Арыс-теміржолшылар қаласы

ЖОСПАР

І КІРІСПЕ

  1. АРЫСТЫҚТАРҒА АРЫСТАР ӨНЕГЕСІ ТӘН

1.1 АЛҒЫСӨЗ НЕМЕСЕ КГТАПҚА КІРІСПЕ

ІІНЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕНДЕ

2.2 АРЫС-ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ҚАЛАСЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

АРЫС ВОКЗАЛЫ

Осынау атаның жырын, ананың әлдиін ұрпақтан ұрпаққа аманаттып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан Обласаның батысында, ұзіндіғі Шымкенттен Қызылдың Құмына дейінгі, ені Қаратаудан Сарыағашқа дейінгі құс қанаты талатын байтақ атапты кезінде Арыс ауданы бауырына басып жатқанын екінің бірі, әсіресе жастар жағы біле бермейді. Тқос дария – Арыс пен Сыр ананың тел емген қабырғалы қалың тағдыры қазақ деген көне де жаңа жұрттың тағдыры мен қамшы таспасындай өзектес.

Арыстықтар ежелден қалыптасып бүгінге жалғасқан және ертеңге ұласатын ата-бабалар мен аға үрпақтың елдік, еңбек және ерлік дәстүрлеріне адалдық таныта отырып, мақтана да біледі.

Арыстықтар ұлтымыз үшін қасиетті де киелі. «Арыс» атты кұтты мекенде өмір сүргендерін, өмір сүріп жатқандарын және жақын-алыс болашақтарда да өмір сүре беретіндерін мақтаныш етеді.

Арыс стансасы, Арыс темір жол торабы, Арыс қаласы, Арыс ауданы, Арыс өзені, Арыс елі…

Арыстықтар «Ұлтымыз барыс болсын десек, ұл-қызымыз арыс болсын» деп мақалдайды.

Арыс елі қашаннан — намыстың елі.

Арыстықтар еліміз тәуелсіздігін алған алғашқы күндерден өзінің төл тарихын түгелдеуге кірісті. Бұл бағытта көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Ең алдымен қалалық мұрағат пен қалалық мұражай кұрылып, олардың тарихымызға қатысты материалдар жинақтауына жағдай жасалды. Оның алғашқы қарлығаштары-Арыс қаласы әкімшілігінің демеушілігімен Алматы қаласындағы «Мұраттас» ғылыміл-зерттеу және баға орталығы шығарған «Арыс өңірінің тарихы» (авторы Мәдіахмет Аяпүлы) кітабы мен Арыс қаласының қырық бес жылдығына арналған «Арыс-Орталық Азия қақпасы» атты түрлі-түсті суретті кітапша (авторы Әбдімәлік Ағыбай) болды. Екеуі де 2001 жылы жарық көрді.

Кітаптың алғашқы тарауында Арыс өңірінің, мұның ішінде Арыс ауданының тарихына қысқаша шолу жасағанды мақұл көріп отырмыз. Тарихи деректерге қарағанда, Арыс өңірінде, мұның ішінде Арыс ауданы аумағында патшалық Ресей өкіметінің «Далалық ереже» (1881 жыл) Заңына сәйкес бірнеше болыстық болғаны белгілі

Шымкент уезінде 21 болыстық құрылды. 1930 жылы құрылған Арыс ауданының құрамында Арыс, Бадам, Шаян, Боралдай, Сарыкөл, Темірлан, тағы да басқа бір қатар болыстықтардың жері түгелдей немесе ішінара енді.

Арыс ауданы /бұрынғы Сырдария округі/ Арыс ауданының, Қараспан ауданының 1929 жылғы шекаралары, Шаян ауданының 11 ауылдық Советі мен Арыс жұмысшы поселкесі шекаралары көлемінде 1928 жылы құрылды. Халықтың тығыздығы жағынан 1 шаршы шақырымға 5,3 адамнан келді. Аудан Баттыс Еуропаның кішігірім бірер мемлекеті сиятындай байтақ аумақты алып жатты.

