Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беруұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 Бұйрығы

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2007 жылғы 25 желтоқсан

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 638 бұйрығымен

бекітілген

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгіережесі

  1. Жалпы ережелер
  1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
  2. Жоғары оқу орындарында студенттер контингентін қалыптастыру бюджеттік қаржыландыру мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты (білім беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздері есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Білім беру гранты Қазақстан Республикасының азаматымен бірдей басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкілдеріне, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына беріледі.

Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі – ЖОО) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.

  1. Жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) әзірлеген технология бойынша өткізілетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
  2. ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.

Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектепті бітірушілер, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектепті бітірушілер, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері,сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.

  1. Азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
  2. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитетіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына қабылдау1-қосымшағасәйкес кешенді тестілеудің немесе ҰБТ сертификатындағы балдарға сәйкес жүргізіледі.
  3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды жоғары оқу орындарына медициналық мамандықтардан басқа ақылы негізде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Ұқсас мамандықтарға қабылдау бекітілген тізбеге сәйкес өткізіледі.

Кәсіптік жоғары білімі бар (жоғары) азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

  1. Екі немесе одан көп елдер арасында мемлекетаралық келісімдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс негізінде белгіленген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде шетел тілінде оқытуға қабылдау жоғары оқу орындары оқыту тілінде жүргізетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

  1. Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді.

Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавр және жоғары арнайы білім мамандықтарының тізбесі осы Қабылдаудың үлгі ережесінің2-қосымшасынасәйкес белгіленеді.

  1. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша оқуға қабылдауды ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
  2. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты (бұдан былай – шығармашылық мамандықтары) қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан былай – шығармашылық емтихандар) нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
  3. Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.

Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында ЖОО қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар тек қана бір шығармашылық мамандықты көрсетеді.

6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына өтініштерді қабылдау мерзімін тиісті мемлекеттік органдар белгілейді.

  1. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны – екеу.

Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.

Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны – 25.

Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.

Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

  1. Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсу кезінде өтініштер ЖОО орналасқан жерде қабылданады.
  1. Кешенді тестілеуді өткізу
  1. Кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалы ЖОО) өткізіледі.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін азаматтарға кешенді тестілеу азаматтың таңдаған ЖОО-ға бекітілген базалы ЖОО-да өтеді.

  1. Жергілікті жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөнінде мемлекеттік комиссиялар құрылады (бұдан әрі – мемлекеттік комиссия).

Мемлекеттік комиссия тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды қолданған (ақпараттық материалдар, электронды жазба кітапшалары, калькулятор, ұялы телефон, пейджер және басқа да байланыс құралдары) талапкерлердің тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.

  1. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу қажетті ақыны төлегені туралы түбіртекті (квитанция), 3х4 көлеміндегі екі фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
  2. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.
  3. Кешенді тестілеуге келген талапкер куәлігін (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуі тиіс.
  4. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және 3-қосымшаға сәйкес талапкердің таңдаған мамандығына байланысты пән бойынша өткізіледі.
  5. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.

Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және дүниежүзі тарихы.

  1. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
  2. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.
  3. Тестілеуден кейін өткізілетін жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін бірден дұрыс жауаптар коды ілінеді.
  4. Сертификаттарды алу үшін өткізілген тест нәтижелерін мемлекеттік комиссия тест сынағы өткізілген күні жариялайды.
  5. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейінгі үш күнтізбелік ішінде береді.
  6. Тест сынағының нәтижесімен келіспеген азаматтың апелляцияға өтініш беруге құқы бар.

Апелляциялық комиссия әрбір базалы ЖОО-да құрылады.

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша талас тудыратын сұрақтарды республикалық аппеляциялық комиссия қарайды.

  1. ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.05.06. № 271 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
  1. Жоғары оқу орындарына қабылдау
  1. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары студенттер қатарына қабылдауды 10-25 тамыз аралығында өткізеді.

