Адам құқықтары туралы реферат

ЖОСПАР

Кiрiспе

  1. Адам кұқықтары және мемлекеттердiң сыртқы саясаты
  2. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың жұмысы
  3. Адам құқықтары туралы халықаралық Билль

Қортынды

Пайдаланылғанәдебиеттер тiзбесi

Кiрiспе

Бүгiнгiкүнгi адам құқығын қорғау мәселесi текжекелеген мемлекеттердiң iсi ғана болып қана қоймай сондай-ақ ол барлықәлемдiкқауымдастыққа мүше елдердiң үлкен де өзектi iрi мәселесiнеайналып отыр.Осытұрғыдан алғанда бұл тақырып төңiрегiндегi проблемаларасаөзектi сипатқа ие болып отырғандығы белгiлi. Әсiресе осысоңғы оншақтыжылдар аралығындаадам құқығын қорғау мәселесi халықаралықденгейде белсендi түрдекөтерiлiп, тiптiбұлмәселе жекемемлекеттердiң құқық жүйесiнiң өзiншедербес саласы болыпқалыптаса бастағаны белгiлi.

Оның үстiнебұл құблыс бүгiнде тұрақты әрiүздiксiз қарқын алуда деп айтуға толық негiз бар. Мәселен, жекелеген мемлекеттердiңқұқық жүйесiнде құқықтың дербес саласы ретiндетанылған халықаралық құқықтағыадам құқықтарынқорғау мәселесi ұлттық құқық жүйесiнiң нормалары алдындахалықаралық құқық нормаларынабасымдылық беру ресми түрде осы күнi кең танылып отыр.Демек жалпы әлемдiк денгейде адам құқықтарын қорғауға аса жоғары мән берiлуде деп айтуға болады әрiбұл бағыттабасты бағдар ретiнде ұстанатынқағида- олжалпыадамгершiлiк құндылықтары екендiгiайқын көрнiс таба бастады.Оның үстiне қазiргi кезде адам құқықтарын қорғау халықаралық денгейде ұйымдық тұрғыдан алғанда жоғарғы денгейде көрiнiс тапқан деп айтуға болады. Мысалы,адам құқығын қорғаухалықаралық денгейдеБiрiккенҰлттар Ұйымы менЕвропалық Одақ денгейiнде беделдi түрдежұмыс жасап жатқаны белгiлi.Осы оң құбылыстарға,әринеәсер еткен ең басты ықпал- ол жекелеген мемлекеттердiңсыртқы саясаты екенi сөзсiз.

Мен өзiмнiң бұл жұмысымдаадам құқықтарын қорғаудың халықаралық аспектiлерiн қарастыра келiпонысыртқы саясатпен байланыстыра кетудi мақсат етiп отырмын.

  1. Адам кұқықгары және мемлекеттердiң сыртқы саясаты

Жалпыадам құқықтарын қорғау мәселесi тек қанаазаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен адам бостандығын қалыптастыратын нормалардың жиынтығы ретiнде, яғнидербес негізгі бiрқұқық саласы ретiндеғана танылып қоймайсондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарының дұрыс орындалуын көздейтін аса тиiмдiқұқықтық-ұйымдастыру тетіктері болып қалыптаса бастағаны белгiлi.

Халықаралық құқық саласы шегiнде дүние жүзі қауымдастығының адам құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда мемлекеттің ішкі жұмысына араласаалуы мүмкiндiгiн соңғы жылдардыңең бiр үздiк әлемдiкжетiстiктердiң бiрi деп қарстыруға болады.

Мәселенәмбебап сипаттағы көпжақты келісімдер, аймақтық ке­лісімдер, екіжақты келісімдер халықаралық әдет-ғұрыптар адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесі бойынша тікелей немесе жанама мамандандырылған халықаралық ұйымдардың шешімдері халықаралық құ­қықтыңнегiзгi қайнар көздерiнiң бiрiболып табылуда.

Бүгiнгi күнiхалықаралық іс қағаздарда белгіленген адам құқықтары каталогы ұзақ тарихи қалыптасудың эталондары мен стандарттардың нәтижесі болып, қазіргі демократияның нормасы ретінде қалыптаса бастады деуге болады. Барлық кездердетұлға мен билік арасындағы карым-қатынастардың реттеу әдістері мыңдаған жылдар бойы назарда болып келгенi белгiлi. Мәселен,қоғамдықпрогресс пен адамзаттың әлемдiк қауымдыстығыныңдамуы және олардыңбостандық жолында мемлекеттің тұтас билігін тежеу талпынысы, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өктемдік іс-әрекетінен адамдарды сақтау жәнетұлғаға барынша өз тағдырын өзі шешуте кең түрдiкберу айқын көріне бастады.

