Ақсу – Жабағалы қорығы

Жоспар

  1. Кіріспе

А) Қорық туралы жалпы түсінік

Ә) Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы

  1. Негізгі бөлім

А) Ақсу – Жабағылы қорығының құрылу тарихы

Ә)Ақсу – Жабағылы қорығының ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

Б) Қызыл кітап

  1. Қорытынды
Ақсу – Жабағылы қорығы

Қорықтар – бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағына шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белдеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз « табиғат лабораториясы » деп те атап жүр. Өйткені, мұнда ұзақ жылдар бойына табиғат комплекстерін табиғи жағдайда ғылыми терең зерттеу, « табиғат жылнамаларын » жүргізу сияқты алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Қорықтарда тек саны азайып, жойлып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар, өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады. Міне, сондықтан да болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше.

Анықтамасы бойынша қорық — назар салып бақылау және зерттеуқұралы. Оны ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап онда ҚР ҒА зоология институты мен ҚАЗМУ мамандары ғылыми жұмыстар жүргізуде. «Қорғалжын қорығының құстары» атты монография –осы бір қызық аймақтың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі. Осыдан басқа мұнда үлкен ағартушылық жұмыстары да жүргізілуде. 1978 жылы экскурсиялық қызмет бөлімі құрылған болатын, оның қызметкерлері мерзімді басылымдарда 200 мақалалар басылған, 600-ге жуық лекциялар, әңгімелер өткізілген. Қорық табиғаты мұражайының қонақтары-Қорғалжын және астана мектептерінің оқушылары. Мұражайда дала және көлді жерлердің фаунасы мен флорасын бейнелейтін бай экспонаттар коллекциясы жиналған. Табиғаттың керемет бұрышы туралы бірнеше ғылыми-деректі фильмдер түсірілген.

Шынында да, кең-байтақ республикамызда қорықтардың жетіспеуі кімді болса да ойландырмай қоймайды. Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған « Ақсу – Жабағылы » (1926), « Алматы » ( 1934), « Наурызым » (1959), « Барса-келмес » (1939), « Қорғалжын » (1968) және « Марқакөл »(1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992), Алакөл (1998) қорықтары бар.

Осы орайда Қазақстан қорықтары республикамыздың табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отырғандығын айта кетпеске болмайды.

Мемлекеттің табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондары, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, білім беру – ағарту ісіне, туризмге және рекреацияға арналған объектілер ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.

  Қорықтардың басты мақсаты – табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.

Енді, Қазақстандағы қорықтардың бүгінгі жайымен танысып, республикамыздағы қорық ұйымдастыру ісінің ертеңіне көз жібергеніміз жөн секілді.

Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы

Қазақстан Республикасы жерінде ұйымдастырылған мемлекеттік 9 қорық туған өлке табиғатының небір көрікті жерлерін, қойнауындағы бар байлығын сақтап, көркейту тұрғысында табиғат қорғау ісіне зор үлес қосып келеді. Дегенмен де, Қазақстанның қорық ұйымдастыруц ісінде көп кейіндеп қалғандығы байқалады. Осынау ұлан-ғайыр өлкеде тоғыз-ақ қорықтың болуы кімгеде болса ой салады. Оның үстіне бұл қорықтардың көлемі республика аумағының 0,3 пайызын алып жатар. бұл өте аз. Ал мәселен туысқан Әзірбайжан, Армян республикаларында бұл көрсеткіш 1 – 2 пайызға тең көрінеді.

Республика жер құнарын, орман мен тоғайдың әсем келбетін бұзбай, өзен-көл тұнығын шайқамай, хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесін қымбат қазынадай қастерлеп, қамқорлыққа алатын бірнеше мемлекеттік қорық ұйымдастыру – бүгінгі күннің басты талабы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан құрылған « Қазақстанда қорық ұйымдастыру ісінің ғылыми негізі» проблемасы жөніндегі комиссия бүгінде республикамызда әртүрлі географиялық аймақтарды қамтитын 20 шақты қорық ұйымдастыруға болады деген қорытындыға келіп отыр. Сондықтан келешекке ұлан-ғайыр өлкемізде құрылатын қорықтармен таныстыра кеткеніміз жөн болады. Олардың негізгілерін атап айтқанда мыналар:

