Есептеулердегі алгоритмдердің рөлдері. Алгоритмнің көмегімен шығарылатын есептерге мысалдар келтіріңіздер

Алгоритм – бұл дәл нұсқаулық, ал нұсқаулық адамзат қызметінің барлық саласында кездеседі.Дегенмен, кез келген нұсқаулықты алгоритм деп айтуға болмайды. Есепті шеше отырып адам оны қалай орындап отырғанына мән бермейді, тіптен орындалатын әрекеттерді жазуға қиналады. Бірақ, есептің шешімін автоматталған құрылғыға өткізу үшін әрекеттер тізбегін дәл көрсетіп алгоритмін құру қажет. Автоматталған құрылғы осы есепті алгоритмге сәйкес шеше алуы үшін алгоритмнің әрбір нұсқауын түсіну керек. Алгоритм аргумент деп аталатын бастапқы шамалардың ізделінді жиынтығына қолданылады. Алгоритмді орындаудың мақсаты – белгілі бір нәтижені алу болып табылады. Егер алгоритмнің орындалу нәтижесінде мақсатымызға жетпесек, онда алгоритм не дұрыс құрылмаған, не ол аяқталмаған болады.

Алгоритм – нақты пайдаланушыға арналған, қадамның ақырлы санындақойылған есептің шешімін алуға бағдарланған дәл және түсінікті түрде сипатталған әрекеттер тізбегі

Негізінен алгоритм деп алгоритмді орындаушы үшін қалай және қандай ретпен орындау керек екені туралы, есептің шешімін алу үшін бастапқы берілген есепке қолданатындай нұсқауы берілген әрекеттердің дәл анықталған ережесін айтады

Алгоритм деп қадамның ақырлы санында бастапқы берілгендер негізінде қойылған мақсатқа жететіндей үрдісті анықтайтын орындаушыға түсінікті формада берілген дәл нұсқаулықты айтады.

Алгоритм – қатаң түрде орындау нәтижесінде, қадамның ақырлы санында қойылған есептің шешімін алуға әкелетін әрекеттер (жоспар) тізбегінің сипаттамасы.

Мысалы: ЕҮОБ (102,84) Евклид алгоритмі арқылы табу.

102 : 84 = 1(18 қалдық),102 = 84*1 + 18,0 < 18 < 84

84 : 18 = 4(12 қалдық),84 = 18*4 + 12,0 < 12 < 18

18 : 12 = 1(6 қалдық),18 = 12*1 + 6,0 < 6 < 12

12 : 6 = 2(0 қалдық),12 = 6*2 + 0, 0 = 0 < 6 ЕҮОБ (102,84)=6

Евклид алгоритмін кесте ретінде жазуға болады.

102 84 18 12 6
  1 4 1 2

ЕҮОБ (468,252)=36

468 252 216 36
  1 1 6

ЕҮОБ (1920;1536)=384

 1920 1536  384
  1 4