Ағылшын тіліндегі эпитеттердің стилистикада алатын орны

Кіріспе

Аударма мәселелері шет тілдерден ана тіліне аудару, әсіресе егемендігімізді алғаннан кейінгі аз уақыт ішінде бірден бір маңызды салалардың бірі болып келе жатқаны рас. Шет тілдерден қазақ тіліне немесе керсінше, қазақ тілінен ағылшын тіліне тікелей аудару жөнінде жеткілікті мағлұматтар, құнды аудармалар жоқтың қасы. Қазіргі уақытта бұл мәселені теориялық және практикалық тұрғыда талдау өте қажетті болып отыр. Қай тілдің болмасын дүниетанымы мен мәдениеті тікелей байланысты. Мәдениет аралық қатынас мәселелері бірден-бір мәдениетіміз бен тіліміздің жедел қарқынмен дамуының арқасында аударма мәселесі негізі болып, бұл мәселелердің шешімін талап етеді.

Жоғарыда атап көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:

  1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі эпитеттердің тіл білімінде зерттеген еңбектерге сараптама жасау.
  2. Екі тілдегі эпиттердің стилистикалық құрылымдарын зерттеу.
  3. Эпитетттің басқа стилистикалық тәсілдерін, әсіресе метафорадан айырмашылығын ашып көрсету.
  4. Ағылшын және қазақ тілдаріндегі эпитеттердің жасалу жолдарын анықтау.
  5. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі эпитеттердің лингвомәдени аспектілерін ашу және аударма барысында аудармашыға жүктелетін міндеттерге талдау жасау.

 Ғылыми жұмыстың дәйектілігі ағылшын, қазақ эпитеттерінің лингвистикалық табиғатын анықтау, ағылшын, қазақ эпитеттерінің ұлттық және тілдік ерекшеліктерін зерттеу, екі тілдегі эпитеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра зерттеу осы жұмыстың дәйектілігін көрсетеді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Екі тілде де эпитет бұрыннан қалыптасқан лингвистикалық құбылыс екеніне қарамастан, олардың ашылмаған қырлары, әсіресе лингвомәдени тұрғдан зерттелмеген. Мұның бір себебі лингвомәдениеттану, этнолингвистикалық, мәдениет аралық байланыс лингвистиканың жаңа салалары болып есептелгендіктен ағылшын, қазақ эпитеттрін бірлікте қарастыру, әсіресе салғастырмалы жолмен талдау, сол кезде орын алатын қиыншылықтарды айқындау және олардың алдын алуға байланысты алғашқы жұмыс екендігінде.

Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы  – қортындылары бұрын соңдызерттеу нысаны болмаған, осыған орай, туыс емес екі тілдегі эпиттерден граматикалық құрылымдағы ұқсастықтар мен ерекшеліктері, эпитеттің жасалу негіздерінің лингвомәдени мәселелері жалпы тіл білімі, салғастырмалы және типологиялық зерттеудің теория негіздерін толықтыра түседі, сондай-ақаударманы оқыту барысында жеке-дара бір аспект немесе аударма мәселелері төңірегінде жасалған қомақты еңбек болып табылады.

 Зерттеу жұмысының барысында тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыстілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер қамтылады. Олардың арасында лингвистикалық зерттеу жұмыстары, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттану

тұрғысында әдебиеттер мен ғылыми зерттеулер, тарихи зерттеулер, қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі сөздікткр, әдеби шығармалар қарастырылады.

Курстық жұмыстыңІ тарауында ағылшын тіліндегі эпитеттің жалпы стилистикада алатын орны, оның тілдік табиғаты, эпитеттердің басқа тәсілдерден ерекшелігі,жасалу жолдары мен классификациясына терең тоқталамыз. ІІ тарауында, керсінше қазақ тіліндегі эпитеттің қазақ стилистикасында алатын орны, тілдік табиғаты мен жасалу жолдарына, эпитеттердің классификациясына шолу жасаймыз. Ал бұл курстық жұмыстыңІІІ тарауындалингвомәдениеттану ғылымы, оның ерекшеліктері мен лиингвистикадағы рөліне, содан соң ағылшын, қазақ тілдеріндегі эпитеттердің салғастырмалы түрде зерттелуі мен олардың лингвомәдени мәселелеріне талдау жасаймыз. Сондай-ақ осы тараудың 3 бөлімінде эпитеттердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу тәсілдері және аударма барысында байқалатын негізгі тұстарға жеке-жеке тоқтала сипаттама жасаймыз.

І ТАРАУ

1.1. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТТЕРДІҢ СТИЛИСТИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ

 Эпитеттің стилистикада алатын орнына тоқталмас бұрын, ең алдымен жалпы стилистика ғылымына, стиль сөзіне тоқтауды жөн деп ойлаймын.

 «Стилистика » деп, ой мен эмоцияны әр түрлі қарым-қатынас жағдайында жеткізу үшін жалпы тілдік құралдың лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тұрғыдан қолданылу принциптерін зерттейтін лингвистикалық саланы атаймыз.

 Тіл стилистикасы, бір жағынан, сөздіктердің, фразиология мен синтаксистің өзіне тән белгілерін сипаттайтын, тілдік топтардың ерекшеліктерін, екінші жағынан, әр түрлі тілдік құралдардың экспрессивті, эмоцианальды және бағалау қасиеттерін қарастырады.

