“Қайта құру” саясаты және Қазақстан

 М.Горбачевтің КСРО басшылығына келуімен жарияланған әлеуметтік-экономикалық қайта қамтамастыруларға қарай бағыт өзінің басталу кезеңінен билікке шығар кезде өздерін демократиялық басшылар әрекеттерінікіндей тенденцияға ие болды. Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси акциялар жүйесі тарихқа “қайта құру” деген атпен енді. Осы кезең дамуында бірнеше этаптарға бөлінеді.

Бірінші: 1985ж. көктем – 1987ж. жаз. Осы этапшеңберінде жеделдету деп аталған концепцияны жүзеге асыруға әрекеттер жасалды. Ел басшылығы қоғамды тоңыраудан алып шығуға ішкіштікпен және салғырттықпен күрес көмектеседі деп сенді. Күткендегідей бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруда, сондай-ақ қоғамдық дамуды жеделдетуде тез көрініс беруге тиіс болды.

Алайда жеделдетудің басты факторы ретінде өндірістік аппараты жаңарту идеясы көрінді. Кейбір “қайта құру архитекторлары” есептегендей валюталық ресурстарды тұтыну тауарларынсатып алудан негізінен машина жасау импортын алуғабөлу арқылы 1990 жылға таман әлемдік стандарттарға жауап беретін машина жасаудың азаматтық салаларындағы машиналар, құрал-жабдықтардың үлесін 90%-ке дейін жеткізу болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен жеделдетуді арттыру көзделген.

Аграрлық саладажеделдету мүмкіндігі НТР жетістіктерін, жаңа технологияларды және ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялаудың басқа факторларын енгізуден көрінді.1985ж. қыркүйекте Целиноградта сөйлеген сөзінде М.С.Горбачев атап өткендей бұл уақыт келешегі сондай зор делінген, колхоз-совхоз жүйесіне күш беру қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ рынок пен жеке меншіктің нәтижесінде тұтынушы үшін бәсеке күрестің жоқтығы жағдайында жеделдетудің барлық идеялары елес қана болып қалды. Расында да монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа айталық, телевизорлардың, жаңа технологиялық желілердің, егер жалпылама жеттіспеушілік жағдайда тіпті оның ең ескірген және сапасыз өнімін тұтынушылар талап алып жататын болса қажеті қанша. Өйткені тұтынушының таңдауға мүмкіндігі жоқ қой және өзіне монополист-өндіруші монопольді түрде қымбат бағамен ұсынатын нәрсені алуға мәжбүр болады. Олай болса, жаңа технологияларда, станоктарда, т.с.с. қандай мән бар? Оларсыз-ақ монополист-кәсіпорындар гүлденетін болады. Сондықтан зауыттар мен фабрикалар өздерінежеделдетуге партиялық бағыт аясында таңылған импорттық жабдықтардан бас тартты. Ал бұл іс жүзеге аспаған соң контейнерлердегі немесе ашылған соңғы заттар желдің, қар мен жауынның өтіндегі артқы қораларға жасырылды.

Жеделдету концепциясының қауқарсыздығы ауылшаруашылығында кері әсер етті. Мұнда да бәрі жеке мүлік қатынастарымен түсіндірілді. Мемлекеттік колхоз-совхоз жүйесі өзінің табиғи қуатымен ғылыми-техникалық төңкерестің, ең жаңа технологиялар мен жер өңдеудің ғылыми жүйелерінің жетістіктерін қабылдауға қабілетсіз болып шықты. Колхозшылар мен совхоз жұмысшылары мемлекетте құқықсыз тап, өндірістен, сондай-ақ еңбек нәтижесінен аластатылған күйінде қала отырып, қоғамдық өндіріске мән бермеді. Мотивацияның осындай үлкен шеңберінде интенсификация туралы айту тым артық еді.

Ал “бүкіл әлемнің тәртіп үшін күресіне ие артуға келсек, онда осы шараның көмегімен өнеркәсіп нәтижелілігін тек 1%-ке ғана көтеруге қол жетті, оның өзі қайта құрудың бірінші жылы болды. Ішімдікке қарсы әрекет госбюджет жетіспеушілігінің өсуі мен тұтынушылар рыногындағы ахуалдыңұшығуына әкеп соқты.

