Студенттердің химиядан білім сапасын бақылаудың тиімді әдістері

Студенттердің оқу, танымдық ойлау іс-әрекеттерін тиімді басқару үшін оқытушы оқыту үрдісін басқарудың барлық кезеңдерін тізбекті орындауы қажет:

  • оқытудың мақсатын анықтау ;
  • студенттердің бастапқы білім деңгейін анықтау ;
  • оқыту үрдісінің негізгі өтпелі күйін ескеретін әсер етуші бағдарламаны құру;
  • студенттердің білімдерін жүйелі бақылауды қамтамасыз ету, яғни жүйелі кері байланысты жүргізу;
  • білімді , білікті және машықты бақылау нәтижелерін анализдеу, түзету әрекеттерін құрып, оны іске асыру [1]

Баға – оқытушының құзырына берілген студенттерді оқуға қызықтыруға , оған оң мағына беруге , тұлғаға әсер етуіне қажетті әсерлі құралдарының бірі . Оқытушылар әртүрлі бақылау әдістерін қолдана отырып , студенттердің оқу іс-әрекеттерін күн сайын бақылайды . Бағалау оқу мекемесінің іс-әрекеттері шеңберінде таза педагогикалық мақсатты көздейді .

Қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер : білім беру парадигмаларының ауысуы , оқытудың тұлғаға бағытталған әдісін , дамытушы педагогикалық технологиялар моделін енгізу – студенттердің білім сапасын қамтамасыз ету міндетін өзекті мәселеге айналдырады . Қазіргі нарық экономикасы мен Болон келісімен мойындаған жағдайда студенттердің білімдері бәсекеге қабілетті болуы қажет.

Білім беру сапасын бағалаудың негізгі элементтерінің бірі студенттердің білім сапасын бақылау педагогикалық жүйенің және оқу үрдісінің маңызды бөлігі болып табылады . Оқу жұмысы жүйелі және терең бақыланып , студенттер өз жұмысының нәтижесін үнемі көретін болса, оқыту нәтижелі болады . Оқытуда осындай бақылау болмаса , студенттер өз білімдерінің деңгейін білмей , өздерінің олқылықтарын әлсіз анықтайды . Дәстүрлі оқыту әдісін анализдеу кезінде студенттер білімдерін бағалау түрлері мен әдістерінің тиімсіздігі , дидактикалық мақсатқа сәйкессіздігі , бақылауды жүргізу кезіндегі жүйенің болмауы , әрбір педагогтың тапсырмаларды өзіне белгілі жүйе бойынша қарастыруы байқалады. Сұрақтар студенттердің қалыптасқан білімдері , біліктері және машықтарының деңгейін нақты анықтай алмайды . Әрбір емтихан қабылдаушының жауап берушінің білімі туралы өз түйсігі болады , бағалаудың өз критерийлері мен әдістері қолданылады .

XXI ғасырда білім берудің басты бағыты ретінде өздігінен жұмыс істеуге қабілетті, жауапты жағдайларда іс-әрекет жасай алатын, үздіксіз білім алуға талпыныс көрсететін біртұтас жеке тұлғаның қалыптасуын атап айтуға болады . Осыдан келіп білім берудің негізгі мақсаты күрделі жағдайларда тиімді таңдау жасауға қабілеті бар , жауапты тұлғаны қалыптастыру екені сөзсіз.

Дидактиканың заңдары мен принциптері студенттердің оқу іс-әрекеттері мен оқытушының оқыту іс-әрекеттері арасындағы қарым-қатынастарды басқаруға дұрыс көзқарас жасауға мүмкіндік береді және бұл мақсатқа жетудің негізгі шарты болып табылады . Жоғарғы оқу орнының түлегіне оқытудың сенімділік принципі екі негізгі талап қояды [2]:

  • алынған білімдердің көлемі мен сапасы квалификациялық талаптарға сәйкес болуы қажет ;
  • алынған білімдер , біліктер және дағдылар , ғылыми түсініктер шығармашылық жұмыс істеу қабілеттеріне ықпал етуі керек .

Бұл талаптардың орындалуы жоғарғы мектеп қызметінің мәні болып табылатын арнайы түрде ұйымдастырылған танымдық үрдістің нәтижесінде іске асырылады . Оқытушының педагогикалық іс-әрекеттері мен студенттің танымдық іс-әрекеттерін шартты түрде төрт кезеңге бөледі [3]:

  • оқытушының білімді игеруі , толықтыруы, жетілдіруі және білімді берудің жетілдірілген әдістемесін игеруі;
  • оқытушының жаңа білімдерді хабарлауы және оны студенттің қабылдауы (оқытушының студенттермен оқу-тәрбие жұмысы кезеңі);
  • зертханалық және сарамандық жұмыстарды,оқу және кәсіби тәжірибені орындау кезінде студенттердің әртүрлі білім көздерімен өзіндік жұмыс кезеңі.Осының негізінде біліктер мен дағдылар қалыптасып, білімнің түсінікке айналуы жүзеге асырылады . Мұнда студенттердің өздік жұмысын оқытушының жүйелі түрде басқаруын және өздігінен бақылаудың болуын атап көрсеткен жөн;
  • білімді тексеру және бағалау кезеңі.

Білімдерді , біліктерді және дағдыларды игеру үрдісін бақылаудың қажеттігін бүгінгі күнде барлық педагогтар мен психологтар мойындайды . Бұл кез-келген оқу орнындағы педагогтардың ұтымды жұмыс атқаруының басты талабы .Педагогикалық энциклопедияда [4] білімді бағалау «білім алушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімінтіркеу мақсатында жүргізілетін оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі» ретінде қарастырылады .

