Акционерлік қоғам қызметтерінің артықшылықтары

Жоспар

Кіріспе

1 Меншіктіңакционерлік формасының қалыптасуы мен

қызметтері.

1.1Акционерлік қоғамдардың қалыптасуы.

  1. 2 Акционерлік қоғам қызметтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері .

Қорытынды

  1. МЕНШІКТІҢ акционерлік ФОРМАСЫНЫҢ қалыптасуы мен

қызметтері.

1.1АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

Акционерлік қоғамнан біз коммерциялық ұғым түсінеміз,жарғылық капитал негізінен нақты бір акция санына тең,қоғамға қатысушылар,қоғамға қатысты міндеттемелік құқықтарын куәландырады. Акционерлер қоғам міндеттемесіне жауап бермейді және өз қызметіне байланысты тоқырау тәуекелін өз мойнына алады.

Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады,өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушылары бойынша жауап бермейді.Құрылтайшылар акционерлік қоғамның міндеттемелері бойынша қоғамның жарғылық қорына салынған салымның толық төлемеген жағдайда олар салығының төленбеген бөлігі шегінде ортақ жауап береді.

Акционерлік қоғам – заңды тұлға және өзінің жеке мүлкінің еркін балансын есептей отырып жекемүліктік емес және мүлікті өз атынан жүзеге асыруға қажет әр-түрлі қызметтің түрлері бойынша азаматтық құқық пен міндеттеме алуға болады. .[1]

 Акционерлік қоғам қызметі бағалы қағаздар мен акцияның іс-әрекеті нәтижесінде пайда алуға бағытталған 2005 жылға дейін акционерлік қоғам – жабық және ашық болып бөлінеді.

 Қатысушылары- өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімісіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам(ААҚ) болып табылған. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқықтары болған еді.

 Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын – ала белгілденген өзге адамдар арасында таратылатын акционерлік қоғамды Жабық акционерлік қоғам(ЖАҚ) болып табылған. Жабықакционерлік қоғамөзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.

Қоғамды қайта құрыға болады және оның мемлекеттік тіркелуі күнінен бастап мекеме қатарына санаймыз. .[2]

Қоғамның негізгі құжаты жарғы, ол қоғаммен оның акционерлері,барлық жазылған міндеттер мен құқықтары тиісті міндеттері жазылған ереже.

Акционерлік қоғам акционерлер жиналысының шешімі бойынша қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Акционерлік қоғамды қайта құрудың және таратудың өзге негіздері мен тәртібі жарғыда белгіленеді.

Акционерлік қоғам тек қана жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылуға құқылы.

Кирима және Мефодия үлкен энциклопедиясы былай анықтайды: “Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам деп аталады. Акционерлік қоғамның қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздеріне тиесілі акциялар құны шегінде қоғамның қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді.”

Акционерлік қоғам заңды тұлға болып табылады.Фирмалық атауы,тіркелгенфирмалық белгісі,өз атауы мен белгісіне сәйкес мөрі болады.

Акционерлік қоғамның атауы ( толық және қысқартылған) міндетті түрде көрсетілуі керек:

  • қоғаммның үлгісі(типі)
  • айналысатын қызметінің мәні(пәні,предмет)
  • басқа қоғамнан айырмашылығы туралы мәліметтер

Акционерлік қоғамның атауларын әр елдің мемлекеті тұжырымдап береді. Фирмалық атаумен бірге акционерлік қоғам “АҚ” деген фраза жазылады. Мысалы, “Сусындар” АҚ, “АТФ” банкі АҚ.

 Акционерлік қоғам толық өзін — өзі басқару үлгісінің шаруашылығына байланысты сұрақтарды,шаруашылық шешімдерді қабылдау,өткізу,бағаны белгілеу,еңбек ақыны төлеументаза табысты бөлумен өзі айналысады.

 Заңға қарсы емес барлық құқық берілетін шаруашылықпен қызмет атқаруға болады. Акционерлік қоғамның қызметі жарғыда көрсетілген қызметпен ғана шектелмейді. Акционерлік қоғам өкілеттік иемденуге және Қазақстан Республикасының облысында,қаласында өз филиалдарын ашуға құқылы.

 Акционерлік қоғамның қатысушыларының салымында ғимарат,құрылыс, құұрал-жабдықтар және басқа да материалды бағалықтар:жеке ойшылдық, жер мен шұғылдануға берілетін құқықтар,табиғи ресурстар болуы мүмкін.

 Салынған мүліктің құнын қоғамның қатысушылары бірлесіп анықтайды.

