Автомобиль көлігінің ұғымы және онымен жасалатын көліктік жүктердің және оларды тасымалдаудың сипаттамасы

Көліктік логистикадағы автомобиль көлігінің алатын орыны.

Көлік дегеніміз-адамдар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыра-тын материалдық өндірістің саласы. Қоғамдық өндірісте көлік мате-риалдық қызмет өндірісіне жатады. Логистикалық операциялардың көп бөлігі көлік түрлерінің, құралдарының қолданылуымен атқары-лады. Негізделуіне байланысты көлік 2-түрге бөлінеді:

  • Жалпы қолданылатын көлік-халық шаруашылығының барлық салаларының қажеттілігін қанағаттандыратын сала және адамдар мен жүктерді тасымалдауға бейімделген көлік.
  • Жалпы емес қолданылатын көлік-бұл өндіріс ішілік қолданыла-тын көлік түрлері мен құралдары: кран, бульдозер, комбайн, белаз, танкерлер б.т.

Көліктік логистика – халық шаруашылығында алатын орыны ерекше болғандықтан ол келесі мәселелерді шешеді және көлік жүйесін құрап, көлік коридорлары мен көлік тізбектерін құрайды.

Көлік коридоры д/з- 1-елден, 2-елге жүк тасымалдаған кезде жеңілдік көрсету. Ал көлік тізбегі д/з- жалпы және жалпы емес көлік түрлерінің тиімді жақтарын қарастыру, мысалы: шекарадан белгілі орынға дейін бір авто көлікпен, одан жүкті тиегенде бір көлікпен іске асыруда темір жол көлігін қолдану арқылы көмек көрсету, яғни жүкті тасымалдағанда бірнеше көлік түрлерімен іске асыру.

Автомобиль көлігінің жалпы түсінігі.

Транспорт — әлемдік шаруашылықтың негізі болып табылады. Автомобль көлігі бұл- әлем халықтарының көпшілігімен жер беті бойынша басқа көлік түрлері бара алмайтын жерлерге жүк және жолаушы тасымалдау үшін арналған, адамның ойлаптапқан үшінші көлік түрі.

Басқа көлік салаларымен бірге дами отырып, әлемдік өндіріс жүрі-сіндеөзгерістерді көрсетеді. Автокөлік транспорты басқа транспорт түрлерімен бәсекеге түсіп жақсы даму үстінде. Көптеген зерттеулердіңкөрсетуі бойынша автокөлік транспорты, транспорттық нарықта өзін-дік секторын иемденген және қолданылуда басқалардан азғантай ғана алшақтықпен негізделген.

Соңғы көрсеткіште автокөлік түрі өзінің жылдам дамуымен көзге түсуде, себебі әр түрлі бірлестіктер, үлкен сауда орталықтары оның тұтынушысы болып табылаы. Сондай-ақ тағыда айтып кететін жайт автокөлік транспорты мынадай жағдайда ғана таңдалынады: егер транс-порттық шығым бағалау саясатында елеулі рол атқармаса және де тасымалдау формасында игілікті талап етсе.

Нарық экономикасының дамуы әр түрлі транспорт түрлерінің дамуымен байланысты, бірақ басым күшті автокөлік транспорты алады. Автокөлік транспорты жүктерді тасымалдауда үлкен рол атқарады. Жүк өндірістің өнімі (Шикізат, дайын өнім, полуфабрикаттар) тасымалдау транспорт түрін талап етеді.

Егер жүк тасымалдау түріне қарай қапталған, және ережелерге сай болып, кемелді жағдайда сақталынса орынына жеткізілуі сонымен қоса ол жауапкершілікте болады. Жүк құрамының барлығы тасымалдау техникасымен және жағдайымен анықталса, асыра тіркелсе және сақталса оның бәрі транспорттық жүктің сипаттамасы болып табылады. Жүк сақтау тәртібімен қапталып, қорапталумен қатар артылып апарылуымен, физикалық-химиялық құрылысы мен көлемімен, сиым-дылығымен және тасымалдауға ұсынылуымен айқындалады.