Бүкіл Одақтық атқару комитетінің 1932 жылдың 10 наурыздағы қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы құрылып, Арыс ауданы осы облыстың құрамына енді. Осы жылы 11 наурызда Арысқа жұмысшы поселкесі мәртебесі берілді.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылдың 10 қарашасындағы Жарлығымен Арыс облыстық бағыныстағы қала атанды.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1988 жылдың 25 шілдесіндегі Жарлығымен Арыс қаласы мен Бөген ауданы біріктіріліп, Арыс ауданы аталды. Орталығы Арыс қаласы болды.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1989 жылдың 13 қазандағы Жарлығымен Бөген ауданы Арыс қаласынан бөлінді. Қалалық селолық аумағы құрылып, оған Ақдала, Задария, Монтайтас, Тақыркөл (қазіргі Байырқұм) ауылдық округтері енді. 1994 жылдың 5 қаңтарында Дермене, Жиделі ауылдық округтері қүрылды.

Аудан мен қала тарихын кезең-кезеңімен сөз еткенімізде еліміздің жарқын болашағы үшін маңдайының терін, жүрегінің канын төккен қарапайым азаматтар мен ел тізпнін ұстаған ел ағаларының еңбегі мен ерлігі кейінгі ұрпаққа, көбірек үлгі етуді басшылыққа алғанымызды да қадап айтқымыз келеді.

Сонымен, Арыс ауданының бірнші басшыларының аты-жөні оқырман назарьша сала кеткіміз келеді Олар Арыс ауданының бірінші хатшылары Бекен Жаңабаең  /1930-1931/, Сұлтанғалиев /1931, шілде/, Ералин /І933/, Жиенбаев /1937, Горяинов /1938/, Әбдіманап Тілеулиев /1942/, Мырзахан Шораев /1947/, Қосмәмбетов /1949/, Ақшалов /1950/, Иван Трофимович Пупашенко /1951-1955/, Бейсенғали Таңатаров /1955-1957/, Александр Андреевич Просалупов /1957-1959/, Александр Акимович Десятников /1959-1963/, Александр Леонтьевич Борданов / 1962-1963/, Әбжапар Жылқышиев /1962/, Анатолий Иванович Исаев /1963-1965/, еңбекшілер депутаттары, аудандық кеңесі атқару комитеттерінің төрағалары: Қаныбек Патсаев /1956-1958/, Әріпхан Байқоңыров /1958-1960/, Құралбек Жұмжаев /1962-1963/; Арыс поселкелік және қалалық атқару комитеттерінің төрағалары: Әбдікерім Ақмырзаев, Қайтпас Жарасбаев /1932-1940/, Қаьар Ибрагимов /1944-1957/, Жаппар Жұмабаев /1957-1961/, Гүлазия Садыққызы Алтынбекова /1961-1963/, Валентина Никифоровна Шелухина /1963-1966/; Қалалық партия комитетінің бірінші хатшылары мен қала әкімдері: Всеволод Фадеевич Троян /1966-1971/, Георгий Тимофеевич Филиппенко /1971-1980/, Михайл Кириллович Анищенко /1982-1985/, Анатолий Николаевич Агарков /1985-1987/, Виктор Ильич Гришин /1987-1988/, Қуаныш Айтаханов /1988-1993/, Әлімжан Қүртаев /1993-1999/, Шаймерден Сатымбеков /1999-2004/, Пернехен Салықбаев 2004 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінге дейін.

Арыс—қасиетті ұғым, Арыс—кене түркі сөзі. Биіктік пен тереңдікті, тазалық пен тектілікті, кеңдік пен алыптықты, мәрттік пен жомарттықты, ұлылық пен кішілікті білдіреді.

