Арал дағдарысының себеп салдары

Арал проблемасы планетаның орасан зор экологиялық апаты ретінде аса өткір сипат алып отыр. Осыны негізге ала отырып, “Арал өңірінде тұратын халықтың өмір сүру жағдайын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы” 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қаулысымен Арал аймағының Қазақстан бөлігі экологиялық қасірет аймағы деп жарияланған болатын.

Айналадағы табиғи ортаның тез арада шөл далаға айналуы және оның құлдырауының қалпына келмейтіндей тұрақты процесі, тіршілік жағдайының нашарлауы, аурудың көбеюі экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықты әлеуметтік қорғау шараларын заң жүзінде шешіп, құқықтық жағынан реттеуді талап ететін жаңа әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуал туғызды.

Осы Заң Арал экологиялық апаты салдарынан зардап шеккен азаматтардың қорғалуын қамтамасыз етуге тиіс және олардың статусын, аумақтардың топталуын айқындайды, әлеуметтік оңалту шараларына мұқтаж адамдарға өтем мен жеңілдіктер белгілейді, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, тұрақты тіршілік жағдайын қамтамасыз ету, халықты экологиялық таза тамақ өнімдерімен, медицина құралдарымен, ауыз сумен басым жабдықтау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жүйесін қалыптастыруға принципті көзқарастарды баянды етеді.

Заң Арал өңірінің әлеуметтік проблемаларын шешу жөніндегі шараларды жүзеге асырудың негізгі амалын белгілейді.

Қалыптасқан экологиялық қолайсыз жағдайдың ауыртпалық дәрежесін, айналадағы табиғи ортаның шөл далаға айналуы мен ластануының адам денсаулығына әсерін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының тұжырымдамасы негізінде Арал өңіріндегі экологиялық қасірет аумағы:

экологиялық апат;

экологиялық дағдарыс;

экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтар болып бөлінеді.

21 ғасырдың басында адамзат оның тұрақты дамуына кедергі келтіретін, олардың бірі Арал теңізі бассейнінің дағдарысы болып табылатын күрделі экологиялық мәселелерге тап болды.

Арал дағдарысының арты Орталық Азия тұрғындарының өмір сүру сапасына кері әсерін беруде,әлеуметтік қорғау және таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері өршелене түсті.

Орталық Азия мемлекеттері халықаралық ұйымдармен біріге отырып, үлкен көңіл бөлуде және Арал теңізі бассейнінде экологиялық және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу мен аймақтағы жағдайды жақсарту үшін белгілі бір талпыныстар жасауда.

Арал дағдарысының кері әсерін тоқтату мен болдырмау мақсатында Орталық Азия мемлекеттерінің Басшыларымен 1993 жылы Аралды құтқару халықаралық қоры құрылды.

Аралды құтқару халықаралық қоры құрылғаннан бері Орталық Азия Басшыларымен Арал теңізі бассейнінде экологиялық және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу мен аймақтағы жағдайды жақсарту мақсатында Нукус (1995ж.), Алматы (1997ж.), Ашхабад (1999ж.), Душанбе (2002ж.) Декларациялары қабылданды.

Ғасырдан ғасырға Орталық Азия аймағының халқы дүниежүзілік мәдениеттің дамуына салмақты үлес қосқан. Барлық адамзаттың игілігі болып олардың ғылымдағы, шаруашылық қызметтегі және өнердегі жетістіктері болып табылды. Олар ежелгі уақыттан бері күрделі ирригациялық жүйені және құрылғыларды салуды, шөлді далада көгал жасауды үйренген. Олардың еңбегімен осы күнге дейін қайталанбас сәулет өнерінің үлгілері тұрғызылған. Олардың дарындыларымен математикада, астрономияда, медицинада, инженерлікте негізін қалаушылық жаңа ашылулар орындалды, алайда соңғы уақытта аймақтағы тұрғындар алдында ауыспалы кезеңдегі экологиялық апатпен және тереңдетілген саяси, экономикалық қиындықтармен байланысты маңызды мәселелер тұрды. Арал дағдарысы қоршаған ортаға және табиғи ресурстарды пайдалануға қатысты ойланбай істелінген саясаттың нәтижесі болып табылады. Негізгі себептерінің бірі, ол Әмудария және Сырдария өзендерінен суландыру мақсатына шектен тыс суды шығындау. Бұл Арал теңізінің тартылуына және Орталық Азия аймағы мен көршілес мемлекеттердің экологиясына теңдессіз әсер ету көлеміне әкелді.