 Стилистика пәнін көз алдымызға дәл, анық елестету үшін тілдің қарым – қатынас құралы ретінде әр түрлі жағдайда әр алуан жолмен қолданылатынын атап өту қажет. Ұқсас мәселені баяндау, жеткізу шын мәнінде әр түрлі жолмен, мысалы, қарым – қатынас шартты жағдайда, іскерлік немесе күнделікті тұрмыста болып отыр ма, әңгімелеушілердің қай әлуметтік ортаға жататындығы немесе олардың арасындағы қарым – қатынас қандай, әңгімелеушілердің тілге тиек етіп отырған мәселеге эмоционалды қатынасы қандай, сондай-ақ әңгімелеушілердің бул жағдайды қалай бағалайтындығы тұрғысынан бағалауы мүмкін. Әрине бұл мәселелерді оқырманға тікелей жеткізу мүмкін емес, олар мәтінде әр түрлі жанама жолдармен жеткізіледі, сол жанама жолдарды ашу, зерттеу стилистиканың міндеттерін құрайды.

 Жалпы, тілдегі мәлімет екі жолмен жасалу мүмкін алғашқысы: қарым – қатынас болған оқиғамен байланысты емес, яғни жеткізу тақырыбын құратын мәлімет, екіншісі: қарым – қатынасқа қатысушы адамдар мен оқиға болған жағдаймен байланысты мәлімет. Мұны түсінікті болу үшін, басқа жолмен жеткізуге болады, атап айтқанда, мәліметтің алғашқы түрі тілдің ойлау, қарым – қатынас қызметіне байланысты да, екінші түрі тілдің басқа қызметтері, яғни эмотивті қызметіне әңгімелеушінің көңіл-күйін, сезімін білдіру мен жеткізу (волюнтативті қызметімен), оқиғаға әңгімелеушінің қызығушылығын, еркін жеткізумен (аппелятивті қызметімен), мағұлмат алу үшін тыңдаушының қызығушылығының артуымен (байланыс тудырушы қызметімен) және соңғысы (эстетикалық қызметімен) байланысты қосымша мағұлмат.

 Осы жерде айта кететін жайт, біздің зерттегелі отырған нысанымызға қажеттісі осы мағұлматтың екінші түрі.

 Стилистиканы лингвостилистикалық және әдибеттану стилистикасы деп екіге бөлеміз, бірақ олар бір-бірінен бөлек қарастырылмайды.

 Лингвостилистика негізін салған швед лингвисті Щарль Балли тілдің әртүрлі қарым-қатынас ортасына қатысты, соған тән жалпы ұлттық нормалары мен жүйесін зерттейтін, сондай-ақ тілдің элеметтерінің эмоция туғызу, оны жеткізу және оны бағалау қабілеттері тұрғысынан қарастыратын сала. Лингвистикалық стилистиканың маңызды бөлімі болып салғастырмалы стилистика саналады, яғни ол бір немесе бірнеше тілдердің стилистикалық мүмкіндіктерін қарастырады.

 Ағылшын тіліндегі эпитетті қарастырғанда, біз образ терминімен бетпе-бет келеміз, өйткені образ дегеніміздің өзі кең мағынада алғанда сыртқы дүниенің адам санасына әсер етуін сипаттайды. Әдеби образ сол бейнелеудің бір бөлігі ретінде маңызды рөл атқарады, адамға әлемдегі тануға жаңа бағыт бергенмен, адам бейнелеуге бір мезетте белгілі қарым – қатынасын айқындайды, көрсетеді.

 Образдық бейнелеу және дүниені қайта жасау процесінде қалыптасу оның негізгі қасиеті болып табылады. Бұл маңызды қасиетінен, басқа оның басқа да құнды қасиеттері, атап айтқанда, нақтылық және эмоционалды қасиеттері бар.

 Образ, мәтінде қамтылатын авторға немесе оның кейіпкерлеріне тән дүниені тану, көру маңыздылығын оқырманға жеткізуге мүмкіндік береді.

1.2. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТТІҢ ТІЛ ТАБИҒАТЫ, ОНЫҢ МЕТАФОРАДАН ЕРЕКШЕЛІГІ.

Тіл білімінде, соның ішінде стилистикада эпитетке анықтама ретінде М.М. Иванованың анвқтамасы бойынша «эпитеттің іріктелуі мен қолданылуы жазушының ойлау қабілетінің маңыздылығын, оның идеялы-эстетикалық көзқарастарының даралығын бейнелеп, қоршаған ортаны, әлемді түсінуін сипаттайды ». Ал Л.А Тұрсынованың анықтамасы бойынша « эпитет дегеніміз белгілі бір заттың немесе құбылыстың белгілі бір сипаттамасын, оның зат немесе құбылыс екендігіне қосымша, яғни стилистикалық мағлұмат беретін тәсіл ». Әрине Л.А. Тұрсынова бұл жерде эпитеттің эмоционалды-образды, сондай-ақлогикалық-заттық белгілерін ескереді. Эпитеттер, суреттеліп отырған заттың немесе құбылыстың эмоционалды- образды сипаттамасы бола отырып, сондай-ақ автордың стилінің, сол кезеңдегі әдеби дәстүрдің, сол шығарма қай кезде, қандай жағдайда пайда болғанын, оның маңыздылығын суреттейді. Эпитеттің экспресивтіболатыны сонша бағалау сипатына ие болып, ақынның, жазушының жүрек жағдайын түсінуге көмектеседі. Мұнымен қоса эпитеттер автордың тілініңсоншалықты бай, сөз шебері екенін айқындап береді.