Екінші кезең. 1987ж. жаз – 1989ж. мамыр. Қайтақұрудың алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы жеңілдетілген жолдармен реформалау әрекеттерінің қабілетсіздігін көрсетіп берді. Анық болған нәрсе реформаның стилі болған “косметикалық әдістер” бұл істе көмектесе алмайды, өйткені дағдарыс себептері тіптен тереңде-өндірістік қатынастар жүйесінде жатыр. Осыған байланысты елдің динамизациясы мен игілігіне жолды рынок пен жеке мүлік арқылы, яғни барлық дамыған өркениетті мемлекеттер өз эволюцияларында жүріп өткен бағыт арқылы табуға болады деген аксиома қоғамның санасын кеңінен билеп алды.

Алайда ел басшылығы бұрынғыдай сенімсіздік, баяулық және шектен тыс байқампаздық көрсетті. Жоспар мен нарықтық апатты жалғау, сол арқылы социалистік нарықтың бір үлгісіне шығу, жеке меншікті ойдан шығарылған тәртіптермен алмастыру әрекеттері осымен түсіндіріледі. Осы кезең кемістіктерінің жарқын мысалы мемлекеттік кәсіпорын туралы және кооперация туралы жартылай заңдар болды. Олар қоғамға ілгерілеуді хабарласа да, бәрібір проблемаларды шешпеді. Радикалды шаралар керек болды.

Үшінші кезең 1989ж. май – 1991 ж. тамыз.Тек шешімдер қабылдау орталығының бюрократиялық орындардан белсенділеу реформатырлыққабағытталған орғанға көшуі ғана әлеуметтік жаңарулардың нәтижелі өтуіне үміттенуге себеп болды. Мұндай жорамалдар 1989 жылғы көктемгі ұлттық парламенттің сайлауынәтижесінде құрылған болатын. Парламент мінбелерінде тоталитарлық империяның қалдықтары үстіне демократиялық қоғам орнатудың маңызды шарты ретінде нарық пен жеке меншікке өту үшін қызу талас-тартыс өріс алды.

Сол уақыттарда бұқаралық ақпарат құралдарында биліктегілерге жеңілдікпен күресу бойынша әрекеттер кеңінен насихатталды.Еңбекшілерге бір-екі нашар партиялық санаторийдің берілуі туралы жар сала хабарланды немесе ертеңмен дүкенге өзі барып, азық-түлік алатын жаңа республика басшысының “қарапайымдылығы мен демокаттығы айтылып жатты.

Өсуін жалғастыра берген қылмыспен күресуге бостан бос күш салынды. Горбачевтік ішімдікке қарсы кампания шеңберінде “қала мен селоны алкоголизмнен тазартамыз” деген ұран көтерілді. Кәсіпорындарда саулық қоғамдары құрылып жатты, әр жерде “құрғақ” тойлар өткізілуде болды, ал милиция болса тіке ресторан залдарынан ішкендерді аулап жүрді десекте болады. Алкоголизм бәрібір азаймады. Бұл ауруға ұшыраған адамдар есірткіқұмарлыққа көшті,самогон қайнатумен айналысып кетті және т.б.

Осылайша республикада байқалған қоғмдық-саяси өмір тенденциялары ел орталығындағы процестермен бірге өрбіп жатты. “Жариялылық туралы мәлімдеп, жүйе өзін-өзі құрту инерциясын қолдан шығарып алды. Өзгерістер дауылы Қазақстанға да жете бастады.

Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстанда формальді емес қозғалыс қалыптаса бастайды. 1989ж. қарашадан 1990ж. наурызға дейінгі аралықтың өзінде 103 қоғамдық қозғалыстар, партиялар, бірлестіктер мен топтар болды. Қоғамда әлеуметтік-саяси күштің әркелкі спектрі қалыптасты.

Сонда да айта кету керек, жеке меншік пен нарықтық қатынастардың жетілген институтының жоқтығы жағдайында қоғамда бір-бірінен ажыратылатын таптық мүдделердің болуы мүмкін емес еді және ол болған да емес. Сондықтан да қозғалыстардың әлеуметтік базасы негізінен біркелкі болды. Ал, таптық мүдделерге келсек, олар этникалық немесе барлық бағыттарға тиімді жолдар бойынша құрылды. Мұны айтпақшы, электорат дифференциациясының негізгі принципі этникалық топпен идентификация екенін анықтап берген парламентке сайлау да нақтылай түсті.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының біркелкілілігі, демократияның құқықтар мен еркіндіктердің басты жоқтаушысы – ортатоптың болмауы Қазақстанда осыкезеңде демократиялық бағытпен белгіленген қозғалыстар мен партиялардың неге халықтық қолдауға ие болмағандығынан деп түсіну керек. Егер олардың құқықтықдемократиялық мемлекет құруға абстракті үндеулері халық арасында біршама құнтталып жатса, ал жеке меншік пен қоғамның нарықтық қатынасынанақты бағдарламалық бағыт көбіне өзін-өзі ақтай алмады.

