Арал теңізі – Қазақстанның інжу – маржаны

Арал теңізі – Қазақстанның інжу – маржаны, шөл белдеміндегі бірден – бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км 2, тереңдігі – 30 – 60 метр, тұздылығы – 10 – 12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50 – 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік – экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алында. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрыңғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5 , Түрікменстанда 2,4 , Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960 – 1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970 – 1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері – антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды.

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары боыйнша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Аралға 1960 – 1965 жылдар арасында 44 мың  мсу құйылса, бұл көрсеткіш 1974 – 1978 жылдары 13 мың  м3 , ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның суайдыны 30 – 2000 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын – соңды болмаған көрсткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10 -15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 миллион тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен Арал апатына себеп болған факторларға:

  • жергілікті жердің тарихи – табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
  • табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негіздлмеуі болып табылады.

Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар:

1_ Сібір өзендерін Қазақстанға жіберу;

2_ Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту;

3_Арал теңізін жартылай сақтап қалу;

4_Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу;

5_Жер асты суларын пайдалану;

6_ Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда.

« Арал тағдыры – адам тағдыры » болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі боды.

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқтатылып, соңғы 1 – 2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбіндегі көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13 – 20 миллион тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы 60 – 70 % -ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдеуінің табиғи ландшафттарын бірте – бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүиелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт – дәстүріне, экономикалық – әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

Қазір Арал өңірінде адамдардың деенсаулығы күрт өзгеріп кетті. Бұл өңірде соңғы кезде туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе – тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс – тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналуы, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі – жиі пікірталастар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, тағы басқа мемлекеттер. Атмосфераның ластануымен салыстырғанда су жүйелерінің ластануы үлкен қауіп төндіреді, оның себебі: ауадан гөрі сулы ортада өздігінен тазалану, яғни регенерация процесі өте баяу жүреді; су қоймаларын ластайтын көздердің қатары да көбейе түседі. Оның мысалы ретінде Қазақстанның кейбір ірі су ресурстары көздерін – Арал мен Балхаш көлдерінің жағдайын келіруге болады.

Қазіргі кезде Қазақстандағы экологиялық ауыр апат зардаптарының салдарынан Арал теңізі жағалаудан 100 шақырымның үстінде шегініп кеткені белгілі. Осыған байланысты теңіз табанында көлемі 2 миллион гектардан астам Аққұм атты кеңістік пайда болды. Сол маңнан әр жыл сайын 75 миллион тонна тұзды дауыл көтеріп әкетіп Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар тағы басқа облыстардың жеріне таратуда. Арал теңізінің тұздары соңғы жылдары Түркияның шай плантациясына елеулі зиян келтіруде. Америка ғалымдары Арал тұздарының Солтүстік мұзды мұхитқа жеткенін жазып жатыр. Енді оның зардабы Сібірдің ну орманына, Үндістан мен Пәкістанның және басқа да елдерінің әсем табиғатына зиянды әсерін тигізетіні туралы ғылыми болжамдар айтылуда. Балқаш көлі республика экономикасы мен экологиясына орасан зор зиян келтіруде. Балқаш көлі жыл бойына тек Іле өзенімен ғана 23 мың тонна жеңіл органикалық заттектермен, 8 мың тоннадай минералды азотпен,  5 мың тонна фтормен, 2 мың тонна темірмен, 1,5 мың тонна броммен, 70 тонна минералды фосформен, 60 тонна пропанамидпен, 3,4 тонна дихлороанилинмен, тағы басқа улы заттектермен ластанады. Мұнымен қоса Балқаш көліне металлургия комбинаты су шайындыларын, улы заттектердің қоспасын жіберуде. Осылайша екінші Аралды қолдан жасап алуымыз да мүмкін.

Су объектілерін ластанудан қорғайтын шаралар:

  • сусыз және суды аз мөлшерде қолданатын технологияларды және сумен жабдықтаудың тұйық айналуын;
  • тиімсіз сыраптанып жұмсалатын су көлемін жаңа технологияларды ендіру арқылы азайтуды;
  • табиғи көздерден алынатын сулардың ластануын төмендетуді немесе болдырмауды;
  • ақаба суларды тазалауды жатқызуға болады.

Қазақстанның су қорғау кодексі бойынша су объектілерін экологиялық талаптарға сәйкестендіріп ұстау үшін, жер бетіндегі суларды ластанудан, былғанудан және азаюдан сақтап қалу мақсатында, сонымен қатар жануарлар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасын сақтау үшін су қорғау белдемі белгленеді.