Әрбір адам туылғанынан бастап белгілі бір мөлшердегі (материалдық және рухани) ажыратылмас құқықтарға ие, ол құқықтарды қамтамасыз ету үшін қоғам мен мемлекет жәрдемдесуі тиіс. Әрқашан да бұл игіліктердің мөлшері ма­териалдық өндіріс жүйесінде тұлғаның қоғамдағы әлеумет­тік құрылымында алатын орнымен анықталады. Қоғам дамуының әр сатыларындағы күрт өзгерістер, өркениет өзге­шелігі, формальды теңдік қағидасына негізделген адам құқықтарына қазіргідей жан-жақтылық белгісін берген жоқ.

Дегенмен 5-6-ғасырларда ежелгі полюстерде демокра­тия идеясы мен азаматтық қағидалары алғаш рет дүниеге келген жерде (Афины, Рим) адам құқықтары тұжырымдамасының пайда болуы прогресс пен бостандық жолындағы үлкен қозғалыс болды.

Ежелгі полюсте азаматтық пен саяси құқықтар байланысты болды: бостандық, мемлекеттік істерді шешуге арналған құқық, әділеттілікті орнатуға қатысу құқығы және т.б. Сонымен қатар, мұндай құқықтарды қара жұмыспен айналыспаған адам ғана иеленеді.

Адамдарқұқықтардың кейбiр мемлекеттердешектеулі болатындығынақарамастан, мұндай институт барлық кезде қоғам мен мемлекеттiңөркениетi жолментұрақты дамуына толық оң ықпал жасайтындығысөзссiз.Ендiжалпы адам құқықтары мен оны қорғаудың тарихи қалыптасу мен даму кезеңдерiне қатыстыбiрер мәселелергетоқталып өтелiк.Мәселен сонау ертеректе заңдылыкқа ерекше көңіл бөлiгенi белгiлi, мысалы азаматтық және адам құқықтары туралы ұғым, әр азаматтың полюске деген қамқорлығы сол кездiң өзiндетеория жүзінде пайда бола бастағаны белгi (Платон, Сократ, Аристотель, Перикл және басқалар). Кейiнненқоғамның дамудың келесі кезеңдерi адам құ­қықтары мен заңның үстемділiгiнiңбір-бірімен тығыз байланысты екендiгi айқындала бастады.. Бұл ежелгі ойшылдардың мемлекеттік, бостандық және ізгілік бағытындағы қарқындыдамуының басты белгісі бола бастады деуге болады. Тарихи дамудың баспалдағы адам құқықтарына жаңа қасиет бере отырып, ол субъектілердің жаңа топтарына таратылды. Әриенбұлтаптардың, сословиелердің өз құқықтары үшін, бостандықтары үшін әрi олардың өздерiнiңбаюы үшін болған күрес екендiгi айтпасада түсiнiктi.

Гуманистік игіліктің алтын қорына енген адам құқық­тары тұңғыш рет Ұлы бостандық хартиясында (1215 ж.) мазмұндалып, ағьлшындардың құқықтар туралы билльмен (1689 ж.), Егемендік декларациясымен (1776 ж.), американдықтардың Құқықтар туралы билльмен және адам мен азаматтардың құқықтары декларациясымен дамытылды. Бұл игіліктердің генезисін көре тұра, адамдардың табиғи құқықтарын оқып зерттеуге талпыныс берген ежелгі гректердің философиясын, әлеуметтік әділдік пен тендіктің жорамалдарын қозғаған реформация мен білімпаздықтың кезеңіндегі постулаттарды, әринееске түсірмеуге болмайды.

1919 ж. Ұлттар Лигасының жарғысы адам құқықтарын жинайтын жалпы ережелерді қосқан жоқ. Ол кезде адам құқықтарын халықаралық түрде қорғау туралы ойды Ұлттар Қауымдастығы мойындаган жоқ еді, сонымен қатар ол келісімнің құрастырушылары оған үлкен мән берген жоқ. Бірақ ол келісімде адам құқықтары туралы халықаралық заңдардың дамуына әсер ететін екі ереже болды (22 және 23-баптар).