  • Ерементау қорығы;
  • Қаратау қорығы;
  • Бетпақдала немесе Андасай қорығы;
  • Торғай қорығы;
  • Жоңғар қорығы;
  • Алакөл қорығы;
  • Кент қорығы;
  • Қапланқыр қорығы;
  • Зайсан шөлді қорығы.
Ақсу – Жабағылы қорығы

  Қазақстанда азамат соғысының дүбірлі әлі басылмай Верный қаласындаконтрреволюциялық көтеріліс өршіп жатқанда біздің республикамыз бейбіт құрылыспен бірге табиғат қорғау мәселесінде қолға алған еді. Сол кезде Ташкентте ескі ескерткіштерді және табиғатты қорғау жайында Түркістан комитеті құрылды. Осы комитет Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі табиғат байлықтарын қорғау мақсатында көптеген жұмыстар атқарды.

  Талас Алатауындағы әсем табиғат әлемі үстіміздегі ғасырдың алғашқы жылдарында-ақ прогресшіл бағыттағы орыс ғалымдарының назарын өзіне ерекше аударған болатын. Ақыры, сандаған жылдар бойы жүргізілген зерттеулер өз нәтижелерін берді. 1920 жылдың жазында Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің профессоры А.Л. Бродский Ақсу және Жабағылы өзендерінің бойындағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемін зерттей келе Түркістан Орталық атқару комитеті жанындағы Табиғат қорғау комитетінің алдына аталсмыш жерге табиғи қорық ұйымдастыру жөнінде арнайы мәселе қойды. Комитет профессор А.Л. Бродскийдің бұл ұсынысын бір ауыздан қабылдап, 1922 – 1923 жылдары құрамында Орта Азия мемлекеттік университетінің көрнекті биолог ғалымдары бар комиссия мүшелерін Ақсу – Жабағылы алқабының табиғат ресурстарын есепке алып қайтуға жіберді. Мұнда нақты ғылыми жұмыстар жүргізген М.Г. Попов, Е.П Коровин, М.А. Димо, Д.Н. Кашкаров сияқты ғалымдар Түркістан Орталық атқару комитеті мынадай қорытынды жасайды:

«Ақсу – Жабағылы өезендерінің жоғарғы ағысы төңірегінде, – делінген онда, – қорыққа тән келетін ерекше қасиетті табиғаттың сұлу да көрікті жерлері бар екені күмәнсіз. Бұл жерде Түркістан өлкесіне тән өсімдіктер мен жануарлар дүгиесінің типті белгілері көптеп кездеседі және олардың бәрі адам қолы тимеген күйінде сақталған. Ал оның табиғаты өте сұлу әрі ғылыми тұрғыданзерттелуде де аса қолайлы аймақ».

Ғалымдар мен мамандардың осы пікірінен кейін көптеген ғылыми- зерттеу мекемелері 1923 – 1926 жылдар аралығында Ақсу – Жабағылы қорығын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлн бастады. Ақыры 1926 жылы Ақсу – Жабағылы қорығы құрылды. Қорықты ұйымдастырудағы ең басты мақсат – батыс Тянь – Шанның табиғаты тамаша көріністерін сол қалпында сақтау және осы тау жүйесі табиғи кешендерінің даму заңдылықтарын зерттеп, тау сілемдерімен ұштасып жатқан аршалы ормандарды, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау. Міне, осылайша 1927 жылы Қазақстан жерлеріндегі тұңғыш табиғат қорығы дүниеге келді.

Мемлекеттік Ақсу – Жабағылы қорығы – Тянь – Шанның тармағы Талас Алатауының батысында – Қаратау, Жабағылы, Өгем, Піскем тауларының түйіскен тұсінда орналасқан. Қорықтың орталық бөлігін – Бұғылытар, Ақсу, Балдыберек тау жоталары құрайды. Қорықтың оңтүстік шекарасы Майдантал жотасы арқылы, шығысы Жабағылы, солтүстігі Жабағылы өзендерінің оң жағасы арқылы өтеді. Ал батысы Даубаба өзенін қуалай отырып Өгем тауына тіреледі. Әрине, қорықтың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бұл шектеуден ұзап шығып, жан-жақты қанатын жая созылып жатыр. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Ленгер және Бәйдібек аудандарының жерлерінде қоныстанған. Қоры түгелімен дерлік биіктігі теңіз деңгейінен 1100 – 4200 метрге дейін баратын жартылай шөлейтті, аласа таулы аймақта орналасқан. Оның жер көлемі алғашқы кезде 30 мың гектар болса, қазір 74416 гектар, оның 14369 гектары орман, 31141 гектары таулы және далалы шалғындықтар, ал 28620 гектарын биік құздар, қорық және көшпелі тастар, қар мен мәңгі мұздар алып жатыр. Сондай-ақ қорықта 234 гектар сулы және батпақты жерлер ұшырасады, 52 гектар жер жол мен басқа да құрылыстарға берілген.