 Өз үлесін капиталға салынғаннан кейін,акция табысынан акционер қоғамнан өз салымын қайтарып алуға құқығы жоқ, соңғы жағдайға тек қана заңмен немесе қоғам жарғылығында қаралады. .[3]

 Акционерлік қоғам заңдытұлға ретінде шаруашылық қызметтің нәтижесінде өндірілген өнімге,коммерциялық қызметтен алынған табысқа,қатысушылардың берген мүлікке бойынша иелік ете алады.

 Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша акцияларды нақты құнын өсіру немесе қосымша аакциялар шығару арқылы жарғылық қорын өсіруге құқылы.

 Акционерлік қоғам акционерлердіңжалпыжиналысының шешімі бойынша акциялардың нақты құнын кеміту арқылы,не циялардың жалпы санын қысқарту мақсатында олардың бір бөлігін сатып алу арқылы жарғылық қорды азайтуға құқылы, бірақ ол заңда көзделген ең төменгі мөлшерден кем болмауы керек.

 Нарық тек қана өмір менталитетін өзгертіп қана қойған жоқ,басқарудыңжаңа функцияларын нарыққа енгізді (фирманы басқарудың ұйымдастырушылық құрылымындағы өзгерістер), бұрын болмаған сондай-ақ, құрылым элементтерінің өтімділігі пайда болды. Бұрын да жабдықтаужәне өткізу бойынша проблемалар болған. Орталықтан жоспарлау жағдайында бұлар басқалай шешілген,қазіргі таңда шаруашылық қызметтер өз бетінде шешімді. Бүгінгі күндегі ең күшті техникалық жетістікткр (барлық жағдайдағы мүмкіндіктер) қарастырылмаса жабылуы мүмкін,өйткені ооның өніміне тұтынушылардың сенімі нық болмаса, тиімділік бермей қалуы мүмкін.

Акционерлік қоғамның басқару құрылымы және оның бөлемшелері арнайы маманданған орган болуы керек,маркетингпен айланысатын,өнімді қандай сапамен, санмен,қандай қызмет түрлерін көрсетумен,өндіріп жатқан немесе өндіруге тиісті өнімінеее немесе қызметі тұтынушылар таба алама деген сұрақтарға көп көңіл бөлінеді. .[3]

 Қазір жаңа бөлімше пайда болды:”тұтынушылармен қарым – қатынас орнату), қоршаған ортаның проблемасы “қоғаммен байланыс”. Жаңа функцияның бір айырмашылығы – корпарацияның ұйымдық дамуы. Оның мазмұны: ұйымдық құрылымды басқарудың келешектегі жоспары, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ара қатынастың өзгерісін жобалау,корпорациядағы әртүрлі топтардыңбасқару үлгісіндегі іс — әрекеттің тиімділігін бағалау.

 Фирма ішіндегі басқарудың негізгі функциясы фирма стратегиясы анықталады.орталықтан басқарудың жоспарлы экономика бұл функция қатыспайды.

 Стратегияны таңдау – директорлар кеңесінің жұмысы. Бас директор кеңесінің басты тұлғасы болғаннан кейін оның шешімі таңдау стратегиясына әсер етеді, таңдау стратегиясы акционерлік қоғамныңжұмысын толығымен жүзеге асыратындай болуы қажет.Стратегияда күшті нақты артықшылық көріну керек.

 Акционерлік қоғамның мақсаты — өз ресурсын барынша тиімді қолданып,пайда табу.

 Бизнес стратегиясындағы бірлік бұл -өте нақты өндірістік өнім немесе оның тасымалдануы әрине кеденмен байланысты. Бизнес стратегиялық бірліктің мақсаты өндіреді,ал маркетинг,дистрибьютерлік қызметпен басқалар жұмыс жасуы керек. Нақты, жақсы стратегяи ұйымының сұрақтарын дұрыс шешеді. Стратегияны бөлшектерге бөліп өңдеуге болмайды, өйткені байланыс үзіледі. Құрылымдық бірліктің корпарацияға қатысты проблемасы оның функцияларын орталық шетел тәжірибесінде70 жылдарыныңбасында жекешелендірудіңжағында шешіліп қойылған. Соңғы 10 ішінде тәжірибеде менеджерлерге арнайы өкілеттік берілген, басшының қатысуынсыз менеджер шешім қабылдап, жұмысты жүргізе береді. Әрине өкілеттілікті өзіңе жүктелген қызмет барысына ғана қолдана алады. Бұл жағдайға басшы менеджер орта буындағы бөлім менеджерлері толық қаржылық және материалдық жауапкершілікті өз мойнына алады. Бөлім менеджерлері бірігіп өздерінің техникалық және экономикалық идеяларын жүзеге асырса,онда компания табыс табады. Орталықтандырылмаған басқару құрылымы қазіргі таңда және нарықта “қозғалмалы” болып келеді. Орталықтандырылған басқару жүйесіне бұрынғы совет үкіметін айтуға толық болады.