Мәселен, 22-бапқа сәйкес, Ұлттар Лигасының жарғысымен Лига мандаттарының жүйесі құрылды. Бұл ереже тек Бірінші Дүниежүзілік соғыста жеңілген, бұрынғы отар мемлекеттерге ғана қолданылды. Бұл қағидаға сәйкес, отар мемлекеттер Лигаға тәуелді аумақтар болып қайта құылып, ол мемлекеттердің басқаруын жеңуші державаларға берді, ол өз кезегінде жыл сайын Лигаға олардың міндеттерді қалай орындағаны жөнінде баяндайтын. Лиганың ыдырауымен бұл мандаттар жүйесі де жойылды. Ал Ұлттар Лигасы жарғысының 23-бабы әйелдерге, ерлерге және балаларға әділетті және адамгершілікті жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерге арналған. Сонымен қатар, бұл бап айтылған мақсаттарға жету үшін, халық­аралық ұйымдарды құруды көздейді. Бұл қызметті Ұлттар Лигасы құрылған уақытта құрылған Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ) өзіне алды. ХЕҰ-ның заң шығару міндеті және оның құрған халықаралық еңбек стандарттарын қадағалайтын жүйе еңбек шарттары мен адам құқықтары туралы халықаралық зандардың дамуына үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, Ұлттар Лигасы азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйенің дамуында үлкен рөл атқарды. Ұлттар Лигасының жарғысында бұл мәселе қарастырылған жоқ. Бұл өкілеттілікті Ұлттар Лигасы бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі қол қойылған келісімдер арқылы алды. Сол соғыстың салдарының бірі, Еуропа мен Таяу Шыгыстың саяси картасының өзгеруі болды. Жаңа мемлекеттер пайда болып, көптеген мемлекеттер өз тәуелсіздігін ал­ды. Көпшілікте олардың құрамына этникалық, тілдес және мәдени азшылықтар кірді. Жаңа саяси тәртіптің болуы олардың мәдени өмір сүруіне қауіп-қатер туғызады деген байсалды, тарихи күмән болды. Сол үшін жеңуші державалар одағының өкілеттіліктері, жаңа мемлекеттерді өздерінің этникалық, тілдік, діни құқықтарын қорғайтын арнайы келісім-шартқа қол қоюды кеуделеді. Бұндай келісім-шарттарға қол қойылды. Азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйені қолданатын мемлекеттер азшылық жөніндегі кемсітушілікке жол бермеуге, азшылықтың этни­калық, діни, тілдес бірлестігін сақтап қалу үшін ерекше құқықтар беруге міндеттенеді.

Ұлттар Лигасының келісімі бойынша екі жақ өз міндеттерінің орындалуына кепіл берді. Азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйе Үлттар Лигасымен бірге жойылды.

Сонымен, халықаралық құқықтардың ішінде түрлі топтардың құқықтарын қорғайтын институттар мен доктриналар пайда болды. Халықаралық құқықтардың бұл аспектілерінің теория мен іс жүзінде қолданылуы, адам құқықтарының дамуына концептуалды және институционалды негіздер қалады.

  1. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың жұмысы.

Бұл қарастырылмақмәселе төңiрегiнде айтпас бұрын алдымен бiздер қазіргі адам құқықтары туралы заңдардыңтек екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ғана пайда болғанын еске түсiрiп кеткiмiз келедi. Әрине,халықаралық қауымдастықтың мұндай заңдарды қабылдауына түрткі болған Гитлер заманындағы адам құқықтарының жан түршігерліктей бұзылуы еді. Бірақ, БҰҰ-ның жарғысында жазылған адам құқықтары туралы ережелер әскери уақыттың сенімін ақтаған жоқ. Мұндай нәтижені күтуге болатын еді, өйткені әрбір Ұлы державаның адам құқықтары туралы маңызды мәселелері болды. КСРО-да – ГУЛАГ, АКДІ-та -нәсілдік кемсітушілік, Ұлыбритания мен Францияда – отар иеліктері болды. Сондықтан олар адам құқықтарын орындауға және қорғауға коп көңіл бөлді. Бұл мемлекеттер жарғының зерттелуін қолдаған жоқ еді, өйткені жарғы, кейбір кіші демократиялық мемлекеттер қолдаған, адам құқық­тарын жақтайтын халықаралық жүйенің құрылуына алып баратын еді.

Бірақ БҰҰ-ның жарғысы қазіргі адам құқықтары туралы заңдардың тұжырымды және заңды негізін қалады. Сонымен БҰҰ-ның жарғысында жазылған мақсаттардың бірі экономикалық, әлеуметтік, мәдени, Гуманитарлық мәселелерді шешуде, нәсілі, жынысы, тілі, діні жағынан бөлмей, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қолдап, құрметтеуде бірге жұмыс істеу болып табылады. БҰҰ жарғысы адам құқықтары мәселесін интернационалдандырды, басқаша айтқанда, әр мемлекет көпжақты келісім болып табылатын жарғыға қосылғанда адам құқықтары туралы мәселелерді мемлекеттің ішкі ісі деп қарамай, халықаралық мәселе болып танылатынын мойындады.

БҰҰ-ның мүше мемлекеттерінің 56-бапқа сәйкес, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының дамуына атсалысудағы міндеттері және мүше мемлекеттердің ұйыммен қарымқатынас жасауы БҰҰ-ға бұл заңдарға анықтама беруге және кодификациялауға керекті заңды өкілдік береді.

