1917 жылғы Ресейдегі Ақпан – Қазан ревалюциясы. Азамат соғысы

 Революция қарсаңында. 1917 жыл Ресей тарихындағы түбірлі бетбұрыс жылы болды. Ел дамудың реформалық және революциялық жолдарының біреуін таңдауға тиісті болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс кезінде қалыптасқан жағдайлар елді революция жолына түсірді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресейдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларды әбден шиеленістірді. Кәсіпорындардың көпшілігі тоқтап қалды, баға өсті, алыпсатарлық кең.өріс алды, халықтың жағдайы әбден нашарлады. Ресей қоғамында елді күйзелістен шығаруға дәрменсіз болып отырған патша өкіметіне деген наразылық күшейді. Наразылық қоғамның барлық әлеуметтік топтары мен жіктерін қамтыды. 1915 ж. Мемлекеттік Думаның құрамындағы алты партияның өкілдерінен Прогресшіл одақ құрылды. Прогресшіл Одақ елдің ең беделді адамдары-нан біріккен үкімет құруды талап етті. Патша үкіметіне қарсы күресте барлық саяси партиялардың келісімге келуі осылайша басталды. Прогресшіл одакқа меньшевиктер мен еңбек тобы кірген жоқ, бірақ олар да партиялардың ынтымақтық әрекетін қолдады.

Патша өкіметі 1916 жыддың басында үкімет кұрамында өзгеріс жасады: премьер-министр болып ерекше қабілеті байқалмаған, көптің көзіне түспеген Б.Штюрмер тағайындалды. Үкіметке жақын топтар бұл шешімді патша Григорий Распутиннің ықпалымен қабылдады деген ойда болды. (Шаруа Г.Распутин халық емшілігінен хабары және табиғи экстрасенсорлық кабілеті бар болғандықган, патша сарайында елеулі ықпалға ие болған адам еді. 1916 жылдың аяғында жоғары дәрежедегі ақсүйектер тобы Распутинді өлтіртті).

Штюрмердің үкіметін оппозиция бірден-ақ қатаң сынға алды. 1916 ж. 1 қарашада кадеттердің жетекшісі П.Милюков Думаның мәжілісінде үкімет елді қиыншылықтан шығаруға ешқандай әрекет жасамай отырғанын айта келіп, «бұл не — ақымақтық па әлде сатқындық па?» деген сұрақ қойды. Патша өкіметі Штюрмерді орнынан алды. Жалпы, соғыстың үш жылында Ресейде 4 премьер-министр ауысты. Бұл өкіметтің дағдарысқа ұшырауының көрінісі болды.

Оппозиция монархиялық тәртіпті жою, елді демо-кратияландыру мақсатымен мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалды. Алайда төңкеріс төменнен басталып кетті.

1917 жылғы ақпан оқиғалары. Революцияның басталуы.

23 ақпанда Выборгта мыңдаған жүмысшы әйелдер Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге арналған жиындарында бүкіл қала жұмысшыларын қымбатшылық пен жоқшылыққа қарсы наразылық ереуілдерін жасауға шақырды. Сол күні Петроградтың көптеген кәсіпорындарында ереуіл басталды. Шеру жасаған жұмысшылар қаланың орталығына қарай бағыт алды. Алайда полиция мен қазактар орталықты шерушілерден жылдам тазартты. Бірде-бір саяси партия және оппозиция бұл оқиғаларды революцияның басталуы деп ойлаған жоқ.