Қазіргі таңда Арыс қаласы облыс пен республикада ауыл аймағы бар санаулы қалалардың бірі болып отыр. Жер көлемі 634095 гектарды алып жатыр. Халқы 64,180 адамды құрайды. Мұның 38,033 қалада, 26,177 ауылдатұрады. Қаланың үлттық құрамы: қазақтар-88,4 пайыз, орыстар -5,7, татарлар-1,2, қалғаны-басқа ұлт өкілдері.

Шаруашылық нысандары: барлығы-520. Құрылыс-32, өнеркәсіп-14, көлік және байланыс-23, энергетика-8, сауда-118, банк филиалдары, басқалары-322. Мұның ішінде мемлекеттік кэсіпорын-11, ЖШС-228, ӨК-141, АҚ-12, басқалары-128.

Кәсіпкерлік нысандар: барлығы-1838. Мұның ішінде занды тұлғалар-492, жеке тұлғалар -1343.

Білім беру нысандары: мектеп-39, колледж-1, кэсіптік мектеп-1, балалар саз мектебі-1, мектеп жасына дейінгі мекемелер-3, мұның ішінде жеке меншік-1.

Денсаулық сақтау нысандары: аурухана-9, емхана-2, ФАП-21, отбасылық емхана72, өндірістік кооператив-2, жедел-жәрдем стансасы-1, тіс емханасы-1.

Мәдениет және спорт нысандары: мәдениет үйі, клуб-5, кітапхана-14, стадион-1, спорт мектебі-1, бокс мектебі-1.

2005 жылы қала бюджеті 914 млн 070 мың теңге, мұның ішінде жергілікті бюджет кірісі—343 млн 370 мың теңге, субвенция-570 млн 700 мың теңге.

Өнеркәсіп өнімдері орта мерзімді жоспар бойынша 1 млрд 428 млн теңгені құрады.

Тарихты халық жасайды. Өткенсіз бүгін жоқ.

Арыс өңірі туралы сөз қозғағанда оның тарихы тереңде жатқанын, біздің эрамызға дейінгі VI-1II ғасырларға, тіпті одан да әріге жетелейтінін айтқан жөн. Өңір тарихы Ұлы Дала тарихының ажырағысыз бір бөлшегі, алтынның сынығы іспетті. Шындығында, Шығыс пен Батысты жалғастырған Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан өлкеміздің тарихи ескерткіштерге бай, мәдениеті мен тұрмысы жоғары, экономикасы сан салалы дамыған (әрине, өз заманына сәйкес) өңір екенін археологиялық зерттеулер дэлелдеп отыр. Ақсу тауынан басталып Сырдария өзеніне құятын, жалпы ұзындығы 378 километрге созылған Арыс өзенінің аңғарында жэне Сырдарияның орта ағысында Оғыз, Қыпшақ, Қаңлы, Дулат, Найман, Қоңырат, тағы да басқа ірі-ірі тайпалар бір-бірімен аралас-құралас ғұмыр кешіп, мал шаруашылығымен қатар диқаншылықпен, қолөнермен, сауда-саттықпен шұғылданғаны белгілі.

Арыс өңірінде әр түрлі құрылымдағы 3 мыңнан аса қорғандар тобы бар.

Арыс-Түркістан каналының бойынан ерте ашель дәуіріне жататын тұрақтар, Арыс каласынан 10-12 км.жерде Тасқотан, Бесқотан, Байтоғай сияқты тас дәуірінің ескерткіштері табылып, бұл өңірде алғашқы адамдардың өмір сүргені дәлелденді.

Арыс өңірінде біздің заманымыздың II-VII ғасырында бой көтерген ондаған қалашықтар мен қалалар археологиялық жэне архитектуралық ескерткіш ретінде ежелгі тарихымыздан ерекше орын алады. Солардың бірі, әрі бірегейі-Байырқұм (Байыркент) калашығы. Сырдарияның сол жағалауындағы бұл қалашық тік төрт бұрышты төбеге ұқсас. Биіктігі-2,5 метр, диаметрі-300-400 метр. Төбенің сыртқы жағында мұнаралардың биіктігі 1,5-2 метр, ені 16-18 метр, олардың ізі сақталған.