Осының бір мысалы ретінде ағылшынның ұлы драматургі У.Шекспирдің сонеттеріне көз жүгіртсек, олар оқырманды өзінің образға бай, сезімінің терең , сонда қолданылған тіркестердің қысқа әрі нұсқа, ритмикалық суреттердің әдемілігімен өзіне тартады. Бол суреттерді оқу,олардың стилі тұрғысынан өте қызықты,қажет нәрсе, өйткені ол бізге сонеттердіңидеясы, тақырыбы мен обыразының тереңділігімен, толыққандылығымен қабылдауға көмектеседі. Мысалы мындай эпитеттер: fragrantrose-қош иісті раушан гүлі, yellow autumn-алтын күз, lasting memory –көпке созылған атақ, сияқты эпитеттерді айтуға, оқуға жеңіл, олар суреттеліп отырған затты немесе құбылысты жаңа,күтпеген тұстан сыйпаттайды,бірақ автор оларды өте маңызды, елеулі нышан деп есептейді.

Ағылшын тіліндегіэпитеттің маңызды сипаттамалары төмендегідей:

  1. семантикалық ;
  2. синтаксистік ;
  3. морфологиялық-синтаксистік

Олардың ішіндегі ең бастысы, оның семантикалық сипаттамасы болып табылады, эпитеттің семантикалық сипаттамасы эпитетті оның логикалық анықтамасынан ерекшелендіреді.Семантикалық сипаттама эпитеттен берілген сөзде,оның заттық логикалық мәліметіне қоса оның басқа сипатын беругеарналған. Бұл қосымша мәліметті біз стилистикалық мәлімет деп атаймыз.Оның үш түрлі жолын атап көрсетеміз. Олар: 1) экспресивті; 2) образды; 3) модустік бағалау қасиеттері.

Метафора, метонимияжәне синедоха таза лексикалық мәнерлі тәсілдер болып табылады, ал эпитет лексика-синтаксистік троп болып есептеледі, дегенмен ол автордың затқа немесе құбылысқа қарым-қатынасын білдіретін эмотивті,экспресивті және басқа коннотативті мағыналарын бар болуын жеткізгісі келіп отырған сөздің жалпы мағынасынан ауыспалы мағынасын айқындайтын анықтауыш немесе пысықтауыш түрлерімен байқалады. Эпитеттің басқа стилистикалық тәсілдерін, әсіресе метафорадан айырмашылығын ашып көрсетейік.

1) Метафора – екі зат немесе құбылысты салыстырудың негізінде сөздің ауыс мағынада қолданылуын қамтамасыз ететін таза лексикалық мәнерлі тәсіл брлып табылады, ал эпитет белгілі бір заттың, құбылыстың, оның зат немесе құбылыс екендігіне қосымша, яғни стилистикалық мағлұмат беретін лексико-синтаксистік троп болып есептеледі.

2)Метафораға бейнелеу, мәнерлеу, кесіп айту қасиеті тән. Метафора тілді байытып, оған бұрын соңды болмаған жаңалықтар енгізеді, бірде-бір нәрсенің атаусыз қалмауына көмектеседі. Ал эпитеттің заттың,не құбылыстың бұрыннан белгілі белгісіне,анықтамасына қосымша мәліметтер енгізеді.Эпитеттің ассоциалық деп аталатын түрі заттың немесе құбылыстың табиғатынан, жаратылысынан берілген қасиетінен еш бөлінбейтін нышанын көрсетеді.

3) Метафораның ауысқан мағынасы оны басқа лексикалық бірлікке, омонимге айналуына әкеліп соқтырады, ал эпитет қайталанбас, біртұтаслексикалық бірлік, олзатқа бағалаушы, экспресивті, эмотивті нышан береді. Мысалы: мойын(адамның мойны, шамның мойны). Ал ағылшын тілінде the leg of the table- үстелдің аяғы,the foot of the mountains- таудың етегі, the eye of the needle- иненің көзі.

 4) Метафора арқылы терминдер жасалады, ал эпитетке мұндай қасйет тән емес. Мысалы: шөптің түбірі – матиматикадағы түбір. Кейбір жасалу жолдарында да өзгешеліктер бар. Ал ағылшын тіліндеthe root of the word – сөздің түбірі,a green man – жұмысқа жаңа кіріскен жаңа маман, a branch of linguistic – лингвистика саласы.

 5) Метафораның бір түріұлғайған метафора сөйлем ретінде келеді, метафора үстеумен, еліктеуіш сөздермен жасалына алады, кейде сан есімдер метафоралы қолданады, ал эпитетте мұндай тәсілдер мүлдем кездеспейді,негізінен зат есімнен, сын есіммен, етістікпен жасалынады.

6) Тағы бір метафораның ерекше қасиеті аз созбен көп мағына білдіру тәсілі және халықтың тұрмысының, кәсібінің, ой өрісінің тарихи көрсеткіші, яғни метафораның жасалуы тарихи көрсеткіштерге жақын, ал эпитеттің қолданылуы, оның тууы автордың ой өрісіне, қиялына, дүниетанымына байланысты болып келеді.

