Деректердің желі және кабель бойынша берілісі

Аппараттық желілік компоненттердіңқызметін қамтамасыз ететін программалар — драйверлермен танысуды бастайық.

Анықтама. Драйверлер (driver) — компьютерге әртүрлі құ­ры­лымдармен жұмыс істеугемүмкіндік жасайтын программалық жабдық.

Компьютерлердің әрбір құрылымдық типімен сыртқы құ­ры­лымдардың драйверлері бар. Драйверлердің колданылуының жақсы мысалы ретінде принтердің драйверін қарастыруға бола­ды. Принтерлерді көптеген фирмалар шығарады және олардың функциялары да ерекшеліктері де артүрлі. Компьютерлерді шы­ға­рушыларөздерінің компьютерлерін принтерлердің әртүрлітипімен жеке-жеке жұмыс істеуге қажетті программалық жаб­дық­тармен қамтамасыз ете алмайды. Оның орнына принтерді шығарушылар өз принтерлері үшін драйверлер құрады. Сіздің компьютеріңіз принтерге құжаттарды жіберу мүмкіндігіне ие болуы үшін, ол қүрылғының компьютермен әрекетгесуін жүзеге асыратын драйверін жүктеуіңіз қажет.

Желілік адаптер тақшасының драйверлері ортаға енуді бас­қару бағыныңқы деңгейінде (OSI үлгісінің арналық деңгейі) ор­наласқан. Ортаға енуді басқару бағыныңқы деңгейі желілік адап­тер тақшасының физикалық деңгейне ортақ енуін қадағалайды, ягни драйверлер компьютер мен тақшаның өзі арсындағы тікелей байланысты орнатады. Бұл өз кезегінде компьютерді желімен байланыстырады.

Қазір сіздің компьютеріңіз бен сыртқы құрылғылар бірімен-бірі әрекетгесуге мүмкіндік алган кезде, желі компьютерлер ара­сында деректер тасымалдауға дайын. Бірақ файлдардың көпшілі­гі­нің көлемі оларды кабель бойымен бүтіндей тасымалдауға тым үлкен. Біріншіден, ондай үлкен блоктар кабельді толтырады да желінің бүкіл жұмысын «байлап» тастайды; екіишіден, қандай да бір қателіктің тууы блокты түгелдей қайталап жіберуге мәжбүр етеді. Деректерді желімен тездетіп және жеңіл тасымалдау үшін оларды кішігірім басқарылатын блоктарға бөліп тастаған тиімді.

Аныңтама. Пакеттер дегеніміз — файл бөлінгеннен кейін алынған деректердің кішігірім басқарылатын блоктары.

Пакет — компьютерлік желілердегі ақпараттың негізгі өлшем бірлігі. Деректерді пакеттерге бөліп тастағаннан кейін оларды та­сымалдау жылдамдығының өсетіні соншалық, әрбір компьютер деректерді желідегі басқа компьютерлермен бір мезетте жіберу және қабылдау мүмкіндігін алады.

Пакеттің компоненттері: тақырыбы, деректер, трейлер. Тақырыпқа кіретіндер:

  • пакеттің жіберілетіндігі жайлы «айтатын» сигнал;
  • шығыс көзінің адресі;
  • орналасу адресі;
  • берілісті синхронизациялаушы ақпарат.

Трейлер көбінесе қайталанатын артық код деп аталатын қа­телерді тексеруге арналған ақпаратгы сақтайды (Cyclical Redun­dancy Check, CRC). CRC — пакет пен алғашқы ақпаратқа қатысты орындалған математикалық түрлендірулер нәтижесінде алынған сан. Пакет барар жеріне жеткен кезде түрлендірулер қайталапорындалады. Егер нәтиже CRC-тің мәнімен бірдей болса, онда пакеттің қатесіз қабьшданганы.

Өзара байланысқан компьютерлер халықаралық ұйымдарды еске түсіреді. Бұл ұйымдар көптеген тілдер мен қатынас эдістерін пайдалана алады. Теқ өзара толық түсіністікке әкету үшін комму­ни­кацияға қатысушылар бір тілде сөйлесіп, ортақ ережелерді не­месе хаттамаларды ұстануы қажет екенін есте ұстаған абзал.

Анықтама. Хаттама дегеніміз — қандай да бір байланысты реттейтін ережелер мен процедуралардың тобы.

Хаттамаларғақатыстынегізгітұжырымдардыұмытпау керек:

  1. 1. Хаттамалардың саны көп. Әрбір хаттама әртүрлі тапсыр­ма­ларды орындайды, өз мақсаты, өз артықшылықтары бар және оларға қандай да бір шектеулер қойылады.
  2. 2. Хаттамалар OSI үлгісінің әртүрлі деңгейлерінде жұмыс істейді. Хаттамалардың функциялары өздері жұмыс істейтін деңгеймен анықталады.
  3. 3. Бірнеше хаттамалар бірігіп жұмыс істеуі мүмкін. Оларды хаттамалар стегі немесе тобы деп атайды.

Желілікортадахаттамалардеректердітасымалдаудың ере­желері мен процедураларын анықтайды. Деректер берілісі мұл­тіксіз, өз ретімен орындалуға тиіс бірнеше қадамнан түрады. Ко­м­пьютер-жіберуші және компьютер – қабылдаушы хаттамаларды келесі процедураларды орындау үшін пайдаланады:

  • деректерді пакеттерге бөлу;
  • пакетке адрес туралы ақпаратты қосу;
  • пакеттерді жіберуге даярлау;
  • кабель бойымен жіберілген пакеттерді қабылдау;
  • пакеттен деректердің көшірмелерін алу үшін, деректер
    блоктарының алғашқы мәндерін жинақтау;
  • қалпына келтірілген бұл блоктарды компьютерге жіберу.

Желінің дұрыс жұмыс істеуіхаттамаларды орнатумен шек­телмейді. Кабель бойымен деректерді жіберу үшін компъютер әртүрлі ену әдістерін қолданады.