1466 жылы Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей сұлтандар болды. Жәнібек «Әз-Жәнібек» деген атпен тарихымызға енді. XVI ғасырда Яссы / Түркістан/ қаласы Қазақ хандығының астанасына айналды. Қазақ даласында бүтін билікке Абылай хан (1711-1781) жетті. Бұл орайда, атағы жер жарған Әмір Темірдің де, Абылай ханның да Арыс өңірінде қайтыс болғанын айта кеткен жөн.

Арыс өңіріндегі аты жоқ Ордабасы тауында үш кеменгер би-Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, кіші жұздің ханы Әбілхайыр хан, дара боз батырлар түпкілікті мәмлеге келіп, қалың елді ұлт-азаттық шайқасына көтерді.

Рухы күшті елдің еңсесі де биік.

Арыс өңірінде, оның ішінде қазіргі Арыс ауданының аумағында қасиетті де киелі орындар көптеп кездеседі. Бұл, әрине, тегін емес. Мұсылман дүниесінің рухани Астанасы Түркістан, Отырардағы Арыстанбаб пен киелі Қазығүрт, сансыз бабты Сайрам аралығындағы бұл өңір халқы ежелден ақ тілі мен дініне қылау түсірмей, әруақтары мен әулиелерін қасиеттеп келеді.

Арыстықтар өз ортасынан жеке тұлғалардың көптеп шыққаннан және шығып жатқаннан нақ осы имандылықпен байланыстырады.

Ең көне, ең қасиетті әулиелердің бірі-Жекеншайық әулие.

Арыс еңірінің жаңа тарихы Орынбор — Ташкент темір жолы құрылысының салынып, пайдалануға берілуі кезеңімен тұспа-тұс басталады. Сайын даланы қақжарып өткен темір жолдың Қазақстан мен Орта Азия үшін әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси ықпалы, сөз жоқ, орасан зор болды. XIX ғасырдың соңында Арыс өзенінің төменгі ағысынан үш шақырымдай жерде Арыс стансасының қазығы кағылып, оның құрылыс жүмыстары қызу басталып жүре берді. Алғашқы кезде құрылысқа үрейлене, үрке қараған жергілікті тұрғындар-казақтар темір жолға бірте-бірте бауыр басып, оның күн көріс үшін болашағының мол екенін ұғына бастады. Ең бастысы, темір жол бойында аштық болмайтынын түсінді. Алғашқы паровоз Арысқа 1904 жылдың 15 қаңтарында келіпті.

1900-1906 жылдары Арыс стансасының аумағы едәуір ұлғайып, өнеркәсіп ғимараттары мен тұрғын үйлер көптеп салынды. Арыс Әкімшілік-басқару opнықты құрылды. Оның құрамына вокзал, темір жол әкімшілік үйі, аурухана, дәріхана ғимараттары, теміржолшылардың қызметтік тұрғын үйлері кірді.

1915 жылдан Арыста паровоз депосы, пактауз, тағы басқа көптеген өндірістік нысандар мен тұрғын үй казармалары салынған.

Арыс стансасы мен теміржолшылар поселкесі алғашқы күндерден-ақ, теміржолшылардың ғана емес, жалпы Арыс өңірінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени орталығы болды.