Оқыту нәтижелерін бақылау , тексеру дидактикада педагогикалық диагностика түрінде түсіндіріледі . Соңғы уақытта «мониторинг» түсінігі жиі қолданылады . «Педагог — білім алушы» жүйесінде мониторинг оқыту үрдісінің мақсатына сәйкес және білім алушылардың материалды игеру деңгейінің өзгерісі мен оны түзетуге бағытталған бақылаушы және диагностикалаушы шаралардың жиынтығы ретінде қарастырылады [5].Бұл шаралар оқыту үрдісінің мақсаттарымен тікелей байланысты және білім алушының материалды игеруін бақылау мен оны түзету мүмкіндіктерін ескереді .

Қазіргі оқыту жүйесі жағдайында оқытушының көпшілік студенттерге ақпараттың үлкен көлемін бірден беруге мүмкіндігі бар . Сонымен бірге осы ақпараттың қажетті көлемде игерілуі жөнінде ақпарат алу мүмкіндігі шектеулі .

Білімді бақылаудың дәстүрлік және инновациялық түрлерін ескеретін мониторинг жүйесі оқытушыларға оқу материалының игерілу дәрежесін , пән бойынша дайындық деңгейін , алынған білімнің сапасы мен беріктігін объективті және уақытында бағалауға жағдай жасайды .

Білім берудегі мониторинг – бұл педагогикалық және басқарушы категория, өйткені ол ақпарат теориясының негізгі қағидаларынның көшірмесін жасамай, оны педагогика, психология және басқару тіліне аударады.

Мониторинг кез келген деңгейде білім беру сапасының жағдайы туралы объективті және шынайы ақпарат алу мақсатында ұйымдастырылады. Мониторинг міндеттері:

  • белгіленген мақсатқа сәйкес білім беру жүйесінің жағдайын үздіксіз бақылау және ол туралы жедел ақпарат алу;
  • білім беру жүйесінде болған өзгерістерді уақытында анықтау;
  • білім беру жүйесіндегі теріс ағымдардың алдын алу;
  • білім берудің әдістемелік қамтамасыз етілуінің тиімділігін және толықтығын бағалау.

Бүгінгі күнде студенттердің химиядан білім сапасын бақылау үшін инновациялық құралдар ретінде тестілеу, модульдік және рейтингтік жүйелер қолданылады. Тестілеу бұл басқарылатын сапа параметрлері бар автоматтандырылған бақылау түрі болып табылады. Тестілеу дидактикалық үрдістің барлық кезеңдерінде жүргізілуі мүмкін. Олардың көмегімен тиімді түрде білімді, білікті алдын-ала (кіріспе), ағымдық, тақырыптық және қорытынды бақылау жүргізуге болады. Алайда барлық тестілік тапсырмалар қажетті нәтижені бермейді. Сондықтан әлемдік стандарттар деңгейінде тестология ережелері мен талаптарына сәйкес құрылған және анализденген тестілік тапсырмалармен жұмыс істеу қажет. Қазіргі кезде тестілік тапсырмаларды сертификаттау қызметтері жетілдірілмеген. Модульдік бақылау жүйесі студенттердің семестр бойында оқу жұмысын жүргізуін талап етеді. Рейтингтік жүйе дәстүрлі бағалау жүйесіндегі кемшіліктерді жойып, әрбір студенттің детістіктерін жеке бағалауға мүмкіндік береді.

Студенттер білім сапасының мониторингі бұл білім сапасын бақылау, бағалау және диагностикалау түрлерінің дәстүрлік және инновациялық жүйесі. Олардың тиімді түрде іске асырылуы модульді – рейтингтік түрде ұйымдастыру арқылы жүреді.

Мониторингті жоғарғы оқу орнында қолдану үшін бастапқы кезеңде мақсаты айқындалады, содан кейін мониторинг объектісі анықталады. Біздің жағдайда объект ретінде студенттердің оқу тобы алынады , ал мақсат – бұл студенттердің білім сапасын анықтау . Екінші кезеңде — мониторингтің негізгі элементінде — ақпарат жинақталады, ал үшінші кезең – аналитикалық. Алынған ақпараттарды өңдеу және жүйелеу осы үшінші кезеңде жүргізіледі.

Мониторинг деректерін бастапқы жоспарланған көрсеткіштерімен салыстыру қолданылған әдістер мен тәсілдердің тиімділігін бағалауға, оларды түзетуге мүмкіндік жасайды. Әрине, мониторингті тәжірибелі оқыутушылардың жүргізгені дұрыс. Мониторингті жүргізу арқылы деректер базасы құрылады , олар берілген топтағы студенттердің ары қарай дамуын терең анализдеуге және дер кезінде түзетулер жүргізуге мумкіндік береді .

Жоғарыда айтылған тұжырымдарды қорытындылай келетін болсақ , студенттердің химиядан білім сапасын бақылау үшін инновациялық әдістерді , әсіресе мониторингті қолдану тиімді болып табылады . Өйткені мониторинг жүргізу арқылы педагогикалық бақылаудың барлық тиімді тәсілдері қолданылуымен қатар , студенттердің жіберген қателіктерін түзету мүмкіндігі пайда болады .

Әдебиеттер тізімі

1 Талызина Н.Ф. ,Габай Т.Б. Пути и возможности автоматизации учебного процесса .- М .:

Знание ,1977 .

2Архангельский С.И. Учебный процесс в высшей школе .- М.:Педагогика ,1980 . – 74 с.

3Проверка и оценка знаний в высшей школе . Под редакцией Иаганзена Б.Г. и

Кувшинова Н.И. – Томск, 1969. -204 с.

4Педагогическая энциклопедия .-М :, 1963 .-Т.3.

5 Клюткин Ю.Н., Сухобская Г.С. Индивидуальные различия в мыслительной деятельности взрослых учащихся .-М. : Педагогика ,1971. -112с.