Үлкен желілерді құру (жалғасы)

Анықтама. Маршрутизатор дегеніміз — әрбір сегменттің адресін білетін, ең тиімді бағытты анықтайтын және кең таралған хабарламаларды сүзгіден өткізетін құрылғы. Ол OSI үлгісінің Же­лілік деңгейінде жұмыс істейді. Олар пакеттерді көптеген желі арқылы бағыттап отырады және адрестерін анықтайды.

Бағыттауыш кестесінде желілік адрестер сақталады. Желіде қолданылатын әрбір хаттама үшін өзінің бағыттауыш кестесі құ­рылады. Ол келесі ақпараттан түрады:

  • барлық белгілі желілік адрестер;
  • басқа желілермен байланыс тәсілдері;
  • бағыттауыштар арасындағы мүмкін жолдар;
  • бұл жолдар бойынша беріліс құны.

Әртүрлі варианттардың мүмкіндігін және жолдардың құнын салыстыра отырып бағыттауыш деректер үшін ең тиімді бағытты таңдайды.

Бағыттауыштар хатгамалардың барлығымен жұмыс істей бер­мейді. Бағыттауыштармен жұмыс істейтін хаттамаларды ба­ғытталушы деп атады. Оларға DECnet, IP, IPX, OSI, XNS хатта­малары жатады. Бағытгалмайтын хаттамаларға LAT, NetBEUI жатады.

Бағыттауыш желіні «тыңдап», оның қай бөлігінің көбірек жүктелгенін анықтайды. Ол желі сегменттері арасындағы тран­зиттер санын орнатады. Осы ақпараттарды пайдалана отырып, бағыттауыш деректерді жіберу бағытын таңдайды. Егер жолдар­дың біреуі артық жүктелген болса, басқа жолды көрсетеді.

Көпірлер мен бағыттауыштардың айырмашылығы олардың OSI үлгісінің әртүрлі деңгейінде жұмыс істейтіндіктерінде. Ба­ғыттауышта ақпарат көбірек, ол адрестер мен қатар хаттамалар типтерін де ажырата алады. Ал көпір желілер арасындагы тек бір жолды ғана ажыратады. Бағыттауыш бірнеше мүмкін жолдардың ішінен қазіргі мезеттегі ең тиімдісін анықтай алады.

  1. Анықтама. Көмей — әртүрлі хаттамаларды пайдаланатын ақпараттық желілерді қосатын қүрылғы. Көмейлер OSI үлгісінің Қолданбалы деңгейінде жұмыс істейді.

Көмейлер әртүрлі архитектуралар мен орталардың байланы­сын қамтамасыз етеді. Олар әртүрлі ортада түсінікті болуы үшін деректерді қайта біріктіру және түрлендірумен айналысады. Кө­мей қабылдау жүйесінің талаптарына сай деректерді қайта бірік­тіреді; қабылдаушы жақтың қолданбалы программасы деректерді түсінуі үшін хабарламаның форматын өзгертеді. Мысалы элек­трондық пошта көмейлері хабарламаларды бір форматта қабыл­дап, оларды өзгертіп, басқа форматпен жібереді.

Көмейлер екі жүйені қосады, егер олар әртүрлі:

  • коммуникациялық хаттамаларды қолданса;
  • құрылымды және деректер форматгары болса;
  • тілді;
  • архитектураны.

Көмейлер нақты мақсатты орындау үшін, деректерді нақты типке түрлендіруге қолданылады. Деректерді өңдей отырып, кө­мейлер келесі операцияларды орындайды:

  • деректерді қабылданған пакеттерден алып қарастыра оты­рып, оларды жіберуші желіде төменнен жоғары қарай барлық хаттамалар стегі арқылы өткізеді;
  • оларды қабылдаушы желіде жоғарыдан төмен қарай барлық
    хаттамалар стегі арқылы өткізеді де алынған деректерді қайтадан топтастырады.

Көбінесе желідегі көмейлердің рөлін бөлінген серверлер ор­ындайды, сондықтан бұл желіні үзарту үшін жеткілікті түрде қы­м­батқа тусетін құрылым болып есептеледі.

Бұл бөлімде қарастырылған компоненттер жергілікті және ауқымды желілерде қолданылады, соның ішінен Сіздің өз желі­леріңіздің өлшемін және өнімділігін арттыруға қажеттілерін таң­дай білу керек.