Судың тапшылығының өсуі мен оның сапасының төмендеуі, өзімен бірге топырақтың және өсімдік жамылғыларының азуына, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің өзгеруіне, балық өндеу саласының құлдырауына, сонымен қатар суармалы жерлер тиімділігінің төмендеуіне әкеп соқты. Экологиялық жағдайдың күрделенуі Арал теңізі бассейніндегі 35 миллион тұрғынының өмір сүру сапасына, олардың денсаулығына тура және қосалқы кері әсер етеді, шаруашылық қызметін бұзады, осының барлық жиынтығы осы аймақтағы көші-қон процестердің күшейуіне әкелді.

Қазіргі уақытта аймақтық ұйымдар құрылған, нақты істердің жоспары әзірленген. Бұл ерекше Арал теңізі бағдарламасы бойынша халықаралық қолдауларды қарату үшін жаңа жолдар ашты. Ол аталған жоспармен негізделеді және осы аймақтың тұрақты дамуына бағытталған. Су ресурстарына байланысты мәселенің көлемі мен күрделілігі кешенді және көпсалалық көзқарасты, аймақтағы мемлекеттер мен халықаралық қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты дамытуды қажет етеді. Ынтымақтастық үйлесімдігі Дүниежүзілік Банкімен, ПРООН-мен және ЮНЕП-пен жүзеге асырылады. Донорлар мәселелерді шешуге бағытталған Арал теңізі бойынша бағдарламаларға, сонымен бірге Арал дағдарысы салдарын шеттетуге едәуір қолдау көрсетуде.

Сонымен қатар, біз Арал теңізі бассейнін тұрақты дамыту жөнінде халықаралық конвенциясын құру қажет деп санаймыз. Бірлесіп суды пайдалану мен экологиялық стандарттарды біріздендіру және оған байланысты заңнамалар онда басымды орын алуы керек. Осыған сәйкес, біз БҰҰ-ның Агенттігіне, алдымен ПРООН-ға ұқсас Конвенция жобасын әзірлеуге көмек көрсетуіне өтініш білдіреміз.

Біз аймақтық басқармаларға – Арал теңізі бассейнінің мәселелері жөніндегі Мемлекетаралық Кеңеске, оның Атқарушы Комитетіне, Халықаралық Аралды құтқару қорына, оның Атқарушы Дирекциясына жан-жақты көмек көрсететінімізге және сенімімізге дайындығымызды растаймыз. Біз осы аймақтық құрылымдардың болашақта да күшейтілуіне қолдау көрсететінімізге міндеттеме аламыз. Ол үшін:

 Біз осы аймақтық басқармалар қызметін қамтамасыз етуге және олардың мүшелеріне ББҰ-ның өкілдіктерінің қызметкерлерімен бірдей құқықты және иммунитетті беруге байланысты өзіміздің ниеттемелерімізді және қаржылық міндеттемелерімізді растаймыз және тұрақты босатылған Атқарушы Комитетті төрағасының (қазірде жұмыс істейтін өкілеттілік мерзімінің аяқталуы бойынша) болуы қажеттілігі туралы ұсыныспен келісеміз.

Біз Әлеуметтік-экономикалық дамыту, ғылыми-техникалық және Экономикалық Ынтымақтастық (Тұрақты Даму жөніндегі Комиссия) жөніндегі Мемлекетаралық Комиссияның одан әрі дамуының маңыздылығы мен қажеттілігін мойындаймыз.

Арал теңізі бассейнінің мемлекеттерін тұрақты дамыту жөніндегі БҰҰ-ның Халықаралық конференциясында қабылданған.

