Программаны басқарудың оқиғалы механизмі

ПРОГРАММАНЫ БАСҚАРУДЫҢ ОҚИҒАЛЫ МЕХАНИЗМІ

Біз қазір ғана программаныорындаудың ең жаңа механизмімен, яғни программаны басқарудың оқиғалы механизмімен таныстық. Мысалы, Windows оцерациялық жүйесін алсақ, оның өзі де програм­ма. Ол компьютерді ток көзіне қосқаннан кейін бірден іске қосылады және жұмыс істеп түрғанда өз жұмысын тоқтатпайды. Windows опера­циялық жүйесінің қандай да бір ішкі дүниесінде экрандық объектілер­мен және басқару элементтерімен не болып жатқандығын тексеруші процесс тұрақты жұмыс істейді. Нәтижеде Windows жүйесі біздің тышқанды орын ауыстырғанымызды, оның батырмаларын шерткені­міз­ді немесе пернетақтаның пернелерін басқанымызды сезінуге бар­лық уақьпта дайын түрады. Windows операциялық жүйесіне тән программаны басқарудың оқиғалы механизмі осы жүйеде жұмыс істейтін барлык программаларға да беріледі.

Программа тек өзін жасаушының нені ойлағанын ғана емес, пай­да­ланушының нені қалайтындығын орындай алу үшін ол өзінің бас­қару элементтерінің күйін түрақты тексеріп тұруы керек.

Нақтылы оқиғалар типтік басқару тәсілдеріне сәйкес келеді. Мы­салы, батырмалар, жалаушалар және ауыстырып қосқыштар тышқан­ның шертуін сезе алады. Пиктограммалар бір рет шертуді екі рет шертуден ажырата алуға қабілетті және мүндай жағдайларда әр түрлі өңдеуіштер пайдаланылады.

Естеріңізде болар тышқанның көрсеткішін Іске қосу (Пуск) ба­тыр­масына әкелгенде қалқып шығатын мәтін пайда болады. Көрсет­кішті бағыттаудың өзін объект сезіне алатын оқиға ретінде қарасты­руга болады.

Күрделі басқару элементтері үшін кейде тышқанның батырмасын басуды және қоя беруді жеке оңдеуге тура келеді. Мұнда атап айтқан­да, қандай батырма басылған немесе қоя берілген және бұл кезде операцияның орындалу тәсілін өзгертетін Shift, Ctrl немесе Alt перне­лері басылып түрды ма осының бәрі тексеріледі.

Сонымен, объектілі-бағдарланған программалауда әдістер деп аталатын деректерді және оларды өңдеуші процедураларды біріктіріп объектілер деп атайды. Бұл деректерді баптау немесе объектінің қасиетін өзгерту жолымен іске асырылады.

Программаны тізбектеле орындалатын командалардың жиыны түрінде жазу ыңгайсыз. Оның орнына оқиға пайда болғанда процеду­ра-өңдеушіні шақыратын программаны басқарудың оқиғалы механиз­мі пайдаланылады.

Пайдаланушының барлык әрекеттері кәдімгі жағдайда нақтылы басқару элементтерімен байланысқан оқиға ретінде қарастырылады. Ол бізге компьютерлік программаларды басқаруға мүмкіндік береді.

Егер Сіз Pascal немссе С тілдеріндс программалаумен айна-лысқан болсаңыз, онда Visual Basic 6 ортасында нәтижелі црограм-малау үшін Сізге өзіңіздің ойлау жүйеңізді өзгертуге тура келеді.

Windows ортасында программамен жұмыс істегенде пайдалану­шы басқару объектілері орналасқан пішіннен түратын экранды көреді. Келесі мезетте мысалы, тышқанмен батырманы шерту жолымен тізімнен таңдағаңда немесе мәтінді ендіргендс не болатындығын дәл осы пайдаланушы ғана біледі.

ОҚИҒАЛЫ ПРОЦЕДУРАЛАР

Әрбір оқиға үшін объектінің пайда болған оқиғага үн қатуын, яғни реакциясын (жауап беруін) программалауға болады. Егер пайдаланушы графикалық элементке (мысалы, шерту) қандай бір ықпалын тигізетін болса, оңда оған ун қату ретінде әрекеттердің кейбір тізбегі (оқиғалы процедура) орыңдалады.

Объектілерге олардың типін және атқаратын қызметін тануға мұмкіндік беретін aт қою орынды. Объектілерге aт қою туралы келісім бар.

Объектінің типін анықтайтын оның аты префикстен (cөз алдынажалганатын қосымша) басталатын болып қабылданған. Пішім үшін frm префиксі, командалық батырмалар үшін cmd префиксі, мәтіндік өрістер үшін txt префиксі, жазулар үшін lbl префиксі және т.с.с. пайда­ланылады.

Префикстен кейін аттың бас әріптен басталып жазылатын (мысалы, frmFirst, MText, cmdExit) немесе саңды қамтитын (мысалы, txt1, txt2, txt3) информациялық бөлім келеді.

Процедураның аты объектінің атын және оқиғаның атын қамтиды:

Объект_Оқиға ()

Оқиғалы процедура дегеніміз белгілі оқиға жузеге асырылғаннан кейін орындала бастайтын бағынышты программа.

Оқиғалы процедураға бірнеше объектілер қатыса алады. Мыса­лы, оқиғаның өзі бірінші объектімен (Объект1) пайда болады, нәттижеде екінші объект (О6ъект2) өзінің қасиетінің мәнін өзгертеді, ал үшінші объект (Объект3) қандай да бір әдісті жүзеге асырады т.сс.

Әрбір процедура өзінше жеке алгоригмді жүзеге асыратын жеке программалық модуль больпі табылады.

Процедурады программалау терминологиясында мұндай про-цедуралар бағыныңқы программаларға сәйкес келеді, сондықтан әрбір оқиғалы процедуралар Sub кілтті сөзінен (subroutine-бағыныңқы программа) басталып, End Sub кілтті сөзімен аяқталалы:

Sub Объект (1)_Оқиға ()

Объект (2) . Қасиеті = ҚасиетМәні

Объект (3) . Әдіс арг1: – мән, арг2: = мән

End Sub

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!