Азаматтар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатын, 3х4 көлеміндегі 6 суретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарын, сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда) қоса береді.

  1. Мемлекеттік білім беру грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлік алған азаматтар, куәлікте көрсетілген ЖОО-ға қабылдау туралы өтініш береді және ЖОО ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау туралы куәлігі барлар өздері арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған ЖОО-ға қабылданады.

  1. Ақылы оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша 50, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем емес), ал қалған пәндерден ең төмені 4 балдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.

Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша және тілдік бөлімдерге жеке жүргізіледі.

Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдары есепке алына отырып жүргізіледі.

  1. 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына студент қатарына қабылдауды талапкерлердің медициналық, тәндік және психофизиологиялық көрсеткіштерін ескере отырып осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының сертификат балдарына сәйкес қабылдаған шешімімен жүргізіледі.
  2. Меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысанда және белгіленген мерзімде ақпаратты ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейін 10 күннің ішінде қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген тұлғалардың мәліметтерін (А.Т.Ә, мамандығы) береді.
  3. Осы Үлгі ережеде регламенттелмеген мәселелерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары дербес түрде шешеді.

Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 638 бұйрығымен бекітілген

Жоғары білім берудің кәсіптік

оқу бағдарламаларын іске

асыратын білім беру ұйымдарына

оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне

1-қосымша

Күштік және өзге құрылымдарға ведомстволық бағынысты

жоғары оқу орындарының тізбесі

Жоғары оқу орнының атауыОрналасқан жері
1.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлі-

гінің академиясы

Алматы қ.
2.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Қарағанды заң институты

Қарағанды қ.
3.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің АкадемиясыҚостанай қ.
4.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-

нің Құрлықтағы әскерлердің әскери институты

Алматық.
5.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-

нің”Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Я. Бегелдинов атындағы” Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты

Ақтөбе қ.
6.Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнін-

дегі агенттігінің Қаржы полициясы академиясы

Ақмола облысы
7.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Көкшетау техникалық институтыКөкшетау қ.
8.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-

нің Әскери институты

Алматы қ.
9.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Ішкі әскерлердің Әскери институты

Петропавл қ.
10.ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.05.06. № 271 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-

нің Ұлттық қорғаныс университеті

Көкшетау қ.
12.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің АкадемиясыАлматы қ.
13.Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтыАлматы қ.
14.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-

нің Радиоэлектроника мен байланыс әскери-

инженерлік институты

Алматы қ.