Осы жылғы мәлімет бойынша аумағы жағынан ауданның жер көлемі 1851,0 мың гектар немесе 18510 шаршы шақырым. Мұнда барлығы 90960 адам, мұның ішінде колхоздарда 66606 адам тұрды. 85785 адам ауылды, 5175 адам қаланы мекендеді, Ал, түрғындардың 92,1 пайызы қазақтар, 7,7 пайызы европалықтар, 0,2 пайызы орталық азиялықтар болды. Аудан халқы негізінен егіншілік және мал шаруашылығымен шұғылданды. Барлық егін алқабы 49079 гектар, мұның ішінде дәнді дақыл 30906 гектар (62%), мұның ішінде колхоздарда 27362 гектар (88%) құрады. Сондай-ақ, 177 гектарға мақта, 4486 гектарға жоңышқа, 167 гектарға бау-бақша, 802 гектарға темекі, 50 гектарға күнбағыс, 30 гектарға картоп және 254 гектарға әртүрлі дақылдар егілді. Мал шаруашылығына келетін болсақ, ауданда барлығы 428898 мал, мұның ішінде колхоздарда 24901 жылқы, 20785 ірі қара, 11070 түйе, 348855 уақ мал болды. Әр үйге шаққанда 4,2 ірі қара және 16 уақ мал келді. Егін және мал шаруашылығымен 99 колхоз айналысты. Коллективтендіру көрсеткіші 61,9 пайыз құрады. Бадам МТС-і колхозшылардың 21600 гектар жерін өндеуге кол жеткізді.

Ауданда бұл жылы 691 адам кәсіпкерлікпен шұғылданды. Олар жалпы 1509982 сомның өнімін өндірді. Сауда, халық ағарту, денсаулық сақтау салалары да дамыды. Барлығы 50 сауда нүктесі, мұның ішінде 3 мемлекеттік, 47 кооперативтік сауда нүктесі; 18 қазақ, 8 европалық, 2 аралас мектеп, бір балалар үйі жұмыс істеді. Арыс стансасында 2 аурухана, Темірланда 1 аурухана, ірі елді мекендерде дәрігерлік амбулаториялар мен медпунктер тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті.

1933 жылғы мәлімет бойынша Арыс аудандық партия ұйымында 32 партиялық ұя, 1 кандидаттық топ болды. Оның ішінде 20 ұя мен 1 кандидаттық топ колхоздарда, 3 партия ұясы совхоздарда құрылған еді. Барлық партия ұйымдарында 504 ВКП (б) мүшесі, оның ішінде 224 мүше және 280 кандидат есепте тұрды. Бұл кезеңде әлеуметтік саланы дамытуға жете көңіл бөлінді. Телефон байланысы (2 колхозға, 8 селолык Советке, 2 МТС пен 3 совхозға жеткізілді. 10 колхозға, елді мекендерге радио желісі тартылып, 1712 радио нүктесі жүмыс істеді. Халыққа 25 клуб, 10 қызыл отау, 12 қызыл бүрыш, 6 жылжымалы киноқондырғы, 32 кітапхана, 12 тұрақты клуб мәдени қызмет көрсетілді.

Бұл кезенде Арыс темір жол торабындағы станса, паровоз және вагон деполары, белгі беру және байланыс дистансасы, тағы да басқаларында жүк айналымының артуына байланысты техникалық жарақтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Стансадағы бұрыннан жұмыс істеп тұрған 9 темір жол табанына қосымша тағы да 5 темір жол салыды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Арыстың атақ-абыройы, мәртебе-мерейі өзіне лайықты екені, арыстықтардың жарқын болашаққа арнаған жасампаздыққа толы еңбегінің ылғи да жемісті екені әрбіріміздің кеудемізде мақтаныш сезімін туғызады. Арыстықтардың аға ұрпақтың елдік, еңбек және ерлік дәстүрлеріне адалдығы тәуелсіздік жылдары ішінде алға адым басқан сайын анық аңғарылады. Мұның жарқын дәлелі қаламыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің еселеп артып, халқымыздың тұрмысы мен әл-ауқатының жақсара түскені бола алады. Бұл орайда, каламыздың 2005 жылдың және 2006 жылдың алғашқы жартысынын әлеуметтік-экономикалық даму барысына және таяу жылдардағы алар асуларына аз да болса тоқтала кеткен жөн. Мұның өзіндік себебі де жоқ емес.

Әкімдердің есеп беру жиналыстарында тұрғындардың тарапынан 2005 жылы 114 ұсыныс, өтініш-тілек айтылса, 2006 жылы небәрі 24 ұсыныс, өтініш-тілек айтылды.