Сонымен қатар Бәйдібек ауданының территориясында орналасқан қорықтың екі филиалы бар – юра дәуірінің өсімдіктері мен жануарларының тастай қатып қалған қалдықтары сақталған «Қарабастау» (жер көлесі 126 га) және «Әулие» (жер көлемі 100 га) палеонтологиялық учаскесі.

«Қарабастау» және «Әулие» палеонтологиялық учаскесінде осыдан 150 миллион жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары сақталған. Бұл жерден 60-тан астам өсімдік түрлерінің таңбалары табылған.

Қорықтың территориясында тік беткейлі терең сайлар, өзен аңғарлары, кең аумақты қорым және көшпелі тастар, биіктігі 4000 метрден асатын шыңдар, жылжымалы мұздар, тау көлдері кездеседі. Қорықтың солтүстігі мен батысында Иірсу, Ақсу, Жабағылы өзендерімен терең тілімделген таулы дала жатыр. Осы өзендердің аңғарларынан теңіз лилилері мен трилобиттердің іздері, динозаврлардың тасқа айналған сүйектерінің қалдықтары табылды.

Бұрынғы КСРО Ғылым академиясының палеонтология институтында насекомдардың 1200 түрінің 18 мыңдай тасқа түскен суретінің қалдықтары сақталынуда. Біздің ғасырдың жиырмасыншы жылдарында ашылған бұл палеонтологиялық учаскелердің палеоботаниктер, палеоэнктомологтар, палеоихтиологтар және палегерпетологтар үшін маңызы өте зор.

Ақсу – Жабағылы қорығында аса сирек кездесетін, «Қызыл кітапқат» негізілген өсімдіктердің 18 түрі сақталып отыр. Бұл құрып біткен өсімдіктер дүниесінің асыо көздері болып саналады.

Қорықта өсетін өсімдіктер түрлері әр алуан. Бұлардың ішінде тамақтық және жемдік қасиеттері бар өсімдіктерде жүздеп кездеседі. қазақстанда дәрілік маңызы бар үш мың өсімдік түрі болса, соның ішінде 200-дейі осы қорық территориясынан табылған. Мұнда, әсіресе, шипалық қасиеті жоғары қылша, қара аңдыз, шайқурай сияқты өсімдіктердің қоры мол. Сондай-ақ, қорықтак құрылыста және үй жиһаздарында қолданылатын техникалық өсімдіктерде көп.

Қорықта жануарлар дүниесі де алуан түрлі. Ғалымдардың көп жылдық, еңбектерінің деректеріне қарағанда қорық территориясында құстың – 238, сүтқоректілердің – 42, бауырымен жорғалаушылардың – 9, қосмекенділердің – 2 және балық пен бірнеше мың ұсақ жәндіктер өсіп-өнуде. Мұнда тұяқтылардың өкілі – марал, арқар, таутеке, елік, жабайы шошқа, ал жыртқыштардан: аю, барыс, қызыл қасқыр, түлкі, сусар, борсық, ақкіс пен аққалақ, кеміргіштерден: суырлар (ұзын құйрықты суыр және Мензбир суыры) қарақас, соқыртышқан, қосаяқ және басқа да толып жатқан тышқандар тіршілік етеді.

Мұнда тұяқты аңдар ішінде көбірек кездесетіні – таутеке. Жаздың ыстық күндерінде таңертеңгілік немесе кешкілік мезгілде оның үйір-үйір болып тау беткейлерінде жайылып бара жатқанын жиі көруге болады. Түс кезінде тау текелер тас көлеңкесінде тынығады. Мұның саны қорықта молайып келеді. Мәселен, тыңғылықты қорғауға алудың нәтижесінде бұрын күрт азайып кеткен аорқардың саны бұл күнде 250-ден асса, қызыл суырдың саны 2000-ға жетіп отыр.