Жоғары білім берудің кәсіптік

оқу бағдарламаларын іске

асыратын білім беру ұйымдарына

оқуға қабылдаудың үлгілік

ережелеріне 2-қосымша

Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу

орындарына қабылдау квотасының жоғары арнайы білім

және бакалавриат мамандықтарының тізбесi

КодМамандықтар топтары мен мамандықтар атауы
 Бакалавриат мамандықтары
1. Білім
5В010100Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
5В010200Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
5В010300Педагогика және психология
5В010400Бастапқы әскери дайындық
5В010500Дефектология
5В010600Музыкалық білім
5В010700Бейнелеу өнері және сызу
5В010800Денешынықтыру және спорт
5В010900Математика
5В011000Физика
5В011100Информатика
5В011200Химия
5В011300Биология
5В011400Тарих
5В011500Құқық және экономика негіздері
5В011600География
5В011700Қазақ тілі мен әдебиеті
5В011800Орыс тілі мен әдебиеті
5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі
5В012000Кәсіптік оқыту
5В012100Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
5В012200Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
5В012300Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
2. Гуманитарлықғылымдар
5В020300Тарих
5В020400Мәдениеттану
5В020600Дінтану
5В020800Археология және этнология
3. Өнер
5В040400Дәстүрлі музыка өнері
5В041900Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
4. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес
5В050400Журналистика
5В050500Аймақтану
5В050600Экономика
5В050700Менеджмент
5В050800Есеп және аудит
5В051000Мемлекеттік және жергілікті басқару
5В051100Маркетинг
5В051200Статистика
5В051500Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
5В051900Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
5. Жаратылыстану ғылымдары
5В060100Математика
5В060200Информатика
5В060400Физика
5В060600Химия
5В060700Биология
5В060800Экология
5В060900География
5В061000Гидрология
5В061200Метеорология
6. Техникалықғылымдар және технологиялар
5В070100Биотехнология
5В070300Ақпараттық жүйелер
5В070600Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
5В070800Мұнай газ ісі
5В071100Геодезия және картография
5В071300Көлік, көліктік техника және технологиялар
5B071500Теңіз техникасы мен технологиялар
5В071700Жылу энергетикасы
5В071800Электр энергетикасы
5В071900Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
5В072400Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
5В072500Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
5В072600Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
5В072700Азық–түлік өнімдерінің технологиясы
5В072800Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
5В072900Құрылыс
5В073100Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
5В073200Стандарттау, сертификаттау және метрология
5В073700Пайдалы қазбаларды байыту
5В074500Көлік құрылысы
7. Ауылшаруашылықғылымдары
5В080100Агрономия
5В080200Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
5В080300Аңшылықтану және аң шаруашылығы
5В080400Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
5В080500Су ресурстары және суды пайдалану
5В080600Аграрлық техника және технология
5В080700Орман ресурстары және орман шаруашылығы
5В080800Топырақтану және агрохимия
5В080900Жеміс-көкөніс шаруашылығы
5В081000Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
5В081100Өсімдік қорғау және карантин
5В081200Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
8. Қызмет көрсету
5В090100Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
5В090300Жерге орналастыру
5В090400Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
5В090500Әлеуметтік жұмыс
5В090600Мәдени–тынығу жұмысы
5В090900Логистика (сала бойынша)
5В091000Кітапхана ісі
5В091200Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
9. Әскери іс және қауіпсіздік
5В100100Өрт қауіпсіздігі
10. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
5В110100Мейірбикелік ісі
5В110200Қоғамдық денсаулық сақтау
5В110300Фармация
5В110400Дәрігерлік емдеу ісі
Жоғары арнайы білім мамандықтары
1. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
5B130100Жалпы медицина
5B130200Стоматология
2. Ветеринария
5B120100Ветеринарлық медицина
5B120200Ветеринарлық санитария

Жоғары білім берудің кәсіптік

оқу бағдарламаларын іске

асыратын білім беру ұйымдарына

оқуға қабылдаудың үлгілік

ережелеріне 3-қосымша

ҰБТ және кешенді тестілеу жүргізілетін пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесі

КодМамандықтар топтары мен мамандықтар атауыТаңдау бойынша пәндерБейіндік пән
Бакалавриат мамандықтары
1. Білім
5В010100Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуБиологияМатематика
5В010200Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесіБиологияМатематика
5В010300Педагогика және психологияБиологияБиология
5В010400Бастапқы әскери дайындық2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В010500ДефектологияБиологияБиология
5В010600Музыкалық білім2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В010700Бейнелеу өнері және сызу2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В010800Денешынықтыру және спорт2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В010900МатематикаФизикаМатематика
5В011000ФизикаФизикаФизика
5В011100ИнформатикаФизикаМатематика
5В011200ХимияХимияХимия
5В011300БиологияБиологияБиология
5В011400ТарихДүниежүзі тарихыДүниежүзі тарихы
5В011500Құқық және экономика негіздеріДүниежүзі тарихыДүниежүзі тарихы
5В011600ГеографияГеографияГеография
5В011700Қазақ тілі мен әдебиетіҚазақ әдебиетіҚазақ тілі
5В011800Орыс тілі мен әдебиетіОрыс әдебиетіОрыс тілі
5В011900Шетел тілі: екі шетел тіліШет тіліШет тілі
5В012000Кәсіптік оқытуФизикаМатематика
5В012100Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетіҚазақ әдебиетіҚазақ тілі
5В012200Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиетіОрыс әдебиетіОрыс тілі
5В012300Әлеуметтік педагогика жәнеөзін-өзі тануБиологияБиология
2. Гуманитарлықғылымдар
5В020100ФилософияДүниежүзі тарихыДүниежүзі тарихы
5В020200ХалықаралыққатынастырШет тіліШет тілі
5В020300ТарихДүниежүзі тарихыДүниежүзі тарихы
5В020400МәдениеттануДүниежүзі тарихыҚазақстан тарихы
5В020500ФилологияӘдебиетАна тілі
5В020600ДінтануДүниежүзі тарихыДүниежүзі тарихы
5В020700Аударма ісіШет тіліШет тілі
5В020800Археология және этнологияДүниежүзі тарихыҚазақстан тарихы
5В020900ШығыстануШет тіліШет тілі
5В021000Шетел филологиясыШет тіліШет тілі
5В021100ТеологияДүниежүзі тарихыҚазақстан тарихы
5В021200ТюркологияШет тіліАна тілі
3. Құқық
5В030100ҚұқықтануДүниежүзі тарихыДүниежүзі тарихы
5В030200Халықаралық құқықШет тіліШет тілі
5В030300Құқық қорғау қызметіДүниежүзі тарихыДүниежүзі тарихы
5В030400Кеден ісіДүниежүзі тарихыДүниежүзі тарихы
4. Өнер
5В040100Музыкатану2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В040200Аспаптық орындаушылық2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В040300Вокалдық өнер2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В040400Дәстүрлі музыка өнері2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В040500Дирижерлеу2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В040600Режиссура2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В040700Актерлік өнер2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В040800Эстрада өнері2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В040900Хореография2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В041000Сценография2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В041100Композиция2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В041200Операторлық өнер2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В041300Кескіндеме2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В041400Графика2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В041500Мүсін2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В041600Өнертану2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В041700Сән өнері2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В041900Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғауДүниежүзі тарихыҚазақстан тарихы
5В042000Сәулет2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В042100Дизайн2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В042200Баспа ісіӘдебиетӘдебиет
5В042300Арт-менеджмент2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
5В050100ӘлеуметтануДүниежүзі тарихыҚазақстан тарихы
5В050200СаясаттануДүниежүзі тарихыҚазақстан тарихы
5В050300ПсихологияБиологияБиология
5В050400Журналистика2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В050500АймақтануШет тіліШет тілі
5В050600ЭкономикаГеографияМатематика
5В050700МенеджментГеографияМатематика
5В050800Есеп және аудитГеографияМатематика
5В050900ҚаржыГеографияМатематика
5В051000Мемлекеттік және жергілікті басқаруГеографияМатематика
5В051100МаркетингГеографияМатематика
5В051200СтатистикаГеографияМатематика
5В051300Әлемдік экономикаГеографияМатематика
5В051400Қоғамдық байланысГеографияГеография
5В051500Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалыққамтамасыз етуДүниежүзі тарихыҚазақстан тарихы
5В051900Еңбекті ұйымдастыру және нормалауГеографияМатематика
6. Жаратылыстану ғылымдары
5В060100МатематикаФизикаМатематика
5В060200ИнформатикаФизикаМатематика