  • ақпанда жүмысшылар шеруі тағы да орталыққа бағыт алды. Оларға университет студенттері қосылды. Қала гарнизонының орталықтағы қоршауын бүзып, шерушілер Иева даңғылына шықты. Келесі күні ереуілшілердің қатары көбейе түсті. Петроград әскери округінің қолбасшысы генерал С.Хабалов Могилевтегі патшаға желедхат жіберді.
    II Николай Хабаловқа: «Ертең жедел түрде астанадағы бейбастақ тәртіпсіздік тоқтатылсын», — деген бұйрық берді. Бұл қару күшін қолдануға рұқсат беру еді.
  • ақпанда қаланың орталығына әскер бөлімдері топтастырылды. Шерулер мен жиындар өткізуге тыйым салған бұйрықтар шығарылды. Алайда халықтағы да көшеге шықты. Жиында сөйленген сөздерде «Патша өкіметі жойылсын!» «Соғыс тоқтатылсын!», «Нан мен бітім!» деген ұрандар көтерілді. Шеруге қатысушылар өткен күндердегідей әскер оқ атпайды деп ойлады. Алайда кешке қарай шерушілерге қарсы оқ атыла бастады. Кейбір әскери бөлімдер халыққа оқ атудан бас тартты. Бұл қарулы күштердің халық
    жағына шығуы мүмкін екендігін көрсетті.

26 ақпанның кешінде социалистік партиялардың, серлердің, меньшевиктердің, большевиктердің өкілдерінің біріккен отырысы болды. Онда бірлесіп әрекет жүргізу мәселелері талқыланды. Жаппай ереуіл жасау және қажет болған жағдайда қарулы көтеріліске және уақытша революциялық үкімет құруға дайын болу туралы шешім қабылданды.

27 ақпанда Волын полкінің сарбаздары наразылық қозғалысын бастады. Аз уақытта ереуілші сарбаздардың саны 70 мыңға жетті. Сарбаздар мен жұмысшылар бірігіп, жиындар өткізіп, онда саяси талаптар дайындап, өз өкілдерін Таврия сарайына жіберді. Мұнда Думаның депутаттары бір жерде, саяси партиялардың өкілдері екінші жерде жиналыс өткізіп жатқан болатын. Социалистердің ұсынысымен жұмысшы депутаттары кеңесінің уақытша атқару комитеті құрылды. Оған белгілі социал-демократтар мен эсерлер кірді. Комитеттің 15 мүшесінің екеуі ғана большевик болды.
Дума депутаттары М.Родзянко бастаған Уақытша комитет
құрды, оған прогресшіл одақтың жетекшілері кірді. Мень-
шевик Н.Чхеизде мен еңбек тобының өкілі А.Керенский
екі Комитетке де мүше болды.

Могилевтегі патшаға Петроградта болып жатқан оқиғалардың қаншалықты қауіпті екендігі жеткізілген жоқ. Сондықтан 28 ақпанда патша Петроградқа аттанды. Бұл кезде Петроградта үлкен оқиғалар болды. Үкімет қызметтен кетті, министрлердің бірқатары тұтқындалды. Елде революция жүріп жатты. 1 наурыздың кешінде Думаның Уақытша комитеті мен жұмысшы депутаттары Кеңесінің атқару Комитеті өзара келісіп, князь Г.Е.Львов бастаған Уақытша үкіметті құрды. II Николайға тақтан бас тарту туралы ұсыныс жасалды. 2 наурызда II Николай інісі Михаилдың пайдасына тақтан бас тартты. Келесі күні Михаил таққа отырудан бас тартып, бүкіл билікті Уақытша үкіметке берді. Осылайша Ресейде монархия іс жүзінде жойылды ресми түрде республика 1917 ж. 1 қыркүйекте жарияланды.

Революциялық өкіметтің құрылуы.

Елдің саяси құрылысын белгілеу, аграрлық реформа жасау, езілген ұлттарға тәуелсіздік беру сияқты түбірлі мәселелерді Құрылтай жиналысы шешуге тиісті еді. Құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін елді Уақытша үкімет басқаратын болды. Уақытша үкімет 3 наурызда өзінің бірінші кезекте іске асыратын шаралары туралы мәлімдеме жариялады. Бұл құжатта саяси және діни көзқарасы бойынша тұтқын болғандарды босату, сөз, баспасөз, жиналыс бостандығын беру, сословиелік тіркеуді жою, халық милициясын құру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау жүргізу міндеттері белгіленді. Уақытша үкімет жоғарғы заң шығару және атқару билігін іске асырды. Алғашқы кезде оны барлық саяси партиялар қолдады.