Басқару буындары арасындағы деңгейлердегі дұрыс жіктеу қажет. Орталықтандырылмаған басқару құрылымындағы корпорация жалпы корпорациялық деңгей және өндірістік – шаруашылық деңгейлерге бөлінеді. Бұл жағдайда аппарат бөлімі өндірістік – шаруашылық қызметтің нәтижесіне, өнімнің бәсеке қабілеттілігіне, жоғарғы басшылық ұзақ мерзімдік жоспарлау және сыртқы байланысты кеңейтуге жауап береді.

Акционерлік қоғамның ендігі проблемасы – персоналды басқару. Бұл басты,бір мақсаттағы басқаруды әрбір облыстарға сапалы түрде жүзеге асыра алмайсың. Фирма персоналдардың шешімімен санасуы керек. Сол үшін персоналдарға мотивацияны кең көлемде қолдану қажет, өйткені олар фирманың жұмысыналға жылжытады және фирманың тікелей ішінде жүріп басқаруға қатысады. .[4]

 Акционерлік қоғамның жоғарғы органы оның акционерлерініің жалпы жиналысы болып табылады. Қоғамның басқару органы- директорлар кеңесі; Атқарушы орган – алқалы (басқарма ) немесе жеке –дара; Бақылаушы орган- алқалы (тексеру комиссиясы) немесе жеке- дара тексеруші; Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзге де органдар болып табылады.

 Жабық қоғамның жарғысында қоғамды, директорлар кеңесін құрмай басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда директорлар кеңесінің айырықша құзіретіне осы жатқызылған мәселелер акционерлердің жалпы жиналысының айырықша құзіретіне беріледі. Акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзіретіне:

  • қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • қоғамның үлгісін өзгерту;
  • қоғамды ерікті түрде қайта құру және тарату;
  • қоғамның директорлар кеңесін сайлау, оның сандық құрамын белгілеу және оның мүшелерінің өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
  • қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту;
  • қоғамның тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау және олардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату;
  • бұл жағдайларды қоспағанда есеп комиссисының құрамын бекіту;
  • қоғамның жылдық қаржылық есебін, қоғамның тексеру қорытындыларын бекіту;
  • қоғамның акционерлердің алда тұрған жалпы жиналысын шақыруды акционерлерге хабарлау нысанын айқындау және осындай ақпаратты баспасөз басылымында жариялау тұралы шешім қабылдау;
  • акцияларды бөлшектеу (сплит) және топтастыру;
  • акциялардың құнын оларды қоғам бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарға сәйкес сатып алу кезінде айқындау әдістемесін бекіту;
  • қоғамның таза табысын бөлу тәртібі;
  • жыл қорытындысы бойынша дивиденттер мөлшерін бекіту;
  • қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігі арқылы өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қоғамның қатысуы туралы шешім қабылдау;
  • ірі мәмілелерді және өзге де мәмілелерді заңға сәйкес бекіту;
  • қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі;
  • қоғамның өз капиталы мөлшгерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомаға қоғамның міндеттемелерін көбейту туралы шешім қабылдау;
  • лауазымды тұлғаларға оның ішінде қоғамның директорлар кеңесі мүшелерінің төленетін сыйақының және өтемақының мөлшерін бекіту;
  • қоғамның аудиторын бекіту;
  • егер қоғамның жарғысында акционерлерге қоғамның қызметі туралы ақпараттар беру тәртібі белгіленбесе осындай тәртіпті, сонының ішінде бспасөз басылымын айқындау
  • жарғыны өзгерту туралы;
  • акционерлік қоғамның жарғылық қоры;
  • бұрын шығарылған акцияларды шоғырландыру және бөлу,қосымша акцияларды шығару туралы;
  • облигациялық заемдар шығару тәртібі туралы;
  • қоғамның атқарушы органдарын, тексеру комиссиясының мүшелерін және қоғамның аудиторларын сайлау,сондай–ақ, олардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;

қоғамның ішкі регламентін қабылдау,оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

  1. 2 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ .

 Акционерлік қоғамда акционерлердің, соның ішінде құрылтайшылардыңарасында,өзге шақырылған сарапшы – мамандар арасынанда қадағалау кеңесі құрылуы мүмкін. Қағалау кеңесі акционерлік қоғамның атқарушы органдарының қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Қадағалау кеңесі мүшелерінің акциоенрлік қоғам атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Қоғам жарғысымен қадағалау кеңесі құрылған жағдайда онң ерекше құзіретіне жатқызылған мәселелерді қадағалау кеңесі акционерлік қоғамның атқарушы органдарының шешуіне бере алмайды.

Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық( басқарма,дирекция)

немесежеке дара(директор,бас директор,президент) болуы мүмкін. Ол акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады және қадағалау кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді.