Тасымалдаудың тәсілі, жүкті арту, жүкті түсіру механизмдерінде, сондай-ақ автокөлік түрінде, жүкті сақтау тәртібінде, қауіп-қатер, оттан сақтау техникалық қолданылуында көрінеді. Жүктердің ерекшелігіне қарай жүк тасамалдаудың нақтылы жүк жайластыру түрлері құрылды (тасымалдаушы, сараптаушы) және транспорттық заттар (вагондар, кеме, автокөліктер) құрыла бастады.

Жүктерді тасымалдауға, оларды артып-доғару жұмыстарына төлем ақы қолданылады, олар арнайы белгіленген жүйеге сай жүктің, жұмыстың түріне қарай бір баға ғана белгілейді. Жүктерді транспорттық жіктеу, олардың жан-жақтылығымен анықталса да,барлық транспорт түріне бірдей болып келеді. Барлық транспорт түрлерінде өзіндік жіктеу бар, олардың ерекшеліктері де есептелінеді.

Тасымалдауға ұсынылған форманы сақтау жағдайындағы көліктерді саралап, тексеру және тектестіру.

Автокөлік транспортында жүктерді ыдысына қарап тектестіріп-жіктейді.Бір жүктің орынын салмағына қарай, оның көлемі мен арту-түсіру жолын жіберу көлемімен, өзіндік құрылысымен:

  • Ыдыс түріне қарай, ыдысты, ыдыссыз;
  • Бір жүктің орын салмағы арқылы – даналы (250 кг дейін, домалап-сырғанайтын жүктерге: бөшке, орауыш, кабельдер-500кг дейін);
  • Асып кеткен салмақтағы сыйымдылық (250 кг, ал домалайтын-дарға 500 кг -30 т дейін);
  • Ауыр салмақтағыларға (даналы 30 т аспайтындай және одан да жоғары);
  • Көлеміне қарай: жалпы қолдану жолына ауыр жүктерде жіберіледі. Ең ақырғысының көлемі ені арқылы-2,5 м, ал биіктігі арқылы-2,8м ұзындығы жағынан артқы кузовтың борты-2м ден аспауы керек;
  • Арту және түсіру амалына қарай: даналық, себілмелі (ұнтақты), үймелі және құйылмалы;
  • Жіберілу көлеміне қарай: ұсақпартионды (5-30т дейін), партионды (5-30 т дейін), салмақтылар (30т жоғары);
  • Ерекше құрамымен: тез бұзылатындар, қауіптілер, антисанитар-лық (қоқым, таза еместер), тірілер (мал, құс, аралар).

Автокөлікпен жүк тасымалдаудағы автомобильдердің ажырату белгілері.

Жүк тасымалдайтын автокөліктерді былайша анықтайды:

а) Сала бойынша: өнеркәсіп жүктерін тасымалдаушы, құрылыс заттарын тасымалдаушы, ауыл шаруашылығының жүктерін тасымалдаушы, сауда жүктерін тасымалдаушы, коммуналды шаруашылықтар жүгін тасымалдаушы, почта бөлімшесінің жүктерін тасымалдаушы;

б) Жүктердің көлемдік түрлеріне байланысты: салмақты және ұсақпартионды тасымалдау. Салмақты деп-аталатын тасымалдаудың үлкен көлемі біртүрлі жүк болса. Көлемді партия номиналды түрдегі жүк көтеру автокөлікке тең болуы керек, бірақ одан аз болмауы қажет.

Ұсақпартияны тасымалдау-жүктің үлкен емес партиясы деп аталады.

в) Аймақтық белгі-қалалық, қала шетілік, аудан ішілік, аудан аралық, қала аралық және халықаралық тасымалдау болып бөлінеді;

г) Орындалу тәсіліне қарай: орынды бір кәсіпорын автотранспорты-мен жүзеге асады; тікелей хабарлаумен тасымалдауда бірнеше автотранспорттық ұйымдар қатысады;аралас хабарда екі немесе одан да көп автокөлік түрлерімен тасымалданады. Аралас хабар тасымалдауының біріне форманың құрамдас түрі жатады. Біріктіріп тасымалдаудағы жүк бір транспорт түрінен екінші жүгі жоқ транспортқа беріледі. Бұл мысалға белгіленген арнайы жартылай тіркегіш контейнерлер, темір жол тасымалдау платформалары немесе өзендегі, теңіздегі кемелер;

д) Уақыт игерілімімен: тұрақты, уақытша және кезең бойынша тасымалдау болып табылады. Тұрақтысы жыл бойы іске асырылады. Кезеңдегісі теқ қана белгіленген жыл бойында, уақытша кідірістер-белгіленген күндер сипаттамасын алады.