1952 жылджан бастап қорықта марал өсірілуде. Оларо жаңа қонысқа жақсы бейімделіп, жылдан-жылға көбейіп келеді, сондай-ақ Ақсу және Жабағылы өзендерінің бойынан қазір елік, аю, борсық, сусар, жабайы шошқа сияқты аңдарды да жиі кездестіруге болады.

Ағашты –бұталы дала белдеуінен жыртқыш аңдар қасқыр мен ақтырнақты қоңыр аю кездеседі. Қысқа қарай бұл маңға сілеусін, Альпінің қызыл қасқыры келеді. Бұл қасқыр қазіргі кезде өте сирек кездесетін аңдардың бірі.

Қорық жерінде еліктер арша орманның негізгі тұрғындары. Бір кезде қорық жерінде өте сирек кездесетін бұл аңды қазір кез-келген шатқалдан көруге болады.

Мемлекеттік Ақсу – Жабағылы қорығының кең аймағында біздің қанатты достарымыз да көптеп кездеседі. Қорықта құстардың 238 түрі өмір сүреді. Бұл Қазақстандағы барлық құс түрлерінің жартысына жуығы. Тау аңғалларын бүркіт, тазқара, ұлар, кекілік, шіл, бөдене сияқты құстар тұрақты мекендейді. Шет елдерден әкелініп, осы маңға жіберілген теңбіл торғай мен көк құстар және Индияның қаралы торғайы да қорық жерінен жайлы қоныс тапты.

Қорық жерінде сиреп бара жатқан, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген аң мен құстардың және өте сирек кездесетін жануарлардың санын көбейтудің іс жүзіндегі маңызы өте зор. Мысалы, арқардың қойды таулы жерге төзімді жаңа түрін шығарудағы атқарған ролі ерекше. Соңғы жылдары Қазақстанда арқар мен мериносты будандастыру арқылы қойдың жаңа тұқымы – арқар-меринос қойы өсірілді. Сондықтан да аты «Қызыл кітапқа» енген осы бір бағалы жануарды сақтап қалу үшін оларды зооэкспортқа ұстауды тоқтату керек.

Ақсу – Жабағылы қорығында тек жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ғана емес, табиғаттың тамаша көріністері – сарқырамалар, биік құздар, сирек кездесетін тау жыныстары, палеозоя және юра дәуірінің өсімдіктері мен жануарларының тасқа айналған қалдықтары, ерте кездегі адамдардың тасқа салып кеткен суреттері қорғалып, ғылыми тұрғыдан зерттелінеді.

Ақсу – Жабағылы қорығына жарты ғасыр толды. Бірақ біздер осы тұңғыш қорықтың сонау бір қиын уақытта жарық көргенін еске алсақ, сол кездің белді оқымыстылары, В.И Ленин атындағы Ташкент университетінің профессорлары Бродскийдің, Поповтың, Культиасовтың, Коровиннің, Кашкаровтың есімдері еріксіз ойға оралады. Бүгінгі таңда біз оларға ұрпақ атынан рахмет айтып, мақтан етеміз. Алдағы уақытта осы уақытта осы сияқты өміршең бастамаларды үлгі етіп, республикамызда жаңа қорықтарды ұйымдастыру ісіндегі игілікті жұмыстарды одан әрі жалғастыра бермекпіз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Е.В. Ишков, Н.В. Нелина «Қазақстан қорықтары мен бақтары» Алматы 2005,160-175 беттер
  2. Ә.С. Бейсенова «Экология» Алматы 2000, 154-166 беттер
  3. Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «Гоеграфия» Алматы 2007,114-116 беттер
  4. Ұ. Есназарова «Қазақстанның физикалық географиясы» Алматы 2002,245-247 беттер
  5. Н.В. Нелина «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары» Алматы 2004,104-110 беттер
  6. Т.Байболат, Р.Н.Кенжебаева «География» Шымкент 2005,24-28 беттер.
  7. «Энциклопедия для детей» Алматы 1997,3-5 беттер
  8. Ә.С.Бейсенова «Қазақстанның географиялық атласы» Алматы 2005,3-20 беттер.
  9. Егеменді Қазақстан 2005-2006,№1235 05.24.№4377 12.06.28.
  10. М.К.Нұрмағанбетов «Жер судың аты,тарихтің хаты» Алматы 2003,5-15 беттер.
  11. «География және табиғат» 2006,№6