 Жалпы жиналыстың айырықша құзіретіне жатқызылған қалған мәселелер жөніндегі шешімдер қоғамның жарғысында көбірек сан көзделмесе қоғамның дауыс беруге қатысқан дауыс берген акциялардың жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады.

 Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі мәселені шешу үшін акционерлердің көбірек дауыс саны жарғымен белгіленбейді.

 Қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айырықша қүзіретіне сондай ақ- қоғам қызметінің басқа да мәселелері жатқызылуы мүмкін.

 Акционерлердің жалпы жиналысының айырықша қүзіретіне жатқызылған мәселелер көзделген басқа жағдайларда қоғамның директорлар кеңесінің шешуіне берілмейді.

Акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның ішкі қызметіне жатқызылған мәселелер бойынша қоғамның директорлар кеңесінің кез келген шешімін жоюға хақылы.

Егер акционерлердің жалпы жиналысының шешімі артықшылықты акциялар иелерінің құқығына нұқсан келтірген немесе оны шектеген ретте мұндай шешімдер жиынтығында тиісті санаттардағы артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісіне ие акционерлер жақтап дауыс берген жағдайда ғана акционерлердің жалпы жиналысында қабылдануы мүмкін.

Қоғам жыл сайын акционерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті.Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс.Аталған мерзім есепті есепті кезендегі қоғам қызметінің аудитін аяқтау мүмкіндігі болмаған жағдайда үш айға дейін ұзартылған деп саналады. .[5]

Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады.

Дауыс беру құқығынсыз артықшылықты акцияларды иеленген акционерлердің жалпы жиналысқа қатысуға және күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар.

Әрбір акционерлердің жалпы жиналыста даусы беру кезінде оған тиесілі дауыс беретін акциялар санына тең келетін дауыс саны болады, бұған қоғамның жарғысында дауыстарды айқындаудың өзге де тәртібі көзделген жағдайлар кірмейді.

Акционерлердің жалпы жиналысында, егер қоғам акционерлердің жалпы жиналысында немесе жарғысында өзгеше белгіленбесе, кез еклген тұлғалар қатыса алады.

 Жалпы жиналысты әзірлеуді және өткізуді қоғамның атқарушы органы не осы қоғамның тәуелсіз тіркеушісі немесе өзге тұлға жүзеге асырады.

Жалғыз акционері бар қоғамда жалпы жиналыстың құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді ол дербес қабылдайды және жазбаша түрде ресімделуі тиіс.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы қоғамның директорлар кеңесінің, атқарушы органның, тексеру комиссиясының бастамасы бойынша не жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының кеміндебес және одан да көп процентін иеленген акционерлердің бастамсы бойынша шақырылады.

Акционерлердің бастамсы бойынша шақырылатын, акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізуге байланысты шығындар өздеріне жіктеледі және оларды осы жиналысты шақыру себептері расталғаннан кейіе қоғам өтейді. .[6]

Ерікті түрдегі тарату процесінде тұрған қоғам акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын тарту комиссиясы да шақырылады.

Акционерлердің жылдық, кезектен тыс немесе қайтадан өткізілетін жалпы жиналыстарын шақырудан шақыру туралы талапты атқарушы орган алған сәттен бастап отыз күн ішінде қоғамның директор кеңесі немесе атқарушы орган бас тартқан жағдайда шақыру осы санамаланған тұлғалардың талап арыздары бойынша сот негізінде жүзеге асырылады.

Сот жиналыстың белгіленген уақыт және өткізу орнын, оның күн тәртібін белгілеуі, жиналыс туралы қоғамның акционерлеріне жіберілетін жазбаша құлақтандыру мазмұнын белгілеуі және жалпы жиналыстың мақсатына жетуі үшін қажетті өзгеше шарттарды айқындауы мүмкін. Қоғам акционерлерінің қайтадан өткізілетін жалпы жиналысын шақыру осы жағдайда көзделген акционерлердің жалпы жиналысын шақыруға арналған тәртіпте жүзеге асырылады.

 Акционерлердің өтпей қалған жалпы жиналысының органына шақырылған қайтадан өтетін жалпы жиналысы, егер оған қатысу үшін тіркеу аяқталған кезде жиынтығында қоғамның дауыс беретін(акционерлердің жалпы жиналысын кезінде дауыс беру құқығы бар) акциялардың қырық және одан да көп процентін иеленген акционерлер, оның ішінде сырттай дауыс беруші акционерлер теркелген болса қүқылы боады. Акционерлердің саны он мыңнан асатын қоғамның жарғысымен акционерлердің өтпеген жиналысының орнына қайтадан жиналыс өткізуге арналған азырақ (қоғамның дауыс беретін акциялардың кемінде жиырма бес проценті) кворум көзделуіә мүмкін.

Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес белгіленгенерекшеліктерді есепке ала отырып жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғам органдарының ұсынысы бойынша, қайта ұйымдастыру туралы шартта белгіленген мерзімде өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысы жұзеге асырылады. Екі немесе бірнеше қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып, сынанында барлық мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес беру жолымен жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі болып табылады. Бірігуге қатысқан әрбір қоғаманың директорлар кеңесі бірігу нысанында қайта ұйымдастыру өткізу актісін және бірігу туралы шартты бекіту туралы мәселені акционерлердің жалпы жиналысының шешуіне ұсынады. Қоғамдардың бірігуі туралы шартта бірігуге қатысқандардың әр қайсысының атаулары , орналасқан жері туралы, олрадың баланстардың негізгі деректері болуы тиіс, сондай-ақ бірігу тәртібі мен шарттары, атап айтқанда бірігуге тартылған қоғамдардың акцияларын құрылған қоғамның акцияларына айырбастау тәртібі көзделуі тиіс. Барлық аталған ақпарат қоғамның акционаерлеріне баспасөз басылымдарына жариялау арқылы берілуі тиіс.

 Уәкілетті орган халықтық қоғам бірігуге қатысқан жағдайда оның акционерлеріне беру үшін қажетті қосымша ақпараттың тізбесін көздеуге хақылы. .[8]

Бірігуге қатысатын әрбір қоғамның акционерлерінің жалпы жиналасы белгіленген тәртіппен бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, өткізу актісін және бірігу жөніндегі шартты бекіту туралы шешім қабылдайды.

Жаңа қоғамның жарғысын бекіту және органдарын сайлау бірігу туралы шартпен айқындалатын мерзімде өткізілетін жаңадан пайда болған қоғам акционерлердің жалпы жиналысында жүзеге асырылады. Жаңадан пайда болған қоғам акционерлердің жалпы жиналысын шақырудың және өткізудің тәртібіне байланыс ерекшеліктер бірігу туралы шартпен айқындалады.

Бірігуге қатысатын қоғамдырдың әрқайсысы өзінің барлық несие берушілеріне бірігу туралы жазбаша хабарлама жіберуге және баспасөз басылымдарында тиісті хабарландыру беруге міндетті. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның несие берушілері хабарламаны алған немесе хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзімде қоғамнан қосымша кепілдіктерді не қоғамның тиісті міндеттемелерін мерзімінен бұрын тоқтатуды немесе орындауды және залалдарды өтеуді талап етуге хақылы.

Қосылатын қоғамның мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін тиісті өткізу актісіне сәйкес басқа қоғамға өткізу мен оның қызметінің тоқтатылуы қоғамның қосылуы деп танылады.

 Қосылатын қоғамның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының қаралуына қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы мәселені, өткізу актісін және қосылуы туралы шартты бекітуге ұсынады.

Қосылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, өткізу актісін және осы белгіленген тәртіпте қосылу туралы шартты бекіту туралы шешім қабылдайды.

Оған қосылу жүзеге асырылатын қоғамның директорлар кеңесі акционерлерінің жалпы жиналысының оған басқа қоғамның қосылуы нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, өткізу актісін және қосылу туралы шартты бекіту туралы мәселені енгізеді.

Оған қосылу жүзеге асырылатын қоғам акционерлердің жалпы жиналысы оған басқа қоғамның қосылуы нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, өткізу актісін және осыайқындалған тәртіпте қосылуы туралы шартты бекіту туралы шешім қабылдайды.

 Оған жүзеге асырылатын қоғамның жарғысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы шешімнің қажеттілігі туындаған жағдайда, онан қосылу жүзеге асырылатын қоғам акционерлерінің және қосылатын қоғам акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданады.

 Қоғамның директор кеңесінің шешімі бойынша егер қосылатын қоғамның активтерінің және міндеттемелерінің сомасы оған қосылу жүзеге асырылатын қоғамның өз капиталының бес процентінен аспаса бір қоғамның екінші қоғамға қосылуы жол беріледі. Мұндай жағдайда қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы шешімді, бұл қосылу ірі мәміле болып табылған жағдайды қоспағанда, оған қосылып жүзеге асырылатын қоғамның директор кеңесі қабылдайды.

Қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын кейіннен жаңадан құрылатын қоғамдардың акцияларына айырбастаумен осы қоғамның барлық мүліктерін жаңадан пайда болған қоғамдар арасында бөлу арқылы қоғамның барлық мүлкін, құқықтарын және міндеттерін өткізу мен қоғамның қызметін тоқтатудыжүзеге асыру қоғамды бөлу болып табылады. Бұл ретте бөлінетін қоғамның құқықтары мен міндеттері бөлініс балансына сәйкес жаңадан пайда болған қоғамдарға өтеді. [9]

Бөліну нысанындақайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының қарауынабөліну нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру,жаңа қоғамдарды құру,қайтадан ұйымдастырылатын қоғамдардың бағылы қағаздарын құрылатын қоғамдардың бағалы қағаздарына айырбастау және бөлініс балансын бекіту туралы мәселелерді енгізеді.

