Apple Talk және Arе Net желілік технологиялары

Apple Talk желілік технологиясы

Apple Computer, Inc компаниясы 1983 жылы Apple Talk-ті кі­шігірім топтарға арналған «фирмалық» желілік архитектура ре­тін­де ұсынды. Желілік функциялары Macintosh компьютерлерінің ішінде орналасқандықтан, Apple Talk желісі басқа желілермен са­лыстырғанда қарапайым орындалады.

Apple Talk желісінің негізгі сипаттамалары:

  • дәстүрлі топологиясы шина немесе бұтақ
  • беріліс типітаржолақты
  • ену әдісі CSMA/CA
  • деректердің беріліс жылдамдығы 2 кбит/с
  • кабельдік жүйесі UTP, оптикалық талшықты кабель

Apple Talk клиент-серверлі таратылған жуйе ретінде құрыл­ған болатын. Басқаша айтқанда, қолданушылар желілік ресурс­тар­ды (файлдар және принтерлер сияқгы) ортақ пайдаланады. Бұл ресурстарды қамтамасыз ететін компьютерлер қызмет көрсе­туші немесе қызметші құрылымдар деп (servers), ал желілік қыз­метші құрылымдардың ресурстарын пайдаланатын компьютерлер клиенттер (clients) деп аталады. Қызметші құрылымдармен әре­кет­тесу қолданушы үшін айтарлықтай дәрежеде айқын болып та­былады, себебі қажетті материалдың орнын компьютердің өзі ан­ы­қ­тап, қолданушының қатысуынсыз оған хабарласады. Таратыл­ған жүйелер қарапайым болумен қатар, барлығы тең басқа жүйе­лерге қарағанда экономикалық артықшылығы бар, себебі маңыз­ды материалдар көп жерлерде емес, бірнеше жерде ғана орнала­суы мүмкін.

LocalTalk — Apple компаниясының патенттелген таратушыға енуші жүйесі. Ол жүйе кіруге мүмкіндік алуға бәсекелестікке не­гізделген, біріктіруші топологиясы шина және сигналдар негізгі жолақ бойынша беріліске (baseband signaling) түседі, таратушысы — 230,4 Кбит/с жылдамдықты экрандалған шиыршықталған жүп. LocalTalk сегменттері 300 метр қашыктыққа таралуы мүмкін жә­не 32 түйінді қамтамасыз ете алады.

Apple Talk бірнеше желілік объекгілерді теңестіреді. Ең қа­ра­пайымы — Apple Talk желісіне қосылған кез-келген құрылым болып табылатын түйін (node). Ең кең таратылатын түйіндер Macintosh компьютерлері мен лазерлік принтерлер, бірақ басқа да көптеген компьютерлер IBM PC, Digital Equipment Corparation VAX және әртүрлі АЖО (автоматтандырылған жұмыс орындары) Apple Talk-пен байланыс орната алады. Apple Talk аныктаған ке­лесі объект желі болып табылады. Apple Talk желісі жеке логика­лық кабельді қурайды. Бұл логикалық кабель көбінесе жеке физи­калық кабель болғанымен, кейбір есептеу орталықтары бірнеше физикалық кабельдерді қосу үшін көпірлерді пайдаланады. Со­ңын­да, Apple Talk-тьщ аймағы — (zone) бір-бірінен алыс жатқан, бірнеше желіден тұратын логикалық топ.

Arc Net ортасы — Datapoint Corporation компаниясының 1977 жылы құрылган өнімі. Бұл — қарапайым, арзан және икемді, жұмыс тобы аумағына арналған желілік архкгектура.

Arc Net желісінің негізгі сипаттамалары:

  • дәстүрлі топологиясы жұлдызша — шина
  • беріліс типі таржолақты
  • ену әдісі маркерлік беріліс арқылы
  • деректердің беріліс жылдамдығы 2,5 – 20 Мбит/с
  • кабельдік жүйесі коаксиал кабель

Arc Net маркерлік берілісті қолданатьш болгаңдықтан, Arc Net жедісіндегі компьютер деректер берілісін бастау үшін, мар­керді қабылдауы керек. Маркер компьютерлердің физикалық ор­наласуына катыссыз өзіне тағайындалған реттік нөмір бойынша бірінен-екіншісіне өтеді.