Информация үғымы. Қасиеттері. Информатика

Бізді қоршап түрған барлық нәрселер: денелер, өрістер, бөлшектер, түрлі сәулелер – барлығы жалпы материя деп аталады. Материяның негізгі қасиеті – тынымсыз өзгеріп түру. Бұл өзгеріс себебі өзара әсер. Материяның бір бөлігі басқасына әсер етіп түрлі құбылыстарға алып келеді. Бұл өзара әсердің мөлшерлі өлшемі етіп энергия алынады. Құбылыстың түріне байланысты энергияның да әр түрлері болады.

Табиғатта өзара әсердің төрт түрі белгілі: гравитациялық, электромагниттық, кұшті әсер, әлсіз әсер. Гравитациялық әсер Ньютонның массалар өзара тартысу заңымен белгіленеді. Электромагниттық әсер зарядтар арасында болып Кулон және Лоренц кұштерімен байланысты. Кұшті әсер ядро бөлшектері арасында болып қысқа аралықта әсер етеді. Әлсіз әсер элементар бөлшектердің бір біріне айналуына алып келеді. Өзара әсер натижелері материяда бейнеленеді. Осы материяның өзгерістерінің бейнелеуін информация деп атаймыз. Энергияға, массаға үқсас информация да материяның қасиеті.

Өзара әсер натижесінде кеңістікте түрлі өзгерістер болып олар кеңістікте уақыт өтуімен таралады. Осындай өзгерістердің уақыт арасында таралуына сигналдар деп атаймыз. Сол сигналдарға қарап өтіб жатқан құбылыстар түрасында информация алуға мүмкін. Демек информация сигналдар түрінде таралады. Қабылданған сигналдарды түрлентіріп сақтап қоюға болады. Сақталған сигналдарды деректер деп атаймыз. Мысалы сәулені фотоқағазға түсіріп оның қарайғанына қарап тиісті әдістерді қолданып түскен сәуленің қасиеттерін (түсін, интенсивлігін) тіктеп алуға болады. Сонымен сол сәуленің қандай құбылыстан таралғанын айтуға болады. Демек деректерге сай әдістермен әсер етіпөткен құбылыстардың қасиеттерін шығарып алуға болады. Деректерге сай әдістермен әсер етіп алған нәтижелерге информация дейміз.

Информацияның тарату және сақтау жолдарын, негізгі қасиеттерінжәне заңдарын уйренетін пәнге информатика деймиз. Информатика пәнін америкалықтар мен ағылшындар “computer science” («компьютер ғылымы») деп те атайды.