Акционерлердің жалпы жиналысы қабылданған қоғамның бөлінуі туралы шешім қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын жаңадан құрылған қоғамдарының акцияларына айырбастау тәртібін,сондай ақ қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның бұрынғы шығарылған акцияларының әрбір түріне арналған,аталған акциялардың түрлері мен атаулы құнының айырбастау кезінде қолданылатын арақатынасын айқындауы тиіс.Бұл ретте акцияның бір түрін иеленгендерге берілетін құқықтар (оның ішінде айырбастауға арналған акцияларды таңдау) бірдей болуы тиіс,Қайтадан ұйымдастырылған қоғамның кез келген акционерлерінеоған тиесілі акцияларды жаңадан құрылған қоғамның акцияларына айырбастау нәтижесінде берілетін құқықтар оған қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның жарғысымен берілген құқықтармен салыстырғанда кемітілмейді немесе шектелінбейді.

Егер қоғамның жарғысында өзгеше көзделмесе,оны бөлу кезінде әрбір акционер қайтадан ұйымдастырылған қоғамдардың шығарған акциялардың жалпы санына оның акцияларының проценттік арақатынасына тең болатын жаңадан пайда болған қоғамның шығарған акцияларының жалпы санына өзінің акцияларын проценттік арақатынасын сақтайды.

 Қоғам оның акционерлерінің жалпы жиналысында бөліну туралы шешім қабылданған сәттен бастап бұл шешім туралы қабылданғаннан кейін туындаған міндемелер бойынша несие берушілерге хабарлауға міндетті. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөліну туралы шешім қабылданғаннан күннен бастап екі ай мерзімде өзінің барлық кредиторларына бөліну туралы жазбаша хабарлама жіберуге және баспасөз басылымында тиісті хабарландыру жариялауға міндетті . Хабарламаға бөліну балансы, сондай-ақ жаңадан пайда болған қоғамның әрқайсысының атауы, орналасқан жері туралы мәліметтер қоса беріледі. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның несие берушілері хабараламаны алған күнне бастап екі ай мерзімде қоғамннан қоғамның тиісті міндеттемелерін мерзіміннен бұрын атқаруды және залалдарды өтеуді талап етуге хақылы. Қоғамнан бөліну нәтижесінде пайда болған қоғамдар қайта ұйымдастырылған қоғамның міндеттемелері бойынша бірлескен жауапкершілікте болады.

 Қызметін тоқтат бастан қайта ұйымдастырылатын қоғамның мүліктерінің құқықтарының және міндерінің бір бөлігін өткізу мен бір немесе бірнеше қоғамды құру қоғмады бөлініп шығуы болып танылады.

Қайта ұйымдастырылатын директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын қарауына бөлініп шығу нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы. Бөлініп шығарудың тәртібі мен шарттары бөлініс балансы туралы және жаңа қоғам құру мәселелерді енгізеді. [10]

Қайта ұйымдастырлатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөлініп шғу нысанында қайта ұйымдастыру , жаңа қоғамдар құру және қайта ұйымдастырылатын қоғамның бағалы қағаздарын құрылатын қоғамдардың бағалы қағаздарына айырбастау туралы тәртібі және бөлініс балансын бекіту туралы тәртіпте шешім қабылдайды. Қоғамның бөлініп шығуы кезінде қайта ұйымдастырылатын қоғамның құқықтары және міндеттері бөлініс балансына сәйкес оған өтеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

 Нарықтық қатынастардың дамуы экономикалық саясаттың бара-бар жүзеге асуын талап етеді,бұл жағдай сондай-ақ акционерлік қоғамдардың қалыптасуы мен қызметініңдамуына да байланысты. Сондықтан даең бастысы акционерлік қоғамдардың ресурстарын тиімді қалыптастыру үшін стратегиялық мақсаттарға үлкен мән беруі қажет, ұйымдағы осы ресурстардытиімді басқару әдістерінің қолданылуы аса маңызды болып табылады.

Ғылыми-техникалық прогрестің жылдам дамуы кезеңінде еліміздегі елбасымыздың халыққа жолдауында көрсетілген алға қойылған барлық мақсаттардың, экономикалық саясаттың жүзеге асырылуы акционерлік қоғамдардың дамуынталап етеді.