Осы жылдары коммунистік партия өзінің “қоғамның бірден-бір басқарушы және бағыттаушы күші” ролін сақтап қалуға тырысып жатты. Алайда оның беделі түсе берді. 1990ж. басында КСРО қалаларында, оның ішінде Алматыда өткен әлеуметтік сұрау салулар жауап берушілердің тек 17%-і ғана КОКП-ның қоғамды қайта құруды басқарып, оның табысын қамтамасыз ету қабілетіне сенетіндігін көрсетті. Осындай пікірлер партия мүшелерінің өздерінің қатарында да, көбейіп келе жатты.Сонымен, 1989ж.қазанда Алматыда сайлаушылардың қалалық “Кеңес” клубы құрылды. Оныңбастамашылары партия мүшелері С.Әбдірахманов, Қ.Мезенцов, т.б. болды. Осы клуб отырыстарында КОКП-ға сын айтылды, оны түбірімен реформалау талаптары қойылды. Алайда мұндай елестің жүзеге аспайтындығы анық болды. 1988 ж. ортасында өткен КОКП Бүкілодақтық конференциясы, одан кейінгі партия съезі партияның өзін-өзі жаңартуға және реформалауға қабілетсіздігіне толық көз жеткізді. Қоғам тарапынан оған деген сын мен қарсы келужоғары тенденциямен өсе түсті. Мұның нәтижесі 1991 жылғы тамыз оқиғалары болды. 1991ж. қыркүйекте Қазақстан Компартиятаратылды. Республика дамуының, қоғамдық-саяси өмірінің жаңа кезеңі басталды.

Халықтың тұрмыстық — әлеуметтік жағдайы

 60ж. ортасында аз елдің партиялық-мемлекеттік басшылығы халықтың ақшалай табысын арттыру бағытын ұстады. Мұның өзі халықтың тұрмыс дәрежесінің 40-50 жылдар мен салыстырғанда артыуында белгілі дәрежеде оң рөл атқарды. 70ж. бірінші жартысында халық шаруашылығының өндірістік салаларында жаңа ставкамен жалақы белгіленді, ең төменгі жалақы 70 сомға жеткізілді. 1977—1978жж. өндірістік емес салалардың қызметкерлері үшін жаңаөлшемдер мен жалақылар белгіленді. Егер 1965ж. халықтың 4% ғана табысы айына жанұя мүшелеріне шаққанда 100 сомнан және одан жоғары болса, ол 1977ж. олардың саны 40% жетті. Тұтас алғанда республика жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа айлық табысы 1971—1989жж. 89%, 123,7 сомнан 233,7 сомға дейін, өнеркәсіп жұмысшыларының табысы осыған сай 93,6% 133,9 сомнан 259,3 сомға дейін өсті. Совхоздарқызметкерлерінің жалақысы да елеулі түрде — 121 сомнан 247 сомға дейін өсті. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы өсті. (100 сомнан — 210 сомға) халықтың төмен айлық алатын өкілдері орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді. Жасына қарай төленетін айлық орташа зейнетақы 51,1 сомнан 93,2 сомға дейін көтерілді.

Жалақының осындай дәрежеде өсуі жылдар бойы халықтың тұрмыс дәрежесі үнемі өсіп келеді деп санады, ал шын мәнінде бұл шындыққа сай емес еді. Мемлекеттің және монополист кәсіпорындарының бағаны көтеруі, товарлар сапасының төмендеуі, тапшылықтың өсуі, жалақы көлемін қолдан төмендету, ақы төлеудегі теңгермешілік сияқты факторлар халықтың тұрмыс дәрежесінің құлдырай беруіне әкеп соқты. Өнеркәсіптегі таза өнімде жалақының үлесі үнемі төмендей берді, 1927ж. ол 58% болса, 1985ж. 36% болды.

Халықтың нақты табысының төмендеуіне ақшаның құнсыздануы да әсер етті, мұны көп уақыт бойы мемлекеттік органдар халықтан жасырып келді. Құнсыздану қарқыны жылына 4% (ғалымдар есебі бойыншаша) екенін есептегенде нақты жалақы 1970—1986жж. 20% төмендеді. 1985ж. 1 сом 60ж-ң ортасындағы 1 соммен салыстырғанда 54 тиынға тең еді. ОКП ХХV съезінде партия басшылығы ақшалай табыстың жеке өзін алып қарағанда тұрмыс дәрежесінің нақты өсуі емес екенін мойындауға мәжбүр болды.