Адам құқықтары туралы халықаралық билльдің және қазіргі қолданылатын адам құқықтарын қорғайтын көптеген келісімдердің қабылдануы осындай атсалысудың нәтижесі болды.

Бұдан әрі қарай, БҰҰ өзінің өмір сүруі барысында, адам құқықтарының дамуы жөнінде, БҰҰ мүшелерінің міндеттерін көрсетіп, оларды ұлғайтып, жарғының ережелеріне сәйкес адам құқықтарының орындалуын қадағалайтын институттарды құрай алды. Бұл институттар: БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясы, азшылықты қорғап, кемсітушіліктің алдын алу жөніндегі шағын комиссия, әйелдердің әл-ауқаты және жоғарғы комиссардың адам құқықтарын басқару туралы комиссиясы.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия Экономикалық және әлеуметтік кеңестің қамқорлығында жұмыс істейді. Ол мынадай мәселелермен шұғылданады: ЭКОСОС-қа зерттеулер жүргізіп, баяндамалар дайындайды, конвенциялар мен декларациялардың жобасын дайындайды және адам құқықтары жөнінде басқа да жұмыстармен айналысады.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия БҰҰ-ның күн тәртібін кеңейтуде үлкен рөл атқарып, адам құқықтарын бұзушылықпен күресуде жаңа халықаралық тәсілдерді қолданды (Нақты жағдайлар және мемлекеттер бойынша ман­дат берілген жұмысшы топтардың және баяндамашылардың торабын ұлғайту). Халыкдралық қауымдастықтың күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі — адам құқықта­рының қорғалуы болуы, сонымен қатар адам құқықтары туралы БҰҰ жарғысы ережесінің қолданылуының кеңейтілуі — бұл комиссияның зор еңбегі.

Азшылықты қорғап, кемсітушіліктің алдын алу жөнін­дегі шағын комиссия 1946 ж. құрылды. Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырумен айналысады:

  1. Адам құқықтары мен нәсілдік, ұлттық, діни және тілдес азшылықты қорғауға байланысты адам құқықтары жөніндегі комиссияға сипаттама беру және зерттеулерге кірісу.
  2. ЭКОСОС немесе адам құқықтары жөніндегі комиссияның кез келген басқа да жұмыстарын атқару.

Шағын комиссияның құрамына 26 сарапшы кіреді. Шағын комиссия жылына бір рет сессия өткізеді. Оның басқа жоғарыда айтылған адам құқықтары туралы БҰҰ институттарынан негізгі айырмашылығы, ол өз үкіметінің атынан жұмыс істемей, комиссия мүшелері өз беттерінше бөлек жұмыс істейді.

Әйелдердің әл-ауқаты жөніндегі комиссия 1946 ж. құрылды. Комиссияның қызметі қоғамның барлық салаларындағы әйелдердің құқығы қорғалуының жүзеге асырылуы жөнінде ЭКОСОС-қа баяндама мен ұсыныс дайындау болып табылады. Комиссия мүшелерін (ЭКОСОС) Кеңес 4 жылға сайлайды, олар үкіметтің сарапшылары болып келеді.

Комиссияның қамқорлығымен Әйелдердің құқықтарына байланысты көптеген конвенциялар мен декларациялар зерттеліп дайындалды. Мысалы, 1952 ж. Бас Ассамблея Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция қабылдады, 1957 ж. Күйеуге тиген әйелдердің азаматтығы туралы конвенция, 1967 ж. Әйелдер жөніндегі кемсітушілікті жою, Әйелдер мен ерлердің заң алдындағы құқықтарының теңдігі және балалар жөніндегі құқық пен міндеттердің теңдігі туралы декларация.

Адам құқықтары туралы жоғарғы комиссар, Адам құықтары туралы Жоғарғы комиссар басқармасы 7.01.94 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен құрылған болатын. Жоғарғы комиссар БҰҰ Бас хатшысының басқаруындағы, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі істерді қадағалайтын лауазымды тұлға болып келеді.

Өз міндеттерін орындау барысында жоғарғы комиссар Бас Ассамблеяның, ЭКОСОС және адам құқықтары туралы комиссияның шешімдері мен өкілдіктерінен шықпай жұмыс істейді. Бұл өкілдіктің арқасында жоғарғы комиссар бүкіл дүние жүзінде адам құқықтары туралы кез келген мәселені алып, адам құқықтарының бұзылмауы үшін күш салады.

Сонымен, Жоғарғы комиссар лауазымының құрылуы БҰҰ-ның адам құқықтарының бұзылуымен күресудегі үлкен кадам болып табылады.