Біз ағайынды мемлекеттердің Президенттері – Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан және Өзбекстан Республикасы, біздің елдердің тәуелсіздігін және егемендігін нығайтуға, біздің халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге деген қозғалыстағы талабымызбен;
экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық компоненттерінің бірі және Орталық Азия мемлекеттерінің мүдделері мен басымдылықтарын қорғайтын маңызды аспектілерінің бірі болып табылатындығын негізге алып;

Арал теңізі бассейніндегі экологиялық апаттардың мәселелері жаһанды сипатқа ие екендігін және оларды шешу кейінге қалдыруды күттірмейтіндігін назарға ала отырып;

Арал аймағындағы қысылтаяң экологиялық жағдайы табиғи орта мекендеушілеріне мен Арал теңізі бассейнінің ғана миллиондаған тұрғындарының тұрмыс деңгейіне ғана емес, сонымен қатар, біздің планетамыздың басқа да аймақтарына кері әсерін тигізетіндігін ескере отырып;

өзіміздің қоршаған орта жөніндегі БҰҰ-ның Дүниежүзілік бағдарламасы («ХХІ ғасырдың күн тәртібі») ережелерінің жолын ұстанатындығымызды растай және барынша Орталық Азия мемлекеттерін тұрақты дамыту жөніндегі бірыңғай стратегияны әзірлеу мен жүзеге асыру ұмтылысын қолдай отырып;

трансшекаралық су ресурстарын басқаруда халықаралық және мемлекетаралық кең көлемді ынтымақтастық бойынша алдында қабылданған міндеттемелерді мойындай отырып, алып келетін өзара шығындарды әділ және парасатты тұрпатта жүзеге асырылатын экожүйелік көзқарасы болуы керектігін тани отырып;

ядролық қаруды таратпау туралы, Орталық Азия зонасын ядролық қарудан еркіндігін жариялау қажеттілігі туралы Келісімдерге қол қойылған, біздің мемлекеттеріміздің біртұтас пікірімізді білдіре отырып;

Арал теңізі бассейнінің экологиялық дағдарыс салдарын жеңіп шығу үшін бірлесіп іс-әрекет жасауға ұмтылуда ауытқымас мақсаттарға сүйене отырып, 1997 жылғы 28 ақпанда Алматы қаласында өткен кездесуде;
өтініш білдірдік:

1998 жылды – Біріккен Ұлттар Ұйымының қорғау астында Орталық Азия аймағында Қоршаған ортаны қорғау жылы деп жариялансын,
Орталық Азия басқа мемлекеттер аймағымен бірігу үшін ашық, ядросыз зона екендігін жариялау идеясын қолдауға Семей полигонының 50-жылдығы қарсаңында барлық мүдделі мемлекеттерді шақыру.

Арал теңізі бассейінінің, ядролық сынақтардың әсері тиген Семей полигоны аймағындағы және басқа да зоналарда экологиялық жағдайды сауықтыру бойынша, салмақты экономикалық қиындықтарға қарамастан елеулі күш жұмсаудағы Орталық Азия мемлекеттерінің талпынысын атап өту.

Арал проблемасын, Орталық Азияда ядросыз зоналарды және ядролық технологиялар мен шикі заттардың өтуімен күресуді құру қоса, экологиялық қауіпсіздіктің кешенді бағдарламасын әзірлеу қажеттігін мойындау,
Арал теңізі бассейнінде қалыптасқан дағдарыс жағдайына және Арал аймағының мүшкіл тұрғындарына көмек көрсету жөніндегі шараларға маңызды назар аудара отырып, осы аймақта Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі пәрменді шаралар қабылдауға Біріккен Ұлттар Ұйымын және оның мамандандырылған агенттіктерінің назарларын аударуға шақыру,
халықаралық ұйымдарға және институттарға, олардың нақты іс-шаралары мен басқа да аймақтық жобалар бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерінде қажетті көмек көрсетуге дайындығын растау,
халықаралық ұйымдармен бірлесе Арал теңізі бассейнін тұрақты дамыту жөніндегі конвенция жобасын әзірлеуді аяқтау.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!