Социалистік партиялар Ресейде монархия құлаған соң бірінші кезекте жалпы демократиялық міндеттерді іске асыру қажет деп есептеді. Сондықтан революцияны олар буржуазиялық-демократиялық сипаттағы революция деп бағалады. Социалистер Уақытша үкіметке Жұмысшы депутаттарының кеңестері арқылы қысым жасап, демократиялық шешімдерді іске асыруға итермелеу мақсатын көздеді. Кеңестер ресми өкімет органы болған жоқ. Оларды Уақытша үкімет конституция қабылданғанға дейін әрекет жасайтын уақытша қоғамдық ұйымдар деп қарады. Алайда іс жүзінде Кеңестер маңызды мемлекеттік міндеттерді іске асырды: жұмысшы милициясына басшылық жасады, экономикаға бақылау қойды. Жұмысшы милициялары (қызыл гвардия) тек Кеңестерге бағынды және куатты қарулы күшке айналды. Сондықтан Уақытша үкімет Кеңестермен санасуға мәжбүр болды. Осылайша қос өкімет жүйесі қалыптасты. Әрине, бұл жағдай ұзаққа созылмайтын еді, екі өкіметтің біреуі түбіңде толық билікке ие болып, ал екіншісі жойылуға тиісті болатын.

1917ж. 3 маусымда Жұмысшы жөне сарбаз депудаттары кеңестерінің I Бүкіл ресейлік съезі ашынды. Съездегі қаралған негізгі мәселе — Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас. Бірінші мәселе бойынша съезд Уақытша үкіметті қолдау және құрама үкімет құруға келісу туралы шешім қабылдады. Соғыс мәселесі бойынша нақты, айқын шешім қабылданған жоқ

1917 ж. мамырда шаруа депутаттарының I Бүкілресейлік съезі өтті. Оған эсерлер жетекшілік жасады. Съезд помещик жерлерін тәркілеу, жерді шаруаларға бөліп беру, кооперативтер құру туралы шешім қабылдады.

Уақытша үкімет барлық маңызды мәселелерді Құрылтай жиналысы шешуге тиісті деп, халықтың негізгі бөлігінің талаптарын орындауға асықпады. Әрине, соғыс, экономикалық дағдарыс, қос өкімет жағдайында белсенді әрекет жасауға мүмкіндік те жоқ еді. Үкімет әскерді демократияландыру, патша әулетінің меншігіндегі жерді, орман көлдерді тәркілеу туралы бүйрық берді. Бұл шаруалар мен жүмысшыларды қанағаттандырмады. 1917 жылдың көктемінде жұмысшы және шаруа қозғалысы қайта өрістеді. Ұлт-азаттық қозғалысы жанданды. Ұлттық ұйымдар ұлт мәде-ниетін дамыту, автономиялық құқыққа ие болу, толық мемлекеттік тәуелсіздік алу сияқты әр түрлі дәрежедегі талаптар қойды. Финляндия толық мемлекеттік тәуел-сіздікті талап етті. Уақытша ұкімет бұл талапты орындаудан бас тартты. Наурыз айында Полыиаға тәуелсіздік, ал Украинаға автономия берілді. Ал жазда Ресей империясын федерация негізінде қайта құруға дайындық басталды. Бұл көптеген ұлт өкілдерін қанағаттандырмады.

Түбірлі мәселелердің шешілмеуі өкіметтің дағдарысын туғызды. 1917 ж. ақпаннан қазанға дейінгі кезеңде 4 үкімет ауысты. Үкіметтердің ауысуы аралығында өкімет дағдарыстары болып тұрды, бұл дағдарыстар Ресейдегі мемлекеттік билік тәртібінің демоқратиядан диктатураға өтуінің негізгі кезендерін көрсетті.

Сәуір дағдарысы. (18 сәуірде Уақытша үкімет Антанта елдеріне нота жіберіп, Ресей соғыстан шықпайды деп уәде берді.. Жұмысшылар мен сарбаздар наразылық шерулерін өткізді. Патриоттық топтар үкіметті қолдау шеруін ұйымдастырды. Екі шеруге қатысушылардың арасында қақтығыстар болып қалды. Әскер бөлімдері шеруге қарсы оқ атудан үзілді-кесілді бас тартты. 6 мамырда үкімет құрамы о исртілді. Оған буржуазиялық партиялардан 10 өкіл, социалистерден 6 өкіл кірді.