1.3. АҒЫЛШЫН ЭПИТЕТТЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН ТАҚЫРЫПТЫҚ КЛАССИФМКАЦИЯСЫ.

Төменде беріліп отырғанЛ.А. Тұрсынованың классификациясы эпитеттің маңызды белгілерімен сәикес келетін, анықтамамен анықталуышы заттың немесе құбылыстың арасындағы байланыстың тұрақтылық дәрежесіне қарай, құрылымдық синтаксистік негіздеріне қарайнемесе эпитеттер тобындағы анықтамамен анықталушы заттың немесе құбылыстыңсемантикалық қатынасының түрлеріне қарай үш түрлі үлкен негізге сүйеніп ұсынылады.

 І Анықтама немесе анықталушы арасындағы байланыстың тұрақтылық дәрежесіне байланысты классификация эпитеттің негізгі үш түрін айқындайды. Олар:

1) оригиналды немесе дара (тұрақтылығының ең аз мөлшнріне байланысты );

2) дәстүрлі (үйреншікті дәстүріне байланысты);

3) тұрақты (тұрақтылық дәрежесінің көп мөлшерде келуіне байланысты );

ІІ Құрылымдық – синтаксистік принциптеріне байланысты классификация эпитетті екі түрлі көзқараспен суреттеуге байланысты келеді.

1) эпитеттердің морфологиялық – синтаксистік кескіні мен композициялық құрылысына байланысты көзқарас;

2) эпитеттердің сөйлемдерде таралуына байланысты көзқарас;

 Ағылшын тіліндегі эпитеттер төмендегідей сөз таптарымен беріледі:

1) сын есіммен (жай, күрделі), мысалы: (dramatic face – драмалы (ойлы) жүз (бет),pearly beauty – мөлдір (таза) әдемілік, honey-gold hair – алтын шаш).

2) сондай-ақ сын есімнің салыстырмалы шырайларында сирек кездеседі.(the most hideous and ferocious bestiality – өте жексұрын (оңбаған) тұрпайы, fiercer sky – қаһарлы аспан).

3)есімшемен (осы және өткен шақта); (sleeping, yawning world – маужыраған, көмескі өмір,horrified sympathy – зәресі ұшқан, жаны ашу).

4)белгілі демеуліктермен (предлогтармен) жасалынған есімшелермен, (a screwed –up smile – шимай – шатпақ күлкі, jollying –on mood – жақсы, көңілді көңіл күй).

5) а) жалпы есіммен;

(a Lizard’s flickering tongue – кесірткінің сумаңдаған тілі,cauliflower care – қатты жаны ашу,уайымдау);

 ә) адам аттарымен байланысты жалпы есіммен;

( Gwendolen’s smile –Гвендоленнің күлкісі );

б) of –тіркесімен берілетін зат есімдер.

( a sky of sapphire and snows down – қар жауып тұрған көк аспан ).

6) сөз тіркестері мен толық сөйлеммен, әсіресе дефис арқылы берілген сөйлеммен:

(crushed – strawberry қызанақ көп жегеннен ойылған ауыз, mouth – pulleddown smile – ауыз толтыра күлу ).

Белгілі орыс стилист, ғалымы И.Р. Гальпериннің эпитеттерге жжасаған классификациясына сүйенсек, ол төмендегідей ерекшеліктерді ұсынады. Оның құрылымдық және семантикалық сипаттамаларына байланысты.

  1. Ассоциациялық эпитеттер олар заттың немесе құбылыстың табиғатынан, жаратылысынан берілген, яғни ол берілген қасиетінен еш бөлінбейтін нышанын көрсетеді.

Мысалы: fragrant rose – хош иісті раушан гүлі, winters cold – суық қыс,lovely April – көркем сәуір, sweet love – тәтті махаббат(W.Sh).

Мұндай эпитеттер затты немесе құбылысты жаңа, таңқаларлық тұрғысын суреттемейді, бірақ автор бұларды заттың немесе құбылыстың өте маңызды, елеулі нышаны деп есептейді. Олар автордың суреттеп отырған затқа немесе құбылысқа зат ретінде баға беруін кескіндейді. Ассоциациялық эпитеттердің ішінен суреттеліп отырған зат немесе құбылыс жайлы артық мағлұмат беретін эпитеттерді атап көрсетуге болады. Олар сол сөзде негізі салынған нышандарды қайталайды, сондықтан оларды тавтологиялық, яғни қайталама эпитеттер деп атаймыз.Мұндай эпитеттер берілген затқа немесе құбылысқа тән кескіндерін екі еселейді, сондықтан олар нығайту қызметін атқарады.

  1. Ассоциациялық емес эпитеттер,олар керсінше, суреттеп отырған зат немесе құбылысқа тән емес, оның жаратылысынан берілмеген нышанын сипаттайды. Олар өзінің таңқаларлық бейнесімен, қабылдауға тұрпайылығымен өз оқырманын таңқалдырады. Мұндай эпитеттер әр түрлі белгідегі заттың немесе нышанның туыстығы мен ұқсастығынан туындайды. Эпитеттердің мұндай түрі автордың қоршаған ортаны, дүниені қалай көз алдына елестететіндігін бейнелейтін болғандықтан, сол оқиғаны жазып отырған жазушыға ғана тән стилін, жеке даралығын көрсетеді. Олар өте мәнелі және образды:

Мысалы: blessed key – бақыт кілті, cruel hand – қатты қол, speechless song – айтып жеткізуге болмайтын өлең, hungry eyes – аш көз, dead night – тас қараңғы.