е) Ұйымдастыру белгісі бойынша: орталықтандырылған және бөлшектенген.

Орталықтандырылып тасымалданғанавтокөліктік кәсіпорындарға ұйымдастырушылар арқылы жүк жеткізіледі және тұтынушылардың өздері арқылы бұл процесс іске асып отырады.

Ал бөлшектендірілгендегі тасымалдауларда әрбір жүк қабылдап алушы өз жүгінің жеткізілінуін өзі қамтамасыздандырады.

Автокөлікпен жүк тасымалдауда қажетті ережелер, келісімдер мен құжаттар.

Автокөлікпен жүк жәнетасымалдауда келісім накладной болып табылады. Накладной үш данада толтырылады және жүк жіберуші немесе жүк қабылдап алушы өз қолын қояды. Қолды штамп түрінде де қоюға болады, сондай-ақ басқа дай типографиялық әдістермен де қойылады. Накладнойдың 1-данасы:

«Тасымалдаушыға беріледі.»

2-данасы: «Жүкпен бірге жүк қабылдап алушыға беріледі.»

3-данасы: «Жүк жіберушімен қалады.»

Егер жүк бірнеше автокөлікпен тасымалданса немесе бірнеше партия болып тасымалданса жүк тасымалдаушы әр көлікке бөлек накладной толтырылуын сұрай алады.

Накладнойда келесі мәліметтер болады:

  • Накладной құрастырылған күні;
  • Жүк жіберушінің аты – жөні, мекен – жайы;
  • Тасымалдаушының немесе тасымалдау фирмасының мекен-жайы;
  • Жүкті жеткізу пункті және қабылдап алған пункті;
  • Жүк қабылдап алушының аты-жөні, мекен-жайы.
  • Егер жүк қауіпті болса, немесе жүктің тасымалдау ерекшеліктері болса накладнойға енгізіледі;
  • Жүктің нөмірі және қаншалықты орын алып тұрғаны;
  • Жүктің салмағы немесе данасы көрсетіледі;
  • Тасымалдау кезіндегі шығындар, кеден төлемдері көрсетіледі;
  • Кеден алымдарын және салықтарын төлеген кездегі ережелер көрсетіледі;

Кейбір кездерде накладнойда келесі мәліметтер көрсетіледі:

  • Жүктің басқа көлік түріне қайта артуға болмайтыны туралы;
  • Жүк жіберуші қандай төлемдерді өзі төлейтіні көрсетіледі;
  • Жүк жеткеннен кейін қайта орау соммалары көрсетіледі. (Реимпорт);
  • Жүктің бағасы;
  • Сақтандыру бағалары көрсетіледі.

Егер накладнойда жүкті тасымалдау ерекшеліктері көрсетілмесе, тасы-малдаушы жүк толықтай тасымалдауға дайын деп есептейді және жүккезақым келсе тасымалдаушы жауап бермейді. Жүк жіберуші басқа жүк қабылдап алушыға жібере алады, бірақ накладнойдың 2-данасы жүк қабылдап алушыға берілсе, жүк жіберуші жүкке деген құқығын толықтай айырылады. Егер жүк тасымалдаушы өзінің міндеттерін орындай алмаса және орындай алмайтынын сезсе жүктің иесіне хабарлауы тиіс. Егер үш күннің ішінде хабар бере алмаса, қалған жүкті сақтау үшін әрекеттер жасай бастайды. Жүкке салынған салықтар және кеден алымдарын төлеу туралы мәліметтерді жүк тасымалдаушы жүк иесінен алады. Мәліметті алу кезінде шыққан шығындарды жүк иесі толықтай өзі төлейді.