Большевиктер неғұрлым белсенді жұмысшылар, студенттер, солдаттар, шаруалар арасында үгітті өрістетті. Осы топтардың талап-тілектерін өздерінің бағдарламалық құжаттарына енгізіп отырды. Осылайша большевиктердің қатары өсе бастады. Сәуірдің басында шетелде жүрген большевиктердің жетекшісі В.И.Ленин Петроградқа қайтып оралды. «Сәуір тезистері» деп аталған еңбегінде Ленин большевиктердің алдағы уақыттағы міндеттерін белгіледі: Уақытша үкіметке ешқандай қолдау жасамау; буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революцияға ұластыру; пролетариат диктатурасын құруды түпкі мақсат деп қарау; өкімет билігін қолға алған соң елді соғыстан шығару. Бұл бағдарлама большевиктерді басқа социалистік ұйымдардан бөліп тастады. Большевиктердің алдына Ресейдің барлық жеріндегі Кеңестердің құрамынан эсерлер мен меньшевиктерді ығыстыру, Кеңестерді большевиктендіру және өкімет билігін Кеңестерге алып беру міндеті қойылды. Большевиктер жетекшілері арасындағы өзара күрес тез арада Лениннің бірден-бір басшы рөліне ие болуымен аяқталды.

Маусым дағдарысы. Уақытша үкіметтің соғысты жалғастыру идеясына большевиктер соғыстан шығу идеясын қарсы қойды. Маусым айында Петроградта болған шерулерде большевиктердің ұрандарын жақтаушылардың көбейгендігі байқалды. Үкіметтің маусым айындағы Оңтүстік-Батыс майдандағы орыс әскерлерін шабуылға шығару арқылы шиеленісті жұмсартпақ болған әрекеті де сәт-сіздікке ұшырады. Әскерді Уақытша үкіметтен түңілушілік сезімі жайлады. Болшевиктер майдандағы сәтсіздіктерді пайдаланып, Уақытша үкіметке қарсы үгітті күшейтті.

Шілде дағдарысы. Үкімет Петроградта орналасқан революцияшыл пиғылдағы пулеметшілер полкін май-данға жіберу туралы шешім қабылдады. Олар майданға барудан бас тартып, 3 шілдеде шеруге шықты. Оларға басқа әскери бөлімдер және Путилов зауытының жұмысшылары қосылды. Келесі күнгі шеруге жарты миллионға жуық адам қатысты. Уақытша үкімет шерушілерге қарсы сенімді әскери бөлімдерді қойып, оқпен қарсы алды. Бұл жағдай Уақытша үкіметтің беделіне үлкен нұқсан келтірді. Уақытша үкімет пен большевиктердің арасында ашық күрес басталды. Большевиктердің жетекшілері сотқа тартылды. Ленин мен Зиновьев астыртын жұмысқа көшіп, Финляндия жеріне жасырынды. 7 шілдеде Львов премьер-министрқызметіненкеттіде, орнына Керенский тағайындалды.

Ленин большевиктер партиясының алдына қарулы көтеріліске дайындалу міндетін қойды. Л.Б.Каменев, Г.Е.Зиновьев сияқты байсалды большевиктер Уақытша үкіметтің қоғамды демократияландыру бағытында елеулі інараларды іске асырғанын жоғары бағалады. Олар социа-листік мақсаттарды іске асыруға әлі ерте деген ойда болды. Алайда партияның 1917 ж. шілде-тамызда болған VI съезі қарулы көтеріліске дайындалу туралы шешім қабылдады. Бірқатар делегаттар әлемнің басқа елдеріндегі социал-демократтардың парламенттік күрес пен реформалар арқылы еңбекшілердің жағдайын жақсартуға бағытталған іс-әрекетін еске салды, бірақ көпшілік бұл идеяны ескерусіз қалдырды.