Эпитеттерді жалпы құрлымына қарай, жай және күрделі эпитеттер деп бөлуге болады. Жай эпитеттер өзінің мағынасының тар, қолданылу аясының шағын болуымен ерекшеленеді, яғни затқа немесе құбылысқа ерекше нышан бермейді. Күрделі эпитеттер өзінің әдеттен тыс болуымен, өзінің әр түрлі әдебиет жанрларында қолданыла бастауымен, мағынасының кеңділігін, экспрессивтілігімен таңқалдырады.

Жай эпитеттер төмендегідей эпитеттермен белгіленеді:

1) сын есімдермен: а) жай (proud livery – жақсы, тәкаппар, mad ears – сенімсіз құлақтар, busy care – әбігер уайым.

2)туынды: а)жұрнақтардың көмегімен жасалынған:(restful death – тыныш өлім)

ә) префикстердің көмегімен жасалынған: immortal life – өшпес өмір, unperfect actor – жай актер.

3) Салыстырмалы шырайларда берілген сын есімдер: нағыз тағдыр – puriest faith, қадірлі ата – a dearer birth.

4)есімшемен: а) осы шақта:straying youth – адасқан жастық, admiring praise абырой атақ; ә) өткен шақта: a vanished sight – өшкеноқиға, buried live -ұмытылған сезім, undivided loves – бөлінбес махаббат.

Күрделі эпитеттер өзінің әдеттен тыс болуымен, өзінің әр түрлі әдебиет жанырларында қолданыла басталуымен, мағынасынң кеңділігімен, экспрессивтілігіментаңқалдырады. Олар ақынға,жазушыға табиғатты, адам дүниесін суреттеуге көмектеседі.

Ағылшын тіліндегі эпитеттердің тілдік табиғаты мен классификациясы жайлы айақтай келе мындай қортынды жасауға болады. Эпитеттердің алуан түрлілігі, оның жасалу жолының ерекшелігі ақын жазушылар үшін суреттеп отырған адамның, заттың немесе құбылыстың ойын, сезімін, көңіл күйін, халін жеткізу барысында таптырмайтын, бағалы әдебитәсілдер болатындығына әбден көзіміз анық жетеді. Эпитеттер басқа да тәсілдер сияқты стилистикада негізгі орындардың бірін алып,затқа, құбылысқа немесе адамға өзінің табиғатынан белгілі, оған қосымша мағлұмат беру қасиетімен ерекшеленеді.Эпитеттерді метафорамен алмастыруға болмайды.

ІІ ТАРАУ

2.1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТТЕРДІҢ СТИЛИСТИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ

Қазақ тілінің стилистикалық жүйесі ғылыми дәрежеде тек кеңес өкіметі дәуірінде дамыды. Теориялық және практикалықстилистика қазақ тіліндегі стилдік құбылыстарды жете түсінуге , жалпы тіл мәдениетін аррттыруға үлкен көмегін тигізді.

Қазақ тіліндегі қай стиль болса да белгілі жағдайдаға байланысты дамиды. Стилдің қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениетімен байланысты. Сондықтан осы тұста стилдің түрлеріне тоқтала кеткеніміз жөн, сөйлеу стилі, көркем әдебиет стилі, тағы бвсқалар сөздің эмоционалды – экспрессивті мағыналары әсіресесөйлеу стилінде, мысалы: қаңғыбас, шомақай, зымзиян, мылжың, ақымақ,мес қарын және кітаби жазба стилде ,әсіресе кейде құттықтау мәтіндерінде сезімге әсер ететін оралымдар ұшырасады, мысалы: тілектес, бақытты және көркем әдебиет стилінде жиі ұшырасады.

 Көркем әдебиет стилі ол әдеби тілдің үлгісі,әдеби тіл негізінде сөз арқылы өрнектеледі. Сөзді әр ақын, жазушы өзінше өрнектейді, іріктейді, осыған байланысты әр жазушыға тән ерекшелік болады. Тілдің эстетикалық қызметі көркем әдебиет стилінде ерекше көрінеді, себебі тіл құралдары стилдің бұл түрінде бояулы болып келеді.Сөз – үлкен өнер. Халық асыл сөзді ардақтап, бағалай білген, келіскен әдемі сөздерді қасиеттеп, өнер тұтқан. Өткір сөзді үшкір найзам деп, қисынды сөзді қиып түсірер қылышым деп, сөз сайысына түскен. Сөз зергерлері сөзді бағалау, сөзден мағына іздеу адамды мәдени қоректендіреді дей келіп, тілге тірелмейтін еш нәрсенің жоқ екендігін білген, яғни әр сөздің жаны, бояуы, мың түрлі әуені бар екендігін көрсетеді.

Әр сөздің дұрыс қолдана білу- стилдік қана талапемес,ол мағына айқындығының да талабы. Мағыналық, дәлдік, мәнерлілік сөздерді нақты қолдана білумен, дұрыс орналастыруымен, мәнерліліктіңтәсілдерін шебер игерумен тығыз байланысты.