  1. Адам құқықгары туралы халыкаралық Билль

БҰҰ жарғысының адам құқықтары туралы ережелеріне толықтыру болып келетін адам құқықтары туралы Билль адам құқықтарының жалпы декларациясынан, адам құқық­тары туралы екі пактіден және азаматтық саяси Пактіге арналған екі факулътативті хаттамадан тұрады.

Адам құқықтарының жалпы декларациясы.

Сан-Францискода өткен конференцияда БҰҰ жарғысына “адамдардың негізгі декларациясын” қосу туралы пікірлер айтылған, бірақ олар қабылданған жоқ. Бұл мәселе БҰҰ-ның бірінші жиналысында қайта көтерілген болатын. Осыдан кейін, адам құқықтары туралы қайта құрылған комиссияға Адам құқықтары туралы халықаралық бильді дайындау берілді. Комиссия декларацияны заңды міндеттемелік келісімге қарағанда кепілдемелі түрде қабылдау оңай болатынын түсінді. Сондықтан ол бірінші декларациямен, одан соң бір немесе бірнеше келісімнің жобасымен жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыстың нәтижесінде Жалпыға бірдей құқықтар декларациясы жасалды. Ол декларацияны БҰҰ Бас Ассамблеясы 1948 ж. 10 желтоқсанда қабылдады. Бас Ассамблея бұл күнді Адам құқықтары күні деп тағайындады.

Декларация бір қағидаттар мен нормалардың басқа қағидаттар мен нормаларға бағынуын айта келіп, адамның әр құқығы бөлек және маңызды игілік болып табынатынын атап көрсетті. Бұл құжатта көрсетілген тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын жеке адамның құқықтары мен бостандықтары, азаматтық және саяси құқықтар, әлеуметтік экономикалық, мәдени кұқықтар етіп топтастыруға болады.

Декларация бостандық пен теңдік, кемсітушілікке жол бермеу, тұлғаның ар-намысын құрметтеу қағидаттарын бекітуден басталады. Бірінші баптардан бастап: өмір сүру құқығы, бостандық құқығы, жеке адамның дербес құқығы, тұлғаның өмірінің қорғалуын жариялап, адам құқықтарының заңды кепілдігі, әділеттіліктің ресімдік кепілдігі, тұлғаны қинап, аяусыз қарауға тыйым салынады. Жоғарыда айтылған құқықтар дербес құқықтар мен бостандықтардың тобын құрайды.

Тұрғын орынды таңдау және көшіп-қону құқығы, ар бостандығы, ой мен көзқарас бостандығы, мемлекеттік билік органдарына сайлану және сайлау құқығы, азаматтық құқық Жалпыға бірдей декларацияның 6, 13-21-баптарында азаматтық және саяси бостандықтарын құрайды.

Әлеуметтік-экономикалық құқықтарға Жалпыға бірдей декларация мынадай құқықтарды жатқызады: еңбек құқығы, жұмыссыздықтан қорғалу құқығы, еңбек үшін әділ ақы төлеу құқығы, демалыс алу және демалу құқығы, білім алу құқығы, әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығы. Бұл құқықтар декла­рацияның 22, 28-баптарында көрсетілген. Жалпыға бірдей декларацияны қабылдау халықаралық қатнастардың жаңа бір кезеңі болды. Жалпыға бірдей декларация БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары ретінде қабылданды, сондықтан БҰҰ жарғысына сәйкес кепілдемелі түрде жазылған. Бірақ оның ережелеріне баға беруде, халықаралық құқықта келісімдермен бірге заң шығару процесінде, мемлекеттердің халық­аралық практикасында дәстүрдің пайда болуы, кейіннен міндетті нормаға айналатынын ескеру керек. Осыған ұқсас, қазіргі кезде Жалпыға бірдей декларацияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтар, заңды міндетті немесе келісімді нормалар ретінде қарастырылады.

Жалпыға бірдей декларацияны қабылдағаннан кейін, Бас Ассамблея Адам құқықтары комиссиясына адам құқықтары туралы екі пакт дайындауды ұсынды. Бұл мемлекеттер құқықтары кешендернiң заңды міндеттемелігінің әр қалай түсінуіне байланысты болды. Мысалы, АҚШ және БҰҰ мүшелігіндегі кейбір мемлекеттер азаматтық және сая­си құқықтардың барлық мемлекеттермен жедел және міндетті түрде орындалуын, ал әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтардың стандарт ретінде қойылып, оларға жету үшін Экономикалық дамуына байланысты әрқашан тырысу керек деп түсінді. Бұндай түсінік ол кезде басым болды. Соған байланысты Бас Ассамблея 1966 ж. 16 желтоқсанда екі келісім қабылдады — Азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және экономикалық, әлеу­меттік, мәдени құқықтар туралы пакт. Одан кейін бұл пактілердің күшіне енуі үшін 35 мемлекет саны жиналып, бекіткенше 10 жыл өтті.