Су қорғау белдемі деп арнайы пайдалану мен табиғи ресурстарды қорғау және басқа да шаруашылық іс – әрекеттерді жүргізу тәртібі белгіленген акваторияға жанасқан жерді жатқызады. Көл, өзен бұлақтардың айналасында белгіленген қорғаныс алқабында тыйым салынады:

  • жерді жыртуға;
  • авиаиялық – химиялық жұмыстарды жүргізуге;
  • пестицидтерді, дефолианттарды, басқа да улы химиялық заттектерді қолдануға;
  • тыңайтқыш ретінде мал шаруашылығы кешендерінің сұйық ағындысын пайдалануға;
  • мал шаруашылығының тұрақты және фермаларын құруға;
  • орманды кесу мен ағаштарды тамырымен жоюға;
  • улы химиялық заттектердің, минералды тыңайтқыштардың, жанар май, әртүрлі өндірістердің қалдықтарын сақтайтын қоймаларды орналастынуға.

Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық – коммуналдақ құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт – фабрикалардың салыну қажеттігін тудырады.

Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстан да жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері 6 миллиард 3 деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі – оңтүстік астана атанған Алматы қаласы. Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәденикт ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылған тұрмыстық – коммуналдық суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жиналып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.

Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жйнақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып – жарып, Қапшағай суқоймасына қарай ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын. Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбұлақ  суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті. Суды азайтатын каналдар қалыпты жұмыс істемейді. Осының салдарынан Сорбұлақ су айдыны 60 км артып, ұзындығы – 15 км, ені – 8 км, тереңдігі – 18 метрге тереңдеп, жинақталған судың көлемі – 1 миллиард метр 3  – ге жетіп отыр.

Жасанды көлдің жиегін бұзып кету қаупі күн өткен сайын өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша Сорбұлақ апаты болған жағдайда Іле, Балхаш алабы бұрын – соңды болмаған апатқа ұшырап, 50000 тұрғыны бар Балхаш өңірі зардап шеккен. Іле бойындағы гидромелиорациялық станциялар, елді мекендер, егіс алқаптары мен өзен бойындағы тұлғалардың, яғни тоғайлардың ақабы су астында қалу қауіпі төнуде.

Сорбұлақ апаты әкелетін зардаптар қандай болмақ. Сорбұлақ жасанды көлі суының құрамы өте қауіпті. Су құрамында көп мөлшерде улы токсиндер, фенолдар, мұнай өнімдері, нитридтер, ауыр металлдар және тағы басқа да бегісіз зиянды химиялық заттар жинақталған. Зиянды заттардың шекті мөлшері есепке алынбаған. Су құрамындағы химиялық қоспалар тіршілікке өте қауіпті диоксин тәрізді заттарды түзуі мүмкін. Ал диоксинді екінші дүниежүзілік соғыстағы улағыш қару ретінде қолданған. Әрине, Сорбұлақ көлінде судың өздігінен тазалану процессі жүріп жатыр. Бірақ оның тұрақты тазалану механизміне үздіксіз ағып келіп қосылып жатқан лас сулар мүмкіндік бермей отыр.

Тағы бір қауіпті мәселе көлдегі органикалық заттардың есебінен жәндіктердің еркін көбейе түсуі. Нәтижесінде, Сорбұлақ жағалауында құстардың, суындағы балықтардың көбейуі артып отыр. Көлден айналадағы малдареркін су ішеді. Осының бәрі айналып келіп қоректік тізбектер арқылы: өсімдіктер, жәндіктер, жануарлар, құстар, адамдар болып жалғасып, ақырында, адам организміне айықпас дерт әкелуіне кім кепіл?

Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганизмдерді және жылуды енгізетін көзді ластаушы көз деп, ал судың сапалық нормасын бұзатын компоненттерді ластағыш заттар деп атайды.

Су проблемасы қазіргі шақта біраз елдердің экономикалық дамуына тежеуші факторлардың біріне айналып отыр. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 миллард метр3 таз судан айрылуда. Егер жағдай осы бағытта кете беретін болса, ХХІ ғасырдың ішінде негізгі стратегиялық ресурс мұнай емес, таза су болатынына күман жоқ. Қазіргдің өзінде судың жетіспеушіліг этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болып отыр. Индия мен Бангладеш Ганг өзенінің ағымына, Египет, Судан мен Эфиопия елдері Нил өзенінің ағынын басқа жаққа бұру мәселесіне байланысты екі ел арасындағы саясатқа әсері сезіліп келеді. Сондықтан да БҰҰ Ассамблеясы 2003 жылды «Халықаралық таза ауызсу жылы» деп белгіледі.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!