Сөздің эмоциялық – экспрессивті бедер, бояулары көркем әдебиет тіліндежан – жақты ашылады. Сөздердің стилдік реңтерімен қоса, эмоциялыық – экспрессивті әр түрлі болып келеді, ол бейнелі сөздер кестелерін жасау тәсілдерінің толып жатқан қыры мен сырын көрсетеді. Ақын – жазушылар образ жасауда, шындықты шынайылығымен көрсетуге,шығармадағы кейіпкерлердің мінезін ашып,образдарын жасауда бейнелі, көтеріңкі, мәнерлі сөздерді жиі қолданады.

Әр сөздің ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы жөніндеҒ.Мүсірепов: «жазба сөз – өңкей әскер легі емес, қой,сиыры аралас шұбаған көш те емес, теңіз толқыны да емес, жайнап тұрған бақша да емес, өмірге түгел ортақ ой – сезімді дәлірек те, толығырақ бере алатын тіл байлығы, бұл байлықты қалай болса солай пайдалану болашақ үшін үлкен қиямет», – деп жазады.

Тілдегі эмоционалдық элементтер адам сезімін білдірсе, экспрессивтік амалдар эмоцияны, ерікті ойды, мәнерлілікті, бейнелікті күшейтеді.

Жеке сөздерді, сөз тіркестерін де әр түрлі экспрессивті бояуда жұмсау ақын – жазушыда өзінше болып берілуі де осыдан.

 Ақын- жазушыларға тән бейнелі нақыл сөздердің ішінде суреттеу, салыстыру мағынасын беретіндері кездеседі: «қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл».Осы әрбір нақыл сөздің бейнелі берілуіне зат есім сөздер ұйтқы болып тұр,ол заттық атаулар бұл тіркестерде ауыспалы мағыналарда қолданылған. Әрине, бұл нақыл сөздің мағынасын жай айтуға болар еді, онда өткір, бейнелі шықпас еді.

 Экспресситіліктің берілу тәсілінің бірі – дауыс ырғағы. Айтайын деген ойды соған тиісті ырғағына келтіріп айта алмасақ, ол дәл, нақты әрі әсерлі берілмейді.Ойды мәнерліп айта білмесе, ол екінші мағынада түсінетіндігін көрсетеді.

 Тілімізде сын есімге (жабайы неме, тексіз неме, жалмауыз неме), етістікке, (қаңғырған неме, шыққан неме, туған неме), есімдікке (мына неме, ана неме, сол неме) тіркесіп айтылатын неме деген бар. Бұл сөз зат есімге тіркесіп, көбінесе жағымсыз мағынада қолданылады, яғникемісту, жек көру,мақтау сияқты эмоция туғызады.

 Эмоциялық бояуы бар бұл сияқты сөздер сезімге әсер ете отырып, айтайын деген ойды мәнерлеп берумен бірге бейнелі әрі көрнекті етіп те тұрады.

2.2. ҚАЗАҚТІЛІНДЕГІЭПИТЕТТЕРДІҢТІЛДІКТАБИҒАТЫ.ОЛАРДЫҢЖАСАЛУЖОЛДАРЫМЕНТАҚЫРЫПТЫҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ.

Көркем әдебиеттің қай жанырын, қай түрін болмасын көркемдеп – нәрлендіруде, идеялық мазмұнын ашуда, образ жасауду олардағы эпитет, теңеу және троп айрықша рөл, күрделі эстетикалық қызмет атқарады. Бұлар – өмір құбылысын суреттеуді нақтыландырудың, оқырманға автор қалаған бағытта әсер етудің тамаша оралымды құралдардың бірі.

Эпитет адамның, не заттың, не табиғат құбылысының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқырмандардың көз алдына елестету, ой – қиялына әсер ету үшін қолданылады. Қазақ тіліндегі эпитет заттың, қимылдың сынын, сапасын анықтайтын сөз не сөз тіркесі түрінде келеді. Эпитеттің айрықша белгісі – оның экспрессивтік – эмоцияналдыққызмет атқаратындығында, эпитеттен оны қолданыушының суреттеп отырған нәрсесіне көзқарасы, оны қай жағынан қалай түсініп бағалайтындығы көрінеді.Эпитеттің күші оның дәлділігі мен орынды үнемділігінде.

Әрине, эпитетті қолданбайтын ешқандай ақын жазушы жоқ,бірақ солардың ішінде Б.Майлиннің әңгімелерін тілге тиеп етіп қарастырып қөрелік, өйткені оның сөз қолданудың халықтық даналығы мен бейнелігі, ерекше нанымдылық тән. Жазушының тілінде бәрі түсінікті,бәрі табиғи,шығармалар- Ындағы әрбір сөз өз -өзінің орнында тұрғандығынан эпитеттердің шығарманы көріктеудегі қызметі өте қызық.

Б.Майлин – жайларды көп суреттеп жатпай – ақ, орынды салған бір екі эпитеттің көмегімен көзге елестетуге шебер жазушы. Мысалы: кедейлікті, тұрмыстың ауырлығын автор біраз әңгімелерінде «жамаулы күпі», «жайтабан етік», «жамаулы терезе» сияқты эпитеттердің бірін қолдану арқылы бейнелейді.