Пактілерде көрсетілген қүқықтардың жиынтығын түрлі талқылауға қарамастан, халықаралық келісімдердің кіріспесінде азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық құқық­тардың бір-бірімен тығыз байланысты екені жазылған. Пактілерде мәселелердің негізіне байланысты бірнеше жалпы ережелер көрсетілген. Осылайша екі пактінің 1.1-баптарында “әр халықтың өзін-өзі анықтау құқығы бар” деп жазылған. Екі құжаттың да 1.2-баптарында “әр халықтың өз табиғи ресурстарын еркін пайдалану құқығы бар екені көрсетіледі. Екі құжатта да адамдарды нәсілі жағынан, жынысына немесе тіліне, терісінің түсіне байланысты, саяси, идеологиялық, діни себебімен, шығу тегіне, туылуына, мүліктік жағдайына байланысты кемсітушілікке жол берілмейді[2].

Келісім бола отыра, пактілер мемлекеттерге заңды міндеттер туғызады. Әр пакт мемлекеттердің өздеріне алған міндеттерін орындау үшін, келісімді сақтау үшін, халық­аралық жүйені құрайды.

Саяси және азаматтық құқықгар туралы Пакт. Бұл Пактіде жазылған саяси және азаматтық құқықтар заң жүзінде талданып жазылған. Жалпыға бірдей адам құқықтары туралы декларациясында Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактісіне айтылмаған кұқықтар жарияланады, олардың ішінде жеке меншікті иелену құқығы, саяси баспана сұрау және саяси баспана алу құқығы, сонымен қатар азаматтықты иелену құқығы. Жеке меншік иелену құқығының пактіге кірмеген себебі, БҰҰ-дағы идеологиялық және саяси блоктардың жеке меншіктің анықтамасы мен шекарасы туралы бір ойға келе алмағандықтарынан болды.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіні Адам кұқықтары жөніндегі комитет құрып бекіткен, келісім бойынша мүше мемлекеттердің өздеріне алған міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ететін түрлі міндеттер белгіленген. Бұл міндеттер пактіде көзделген баяндамалар жүйесі мен өтініштерді қарастыратын және мемлекетаралық механизмдерді басқарудан тұратын.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықгар туралы Пакт. Бұл Пактіде Жалпыға бірдей декларацияға қарағанда экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың тізбегі көбірек және толықтау көрсетілген. Пакт келесі құқықтарды мойындайды: еңбек құқығы; әділетті және қолайлы еңбекке құқық; кәсіподақ құру мен мүше болу құқығы; әлеуметтік қамтамасыз етілу қүқығы және әлеуметтік сақтандыру құқығы; отбасын қорғау құқығы; тән және жан саулығында ең жоғары табысқа жету құқығы; мәдени өмірге қатысу құқығы.

Пактіде бұл құқықтар тек аталып қоймай, түсіндіріліп, анықталып жазылып, сондай-ақ бұл құқықтар іске асу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керек екені көрсетіледі.

Сонымен қатар, адам құқықтарының іске асырылуы мемлекеттің ресурстарымен тығыз байланысып, бірте-бірте орындалатынықұқықтардын маңызды аспектілері болғанын айта кету керек. Бұндай міндеттердің тұжырымы нақты мазмұнын жоғалтып, заңды талаптан гөрі, тілекті көрсетеді. Мемлекеттер Пактінің ережелерін орындамаған жағдайдаәлеуметтiкжәне экономикалық құқықтардыңбiрте – бірте орындалуына және оларды іс жүзіне асыру қазіргі кезде ресурстардың жоқтығын әрқашан себеп  етедi.

Пактінің орындалуын қадағалау 1985 ж. ЭКОСОСпен  кұрылған экономикалық, әлеуметтік және мәдениқұқықтар комитетіне берілген. Комитеттің құрамына Пактiге мүше болып келетін мемлекеттер сайлайтын 17 сарапшыкiреді. Олар өз міндеттерін өз бетінше орындайды. Комитеттiңқолайлы жұмыс жасауы, имллементалды (халықаралық құқық актілерін мемлекеттік күқық iшiне ендірумеханизiмдердiң жоқтығымен қиындатылады. Қазіргi кездепактiгетолықтыру ретінде хаттама жасалды, бірақ ол әлiбекітілген жоқ. Бұл хаттамаға сәйкес Комитет құқықтардың орындалуына жасалып жатқан шаралар туралы мемлекеттердiңбаяндамаларынғана қарастырмай, жекежәне мемлекетаралық шағымдарды қарастырады.