2005 жылдың қорытындысы бойынша, мемлекеттік бюджеттің кірісі 697 млн. 305 мыңтеңге, яғни 106,4 пайызға. ал жергілікті бюджеттің кірісі 347 млн. 158 мың теңге, яғни 101 пайызға орындалды. 2004 жылмен салыстырғанда 102 пайызға немесе 5 млн. 800 мың теңгеге артты. Бюджетке берешек қарыздар 2004 жылға карағанда 6 млн. 994 мың теңге, мұның ішінде жергілікті бюджет бойынша 1 млн. 144 мын теңгеге кеміді.

Қазіргі таңда белгіленген экономикалық-әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету инвестициясыз мүмкін емес. Бұл бағыттағы белсенді қызмет те өз нәтижесін беріп отыр. Былтыр 2004 жылға қарағанда 156 млн. 964 мың теңгенің өнімі артық шығарылып, бұл көрсеткіш 1 млрд. 436 мынтеңгені құрады. Ал, өткен жылы инвестиция көлемі 1 млрд- 613 мың теңгеге өсті. Бұл 2004 жылғыдан 883 млн. теңгеге артық.

Шағын және орта бизнесті дамытуға, орташа тапты калыптастыруға бірінші кезекте мән берілігі отыр. 2005 жылы кәсіпкерлікс убъектілер 157-ге көбейіп, 1836-қажетті.Олардың 1965-і тұрақты жұмыс істеуде. Бұл салада 6728 адам жұмыс істеп жүр. Кәсіпкерлер 1 млрд. 807 млн. теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті. Бұл 2004 жылға қарағанда 103 пайызға артық. Бұл жылы кәсіпкерлікті колдау мен дамытуға 163 млн. теңге, мұның ішінде екінші деңгейдегі банктен 81 млн. теңге несие берілді. Жалпы, кәсіпкерлер мен тұрғындар несиесі 839,5 млн. теңгені құрап отыр. Инвестиция тарту мен несие беруді өз дәрежесінде жүргізу нәтижесінде ашылған жаңа кәсіпорындарда 303 адам жұмысқа орналасты. Бұл ретте барлығы 668 адамның тұрақты жұмыс тапқанын, ал, 449 адамның қоғамдық жұмысқа тартылған.

Арыс ауылдық аймағы бар қала болғандықтан, атқарушы органдар бұл мәселеге айрықша назар аударуда. Ауылдың экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту.

Ауыл жылдарында арыстықтарға республикалық, облыстық және қалалық бюджеттен, инвесторлардан барлығы 429,6 млн. теңге, мұның ішінде 2005 жылы 236 млн. теңге қолдау көрсетілді. Көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын-терімді ойдағыдай өткізу үшін аудан бойынша 40 млн. 800 мың теңге несие және жеңілдікпен 3747 тонна, ал өткен жылы 1401 тонна жанар-жағар май босатылды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2 млрд. 518 мың теңгеге жеткенін айта кеткен орынды.

Ауыл — ұлтымыздың алтын бесігі. Ауыл байымай тұрмыс оңалмақ емес. Сондықтан ауылға нақты бетбұрыс бүгін де қажет, ертең де қажет. Оның әлеуметтік жағдайы әркімді-ақ ойландыруы тиіс. 2005 жылы Арыс-Шағыр-Монтайтас бағытында 12,6 шақырымға асфальт төселді, 8,7 шақырымға тас төгілді. 44 метрлік көпір салынып, 8 автобус аялдамасы, 10 адамдық 8 павилон салынды. Монтайтас, Теміржолшы, Орман шаруашылығы елді мекендеріне телефон байланысы орнатылды. Ал, биыл Дерменеде 124, Задарияда 416, Жиделіде 170 нөмірлік сандық АТС іске қосылып, ауылдағы 25 мыңға жуық түрғындарға сапалы қызмет көрсетуде.