 Аз сөзге көп мағына сыйғызу шеберлігімен көрінген Майлин стилінде эпитеттің атқаратын рөлі зор. Оның шығармаларындағыэпитеттер – автордың кейіпкерге, оның сөзіне, іс -әрекетіне және кейіпкердің кейіпкерге көзқарасын ашық білдірудің ұтымды да,үнемді де амалы. Мысалы: «алмалы – салмалы мінезі, төрт бақ, теке көз, шалбар бет».Бұлардағы ойланып, орынды жұмсаған эпитеттер кейіпкерлер мінезі мен келбетінің ерекше сипаттарына көңіл аударумен бірге көрінеді.

 «Мысық көз», «түлкі көз», «оқты көз», «отсыз көз», «отты көз» тәрізд эпитеттердің бір рет қолданылуынан жазушының кейіпкергеқалай қарайтыны анық байқалып отырады. Себебі, мұның алдыңғыларын автор жағымсыз кейіпкерлерді мінездеуге қолдвнс,соңғысы жағымды кейіпкерге тән.

Б. Майлиннің әңгімелерінде кейіпкерлердің, оның іс әрекетінің жағымды жағымсыздығы, суреттеліп отырған оқиғанвң біздің өміріміз үшін қажетті – қажетсіздігі ешбір күмәнсіз ашылып, сараланып тұрады. Б. Майлин шығармаларында образ, оның бөлшектерін жасау, кейіпкерге мінездеме беру, кейіпкердің ішкі сезімдерін бейнелеу үшін мына тәрізді эпитеттер қолданылады: домалақ, сары әйел; сіріңке қара жігіт; едірейген қара мұрт; қатпарланған маңдай;тасыған көңіл; өмірінде су тимеген саусақ; қанталаған көз;алып – қашты өсек;

Эпитет сын есім, есімше тұлғаларымен қатар көсемшеден де жасалуы мүмкін. Қай тұлға тұрса да,барлық эпитеттің мазмұны- бірдей, құбылыстардың айрықша белгісін даралау, нақтыландыру. Айырмашылығы, қандай сөзбен тіркесуінде,ненің сапсасын,қасиетін, белгісін бейнелейтіндігінде. Көсемшеден болған эпитеттер іс – әрекеттердің,қимылдың сапасын бөлектеп, айрықша жекелеп,көркемдеп, бейнелеп береді. Мысалы: дүрілдетіп орындау, қаламды құшырланып ұстау, жыбыршып қарай беру, өкшелеп отырып біліп алу, жұрттың қытығына тие сөйлеу осы тәрізді эпитеттердің бір қатарының сонылығы Б. МАйлин әңгімелері тіліне ерекшк нәр береді.

Қазақ тіліндегіэпитеттер кейбіржағдайлардаэкспрессивті – эмоционалдық лексика жасайтын кебір морфологиялық тұлғаладан да туындайды. Бұл тұлғалар өз мәніне орай белгілі бір сөйлеу стиліне сіңісіп кетеді. Мысалы, орайлас мән туғызатын қосымшалардың тобына –қалақ, -келек, -ғалақ, -гелек, -анақ, -мсақ, -мсек, -ымсақ, -імсек аффикстерін жатқызуға болады: ұшқалақ, сұғанақ, тілімсек. Бұлар арқылы жасалған эпитеттер қатты мысқыл айтуға, образ жасауда, суреттелетін заттың немесе Құбылыстың басқадан оқшау ерекшелігін бір сөзбен жеткізуде қолданылатын дәл де өткір тәсіл болады.

Қазақ тілінде биік-биік, үлкен-үлкен, қисық қисық, жуан-жуан тәрізді бір сөздің қайталануы арқылы жасалған күрделі сын есімдер эмоциялы екпін туғызудың өнімді тәсілдердің бірі.Ал сын есімдердің қарсы мағыналы сөздерден жасалған үлкен-кіші, жақсы-жаман, аш-тоқ, артық-кем тәріздітүрлері бір өңкей заттар мен құбылыстарды жинақтап,жалпылап айтудың құралы болады.Мысалы: ескілі-жаңалы құда.

Зат сынының әртүрлі дәрежесі шырай тұлғалалары арқылы беріледі. Заттың салыстырмалы сыны бірнеше арнаулы аффикстер арқылы беріледі. Олардың әрқайсысының өзіндік қолдану ерекшеліктері бар.Мысалы: -рақ аффиксі сын есіммен жасалған эпитеттер сөйлем құрамында көбінесе, баяндауыш қызметінде жұмсалады да, сөйлемнің соңында айтылады.КЕйде ауызекі сөйлеу тілінде сын есімдердің бұл түрі анықтауыш қызметіндеде жұмсалады.Мысалы: жақсырақ зат, ұзынырақ ағаш.

 Сын – сапаның қандай бір мәнде болсын сәлдігі, бәсеңдігі –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу тұлғалы сын есімдерден жасалған эпитеттермен беріледі. Мысалы: Қазір ол сұңғақтау, талдырмаш бойлы, қызыл шырайлы жіңішкелеу қыр мұрынды сұлу қыз болыпты (С.Мұқанов).

 Ол қырбықтау ғана мұрты бар,басындақара барқыт тақиясы бар,көк көздеу, шашы мен мұрты сарғылт, ақ құба өңді татардың жас жігіті.(С.Мұқанов).