5В060300МеханикаФизикаМатематика
5В060400ФизикаФизикаФизика
5В060500Ядролық физикаФизикаФизика
5В060600ХимияХимияХимия
5В060700БиологияБиологияБиология
5В060800ЭкологияБиологияБиология
5В060900ГеографияГеографияГеография
5В061000ГидрологияГеографияМатематика
5В061100АстрономияФизикаФизика
5В061200МетеорологияГеографияМатематика
7. Техникалықғылымдар және технологиялар
5В070100БиотехнологияБиологияБиология
5В070200Автоматтандыру және басқаруФизикаМатематика
5В070300Ақпараттық жүйелерФизикаМатематика
5В070400Есептеу техникасы және бағдарламалыққамтамасыз етуФизикаМатематика
5В070500Математикалық және компьютерлік модельдеуФизикаМатематика
5В070600Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлауФизикаМатематика
5В070700Тау-кен ісіФизикаМатематика
5В070800Мұнай газ ісіФизикаМатематика
5В070900МеталлургияФизикаМатематика
5В071000Материал тану және жаңа материалдар технологиясыФизикаФизика
5В071100Геодезия және картографияГеографияМатематика
5В071200Машина жасауФизикаМатематика
5В071300Көлік, көліктік техника және технологияларФизикаМатематика
5В071400Авиациялық техника және технологияларФизикаФизика
5B071500Теңіз техникасы мен технологияларФизикаМатематика
5В071600Аспап жасауФизикаМатематика
5В071700Жылу энергетикасыФизикаМатематика
5В071800Электр энергетикасыФизикаМатематика
5В071900Радиотехника, электроника және телекоммуникацияларФизикаМатематика
5В072000Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясыХимияХимия
5В072100Органикалық заттардың химиялық технологиясыХимияХимия
5В072200ПолиграфияФизикаФизика
5В072300Техникалық физикаФизикаФизика
5В072400Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)ФизикаФизика
5В072500Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)ФизикаМатематика
5В072600Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуыФизикаФизика
5В072700Азық–түлік өнімдерінің технологиясыХимияХимия
5В072800Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)ХимияХимия
5В072900ҚұрылысФизикаМатематика
5В073000Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіруФизикаМатематика
5В073100Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігіФизикаМатематика
5В073200Стандарттау, сертификаттау және метрологияФизикаМатематика
5В073300Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануыФизикаМатематика
5В073700Пайдалы қазбаларды байытуХимияХимия
5В073800Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясыФизикаМатематика
5B074300Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалануФизикаМатематика
5В074500Көлік құрылысыФизикаМатематика
5В074600Ғарыш техникасы және технологияларыФизикаФизика
5В074800Фармацевтикалықөндіріс технологиясыХимияХимия
8. Ауылшаруашылықғылымдары
5В080100АгрономияБиологияБиология
5В080200Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясыБиологияБиология
5В080300Аңшылықтану және аң шаруашылығыБиологияБиология
5В080400Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулауБиологияБиология
5В080500Су ресурстары және суды пайдалануГеографияГеография
5В080600Аграрлық техника және технологияФизикаФизика
5В080700Орман ресурстары және орман шаруашылығыГеографияГеография
5В080800Топырақтану және агрохимияБиологияБиология
5В080900Жеміс-көкөніс шаруашылығыБиологияБиология
5В081000Жерді мелиорациялау, баптау және қорғауБиологияМатематика
5В081100Өсімдік қорғау және карантинБиологияБиология
5В081200Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз етуФизикаФизика
9. Қызмет көрсету
5В090100Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыруФизикаМатематика
5В090200ТуризмГеографияГеография
5В090300Жерге орналастыруГеографияМатематика
5В090400Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуГеографияГеография
5В090500Әлеуметтік жұмысГеографияГеография
5В090600Мәдени–тынығу жұмысы2-шығармашылық емтихан1-ші шығармашылық емтихан
5В090700КадастрГеографияГеография
5В090800БағалауГеографияМатематика
5В090900Логистика (сала бойынша)ГеографияМатематика
5В091000Кітапхана ісіӘдебиетӘдебиет
5В091200Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесіГеографияГеография
10. Әскери іс және қауіпсіздік
5В100100Өрт қауіпсіздігіФизикаМатематика
5В100200Ақпараттық қауіпсіздік жүйелеріФизикаМатематика
11. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
5В110100Мейірбикелік ісіБиологияБиология
5В110200Қоғамдық денсаулық сақтауБиологияБиология
5В110300ФармацияХимияХимия
5В110400Дәрігерлік емдеу ісіБиологияБиология
12. Ветеринария
5B120100Ветеринарлық медицинаБиологияБиология
5B120200Ветеринарлық санитарияБиологияБиология
Жоғары арнайы білім мамандықтары
1. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
5B130100Жалпы медицинаБиологияБиология
5B130200СтоматологияБиологияБиология

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!