінде ең маңызды орын алады. Жіңішке ішекте тағам өттің және ұйқы безі сөлінің жерінен қорытылып, қан мен линфаға сіңіріледі. Жіңішке ішек кіндіктің айналасында, асқазан ши көлденең тоқ ішектің астында орналасқан. Ұзындығы 2,2 – 4,5 м.

Он екі елі ішек, ұятабар жіңішке ішектің ең қысқа бөлігі, асқазанның пилорик бөлігінен басталып, ащы ішекпенжалғасады, ұзындығы 21 см жіңішке ішектің сөлі 12 елі ішектің қабырғасында орналасқан, бездер бөліп шығарады. Тәулігіне ішектің 2-3 л сөлі бөлінеді. Ішек сөлі түссіз, лайлы сұйықтық, өзіне тән иісі бар, ішек сөлінде 22 артық фермент бар.

Тоқ ішек ас қорыту жолының соңғы бөлігі, жіңішке ішектің тікелей жалғасы, ұзындығы 1,5 – 2 м. Тоқ ішек – соқыр ішек жоғары көтерілуші, көлденең төмен бағытталған, қима тәрізді тік ішек болып бөлінеді.

Соқыр ішек Тоқ ішектің басталатын жері. Шек оң жақтағы мықын шұңқырында. Ұзындығы 6 см.

Тік ішек Ас қорыту жолының соңғы бөлігі. Ол кіші астауда орналасқан, соңғы анал және артқы түтік