Уақытша үкімет тамыз айында Москвада Мемлекеттік мәжіліс өткізді. Оған Ресейдегі барлық саяси және қоғамдық ұйымдар өкілдері, Мемлекеттік Думаның төрт депутаты, ұлттық ұйымдар өкілдері шақырылды. Большевиктер мәжіліске қатысудан бас тартты. Социалистердің атынан меньшевиктер мен эсерлер қатысты. Мәжілісте азаматтық ымыраға, саяси келісімге шақырған сөздер айтылды. Алайда мәжілістен тыс жерде оңшыл топтар саяси төңкеріс жасау мәселесін талқылады. Төңкеріс диктатураға жол ашуға тиісті болды. Диктатор рөліне Л.Г.Корнилов ұсынылды. Ал Керенский мәжіліске қатысушылар Уақытша үкіметке қолдау көрсетеді деп үмітенген еді. Алайда олардың көпшілігі Корниловты қолдады. Корниловты жақтаушылар төңкеріс жасауға дайындалды.

25 тамызда Корнилов Петроградқа әскер жіберіп, Керенскийге үкімет басынан кетуге, жаңадан құрылатын үкіметке қатардағы министр рөлінде кіруге ұсыныс жасады. Керенский бүл ұсыныспен келіспеді. Үкіметтің отырысында Керенский Корниловтың бүлігімен күресу үшін тотенше өкілеттік беруді талап етті. Кабинет мүшелері бір шешімге келе алмай, қызметтен кететіндерін мәлімдеді. Тағы да үкімет дағдарысы туды. Қыркүйек айының басында Корнилов бүлігі сәтсіздікке ұшырады. Бұл күресте Керснский революцияшыл бұқараның қолдауына сүйенді.

25 қыркүйекте жаңа үкімет құрылды. Керенский премьер-министр қызметінде қалды. Үкімет құрамында социалистердің өкілі көбдірек болды.

1917 жылдың күзіндегі Ресей қоғамының дағдарысы.

1917 жылғы саяси дағдарыстар экономиканың күйзелісімен қатар жүрді. 1917ж. өнеркәсіп өнімі 1913 жылғы дәреженің 79 пайызын, еңбек өнімділігі 22,8 пайызын ғана құрады. Елдің финанс жүйесі мүлде құлдырады, сомның құны соғысқа дейінгі мөлшерінен 2,2 есе төмендеді. Бұл қымбатшылық пен алыпсатарлықты күшейтті. Тасымал жүйесінің бұзылуы орталыққа астық жеткізуді қиындатты. Халықтың жағдайының төмендеуі наразылық қозғалысын тудырды.

Қыркүйек-қазан айларында жұмысшылардың 257 ереуілі, қолөнершілер, ұсақ саудагерлер мен қызметшілердің 279 бас көтеруі болды. Тылда және майданда солдаттардың бұйрыққа бағынбауы, офицерлермен қарулы қақтығысы жиіледі. Шаруа қозғалысы қыркүйекте Тамбовтың Козлов уезінде басталып, аз уақытта бүкіл губернияны қамтыды. Москвадан оларға қарсы қазактар мен юнкерлер отряды жіберілді. Соған қарамастан, көтеріліс басқа жерлерге тарай бастады. Халық наразылығының күшеюі большевиктердің өкімет билігін қолға алу ниетіне дем берді.