Осыған қарамастан, қазіргі заманғы коммерциялық банктердің жағдайы жағымды тенденциялармен сипатталады, едәуір проблемалары бар.Жоспарланушы жағымды тенденцияларды әрі қарай дамыту мен бекіту банктік секторлардан үлкен күштерді талап етеді. Екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі коммерциялық банктер деңгейінде өткізілетін тұтас қаржылық талдау болып табылады. Коммерциялық банктердің жұмысын талдау оның шаруашылық қызметін зерттеудің бір түрі; талдаудың міндеті ішкі қорларды шығару мен оны дұрыс қолдану болып табылады.

Микродеңгейдегі аналитикалық жұмыстың маңыздылығын бағалау өте қиын. Коммерциялық банк деңгейінде талдауы мазмұнның нақты жетілдірілген, күнделікті шаруашылық-қаржылық банк қызметіне, оның ұжымына, менеджерге, жеке меншік иесіне байланысты.

Экономикалық талдауды өткізуді, оның мақсаттары міндеттерін сауатты етіп қою әрбір коммерциялық банк үшін аса өзекті болып табылады. Экономикалық талдау шешімдер мен іс-әрекеттердің алдын алады, қаржылық нәтижелерді ғылыми басқарудың негізі болумен қатар негіздейді, олардың объективтілігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Ол ресурстарды үнемшіл қолдануға, озық тәжірибені енгізуге, еңбекті ғылыми ұйымдастыруға, банк ісінің жаңа техникасы мен технологиясын енгізуге, басы артық шығындар мен жұмыстағы әртүрлі кемшіліктердің алдын алуғакөмектеседі. Нәтижесінде банк экономикасы нығаяды, оның қызметінің тиімділігі жоғарылайды. Сондықтан талдау қаржылық ресурстарды басқару жүйесінде, ішкі шаруашылық қорлардың әрекет етуші құралында ғылыми-негізделген жоспарлар мен басқару шешімдерін өңдеудің негізінің маңызды элемент болып табылады.

Ресурстарды басқаруда коммерциялық банктің өмірлік қабілетінің сапасы мен сенімділігін арттыратын экономикалық талдау айрықша роль атқарады.

Экономикалық талдаудың міндеті: банк қызметінің заңдылығын зерттеуге қатыстытеоретикалық талдау; нақты фактілер мен құбылыстардың бірлесуін зерттеуші ағымдағы талдау; негізгі тенденциялар мен басты әрекет етуші факторларды зерттеуші болашағы зор жетілдірілген талдау; аз мерзімдер аралығында пайда болатын міндетінде ауытқушылығы бар жедел талдаулар болып табылады.

Басқару тиімділігін арттырудың басты бағыты оның компьютеризациясы болып табылады. Мәліметтерді қарапайым автоматизациялау пооцесі үлкен жеңіске қол жеткізеді, еңбекті басқарудың дәл сол процестеріне жауапты жақтарының өндірістілігін едәуір жоғарылатады,Бұл процестің автоматизациясы еңбек шығындарын тек қысқартып қана қоймайды, сондай-ақ басқару процесіне жаңа сапалы құбылыстар алып келеді, алайда басқарудың оптимальдығын, жеделдігін арттыруға көмектеседі.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 1 Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана. — Астана: Ел орда, 2005.