Сөздің экспресивтілігін күшейтудің, сын сапаның артық немесе кемдік дәрежесін білдірудің ұтымды бір тәсілі сын есімдердің күшейтпелі түрлері болып есептелетінсын есім түрлерінен болған эпитеттер. Буын қосарлануы сөз мағынасын нақтылап, тәптіштеп жеткізудің ғана тәсілі емес, соныымен қатар одан туар экспрессияны күшейтудің, сөйтіп, тыңдаушы не оқушы тарапынан қажетті ассоцианың тууына жағдай да тәсілі.Мысалы: Аппақ ет, қып-қызыл бет. Күшейтпелі шырай тұлғасына мағыналық жағынан болсын, қолданылуы жағынан болсын жақын тұлға аса, тым, тіпті, өте, ең, орасан, керемет тәрізді сөздердің сын есімдермен тіркесіп айтылуы.Қазақ тіліндегі эпитеттердің жасалу жолының тағы бір тәсілі тұрақты эпитеттердің болуы.Мысалы: ит жанды, жылқы мінезді, айыр тілді.

 Қазақтіліндегі эпитеттердің лингвистикалық табиғатынан байқайтынымыз, олар да ағылшын эпитеттері сияқты өз ерекшеліктері бар екенін, қазақ халқының әр нәрсені болсын мәнерлеп,қисынына келтіру үшін оны түрлендіріп, астарлап жеткізе білгенін, эпитеттердің жасалу жолдарының күрделірек екенін байқай аламыз.Сөздің эмоцмялық – экспркссивті бедерін ашу үшін әрбіртжазушы өз еңбектерінде, шығармаларында өзіне тән стиль ерекшеліктерін сақтағанын, көтеріңкі, мәнерлі сөздерді, яғни эпитеттерді жиі қолданғанын көреміз.Қазақ эпитеттерініңжасалу жолдары,мағыналары ешкімге ұқсамайтын,тек қазақ халқының ұғымын, тұрмысына тән жасалғанын,ертеректе олардың тұрмысының ауыр болғанын суреттеулерден байқаймыз.

ІІІ ТАРАУ

3.1. АҒЫЛШЫН, ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЭПИТЕТТЕРДІҢ САЛҒАСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ЗЕРТТЕУ .

«Аударма»жөнінде сөз қозғағанда оның мағынасының ,қызметінің өте кең көлемде екенін атапкөрсете аламыз.Бір тілден екінші тілге өлеңдер,көркем әдеби шығармалар,ғылыми еңбектер, оқулықтар, саяси және экономикалық құжаттар, іскерлік қағаздар,саяси қайраткерлердің мақалалары мен шешендердің сөздері, газет, журнал материалдары әр түрлі саладағы еңбектер аударылады.Аударма қызметінің барлық түрлерін қарастыра келе аударманың жалпы екі түрі бар, олар:

  1. Аударманың мақсаты – берілген тілді меңгермейтін оқырманды берілген мәтінмен жақын таныстыру.
  2. Аударма дегеніміз, яғни бір амал тәсілдерді толығымен жеткізу.

 Аударма қызметі өзінің анықтамасына орай делдалдық сипат алып, оның мақсаты басқа тілді автордың ойын, мағлұматын оқшауға түсінуге жеңілдік жасау ьолып табылады.Басқа сөзбен айтқанда аударма әр түрлі тілде сөйлейтін адамдар арасындағы қарым қатынасқа, яғни тіл аралық байланысқа мүмкіндік туғызу.

Мұндағы бізде өте толғандырып отырған көркем шығармаларды аудару,соның ішіндегі түрлі көркем шығармаларда қолданатын стилистикалық тәсілдердің бірі эпитеттің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударма мәселелері болғандықтан, шетел авторларының әдеби шығармаларының стилін оқып үйрену,оны зерттеу көркем аударма мәселелерімен тығыз байланысты.Әдеби шығармаларды аударуға кіріскенде, аудармашы аударылғалы отырған тілдегі берілген шығарманың мазмұны өздігінен емес, сол шығармаға көрік беріп тұрған формалар мен тілдік тәсілдердің бірлігінің арқасында туып отырғанын есте сақтауы тиіс, олар сондай-ақ басқа тілге сол тілдің тәсілдері арқылы берілетінін де білген жөн. Аудармашы шығарманың әдеби сапаның белгілі элементерімен ғана шектелмеуі қажет, сонымен бірге әрбір жеке элемент біртұтас жүйеде қандай әсері бар екенін және олар сол шығарманың мағынасын екінші тілге жеткізгенде қандай мүмкіндік туғызатынын да ескерген жөн. Бұл жерде ағылшын тіліндегі эпитеттердің қазақ тілінеаударылуы барысындағы зерттеу жұмыстарындағы міндеттер ғана емес, сондай-ақ кез-келген аудармашының міндеті болып табылады. Екі тілдің (қазақ, ағылшын) стилистикалық жүйесін салыстыра отырып,аударғалы отырған тілдегі сияқтықазақ тілінде сондай стилистикалық қызмет атқара бірдей тәсілдерді табу. Мұндай мүмкіндіктерді ашуға көмек берумен салғастырмалы стилистика ғылымы айналысады.Осындай мәселеге ат салысқан ғалымдардың ішінде төмендегі стилист теоретиктерді атауға болады:А.В.Федоров, И.Р.Гальперин, В.В.Виноградов, И.В.Арнольд, шетелдерде – М.Риффатер, Р.Фаулер, С.Левин.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!