1917 жылғы қазан оқиғалары. Қыркүйектің ортасында Ленин ұсынған қарулы көтеріліс жасау идеясын РСДЖ(б)П Орталық Комитеті қайтарып тастаған еді. Ал 10 қазанда осы мәселе қайта қойылған кезде Каменев пен Зиновьев қарулы көтеріліс бастауға қарсы болып, Құрылтай жиналысын күтуді, өкімет билігін зорлықсыз, заңды жолмен алуды ұсынды. Троцкий 26 қазанға белгіленген Кеңестердің II съезін күтуді, осы съездің шешімі арқылы билікті Кеңестерге беруге Уақытша үкіметті мәжбүр етуді, ол бас тартқан жағдайда ғана күш қолдануды ұсынды. Алайда 16 қазанда Орталық Комитет қарулы көтеріліс туралы шешім қабылдады (19 дауыс қолдады, 2 адам қарсы болды, 4 адам қалыс қалды). Қарулы көтерілісті дайындауды Әскери-революциялық комитет іске асыруға тиісті болды, саяси басшылық партиялық Орталықтың қолында болды. Қарулы көтеріліске дайындық құпия түрде жүргізілді. Тек көтерілісті бастау үшін сылтау қажет болды. Қазанның 23-інен 24-іне қараған түні Уақытша үкімет қарулы қақтығыстарға үндейді деген айып тағып, 2 большевиктік газетті, 2 оңшыл газетті жабу туралы бұйрық берді. 24 қазанда таңертең милиция отряды большевиктік «Жұмысшы жолы» газетін жапты. Әскери-революциялық комитет гарнизонға және Балтық флотына Петроград Кеңесіне қауіп төнді деген хабар жіберді. Сол күні большевиктерді жақтайтын сарбаздар, теңізшілер және қызыл гвардия байланыс мекемелерін, көпірлерді т. б. маңызды нүктелерді басып алды. Ондағы күзетші бөлімдер қарсылық көрсеткен жоқ. Ленин «Ресей азаматтарына» деген құжат дайындады. 25 қазанда таңертең жарияланған бұл құжатта Уақытша үкімет құлатылды, билік Петорград Кеңесі мен ӘРК қолына көшті деп хабарланды.

Алайда Уақытша үкімет әлі құлаған жоқ еді. Керенский өзінің орынбасары Коноваловпен кеңесіп, 25 қазан күні таңертең майдандағы әскерге барам деп жолға шықты. Министрлер қазақтар мен юнкерлерді көмекке шақырды. Большевиктер сарбаздарды, теңізшілерді және қызыл гвардияны оларға қарсы қойды. Қала гарнизонының басқа бөлімдері бейтараптылық сақтады. Ленин большевиктердің алдына Уақытша үкімет майданнан көмекке әскер шақырып үлгермей тұрып, жылдам Қысқы сарайды басып алу міндетін қойды.

Уақытша үкімет мүшелері де әрекет жасауын тоқтатқан жоқ. Олар барлық саяси партияларға, Кеңестердің атқару комитеттеріне, қалалық басқару мекемелеріне демократияны бірлесіп қорғау туралы ұсыныс жасады. Алайда саяси партиялар ешқандай белсенді әрекетке барған жоқ. Қысқы сарай қорғанудың барлық мүмкіншіліктерінен айырылды. Майданнан көмекке келе жатқан бөлімдердің жолын большевиктер бөгеп тастады.

Уақытша үкіметті аз ғана юнкерлер тобы қорғады. 26 қазанда түнде Қысқы сарайды большевиктер басып алды. Келесі күні баспасөз бетінде Қысқы сарайды алуда 6 адам қаза тапты, бірнеше ондаған адам жараланды деп жазды.

25 қазанда кешке қарай Жұмысшы және сарбаз депутаттары Кеңестерінің II съезі ашылды. Оған шаруалар окілдері қатысқан жоқ. Оңшыл эсерлер мен меньшиктердің бір топ өкілдері большевиктерді қарулы көтеріліс жасағаны үшін айыптап, съезден кетіп қалды. Меньшевиктердің съезден кетіп қалуы қателік болды, бүл бүкіл билікті большевиктердің алуына мүмкіндік берді.

Съезде Бітім туралы декрет, Жер туралы декрет қабылданды. Онда Ресей соғыстан шығады, демократиялық бітімжасалынады, шаруаларға жер беріледі деп көрсетілді. Құрамына тек большевиктер ғана кірген үкімет құрылды. Ол Халық Комиссарларының Кеңесі (ХКК) деп аталды, юрағасы Ленин болды. Съезде Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті (БОАК) құрылды, оның төрағасы Л.Каменев болды.

Меньшевиктердің солшыл тобының жетекшісі Л.Мартов съезде большевиктердің өкімет билігін зорлықпен тартып алуы демократиялық күштер арасында алауыздық туғызды, бұл азамат соғысына апаруы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл жорамал кейіннен расқа шықты, елде азамат соғысы басталды.