Азаматгық және саяси кұқықтар туралы Пактіге факультативтi хаттама. Бұл келісім бөлек құжат ретiнде қабылданып, азаматтық және саяси кұқықтар туралыПактінiң іске асырылуын қамтамасыз ететінқосымша шаралардытолықтырады. Ол Пактінің. бұзылуының құрбаңы болдымдеген жеке тараптарға, Адам құқықтары туралыкомитетке жекешағымберугемүмкіншiлiкбереді.Шағымдар тек пактіні мойындаған мемлекеттерге қарсы берiле алады.

Азаматтық жәнесаясиқұқықтартуралыПактiгеекiншiфакультативтi хаттама. Ол 1989 ж. 15 желтоқсанда қол қойылу  үшін ашылып, 1991 ж. 11 шілдесінде күшiне ендi. Хаттаманың талаптарына байланысты оны азаматгық және саясиқұқықтар туралыпактігетолықтыру ретінде карастырады. Ол өлiмжазасынаарналған. Бұлхаттаманы мойындағанмемлекетюрисдикциясында бірде-бір тұлға өлім жазасынакесiлмейдiжәне әр мемлекет өз юрисдикциясында жатқанаумақта өлiмжазасын қолданбауға мүмкіндігінше шара қолдануы керек.

Адам құқықтары туралы билль, мемлекеттердің адам құқықтары жөніндегі прогресін өлшейтін эталон ретінде мойындалды. Адам құқықтары туралы билльдің ережелері көптеген мемлекеттердің конституциясына, олардың ішінде Қазақстанның конституциясына да енді.

1997 ж. 31мамырда Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіні 133 мемлекет, ал Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пактіні 136 мемлекет бекітті. Қазақстан Республикасы қазіргі кезде адам құқық­тары туралы билль құжаттарына кіру туралы мәселені қарастырып жатыр.

Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын жүйенің орнатылуы

Адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғауды заңды жариялау – азаматтық қоғамға жол салған қоғамның және мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл проблеманың түрлі аспектілері Қазақстанда түрліше шешіледі. Казақстан Республикасы адам мен азаматтың кәдімгі құқықтары мен конституциялық құқықтарын белгілеуде алға жылжыды. Казақстан Республикасы Конституциясының Жалпыға бірдей адам құқықтары туралы декларацияны қайталайтынын айту жеткілікті. Сонымен катар, ағымды заңдарда да адам құқықтары туралы императивті ережелер бар.

Барлық мемлекеттік органдардың ішінде, адам құқықтарын қорғауға сот жүйесі және құқық қорғау органдары бейімделген. Бірақ адамдарды кұқықтармен қамтамасыз ету және қорғау міндеті, құқық қорғау органдарымен жеткілікті мөлшерде орындалмайды.

Адам құқықтарының Казақстанда іске асырылуына Казақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы адам кұқықтарының Комиссиясы көмектеседі. Бұл комиссия мәртебесі жағынан мемлекет басшысының қарамағындағы консультативті кеңесші орган болып табылады. Комиссия жұмысының үйлестірілуі Казақстан Республикасының мемлекеттіккеңесшісіне берілген. Комиссия Кдзақстан Республикасы Президенте, оның адам құқықтары мен бостандықтарын кепілдікпен камтамасыз етуге байланыстыконституциялык міндетін орындауға көмектесуі керек, сонымен Қатар ол адам кұқықтары мен бостандықтарын камтамасыз етужәнеқорғау тетіктерін жандандыруға күш салысуы керек.

Комиссия жұмысына Адам құқықтары мең бостандықтарының сақталуы жөнінде жыл сайын және арнайы баяндама жасау; ұсыныс жасау және адам құқықтарын қорғау тетігін жандандыру; талдау материалдарын дайындау Казақстан Республикасының мүддесін қорғайтын адам құқықтары туралы құқықтық халықаралық құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды жасау; адам құқықтары жөнінде арнайы халықаралық ұйымдардың жұмысына Қатысу кіреді. Комиссия өкілеттік емес құқық қорғаушы ұйымдар мен адам құқықтары жөніндегі кеңестер мен отырыстар жүргізеді.Комиссия 1998 ж. 9 желтоқсанында адам кұқықтарыныңЖалпыға бірдей декларациясының 50 жылдығынаарналған. “Дөңгелек үстелдің” отырысын өткізді, бұл қоғамiшiнде белгiлi бiр пiкiр туғызды. Сонымен катар, комиссия адам кұқықтарының бұзылуы жөніңце Казақстан Республиксының Президентіне арналған және комиссияның өзіне ар­налған шағымдар мен өтініштерді қарастырады.

Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға арналған үкіметтік емес ұйымдар да бар. Солардың ішінде Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро Адам құқықтары жөніндегі Алматы-Хельсинки Комитеті “Казақстанның құқықтық дамуы”, “Әйелдер менқұқықтаркәсiподақтар конфедерациясы бар.

Бұл үкіметтік емес ұйымдар адам құқықтарымен айналысатын органдардың жұмысына белсене катысады Казақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру тетіктерін жандандыруға байланысты ұсыныстар енгізеді, республиканың жекелеген азаматтарына нақты көмек көрсетеді.

Халықаралық құқықта адам құқықтары – бұл халық­аралық бұқаралық құқықтың өз бетінше саласы. Халықаралық құқық халықаралық аренада адам құқықтарын қорғауға маңызды мән береді.

Халықаралық бұқаралық кұқықта ресми берілген баржоғы он қағида бар. Олардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасы.

Халықаралық кұқық ұлттық кұқықтың адам кұқықтары аспектiлеріндегі нормалардың калыптасуына әсер етеді. Казақстан оны конституциялық және күнделікті заңдарында көрсетті. Осымен Қазақстан өзінің азаматтарын кұқықтармен қамтамасыз етіп қана қоймай, халықаралық қауымдастық алдында адам кұқықтарын сақтауға міндет алады

Қортынды

Сонымен қорыта келiптөмендегiдей тұжырым жасауға болады: бүгiнжалпы әлемдiк денгейде адам құқықтарын қорғауға аса жоғары мән берiлуде деп айтуға болады әрiбұл бағыттабасты бағдар ретiнде ұстанатынқағида- олжалпыадамгершiлiк құндылықтары екендiгiайқын көрнiс таба бастады.Сондай-ақ қазiргi кезде адам құқықтарын қорғау халықаралық денгейде ұйымдық тұрғыдан алғанда жоғарғы денгейде көрiнiс тапқан деп айтуға болады.

Бүгiнгiкүнiхалықаралық кұқық ұлттық кұқықтың адам кұқықтары аспектiлеріндегі нормалардың калыптасуына әсер етеді деп айтуға болады. Казақстан оны конституциялық және күнделікті заңдарында көрсетті. Осымен Қазақстан өзінің азаматтарын кұқықтармен қамтамасыз етіп қана қоймай, халықаралық қауымдастық алдында адам кұқықтарын сақтауға міндет алады.

Тағы бiр айтуға тұрарлық жағдай – ол халықаралық құқық саласы шегiнде дүние жүзі қауымдастығының адам құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда мемлекеттің ішкі жұмысына араласаалуы мүмкiндiгiн соңғы жылдардыңең бiр үздiк әлемдiкжетiстiктерiдiң бiрi деп қарстыруға болады.

Адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғауды заңды жариялау – азаматтық қоғамға жол салған қоғамның және мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Осы оң құбылыстарға,әринеәсер еткен ең басты ықпал- ол жекелеген мемлекеттердiңсыртқы саясаты екенi ешбiр күмән келтiрмейдi.

Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға арналған үкіметтік емес ұйымдар да бар. Солардың ішінде Қазақстандық адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро Адам құқықтары жөніндегі Алматы-Хельсинки Комитеті “Казақстанның құқықтық дамуы”, “Әйелдер меңқұқықтаркәсiподақтар конфедерациясы бар.

Пайдаланылғанәдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.
  2. Азаров А.Я. Права человека. М., 1995. Даниленко Г.М. Международная защита прав человека. М., 1998.
  3. . Журсимбаев С. Права человека в международно-пра­вовых актах и Конституции Казахстана. Астана, 1998.
  4. Искакова Г.К. Права человека в Казахстане. Алматы, 1999
  5. Николайко И.В. Права человека и система ООН. Киев, 1991.
  6. Основные международные документы по правам че­ловека. Материалы и комментарии. Алматы, 1998.
  7. Права и свободы человека в Казахстане. На основе материалов Международной конференции /Астана, 18-19 июня 1998 г./Алматы, 1998.
  8. Права человека как фактор стратегии устойчивого развития. Под редакцией Лукашевой Е.А. М., 2000.
  9. Права человека. Учебное пособие. Под ред. Сарсен-баева М.А., Алматы, 1999.
  10. Развитие национальных учреждений по правам челове­ка в Казахстане на основе материалов Международного семинара 2—4 сентября 1999 г., Астана, Алматы, 1999. Между­народные акты о правах человека. Сб. документов. М., 1998.

Адам құқықтары туралы халықаралық актілер. Құжаттар жинағы. М. 1998.

Азаматтық және саяси құқықтартуралы халықаралықПакт. 2/1/-бап; экономикалық, 1) және мәдени күқықтар туралы халықаралық Пакт 2/2/-бап.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық Пакт, 2-бап, 1-тармақ.