Қарастырылып отырған осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем зейнетақы және степендия төлеуге, тегін білім алуға,денсаулық сақтауға, мәдени тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971ж. колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді. 1972—1974 жж. соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33% көбейтілді. 1975ж. Отан соғысы мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді. Ана мен баланы қорғау жөніндегі шаралар белгіленді. Отан соғысы на қатынасқандардың материалдық-тұрмыс жағдайы жақсартылды, бала кезінен мүгедек болғандарға жәрдем көбейтілді. Алайда бұл шаралардың халықтық тұрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді.

Зейнетақылардың, жәрдем ақының ең аз мөлшері мардымсыз өсірілді, себебі оны өсірудегі негізге алынған мөлшері одан да мардымсыз болатын. Халықтың едәуір бөлігінің, әсіресе зейнеткерлердің, көп балалы жануялардың табысы төмен күйінде қалды, ол көбінше күнкөру минимум да қамтамасыз етпеді. 70—80жж. көпшілік қолды көптеген тауарлар бағасының тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсетудің, көліктің көптеген түрлері бағасының ресми және ол сияқты жасырын түрде жоғарлатылуы халықтың нақты табысын едәуір төмендетті.

Тапшылық күшейе түсті. Сатудан балаларға, қарттарға арналған арзан тауарлар жоғалып кетті, көптеген азық-түлік түрлері жетіспеді. Тамақ өнімдерінің сапасы нашарлады. Сонымен қатар олардың бағасы қымбаттады. Сағаттап кезекте тұру — кеңестік құрлыстың айнымас серігі, үйреншікті әдетке айналды.

70—80 жж. адамдардың көпшілігі кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемлекеттік, әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты еді. Мұндай артықшылықтар әлеуметтік теңсіздіктің арнаулы түрін тұғызды, іс жүзінде алып қарағанда, сомның сатып алу құны әртүрлі тұтыну рыноктарын қалыптастыру болды. Бюрократия артықшылықтарды бөлуде шендікпринципті қатаң сақтады. Олардың көлемі қызмет орнының дәрежесімен белгіленді.

Әлеуметтік саладағы ең өткір мәселелердің бірі тұрғын үй мәселесі еді. Қаралып отырған дәуірде оны шешуде кейбір алға басулар байқалды. 2208,7 мың пәтер салынып,13 млн. адам жаңа пәтер алып, өз үйін сатып немесе пәтер кеңейтіп өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты.

Алайда халық санының өсуіне байланысты олар тұрғын үймен толық қамтамасыз етілмеді. Үй салуға бөлінген күрделі қаржы азайды, сол себепті салынған пәтер саны да азайды, тұрғын үй құрлысының жоспары орындалмады. Тек он бірінші бесжылдықта ғана республикада 1,2млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді,мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орындалмады. Осындай жағдайда 70—80жж. басында республиканың орталығында және облыс орталықтарында құны қымбат әкімшілік үйлері салынып жатты.

Республика экономикасының орталық ведомстволарғабағыныштылығы, әлеуметтік-мәденисалалардың проблемаларын бағаламау, олардың дамуына ресурстарды қалдық принцип бойынша бөлу мына жағдайға әкеліп соқтырды: Қазақстан халықтың тұрмыс дәрежесін белгілейтін көптеген көрсеткіштер бойынша жалпы одақтың көрсеткіштерден артта қалып қойды. 70—80жж. Одақтас республикалардың даму дәрежесін жеңестіру туралы жарияланған ереже іске аспады. Қазақстанның көптеген аудандары, ең алдымен Семей ядролық полигонының зардабы тараған аймақ, Арал өңірі адам баласы төзгісіз қиын жағдайда еді. Негізінен қазақтар тұратын алыстағы селолық аудандар қалыпті дәрігерлік көмекпен, ауыз су мен, көкөніс және жемістермен қамтамасыз етілмеді, оларда бала бақшалар, кітапханалар және т.б. жетіспеді. Осы жағдай республика мен орталық арасында қарама-қайшылықтың шешеленісуіне объективті негіз болды.

Республика халқының тұрмыс дәрежесінің жағдайын қарастыра отырып, 70—80жж. соғыстан кейінгі кезеңмен салыстырғанда халықтың негізгі бөлігінің жағдайының жақсарғанын мойындау қажет. Жанұялардың көпшілігінде теледидар, тоңазытқыш, кір жуатын машина, үй жиһаздары жәнебасқа ұзақ пайдаланылатын заттар пайда болды. Соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі тұрмыстық көріністері — жер кепелер, барактар көзден кете бастады, коммуналды пәтерлерде тұратындардың саны азайды. Түристік сапармен шет елді, елді аралаушылардың, санаторийлер мен демалыс үйлерінде дем алушылар саны көбейді.