  1. Нуреев P.M. Курс микроэкономики: Учебник для вузов. — 2-е изд.,изм. — М: Норма, 2004.
  2. Экономика: Учебник. 3-е изд., перераб. и доп. / Под ред. д-ра экон.наук, проф. А.С. Булатова. — М.: Экономистъ, 2003.
  3. Райзберг Б.А., Фатхутдинов Р.А. Управление экономикой. Учебник -М.: ЗАО «Бизнес-школа Интел-Синтез», 1999.
  4. Масленченков Ю.С., Дубанков А.П. Экономика банка. Разработка по управлению финансовой деятельностью банка. 2- издание — М:Издательскаягруппа «БДЦ-пресс», 2003.
  5. Бор М.З., Пятенко В.В. Практика банковского дела. Стратегическое управление банковской деятельностью. — М.: «ПРИОР», 1995.
  6. Введение в банковское дело. Учебное пособие/ Под ред. д.э.н. Ю.Б.Рубина.-М, 1997.
  7. Основы банковского менеджмента.: уч. пособие. / Под общ. ред. О.И.Лаврушина-М.:ИНФРА-М, 1995
  8. Деньги, кредит, банки: Учебник /под ред. чл. — корр. HAH PK,проф.Г.С.Сейткасимова. — Второе перераб. и дополнен, издание. — — Алматы: экономика, 1999
  9. Рынок труда. Учебник. Под. ред. проф. B.C. Буланова и проф.Н.А.Волгина. — М.: «Экзамен», 2000.
  10. Годин В.В., Корнеев И.К. Управление информационными ресурсами:17-модульная программа для менеджеров «Управление развитием организации». Модуль 17.-М.: «ИНФРА-М», 1999.
  11. Справочник директора предприятия / Под ред. М.Г. Лапусты. 4-е изд., испр., измен, и доп. — М.: ИНФРА-М,2000
  12. Управление персоналом. Учебное пособие/ под ред. Б.К). Сербиновского и СИ. Самыгина. М.: «Издательство Приор», 1999
  13. Закон Республики Казахстан от 31 августа 1997г. № 2444 «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан»// Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996г., № 2,
  14. Мадиярова Д.М., Марчевский B.C. Основы современного банковскогодела/уч. пособ.-Алматы: экономика, 1997.
  15. Банковское дело. Учебно-практическое пособие. Общее руководство и редакция: к.э.н., профессор Искакова З.Д. — Караганда,2002г.
  16. Спанкулова Л.С, Кожахметов Р.Т. Защита банковской информации.Учебное пособие — Алматы, КазНУ им. Аль — Фараби, ФЭБ, УМЛ, 2002г.
  17. Сатубалдин С.С. Азиатский кризис: причины и уроки. — Алматы, 2000
  18. Баландин Б.М. Информационно-аналитическое обеспечение управ­ления активами и пассивами банка. //Деньги и кредит . — 2002, № 10.
  19. Банковский портфель — 2. Книга банковского менеджера. Книга бан
    ковского финансиста. Книга банковского юриста. (Отв. СОМИНТЭК)
  20. Финансы. Денежное обращение. Кредит. Колл. авт. под ред. Г.Б. По
    ляка. Учебник, 2 изд. М: ЮНИТИ — ДАНА, 2001.
  21. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. Управление и опера
    ции. — М: ИПЦ «Вазар-Ферро», 1994
  22. Банки и кредитная политика в условиях перехода экономики. / мате
    риалы Международной научно — практической 20-21 октября 1995г., Алматы:экономика, 1995 г.
  23. Пещанская И.В. Организация деятельности коммерческого банка:
    учебное пособие. — (серия «Высшее образование»). М.: ИНФРА- М, 2001г.
  24.  Уайтинг Д.П. Осваиваем банковское дело: пер. с англ. / Под ред. В.А. Микрюкова. — М: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1996.
  25. Банковское дело./ Под редакцией В.И. Колесникова, Л.П. Кроливец-
    кой. — М., «Финансы и статистика», 1996.
  26. Чижов Н.А. Персонал банка: технология управления и развития. —
    М: Издательский центр «Анкил», 1997.
  27. Управление персоналом организации: Учебное пособие / под ред.
    д.э.н., проф. А.Я. Кибанова. — М: ИНФРА-М,2000.
  28. И. Шумпетер. Капитализм, социализм и демократия. — М.:: Экономи
    ка, 198О.
  29. Инновационный менеджмент: Учебное пособие / Под ред. д.э.н.,
    проф. Л.Н. Оголевой. — М.: ИНФРА — М,2003
  30. Основы менеджмента / В.Р. Веснин. — «ГНОМ-пресс» при сод. Т.Д.
    «Элит-2000», 1999.
  31. Челноков В.А. Банки и банковские операции: букварь кредитования.
    Технологии банковских ссуд.: учеб. для вузов. — М.: Высшая школа, 1998.
  32. У.Б. Баймуратов. Национальная экономическая система. — Алматы:
    Гылым 2000.
  33. Н.Назарбаев. Выступление на III конгрессе финансистов Казахстана.//
    Журнал «РЦБК», апрель 2003г.
  34. Сигаев Е.Х. Проблемы развития банковского сектора РК в условиях
    рыночных отношений.: Алматы, 2001.
  35. 10 лет тенге Национальный банк РК «Пресс АТАше»,2003г.
  36. Банковское дело. / Справочное пособие под ред. проф.Ю.А. Бабиче
    вой. — М., «Экономика», 2003
  37. Оспанов А.З. Влияние банковской системы на экономику области и
    основные направления дальнейшего развития. // По материалам Между народной научно — практической конференции «Валихановские чтения -9».Кокше-тау, 2004.
  38. Годовой отчёт Национального банка РК — 2003 год. — Алматы: ИИЦ
    «Дело», 2005
  39. Темирханов Е.У., Бейсембетов И.К., Иванов Т.И. Роль банковской
    инфраструктуры РК в проведении денежно — кредитной политики.: Алматы,1997г.
  40. Э.Роде. Банковские операции, М: Прогресс, 1999
  41. Банковский (I) портфель (Книга банкира. Книга клиента. Книга инве
    стора.)/ отв. ред. Коробов Ю.И., Рубин Ю.Б., Солдаткин В.И. — М.: «Соминтек»,