Сондай-ақ, Байырқұм, Жиделі, Дермене ауылдарында су жүйелері мен каналдарды жөндеуге 39 млн. теңге қаржы жүмсалды.

Атап айтатын болсақ, ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша облыста 10-шы орыннан 2003 жылы 3 орынға, ал биыл екінші орынға шықтық. Бұл, сөз жоқ үлкен жеңіс. Мектептен тыс және мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметі де бұрынғы жылдарға карағанда айтарлықтай жандана түсті.

Қалада 50 төсектік туберкулез диспансері ғимараты салынуда.

Мәдениет пен спорттағы табыстар да қуантады.

Арыстықтар туған қаласын және елді мекендерді абаттандыруға, көріктендіріп-көгалдандыруға белсене қатысатын болды.

Арыс теміржолшылар қаласы болғандықтан тұрғындардың 70 пайызына жуығының өмірі осы салаға байланысты.

Қазақстан Теміржолы Ұлттық Компаниясы акционерлік қоғамы қаламыздағы қасиетті орындардың бірегейі «Батырлар алаңын» абаттандыруға 30 млн. қаржы жұмсады. Сондай-ақ, бұл жұмыстарға ведомствалық бағыныштылығына қарамастан барлық еңбек ұжымдары және кәсіпкерлер тартылып отыр. Қаланың 50 жылдығына «50 игілікті іс» қозғалысы барынша қанат жая түсті. Мектеп оқушылары мен жұмысшы жастар «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша нақты іс-шараларды жүзеге асыруда.

Нарықтық экономика мен демократияға негізделген кәсіпқой мемлекеттің іргетасын қалауда мемлекеттік қызметкерлерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Олар кез-келген істе басқаларға барлық жағынан үлгі болуы тиіс.

Қоғамның қарышты дамып, әлеуметтік сала мен экономиканың барынша нығаюына көбіне-көп атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметіне тәуелді екенін жасыруға болмайды.

Арыстықтар да «Ел межесі-елулік» ұранымен жұмыс істеп, алдағы шептен көрінуді мақсат етіп oтыр.

Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығы, Республикамыздың Тәуелсіздігінің 15 жылдығы және Арыс қаласының құрылуының 50 жылдығы — әрбір арыстықтың жігерін жанып, жаңа еңбек жеңістеріне бастауда.

Бұл жылы қала бюджетінің кіріс бөлігі 1 млрд. 15 млн. 135 мың теңгені құрайды. Яғни, 2005 жылғыдан 256 млн. теңге көбейеді.

Бұл жылы өнеркәсіп өнімдері көлемі 1.535,7 млн. теңгеге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2570, 0 млн. теңгеге жеткізілді. Яғни, 2005 жылға қарағандатиісінше 6,9 және 18 пайызға артық.

Бұл жылы инвестиция көлемі 1. 903,8 млн теңгені құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 290,4 млн. теңгеге өседі.

Бұл жылы Арыс қаласы түгелдей дерлік табиғи «Көгілдір отынды» тұлынуға көше бастайды.

Бұл жылы атқарылар жұмыстар аукымы аса зор. Арыстықтардың атқарушы органдардың басшылығымен, саяси-қоғамдық ұйымдардың асқаралы міндеттерді абыроймен орындайтынына ешқандай күмән жоқ.

Арыстықтар туған қаласын таяу болашақтағы, 10-15 жылдан кейінгі келбетін көзге былайша елестетеді:

-Арыс өнеркәсібі барынша дамыған агроиндустриялы қалаға айналады.

-Арыс терминалдары көк тіреген мұнайлы қалаға айналады.

-Арыс өзенінің екі жағын тең алып жатқан, жағажайларында қалың қөпшілік демалып жатқан шырайлы қалаға айналады.

-Арыс электровоздары арқыраған, түні күндіздей жарқыраған қалаға айналады;

-Арыс, бір сөзбен айтсақ, Барыс қалаға айналады.