Бірақта әлеуметтік саланың проблемалары оларды шешу қарқынынан тез көбейді, оны қалдық принцип бойынша қаржыландыру дәрігерлік қызмет, мектепке дейінгі тәрбие, білім беру сапасының артта қалуына әкеліп соқтырды. Жағдай, көбінесе ауылдық жерлерде нашарлады. Тұрғын үй, мәдени-тұрмыс объектілерін салу, қызмет көрсету саласын дамыту халықтың қажетінен барған сайын артта қалды, осының барлығы халықтың заңды наразылығын туғызды. Азық-түліктің, сапалы өнеркәсіп тауарларының тапшылығы күшейді, адамдар өмірінің орташа ұзақтығы қысқарды. Еңбекке немқұрайлы қарау, өндірістегі ұрлық, еңбек тәртібінің құлдырауы, маскүнемдік, қылмыс жасау жаппай құбылысқа айналды,“қылмысты экономика” дамыды. Осының барлығы әлеуметтік саладағы дағдарыстың көріністері және тоталитарлық жүйесі күйретуге әкелген объективті себептер болды.

Әміршіл-әкімшіл жүйенің күйреп, нарықтық қатынастардың қалыптаса бастауы әлеуметтік әділеттікті орнатпады, керісінше оны күшейтті. Осы нығаюдың орнына соңына дейін оның күйретілуі болды. Әлеуметтік қарама-қайшылық шиеленісті, экономика одан әрі күйреді. Өндіріс өсудің орнына құлдырай түсті, осыған байланысты еңбек өнімділігі және тұтыну дәрежесі төмендеуде, әлеуметтік-әділеттілік балаларды, зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы отбастарын әлеуметтік қорғау проблемасын туғызды. Еңбек ақы төлеудегі теңгермешілік жойылды, бірақ ақы төлеудің ауылы әділеттіктеналмақ. Шаруашылықта жүргізудің жаңа түрлері — мердігерлік, жалға алу, кооперативтер, бірлескен кәсіпорындар, жеке меншік кәсіпорын, коммерциялық банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар осы ұжымдарда жұмыс атқаратын адамдар үшін орынсыз жоғары табыс беруде. Сауда-саттық кооперативтердің мүшелері шексіз байып жатыр. Әлеуметтік жіктелу процесі күшейюде, көпшіліктің табысы тұтыну минимумынан төмен дәрежеде. Ақшаның құнсыздануы, бастала бастаған жұмыссыздың адамдардың келешекке сеніміннен айырды, халықтың материалдық жағдайын құлдыратуға әкеліп соқты.

Қоғамның рухани өмірі

 Алматыдағы желтоқсан оқиғалары тұңғыш рет басқарушы Коммунистік партияның жариялылық пен демократияландыру идеяларын өрістету ауданын болмашы ғана шекте елестеткенін шынайы көрсетіп берді. Олардың жүзеге асырылуына мәдени және интеллектуалдық өмір саласында рұқсат етілгенімен Жүйені сынау мен оған қарсы келетін нәрсенің бәріне қатаң қадағалау енгізілген еді.

Тіпті сол жағдайдың өзінде шаралар бір-біріне қайшы келді. Мәскеу мен Ленинградта бұрын қуғындалған жазушылардың тиым салынған еңбектерін жариялаған әдеби журналдар, қоғамды таң қалдырған публицистердің мақалалары миллиондаған тиражбен шығып жатқанда, Қазақстан өкіметтің қолдауымен “интеллектуалдық шөл” болып қала берді. Оның үстіне “қазақ ұлтшылдығымен” күрес бойынша кеңінен өріс алған әрекеттер шеңберінде халықтың тарихи жадынан ұлттық-либералдық интеллигенциямен, репрессиялы сталиндік режиммен байланысты нәрселердің бәрін тағы бір рет өшіру жұмыстары басталды.

Жариялылықтың бәрі баспасөз бен партиялық-шаруашылық жиындарда сыбайластықты, кадрлық және аймақтық протекционизмді сынауға алып келді. “Өкіметтің осы келеңсіздіктермен күресуге мызғымас шешімін іске асыру мақсатында бірқатар лауазымды тұлғалардың үстерінен қылмыстық істер қозғалды.